Цунами


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Жоспары:
Кіріспе . . . 3
- Цунами пайда болуының себептері . . . 4
- Әлемдегі жойқын цунамилер . . . 7
Қорытынды . . . 10
Қолданылған әдебиет . . . 11
Кіріспе
Ұлан байтақ жерімізде төтенше жағдай пайда болу қаупі әрқашаңда жоққа шығарылмайды. Олардың саны республикамызда жоғары деңгейде және олардың нәтижесіндегі шығынның тұрақты өсу тенденциясы жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар ішіндегі ең жойқындары(цунами, тайфун, вулкан атқылау, циклондар, табиғи шымтезек өрті) ҚР тән болмаса да, республикамызға осылардан басқа табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың барлығына жуығы тән. Ал бұл жұмыста төтенше жағдайлардың ішіндегі ең жойқындарға жататын, цунами жөнінде сөз болмақ.
Цунами пайда болуының себептері
Цунамидың таралуы, күшті жер сілкінстер облыстарымен байланысты. Ол нақты географиялық заңдылыққа байланысты болады. Бұл нақты географиялық заңдылық сейсмикалық аймақтар мен қазіргі күндегі және жақындағы тауқалыптастырғыш процесстер облыстары арасындағы байланыс бойынша анықталады.
Көптеген жер сілкіністерінің пайда болуын, жас (яғни, жаңа геологиялық дәуірге жататын) тау жүйелерінің қалыптасуы жалғасатын жер белбеуімен байланыстыратындығы бізге мәлім. Жер сілкіністері көп болатын аймақ, алып таулы жүйелердің теңізбен теңіз бен мұхит шұнқырларына жақын көршілесте тұрған аймақтар.
№1 сурет. Мұхит пен теңіз жағалауларындағы цунамидың пайда болуынуң облыстары (1) және ірі жер сілкіністер эпицентрлерінің таралуы (2) .
№1 суретте складтық таулы жүйелер мен жер сілкінісі эпицетрлер концентрациясының облыстарының схемасы берілген. Бұл схемада нақтылы түрде жер сілкіністеріне ұшыраған жер шарының 2 аймағы айқындалады. Біріншісі кең территорияны алып жатыр: Апеннин, Альп, Карпат, Кавказ, Копет-Даг, Тянь-Шань, Памир, Гималай. Бұл аймақ ішінде цунами Жерорта, Адриатикалық, Эгей, Қара, және Каспий теңіздері мен Үнді мұхитының солтүстік бөлігінде байқалады. Екіншісі Тынық мұхит жағалауларын жағалап өтеді. Тынық мұхит су-асты таулы жоталарымен қоршап алынған тәрізді. Ал олардың шыңы арал ретіде су бетінен шығып тұр (Алеут, Курил, Жапон аралдары және т. б. ) . Цунами толқындары бұл жақта, көтеріліп жатқан тау жоталары мен сол уақытта астыға түсіп бара жатқан терең шұңқырлар арасындағы үзілу нәтижесінде пайда болады. Ал терең шұңқырлар арал тізьектерін Тынық мұхит түбінің аз қозғалатыноблысынан бөледі.
Цунами толқындарының пайда болуының негізгі себебі - жер сілкінісі кезіндегі мұхит түбі рельефінің өзгеруі, нәтижесінд жердің ірі жылысып түсуіне, құлауына және т. б. әкеледі.
Бұндай өзгерістердің масштабы жөнінде келесі мысалдан көруге болады:
1873 жылы 26 қазанда Адриатика теңізінде, Греция жағалауында болған жер сілкіністе, телеграфтық кабель ажырауы байқалды. Ол кабель теңіздің 400 метрлік түбінде салынған болатын, бірақ жер сілкінісінен кейін, сол ажыраған кабельдің бір жағы 600 метрден аса тереңдікте табылды. Осыдан жер сілкінісі теңіз түбі учаскіснің кенеттен 200 метр тереңдікке түсуіне әкелді. Бірқатар жылдан кейін, жер сілкінісі нәтижесінде жаңадан төселген кабельдің ажыраған екі жағы, бұдан бірнеше метр тереңдікте қалып қойды. Бір жылдан кейін, жер сілкінісі нәтижесінде ажыраған участкідегі теңіз тереңдігі 400 метрге дейін көбейді.
№2 сурет. Цунами толқындары көздерінің 2 түрі:
а) Теңіз түбі учаскісінің қозғалуы.
б) Су астындағы вулкандық атқылау.
№2 (а) суретте жер сілкінісі нәтижесіндегі цунами пайда болуының механизмі бейнеленген. Жер сілкінісі нәтижесінде теңіздің түбіндегі учаскісі астыға қарай жылжиды. Ал сол уақытта теңіз түбінде үлкен шұңқырлар пайда болады. Ажыраған жер осы шұңқырлардың үстіне құлайды. Соның нәтижесінде көптеген куб су массасы үстіңгі бағытта қозғалады. Мұхит бетінде 3-9 толқындардан тұратын цунами толқындары осыған байланысты пайда болады. Ал олардың жоталарының арақашықтығы-100-300 км, ал толқындардың биіктігі жағалауға жақындап түскенде 30 м және де одан аса болады.
Цунамиды тудыратын басқа бір себеп - теңіз бетінің үстінде аралдар түрінде және оның түбінде тұрған вулкандардың атқылауы. Бұның бір жарық мысалы - Зонд бұғазында 1883 жылы тамызда болған, Кракатау вулканының атқылауы нәтижесіндегі цунамидың пайда болуы. Осы апат нәтижесінде цунами барлық мұхиттарға таралып, Малай алхипелагына, Индонезияға үлкен зардап әкелді: Себези аралында 4 деревня жойылды, Анжер, Мерак, Бентам, қалалары қиратылды, ормандар мен темір жолдары сумен ағызылып кетті, балық аулайтын кемелер мұхит жағалауынан бірнеше км-ге құрлыққа апарылып тасталды. Суматра және Ява жағалаулары мүлдем өзгеріп кетті - барлығы балшықпен, күлмен, адамдар және жануарлар өліктерімен жамылып тұрды. Бұл катастрофа архипелагтың 36000 тұрғындарының өліміне әкелді. Цунами толқындары Үнді мұхитына толық таралып(солтүстікте - Индия жағалауларынан, оңтүстікте - Добрая Надежда мүйісіне дейін), Атлант мұхитында олар Панам перешейкасына жетіп, ал Тынық мұхитта - Аляска мен Сан-Францискоға дейін жетті.
Бұндай жағадай Японияда да орын алған. 1952 жылдың 23, 24 қыркүйегінде Мейдзин рифінде (Токио қаласынан бірнеше жүздеген км орналасқан жер) вулканның ірі атқылауы болды. Осы катастрофа жапондықтарға көп қайғы әкелді, соның ішінде «Кайе-Мару-5» - жапондық гидрографиялық кеменің мерт болуы.
Цунамидың пайда болуының 3 себебі - теңізге ірі жартастар сынықтарының құлауы. Бұдан пайда болған толқындардың биіктігі, теңізге құлаған материалдардың массасына, қандай биіктігтен құлағанына байланысты.
Әлемдегі жойқын цунамилер
1960 жылы Пуэрто-Монте қаласы, Чили.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz