Аңшылық иттердің тұқымдастары


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Аңшылық иттердің тұқымдастары

ОРЫНДАҒАН: Қонысова Ф.

ҚАБЫЛДАҒАН:

АЛМАТЫ 2017

ЖОСПАРЫ

Кіріспе . . . 3

Биологиялық сипаттамасы . . . 4

Такса . . . 4

Тазы . . . 5

Пайдаланған әдебиеттер . . . 7

КІРІСПЕ

Аңшы иттер - терісі мен еті үшін ауланатын жануарларды ұстауға баулынған ит тұқымдары. Оларға: тазы, иір құйрық аңшы иттер, іншіл иттер т. б. жатады.

Тазылар аңды қуып жүріп ұстайды. Олар сағатына 90 км шапшаңдықпен жүгіреді. Тазыларды қоян мен түлкіге, ұсақ тұяқтыларға, кейде қасқырға да салады. Кейде ұсақ құстарды қалың шөп, бұта арасынан үркітіп, аңшыға жәрдем береді. Итті ауланатын аң-құсқа қарай таңдап алған жөн. Оны күшік кезінен үйретіп, баулу керек.

Иттің бабы, күйі, сезгіштігі жоғалмау үшін ашық алаңға, бос жерлерге серуен жасаған абзал. Ересек итті тәулігіне екі рет, ал күшікті 2 айға дейін 5-6 рет тамақтандыру қажет. Аңшы иттерді таңдап алу үшін шығу тегі белгілі, шежіре куәлігі бар ит тұқымы ұсынылады.

Аңшы иттердің 100-ден астам тұқымы бар, бұлардың 25-ке жуық тұқымы КСРО-да өсі-ріледі. Қоян мен түлкі аулайтын әуесқой аңшылар жергілікті жағдайға қарай тазы немесе жүйрік ит тұқымдарын өсіреді. Құсқа салуға сеттерді, пойнтерді, неміс жатағанын немесе спаниелді, інге салуға фокстерьерді немесе таксаны пайдаланады. Сақ итпен орман құсын, қырғауыл, үйрек, ұсақ аң, аю, бұлан аулайды.

Тазы, жүйрік, сақ иттерді, түгі қайратты жатағанды, түгі қайратты фокстерьерлерді салқын қора-жайда, аулада, қалған түрлерін жылы орында, не үйде ұстайды. Бұл иттерді асыраушылар аңшылық ит өсіру клубтарына мүше болады.

Үйде ұсталатындары, әдетте, ірі болмайды. Бұларға: болонка, пинчер, тойтерьер, шниц, аффен-пинчер, бұйра кәндек Пекин иті (пекинес), жапон хиндері, чихуа-хуа және т. б. жатады. Үйде ит ұстайтындар ит өсіру әуесқойлары клубына немесе қоғамына мүшелікке кірелі.

Биологиялық сипаттамасы

Ит (лат. Canis lupus familiaris) - үй жануары. Биологиялық жіктеу бойынша, ит - Сүтқоректілер класының Төбеттер тұқымдасының қасқырлар тегіне жататын жыртқыш.

Иттер шамамен б. з. б. 15 - 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман-пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т. б. ) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет

Иттер - нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны - азу тісі.

Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады.

Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады.

Жыныстық жағынан төбеті 10 - 12 айда, қаншығы 7 - 8 айда жетіледі, жылына 1 - 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 - 65 күн, қаншығы 1 - 2, кейде 12 - 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 - 8, көзі 10 - 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 - 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 - 1, 5 айдай емеді.

Иттер 10 - 12 жылдай тіршілік етеді.

Такса

Такса (нем. Dachshund) - аңшы ит тұқымы. Ол қысқа сирақтарымен және ұзын денесімен ерекшелінеді.

Таксалар алуан түрлі болып келеді: стандартты, кішкентай, ергежейлі. Ал бұлар болса өз ішінде тазғыр, қалыңжүнді және қаттыжүнді болып бөлінеді.

Таксалардың түстері әрқилы болуы мүмкін. Олардың арасындағы ең көп таралғандары қара-ала, қара, жирен, қоңыр-ала, мәрмәрлі (қара және кофелі мәрмәр) түстестері. Сондай-ақ жолбарыс тәрізді таксалар кездеседі.

Сипаттамасы

Мықты, шомбал қаңқалы ит, жерде берік тұрады, созылған ұзын тұмсықты, құлақтары ұзын, жұмсақ, соңы жиырылған. Арқасы бұлшық етті, қатты, кеудесі көлемді, терең. Құйрығының бастауы берік, қалың, төмен қойылған, әдетте арқа сызығынан сәл төмен тұрады, ашуланғанда үстіге тікірейіп тұрады. Аяқтары қысқа, жуан, бедерлі бұлшық етпен (әсіресе алдыңғылары) . Алдынғы сирақтары артқысына қарағанда жалпағырақ әрі үлкенірек. Емін-еркін, адымды жүреді.

Стандарттылары - шамамен 9 кг- ең көп таралған түрі.

Кішкентайлары - төс қуысының құшағы 30-дан 35 см-ге дейін, ересек иттің массасы - 4-тен 5, 5 кг-ға дейін.

Ергежейлілері - төс қуысының құшағы 30 см-ге дейін, ересек иттің массасы - 3, 5 кг-ға дейін.

Мінез-құлқы

Табиғаты бойынша жылы шырайлы, белсенді, жүгерлі, намысшыл әрі байсалды темпераментті. Құмар, тұтқыр, әуесқой, қызыққұмар және өте сезімтал қажымас аңшы ит.

Такса келесі жануарларды аулауға жарамды: борсық, түлкі, жанат, егер керек болса судағы үйректі де алып шыға алады, із бойынша аңдиды. Қабан немесе аюдың келе жатқанын иесіне бірден ескертеді.

FCI классификациясына сәйкес таксалар жүндік сипаттамалары бойынша 3 түрге бөлінеді:

  1. тазығыр (тақыржүнді)
  2. қалыңжүнді
  3. қаттыжүнді.

Сондай-ақ өлшем сипаттамалары бойынша да үш түрге бөлінеді:

  1. стандартты таксалар - 35 см-ден
  2. кішкентай таксалар - 30-35 см
  3. ергежейлі таксалар - 30 см-ге дейін

Осылайша таксаның 9 түрі мәлім.

Тазы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтік иттер
Таспа құрттар класының негізгі өкілдері
Иттің таралуы мен түрі[
Неміс овчаркасы
Такса (ит)
«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
Қырғауылға аңшылық жасау
Буынаяқтылар типі. өрмекшітәрізділер класы. кенелер. жіктелуі және практикалық маңызы
Тұяқты жануарлар
Аңшылық иттердің шығу тегі және жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz