Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық.психологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.11
1.2 Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.19
1.3 Дарынды балалалардың негізгі категориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.22
1.4 Дарындылық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.26
ІІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.1 Математика пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.29
2.2 Дарынды балалардың жеке тұлғаларын есепке алуда қойылатын педагогикалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.34
2.3 Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... 34.36
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37.38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
“Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”. Осы процесте дарынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет. Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998жылы 24 наурызда Республикалық ғылыми – практикалық “Дарын” орталығы құрылды. Осыған орай “Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы” нормативті – құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата – аналарға, “Дарын” орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесі – басты парызымыз.
Дарындылық жайында сөз болғанда әр түрлі мәселелер туындайды. Кейбір ғалымдар (Д.Хебб; Г.Айзенк) дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіредіФ.Галтон мен конс. Жоғары қабілетінің тұқымқуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады. Дарындылық мәселесіне функциональдық көзқарас туындаған шақты психологтер (А.Бэн, В,Вундет, Д,Милль, Т.Спенсер, Т.Циген) ой-өріс дарындылығын диагнстикалық үшін негізгі функцияларды (ой, зейін, ерік, қабылдау, есте ұстау) зерттеу керектігін айтады.
А. А. Леонтьев, О. Н. Овчиникова, Ю. Б. Гиппенрей, К. А. Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерінде жариялады.
Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, яғни дарындылықтарын байқауда және оны жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда. Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда. Мұғалімнің оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысты жүйелі ұйымдастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып отыр. Сондықтан математика сабақтарында дарынды балаларды оқыту мен мұғалімнің міндеті жайлы мәселелер диплом жұмысымыздың тақырыбын “Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі мен мұғалім ролі” деп таңдауымызға себепші болды.
1. А. Мустояпова . Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру // Бастауыш мектеп №12 ,2003
2. Ә. Мұхамеджанова . Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру// Бастауш мектеп №1, 2005
3. Керімбаева Р. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері // Бастауыш мектеп №3, 2008,
4. Керімбаева Т. Дидактикалық ойындарының түрлері // Бастауыш мектеп №9 2005,
5. Нагибин Ф. Развивающие игры. М.: Просвещение, 1985.
6. Құлбаева С. Ойын әдісімен // Бастауыш мектеп. №3, 2004
7. Математика сабағында дидактикалық ойын есептерді қолдану //«М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент, 2007. (Оқу-әдістемелік құрал) 2,5 б.т. (М.Мұсабековпен авторлық бірлестікте).
8.Бала дүниетанымын-ұлттық ойындар арқылы дамыту //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал –Алматы 2008
9. Бағдарлама. Математика жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған. – Алматы, 2003.
10. Ведилина Е.А Обучение решению текстовых задач учащихся начальной школы: Учебнометодическое пособие. – Павлодар: ТОО «Проксима ПВ», 2006.
11. Ведилина Е.А. Дифференцированные задания при решении текстовых задач //Педагогический Вестник Казахстана. – Изд. ПГПИ, декабрь 2008.
12. Ведилина Е.А., Кененбаева М.А. Развитие математического мышления и математических способностей на уроках математики начальной школы. //Начальная школа Казахстана. – 2005.
13. Математика: Жалпы білім беретін мектетің 3 – сыныбына арналған оқулық/ Т.Қ. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина, Ж.Т. Кайыңбаев, Б.М. Қосанов, К.Ә. Ерешева. 2-ші басылым. – Алматы: Атамұра, 2003.
14. Бастауыш білім беру стандарты.
15. А. Мустояпова . Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру // Бастауыш мектеп №12 ,2003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-11
1.2 Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-19
1.3 Дарынды балалалардың негізгі категориялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 19-22
1.4 Дарындылық түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-26
ІІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .27
2.1 Математика пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс жасау ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-29
2.2 Дарынды балалардың жеке тұлғаларын есепке алуда қойылатын педагогикалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-34
2.3 Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..34-36
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37-3 8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 39

КІРІСПЕ

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
"Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі". Осы процесте дарынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет. Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің "дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау" нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998жылы 24 наурызда Республикалық ғылыми - практикалық "Дарын" орталығы құрылды. Осыған орай "Қазақстан Республикасында дарынды балаларды анықтау, қолдау мен дамыту тұжырымдамасы" нормативті - құқықтық құжаттар жинағы, ғылыми - әдістемелік материалдар мектеп мұғалімдеріне, ата - аналарға, "Дарын" орталығының аймақтық жетекшілеріне көмекші құрал қызметін атқарады.
Дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесі - басты парызымыз.
Дарындылық жайында сөз болғанда әр түрлі мәселелер туындайды. Кейбір ғалымдар (Д.Хебб; Г.Айзенк) дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіредіФ.Галтон мен конс. Жоғары қабілетінің тұқымқуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады. Дарындылық мәселесіне функциональдық көзқарас туындаған шақты психологтер (А.Бэн, В,Вундет, Д,Милль, Т.Спенсер, Т.Циген) ой-өріс дарындылығын диагнстикалық үшін негізгі функцияларды (ой, зейін, ерік, қабылдау, есте ұстау) зерттеу керектігін айтады.
А. А. Леонтьев, О. Н. Овчиникова, Ю. Б. Гиппенрей, К. А. Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерінде жариялады.
Әрқандай адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны жөніндегі негізді қолдай отырып, американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-сана (интеллектуал) әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеді.
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
Бүгінгі егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беруде, олардың өзіне тән жеке дербес ерекшеліктерін, яғни дарындылықтарын байқауда және оны жан-жақты дамытуда келелі жұмыстар жасалуда. Осы тұрғыдан қарастыра келе білім беруді ұлттық сипатта дарындылық қабілетін ашу, тәрбиелеу негізге алынуда. Мұғалімнің оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмысты жүйелі ұйымдастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесі болып отыр. Сондықтан математика сабақтарында дарынды балаларды оқыту мен мұғалімнің міндеті жайлы мәселелер диплом жұмысымыздың тақырыбын "Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі мен мұғалім ролі" деп таңдауымызға себепші болды.
Курстық жұмысының мақсаты:
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстьарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау.
1. Дарынды балалардың жеке даралық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
2. Дарынды балаларға тәрбие мен білім берудегі мектептер тәжірибелерін жиыстыру.
3. Дарынды балалар мен жүргізілетін жұмыс бағыттарын анықтау және олардың өзіндік ерекшеліктерін мазмұндау;
Зерттеу пәні: Математика ( 4 - сынып)
Зерттеу объектісі: Математика сабақтарындағы оқушылардың дарындылық қабілеттері.
Әдістері: Психологиялық - педагогикалық, ғылыми теориялық, әдістемелік әдебиеттерді жиыстыру, талдау, сұрыптау, мектеп тәжірибелеріне талдау жасау, анализдеу.
Курстық жұмыстың қысқаша мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Себебі ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет.
Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни, әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Оның қандай мектеп болсын, инновациялық үрдіс сатысынан өтпей даму мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр.
Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмыстарын баланың жан-жақты дамуы мен қалыптасуына, олардың белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыруға, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, озат тәжірибені жинақтауға, ғылыми негізде білімді тәжірибемен ұштастыру қажет.
Дарындылық - адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі.Талантты, дарынды балалар жөнінде 1975 жылы дүниежүзілік Кеңес құрылды. Көптеген елдерде дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық жағынан қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталды.
Өркениетті қоғамда дарынды балаларды бөлектеп оқыту ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында басталып, оқытудың саралап, даралап білім беру принципіне көшкені мәлім.Ол Францияда, Германияда, Америкада, Жапонияда т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғары деңгейде жүргізілуде.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мектеп жасындағы балалардың 20 пайызы осы топқа жатқызылады екен. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз.Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшіліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез келген қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен психологияда көптеген қиыншылықтардан өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айта алады?
Канада ғалымы Д.Хебб генотиптік интеллект деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, фенотиптік интеллектіні құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д.Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8- тұқым қуалаушылық, 2- сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) - бұл мәдени-әлеуметтік орта мен индивидтің (адамның) тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.
Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы қатып қалған интеллектініжоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50% ғылымның әртүрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интелектуалды дарындылығын танытқан. Нақты, шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де, бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті, кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады.Белгілі ағылшын психологы Г.Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай түйіндейді: Термометрді алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды, түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе?.Сөйтіп, Г.Айзенк дарындылық туралы түбегейлі,тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды ойын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А.Бэн, В.Вундт, Д.Милль, Г.Спенсер, Т.Циген сияқты психолгтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар : ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В.Штерн жалпы дарындылық - интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті деп түсінеді.Арнаулы дарындылық дегеніміз - бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. Сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интелектіні құрайды.
Дегенмен, іс-әрекеттің әр алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті емес, психикалық оданда күрделі ерекшеліктері: жаңа, ұшқыр ойлар мен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Креативтілік ұғымы интеллект ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындыласақ, дарындылық - тұлғаның жалпы интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше атақты ақындардың біразы сурет, қолөнермен қосымша шұғылданып, жақсы туындылармен халқын тамсандырған.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы, универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.
Қазақстан Республикасында соңғы жеті жылда қолға алынып, жүйелеуден өтіп жатқан Дарын бағдарламасының педагогтер алдына қойып отырған мақсаты - тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар тудыру.
Жалпы Республикалық Дарын ғылыми-практикалық орталығының бағдарламасының басты мақсаты: әрбір шәкірттің жеке дара қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп тәрбиелеуге жағдайлар жасау, дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ғалымдар мен өнер қайраткерлерін, ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру.
Психикалық қасиеттер - бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.
Біз балаға қабілетті деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екінші біреуінің музыкалық, ал үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мысалы: біреу қолға алған ісін тез бұрқыратып тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреуі өте баяу қимылдап әрі сапасыз орындайды.Бұл жерде бірінші адамның екінші адамға қарағанда іске деген қабілеттілігі әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады.Анатомиялық нышан - баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан - жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеленуі. Анализатордың ерекшелігі қабілеттің көрінуіне себін тигізеді.
Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайлырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз болып шыға келеді.
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдараламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады . Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып коллекция жинауға бөлген екен.
Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасының барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен келеді.Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқыту мен тәрбие.
Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның өзгелер сияқты болып қалып қоюы мүмкін, дейді америкалық ғалымдар.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыларға білім берудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа технологиясын ойластыру қазіргі заманның көкейкесті мәселесіне айналған.
Сол мәселелерді шешудің бірден-бір жолы педагог қауымның іс-тәжірибесін жарыққа шығару.
Елбасымыз Заманымыз - мәдениет заманы, ал мәдениетке білім жеткізеді. Білім алудың ішінде ең төтесі - жақсы мектеп, білімді мұғалім, - дегені.
Шығармашылық үшін икемді жас - орта буын.Бұл жастың ерекшелігі ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасады, түрлі болжамдар, ой, қиял, сезім шапшаңдығы көркем шешім таба алады. Бұл жастағы балалардың жан дүниесі нәзік, қаламы тез төселеді.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әлемдік тәжірибелері, ғылыми бағыттары ескеріліп,негізгі төмендегі идеялар басшылыққа алынады:
дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың ізгілігі мен бұқаралығы;
дарынды балаларды іріктеу және олармен жұмыс істеуде биологиялық және әлеуметтік факторларды ескеру;
дарынды балалармен үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізу;
дарынды балаларды іріктеу үшін диагностикалық әдістердің жиынтығын қолдану;
жеке тұлғаның дарындылық деңгейінің қалыптасуына орай оқу мен оларды одан әрі жетілдіруде арнайы жасақталған бағдарламалардың сәйкестігі;
дарынды балалар мен оқытатын мұғалімдерді арнайы дайындау;
инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
дарынды балалармен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау.
Дарынды оқушылардың білімге деген талпынысы басқа оқушылардан өзгеше болып келеді. Дарынды оқушылар білім мазмұнын тез әрі терең түсініп, оған талдау жасай біледі. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін психолог мұғалімдер,сынып жетекшілері, тәрбиешілер арнайы дайындықтан өтуі қажет.
Дарынды балаларға арналған бағдарламада мынадай ерекшеліктер бар:
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар;
жүйелі бағдарламада (кезеңдермен);
мектептің жалпы бағдарламаны толықтыратын бөлшегі;
бағдарлама жеке-жеке және үзіліссіз жүргізіледі.
Мұғалімдер мен ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіру жөнінде теориялық, практикалық семинарлар жүйелі түрде өткізіліп отыруы тиіс.
Психологтер Д.Д.Элыконин мен В.В.Давогдовтың зерттеулерінде оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымы оқу мақсаты және оқу әрекетінен тұрады. Олардың пікірінше, оқу үрдісін басқарушы бөліктер оқу пәндерін оқыту (мұғалімнің әрекеті) және оқу (оқушының әрекеті) өзара бірлесіп әрекеттескенде және терең ойланып өзара тәуелділікте болғанда ғана оқу сапасы артады, балалардың психикалық дамуы тиімді қамтамасыз етіледі.
Сөз жоқ, бүгінде педагогикалық зерттеулер өте көп. Бір байқалатыны, педагогика, дидактика, методика, психология тұрғысынан мектепте оқыту мәселесін әр ғылым өз тұрғысынан зерттейді, ұсынады. Бірақ сол теориялық негіздемелердің нақты практикада іске асырылуына, жүйеленуіне әр мектеп өзі ғана мүдделі. Соның ішінде жаңа типті қазақ гимназиялары мен Дарын мектептері қазір ғылыми негізделген, бүгінгі күн қайнауында ширатылған концепцияны керек етіп отыр.
Ол үшін ең алдыңғы қатарлы батыстық және Отандық қағидалар мен тәжірибелерге сүйенген, жаңа технологиялар тоғысқан жаңаша мазмұнды ғылыми-практикалық ізденістерді жүргізу - аса маңызды шара.
Адамның жеке дара қасиеттерінің бірі - қабілет. Бұл - іс-әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелік. Қабілет басқа да жан қуаттары мен қасиеттері сияқты өмірмен іс-әрекет үстінде дамып, қалыптасып отырады. Қабілет дамуының табиғи негізін құрайтын, жүйке сапасының туа біткен белгілі нышандар жиынтығын дарындылық дейді.Кісінің қандай да болмасын бір істі жемісті орындауы тек қабілетке ғана байланысты емес.Ол сондай-ақ, адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағды және тәжірибенің болуын қажет етеді.Кісінің пәрменді түрде қызыққан іс-әрекеттерінен тыс қабілеттің қалыптасуы мүмкін емес.Қабілеттер жалпы (жалпы адам атаулыға ортақ), арнайы (іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойнша) және практикалық деп үш түрге бөлінеді.
Қызметті нәтижелі орындау үшін қабілеттің ерекше түріне сүйенуге болмайды.Мәселен, ақын-жазушылар ерекше бақылампаздық, ой-өрістің кеңдігі, жазуға икемділігі мен орамдылығы, кеңдігі мен ұшқырлығы ауадай қажет.Бірнеше қабілеттердің ойдағыдай қиысып келуі іс-әрекеттің белгілі саласынан көрінетін талантпен байланысты.Адам жас кезінде сөре олақ болғанымен есейе келе ерен еңбек етудің нәтижесінде ірі ақын, ірі жазушы болуы мүмкін. Мәселен, белгілі орыс жазушысы С.Аксанов алғашқы шығармасын 56 жасында жазған.Бала кезінде түрлі себептермен білім ала алмаған кісінің егде тартқан кезде ғалым болғанын, айғақтайтын деректер аз емес. Бұған 40 жасында сауат ашып, 73-інде ғылым докторы болған С.К.Гусеваның өмірі жақсы дәлел. Қазақ елі тарихында да мұндай фактілер көп кездеседі.Адам неғұрлым талантты,дарынды,болған сайын, өз еңбегі мен шығармашылық шеберлігін істеп, бар күш-жігерімен еңбек етеді.
Жай қарағанда үлкен талант иелерінің (Ш. Уәлиханов, М.Әуезов,Ж.Аймауытов,Қ.Сәтпаев т.б.) шығармалары оп-оңай, өзінен-өзі жазыла салатындай көрінуі мүмкін.Ал шындығында, бұлар инемен құдық қазғандай өлшеусіз қыруар еңбектің нәтижесі.Әйгілі ақын-жазушылар мен ғалымдардың қолжазбаларын ақтарып сан рет көшіріп жазатындарын, яғни бір сөзбен айтқанда,шығармашылық адамдарының іс-әрекеті ақын В.В.Маяковский айтқандай: Жыр маржан ғой теңіздің түбіндегі, алу үшін қадалған миллион көз, дәл осылай жыр жолына ілігеді.Миллион сөздің ішінен жалғыз-ақ сөз дегенге келіп тіреледі.
Көбінде балалық щақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай қиысып келуінен туындайтын қабілеттің жоғары түрі дарындылық деп аталады.Қабілеттің осы түрінің сыры ғалымда әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, дарындылық жоғары жүйке қызметінің тума типімен (мида жүйке байланыстарының шапшаң қозғалысқа түсе алуы, аса икемділікпен өзгергіштігі,сезім мүшелерінің ойдағыдай жетілуі т.б.) байланыста болып келетіндігі анықталып отыр.
Осыдан 200 жылдай бұрын Германияда Ұстазы Кристиан Фоле Шенах жазып алған Любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Генрих Хейкеленнің өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі деген кітап жарық көрді. Дарынды балалар жөнінде жазылған алғашқы кітап осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып Генрих суреттегі заттарды айырып атай алады, үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, арифметиканың төрт амалы мен есеп шығаруды, көп ұзамай француз тілін үйренуді меңгеріп, географиядан жақсы мәлімет алады, мыңнан астам латын мақалын біледі.Генрихтің даңқы әлемге жайылып,оны Дания королі қонаққа шақырады.Бірақ сәби көп ұзамай, төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болады.Қазір де мұндай балалар бар.
Дарынды бала (ғылымда бұларды вундеркиндтер) мәселесі жөнінде әлемдік психологияда жазылған еңбектерде жинақталған нақты деректер аз емес. Өкінішке орай, оларды іздестіріп тауып алу, сондай-ақ, оқытып-тәрбиелеу жағы қазақ жұрты бүгінге дейін жөнді көңіл бөлінбей келе жатқан мәселе. Қазақ мектептерінің жағдайында осы жайттың ойдағыдай жүзеге асуына оралғы болатын факторлар да жеткілікті. Соның бірі көптеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің психологиялық, педагогикалық білім жүйелерінің саяздығы, олардың жұмыс басшылығы, қабілетті шәкірттермен дербес жұмыс жүргізуге уақыт бөлмеу т.б.Осы айтылғандар әр ауыл мен мектептен ұшырасып қалатыны белгілі.
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасалып жатқан қазіргі кезеңде республикамыздағы көптеген колледждер мен лицейлер негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны әрине, мұндай оқушылар ел болашағы, оның интеллектін (ақыл-ой) қуатының баға жетпес резервы.Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу аса мәнді де адамгершілікті іс.Оларды баулып,қамқорлыққа алу - баршамызға ортақ, халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай қоғамның болса да іздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлығы.
Дарындылық - адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс- әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, арнаулы қабілеттердің ойдағыдай дамуының нәтижесі .
Ерекше зейінділік, жинақылық, күрделі ақыл-ой жұмысына әрқашан да әзір тұру еңбекке ұмтылудың табандылыққа ұласуы, демалыспен есептеспей, қажымай- талмай еңбектену - дарынды балалардың басты ерекшеліктері.Бойкүйездік пен жалқаулыққа бой алдырмай, қолайсыз жағдайда да жұмыс істей алу, әр істі соңына жеткізбей тынбайтын табандылық, ауыр еңбектен ләззат алу, әр нәрсені талдау мен жинақтай алуға ерекше икемділік,таным аясының кеңдігі, ойлау белсенділігінің аса тұрақтылығы - ерекше балалардың өзін- өзі басқара алу қабілетінің басты көрсеткіші болып табылады.
Әр жерден оқта-текте кездесіп қалатын дарынды балаларды ұстаздық қырағылықпен көре біліп, оны арнаулы оқу орындарында оқытып-тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс.Үйде де, түзде де дарынды баламен жұмыс жүргізетін тәлімгердің жан-жақты білімді, әсіресе, бала жанын жазбай танитын сезімтал психолог болуы керек.

1.2 Бастауыш сыныпта дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Демек, қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда қоғамдық қатынастардың саяси, әлеуметтік-экономикалық салаларындағы жағдайы түбірінен өзгерді. Соған орай жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру қажеттігі туды.
Ұлттың болашағы - ұрпағында болса, ұрпақ тәрбиесі ұстаз қолында. Ал ұстаз мұраты - жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Толыққанды азамат тәрбиедеу үшін ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек, эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар экологиялық, экономикалық, жыныстық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс. Демек, оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халық педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түседі. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті Мағжан Жұмабаевтың мына сөздері еске оралады: Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуы тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Бала бойына, ең алдымен, тәлімді тәрбие сіңірмей, білім берем деу бекер әурешілік.
Осыдан 5 жыл бұрын сіздер мен біздер үшін дарындылық мәселесі, дарынды бала, оны анықтау, олармен жұмыс істеутың тақырып еді.Мемлекеттік деңгейде бағдарлы қолға алынған бұл игілікті шара өз нәтижесін бере бастады.
Ең бастысы - бала мектеп қабырғасында жүріп,өзіне деген үлкен сүйіспеншілікті, қамқорлықты, қолдауды сезініп, көруде.
Дарынды балаларды шығармашылық жұмысқа баулудың әдіс-тәсілдері, жолдары зерттелді.
Бала дарынын дамыту үшін білім беруге жаңа мазмұн беріліп, озық технологиялар енгізіле бастады.
Дарынды балаларға ғылыми-зерттеу жұмыстарында ізденіс жұмыстарындағы ерекше шығармашылық қабілеттерін іске асыруда қамқорлық көрсетіліп,жағдай туғызылды.
Ұстаз болу жауапты да, әрі қиын мамандық, оның үстіне жас өркеннің бойындағы табиғат берген ерекше құбылысты, дарындылықты тани білу,дұрыс бағыт-бағдар бере білу екі есе қиын. Ұстаз деген мәртебелі атқа ие болған кез-келген адам осындай ерекше құбылыспен бетпе-бет келгенде қателіктер жіберуі мүмкін.
Дарындылық - ең алдымен сана мен жүйкенің сапалық көрінісі.Ол өзіне танымдылық, ерік-жігерлік, жеке дамулық ерекшеліктерді білдіреді. Сондықтан табиғаттың бұл дара құбылысын тани білу тек жүйелілік деңгейде, өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста,ерекшеліктерін екшеуде жас мөлшері, қабылдау деңгейі көлемінде жүзеге асырылуы керек.
Д.Ж.Рензули бойынша дарындылық дегеніміз - үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары интелектілік, преативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал преативті қасиеті нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі.Адам сүйіспеншілікпен, жанымен қалап істеген ісін үнемі дамытып отырады. Бала өз қалауымен бастаған ісін жетілдірсе, дамыта ұйымдастырса, ол - шығармашылық, яғни дарынды баламен жұмыс істеуде алдымен нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру,шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды.Дарындылықты анықтау үшін әр түрлі деректерді, бақылау бағалау нәтижелерін, тест, трекинг әдістерін қолдануға болады.Дарынды балаларды анықтау үшін пән мұғалімдері балаларды сабақ үстінде, әр түрлі істермен айналысу барысында бақылау, ата-анасымен әңгімелесу, жолдастарымен әңгімелесу арқылы, тест, трекинг қорытындысына қарай анықтайды.
Әр пән мұғалімдері әрбір оқушыға арналған педагогикалық-психологиялық карта жүргізіп,осы картаны толтыру барысында диагностикалық жұмыстар жүргізіп,әрбір оқушының зейінін, есте сақтау қабілеті,логикалық ойлауы, интеллектуалдығы,шығармашылық жұмысқа бейімділігі бағаланады. Осы зерттеу жұмыстары қабілетті және дарынды оқушыларды іріктеп топтастыруға ықпалын тигізеді. Мысалы, шығармашылық жұмыс бейімділігін анықтау үшін Кочетовтың тестін қолдануға болады. Тест көмегімен оқушының әлеуметтік жағдайынан бастап шығармашылық бейімділігін де анықтауға болады.
Сонымен қатар оқушы дарындылығын, ізденімпаздығын тудыруда оқушылардың ғылыми қоғамның маңызы өте зор.
Дарынды балалармен жұмыс жүйесіндегі негізгі тұлға - мұғалім. Мұғалім баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы. Балаға білімін тереңдетуде, өз бетімен білімін көтеруге ақыл-кеңестерін береді, көмектеседі, көп жағдайда оқушының болашақ кәсіптіктағдыры мұғалімге байланысты деуге болады. Қазіргі кезде дарынды балаларды анықтауға, қолдауға, дамытуға көп мән беріліп отырғанына қарамастан мұғалімдерді дарынды балалармен жұмыс істеуге дайындау мәселелері қарастырылмаған. Мектептерде мұғалімдердің бұл мәселеде тәжірибелері аз,тіпті жоқ деуге болады. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер өте аз. Сондықтан әр мұғалімнің дарындылықты анықтау,дамыту,зерттеуде өз көзқарасастары қалыптасқан.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдерге тән кейбір педагогикалық-психологиялық жағдайлар:
Мұғалімдер дарынды балалардың ішкі дүниесіне үңілмейді, немқұрайлы қарайды.
Тіпті кейбір дарынды баланы жақтырмайды, себебі ол мұғалім беделіне қауіп төндіреді.
Олардың ерекшеліктерін, диагностикалау әдістерін білмегендіктен дарындылықты анықтауда төмен көрсеткіштер көрсетеді.
Дарынды балаларға көңіл аударғанымен, жұмысты ұйымдастыру әдістерін білмейді, тапсырманың санын көбейту тактикасын қолданады.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер дарынды балаларға арнайы бағдарламалар құра біледі, өз бетімен жұмыс істеуге баулитын, шығармашылық ізденісін тудыратын, практикалық тапсырмалар мен есептердің стандартты емес шешімдерін таба білуге баулитын әдістер қолдана біледі. Қажетті материалдарды іріктеу, оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдауда сабақ міндетін ашуда, даралап дифференциалды оқытуда педагогикалық жұмысты тиімді ұйымдастыра біледі. Еліміздің экономикалық әлеуметтік дамуы үшін интеллектуалы жоғары тұлғалар керек,сондықтан мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс істеуі үшін арнайы дайындықтан өтуі, өз бетімен білімдерін көтеру керектігі заман талабы. Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге қандай педагогикалық-психологиялық талаптар қойылады?
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің педагогика кафедрасының профессорлар тобы құрастырған Педагогикалық білім концепциясы дарынды балалармен жұмыс істеуге дайын мұғалім қасиеттері деп төмендегі мына белгілерді анықтайды:
І. Мұғалімнің кәсіптік бағдары.
- Дарынды балалармен жұмыс істеу заман талабы екенін түсінуі;
- Балаға деген сүйіспеншілік, ерекше қабілетті балаға деген жағымды
қарым-қатынасы;
- Дарынды балалармен жұмыс ұйымдастырудың нәтижелі жолдарын
іздестіруді қызығуы, қажетсінуі;
- Дарынды балаларменжұмыста жоғары көрсеткішке ұмтылуы;
ІІ. Дарындылық, педагогикаық процесс туралы білім.
Өз пәнін мемлекеттік стандарт көлемінен артық білуі;
Тұтас педагогикалық процесс туралы білімінің болуы;
Дарынды бала ұғымының білінуі;
Жеке тұлға туралы,оның шығармашылығы, оны дамыту жолдары туралы теориялық білімнің болуы;
- Дарындылықты анықтау әдістері туралы білімнің болуы;
ІІІ. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі.
Кластағы педагогикалық процесті диагностикалау әдістерін білуі;
Дарынды балаларды анықтау әдістерін білуі;
Дарынды балаларға арналған қосымша бағдарламалар жасақтай білуі (топтық,жеке);
Ерекше қабілетті оқушыларға шығармашылық ізденіске және зерттеуге есептер мен тапсырмалар таңдай білуі;
Жаңа оқу технологияларын қолдана білуі;
Оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық түрде сауатты құра білуі;
Дарынды баланы оқытудың нәтижесін бағалай білуі, қорытынды жасау, қорытындыға сәйкес шешім шығара білуі;
Дарынды балалармен қосымша сабақ өткізе білуі.
Міне, дарынды балалармен жұмыс істеуге дайын мұғалімнің бойынан табылуға тиіс қасиеттер осы болса, оның іске асуын бағалау деңгейлері төмендегідей:
1.Дайындығы төмен деңгейдегі мұғалімнің өз пәні бойынша білімі мемлекеттік стандарт деңгейінде ғана, оқу процесін репродуктивті деңгейде жүргізеді, оқу-тәрбие жұмысын диагностикалауда тек үлгерімін ғана көрсете алады.Дарынды балалармен арнайы жұмыс жүргізбейді.
2.Орташа деңгейдегі мұғалім.
Пәнін тек мемлекеттік стандарт көлемінде біледі.Оқыту тәсілі - оқулықтан терңдетілмеген деңгейде.Дифферециалды жұмыс істемейді, қабілетті оқушыға оқулықтан ғана тапсырма береді.Дарынды балаларда диагностикалау жұмысын жүргізбейді.Дарынды баламен арнайы жұмыс жүргізбейді.
3.Ортадан жоғары деңгей - төмен және орташа деңгейден айырмашылығы қабілетті оқушыны мектеп олимпиадаларына шығара алады,кейбір кеңестер бере алады.
4.Жоғары деңгейде - оқу-тәрбие процесін шығармашылық негізде құра біледі.Педагогикалық процесті диагностикалаумен қатар кейбір психологиялық әдістерді қолданып,дарындылықты анықтай алады.Қосымша тапсырмалар ұйымдастыра біледі,ата-анасымен байланыс жасайды.Бірақ арнайы дайындығы жетпегендіктен толық дарындылықты дамытудың арнайы бағдарламасын жасауда қиналады.
5.Өте жоғары деңгей.
Мұғалім оқу-тәрбие процесін диагностикалық тұрғыда басқара біледі.Оқу процесінде оқушылар арасында әр түрлі формада танымдық қызметін ұйымдастырады.Оқытудың оқушы белсенділігін арттыратын технологияларын тиімді қолдана біледі.Дарынды балалармен арнайы жұмыс жүргізіледі.Қосымша бағдарлама жасақтап,шығармашылығын дамыту тапсырмаларын дайындайды, күнделік жүргізеді.Онда дарынды баланың дамуы, жетістігі, зерттеуі жазылып отырады. Балалардың конкурсқа, олимпиадаға қатысуына жетелейді.Баланың ата-анасымен жұмыс жүргізеді.
Міне, жоғарыда айтылып өткен дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімге дайындық көрсеткіштерін білу мұғалімге өз білімін жетілдіруіне, ізденуіне бағыт-бағдар беру болады. Психологиялық-педагогикалық талаптар мұғалім жұмысына, ғылыми зерттеуіне және шығармашылық ізденісіне ғылыми тұрғыда құруына негіз болады деп ойлаймыз.
Ұстаз - білім беру ісіндегі шешуші фактор. Ал, ұстаздың сапалылығы, кәсіби шеберлігі оның шәкірттерінен көрінеді.
Шәкірттің жақсы болмағы - ұстазынан деген сөз тегін айтылмаса керек.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қастандық пен жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімізді жақсы білсек, аздаған педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерсек, баланы өз ерігімізге бағындырсақ,өте күшті педагог болдық деп тоқмейілсуді бастан кешіретін едік. Енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді. Өйткені қазір заман өзгерді,қоғам өзгерді, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. Жаңа балалар деген феномен пайда болды. Олардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша.
Қазіргі балалар ешнәрседен қорқа қоймайтын,өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшы емес, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар. Сондықтан баланы өзінен төмен көретін, көп ақыл айтатын, іскер емес мұғалімдерді олардың жан дүниесі қабылдамайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде 200-дей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көптеген адамдармен қарым-қатынастар жасайды, көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына, біліктілігіне қарай шешеді.
Енді осыған сәйкес мұғалімдерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түрлі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күнініе есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады.Екіншіден, кешегі педагогикадағы үрдістерді ысырып тастамағаны абзал.
Педагог-ғалым Сухомлинский Василий Александрович баланы табиғат перзенті деп қарап, өз мектебін Қуаныш мектебі деп атағаны мәлім. Ол ойлау, табиғатпен тілдесу сабақтарын өткізіп,оқушыларды сұлулық пен жанды ойды түсінуге баулыды.
Грузин педагогы Ш.Амоношвилидің Өмір мектебін еске түсіріп көрейік. Бұл ғалым-педагог ынтымақтастық педагогикасының негізін қалады. Мектебінде баланы өзінің өмір жолын дұрыс таңдауға үйретумен шұғылданды. Орыс академигі Шатинин Михаил Петрович, қазақтың ғалым-педагогі Нұртазина Рафиқа апайдың еңбектері де қазіргі ғаламдану заманының ұстанымдарына сай келмей ме?
Үшіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірдің әр саласынақатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қасиеті арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады, дейді.Көп білу үшін көп оқу, тоқу керек. Интернет жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды таңдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт.
Бала ықпал ету обьектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек. Мұғалімдер өзара араласып, ақылдасып атқарған істің жемісті болатыны белгілі.Ендеше жаңа оқулықтар оқыту әдістемесі мен дидактикалық материалдар даярлау барысында ғалымдар мен ұстаздар бірлесіп еңбек етсе, олардың сапасы да талапқа сай болары сөзсіз.
Алтыншыдан, мұғалімдер ынтымақтастық педагогикасы қағидаларын өз ісінде басшылыққа алулары тиіс.Сонда мектеп те, мұғалім де - бала үшін қызмет етпек. Ең бастысы мұғалім өзінің өмірімен, білімімен, зерделілігімен, салауаттылығымен, яғни барлық ісімен үлгі болатын тұлғаға айналуы қажет.
Жетіншіден, оқу мен тәрбие - егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн.
Бұл, сөз жоқ, мұғалімдерге бұрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті, жанқиярлықты талап етеді.
Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға дегеніндей, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын,шығармашылығы мол еңбекшіл, парасатты азаматы болуы керек. Өйткені баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси-экономикалық және педагогикалық-психологиялық сауатты болуы тиіс. Сонымен қатар балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-сезімдік, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.
Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың абыройлы парызы, һәм қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этно-мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет.
Мұғалімнің шығармашылық шеберліктерін шыңдауда педагогикалық оқулар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, байқаулар олимпиадалар, шығармашылық есеп, іскерлік ойындардың берері көп. Бұл мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдап,қисынды ойлай білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу болып табылады. Мұғалім еңбегін зерттеп, саралап, шеберліктерін арттыру, сөйтіп оқушы мен мұғалім арасындағы шығармашылық байланысты нақты танымдық іс-әрекетке ұластыру, озат тәжірибені орынды пайдалануға мүмкіндік туғызу - әрбір мұғалімнің басты міндеті. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жетілдіру, әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктерін арттырып, ертеңгі білімдар, парасатты жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында жұмыс істеуі қажет.
Мұғалім - білім саласындағы басты тұлға. Ы.Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі. Олар заман талабына орай даярлау,шеберліктерін шыңдау,біліктілігін арттыруда мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтаудың орны ерекше.
Осы заманғы мектептің қай ділгір мәселесін алсақ та, оларды шешу ең алдымен, мұғалімге, оның идеялық танымына мамандық білгірлігіне, ой-өрісінің молдығына педагогикалық шеберлігіне байланысты. Ал оқушыға берілетін білімнің мазмұны мен сапасы, оны меңгертудегі көрсеткіші мұғалімнің іскерлік қабілетінің басты бейнесі болып табылады.
Оқушылардың рухани жан дүниесін байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін дарынды оқушыларды мектептен тыс, сыныптан тыс әр түрлі үйірмелерге баулу, олардың жеке шығармашылықтарын көрсетуге жағдай жасап отыру қазіргі таңдағы уақыт талабы деп түсіну қажет. Осылай еткенде ғана оқушы белсенділігі одан әрі артып, өзіне-өзі сенімді, берілген жұмысты тиянақты орындай алатын, рухы мықты тұлға болып шығуы сөзсіз.
Баланың өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру, өз бойынан шығармашылық қасиет іздеуге дағдыландыру, оның өмірде өз орнын табуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы білім ісінің негізгі күре тамыры да осы болуға тиіс.
Оқу-тәрбие үрдісінде қабілет,дағды,білім,ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мұғалім оқушы өзгешеліктеріне зер сала білуі керек. Мұғалімнің жеке бір шығармашылық табысы болса тіпті жақсы. Мысалы, орындаушылық, сурет өнері, музыкадан.
Бала әрекетіндегі, қимылындағы саналы күштерді ақырын, нәзік түрде шақырып,оятып отыру керек. Ол сурет салып отырғанда, бояумен жұмыс істегенде, баланың санасын оятатын мақсат қоля білген жөн. Қызыл түспен басымырақ сурет салынса, енді көгілдір түспен не салар едің деген сияқты сұрақтар қойып жетелеген жөн.
Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі шарт. Алдымен кәсіптік қабілетіне талап қойылады.
1. Бақылау жүргізу қабілеті. Анықтауда тест, бағдарлама құра білуі.
2. Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі.
3. Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білуі.
4. Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдаудағы ептілік.
5. Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі.
6. Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы.
7. Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.
Ұстаз саяси сауатты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс ерекшелігі
Бастауыш сыныпта математика пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтау
Дарынды балалар сипаттамасы
Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстар
Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістері
Пәндер