Адамның дүниеге танымдық қатынасы



I.КІРІСПЕ
1.Дүниеге көзқарас түрлері
2.Дүниеге философиялық көзқарас
II.Дүниеге көзқарас.қалыптасушы тұлғаның негізі
III.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән – мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі – адамның өзі, адмның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай –ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс – әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өзінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән – жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның тұтастығын қарастыратын негіз – білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік жіне нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Талдықорған агро-техникалық колледжі

Реферат
Тақырыбы:Дүниетаным

Орындаған:
Тексерген:

Талдықорған-2017ж
Жоспары:
I.КІРІСПЕ
1.Дүниеге көзқарас түрлері
2.Дүниеге философиялық көзқарас
II.Дүниеге көзқарас-қалыптасушы тұлғаның негізі
III.Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері

I.1.Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - адамның өзі, адмның тіршілік болмысы.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары - дүние және адам. Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай - ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс - әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өзінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады.
Осыдан келіп дүниеге көзқараста, біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән - жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастайды.
Дүниетанымның тұтастығын қарастыратын негіз - білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік жіне нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.
Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.
2. Философиялық көзқарас адамдардың санасында бір - бірімен тығыз байланысты да қарама - қарсы екі ұғым - материалдық және идеалдық, объект және субъект деген ұғымдар қалыптасқаннан кейін пайда болды. Философиялық ойлау бұларды қарама - қарсы қарастырмай, оларды әрдайым белгілі бір қарым - қатынаста қарастырды, атап айтқанда идеяның, сананың материяға, руханилықтың болмысқа қатынасын қарастырды. Бұл философияның негізгі мәселесі деп аталады. Философтардың, жеке адамның дүниеге көзқарасы қандай болсын, ол бұл мәселеден аттап кете алмайды, өйткені олардың философиялық көзқарастарының мазмұны мен сипаты осы мәселеге қарай шешіледі. Бүкіл философияның, әсіресе ең жаңа философияның ұлы негізгі мәселесі - ойлаудың болмысқа қатынасы жайындағы мәселе - деп атап көрсетті Ф.Энгельс.
Философияның негізгі мәселесінің мәні шындықтың екі негізгі типінің - объективтік, материалдық және субъективтік, идеялық жақтары бар екенін және олардың қайсысы алғашқы, қайсысы кейінгі екенін мойындауда: материя санадан бұрын пайда болған ба? - деген сұраққа жауап беруде. Философиялық көзқарастың өзі де осы сұраққа жауап іздеудің барысында пайда болды.
Сананың материяға қатынасы қандай деген сұраққа жауап берулеріне қарай философтар үлкен екі топқа, екі лагерьге бөлінді, - деп жазды Ф.Энгельс. - Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын болған дегендері, сөйтіп сайып келгенде, дүниенің жаратылуын қайткенде де мойындағандары... идеалистік лагерьді құрды. Ал енді табиғат негізгі бастам деп есептегендер материализмнің түрлі мектептеріне қосылды.
Философияның негізгі мәселесі материалдық пен руханилықтың қайсысы алғашқы деумен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар мтаериалдық деп нені, руханилық деп нені түсіну керек деген сұрақты да қамтиды. Осыған байланысты материализмнің ішінде де, идеализмнің ішінде де негізгі философиялық мәселені қоюына, шешуіне қарай түрліше жеке тармақтар пайда болады, Мәселен, Гегель алғашқы бастама деп адамнан тыс ойлауды (абсолюттік идеяны) түсінсе, Дж.Беркли дүниеде бардың бәрінің негізі түйсік деп санайды.
Көпетеген марксизмге дейінгі және марксистік емес кейінгі философтар сананың материяға қатынасын философияның негізгі мәселесі емес деп есептейді. Ф.Бэкон үшін, мәселен, таби,аттың дүлей күштерін игеру философияның негізгі мәселесі болып табылса, ХХ ғ. Француз философы А.Камю үшін ол негізгі мәселе - өмір сүру қажет пе әлде жоқ па? - деген мәселе болды. Марксизмге дейінгі ойшылдардың ішінде негізгі философиялық мәселенің мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге бәрінен де жуығырақ келгені неміс философы материалист Л.Фейербах болды. Философиянын негізгі мәселесін дұрыс тұжырымдап қоя білген және оны ғылыми тұрғыдан дәйекті түрде шешіп берген Ф.Энгельс болды. Ол бұл мәселені қоғамдық - тарихи практиканың шешуші рөлін негізге ала отырып қарастырды.
Адамның дүние туралы ой - пікірлерінің бәрі, сайып келгенде, оның негізгі философиялық мәселені қалай шешетініне байланысты болады - дүниенің мәңгілігі және құбылстардың заңдылығы бар ма, дүниені танып білудегі мақсат не және ол үшін керек, ақиқат деген не? - деген сияқты толып жатқан сұрақтардың бәрінің жауабы сол негізгі сұрақтың жауабына тәуелді.
Философияның негізгі мәселесінің қалай шешілуіне байланысты қоғам өміріндегі әлеуметтік мәселелер де өз шешімін табады. Айталық. Алғашқы қауымдық қоғамда адамдар неге ұйымшыл болды, ал қазіргі капитализм тұсында - өзімшіл, дарашыл, адамгершілік түсініктері мүлдем басқаша? Егер, мәселен, сананы, рухты алғашқы деген идеалистердің пікірімен келіссек, онда антагонистік таптық қоғамдарда еңбекшілер ғасырлар бойы қанау мен езгіде болып келгендігінің себептерін қоғамның экономикалық - таптық құрылымынан іздемей адамдардың санасының төмендігінен, ақыл - ойының кемшіліктерінен іздеуге тура келер еді.
Осы күнгі идеалист философтардың кейбіреулері философияның негңзгң мәселесі деген мүлдем жоқ. Ол ойдан шығарылған жалған мәселе деп дәлелдеуге тырысады. Олардың кейбіреулері руханилық пен материалдық деп шек қоюдың өзі де тек шартты, тіпті, керек десе, құры бос сөз дейді. Мысалы, ағылшын философы Б.Рассельдің түсінігінше, материя және рух деген сөздермен аталатын нәрселердің бар екені шүбәлі, өйткені олар сезімдік фактілерден шығатын логикалық құрылымдар ғана. Алайда буржуазиялық философтардың негізгі философиялық мәселені жоққа шығармақ болған әрекеттері мүлдем қисынсыз екенін адамның ойлау, дүниетану тәжірибесі дәлелдеген үстіне дәлелдеп отыр: ойлаудың ойлау объектісінен (мәселен, физикалық денеден), түйсіктің түйсінілетін нәрседен, яғни көру, есту арқылы қабылданатын нәрседен сапалық айырмашылығын қалай жоққа шығаруға болады?
Енді бір философтар философияның негізгі мәселесі - адам өмірінің проблемалары (шешілмеген мәселелері) деп дәлелдемек болды. Әрине адамның қоғамдық өмір мәселелері бүкіл философияда, әсіресе маркстік философияда маңызды орын алатыны күмәнсіз. Бірак адам мәселесі материалистік тұрғыдан да, идеалистік тұрғыдан да түсіндірілуі мүмкін, сондықтан ол философияның негізгімәселесі бола алмайды. Философиянын негізгі мәселесі - философияның түрлі теориялық мәселелерін шешекенде басшылыққа алатын, оларға бағыт сілтейтін басты принцип болуы тиіс.
Философияның негізгі мәселесінің екі жағы бар, Бірінші жағы - дүниенің мәні, табиғаты туралы (онтологиялық) мәселе, екіншісі - дүниенің танымдылығы туралы (гносеологиялық) мәселе.
Алдымен негізігі философиялық мәселенің бірінші жағын қарастырайық: дүниенің бастапқы негізі не, материя ма, әлде идея ма, табиғат па, әлде ой - сана ма? - деген сұрақтың екі - ақ жауабы бар. Алғашқылық материя, табиғат, ал идея, ал ой - сана кейінгі, екіншілік деушілер материализм бағытын құрады, ал идея, ой - сана алғашқы, материалдық дүние, табиғат одан кейінгі, екіншілік дейтіндер идеализм бағытын құрады. Бұл екі бағыт монистік, яғни дүниенің бір ғана бастамасын мойындаушы бағыттар (материалистік монизм және идеалистік монизм) деп аталады. Логикалық дәйектілік тұрғысынан алғанда, философияның негізгі мәселесінің бірінші жағының басқаша (үшінші) шешімінің болуы мүмкін емес. Бірақ философия тарихында бұл мәселенің үшінші шешімін табуға әрекет жасаушы бағыт та болады. Дуализм деп талатын бұл бағыттың өкілдері материя алғашқы, идея да алғашқы, өйткені олар бір - бірінен тәуелсіз өмір сүретін екі бастама деп дәлелдемекші болды. Бұл бағыттың негізін салған басты өкілдері Р.Декарт (XVII ғ. француз философы, математигі) және И.Кант (XVIII ғ. неміс философы) материализм мен идеализмді ымыраластыруға әрекет жасады.
Дуализм материализм мен идеализмнен бөлек үшінші бір философиялық бағыт бола алмайды, өйткені философияның негізгі мәселесінің әлі екінші жағының шешімі бар. Ол адам дүниенің объективтік заңдарын, мәнін танып біле ала ма, әлде дүниені танып білуге болмай ма? - деген мәселе. Дүниенің танымдылығы туралы бұл гносеологиялық мәселені (сұрақты) шешуде дуализм, сайып келгенде, идеализмге бой ұрады, өйткені ол материя мен сананы бір - бірінен бөліп тастау арқылы таным теориясы мәселесінде агностицизмге, яғни дүниені танып білуге немесе толық танып білуге болмайды деген көзқарасты жақтайтын субъективтік - идеалистік тұжырымға келеді. Міне сондықтан да Ф.Энгельс философияда екі - ақ бағыт - материализм мен идеализм ғана бар, ал қалған измдердің бәрі, сайып келгенде, осы екеуінің жеке тармақтары ғана деп атап көрсеткен болатын.
Енді бір философтар идеализмнің жекелеген қағидаларын материализмнің қағидаларымен және керісінше ұштастыруға әрекеттенеді. Мұндай философиялық әрекет эклектизм деп аталады.
Материализм де, идеализм де дамудың ұзақ тарихи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Философияның пайда болуы және дамуы. Философияның басқа ғылым салаларымен байланысы
Өзін – өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін ұйымдастыру
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Философия дүниетаным ретінде
Философия мифологиялық дуниетаным
Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым
Жасөспірімдік шактың танымдық процесінің даму ерекшеліктері
Пәндер