Бастауыш класс математика сабағында ойын технологиясын қолдану



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
І.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Танымдық белсенділік және жеке тұлғалық қасиет ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.7
1.2 Сабақта оқушылардың танымдық іс.әрекетін ұйымдастырудың формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.9
1.3 Оқушылардың танымдық іс.әрекетін белсендендіру әдістері ... ... ... .9.10
1.4 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар ... ... ..10.13
ІІ.БАСТАУЫШ КЛАСС МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Ойын . оқушы білімін меңгерту кұралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15
2.2 Ойындарды пайдалану әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15.20
2.3 Дидактикалық ойындардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.22
2.4 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Біздің мемлекетіміздің, мектебіміздің, тәрбиешілеріміздің және ата-аналарымыздың алдында әрбір оқушыны тек саналы қоғам мүшесі, тек дені сау және мықты адам етіп өсіру ғана емес, сондай-ақ міндетті түрде бастаған ісіне шығармашылықпен қарайтын, терең ойлайтын азамат етіп өсіру мәселесі тұр. Егер адам шығармашылықпен ойласа, егер айналадан өз-өзін жетілдіру мүмкіндіктерін көре білсе ғана белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасады.
Оқу үрдісінде оқушылар бар білімді дайын күйінде алмастан, мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы оның басым бөлігін өз бетімен іздену тапсырмалары, танымдық қызметті белсенді ететін түрлі әдіс-тәсілдер, проблемалық ситуациялар арқылы алуы шарт.
Сондықтан қоғам дамуының қазіргі кезеңінде мектепте оқу процесіне жаңа технологиялар енгізілуде.
Технология (грек тілінен аударғанда techne - өнер, шеберлік, логия – ғылым) – бұл шикізаттар мен материалдарды алу, өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Педагогикалық технология – қойылған мақсаттарға сәйкес білімді, дағдыны және қарым-қатынасты қалыптастыру мен бақылау, құрастыру амалдарының жиыны.
Педагогикалық технологиялар жайында айта отырып, мына жағдайларды анықтап алу қажет:
 Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, олардың психологиялық құрылымы;
 Психологиялық материалдар, құрылымдар;
 Осы мақсаттарға жетуге бағытталған амалдар жиыны;
 Осы мақсаттарды таңдап алынған амалдар арқылы жүзеге асыратын оқушылардың психологиялық мінездемелері;
 Оқу-тәрбие мәселелерін жүзеге асыру барысында оқушылардың басқа оқушылармен қарым-қатынас жасау процесіндегі психологиялық мінездемелер;
 Анықталған амалдарды орындау барысында қолданылатын құралдар;
 Оқыту мен тәрбиелеудің принциптері.
1. А. Мустояпова . Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру // Бастауыш мектеп №12, 2003
2. Ә. Мұхамеджанова . Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастыру// Бастауш мектеп №1, 2005
3. Керімбаева Р. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері // Бастауыш мектеп №3, 2008,
4. Керімбаева Т. Дидактикалық ойындарының түрлері // Бастауыш мектеп №9 2005,
5. Нагибин Ф. Развивающие игры. М.: Просвещение, 1985.
6. Құлбаева С. Ойын әдісімен // Бастауыш мектеп. №3, 2004
7. Математика сабағында дидактикалық ойын есептерді қолдану //«М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ. Шымкент, 2007. (Оқу-әдістемелік құрал) 2,5 б.т. (М.Мұсабековпен авторлық бірлестікте).
8.Бала дүниетанымын-ұлттық ойындар арқылы дамыту //«Ұлт тағылымы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журнал –Алматы 2008
9. Бағдарлама. Математика жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған. – Алматы, 2003.
10. Ведилина Е.А Обучение решению текстовых задач учащихся начальной школы: Учебнометодическое пособие. – Павлодар: ТОО «Проксима ПВ», 2006.
11. Ведилина Е.А. Дифференцированные задания при решении текстовых задач //Педагогический Вестник Казахстана. – Изд. ПГПИ, декабрь 2008.
12. Ведилина Е.А., Кененбаева М.А. Развитие математического мышления и математических способностей на уроках математики начальной школы. //Начальная школа Казахстана. – 2005.
13. Математика: Жалпы білім беретін мектетің 3 – сыныбына арналған оқулық/ Т.Қ. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина, Ж.Т. Кайыңбаев, Б.М. Қосанов, К.Ә. Ерешева. 2-ші басылым. – Алматы: Атамұра, 2003.
14. Бастауыш білім беру стандарты.
15. А. Мустояпова . Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру // Бастауыш мектеп №12, 2003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
І.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Танымдық белсенділік және жеке тұлғалық қасиет ... ... ... ... ... ... ... . ... .6-7
1.2 Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-9
1.3 Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру әдістері ... ... ... .9-10
1.4 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар ... ... ..10-13
ІІ.БАСТАУЫШ КЛАСС МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Ойын - оқушы білімін меңгерту кұралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 14-15
2.2 Ойындарды пайдалану әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5-20
2.3 Дидактикалық ойындардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-22
2.4 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-2 7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Біздің мемлекетіміздің, мектебіміздің, тәрбиешілеріміздің және ата-аналарымыздың алдында әрбір оқушыны тек саналы қоғам мүшесі, тек дені сау және мықты адам етіп өсіру ғана емес, сондай-ақ міндетті түрде бастаған ісіне шығармашылықпен қарайтын, терең ойлайтын азамат етіп өсіру мәселесі тұр. Егер адам шығармашылықпен ойласа, егер айналадан өз-өзін жетілдіру мүмкіндіктерін көре білсе ғана белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасады.
Оқу үрдісінде оқушылар бар білімді дайын күйінде алмастан, мұғалімнің бағыт-бағдар беруі арқылы оның басым бөлігін өз бетімен іздену тапсырмалары, танымдық қызметті белсенді ететін түрлі әдіс-тәсілдер, проблемалық ситуациялар арқылы алуы шарт.
Сондықтан қоғам дамуының қазіргі кезеңінде мектепте оқу процесіне жаңа технологиялар енгізілуде.
Технология (грек тілінен аударғанда techne - өнер, шеберлік, логия - ғылым) - бұл шикізаттар мен материалдарды алу, өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Педагогикалық технология - қойылған мақсаттарға сәйкес білімді, дағдыны және қарым-қатынасты қалыптастыру мен бақылау, құрастыру амалдарының жиыны.
Педагогикалық технологиялар жайында айта отырып, мына жағдайларды анықтап алу қажет:
+ Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, олардың психологиялық құрылымы;
+ Психологиялық материалдар, құрылымдар;
+ Осы мақсаттарға жетуге бағытталған амалдар жиыны;
+ Осы мақсаттарды таңдап алынған амалдар арқылы жүзеге асыратын оқушылардың психологиялық мінездемелері;
+ Оқу-тәрбие мәселелерін жүзеге асыру барысында оқушылардың басқа оқушылармен қарым-қатынас жасау процесіндегі психологиялық мінездемелер;
+ Анықталған амалдарды орындау барысында қолданылатын құралдар;
+ Оқыту мен тәрбиелеудің принциптері.
В.Ф.Шаталовтың сөзі бойынша, бүгінгі күні мұғалімнің қызметі білім көзі болу ғана емес, сондай-ақ таным үрдісін ұйымдастыру болып табылады. Мұғалім сыныпта оқып-білуге мүмкін болатын барлық жағдайды жасауы тиіс. Соңғы жылдардағы мектеп практикасы мен теориялық зерттеулер оқыту формасы ретіндегі ойын қызметі оқу процесін белсендендіруге ұмтылушы методиканың, дидактиканың, психология мен педагогиканың басты мәселелеріне толықтай жауап беретіндігін көрсетті.
Ойын сәтінде пайда болатын шығармашыл ахуал, еркіндік, адам психикасының шығармашыл қорларын шығаруға әсерін тигізеді, алаңдаушылық сезімін жойып, тыныш көңіл күйді орнатып, тұлғалардың өзара қарым-қатынасын жеңілдетеді.
Ойындар интеллектуалды-пассивті балалардың оқу қызметіне оң әсерін тигізеді.
Психолог Л.Н.Славинскаяның зерттеулері ойын үрдісінде интеллектуалды-пассивті бала қарапайым оқу жағдайында меңгере алмайтын көлемді оқу әрекетін орындауға қабілетті екендігін көрсетті.
Психологтардың зерттеулері көрсеткендей егер, қандай да бір пәнге оқушылардың терең де тұрақты қызығушылығы қалыптасқан болса, онда оларға ешқандай рольдің де, жағдайдың да қажеті жоқ. Егер ондай қызығушылық болмаса және мұғалім оны оятқысы келсе, онда ойын мұғалімнің ең жақсы көмекшісі болуы мүмкін.
Ойын процесінде пайда болатын қызығушылық - ол оқу процесіне емес, ойынға деген қызығушылық деп қорқудың қажеті жоқ.
Қызығушылықтың дамуы қандай да бір заңдылыққа ие: құбылыстың сыртқы жағына деген қызығушылық олардың ішкі құрамына деген қызығушылыққа ұласады.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзінде жұмыс орындауда жүзге асады.
Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді.
Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал, оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағы беріп, басқарып отыру - мұғалімнің міндеті.
Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық - кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу - бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Танымдық белсенділік және жеке тұлғалық қасиет

Танымдық белсенділік деп оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып ұйымдастырылған таным үрдісінде пайда болатын, бекітілетін, дамитын жеке тұлғалық қасиет ретінде анықтауға болады.
Танымдық белсенділіктің көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу саналығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдайларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі т.б. жатады.
Оқушылардың оқу үрдісіне кірісу деңгейі мен танымдық белсенділігінің байқалуы - нөлдік көрсеткіштен ең жоғарыға дейін өзгеретін динамикалық көрсеткіш.
Белсенділігі әртүрлі деңгейдегі оқушылардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін талдап әрі олармен өзара оқу әрекетін ұйымдастыру стратегиясын анықтап көрелік.
Оқытушының тактикалық әрекеті оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін күнделікті шешуге бағыттаса, стратегиясы оқу үрдісін оңтайландыруға бағытталады.
Олардың белсенділік деңгейлері:
Нөлдік деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар белсенділігі өте төмен, оқу жұмысына әрең кіріседі, жоғары бағалары жоқ, әуел баста оқуға ынтасы жоқ оқушылар.
Олар тез арада жұмысқа кірісе алмайды, алайда өз белсенділігін бірте-бірте көтеруге қабілетті.
Оқытушы бір қызметтен екінші түріне тез ауысуды қажет ететін тапсырмаларды ұсынбауы керек, олардан тез арада жауап беруді талап етпеу керек, жауап беріп жатқан кезде ойын бөлуге, тосыннан сұрақ қоюға болмайды.
Оқытушы олармен жақсы қарым-қатынаста болуы қажет. Бұл тактикалық кезең, ал стратегиялық жағынан қарасақ, оқытушы әртүрлі педагогикалық әрекеттер жасау арқылы оқушыларды нөлдік белсенділіктен жағдаяттық деңгейге көшіруі керек.
Жағдаяттық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар көңіл-күй ықпалына тәуелді. Оларды сабақтың жаңашылдығы, сабақ беру әдіс-тәсілдерінің өзгешелігі қызықтырады. Сабақ кезінде мұндай оқушылар жұмыстың жаңа түріне оңай кіріседі, ал қиыншылық көрсе, сабаққа деген қызығушылығы күрт төмендеп кетеді.
Оқушыларға қатысты педагогтің тактикасы олардың көңіл күй белсенділігін құптау керек. Бұл топ басқаларға қарағанда жауап жоспарын, алгоритмді, тірек сигналдарын пайдалана білуді қажет етеді.
Орындаушылық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар үнемі үй тапсырмасын орындап келеді. Кез келген жұмысқа дайын тұрады. Оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіруде осы оқушыларға сүйенеді. Олар тұрақтылықпен ерекшеленеді. Олардың білімдері берік. Дегенмен оқушыларды тірек, сүйеніш ретінде пайдалану педагогикалық қателік деп саналуы керек. Егер материал өте жеңіл болса, оқытушы үлгірімі төмен оқушыларға ғана көңіл бөлсе, бұл оқушылар сабақта іші пысып отырады. Сондықтан осы деңгейдегі оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру өзекті мәселе болып саналады. Оларға проблемалық, ізденіс және эвристикалық жағдаяттар ұсынуға болады. Түрлі пікірталастарға, дебаттар, сот отырыстарына т.б. енгізуге болады.
Шығармашылық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушыларға дәстүрден тыс шешімді қажет ететін ізденіс тапсырмаларын беру ұсынылады. Олар құбылыстың мәнін, олардың өзара байланысын түсінуге талпынады. Түрлі проблемалардың шешімінің жаңа жолдарын табуға тырысады.
Шығармашылық қабілетті әртүрлі оқушылар көрсете алатынын педагогтер ұмытпауы тиіс. Мұны ескере отырып оқытушы кез келген міндеттерді қабылдауында және интерпретациясындағы дәстүрден тыс қабілеттерін көрсету үшін жағдай жасауы керек.белсенділігі әртүрлі деңгейдегі оқушылары бар топпен сабақты қалай ұйымдастырып жүргізуге болатынына тоқталайық. Осындай сабақтың құрылымы үш негізгі моделді қарастырады:
өзара оқу әрекеттері іске асырылады: педагогтың оқушыларды әрбір жеке топпен біртіндеп жүргізілген жұмысы;
сабақ оқудың міндеттеріне байланысты сол немесе басқа топтың оқу қызметіне кірістіруді болжайтын мозаика түріндегі өзара әрекетте құрылуы мүмкін;
сабақ белсенді - рөлдік болуы мүмкін, өзара оқу әрекетінде басқаларды оқыту үшін басты рөл белсенділігі жоғары деңгейдегі оқушыларға беріледі.
Мұғалімдерге тағы бір кеңес. Оқушыға жаңа ойын, тапсырма, жаттығу, жағдаят ұсынбас бұрын, ең алдымен, өзіңізге- өзіңіз сынатып алыңыз. Сонда, бір жағынан, шарттың дұрыс- бұрыстығы көрінеді, екінші жағынан, бақылау жұмысының, берілген жағдайдың шығармашылық түзету жолы анықталады.
Кез келген педагогикалық технология оқушылардың белсенділігін арттыру құралдарына ие, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны және нәтиженің тиімділігінің негізін құрайды. Оларға перспективті оқыту (С.Лысенкова), ойын, проблемалық, деңгейлеп оқыту (Ж.Қараев), компьютерлік, жеке оқыту, жалпы білімдік іскелігін жетілдіру (А.Зайцев) технологияларын жатқызуға болады.

1.2 Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары

Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке - дара, топтық және сынып - сабақтық жүйе.
Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл - ланкастер" жүйесі тарады. Сатылы немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200 - 300 немесе 600 - ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. Басында "дальтон - жоспар" оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушыны өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық - зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3 - 4 топқа бөлінеді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бригада мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педогогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
2. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынады. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
Сынып - сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай - ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт - бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани - адамгершілік қасиеттері мен ақыл - ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым - қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылды.

1.3 Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру әдістері

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс.
Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
* мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
* жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
* мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
* оған әсер ететін мотивтер т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.
Алдынғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өзіндік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыстарын өткізуі (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

1.4 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар

Математика пәні бойынша ең бастысы - оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру деп ойлаймын. Сондықтан да санмен және сәйкес цифрлармен таныстыра отырып, сол санның құрамын жаттату ауызша есептеуге көп септігін тигізеді. Бұл кезеңде сан сызғышпен жұмыс көп көмегін тигізеді. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шындай түсетіні белгілі.
Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы Сақина салу, Ақсүйек ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына Ақсүйек тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптары оқушылары ой-өрісін дамытатын Құлпынай теріп алайық, Араларға бал жинауға көмектес, Қалқанқұлаққа көмектес, Сақина тастау ойындары. Мысалы, Сақина тастау ойынының дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайтуға берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны өзі қалаған оқушыға салады. Ойын осылайша жылдам түрде жалғасады. Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының ерекшелігіне, оның сапасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез құлқына ықпал жасайды. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар Сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады,әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтымал. Ойын - балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалардың көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатынын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Көрші-көршіойынының мақсаты 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгеру яғни, мұғалім бір санды атайды, Жеті дейді, жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонан соң, мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. 6,7,8 Сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны 6 бірліктен тұрады. Шырша құру ойыны арқылы да сан құрамын оқушыларға жаттатуға болады. Шыршаның сол жағына сандарды өсу ретімен, ал оң жағына кему ретімен жаз дей отырып, сол санның құрамын шығаруға болады.
8
0 8
1 7
2 6
3 5
4 4

Ауызша есептеуге төселдіру үшін сандар құрамы кестесін жаттап алуға тапсырмалар беремін:
1+1=2 1+2=3 1+3=4 1+4=5 1+5=6 1+6=7 1+7=8 1+8=9 1+9=10
2+1=3 2+2=4 2+3=5 2+4=6 2+5=7 2+6=8 2+7=9 2+8=10
3+1=4 3+2=5 3+3=6 3+4=7 3+5=8 3+6=9 3+7=10
4+1=5 4+2=6 4+3=7 4+4=8 4+5=9 4+6=10
5+1=6 5+2=7 5+3=8 5+4=9 5+5=10
6+1=7 5+3=8 5+4=9 5+5=10

Сан құрамын толық меңгергеннен соң тексеру, бекіту мақсатында Сан үйшіктер ойынын ұсынамын.Оқушылар бос терезеге тиісті санды жазып толтырады. Бұл тапсырманы әр оқушыға жеке-жеке берген тиімді.

Сан құрамын толық меңгергеннен кейін, Математикалық жаттықтырғыштар тапсырмаларын беруге болады. Меңгерген білімдеріне сүйене отырып, өрнектердің мәнін тез табады.
Сан құрамын толық меңгерген оқушы әр өрнек мәнін табуға 1-2 секунд қана уақыт жұмсайды. Ал 1 минутта 25-30 өрнектің мәнін таба алатыны сөзсіз. Кейбір үздік оқушылар 1 минутта 40-50 өрнектің мәнін таба алады.
А Б В Г Д
3+6 7-4 20+50 70-30 90-60
5+3 6-3 10+80 90-20 6-2
4+6 8-2 30+60 60-20 100-20
2+7 6-6 20+40 80-30 8-8
0+5 10-8 40+60 100-0 70-70
9+1 6-2 30+40 90-50 9-5

Сондай-ақ Лысенкованың жүргізе отырып жаздыру әдісін қазақ тілі мен математика сабақтарында қолданамын. Бұл әдіс оқушылардың дауыс ырғағын түзеп, анық айтуға үйретеді.
1 1 1 1 1=1 2 2 2=6
1 1 1 1 1=8 2 2 2 2 2=8
1 1 1 1 1=3 2 2 2=2
2 2 2 2 2=6 2 2 2 2 2=2

Математикада оқушылардың логикалық және математикалық ойлауын, есте сақтауын, зейінін, дамыту мақсатында төмендегідей тапсырмалар беремін:

1 1 1 1 1=1 2 2 2=6
1 1 1 1 1=8 2 2 2 2 2=8
1 1 1 1 1=3 2 2 2=2
2 2 2 2 2=6 2 2 2 2 2=2
Мұндай тапсырмаларды дарынды оқушылармен жұмыстарда жиі қолданамын.

Математикалық телефон ойыны. Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі сандарды ауызша қосуға және азайтуға жаттықтыру.
Керекті құралдар: Ойыншық телефоны, картон қағаздан дайындалған телефон тұтқасы.
Мазмұны: Бұл ойынды мұғалім мен сынып толығымен болып, екі оқушы дара, немесе бір оқушымен класс болып ойнайды. Күнделікті өз үйлеріндегі телефонмен сөйлескендері сияқты екі бала бір-біріне математикалық тапсырмалар беріп, жауабын алады.
Ойынға қатыспаған балалар олардың жауаптарының дұрыс не бұрыстығын тексеріп отырады. Бір бала сұрақ қояды, ал екінші бала жауап береді. Жауап бере алмаса орнына отырады да, ойынды басқа бала жалғастырады. Осылайша тездете отырып, бүкіл сыныптың балаларын толық қамтуға болады. Тапсырмаларды түрлендіріп, күрделендіріп жалғастырып ойнай беруге болады.
Бос шаршыны толтыр ойыны. Суреттегі шаршылардың бос тор көздеріне сандарды таңдап қою керек. Мұнда кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген сан болуы керек.

15 саны

1
6

5

4

39 саны

1
16

13

10

ІІ. БАСТАУЫШ КЛАС МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
2.1 Ойын - оқушы білімін меңгерту кұралы

Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы - балалар үшін ойынның тартымдылығы.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.
Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан.
Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.
Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген әралуан қарым-қатынасты байқауға болады.
Көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай ойынмен қызықты сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды ғана байланыстырады.
Олар рольдік және басқа да ойындарды сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару байқалады.
Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал ретінде ғана мойындалды.
1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, aнатомиялық, физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.
Ойын баланың даму құралы, таным көзі тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы бар.
Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады.
Ойынды адамзат іс-әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи аспектті Е.А.Покровский, Р.И.Жуковская, Р.И.Меджерицкая, В.Г.Яковлева ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды.
1980-1985 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Бастауыш сынып математика әдістемесі ғылыми пән ретінде
Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
Математиканы оқытуда жазба көрнекіліктерді пайдалану
Математиканы оқыту әдістері
Бастауыш сынып математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Пәндер