Генофондты invitro сақтау



1. Кіріспе
2. Генофондты in vitro сақтау
3. Өсірілетін клеткаларды сақтау тәсілдері
4. Жасушалар өсуін бәсеңдету
5. Криосақтау
6. Криопротекторлар
7. Жасушаларды қайтадан өсіру және талдау
8. Қорытынды
Генофонд (ген және французша fond — жиынтығы) — бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы. Генофонд терминін 1928 ж. орыс ғалымы А.С. Серебровский ұсынған. Генофонд термині бөлек бір популяцияның немесе бір түрге жататын барлық организмдердің аллель (сәйкес) құрамын көрсетеді. Мысалы, будандастыруға алынған екі бидай сортының генофондтарының бірінде өсімдік сабағының биіктік аллелі, екіншісінде аласалық аллелі бар деп алсақ, бірінші ұрпақта ата-анасында болған аллельдер жиілігі сақталғаны байқалады. Тұрақты генофонд жынысты жолмен көбейетін популяцияларда кездеседі. Генофонд — түр және нәсіл түзілу процесінің негізі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және жасанды популяцияларының генофондын қорғау — тірі табиғатты қорғаудың маңызды мәселесі болып есептелінеді. Биосфераның генетик ресурсын сақтау, әсіресе практикалық мәні бар немесе жоғалып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар генофондын сақтау әдістері жасалуда.
1. Г.Ж.Уалиханова «Өсімдіктер биотехнологиясы».-Алматы ЖШС «Дәуір», 2009-336 б.

2. Тұрашева, С.Қ. Клеткалық биотехнология: оқулық.- Алматы, 2011.- 260б.

3. Аубакиров Х. Ə. А 91. Биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2011.- 368 бет.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Генофондты in vitro сақтау. Жасушаларды мұздатып сақтау. Жасушаларды қайтадан өсіру және талдау.

Тексерген:

Жоспар:
Кіріспе
Генофондты in vitro сақтау
Өсірілетін клеткаларды сақтау тәсілдері
Жасушалар өсуін бәсеңдету
Криосақтау
Криопротекторлар
Жасушаларды қайтадан өсіру және талдау
Қорытынды

Генофонд (ген және французша fond -- жиынтығы) -- бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы. Генофонд терминін 1928 ж. орыс ғалымы А.С. Серебровский ұсынған. Генофонд термині бөлек бір популяцияның немесе бір түрге жататын барлық организмдердің аллель (сәйкес) құрамын көрсетеді. Мысалы, будандастыруға алынған екі бидай сортының генофондтарының бірінде өсімдік сабағының биіктік аллелі, екіншісінде аласалық аллелі бар деп алсақ, бірінші ұрпақта ата-анасында болған аллельдер жиілігі сақталғаны байқалады. Тұрақты генофонд жынысты жолмен көбейетін популяцияларда кездеседі. Генофонд -- түр және нәсіл түзілу процесінің негізі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және жасанды популяцияларының генофондын қорғау -- тірі табиғатты қорғаудың маңызды мәселесі болып есептелінеді. Биосфераның генетик ресурсын сақтау, әсіресе практикалық мәні бар немесе жоғалып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар генофондын сақтау әдістері жасалуда.
Генофондты in vitro сақтау

Өсімдік шаруашылығында сорттар жиі алмастырылып тұруы қажет. Ол жағдай бірнеше себептерге байланысты:
1) Біраз мерзімнен соң сорттардың кейбір құнды белгілері біртіндеп жоғала бастайды;
2) Ауру қоздырушы микроорганизмдер мен зиянкес жәндіктердің өте қауіпті жаңа популяциялары пайда болады да, оларға төтеп беру қиынға соғады;
3) Климат өзгереді;
4) Топырақтың құнарлығы төмендейді және тағы да көптеген жағдайлар.
Мысалы, бидай және басқа астық дақылдары сорттарының шаруашылықта пайдаланатын орташа мерзімі әдетте 5-10 жыл болады. Жаңа сорттарды шығару үшін және ескі сорттарды жақсарту үшін әр алуан бағалы генетикалық материалдар қажет. Сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлердің генофондың және селекция үшін бағалы объектілер мен штаммдарды сақтау үшін in vitro жағдайында гендер қорын (гендер банкі) жасау жөнінде зерттеулер жүргізілуде.

Гендердің негізгі көзі ол ұрық, бірақ соңғы кезде биотехнология әдістері дамып, селекцияда қоданыла бастаған соң, генетикалық материал in vitro өсірілетін клеткалар мен ұлпалар түрінде қажет болып жатыр. Гендерді in vitro сақтау әдісі әдеттегі жағдайда ұрықтарды сақталмайтын өсімдіктерге қолайлы, вегетативтік жолмен көбейетін және табиғатта жоғалып бара жатқан түрлер үшін лайықты. Құды заттарды беретін жаңа клеткалар линияларын жасау үшін эталон клеткалары бола алатын клеткалар коллекияларын да сақтау керек. Көптеген жылдар бойы бастапқы клеткаларды сақтау мақсатымен оларды үзіліссіз ең қолайлы жағдайда өсіруді қолданды. Бірақ, бұнда клеткаларда генетикалық өзгерістер өрістеуі ықтимал. Сонымен қатар, бұл еңбек пен қаражат көп жұмсалатын жұмыс. Өсірілетін клеткаларды сақтаудың екі жолы бар: олардың өсуін барынша бәсеңдету немесе оларды мұздатып сақтау - криосақтау.

Жасушалардың өсуін бәсеңдету.
Бұл тәсілдің міндеті, жасушалардың өсу кинетикасын өзгерту, жаңа қоректік ортаға көшіру уақыт аралығын барынша созу, мысалы 3-4 айға, тіпті бір жылға дейін. Қазір белгілі факторлардың әсерімен өсуді бәсеңдету өркендер мен регенеранттарға қолданылады.
Өсуді бәсеңдету үшін ең әрекетті жол температура мен жарықты төмендету. Температура өсімдіктің суыққа төзімділігіне қарап іріктеліп алынады. Мысалы, картоп жасушаларынң коллекциясын сақтағанда температура 10°С, ал алма үшін 1°С болады. Әдетте 20°-25°С температурада өсетін жасушаларға 4°-10°С, ал 30°С өсетін жасушаларға 15-20°С температура қолайлы.
Өсімдіктердің өсуін сонымен қатар қоректік ортаға қосылған кейбір заттар тежейді. Мысалы, маннит пен сорбит осмотиктер ретінде, сахароза жоғары концентрацияда және өсуді тежейтін арнайы заттар. Өсуді тежеу үшін гипоксияны да қолданады, яғни оттегін азайтады. Гипоксияны туғызу үшін 90% азот пен 10% оттегі қоспасын пайдаланады. Кейде оттегі концентрациясымен бірге сарқылмау және сорғымау үшін оның көлемін ұлғайтады. Сұйық орта қолданылғанда, оған оқтын-оқытн қоректік заттар қосылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бидайдың гаплоидты технологиясы зерттеу
Гендік инженерия негіздері.Глоссарий
Криосақтау
Этнопедагогика пәні.
Рекомбинантты вакциналар. Артықшылықтары мен кемшіліктері
Этнопедагогикалық зерттеу әдістері және өзге ғылым салаларымен байланысы
Этнопедагогиканың оку пәні ретіндегі негізгі міндеттері
ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
Өсімдіктердің биотехнологиясы
Ауру түрі
Пәндер