Клетка микроағзалардың структурасы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы:1. Табиғатта микроағзалардың әсері. 2. Клеткалардың формасы және қөлемі. 3Клетка микроағзалардың структурасы.

Тексерген:

Жоспар:

  • КіріспеМикроорганизм дегенимиз не?
  • Негізгі бөлімТабиғатта микроағзлардың әсеріКлеткалардың формасы мен көлеміМикроағзалардың клеткасының структурасы
  • Қорытынды

Микроорганизмдер, микробтар - тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А. В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы - микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.

Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады. Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер - микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен өсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғай. Ертеде Египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген. Микробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып саналады. Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры құпия болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.

Табиғаттағы күкірт айналымына физикалық, химиялық факторлармен қатар, биологиялық процестер де әсер етеді. Әдетте күкірт тірі ағзалар цитоплазмасында кездеседі. Өсімдік қалдықтары мен жануарлар өлекселері ыдыраған кезде олардан күкірт бөлінеді. Бұл қосылыстың түзілуі құрамында күкірті бар ақуызды заттардың ыдырауымен байланысты. Ақуызды осындай өзгеріске ұшырататын - шіру бактериялары. Күкірт қосылыстары көмірсутегі және күкірт қышқылдар тұздарының сутегі ионының тотықсыздандырғыш әрекеті нәтижесінде пайда болады. Мұндай тотықсыздану қабілеті, әсіресе күкірт бактерияларынан байқалады. Олардың негізгі өкілдерінің біріне Spirillum desulfuricans жатады. Ол ұсақ, спираль тәрізді таяқша бактерия.

Ағзалар бірқалыпты тіршілік етуі үшін күкіртсутегі күкірт қышқылына дейін тотығуы қажет. Сонда ғана күкіртсутегінің улы қасиеті жойылып, өсімдіктерге сіңімді қосылыстарға айнаалады. Процестің жүруіне себепші болатын ағзалар - күкірт және тион бактериялары. Тион бактериялары Thiobacillus туысына жатады. Оны алғаш рет теңіз түбі балшығынан Натансон 1902 жылы және М. Бейеринг 1904 жылы тауып жеке бөліп алған. Бұл бактериялар тиосульфатты, күкіртсутегін, сульфиттерді, тетратионаттарды және тиоционаттарды тотықтыруға қабілетті. Thiobacillus denitrificans ғана нитраттар бар жерде анаэробты жағдайда тіршілік етеді. Күкірттің бейорганикалық қосылыстарын тотықтыратын бактериялар пайдалы қазбалардан түрлі металдарды өндіріп алуға қолданылады. Мысалы, Thiobacillus ferrooxidans бактерияларын сульфитке кедей рудалардан күкіртті толығырақ өндіріп алуға қолданылады.

Өсімдіктердің азотқа тапшы болатындығы әрдайым байқалады. Өйткені ауадағы азот негізінен молекулалық азоттан тұрады да, өсімдіктер оны сіңіре алмайды. Сонымен қатар, топырақтағы азоттың басқа да қосылыстарының біразын өсімдіктер сіңіре алмайды. Сондықтан мұндай қосылыстар өзгеріске ұшырауы, яғни ыдырауы керек. Азоттың осындай органикалық түрлерінің минералдық азотқа айналуын азот қосылыстарының аммонификациялануы деп атайды. Бұл процеске бактериялар, актиномициттер және саңырауқұлақтар қатысады.

Азотты айналымның екінші кезеңінде аммонификациялану нәтижесінде пайда болған аммиак алдымен азотты, кейіннен азот қышқылына дейін тотығады. Бұл процесті нитрификация деп атайды. Нитрификация - ерекше микроорганизмдер топтарының қатысуымен жүретін процесс.

Табиғатта азот айналымындағы төртінші кезеңде микроағзалардың әсерінен ауадағы атмосфералық азот топырақта жиналады. Бұған түйнек бактериялары, топырақта өз бетінше тіршілік ете алатын азотобактер, клостридиум, пастеурианум бактериялары қатысады. Қолайлы жағдай туғанда түйнек бактериялары бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп, селбесіп тіршілік ете отырып, жылына егістің әр гектарында 100-ден 400 кг-ға дейін байланысқан азот пайда болуына себепші болады.

Табиғаттағы заттар айналымындағы микроағзалардың рөлі: құрамында фосфоры бар заттарды тасымалдау процестері. Фосфор қосылыстарының айналымы аса күрделі емес. Ол негізінен екі процестен тұрады:

  1. Органикалық фосфордың минеалдық қосылысқа айналуы.
  2. Фосфор қышқыл тұздарының ерімейтін күйден ерігіш түрге көшуі.

Микроағзалар фосфорлы органикалық қосылыстарды ыдыратып, одан фосфор қышқылын бөліп шығара алады.

Сыртқы пішініне карай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер - коккалар , таякша тәрізділер - бактериялар, бацилалар және спирал тәрізділер - бибриондар, спириллалар.

Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері - диплококкалар , өз ара тіркескен, моншақ тәрізделгендері - стрептококкалар , төрт-төрттен тіркескендері- тетракоккалар делінеді де, сегіз-сегізден текшеленгендері - сарциналар делінеді. Ал олардың стафилакоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.

Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралардың түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Спора түзуші топтарын - бациллалар , ал түзбейтіндерін- бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды клеткаларының орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобацилалар немесе диплобактериялар - екі-екіден қосақтала орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Стрептобактериялар - моншақ тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұксас, таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін клеткалары тізбектеле орналасқандарын стрептобацилдар деп атайды.

Бактериялардың спирал тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар - үтір тәріздес, екіншісі - спириллалар - бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру коздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығынан орын тебеді.

Айтылып өткен бір клеткалы бактериялармен қатар табиғатта көп клеткалы бір ұшымен белгілі бір жерге бекіген немесе бос күйінде суда жүзіп жүретін жіп тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Бұларға күкірт және темір бактериялары жатады. Жанама бұтакшалары бар таяқша немесе жіп тәрізді бактерияларды микробактериялар тобына жатқызуға болады.

Бұларға өкіл ретінде өкпе ауруын қоздырғыш туберкулез таяқшаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар табиғатта клеткаларының құрылысы және пішіні күрделі, сыртын шырыш басқан миксобактериялар класы да бар. [3]

Бактериялардың мөлшері. Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткаларының диаметрі 1-2 микронға тең (микрон - миллиметрдің мыңнан бір бөлігі) . Жұмыр клеткалы бактериялардың ұзындығы 1-4 микронға , ені 0, 5-1 микронға дейін барады. Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездеседі. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік. Мәселен, күкірт бактериясы клеткасының көлденең кесіндісінің диаметрі 50 микронға тең.

Табиғатта микроорганизмдердің өте ұсақ тобы - ультрамикробтар да кездеседі. Микроорганизмдердің бұл тобының ішінен бактериофагтар, сүзілуші вирустардың адам өмірінде зор маңызы бар. Вирустардың шамасы миллиметрдің миллиондаған бөлігіне тең, яғни оларды миллимикрондармен (миллимикрон микронның мыңнан бір бөлігіне тең) немесе микромикрондармен (микромикрон микронның жүз мыңнан бір бөлігіне тең) өлшейді.

Бактерия клеткаларының құрылысы. Құрылысы жағынан алғанда бактерия клеткалары өте қарапайым. Ол сыртқы қабықтан, әр түрлі заттары бар цитоплазмадан, вакуолядан және ядродан тұрады. Клетканың қабығы шырышты заттан тұрады. Қабық клетканың негізгі бөлігіне жатпайды, белгілі орта жағдайына байланысты ғана пайда болады. Мәселен, клетканың шырыш қабығы кейде оған өте төменгі температура әсер еткенде пайда болады да клетканы құрғаудан және басқа да зиянды заттардың әсерінен қорғайды. Қанты мол ортада шырыш кабығы қалыңдап клетканың сыртына капсула түзеді. Кейде бұл шырыш қабықтың соншалықты мол болатынынан сол бактериялар тіршілік етіп тұрған ортаға да бөлінеді. Мұны зооглея деп атайды. Сүттен түрлі тағамдар даярлайтын заводтарда зооглеялар байқалатын болса, онда тағам бұзылып, шырыштанып, созылмалы күйге көшеді. Дәл осындаи капсула кейбір азот бактерияларында да бар.

Жалпы бактерия клеткалары қабығының құрамы жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларының қабығымен салыстырғанда айырмашылығы бар. Өсімдік клеткасының қабығы негізінен целлюлозадан тұрса, бактериялардың қабығы азотсыз қант тектес - полисахаридтерден және май тектес - липоидтардан тұрады. Кейде қабықта хитин деп аталатын азотты зат та кездеседі.

Цитоплазма. Химиялық құрамы өте күрделі қоймалжың келген мөлдір зат. Оның құрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттер болады. Жас бактерия клеткаларында цитоплазма бүкіл клетканы алып жатады. Ал ересектерінде клетка шырынына толы қуыстар - вакуолялар болады.

Бактериялар цитоплазмасында әр түрлі басқа да заттар бар. Оларға гранулеза, гликоген, волютин, күкірт тағы басқалары жатады. Бұлардың ішінде гранулеза мен гликоген азотсыз заттар, олар ыдыраған кезде түрлі қанттарға айналады. Ал волютин болса, ол азотты зат. Егер бактерия жасаған ортада органикалық азот көзі (аспарагин, пептон) және фосфор қышқылы тұздары мол болса, бактерия клеткасында волютин біраз мөлшерде жиналады. Бактериялар клеткасында май да едәуір мөлшерде кездеседі, ол клеткадағы бүкіл құрғақ заттың 35-50 % тең. Сол сияқты бактерия клеткасында күкіртті де кездестіруге болады. Тамшы түрінде кездесетін күкірт - клетканың қор заттарының бірі. Бактерия цитоплазмасында жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларында кездесетін амин қышқылдарының барлығы дерлік бар және рибонуклеин (РНК) , дезоксирибонуклеин (ДНК) қышқылдары да болады.

Цитоплазма - тірі материя. Оның құрамы өне бойы өзгеріп, жанарып отырады. Онда тірі организмге тән ассимиляция және диссимиляция құбылыстары жүріп жатады. Цитоплазма сыртқы орта осеріне өте сезімтал. 60° және одан да жоғары температурада цитоплазма ұйиды. Қышқылдар мен сілтілер жоне түрлі улы заттар оған өте зиянды әсер етеді.

Ядро. Бактерия клеткаларында ядроның болуы жөнінде толып жатқан пікірлер бар. Бактериялардың кейбір түрлерінде ядро заттары (хроматин) цитоплазмада ұсақ дәндер күйінде шашырап жатады (диффузиялық ядро) . Басқа бір бактерия клеткаларында хроматин дәндері белгілі бір жерге шоғырланып, кәдімгі ядро түзеді (жекеленген ядро) . Кейбір ірі бактерияларда (миксобактерияларда) осындай жекеленген ядроларды кездестіруге болады.

Ядроның химиялық құрамы өте күрделі. Оның басты бөлігі . Бактериялардың құрғақ затына шаққанда олардың мөлшері 20-40%. Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады. Олардың бірі - ерекше белок болса, екіншісі - тимонуклеин қышқылы. Соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда, ядро бір немесе бірнеше шар тәрізді, сопақша заттар - дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНК) тұрады. Әдетте ол клетканың ортасынан орын алады. Кейде бұл зат бактериялар клеткасында дән түрінде орналасса, басқа бір жағдайда клетканың белгілі бір бөлімінде шоғырланады.

Нуклеин қышқылдарының химиялық құрылысы да біршама жақсы зерттелді. Суда ыдырағанда ол фосфор қышқылына, пентозаға және құрамында азоты бар органикалық қалдыққа ажырайды. Кейін нуклеотидтердеи тимонуклеин қышқылы түзіледі.

Бактерия ядросындағы тимонуклеин қышқылының құрамында төрт нуклеотид бар (аденин, гуанин, цитозин және тимин) . Бұлар өз ара фосфор қышқылының молекулалары аркылы байланысқан. [3]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық генетика пәнінен лекциялар
Микроорганизмдер. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама
Микробалдырлардың аралас өскен дақылдарының құрғақ биомассасын алу және олардың өнімділігін зерттеу
Микробтық паразитизм және патогенді микроағзалардың пайда болу эволюциясы
Топырақтардың химиялық құрамы
Протопласт. Цитоплазма
Катаболизм мен анаболизм арасындағы энергия алмасуы
Топырақтың органикалық бөлігі
Микроорганизмдер жөнінде қысқаша мәлімет
Типтік жобадағы мал кешендері, зоогигиеналық талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz