Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы.

Тексерген:

Орындаған:

Семей 2016

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім.

1. Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері білгіленген заңдар.

2. Жаза түрлері.

3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану.

4. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, соттылық және оның жойылуы.

  1. Қорытынды.
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық жауаптылыққа, қоғамға кауіпті іс-әрекеттер жасаған 16 жасқа толған адам тартылады. Ал кейбір жағдайларда қоғамға қауіптіліктің деңгейіне қарай, заңда көзделген қылмыстарды жасағандығы үшін кәмелетке толмағандар 14-жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Бұл қылмыстарға: кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ауырлататын мәнжайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері, адам ұрлау, ұрлық жасау, кісі тонау, ұрып-соғу, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену, ауырлататын мән-жайлар кезінде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, терроризм, адамды кепілге алу, террорлық акті туралы біле тұра өтірік хабарлау, қару жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлардағы бүзақылық, тағылық, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән-жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүддесін және олардың жерленген жерлерін қорлау, көлік қүралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету қылмыстары жатады.

1991-1995 жылдардағы республика көлеміндегі статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы кылмыстың өсуін былайша көрсетті: 1991 ж. - 7, 5%, 1992 ж. - 14, ] %, 1993 ж. -11, 5%, 1994ж. -9, 6%, 1995 ж. -5, 4%, 1996 ж. -7, 0%.

Көріп отырғанымыздай кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық деңгейінің сот-құқықтық реформа бойынша бірқатар латенттілігі бар екенін түсінеміз және оның едәуір төмендегенін байқаймыз. Тәжірибе көрсеткендей кәмелетке толмағандар арасында Республикамызда қылмыстың басым көпшілігі мүліктік қылмыстармен, зорлаумен байланысты, аса қатыгездікпен жасалған; спиртгік ішімдіктерге, есірткі заттарға әуес болуымен байланысты қылмыс түрлері де көп кездеседі. Сонымен қатар, көмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар көбінесе топтасқан түрде, ал олардың 20%-ы ересек адамдармен бірге жасалады.

ҚК-тің 78-бабына сәйкес Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Заң шығарушы кылмыстық жауаптылық туындайтын ең төменгі жасты белгілей отырып, кәмелетке толмағанды сол жаста өзінің іс-әрекетіне жауап бере алады деп және қылмыстық жазаны сезіне алады деп анықтаған.

Осыған байланысты заң шығарушы "кәмелетке толмаған" деген терминге анықтама беріп отыр. Ал бұл қылмыстық жауаптылықтың нормасын дұрыс қолдануға мүмкіндік береді. КСРО Жоғарғы Сотының 1976 жылғы 3 желтоқсандағы №16 қаулысының 6-тармағында, Соттардың, кәмелетке толмағандардың қылмысы және көмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы, туралы мәселелерді тәжірибеде дұрыс қолданылуы туралы былайша түсініктеме берген, "сот кәмелетке толмагандардың жасын дәл анықтауда шаралар қолдануға міндетті (күні, айы, туған жылы) . Жасөспірім туған күні емес келесі, ертеңіндегі күннен бастап белгілі бір жасқа толды деп саналады. Сот-медициналық сараптама жасты анықтау кезінде, сотталушының туылған күнін сол жылдың соңғы күнімен белгілейді; жасының ең төменгі немесе ең жоғарғы шегін/жылды анықтауда, сот сараптаманың қорытындысымен анықталған төменгі жас мөлшерін белгілейді".

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы нормаларын жеке тарауға бөліп қарастыру, қылмыстық іс жүргізу нормаларымен тығыз байланыстылықты көрсетеді.

Кылмыстық кодекстің VI бөлімінде "кәмелетке толмағандардың кылмыстық жауаптылығының" жалпы негізде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ерекшеліктерін (ҚК-тің 78-бабы), Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері (ҚК-тің 79-бабы), кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау (ҚК-тің 80-бабы), кәмелетке толмағандарды жазадан босату (ҚК-тің 81-бабы), тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары (ҚК-тің 82-бабы) және олардың мазмұны (ҚК-тің 83-бабы), кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты турде мерзімінен бұрын босату (ҚК-тің 84-бабы), ескіру мерзімі (ҚК-тің 85-бабы), және соттылықты жою мерзімдері (ҚК-тің 86-бабы), сонымен қатар бірінші рет, осы бөлім арқылы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы ерекшеліктерін талдауы оны дұрыс қолдану мүмкіндіктерін және он сегіз жастан жиырма жасқа дейінгі жас аралығында қылмыс жасағандардың қылмыстық жауаптылығында, ізгілік қағидаттарын іске асыру, адамның жеке тұлғасына дұрыс қарау тағы басқа да ерекшеліктерін қарастырады.

Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері білгіленген заңдар - бұл

  1. Бала құқығының Декларациясы
  2. ҚР бала құқықтары туралы Заңы
  3. ҚР Конституциясы
  4. Білім туралы Заң
  5. Неке және отбасы туралы Заң
  6. Балалар құқығының Конвенциясы

Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс

Осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар:

https://lh5.googleusercontent.com/9nnVrurihuXFLWe-3TkPsypYTmkzC0bZKUuUB4mWAkNigOaC50TCIhQ7gHYYF9Fm0mwSu10jsbxmHQ9fzMCYR35Oh0sEMPKZTXLwqvxX5Lh7iLpJUkHDpxzVkl-ly_-IkZw9u9ft8kc

Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды . Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады. Жасалатын іс-әрекеттің қауіптілігі жасөспірімге «өзгенің өмірі мен мүлкіне тиіспе», - деп бала кезінен ата-анасы немесе тәрбиелеушілерінің үйретуіне байланысты.
Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Өсе келе жасөспірім жасалатын әрекеттерді өзі бағалап, таңдау жасай алады.

Жаза түрлері:

ҚК-тің 79-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға мынадай жаза түрлері тағайындалады:

а) айыппұл;

б) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) қамау;

е) бас бостандығынан айыру .
Кәмелетке толмағандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға жаза тағайындау барысында ең алдымен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданады. Тәжірибе кәмелетке толмағандарға бірінші рет қылмыс жасағандығы үшін, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолданудың тиімді емес екендігін дәлелдеп көрсетті.

Кәмелетке толмағандарға мына аталған жаза түрлері қолданылмайды: бас бостандығын шектеу (ҚК-тің 45-бабының бесінші бөлігі), өмір бойы бас бостандығынан айыру (ҚК-тің 48-бабының төртінші бөлігі), өлімжазасы (ҚК-тің 49-бабының екінші бөлігі), және мүлікті тәркілеу.

Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазалардың мазмұны өзіне тән арнаулы белгілерге ие. Айыппұл, ҚК-тің 79-бабының екінші бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл, оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезендегі мөлшерінде тағайындалады.

Көріп отырғанымыздай, ересек адамдарға қарағанда (ҚК-тің 40-бабының екінші бөлігі), кәмелетке толмағандарға айыппұлдың төмендетілген мөлшері белгіленген, сонда да мұнымен қатар ҚК-тің 40-бабының екінші бөлігінің шарттары сақталады, айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Кәмелетке толмағанның мүлкі оның өзіне тән болуы керек.

Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады, және жазаның осы түрі олар занды негізде белгілі бір қызметпен айналыса жүріп, қылмыстық жазаға әкеп соқтыратын әрекеттерді істеген жағдайларда ғана қолданылады.

Қоғамдық жұмысқа тарту жазаның жаңа түрі болып табылады және де қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады. Ол кәмелетке толмаған адамнын қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және де кәмелетке толмаған ол жұмыстарды оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың жазаның бұл түрін орындауының ұзақтығы күніне екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күніне үш сағаттан аспауы керек. Егер бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарса, онда жазаның бұл түрі ҚК-тің 45 және 46-баптарына сәйкес, қамаумен ауыстырылады.

Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады (ересектермен салыстырғанда - ҚК-тің 43-бабының бірншіі бөлігі бойынша - екі жылға дейін) . Ең теменгі мерзім (ересек адамдарда да) - екі ай көлемінде болады.

Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған сотталған адамдарға бір айдан төрт айға дейінгі мерзімге тағайындалады. Бүл жаза, жазаның негізгі түрі болып табылады және де мазмүны жағынан бас бостандығынан айырумен ұқсас болып келеді. Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Қамауды кәмелетке толмағандарға, тек 16 жасқа толған жағдайда ғана қолданады. Қамауды қолданар кезде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы ескеріледі.

Кәмелетке толмаған сотталған адамға бас бостандығынан айыру онжылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін - он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. Кәмелетке толмағандарға жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты алты айдан бастап он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуді ересек адамдардан бөлек колонияларда өтейді. Колония екі топқа бөлінеді: бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандардың - жалпы режимдегі тәрбиелеу колониялары; бұрын бас бостандығын айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - жазасын күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне, кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға карай сот қабылдаған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.

ҚК-тің 53-бабының бірінші бөлігініц "б" тармағында айыпкердің кәмелетке толмауы, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болып табылады. Осы көрсетілген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінін жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы да ескеріледі.

ҚК-тің 90-бабының екінші бөлігне сәйкес, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жиынтығымен байланысты кәмелетке толмаған жас, жеңілдететін мән-жай болып ескеріледі.

Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану.

ҚК-тің 81 -бабы ізгілік және әділеттілік қағидаттарын негізге ала отырып бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса жазадан босатуы мүмкін екендігін белгілейді.

Мына көрсетілгендер тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары болып табылады:

а) ескерту;

б) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

в) келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г) бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д) кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Қарастырып отырған баптағы тікелей көрсетіліп белгіленген шарттарды қолдану тек соттың құзыретінде. Жазадан босату белгілі бір шарттардың болуын талап етеді, олар мынадай шарттар-қылмысты бірінші рет жасау;

кішігірім немесе орташа ауырлықта қылмыс жасау;

кәмелетке толмаған адамның түзелуіне тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларьш қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп соттың қорытындыға келуі: қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, жасы толмағанның жеке басы (оның қылмыс жасағанға дейінгі жүріс-тұрысы), отбасындағы қарым-қатынасы, оқу орындарында немесе өндірістік мекемеде; келтірілген зиянды қалпына келтіруі; тергеуге қылмысты ашуға көмек көрсетуі және т. б.

Осы аталған шарттар болғанда ғана кылмыстық іс тоқтатылады және сот тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдана алады. Бүл шарттардың мазмұны ҚК-тің 83-бабында көрсетілген.

Кәмелетке толмаған адамға ескерту жасау, оның әрекетімен келтірілген зиянды түсіндіруден және Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден тұрады.

Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның мінез құлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден тұрады.

Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағдысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оның ішінде механикалық көлік құралын баскаруға байланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын шектеуді көздеуі мүмкін. Кәмелетке толмаған адамға білім беру мекемесіне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяқтау не мамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін.

Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған мекемелерде болу адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ түзеуді қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін бұдан әрі бұл шараны қолдануды қажет етпейді деген тұжырымға келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Жаңа қылмыстың алдын-алу немесе оны болдырмау үшін сот, кәмелетке толмағанның жеке басын, қылмыстың сипаты мен қауіптілік дәрежесін, мінез-құлқын анықтай отырып оның түзелуі үшін белгіленген қандай да болмасын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының бірін қолдана алады.

Кәмелетке толмаған адам тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған болса, арнайы зандарға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысымен арнаулы қүжаттар қылмыстық жауаптылыққа тартуға жібертіледі. Қарастырылып отырған шаралар мемлекеттік күштеу шаралары бола отырып, тәрбиелік сипатты қамтиды, бірақ соттылықты көздемейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының негізгі себептері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазадан босату
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және тағайындалатын жазалар
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылық және жазадан тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы босату
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz