Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорын құру



Кіріспе 2
1 Бағдарламалау ортасының негізгі элементтері 4
1.1 Delphi.дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект 4
1.2 Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс 6
1.3 Компоненттер палитрасы 12
1.4 Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру 14
1.5 Проектiнi сақтау және ашу 17
2. Delphi.де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері 19
2.1. Delphi.де МҚ байланысты ұйымдастыру 22
2.2. TQuery компонентімен жұмыс 26
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
Қосымша 29
Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
1. “Информационно-поисковая система в системе управления предприятием”, Сборник научных трудов, Ленинград, 1989г.
2. В.В.Шураков. “ Информационно-поисковая система для статической обработки данных”, 1990г.
3. И.Л.Кантарь. “Информационно-поисковая система управленческого аппарата”, 1990г.
4. Баженова И.Ю. Delphi 6. Самоучитель программиста – М.: Кудиц – Образ, 2002. –432с.
5. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi 7. –М: Бином, 2000 –208с. ил-(Все о Delphi)
6. Бобровский С. Delphi 7 Учебный курс. – СПб.: Питер,и 2002-640с.
7. Кандзюба С.П. Delphi 6. Базы данных приложения: Лекции и упражнения /Кандзюба С.П., Громов В.Н. -М: Диа-Софт. 2001-576с.
8. Кенту Марко. Delphi 5 для профессианалов. СПб.: Питер, 2001-944с:ил-/в пер.
9. А. Я. Архангельский. Программирования в Delphi 7 – М.: ЗАО “Издательство БИНОМ”, 2003 г. – 1120 с., ил.
10. Томас Коннолли, Каролин Бег, Анна Страган. Базы данных: проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд.: Пер. с англ.: Уч. Пос: -М.: издательский дом “Вильямс”, 2000г.
11. Гофман И.Э., Хомененко А.Д. Delphi 5.-СПб.: БХВ-Санк-Петербург. 2000г.
12. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 5. Рукаводство разработчика базы данных –М.: “Нолидж”, 2000г.
13. К. Грибачев. “Delphi и Model Driven Architecture” Разработка приложений баз данных – СПб.: Питер, 2004. – 348 с.: ил.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1 Бағдарламалау ортасының негізгі элементтері 4
1.1 Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект 4
1.2 Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс 6
1.3 Компоненттер палитрасы 12
1.4 Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру 14
1.5 Проектiнi сақтау және ашу 17
2. Delphi-де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері 19
2.1. Delphi-де МҚ байланысты ұйымдастыру 22
2.2. TQuery компонентімен жұмыс 26
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
Қосымша 29

Кіріспе

Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам
дамып келеді. Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде,
техникалық құрылғыларда, қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен
түрлендіру процесстері.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі саласы болып
табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады.
Мәліметтер қоры - қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның
бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын
басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты
жетілдіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі
талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму
барысында ақпаратты-іздестіру жүйесі негізгі мәселелердің бірі.
Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу
орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және
ақпаратты-іздестіру жүйесі мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандыру
үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар
қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды
деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы электронды
мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Курстық жұмыс Delphi обьектілі бағытталған тілінде жазылған және
мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Paradox қосымшасы қолданылады.
Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер
қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып
есептелінеді. Delphi-де МҚ қосымшаларын өңдеуші бизнес-логика және
программа интерфейсі реализациясы әдістерін таңдай алу мүмкіндігі ғана
емес, МҚ-мен өзара іс-әрекет архитектурасы және мәліметтерге ену мүмкіндігі
да бар. Бұл тіл визуалды бағдарламалау ортасы, бағдарламалауға тиімді және
қолайлы болып табылады.

1 Бағдарламалау ортасының негізгі элементтері

1.1 Delphi-дi iске қосу. Delphi интерфейсi. Проект

Windows жүйесiнде Delphi ортасын iске қосу үшiн оны алдын-ала
компьютерге орнату қажет. Орта компьютерге орнатылған соң, Delphi-дi iске
қосу командасы:
Iске қосу - Программалар - Borland Delphi 7 ( Delphi 7
Нәтижеде экранда Delphi интерфейсi көрiнедi (1-сурет).

1.1-сурет. Delphi ортасы
1 - Delphi
Сурет 1. Delphi’дің негізгі терезесі
5-тiң негiзгi терезесi;
2 - Форма (Form1);
3 - Объект инспекторы терезесi (Object Inspector).
- Ортада программа құруға арналған модуль терезесi да iске
қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында
орналасқандықтан, ол экранда көрiнбейдi.
- Delphi интерфейсiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар панелi
және компоненттер палитрасы (2-сурет) енгiзiлген.

Сурет 2. Delphi-дiң негiзгi терезесi
Негiзгi мәзiр пункттерiне (iшкi мәзiрлерге) Delphi-де жұмыс iстеу
командалары, аспаптар панелiне iшкi мәзiрлерге енгiзiлген негiзгi
командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Delphi-де дайындалатын программа проект деп аталады. Форма -
программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сүхбаттық терезесi.
Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде формаға Form1 атауы берiледi (1-
сурет). Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты
нұсқама түрiне айналған кезде форманы кеңейтуге не қысуға болады.
Программа пайдалану үшiн форма бетiне түрлi компоненттер орнатылады.
Негiзгi компоненттер Delphi терезесiнiң компоненттер палитрасында
орналасқан.
Форманың және форма бетiне енгiзiлетiн компоненттердiң түрлi
қасиеттерi бар. Олар объектiнiң түрлi мүмкiндiктерiн сипаттап, ағымдық
күйiн анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерi - форма тақырыбының мәтiнi,
өлшемi, экранда орналасуы, түсi т.б. Delphi iске қосылған кезде форма
қасиеттерiне алғашқы ағымдық мәндер меншiктелiп қойылады.
Форманы, онда орнатылған компоненттi қосымша құру үшiн дайындау оның
кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект
инспекторы (Object Inspector) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор
терезесiне шығару үшiн керектi объектiнi (форманы не формада орнатылған
форма компонентiн) таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына
таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Delphi iске қосылған кезде
форманың алғашқы қасиеттер терезесi 1-суретте көрсетiлген. Қасиеттер
терезесiнiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қасиеттер) және Events
(Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан түратын оның
Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда – қасиет
атаулары жазылған, екiншi бағанға – олардың мәндерi енгiзiледi.
- Объект қасиетiн программа (программалық код) iшiнде орнатуға
болады. Мысалы, форма тақырыбы шрифтiнiң өлшемiн 14 ету үшiн
программаға Form1.Font.Size := 14 меншiктеу операторын
енгiзуге болады.
- Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшiн View-
Object Inspector командасын беру жеткiлiктi. Ол ±11 клавишi
басылған кезде де көрiнедi.
Ескерту. Жаңа проект iске қосылған кезде алдымен Delphi Direct
терезесi iске қосылуы мүмкiн. Терезеден Delphi News бумасын таңдау
жеткiлiктi.

1.2 Оқиғалар. Программалық код терезесi. әдiс

Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы,
пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатып формада
орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Осы iс-әрекет
(тышқанның шертiлуi) оқиға деп аталады. Яғни, оқиға - программаның жұмыс
iстеуi барысында объект жағдайын өзгертетiн белгiлi бiр iс-әрекеттi
шақырады.
- Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы,
компоненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада
орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын
шақырады.
- Объектiге байланысты түрлi оқиғалар бар. Мысалы, формаға
байланысты оқиғалар саны – 35 (3-сурет). Олар қасиеттер
терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға
атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп
жазылған. Ол - атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

Сурет 3. Форма оқиғалары
Delphi ортасында жиi қолданылатын оқиғалар:
OnClick – тышқан түймесiн бiр рет басу;
OnDblClick – тышқан түймесiн екi рет басу;
OnKeyDown – клавиштi басу;
OnKeyUp – басылған клавиштi босату;
OnMouseDown – тышқан түймесiн басу;
OnMouseUp – тышқан түймесiн босату;
OnMouseMove – тышқан көрсеткiшiн жылжыту;
OnCreate – форманы екi рет шерту, т.б.
Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты
түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.pas
атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге
оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар)
енгiзiледi (олар 1.4-тақырыпта кең тұрде қарастырылған). Программа мәтiнiн
программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша
редактор терезесi деп те атайды. Оны экранға шығару тәсiлдерi:

- форманы жабу (жабу тұймесiн шерту);
- код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса,
оны шерту. Терезе белсендiрулi тұрде ашылады да, онда процедура дайындамасы
(ұлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нұкте арқылы бөлiнген класс және процедура
атауларынан тұрады (4-сурет), т.б.

Формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту ұшiн
F12 клавишiн басу жеткiлiктi. 4-суретте көрiнiп тұрғаны – код терезесiне
енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура
оқиғаны өңдеуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi. Процедура
дайындамасының жазылу тұрi:
Procedure атау (Sender : TObject);
сипаттау бөлiмi
begin
процедура денесi
end;
- мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа
тиiстiлiгiн анықтайды.
Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде
барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.

Сурет 4. Программалық код терезесi.

Кез келген программа program сөзiнен басталатын проект файлы мен бiр
не бiрнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль iшiне
енгiзiледi. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтiлуi бойынша сақталады.
Проект файлын негiзгi модуль деп атайды. Негiзгi модульдiң мазмұны
проектiнiң жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi iске қосылған кезде оны ол
автоматты тұрде дайындап шығады. Негiзгi модульге ерекше жағдайлардан басқа
кездерде қосымша нұсқаулар енгiзудiң қажетi жоқ. Негiзгi модуль (проект):

program Project1;
uses
Forms,
Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1};

{$R *.RES}

begin
Application.Initialize;
Application.CreateForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
end.
- мұндағы,
Project1 – негiзгi модуль (проект) атауы. Проектiнi дайындап, жаңа
атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметшi сөз. Оның соңына
программада пайдаланылатын стандартты (кiтапханалық) Forms модулi мен
Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-
ден соң оның қайсы модульдiк файлда құрылатыны (in ’Unit1.pas’) және онымен
байланысты форма атауы көрсетiледi ({Form1}).
{$R*.RES} – нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегiмен
дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы,
шартбелгiлер (пиктограммалар) сақталған файлды және т.с.с. пайдалану
керектiгiн көрсетедi (файлдың кеңейтiлуi - .res);
Begin - end операторларының аралығына енгiзiлген соңғы бөлiм -
қосымшаның алғашқы жұктелуiн қамтамасыз ететiн әдiстер (Delphi-де арнайы iс-
әрекеттi орындайтын процедура, функция және командалар әдiстер делiнедi):
Application.Initialize – қосымша объектiсiн инициалдау (программаны
алғашқы рет дайындау) әдiсi;
Application.CreateForm – проект құрамына енетiн форманы дайындап,
экранда көрсету әдiсi (create - құру);
Application.Run – программаны iске қосуды қамтамасыз ету әдiсi.
- Delphi-де әдiстiң командалық тұрде жазылуы:
Объект.әдiс
- Мысалы, Application.Initialize – Application объектiсiнiң
Initialize әдiсiн орындау.
Кейбiр жағдайда бөлiмге проект сақталатын бума атын меншiктеу
командасын қосып қою да мұмкiн, т.б.
Delphi-де программаның орындалуы автоматты тұрде негiзгi модульдi
орындаудан басталады.
Модуль – тұрлi iс-әрекеттердi орындауға арналған программа бөлiмi.
Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметшi сөзiнен басталып, соңына
әдеттегiдей нұктелi ұтiр (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады.
Delphi-дiң модульге алғашқы рет меншiктейтiн атауы: Unit1. Жаңа проект
ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты тұрде құрылады:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes,
Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.DFM}
end.
Интерфейс (interface) бөлiмi interface кiлттiк сөзiмен басталады да,
оған келесi бөлiмдер енгiзiледi: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын бөлiм
сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлiмге пайдаланушы
дайындаған модуль атауын кiрiстiрiп қою да мұмкiн. Одан әрi, Delphi
дайындаған форма типi сипатталады (онда өрiстер, қасиеттер, компоненттер
сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар
(программа элементтерi) жарияланады, т.б.).
Private (жеке, дербес) бөлiмiне тек ағымдық модульге тиiстi элементтер
енгiзiлуi мұмкiн (элемент – өрiстер, әдiстер, қасиеттер мен оқиғалар);
Public (көпшiлiк) бөлiмiнiң iшiнде ағымдық модульге қол жеткiзуге болатын
кез келген программа не модульдiң көрiнетiн элементтерi, облыстары
енгiзiледi. Олар класқа енетiн элементтердiң пайдалану облыстарын ғана
анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрiнедi.
Implementation (iске асыру,орындау) бөлiмiндегi {$R*.DFM} – .dfm
кеңейтiлуi бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульдi оған
сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерiнiң
мәндерi жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерiнiң
де сипаттаммаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector
терезесiнде көрiнедi). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тiлiнде
қажеттi процедураларды қолдан кiрiстiру керек. Олардың iшiндегi оқиғаны
өңдеуiш процедуралардың тақырыптары модульдiң интерфейс бөлiмiнде автоматты
тұрде жазылып қойылады.
Кейде модульдiң соңына инициалдау (initialization) бөлiмi енгiзiледi.
Бөлiм модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер берiп), программаны
дайындау ұшiн қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлiм басқаруды программа
денесiне беруден бұрын орындалады. Бөлiм нұсқауларын begin және end
кiлттiк сөздерiнiң арасына енгiзу керек. Жоғарыда көрсетiлген сияқты, бөлiм
толтырылмаса, begin сөзi жазылмай, оған тек end. сөзi енгiзiледi. Ол -
модульдiң соңын бiлдiретiн кiлттiк сөз.

1.3 Компоненттер палитрасы

Delphi-де программа дайындау ұшiн компоненттiк тәсiл пайдаланылған:
пайдаланушы программаларының кiтапханасы программалау ортасымен бiрге
ұсынылатын, белгiлi бiр iс-әрекеттi орындайтын компоненттерден жинақталады,
ал олар форма терезесiне енгiзiледi. Компоненттiк тәсiл программалау
технологиясына нағыз төңкерiс жасады деуге болады, себебi, компоненттердi
пайдалану программа жұмысын кұрделi тұрде жеңiлдеттi.
- Компоненттер кiтапханасын визуальды компоненттер кiтапханасы
(Visual Component Library, VCL) деп атайды. Онда тұрлi
компоненттер жинақталып (Delphi 7-де олардың саны 200-ден
артық), олар тұрлi атаулы 19 бетке орнатылып қойылған.
Жиi қолданылатын беттер мен компонеттер 1-кестеде көрсетiлген:
1.1-кесте
Standard Құрамына жиi қолданылатын компонеттер енгiзiлген
стандартты бет.
Additional Стандартты беттi толықтырушы қосымша бет.
Win32 Windows 9598 стилiнде қолданылатын 32-биттiк компонеттер
System Таймер, плеер т.с.с. жұйелiк компонеттер бетi
DataAccess Берiлгендердi BDE арқылы басқару бетi
DataControls Берiлгендердi басқару бетi
InterBase InterBase программасымен тiкелей байланыс
Midas Берiлгендер қорын басқару қосымшаларын құру
Internet Инетрнет – Интернетпен жұмыс iстейтiн қосымшалар құру
QReport Есептер даярлау
Dialogs “Open file”, т.с.с. сұхбаттық терезелердi пайдалану

Standard бетiнiң кейбiр компоненттерi:
Label Мәтiндi шығару
Edit Бiр жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау
Memo Көп жолдық мәтiндi енгiзу және редакциялау
Button Командалық тұйме құру
Panel Компоненттердi топтастыру контейнерi
MainMenu Мәзiр құру

Additional бетiнiң компоненттерi:
BitBtn Бетiне биттiк бейне орнатуға болатын командалық тұйме
Image Графикалық кескiндердi шығару (бейнелеу)
Shape Форма бетiне тұрлi геометриялық фигураларды шығару
Chart Диаграммалар мен графиктер тұрғызу

Win32 бетiнiң компоненттерi:
Animate Дыбыссыз клиптердi орындау
ProresBar Орындалуы бiршама уақыт алатын процестердi бейнелеу

System бетiнiң компоненттерi:
Timer Қосымшада уақыт интервалын беру
PaintBox Форма бетiнде сурет салуға болатын облыс құру

Dialogs бетiнiң компоненттерi:
OpenPictureDialog Графикалық файлдарды ашу сұхбаттық терезесiн
пайдалану
SavePictureDialog Графикалық файлдарды сақтау сұхбаттық терезесiн
пайдалану

Аталған компоненттердi пайдалану мысалдары 1-тарауда келтiрiлген.
Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панелiне қосып қоюына
болады.

1.4 Компоненттердi пайдаланып қарапайым проект құру

- Формада орнатылған Label, Edit компоненттерiнiң Caption,
Text қасиеттерiне программа арқылы қол жеткiзу – Паскальдағы
жазу өрiсiне қол жеткiзу сияқты. Алдымен объект атауы
жазылып, одан соң нұкте қойылады да, оның соңына қасиет
атауы енгiзiледi. Қасиетке мән меншiктеу тәсiлi әдеттегiдей.
Мысалы:
Label1.Caption:=’Бiз студенттермiз’;
Edit1 өрiсiне енгiзiлген қарапайым мәтiндi (S) Label1 өрiсiне шығару
да мұмкiн. Ол ұшiн процедура денесiн мынадай етiп алу жеткiлiктi
(Edit1.Text - Edit1 объектiсiнiң Text қасиетiн программа арқылы
орнату әдiсi):
var s : string;
begin
s := Edit1.Text;
Label1.Caption := s;
end;
1-Мысал. Екi санның көбейтiндiсiн есептейтiн қосымша құру керек.
- Delphi-дi iске қосып, жаңа проект құру. Компоненттер
палитрасынан Edit1, Edit2, Label1, Label2, Label3, Panel1,
Button1 компоненттерiн форма бетiне 5-суреттегiдей етiп
орнату;

Сурет 5. Компонеттер орнатылған форма

- Форманың және оның компонеттерiнiң қасиеттерiн орнату:
Компонент Қасиет Меншiктелетiн мән
Form1 Font Times Kaz, 10
Caption Сандарды кобейту
Edit1 Text (бос ету)
Edit2 Text (бос ету)
Label1 Caption 1-сан
Label2 Caption 2-сан
Label3 Caption Нәтиже
Panel1 Caption - (бос ету)
Button1 Caption Есептеу

- Формада Есептеу (Button1) тұймесiн екi рет шерту. Click
оқиғасы процедурасының дайындамасы көрiнедi. Оның тақырыбы:
- Procedure TForm1. Button1Click (Sender : TObject);
- Процедура денесiн енгiзу:
Рrocedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
Begin {негiзгi програма}
Меншiктеу
Panel1.Caption:=Edit1.Text+'*'+Edit 2.Text+'='+
FloatToStr(StrToFloat(Edit1.Text)*S trToFloat(Edit2.Text));
end;
Фигуралық жақшалар iшiне ({ }) жазылған мәтiн – тұсiнiктеме (Турбо
Паскальдағы сияқты); Delphi-де бiр жолдық тұсiнiктеменi қос көлбеу сызықтан
( ) соң жазуға да болады (процедураны қараңыз).
- Iске қосу командасын беру (±9);
Программа компиляцияланып шыққан соң, жұйе “Сандарды көбейту” тақырыбы
жазылған форманы экранға шығарады;
- 1-сан және 2-сан өрiстерiне мәндер енгiзу (-8 және 91);
- “Есептеу” тұймесiн шерту. Panel1 өрiсiне нәтиже жазылып
қойылады (6-сурет).

Сурет 6. Нәтиже шығарылған форма
Delphi-де визуальды программалау тәсiлi екi процестен тұрады: форма не
онда орнатылған компоненттер арқылы программаның визуальды орындалуын
құрастыру және оларды пайдаланып, программалық код жазу.

1.5 Проектiнi сақтау және ашу

Проектiнi дайындап болған соң оны сақтау ұшiн File-Save Project As не
File-Save All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып
жатса, онда модульдi сақтауды сұралатын Save Unit1 As терезесi көрiнедi.
Проект сақталу ұшiн арнайы бума дайындалмаған болса, ол Projects
(C:\Program Files\Borland\Delphi5\Projects) бумасында сақталады. Бiрақ
пайдаланушы Сақтау терезесiнде жаңа бума құрып, проектiнi сонда сақтағаны
жөн. Ол оны iздеп табуды жеңiлдетедi. Жаңа бума құру тәсiлi:
сақтау сұралатын терезенiң Жаңа бума құру тұймесiн шерту. Бума
белгiшесi терезеде орналастырылып қойылады;
клавиатурадан бума атын енгiзу;
буманы екi рет шертiп, ашу;
терезенiң Файл аты өрiсiне модуль атауын енгiзiп, Сақтау тұймесiн
шерту. Модуль .pas кеңейтiлуi бойынша сақталып қойылады да, экранда проект
аты сұралатын терезе көрiнедi;
Файл аты өрiсiне проект атын енгiзiп, Сақтау тұймесiн шерту. Проект
файлы .dpr кеңейтiлуi бойынша сақталады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ЕСЕБІ БАҒДАРЛАМАСЫН СИПАТТАУ
«Toyota» автосалон деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
Бала-бақша МҚБЖ-н құру
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
Мәліметтер қоры. Delphi ортасы
Delphi ортасында мәліметтер қорын құру
DELPHI ортасында мәлметтер қорымен жұмыс жасау
Мәліметтер қоры сервері
Мәліметтер қоры туралы ақпарат
Delphi7 объектілі бағытталған программалау ортасы
Пәндер