Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы жалпы ұғым
ІІ. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
ІІІ. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Коституциясына негізделеді және соған сәйкес шетел азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерін, олардың Қазақстан Республикасына келуінің,- аумағында болуының, жүріп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтықжағдайы туралы заңдар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар жарлығынан және Қазақстан Республикасыныңбасқа да заң актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшібар жарлығында баяндалған ережелерден басқалары белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
1. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар жарлығы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібі.
3. Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы. А., 2004 ж.
4. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, 6 ақпан 2008ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары

Тексерген:
Орындаған:
Топ:

Семей
2016
Жоспар:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы жалпы ұғым
ІІ. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
ІІІ. Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Коституциясына негізделеді және соған сәйкес шетел азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерін, олардың Қазақстан Республикасына келуінің,- аумағында болуының, жүріп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар жарлығынан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар жарлығында баяндалған ережелерден басқалары белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы жалпы ұғым
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттік азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген міндеттердің бәрі жүктеледі. Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататындығына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасынан шұғылданатын қызметі мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бірдей болады.
Шетел азаматтарының өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген міндеттерін орындауынан бөліп алуға болмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп, соған ішкі істер органдарының берген рұқсатын және шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын не азаматтығы жоқ адамның куәлігін алған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар танылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілетін растауы болып табылады.
Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетел азаматтары Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары болған шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға баспана құқығын береді.
Саяси баспана беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының Президенті шешеді.

Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi
Еңбек қызметі және демалыс Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары белгілеген негіз бен тәртіпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметімен шұғылдана алады Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы жөніндегі шектеулер белгіленуі мүмкін.
Шетел азаматтары жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек қызметінің белгілі бір түрімен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрімен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды пайдаланады және сол сияқты міндеткерлікте болады.
Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен ортақ негіздерде демалыс алуға құқылы.
Денсаулық сақтау - Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты міндеткерлікте болады.
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органы белгілеген тәртіппен дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру - Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты міндеткерлікте болады.
Егер зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындау үшін белгілі бір еңбек стажы талап етілсе, шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында белгіленген негіздер мен тәртіпте олардың шетелдегі жұмыс стажын есептеуге болады.
Тұрғын үй құқығы, өзге де мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты сияқты міндеткерлікте болады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары жеке меншік құқығында тұрғын үйге (уақытша жүрген шетел азаматтарын қоспағанда) және басқа мүлікке ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларының ашылған жаңалықтың, өнертабыстың, рационализаторлық ұсыныстың, өнеркәсіптік үлгінің авторлық құқығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзге де мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары өздерінің мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
Қазақстан Республикасыңда уақытша жүрген шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарыңда белгіленген негіздер мен тәртіпте мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды пайдалануға құқылы.
Білім алу - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей білім алуға құқылы. Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдік азаматтардың Қазақстан жоғары білім алуына шектеулер белгіленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған тәртіпте, Қазақстан Республикасыңда білім алуына болады.
Оқу орындарына қабылданған шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оқушылар мен студенттердің құқықтарын иеленіп, міндеттерін орындайды.
Мәдениет жетістіктерін пайдалану. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мәдениет жетістіктерін пайдалануға құқылы. Олар тарих және мәдениет ескерткіштеріне, басқа мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға міндетті.
Қоғамдық бірлестіктерге қатысу - Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары саяси мақсаттарды көздейтін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден басқа қоғамдық бірлестіктерге, егер бұл олардың жарғыларына (ережелеріне) қайшы келмейтін болса, кіруге құқылы.
Ар ождан бостандығы - Қазақстан Республикасында жүрген шeтел азаматтарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері
Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Азаматтықтың халықаралық құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы
Пәндер