Бастауыш сыныптардағы орфографиялық қателерді түзету және ескерту бойынша жүргізілетін тиімді әдістері мен жұмыс түрлері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ҚАТЕЛЕРДІ ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ . . . 5

1. 1. Орфография термині, орфографиялық ережелер туралы түсінік . . . 5

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларына тілдің орфографиялық нормасын үйрету . . . 11

1. 3. Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар . . . 15

1. 4. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру жолдары . . . 17

1. 5. Оқушылардың жазба жұмыстарындағы орфографиялық қателерді түзету әдістері . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28

КІРІСПЕ

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Олай болса, Қазақ ұлт мектебінің негізі де, аркауы да - ана тілі. Ана тілі - мектепте тек пән ретінде оқытылып қоймайды, өзге пәндердің бәрінен де білім беруге және ондағы бүкіл тәлім-тәрбие, қоғам жұмыстарын жүргізуге негізгі құрал есебінде қызмет етеді. Ана тілі-балаларды жүйелі сөйлеуге, жүйелі жаза білуге, ана тілінің сөздері мен құралдарын саналы түрде жұмсай білуге үйретеді. Қазіргі мектеп бағдарламасында окушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Қоғамның, оның мүшелерінің жалпы мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениеті де көтеріліп, сөйлейтін я жазатын ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп кұрауды қажет етеді. Бұл үшін оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамыту қажет. Ана тілін дамытудың ғылыми дәрежесін көтеру мәселелерінің бір жағы қазақ тіл біліміне, екінші жағы педагогика мен жеке әдістемеге байланысты. Қазіргі тіл ғылымы ана тілін мектепте оқытуға қажетті мәселенің ғылыми жағынан айқындап, тұжырымдап берді. Дегенмен, практикалық өмірде сауатты жазу мәселесінде көптеген олқылықтар кездесуде. Қазіргі кезде бастауыш оқушыларына қарағанда, жоғарғы сынып оқушыларының тіл байлығы, шығарма, диктант жазуға деген талпыныстары төмен. Өз ойын дәл жеткізіп бере алмайды. Жазбаша сауаты нашар, тіл тазалығы мен тіл мәдениетіне қатынасы талапқа сай емес. Сондықтан «Баланы бастан» деп халқымыз айтқандай, баланың мектепке келген алғашқы күнінен бастап, тіпті отбасында тіл тазалығына, сөйлей білуге, ойды жинақтап айта білуге, ойлаған ойын қағаз бетінетүсіре білуге дағдыландыру керек.

Қазақ жазуы күні бүгінге дейін 1957 жылғы 5 маусымда қабылданған емле-ережелерді пайдаланып келді. Бұл ережелер 1940 жылы жаңа графикаға көшумен байланысты жасалған емле заңдарының негізінде өңделіп, толықтырылып жаңадан түзетілген болатын. 1988 жылы қазақ орфографиялық сөздігінің 3-ші басылымы жарық көрді. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері 9 бөлімнен тұрады. «Жазу әрекеті» - әртүрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған. Мәселен, лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе, психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін, жүру бағытын зерттейді. Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін, құралдарын, қызметін тексереді. Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тілдік тұлғалардьщ санамен байланысын, сөйлеу мүшелерінің ойга қатысты қимыл -қозғалысын дәлелдейді.

Әдіскер болса, ол осы салалардың барлық заңдылықтарын ескере отырып, сөйлеуге үйретудің тиімді үлгілерін табуды және ұйымдастыруды жалпы сөйлеу әрекетін жүзеге асыруды көздейді. Бұл салада ғалымдар кімді оқытатынын: оларды неге үйрету керектігін: не үшін, не мақсатпен және калай оқыту қажеттігін қарастырады. Тілші - әдіскерлердің ең бірінші мақсаты сапалы оқытудың жолдарын табу, яғни қалай оқытсақ, ісіміз жақсы нәтиже береді деген сауалға жауап іздеу. оны практикалық жағынан дәлелдеп, теориялық тұрғыдан жүйелеп көрсету.

І. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ҚАТЕЛЕРДІ ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

1. 1. Орфография термині, орфографиялық ережелер туралы түсінік

Гректің orthographia, orthos - «дұрыс» және grapho - «жазамын» мағынасындағы сөзінен шыққан орфография термині лингвистикада «тарихи қалыптасқан жазу жүйесі» және «біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы» деген мағынада қолданылады. Орфография тілдің белгілі бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды, оның негізгі бөлімі дыбыстарды әріппен белгілеу мәселесімен айналысады. Дыбыс пен әріп тіл біліміндегі бір-бірімен тығыз байланысты әр екі басқа ғылымдар деуге болады. Себебі, дыбыс ауызша тілдің материалы, әріп-жазба тілдің материалы. Ауызша тіл-алғашқы да, жазбаша тіл кейін қалыптасқан, адамзат ой-өрісі, мәдениеті дамуының жемісі. Әуелде жазбаша тіл ауызша тілді таңбалау үшін ойлап табылған ауызша тілдің қызметшісі болса, қазіргі кезде жазбаша сөйлеу, ойды жазбаша жеткізу басымдыққа ие болып, ауызша айту жазуға бағынатындай күйге жетті. Дыбыстық жазу сөйлеу дыбыстарын дәл бейнелей алмайтындықтан, сөйлеудің жазбаша формасы мен ауызша формасы үнемі сәйкесе бермейді. Жазуды белгілі бір жүйеге салып отыру үшін орфография үлкен қызмет атқарады.

Ғылым атаулының қай-қайсысының да өзіне тән дүниеге келу, қалыптасу, даму жолдары болады. Қазақ тіл білімі де осындай жолдардан өтіп, өзінің тарихи қалыптасу дәуірін басынан кешірді. Ал орфография тіл білімінің негізінде қалыптасады. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі графика мен орфографияның даму тарихын қысқаша қарастырайық. Қазақ халқы басқа да түркі халықтары сияқты ислам дінінің тарауымен бірге келіп енген араб жазуын ертеректен бастап-ақ қолданған. Бірақ грамматикалық құрылысы жағынан да, дыбыстық жүйесі жағынан да түркі тілдерінен мейлінше басқа болып келетін араб тілі графикасы қазақ тілінің дыбыстарын таңбалауға сай келмейтін. Соны байқаған орыс түркологтары болсын, қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин болсын - барлығы да қазақтар үшін араб жазуының қолайсыз екенін өткен ғасырдың екінші жартысында-ақ айтқан болатын. Біржолата өзгертуді көздемегенмен араб жазуындағы үйлесімсіздіктерді жамап-жасқау арқылы емлелік кемшіліктерді жоюға арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты» мен «Айқап» журналы беттерінде де көтерілді. «Айқап» журналы арнайы айтыс та ұйымдастырды. 1914 жылы араб жазуын қазақ тілінің емлесін сәйкестендіру жолдарын баяндаған оқу құралы да жазылды. Бірақ жазу нормасы, емле жүйесіз күйінде қалды. Өйткені бұл графикадағы көптеген таңбалар сөз басында бір түрлі, сөз ортасында екінші түрлі, сөз аяғында үшінші түрлі таңбаланып жүрді.

Араб жазуын тастап, латын графикасына негізделген алфавитті алу ең алғаш Азербайжанда көтерілді. 1922 жылы Бакуде жаңа түркі алфавиті комитеті құрылды. 1924 жылы Азербайжан Орталық Атқару Комитеті латын алфавитін міндетті мемлекеттік алфавит деп жариялады. 1926 жылы Бакуде Бүкілодақтық түркологиялық I съезд өткізілді. Бұл съезд өзінің қаулысында түркі тілдес халықтарға араб жазуын тастап, латын графикасына негізделген жаңа әліппені қабылдауды міндеттеді. Жаңа әліппеге көшу жұмысы Қазақстанда едәуір баяу дамыды. Латын алфавитіне негізделген жазуды қабылдау мәселесі 1924 жылы болған қазақ білімпаздарының съезінде көтерілгенімен, Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ жаңа емлесі туралы декреті» 1929 жылы 25

шілдеде жарияланды.

Әрбір тілдің өзінде қалыптасқан жазу емлесі бар. Емле белгілі бір орфографиялық ұстанымдарға бағындырылады. Қазақ орфографиясында морфологияның-фонематикалық және фонетикалық сондай-ақ дәстүрлі ұстанымдар негізге алынады. Морфологиялық-фонематикалық ұстаным бойынша дыбыстардың сөз ішіндегі және сөз арасындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмей негізгі фонемалық мәні сақталып жазылады немесе сөз түбірінің бастапқы қалпы сақталады.

Қазақ орфографиясында морфологияның ұстаным мынадай орындарда көрініс береді:

1. Түбір мен қосымша арасында қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпалы ескерілмей, сөздің түбірі сақталып жазылады. Мысалы, сөз+шең-сөшшөң, жұмыс+шы-жұмұшшы, аш+са-ашша, іш+се-ішше, із+шіл-ішшіл, ашан+ғы-ашаңғы, түн+гі-түңгү.

2. Сөз аралығында (біріккен, тіркескен, қос сөздерде) қатар келген екі дыбыстың әсері ескерілмейді, түбірі сақталады. Мысалы, жанбағыс-жамбағыс, ешкі өлмес-ешкөлмес, алмакезек-алмагезек, жанияр-жаңғияр т. б.

Фонетикалық ұстанымда сөз ішіндегі, сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне әсері басымдық танытады, сөз айтылуынша (естілуінше) жазылады. Мысалы, кітап-кітабы, тарақ-тарағы. Фонетикалық ұстанымның көрінетін тұстары:

1. Қазақ тіліндегі сөздерге 4 түрлі жалғау, жұрнақтардың көпшілігі сөздің соңғы буынындағы дыбыстардың жуан-жіңішкелігіне орай жуан не жіңішке жалғанады: бала-лар-дың, үй-лер-іміз-ге, адам-дық, көп-шілік т. б. 2. Қатаң п, к, қ дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауыссыздан басталған қосымша жалғанғанда қатаң дыбыстар ұяң естіледі (айтылады) : қонақ-қонағы, парақ-парағы, бөлік-бөлігі, талап-талабы.

3. Қазақ тілінде п дыбыснан аяқталған етістіктерге көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанғанда қос п дыбысы қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай, түбірдегі п дыбысы үнді у дыбысына айналып кетеді және сол өзгеруінше жазылады: кеп+іп-кеуіп, жап+ып-жауып, шап+ып-шауып.

4. Бірқатар біріккен сөздер әр компонентінің түбір тұлғасын сақтамай, естілуінше жазылады: белбеу, олғабыс, олап, бүгін (1963 жылғы орфографиялық сөздікте мұндай сөздердің жазылуын дәстүрлі принцип деп көрсеткен) . Бұл тәрізді фонетикалық принциппен жазылатын біріккен сөздердің санаулы екені, олардың орфографиялық сөздікте берілетіні Р. Сыздықованың «Анықтағышында» ескертіледі.

5. Орыс тілінен ертеректе еніп дыбысталу жағынан өзгеріп кеткен бірқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады: самаурын, бәтеңке, шүген, божы, болыс, шәйнек т. б (аталған сөздікте дәстүрлі принципке жатқызылған) .

6. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына қарай өзгерген күйінде, айтылуынша жазылады: әділ (адл), пайда (файда), апар (эхбар), айыр (ахир), айран (хэйран), қате (хәта), дүние (дүнииа), нәпсі (нафс), өсиет (уасииәт) .

Дәстүрлі ұстанымның қазақ тіл орфографиясындағы көрінісі ретінде 1963 жылғы орфографиялық сөздікте, естілуінше жазылып қалыптасқан белбеу, түрегел, ашудаз, әнәугүні, бүгін, бүрсігүні, алаңғасар т. б сөздерінің араб, парсы, орыс тілдеріне еніп, қазақ тілінің фонетикалық құрылымына ыңғайланып, айтылу бойынша жазылып қалыптасқан, саясат, тәлім, кәмпит, кәрзеңке, самаурын т. б тәрізді сөздердің жазылуы жатқызылып, оқулықтарда да солай түсіндіріліп келсе, кейінгі оқулық, анықтағыштарда жоғарыда аталып өткен белбеу, ашудас, самаурын, тәлім т. б сөздердің жазылу емлесі фонетикалық ұстанымға, ал орыс, араб, парсы сөздерінің төл тілдеріндегі бастапқы орфограммасын сақтай жазылуы дәстүрлі ұстанымға жатқызылып жүр. Мысалы, колхоз, алгебра, жиһан, қаһарман т. б.

Орфография - бұл біртұтас жазу жүйесі. Ал жазу жүйесі міндетті түрде тілдердің рухани және материалдық мәдениетінің өркендеуіне ықпал етеді. Өйткені көптеген мәдениет қайраткерлері жазудың сауатты болуын және оқырманның мәтінді жеңіл түсіне білуін талап етті. Ал, Ф. Оразбаева: жазбаша сөйлеу «жазу» (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т. б. ) деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді деп есептейді. Сондай-ақ, жазбаша сөйлеу тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген, лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі әрекет екендігін көрсетті. Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлеу әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұны - мағынасына ғана емес, нұсқасына да көңіл аударуға мәжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады. Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе - жазылымның графикасы мен емлесі. Графика, яғни жазу таңбалары - жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және қолжазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші болып таңбаланады. Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін құрайды. Жазуды меңгеруде лингвистикалық жақтан үйретілетін келесі мәселе - орфография. Ол - белгілі бір сөзді әріптік таңбалар арқылы дұрыс жаза білудің ережесі. Мұндай ережені игермей тұрып, жазуды да, тілді де сауатты меңгеру мүмкін емес. Орфография деп тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтады. Орфография тілдегі сөздердің, олардың түрлі тұлғаларының жазылу нормасын белгілейді. Ал орфографиялық норманы сақтау, қабылданған орфографиялық ереже бойынша жазу әркімнің міндеті. Тілдегі сөздердің біркелкі жазылуының қалыптасуы халықтың мәдени дамуының негізгі көрсеткіштерінің біріне жатады. Ал сауатты жазу-үйрету, дағдыландырумен қалыптасады. Сауатты жазуда орфографияға қатысты кездесетін қиындықтар да кездеседі. Олар:

  1. Фонетикалық, морфологиялық, тарихи ұстанымдардың

өзгешеліктері мен ерекшеліктерін жан-жақты ескеру;

2. Екпін, интонацияға байланысты дұрыс жазылуды қадағалау.

3. Қазақ тіліндегі еріндік, езулік дауыстылардың жазылуына ерекше

мән беру.

4. Жуан, жіңішке дыбыстардың фонемалық қасиетін есте сақтау.

5. Дауыссыз дыбыстардың айрықша белгілерін дұрыс меңгеру т. б.

Жалпы орфографиялық білім екі саланы қамтиды:

1) жеке лексикалық бірліктерді, сөздерді дұрыс жаза білу ережесі;

2) грамматикалық заңдылықтарды игеру арқылы тіркесті, сөйлемдерді байланыстырып, дұрыс жазу нормасы. Жазудың әдістемелік ерекшелігі - графика мен орфографияны, жазу мен жазбаша сөйлемді жетік білудің, үйренудің амалдары мен жолдарын іздестіре отырып сауатты жазуға жаттықтыру, оқыту. Мектептер үшін білім беру стандартында «Қазақ тілі» пәнін оқытудың басты міндеттерінің бірі ретінде: «қазақ тілінде сөйлеу және жазу икемі мен дағдыларын қалыптастыру» -деп, жазбаша сөйлеуге баса көңіл аударады. Сондықтан оқушыларды жазбаша сөйлеуге дағдыландыру үшін жазбаша қатысымның ерекшеліктерін анықтап, ол бойынша оқушыда қалыптастырылатын икемділік пен дағдылар жүйесін белгілеп алу қажет. Жазып сөйлеу деп «жазбаша мәтіндер арқылы вербальдық (сөздік) тілдесу» деп, көрсетіледі. Ол мерзімі шегерілген және тікелей болуы мүмкін. Жазып сөйлеу монологтың, яғни мәтіннің әр түрлілігімен ерекшеленеді. Ол ауызекі диалогтық сөйлесуге қарағанда анағұрлым дамыған. Сонымен бірге, жазып сөйлеуде екінші бір адаммен әңгімелесуге мүмкіндік жоқ. Тыныс белгілер арқылы сөйлем құрау тәртібі болатын сөйлеу әрекетіндегі интонация, мәнерлілік басқа қабылдаушыға ықпал етудің қосымша құралдары болып табылады. Сөйлеу мәдениеті жазбаша сауаттылықтан көрінеді. Ал сауаттылық білім, білік, дағдыларды игерумен байланысты.

Қазақ тілі бітім-тұлғасы жағынан өзге де түркі тілдері тәрізді жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Сондықтан да түрлі-түрлі лексика-грамматикалық амалдардың барлығы дерлік сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалары арқылы жасалады. Сөздің түрлі қосымшалармен түрлену барысында түбір мен қосымшаның жігінде әртүрлі дыбыстық құбылыстар (ассимиляқия, аккомодақия, абсорбқия, лабиалды аттракқия, палаталды аттракқия, диссимиляқия, метатеза, диәреза, протеза, редукқия т. б. ) пайда болады. Неліктен бұлай жазылады, неге басқаша жазылмайды? Дыбыс өзгерістерінің орфографиясындағы көрінісі қандай? Түбірдің қосымшалардағы дыбысқа, керісінше, қосымшалардың дыбыстардың түбірге тигізер әсер-ықпалы болады. Жазу тәжірибесінде мұндай құбылыстардың бәрін бірдей ескеру қажет пе? Бұлардың қайсысы есенеді, қайсысы еленбейді? Алайда, сырт қарағанда, [башшы], [жұмүшшү], [сеңсейсің], [сембісің], [ылашшыз] деп жазбай, басшы, жұмысшы, сенгейсің, сенбісің, лажсыз деп таңбалауымыздың себебі өзінен-өзі түсінікті де тәрізді. Бұлай жазудағы мақсат - сөздің «түбірін» сақтау. Мұндай дәстүрлі түсінік, тіпті ектеп оқушыларына да белгілі. Бірақ сөздердің барлығы бірдей осы қағида бойынша жазыла ма? Бірқыдыру сөздерді басшы, жұмысшы, сөзшең, ақ алма деп «түбір» сақтап жазып, [ш] -ның [с], [з] -ға, <а>-ның <қ>-ға тигізер әсерін ескермейміз, ал бірсыпыра сөздердің жазылуына келгенде ақ-ағар, жок-жоғал, теп-теуіп, тебін, тарақ-тарағы деп жазып, дауыстылардың дауыссызға тигізер әсерін ескеруіміз неліктен? Сөздің түбірі ағ, - жоғ-, теу-, теб-, тарағ-, емес қой? Бірде олай, бірде бұлай жазуымыз, бәлкім, қосымшалардың сөз мағынасын өзгерту қабілетіне байланысты болар? Бірақ бұлай деуімізге негіз жоқ. Өйткені бұл арада қосымшалармен түрленген сөздердің қай-қайсысының да лексика-грамматикалық мағынасы өзгермей қалған жоқ. Міне, бұл тәрізді сауалдардың жауабын іздесек, мәселе әлдеқайда күрделене түседі. Сонымен, қазақ орфографиясының бұл тәрізді принципті мәселелері, жекелеген жайттары арнайы зерттелмесе, бірсыпыра сөздердің жазылуы тиянақты шешімін таппай, жазу тәжірибесінде ала-қүлалық тудыруы ықтимал. Мұндай кемшілік жалпы жазу мәдениетін төмендетері сөзсіз. Жазу мәдениеті төмен болса, әдеби тілдің коммуникақиялық қызметі де айтарлықтай болмайды.

Тілдік системаға, оның құрылымдық жүйесіне орфографияның сәйкес болуы қажет. Сонда ғана тілдің жазбаша және ауызша түрлері бір-бірінен алшақ, кереғар кетпейді. Алайда мұндай талап тілдің жазбаша және ауызша түрінің айырмасын мүлдем жойып, ерекшелігін елемеу деген сөз емес. Жазба тіл ауызша тілдің хатқа түскен жай ғана көшірмесі емес. Ауызша сөйлеуде интонақия, сөздердің ерекше мәнермен айтылуы, ой екпіні, әмфазалык құбылыс т. б. толып жатқан дыбыс заңдылықтары болады. Олардың бәрін бірдей жазуда таңбалау мүмкін емес. Тіл тарихында ондай жазу болған да емес. Бернард Шоудың «иә» деп айтудың елу түрлі, «жоқ» деп айтудың бес жүз түрлі тәсілі бар, ал оларды жазудың амалы біреу-ақ деген сөзі осы орайда айтылған. Қой, түн, жаз тәрізді сөздердің айтылуы мен жазылуында айырма жоққа тән. Бірақ тілімізде көптеген сөздің айтылуы мен жазылуы бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Мысалы, [қоралат] ; [төрөгөрсең, тоналарсың] (мақал) деп айтылғанмен, өзгеше жазамыз.

Қарым-қатынасқа түскенде сөздер белгілі бір орфоәпиялық заңдылыққа орай бір-бірімен ұласа айтылып, бір-біріне ықпал жасап, әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай жүйені елдемей, тілдік дыбыстарды нақпа-нақ айтсақ, сөздің дыбысталудагы тұтастығы бүзылып, дыбыстау мүшелеріне айрықша күш түседі. Сөйлеуде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, ықпалын тигізіп, үласа айтылуы - мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды бола тұра бұл құбылысты бәрі бірдей жазуда еленбейді. Өйткені жазу - «жүгіртіп» оқуға жеңіл, қабылдауға қолайлы болуы қажет. Жазудың (письмо) мақсаты сөздің айтылуы мен дыбысталуын дәлме-дәл көшіру емес, қандайда болсын белгілі бір ойды хабарлау. Егер қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың дегендерді айтылуынша жазсақ (қоралат па, қоралы ат па, «төреге ерсең, тоналарсың әлде төре көрсең, тон аларсың» ба?), информақияны қабылдауды күрделендіре түсер еді де, артық әнергия жұмсауға тура келер еді. Сондай-ақ (бірқанатты гөрдү) дегенді ) бір ғана атты көрді), «бір қанатты көрді» деп әртүрлі үғынуы мүмкін. Сөз ішіндегі, тіркес шеніндегі дыбыстардың бір-біріне тигізер позициялық, комбинаторлық әсер-ықпалын ескермей, дыбыстарджың фонематикалық мәнін сақтап жазу тексті қиындықсыз, кедергісіз оқуға мүмкіндік береді. Бұл - жазудағы (графикадағы) фонематикалық принцип. Бірақ фонемалардың «мәнін» сақтап жазу дегенді қалай түсінуге болады?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыстары
Ойды дамыту - тіл дамыту негізі
Сауатты жазуға үйрету әдістемесі
ЖАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі
Шағын кешенді мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Жазу және тіл дамыту әдістемесі
Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz