Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасындағы Samples компоненттер тақтасы бетінің ақпараттық анықтамалық жүйесін жасау



КІРІСПЕ
1. ОБЬЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ...
1.1 Delphi бағдарламалау ортасы
1.2 Delphi.дi iске қосу. Delphi ортасы
1.3 Samples компоненттер тақтасы
2. «SAMPLES КОМПОНЕНТТЕР ТАҚТАСЫ БЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ»
2.1 Ақпараттық анықтамалық жүйе жасау алгоритмі
2.2Анықтамалық жүйеқұру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША ..
Қазіргі таңда әр түрлі дәрежелі бағдарламаларды құруға(кәсіби және ең қарапайым бағдарламалар) және әр түрлі деректер қоймаларымен жұмыс істеуге арналған құралдардың бірі Delphi бағдарламалау ортасы болып табылады.
Оның негізі болып Object Pascal тілі қалыптасқан. Delphi ортасы бағдарламашының жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм.
Delphi-де қолданбалы бағдарламаларды құру ,интегралдық IDE(Integrated Development Environment) ортада қамтамасыз етіледі. Delphi-интегралдық орта ,көп терезелі жүйе. IDE арқылы бағдарламаны құрастыруға,бағдарлама кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады.
Қолданбалы бағдарламаны Borland Delphi-де құру IDE бағдарлама ортасында қолданылады. Бұл ортадағы құралдар арқылы қолданушы бағдарламаның интерфейстік бөлігін құрып және бағдарламалық кодтарды басқару элементтерімен байланыстыра алады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1. ОБЬЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4
1.1 Delphi бағдарламалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2 Delphi-дi iске қосу. Delphi ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1.3 Samples компоненттер тақтасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
2. SAMPLES КОМПОНЕНТТЕР ТАҚТАСЫ БЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .

21
2.1 Ақпараттық анықтамалық жүйе жасау алгоритмі ... ... ... ... ... ... ...
21
2.2 Анықтамалық жүйе құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда әр түрлі дәрежелі бағдарламаларды құруға(кәсіби және ең қарапайым бағдарламалар) және әр түрлі деректер қоймаларымен жұмыс істеуге арналған құралдардың бірі Delphi бағдарламалау ортасы болып табылады.
Оның негізі болып Object Pascal тілі қалыптасқан. Delphi ортасы бағдарламашының жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм.
Delphi-де қолданбалы бағдарламаларды құру ,интегралдық IDE (Integrated Development Environment) ортада қамтамасыз етіледі. Delphi-интегралдық орта , көп терезелі жүйе. IDE арқылы бағдарламаны құрастыруға, бағдарлама кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады.
Қолданбалы бағдарламаны Borland Delphi-де құру IDE бағдарлама ортасында қолданылады. Бұл ортадағы құралдар арқылы қолданушы бағдарламаның интерфейстік бөлігін құрып және бағдарламалық кодтарды басқару элементтерімен байланыстыра алады.
Зерттеу тақырыбы: Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасындағы Samples компоненттер тақтасы бетінің ақпараттық анықтамалық жүйесін жасау.
Курстық жұмыстың мақсаты - Delphi мүмкіндіктерін пайдалана отырып анықтамалық жүйе жасау .
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Delphi бағдарламалау ортасы компоненттерін пайдалану;
- Delphi мүмкіншіліктерін көрсету;
- Delphi ортасында ыңғайлы,түсінікті,тез мәлімет беретін анықтамалық жүйе жасау.

1 ОБЬЕКТІЛІ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ
0.1 Delphi бағдарлама ортасы

Жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген бағдарламалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралык, логикалық және объектілі - бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі ("классикалық") процедуралық бағдарламалау тілдері -- Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер -- ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және бағдарламалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі - бағдарлы бағдарламалау (ОБП) негізінде кұрылған бағдарламалау тілдері - Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Объектіге бағдарлы оқиғалы бағдарламалау тілінде бағдарламаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері - Visual Basic тілі QBasic бағдарламалау тілі негізінде, Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылықка алып кұрылған (visual -- көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Visual Basic, Delphi бағдарламалау тілдері -- кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, куатты тілдер.
Delphi-де орындайтын iс-әрекеттер сапалы түрде визуальды кеңейтiлген, яғни пайдаланушы көбiнесе экранда көрiнген терезенiң түймелерiн шерту арқылы нәтиже алады .
Процедуралық бағдарламалау тiлдерiнде бағдарламаның жұмысы операторларды ретiмен орындау бойынша, ал, логикалық бағдарламалау тiлдерiнде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгiзу ретiнде қарастырылған болатын. Объектiге бағдарлы оқиғалық бағдарламалау тiлiнде бағдарламаның жұмысы негiзiнен оқиғалар тiзбегiнен және түрлi объектiлердiң осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлерi - Visual Basic тiлi QBasic бағдарламалау тiлi негiзiнде, Delphi (Дельфи) Объектiлi Паскаль (Object Pascal) тiлi негiзiнде Windows опе-рациялық жүйесiн басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсiресе, Delphi бағдарламалау тiлi - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тiл.
Delphi-де Паскаль тiлiнде орындау мүмкiн және мүмкiн емес күрделi процестердi бағдарламалауға болады. Delphi-дiң негiзгi ерекшелiгi - онда қосымша құруда компоненттiк және объектiлiк тәсiлдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де бағдарламаны көбiнесе қосымша деп атайды). Бұл бағдарламалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттiк тәсiлдiң мәнiсi жеңiл, әрі қосымша кiтапханасы бағдарламалау ортасында дайындалып, арнайы iс-әрекеттердi орындайтын компоненттер элементтерiнен жинақталады. Олар жеткiлiксiз болса, объектiнi өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Delphi-де қолданылатын негiзгi кiтапхананы визуальды компоненттер кiтапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер тақтасында топ - тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиiстi, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы тақтаға қосуына да болады.
Delphi Windows жүйесiнде бағдарламалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзiрiн құру, анимация, мультимедиа процестерiн ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистiк қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс iстеу және т.б. iс-әрекеттердi орындау да мүмкiн. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.
Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегi P - кодқа емес, бiрден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себептi, қазiргi кезде ол дүние жүзiндегi компиляторлардың ең жылдамы. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10 еседен артық, бiр минутта шамамен 120 мың жолдан асады.

0.2 Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы

Windows терезесi арқылы Delphi-дi iске қосу командасы:
Iске қосу - Бағдарламалар - Borland Delphi 7 Delphi 7
Экранда Delphi ортасының үш терезесi көрiнедi (1-сурет).

1

2
3

1-сурет. Delphi ортасы

1 - Delphi 7-нің негізгі терезесі.
2 - Форма (Form1);
1 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector).
Жалпы, ортада бағдарлама құруға арналған төртiншi, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1.pas).

2-сурет .Delphi-дiң негiзгi терезесi

Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (2-сурет). Негiзгi мәзiр пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Delphi-де жұмыс iстеу командалары, аспаптар панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi командаларды орындайтын түймелер орналастырылған .
Стандартты түймелер:
- New (Жаңа);
- Open (Ашу);
- Save (Сақтау);
- Open Project (Жобаiнi ашу);
- View Form (Форманы көрсету);
- Run (Iске қосу);
- Pause (үзiлiс);
- Add file to Project (Жобаiге файл қосу), т.б.

Delphi-де дайындалатын бағдарлама жоба деп аталады. Форма - бағдарламаны дайындау алдында ашылатын, бағдарламаның сұхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен (тақырыбымен) көрiнедi (1-сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты нұсқама түрiне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсiлi бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын бағдарламада пайдалану үшiн формада түрлi компоненттер (форма компоненттерi) орнатылады. Негiзгi компоненттердiң кейбiрi Access берiлгендер қоры жүйесiнде пайдаланылатын элементтер панелiне енгiзiлген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасына орналастырылған.
Delphi екi түрде дайындалған: бiрiншiсi - күрделi қосымшаны бiрлесiп дайындаушылар үшiн (Delphi Client - Server), екiншiсi - қалған бағдарламалаушылар үшiн (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылып алынған түрi. Ол тек маман бағдарламалаушылар емес, барлық Delphi- мен жұмыс iстеушiлерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны - екiншi түр.
Delphi-дi Паскаль бағдарламалау тiлiмен жұмыс iстеген адамдардың меңгеруi көп қиындық келтiрмейдi. Бiрақ, мұнда бағдарламалауды үйрену үшiн объект, оқиға, қасиет түсiнiктерiмен еркiн танысып, онда компоненттердi пайдалану және түрлi командалардың жазылу түрлерiн бiлу қажет.
Процедуралық бағдарламалау тiлдерiнде бағдарламаның жұмысы операторларды ретiмен орындау бойынша, ал, логикалық бағдарламалау тiлдерiнде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгiзу ретiнде қарастырылған болатын. Объектiге бағдарлы оқиғалық бағдарламалау тiлiнде бағдарламаның жұмысы негiзiнен оқиғалар тiзбегiнен және түрлi объектiлердiң осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлерi - Visual Basic тiлi QBasic бағдарламалау тiлi негiзiнде, Delphi (Дельфи) Объектiлi Паскаль (Object Pascal) тiлi негiзiнде Windows опе-рациялық жүйесiн басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсiресе, Delphi бағдарламалау тiлi - кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тiл .
Форманың және формаға енгiзiлетiн компоненттердiң (компоненттер жөнiнде келесi тақырыптарды қараңыз) түрлi қасиеттерi бар (оларды компонент "паспорты" деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрi. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерiнiң мәндерi - форма тақырыбының мәтiнi, өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне алғашқы сәйкес мәндер меншiктелiп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компоненттi бағдарлама құру үшiн дайындау оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн сәйкес объектiнi (форманы не формада орнатылған форма компонентiн) бiр шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Мысалы, Delphi iске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер - қасиет атаулары, екiншi бағанға сәйкес жазылғандар - олардың мәндерi.
Форма қасиеттерi:
Name (Атау) - формаға берiлген атау. Ол Delphi объектiлерiнiң (компоненттердiң) негiзгi қасиеттерiнiң бiрi. Delphi-дiң жұмыс iстеуi кезiнде ол объектiнi осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дiң формаға автоматты түрде алғашқы рет меншiктеген атауын (Form1) өзгертiп, басқа атау беруге болады. Форманың iс-әрекетi атауынан белгiлi болуы үшiн атауды мазмұнға жақын етiп енгiзген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеудi шешуге пайдаланылатын болса, Form1 орнына KvTend атауын енгiзу. Ол үшiн қасиеттер терезесiнен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы терiп алса болды. Терiлген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады .
Font (Шрифт) - формаға енгiзiлетiн мәтiн шрифтiн орнату қасиетi. Оны таңдап, оң жағында көрiнген көп нүкте (...) түймесiн шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесi көрiнедi (3-сурет). Терезеден, әдеттегiдей, қажеттi шрифт типiн, өлшемiн таңдап ОК түймесiн шерту керек.

3-сурет . Шрифт таңдау терезесi

Caption (Тақырып, бетiне жазу) - форма терезесiнiң тақырыбына енгiзiлетiн мәтiн. Алғашқы кезде қасиеттер терезесiнiң Caption қасиетiне тақырып үшiн Form1 сөзi енгiзiлiп қойылған. Оны "Redactor" не басқа тақырыпқа алмастыру Name қасиетiне мән меншiктеу тәсiлi сияқты (қасиет мәнi енгiзiлген соң КІ (каретканы қайтару, енгiзу) клавишiн басып қойған жөн).
Color (Түс) - форманың түсiн орнату қасиетi. Ол таңдалған кезде оң жағында тiлсызық түймесi көрiнедi. Тiлсызық түймесi - қасиет мәнiнiң бiрнеше екенiнiң белгiсi. Тiлсызық белгiсiн шерткен кезде мәндер (түстер) терезесi ашылады. Тiзiмде көрiнген қалаған түстi шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width (Ен), Height (Биiктiк) - пиксель өлшем бiрлiгiмен берiлген форманың енi мен биiктiгiн орнату қасиеттерi (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезiнде де автоматты түрде орнатылып қойылады).
Объект қасиетiн бағдарлама (бағдарламалық код) iшiнде орнату да мүмкiн. Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн бағдарламаға Form1.FontSize := 14 меншiктеу операторын енгiзуге болады.
Тiлсызық түймесi - қасиет мәнiнiң бiрнеше екенiнiң белгiсi. Тiлсызық белгiсiн шерткен кезде мәндер (түстер) терезесi ашылады. Тiзiмде көрiнген қалаған түстi шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width (ұзындық), Height (Биiктiк) - пиксель өлшем бiрлiгiмен берiлген форманың ұзындығы мен биiктiгiн орнату қасиеттерi (мәндер форманы тышқан арқылы кеңейту не сығу кезiнде автоматты түрде меншiктелдi).
Delphi-де бағдарламалар оқиғалар арқылы басқарылатыны белгiлi. Ал объектiлерге қатысты оқиғалар тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiнiң Events қосымша бетiнде орналасқан .
Олар қасиеттер терезесiнiң екi бағаннан тұратын Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi тiркес-тiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi. Формаға байланысты оқиғалар саны - 35.
Delphi-де бағдарлама мәтiнi бағдарламалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе бағдарламалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-суретте көрсетiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle FormUnit командасын орындау не клавиатурадан F12 пернесiн басу арқылы орындалады.
Delphi-де бағдарлама мәтiнi бағдарламалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе бағдарламалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-суретте көрсетiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle FormUnit командасын орындау не клавиатурадан F12 пернесiн басу арқылы орындалады.
Код терезесiнiң тақырыбы ағымдық файл атауымен сәйкес келедi. Терезенiң жұмыс аумағындағы бағдарлама коды синтаксистiк мағынасына қарай түрлі стильде жазылып көрсетiледi. Мысалы, Object Рascal тiлiнiң кiлттiк сөздерi (мысалы, type, class, т.с.с.), қалың шрифтпен, ал түсiнiктемелер (мысалы, {Private declarations}) көк түстi көлбеу (курсив) шрифтпен жазылған. Терезенiң төменгi жағында үш элементтен тұратын кұй қатары бар. Оның бiрiншi элементi - курсор позициясын анықтайтын жол және баған индикаторы, екiншiсi - бағдарламалық кодтың өзгеруiн бақылайтын модификация индикаторы, үшіншiсi - кiрiстiру режимiнiң индикаторы.
Delphi-де Паскаль тiлiнде орындау мүмкiн және мүмкiн емес күрделi процестердi про-граммалауға болады. Delphi-дiң негiзгi ерекшелiгi - онда қосымша құруда компоненттiк және объектiлiк тәсiлдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де бағдарламаны көбiнесе қосымша деп атайды). Бұл бағдарламалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттiк тәсiлдiң мәнiсi жеңiл, әрі қосымша кiтапханасы бағдарламалау ортасында дайындалып, арнайы iс-әрекеттердi орындайтын компоненттер элементтерiнен жинақталады. Олар жеткiлiксiз болса, объектiнi өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Delphi-де қолданылатын негiзгi кiтапхананы визуальды компоненттер кiтапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер тақтасында топ - тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиiстi, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы тақтаға қосуына да болады .
Жалпы, бiр қасиет мәнiмен танысу үшiн оны қасиеттер терезесiнде таңдап, F1 батырмасын басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi-де анықтамалар ағылшын тiлiнде жазылған. Ол түсiнiксiз болса, экранда орысша аудармасын көрсететiн "Magic Gooddy 2" сияқты арнайы дайындалған бағдарламаны пайдаланған жөн (мұндай бағдарлама компьютерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).
Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View-Object Inspector командасын беру жеткiлiктi. Ол F11 батырмасы басылған кезде де көрiнедi.
Ескерту. Жаңа жоба iске қосылған кезде алдымен Delphi Direct терезесi iске қосылуы мүмкiн. Терезеден Delphi News бумасын таңдау жеткiлiктi.
Windows-тағы сияқты Delphi-де бағдарламалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы бағдарлама көру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға бағдарламаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.
Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер тақтасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады .
Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны - 35. Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On қосымшасы тiркестiрiлiп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

4-сурет .Форма оқиғалары

Delphi ортасында жиi кездесетiн оқиғалар:
OnClick - тышқан түймесiн бiр рет басу;
OnDblClick - тышқан түймесiн екi рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі заман талабында ақпараттық технологиямен жұмыс істеу
Delphi-дің компоненттер тақтасы
Delphi ортасының компоненттер тақтасы
Delphi бағдарламасында құрастырылған интерфейс
Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
DELPHI программалау жүйесі
Delphi - де «Мозаика» ойын бағдарламасын жазу әдістері
Delphi ортасының графикалық мүмкіндіктері
Delphi ортасының мүмкіндіктері
Программалау тілінің пайдаланылған бөлімдеріне сипаттама
Пәндер