5ESS коммутация жүйесі. Ерекшелігі, архитектурасы, жалпы анықтамасы


Тақырып. 5ESS коммутация жүйесі. Ерекшелігі, архитектурасы, жалпы анықтамасы .
5ESS жүйе - Electronic Switching System толық цифрлық жүйе программа арқылы басқарылады. Бұл жүйе Америкада шығарылған және соңғы буын типті болып табылады. Станцияға әртүрлі абоненттерді қосуға болады.
Станцияның схемасы келесі суретте көрсетілген.
Бұл жүйе 150 000 абоненттерге арналған сыймдылығы бар соңғы, транзитті қалааралық және олардың комбинациясы түрінде пайдалануы мүмкін.
Жүйенің мүмкіншіліктері - 30 000 Эрл, ЧНН-да шақырулар 5
Станция модульдік структура түрінде құрылған. Аппараттық және программалық қамтамасыз ету модульдер-керек талаптарға сәйкес аралас жұмыс жасай алады.
Станцияның оборудованиесі үш типті модульдерден тұрады:
1. Коммуникативті модуль (CM) - коммутациялық модульдерді қосады станция синхронизациясын қамтамасыз етеді. Коммутации түрі: T-S-N.
2. Коммутациялық модуль SM - шеткі коммутациялық қондырғыларды басқаруға арналған барлық бағдарламалардан тұрады, оның ішінде коммутациялық өрісте бағытты таңдау, қызмет көрсету блоктарының қызметі, сигнализация, линияны сканирлеу және т. б. 5ESS станциясының өнімділігі оның SM модулінің орнатылу санымен анықталады.
3. Әкімшілікті модуль (АМ ) - белгілі жалпы ресурстарды үлестіреді, қолдану интерфейсін береді, мәліметтерді сақтайды. ӘМ - 3B21D процессорына тіректенеді.
СМ байланыс модулі немесе байланыстырушы модуль ӘМ арасында және барлық SM арасында өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар басқару каналдары арқылы және Х. 25 протоколды NCT синхронизациясы арқылы, талшықты-оптикалық кабельді қолдану арқылы әртүрлі SM арасында өзарар әрекетті қамтамасыз етеді.
СМ негізгі компоненті болып пакеттер коммутациясын қамтамасыз ететін, ақпарат коммутаторы болып таблады.
Әкімшілікті модель немесе басқару модулі шақыруларға қызмет көрсету функциясын, қосуды және программалық қамтамасыз етуді қайта қалпына келтіруді, трафикті өлшеуді, төлем ақыны есептеуді, станциялық мәліметтерді сақтауды, сонымен қатар енгізу/шығару процессорының өзара әрекет, видеотерминалдарды, магнитті тасушыда жинауды және т. б. шақырумен байланысты емес функцияларды іске асырады.
ӘкМод модулі арқылы станцияның диагностикасы іске асады, ақаулықтарды анықтау, мүмкіндігінше оларды жою. ӘкМод модулі SM модулінің басқару элементтерінен сан номерлерін алып, түсініп, оларды қосымша ақпарат алу үшін мәліметтер базасының басқару жүйесімен өзара келістіреді. Одан кейін ол ақпаратты қандай да бір міндетті жағдайды аяқтау үшін сырттағы басқару қондырғысына береді.
Пайдалануды басқару жүйесі - магистралды және линиялық TLWS жұмыс станциясы арқылы қызмет көрсету міндеттерін шешеді, мысалы, абоненттік және станция аралық линиялар тестілеу. ӘкМод арқылы станцияның қызмет көрсетуші персоналы терминалдан станцияның кез-келген жүйесіне қол жеткізе алады, сонымен қатар техникалық пайдаланудың автоматтандырылған жүйесімен және трафикті басқару жүйесімен байланыса алады. Техникалық қызмет көрсету орталығына немесе биллингті ақпаратты өңдеу орталықтарына қосылу үшін мәліметтерді беру каналдары қарастырылған
Коммутациялық модуль SM - шеткі коммутациялық қондырғыларды басқаруға арналған барлық бағдарламалардан тұрады, оның ішінде коммутациялық өрісте бағытты таңдау, қызмет көрсету блоктарының қызметі, сигнализация, линияны сканирлеу және т. б. 5ESS станциясының өнімділігі оның SM модулінің орнатылу санымен анықталады.
Коммутациялық модуль SM - бұл 5ESS-2000 станциясының сиымдылығын арттырудағы негізгі блок, сонымен қатар бұл модуль каналдар және пакеттер коммутация функциясын, шақыруларды өңдеудің ауқымды бөлігін өңдеудегі жұмыстарды атқарады.
Егер модуль RSM 4000 абоненттің коммутациялық модулімен алысқа шығарылған болса, онда ол алыстағы деп аталады да, станцияның негізгі жиынтығында орналаспайды.
Бақылау сұрақтары:
- 5ESS жүйесі қандай станция ретінде пайдаланады?
- Станцияның максималды сыйымдылығы қанша ?
- Жүйенің құрылымы және негізгі модульдері қандай?
Жүйенің перифериялық қондырғылары, коммутациялау модулі.
5ESS жүйенің перифериялық қондырғылары блоктар түрінде орындалған. Перифериялық блоктар ПБ-интерфейстік функцияларды орындайды және керек болғанда кез келген комбинацияда қосылады. ЛБАЛА-аналогты абоненттік желілердің желілік блогы-аналогты абоненттік желілерді, таксофондарды және МӨАТС қосу желілерін қосады. Бұл блок - BORSCHT функциясын қамтамасыз етеді. Бұл блокта толықтай тек электронды элементтер пайдаланады. ЛБАЛА-ААЖЖБ-аналогты абоненттік желілердің желілік блогында мынандай қатыста жүктеме концентрацияланады: 8:1; 6:4.
Блоктың сыйымдылығы-512 желілер.
ЛБАСЛ- АҚЖЖБ-аналогты қосу желілердің желілік блогы - 64 қосу желілері үшін аналогты-цифрлық түрлендіруді орындайды. Бұл блокта тестлеу, бақылау және сигнализация құрылғылары бар.
ЛБЦСЛ - ЦҚЖЖБ-цифрлық қосу желілердің желілік ьлогы максималды 16 тығыздалған ИКМ-желілерін қосады.
Қызметтейтін блоктар абоненттерге қызметтерді ұсыну функцияларын орындайды. Қосымша қызметтерді ұсынатын блоктардың екі типі пайдаланады:
- БДУЦ - ҚҚЦБ - қосымша қызметтердің цифрлық блогы,
- БДУА - ҚҚАБ - қосымша қызметтердің аналогты блогы.
Бұл блоктар аналогты және цифрлық абоненттерге қосымша қызметтерді ұсынады. Бұл блоктар одан басқа кейбір бақылау функцияларын орындайды: тестлеу, сигнализация, желілердің параметрлерін өлшеу.
Интерфейстеу модулінде осы блоктың басқа құрылғыларын және абоненттік, қосу желілердің барлық параметрлерін, жүктемені, тестлеуді орындайтын арнайы блоктар бар.
Жалпы жүйенің перифериялық қондырғылары келістіру функцияларын орындайды яғни желілердің параметрлерін станцияның оборудованиесімен келістіреді.
Коммутациялау модулі екі блоктан тұрады: КБД-МКБ-мәліметтерді коммутациялау блогы және КБУС-БСКБ-басқару сигналдарын коммутациялау блок. КБД-мәліметтерді коммутациялайтын блок уақыт-кеңістік-уақыт типті коммутатор, ал КБУС-басқару сигналдарын коммутациялайды.
КБУС блогы басқару сигналдарын коммутациялайды, ол басқару сигналдардың контроллерінен, модульдік басқару процессорларынан және адрестік ақпараттың интерфейстік құрылғысынан тұрады. Барлық осы құрылғылар дубльденеді.
Бақылау сұрақтары:
- ААЖЖБ блогының міндеті неде?
- Қандай блок абоненттерге қосымша қызметтерді ұсынады?
- Интерфейсті блоктардың атқаратын міндеттері неде?
Уақытпен тығыздау коммутация блогы, хабарды коммутациялау блогы.
Әр интерфейсті модульде уақыттық коммутация жасалады. Ақпараттық абоненттік сигналдар 16-биттік сөздерге түрлендіріледі, оның ішінде 8 бит-сөйлесу ақпаратты немесе мәліметтерді тарату үшін және 8 бит- басқару ақпаратын тарату үшін пайдаланады. Интерфейсті модульде ақпарат оптикалық желілерден таратуға жарамды болу үшін түрлендіріледі. 256 каналдар бір оптикалық желіні пайдаланады және 32 786 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс жасайды.
Сенімділікті жоғарылату үшін ОЛС оптикалық желілер дубльденеді.
КБД - мәліметтерді коммутациялау блогы 30 дан 126 интерфейсті модульдерін біріктіреді. Сенімділікті жоғарылату үшін бұл блокта дубльденеді.
Коммутациялау блогы КӨ-ден - ол дубльденген, ИЛ-желілік интерфейстен және ИД-мәліметтер интерфейсінен тұрады. Байланыс желілер ретінде оптикалық байланыс желілері пайдаланады. Коммутациялау өрісі-толық лайықты және сыйымдылығы 512*512 уақыттық каналдарға арналған.
Оптикалық желілер өріске екі желілік интефейс ИЛ арқылы қосылады.
Коммутациялау өрісте үш звено бар, олар: уақыт -кеңістік-уақыт. Бірінші звенода ИКМ сигналдардың каналдық интервалдары өзгереді, ал екінші звенода кеңістік өзгереді, үшінші звенода уақыт өзгереді.
Яғни кірудегі канал шығудағы каналмен қосылу үшін кірудегі ақпарат шығу каналдың уақытына дейін ұсталып қалады. Осы процестер КӨде модульді басқаратын процессордың басқаруымен жасалады. Ал сигнализация сигналдары сингалдық процессор арқылы таратылады.
Әр КБД блоктың режимын және әр ОЛС -оптикалық байланыс желісін административті процессор таңдайды.
Енді уақыттық коммутация блоының схемасының бөлігін қарастырайық:
КБ
КМЦКӨ
ОБЖ ОБЖ
ЖИМИ
МИ-мәліметтер интерфейсі
ЖИ-желілік интерфейсі
ОБЖ-оптикалық байланыс желі
БК-басқару комплекті
БККМ-коммутациялау модулі
СПр
МПр
Административті модуль, міндеті, қосылу схемасы, жұмыс принципі.
Административті модуль коммутациялау модульдің жұмысын басқарады және әр КБД-мәліметтерді коммутациялау блогының режимін таңдайды, одан басқа әр оптикалық байланыс желісінің режимін таңдайды. Байланысты қосу үшін керек және КБД блогын басқару үшін керек ақпаратты административті модуль жібереді басқару сигналдарын коммутациялау блогы арқылы-КБУС арқылы.
КБУС блогы административті процессордан келетін басқару сигналдарын басқа модульдерге коммутациялайды және осы блоктардың арасында ақпаратты алмастыруды қамтамасыз етеді.
Административті модуль - административті процессордан АПр -ол дубльденеді және енгізу-шығару операцияларды басқаратын ПрВВ процессорынан тұрады. Сәйкес интерфейстер арқылы олаға басылымдық құрылғылары, оператормен байланысу терминалдары, сырқы есте сақтау контроллерімен байланысу құрылғылары қосылады.
Административті процессордың жұмысы кейбір функцияларды бөлуді жасау үшін және орталықтандырып орындау үшін керек, нақты- жүйелер үшін ресурстарды таңдау және реттеу.
Байланысты қосу үшін административті процессор байланысты аяқтау үшін керек интерфейсті блоктың номерін анықтайды және коммутациялау модуліне КМ-ге басқару сигналдарын жібереді. Одан басқа ол сырқы құрылғылармен байланысты қамтамасыз етеді.
Енгізу-шығаруды басқаратын процессор тәуелді және административті процессор арқылы басқарылады. Ол керек жүйенің барлық енгізу-шығару функцияларын орындайды және видеодисплейлік және басылымдық құрылғыларымен интерфейстік функцияларын орындайды.
КМБСКБ-басқару сигналдарын
коммутациялау блогы.
БСКБЕШПр- енгізу-шығару процессор
ПҚЕК-перифериялық құрылғыларды
енгізу каналы.
АМ
АМ-административті модуль.
АПрЕШПр
Сыртқы
құрылғылар
ПҚЕК
Сурет1. Административті модульді қосу схемасы.
Бақылау сұрақтары :
- Административті модуль қандай міндетті атқарады ?
- Адм. модульдің құрамында қандай блоктар бар ?
Алыс қашықтықтағы коммутациялау модулі RSM, құрамы, қосылу схемасы, жұмысы.
Алыс қашықтықтағы коммутациялау модулі-станциядан алыс жерде орналастырылады және алыста топтасып орналасқан абоненттерді қосу үшін пайдаланады.
Бұл модуль RSM-Remote Subscriber Module деп аталады және RSM абоненттеріне негізгі станцияның абоненттері пайдаланатын қызметтердің барлығын ұсынады.
Бұл модуль станцияға интерфейстік модульдер-ИМ арқылы максималды 50 км алыс қашықтықта орналасқанда оптикалық тарату желілерін пайдалану арқылы қосылады немесе 150 км алыс қашықтық болғанда ИКМ-желілерін пайдалану арқылы қосылады. Қызметтелетін жүктемеге байланысты тығыздалған желілердің саны 4тен 16-ға дейін болуы мүмкін.
Алыс қашықтықтағы абоненттер үшін блоктың сыйымдылығы - 4096 абонентттер болады 8:1 концентрациялаумен. Бұл блоктар өзара топтаса алынады, өте көп абоненттерді қызметтеу үшін (10 000 және одан жоғары) . Бұл жағдайда егер керек болса жүктеме тікелей модульдердің арасында коммутацияланады.
RSM - алыс қашықтықта орналасқан модульдің абоненттері абоненттік модульге қосылады, ол АМ модульдің құрамында өзінің АМБҚ-басқару құрылғысы бар, ол микропроцессор түрінде орындалған. АМБҚ абоненттердің АК жағдайын үнемі тексеріп отырады және олардан шақыру келіп түскен моментті анықтайды.
Енді алыс қашықтықтағы коммутациялау модулінің қосылу схемасын салайық:
ИМ- интерфейсті модуль
КБТ. а. 1
RSM-алыс қашықтықтағы модуль
. ИКМ-желі
Т. а. N .
Негізгі опорлық станция 5ESS.
Бақылау сұрақтары:
- RSM модулі негізгі станцияға не арқылы қосылады ?
- Алыс қашықтықтағы модульдің сыйымдылығы қандай ?
Көпмодульді RSM, оған қосылған абоненттер арасында байланысты қосу процесі.
Негізгі станцияға бірнеше модуль арқылы көпмодульді RSM дер қосылуы мүмкін.
Бұл жағдайда әртүрлі модульдерге қосылған абоненттердің арасында байланысты қосу процесін негізгі станцияның басқару құрылғысы басқарады. Негізгі станцияда-басқаша опорлық станцияда орталық электронды басқару машинасы болады, ол ЭБМ барлық оған қосылған RSM-дердің басқару құрылғыларымен өзара байланысып байланысты қосу процесін басқарады.
Сигнализация сигналдары ОКС арқылы таратылады, ал ақпараттық сигналдар телефонды каналдардан арқылы таратылады.
Негізгі станцияның басқару машинасы алыс қашықтықтағы барлық модульдерден қабылданатын номерлік ақпаратты анализдейді, бос ИКМ желілерін және бос каналдарды іздеу жасайды. Соның нәтижесінде керек командаларды шығарып, алыс қашықтықтағы модульдердің басқару құрылғыларына жібереді.
Алыс қашықтықта орналасқан модульдің біреуінен кез келген абоненттен шақыру сигналы келіп түссе, оның перифериялық басқару құрылғысындағы сканер ол шақыруды анықтайды және АК номерін анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz