Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ.КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ақпараттық.коммуникациялық технологияларды орта мектепте
пайдаланудың психологиялық.педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.2 Кәсіптік білім беру арқылы оқушылардың кәсіби құзырлығын
қалыптастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
1.3 Ақпараттық.коммуникациялық технологияларды енгізе
отырып, мектеп оқушыларына кәсіби бағытта білім беру ... ... ... ... ... ... ... ... ...30


2 АҚПАРАТТЫҚ.КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.ДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

2.1 Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруда ақпараттық.коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары ... ... ... 37
2.2 Электронды оқулықтың құрылымы және оны кәсіптік оқытуда пайдалану технологиялары ... .. 52
2.2.1 7.11 сыныптардың физика пәніне электронды оқулықтарды пайдаланып өткізген сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... 62
2.3 Мектеп оқушыларының коммуникативтік құзырлығын құрайтын компоненттер бірлігі ... ... 65
2.4 Ақпараттық.коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби бағытта білім бере отырып, мектеп оқушыларының кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы зерттеу әдістері ... ... ... ...75

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ...82

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... 89
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Бұған негізгі дәлел Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 26 мамырдағы Г.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге арнап оқыған дәрісінде [1]: «...білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшіп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруымен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді», - деп көрсетті.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болған болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян.
Н.Ә. Назарбаев «Инновациялық білім арқылы экономикалық білімге» атты дәрісінде [2]: «Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін» деген болатын. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде [1]: «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп көрсетілді.
Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзыреттілік» – адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.- Астана, 2006. -31-32 б.
2 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. // Егемен Қазақстан, - Астана, 12.26. 2011.
3 Қазақстан Республикасының Ұлттық энциклопедиясы - Алматы, 1993. 6 том, 96 б.
4 Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы. 2008ж. 01.07.
5 Тұрғынбаева Б.А. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. - Алматы, 1999. – 147 б.
6 Выготский Л. С. Педагогическая психология. / Под ред. В. В. Давыдова. – М.: Педагогика, 1991. – С. 480.
7 Сластенин В.А. Формирование личности учителя в процессе профессиональной подготовки. –М.: Педагогика. – 1976. – С. 275.
8 Мұхамбетжанова С.Т. Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту. - Алматы, 2009. 158 б.
9 Шуакбаева Р.С. Жоғары сынып оқушыларын көпжақтарға берілген есептерді компьютер көмегімен шығару үйрету әдістемесі. Педагогика ғыл. кандидаты... дис. автореф. – Шымкент, 2007. – 26б.
10 Қазақстан республикасының «Білім туралы заңы» //Егемен Қазақстан. – Астана, 2007. 08.
11 Нургалиева Г.К. Страновый отчет о внедрении информационно-коммуникационных технологий в систему среднего общего образования Республики Казахстан – Алматы, 2007. – 120 с.
12 Қараев Ж.А. Активация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения. Автореф. дис...док.пед.наук –Алматы, 1994.-48с.
13 Кариев С. Совершенствование обучения информатике в общеобразовательных школах Казахстана. Автореф. дис...док.пед.наук –Москва, 1997.-48с.
14 Мұхамбетжанова С.А. Информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін 7-9 кластарда оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптасырудың әдістемелік негіздері. Педагогика ғыл. кандидаты...дис.автореф. –Алматы, 1996.-27б.
15 Аганина Қ.Ж. Формирование учебно-компьютерных умений у учащихся в процессе обучения школьным дисциплинам. Автореф.дис...канд. пед. наук – Алматы,1996.-21с.
16 Смағұлова Л.А. Орта мектептегі информатика курсында компьютерлік модельдеуді оқыту әдістемесін жетілдіру. Педагогика ғыл. кандидаты...дис.автореф. –Алматы, 2002.–28б.
17 Шекербекова Ш.Т. Гуманитарлық бағыттағы жоғарғы сынып оқушыларына «мәліметтер қоры және оның қолданылуы» курсын оқыту әдістемесі. ғыл. кандидаты ...дис. автореф.–Алматы,2003.–29 б.
18 Даумов Н.Г. Оқытуды ақпараттандыру процесінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту. Педагогика ғыл. кандидаты ... дис. автореф. – Атырау, 2003. –30б.
19 ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 Қаулысымен бекітілген.
20 Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен бекітілген.
21 Архангельский С.И. Учебный процесс в высщей школе, его закономерные основы и методы. Учеб.метод пособие. –М.: Высшая школа, 1980. – С.368.
22 Қалимолдаев М.Н., Мадьярова Г.А. Ақпараттық-қатынастық технологияны информатиканы оқытуда қолдану ерекшеліктері. // Сборник депонированных трудов. АО «НЦ НТИ». 2009. – Выпуск 2.
23 Жуков В.И. Российское образование: проблемы и перспективы развития. – М.: МГСУ «Союз», 1998. – 327 с.
24 Воронина Т.В., Кашицин В.П., Молчанова О.П. Образование в эпоху новых информационных технологии – М.: «Информатика», 1995. – 220 с.
25 Панюкова С.В. Концепция реализации личностно орентированного обучения при использовании средств информационных и коммуникационных технологий – М.: Про-пресс, 1998. – 120 с.
26 Беспалов Е.Н. Акмеологический подход к построению обучающей компьютерной системы – М.: МААН, 1998. – 119 с.
27 Кузмина Н.В. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: 1989. – С. 268.
28 Манушин Э.А. и др. Потребности стран мира в использовании информационных и коммуникационных технологий в образовании // Образование и XXI век: Информационные и коммуникационные технологии. – М.: Наука, 1999. – С. 44-109.
29 Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы; перспективы использования – М.: Школа-Пресс, 1994. – 205 с.
30 Баймұханов Б., Сыдықов Б.Д. Компьютерлік оқу-әдістемелік кешенді құрудың негізгі дидактикалық принциптері – Алматы: Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті. // Хабаршы, №2 (18), 2007. –Б. 40-45.
31 Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М., 1989.- С.192.
32 Беспалько В.П., Татур Ю.Г. Системно – методическое обеспечение учебно-воспитптельного процесса подготовки специалистов: Учеб.- метод. пособие. –М.: Высш. шк. 1989. – С. 144.
33 Кеңесбаев С.М. Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері, Пед. ғыл. док. ғылыми дәрежеcін алу үшін жаcалған диcc... –Түркістан, 2006. -182 б.
34 Машбиц Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения. -М., Педагогика, 1988.-С.192.
35 Сыдықов Б.Д. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі. Педагогика ғыл. док.. дис. автореф. – Түркістан, 2008. – 44б.
36 Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. – М.: Педагогика, 1987. – 264 с.
37 Мусин К.С. Методология профессиональной подготовки учителей: Основные направления и тенденции развития. – Алматы, АГУ имени Абая. 1999. –172 с.
38 Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2011-2020 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы. – Астана, 07.12.
39 Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001. –C. 30-33.
40 Информатика. Электронный учебник для 10-го класса. –Алматы:НЦИ. 2008.–70,4 Мб.
41 Алимбекова Г.Б. Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіруге арналған оқу құралы. – Алматы, 2008. – 252 б.
42 Алимбекова Г.Б. Болашақ мұғалімдердің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейін жетілдіруге арналған оқу құралы.– Алматы, 2008.-206 б.
43 Устемиров К. Шаметов Н.Р. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы 2005.- C.432.
44 Богданова И.М. Формирование профессианально-педагогической готовности будущих учителей к компьютерному образованию школьников. Дис.канд... пед. наук – Киев, 1990. – C.179.
45 Киселев Г.М. Реализация разноуровневого подхода в подготовка будущего учителя к использованию ЭВМ в учебном процессе. Автореф. дис...канд. пед. наук – М., 1995. – C.20 .
46 Гершунский Б.С. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. – М.: Педагогика, 1987. – C.264 .
47 Алимбекова Г.Б. «Физика. Эксперименттік есептерді шығарудың теориясы мен әдістемесі». – Алматы, Нұр-Принт. 2012, 315 б.
48 Панюкова С.В. Информационные и коммуникационные технологии в личностно орентированном обучении – М.: Про-пресс, 1998. – C. 226.
49 Манушин Э.А. и др. Развитие информационных технологий в образовании // Образование и XXI век: Информационные и коммуникационные технологий – М.: Наука, 1999. – С. 9-43.
50 Монахов В.М. Психолого-педагогические проблемы обеспечения компьютерной грамотности, учащихся // Вопросы психологии, 1986. №3. – С. 22-25.
51 Шевченко Е.В. Педагогические взаимодействие учителя и учащихся на учебных занятиях с использованием вычислительной техники. Автореф. дис...канд. пед. наук – М., 1998. – C. 23.
52 Кариев С. Орта мектеп оқу үрдісінің төменгі кезеңінде информатика курсын оқытудағы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері // «Шоқан тағылымы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана, ЕНУ им Л.Н.Гумилева, 2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды орта мектепте

пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

1.2 Кәсіптік білім беру арқылы оқушылардың кәсіби құзырлығын
қалыптастырудың ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
6
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізе
отырып, мектеп оқушыларына кәсіби бағытта білім беру
... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

2 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ-ДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

2.1 Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
2.2 Электронды оқулықтың құрылымы және оны кәсіптік оқытуда пайдалану
технологиялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... . 52
2.2.1 7-11 сыныптардың физика пәніне электронды оқулықтарды пайдаланып
өткізген сабақ жоспарлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
2.3 Мектеп оқушыларының коммуникативтік құзырлығын құрайтын
компоненттер бірлігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 65
2.4 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби бағытта
білім бере отырып, мектеп оқушыларының кәсіптік құзырлықтарын
қалыптастырудағы зерттеу әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..82

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..85

ҚОСЫМШАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..89

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда еліміздің білім беру
жүйесіндегі реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір
педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы
толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары
анық. Бұған негізгі дәлел Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 26
мамырдағы Г.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге
арнап оқыған дәрісінде [1]: ...білім беру ұғымының өзі өзгеруде және
кеңеюде. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны
дамыту тұжырымдамасына көшіп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық
сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі
іске асыруымен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді,
- деп көрсетті.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін
оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болған болса, ал
қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға
дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге
бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны
баршамызға аян.
Н.Ә. Назарбаев Инновациялық білім арқылы экономикалық білімге атты
дәрісінде [2]: Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына енудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді
азамат, ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі
басқара алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол
уақытта жүзеге асыру мүмкін деген болатын. Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім
берудің мақсаты ретінде [1]: ... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру, - деп көрсетілді.
Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда құзыр –
тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы
мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал
құзыреттілік – адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі.
Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық
оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік
олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке
қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.
Қазақ тілінде құзыр (компетенция) [3] ұғымының мән-мағынасын
анықтауға бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім
саясатын анықтайтын құжаттарда және әлеуметтік, философиялық,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынына көзіміз
жетті. Бұл осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелілік-практикалық
қызметімен байланысты. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде құзырлық жаңа ұғым
емес. Мәселен, лингвистикалық құзырлықты орыс тілін оқыту әдістемесінің
мамандары бұрыннан қолданып келгені мәлім. Ал филология мен информатикада
коммуникативтік құзырлық жиі қолданылады.
Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса,
Ресейдің мектептегі білімді модернизациялау стратегиясында білім мазмұны
– құрылымы бойынша адамның мәдениетіне теңестірілген, изоморфты,
педагогикалық тұрғыдан бейімделген, адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі
ретінде қарастырылады. Ол негізгі төрт элементтен тұрады:
- танымдық қызмет тәжірибесі;
- қызметтің белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі;
- шығармашылық қызмет тәжірибесі;
- эмоциялық-құндылық қатынастар жасау тәжірибесі.
Осы төрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің
күрделі мәдениеттілікке сыйымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер
– құзыреттілік деп аталады.
Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымына
өз анықтамамызды береміз [4]: құзырлық – алған білімін пайдалана білу
қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен
шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және
қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның
интегративті қасиеттер жиынтығы.
Бүгінгі мектеп оқушылары үшін жоғарыдағы айтылған құзырлықтар арқылы
әлеуметтену үдерісінің алатын орны ерекше. Сараптау барысында, ғылыми
әдебиеттерде жеке адам әлеуметтік тұлға ретінде қарастырылады, яғни ол өз
елінің өркендеп дамуына іскерлікпен, саналылықпен қарайтын, білімді,
мәдениетті, кәсіби құзырлы азамат. Әлеуметтік тұлғаның қалыптасу үдерісі
оның қоғамдағы тұлғалық сана-сезімінің болмысына байланысты. Бұл үдеріс
білім мен өзін-өзі тәрбиелеу, алдына мақсат қоя білу және оны жүзеге асыру,
өз қадірін сезіну, қоғамда өз орнының бар екендігіне сенімді болғанда
жүзеге асады.
Демек, тұлғаның кәсіптенуі оның ана тіліне, күнделікті тұрмыс
жағдайындағы мінез-құлқына, шығармашылыққа деген ынтасы мен өз халқының
мәдениетін қабылдау қабілетіне байланысты. Оқушының қалыптасуы қоршаған
ортасын танумен, өмір сүру барысында кездесетін жақсылық пен жамандықтардан
тұрады. Сондықтан, сыртқы орта – жоғары сынып оқушысының әлеуметтік тұлға
болып қалыптасуына ықпал ететін басты фактор.
Қорыта айтқанда, кәсіби құзырлылық дегеніміз – бала дамуының әлеуметтік
кезеңдерін қамтитын және оның әрбір кезеңі белгілі бір анықталған
мәселелерді шешу мақсатына жауап беретін, өмір бойы созылатын үздіксіз
үдеріс. Осы тұрғыдан қарастырғанда аталмыш үдеріс бала дамуының әлеуметтік
кезеңдерін қамтиды және оның әрбір кезеңі белгілі бір анықталған
мәселелерді шешу мақсатына жауап береді. Егер, адам балалық шағында
әлеуметтік нормалармен қаруланған болса, есейген шағында оның сана-сезімі
жоғарылап, тұлға болуға деген қажеттілігі дамиды. Ал жасөспірім шақта
өзінің қажеттіліктері мен қоғамдық даму талаптарына жауап беретін тұлғаға
тән қасиеттері қалыптаса бастайды. Сондықтан, зерттеу мақсатына қарай бұл
тәжірибені оқушылардың кәсіби дайындығына қойылатын талаптарды айқындауда,
төл оқулықтарын жазу және оқу үдерісін жаңаша жобалау кезінде ескеру қажет
екендігін анықтадық.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында зерттеуші ғалымдар В.И.Слободчиков,
Ю.Г. Юдина кәсіби құзырлық ұғымын ғылыми педагогикалық айналымға
енгізген. Ғалымдардың басым көпшілігінің пайымдауынша, іс-әрекеттегі оқушы
өміріндегі басты оқиға – өзіндік адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз
орнын іздеу, өзінің өмірбаянын өзі жасаушы ретінде сезіну деп есептейді.
Сондай-ақ , олар оқушының кәсіби-әлеуметтік құзырлы әрекетінің пайда
болуын ғылыми тұрғыда негіздей келе, оның жан-жақтылық сипатына назар
аударады. Ал, А.Н. Лук өз еңбегінде адамның кәсіби құзырлы әрекетін
дамыту ең алдымен кәсіби құзырлы ойлауға байланысты екенін алға тартса,
Б.А. Тұрғынбаева [5]: кәсіби құзырлы әрекетті жаңалықты сезіну, яғни
тосын жағдайларға табандылық таныта білу, еңбектің нәтижесі оқушыны жоғары
көңіл-күйге бөлеп, жаңа кәсіби істерге ынталандыратынын айтады.
Кәсіби құзырлы әрекет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің
міндетіміз – мектеп оқушыларының бойында жасырын жатқан өз мүмкіндіктерін
ашып көрсету. Сонымен, оқушыны кәсіби құзырлықа баулу, өз еңбегінің
нәтижесін көру, оны бағалауға бағыттау өте күрделі үдеріс екендігіне
көзіміз жетті. Себебі, оқушының кәсіби құзырлық мүмкіндігі оның жеке тұлға
ретінде қалыптасу үдерісінде пайда болады. Егер, кәсіби құзырлық оқушының
жас кезінде бағалы бағдар болып орнықпаса, онда болашақта оның тұлға болып
қалыптасуы екіталай.
Жоғарыдағы пікірлерді қорытындылай келе, біз мектептерде кәсіби
құзырлығы дамыған тұлға қалыптастыру – қазіргі оқу үдерісінің ең басты
талаптарының бірі екендігін көреміз. Кәсіби құзырлы тұлға қалыптастыру
мектеп оқушыларының танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру арқылы жүзеге
аспақ.
Қарастырылған кәсіби құзырлыққа байланысты ғылыми еңбектердегі
теориялық сараптамалар негізінде және зерттеу мәселесі бойынша жасалған
тәжірибелерімізге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Яғни,
мектеп оқушыларының әлеуметтік құзырлығын қалыптастыру – оқушыларды сапалы
өмір сүруге дайындайды. Біздің ойымызша, нарықтық қатынас заманындағы
оқушыға кәсіби құзырлықты қалыптастыру үдерісі педагогикалық феномен
ретіндегі мәнді де маңызды мазмұнға ие болады. Осы түсініктерді негізге
ала отырып, зерттеу жұмысымызға байланысты өз анықтамамызды береміз: мектеп
оқушыларының кәсіби құзырлығы – қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын,
өмірді және өзін, өмірлік мақсаттары мен кәсіби құзырлықтың өзіндік,
тұлғалық әлеуетін түсінетін, кәсіби маңызды құндылықтарды жүзеге асыра
алатын, өзін және қоршаған ортасын сыйлайтын, жауапкершілігі бар
рефлексивті қасиеттер жиынтығы.
Зерттеу барысында мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудың
теориялық негіздерін айқындауды мақсат еттік. Бұл тұрғыда, біз, ІХ-ХІ
ғасырларда өмір сүрген ғұламалар әл-Фараби (870-950), Ж. Баласағұн (1021-
1075), О. Хайям (1040-1123) еңбектеріне шолу жасадық.
Философ, әлеуметтанушы, Шығыстың Аристотелі атанған әл-Фараби өз
ғылыми мұраларында ...сана ешқашан сарқылмайды, ол әлеуеттене отырып,
бардың мәнін түсінуге әкеледі – деген ой айтады. Бұл ойы қазіргі заман
талабына сай бүгінгі жастарды әлеуметтендіру мәселесінде өзінің
өзектілігімен ерекшеленіп отыр.
Көреген ойшыл Ж. Баласағұн өзінің шығармаларында білік біліп – төрден
орын аласың, білік білсең – күшті берік адамсың... қанша білсең, ізден
тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына деп біліктіліктің
маңыздылығын айқын көрсеткен. Ал, ұлы ғалым Омар Хайям өзінің рубайларында
еңбек, білім, тәрбие, басын қоссаң мәнді де, үшеуін бірдей меңгерсең,
жібермес сені өлімге деп тәрбие мен білімді ұштастыра алғанда адамның
ұлылығы, құзырлығы айқындала түсетінін меңзейді. Демек, ұлы ғұламалардың
жастарды тәрбиелеудегі берген құнды ойлары олардың ақыл-ойы мен санасын,
ынтасы мен қызығушылығын оятып, әлеуметтік тұрғыда тәрбиеленуіне мүмкіндік
береді.
ХІХ ғасыр ағартушылары Ш. Уәлиханов (1835-1865), Ы. Алтынсарин (1841-
1889), А. Құнанбаев (1845-1904) еңбектерінде адамның кәсіби қабілетіне
әсер ететін, ынтасы мен қызығушылығын оятып, өздігінен сапалы дәлелді
шешімдер қабылдай білуге икемдейтін ақыл-кеңес береді.
ХХ ғасыр басында кәсіби - әлеуметтік құзырлық туралы ойлар
С.О.Грузенберг, М.А. Блох және т.б. ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан.
Осы кезеңде қоғамдық өмірдің әр саласындағы (әдебиет, техника т.б.)
әлеуметтік құзырлы әрекет жайлы зерттеулер жасалып, зерттеуші ғалымдар
әлеуметтік құзырлықты дарындылық пен еңбексүйгіштіктің қоспасы ретінде
қарастырады. Әлеуметтік құзырлық тұлғаның әлеуметтік бейімділігін,
әлеуметтік хабардарлығын, тұлға мен социум жағдайы арасындағы оптималды
сәйкестікті табуға мүмкіншілік беретін, әлеуметтік интеллект,
әлеуметтік ойлау түсініктерінде белгіленген әлеуметтік білім мен
іскерліктер мағынасында қарастырылады (К.А. Абульханова-Славская, В.Н.
Куницина).
Зерттеу жұмысымыздың негізіне өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында
кеңінен тараған кәсіби құзырлық тәсілдері енді. Мұнда, кәсіби құзырлық
тәсілдің мәні меңгерілген білімдер көлемі емес, адамның әр түрлі мәселелік
жағдаяттарда әрекет ету қабілеті болып табылады. Соңғы жылдары ол
Финляндия, АҚШ, Канаданың, т.б. білім беру жүйелерінде бекітілді. Құзырлық
тәсілдері идеясы шетел ғалымдары (Равен Дж., Зинченко А.П., Зимняя И.А.,
т.б.), сондай-ақ отандық ғалымдар (Жексенбаева У.Б., Самуратова Ж.Б., т.б.)
еңбектерінде көрініс тапқан. Фрумин И.Д. құзырлық тәсіл шынайы өзгермелі
әлеуметтік-экономикалық білім беру мазмұнының жаңаруы ретінде көрініс
табатынын атап көрсеткен. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша түрлі тәсілдер
өңделуде: тілдік құзырлық (Хаймс Д.), кәсіби құзырлық (Маркова А.К.),
педагогикалық құзырлық (Митина Л.М.). 70-90 жылдары әлеуметтік құзырлық
ұғымының мазмұны айқындалды (Зимняя И.А.).
Қазіргі оқытушы, болашақ мамандарды дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт-
бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар
мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды
көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мамандар (мұғалімдер) тек білімге ғана
емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Шетелдік тәжірибелерді қорыта келе, қазақстандық ғалымдар жүргізген
зерттеулерде В.А. Болотов пен В.В. Сериков құзырлық ұғымын жан-жақты аша
отырып, бұл мәселені әлі зерттеуді қажет ететін аспектілерін көрсетіп
берген. Зерттеушілердің көпшілігі білім мазмұнын құзырлық тұрғыдан
қарастырғанда адамның қызметі, өмірлік мәселелерді шешудің тұтас
тәжірибелері, әлеуметтік рөлдерді атқару құзыреттері немесе білімдік
компонент емес, жалпы мәдени-әлеуметтік тәжірибе; ақпараттану емес, мәселе
шешу; есте сақтап, жауап беру емес, өмірлік маңызды мәселенің шешілуін
жобалау деп қарастыратыны анықталды. Түйінді құзырлық функционалдық
сауаттылықтың белгілі бір деңгейі ретінде көрініс береді. Шетелдік
тәжірибелерді қорыта келе, қазақстандық ғалымдар жүргізген зерттеулерде
құзырлық мәселелері Қазақстан мектептеріндегі білімнің жаңа моделі ретінде
ұсынылып отырғанын көреміз. Дегенмен, аталған ғылыми зерттеулер мен
әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасалған талдау бүгінгі
күнге дейін мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыру мәселесінің
зерттеу нысаны болмағанын дәлелдеп отыр.
Демек, қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жағдайында
оқушылардың кәсіби құзырлығын қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен
мектептегі құзырлық тәрбиенің жағдайы арасында; мектеп оқушыларының кәсіби
құзырлығын қалыптастыру қажеттігі мен оның бір жүйеде зерттелмеуі арасында;
бұл кәсіби құзырлықтарды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану
қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы
арасында қарама-қайшылықтар анық байқалады.
Осы қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу
проблемамызды айқындауға және тақырыпты Мектеп оқушыларының кәсіби
құзырлығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын
қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның технологиясын жасау.
Зерттеу нысаны: мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектеп оқушыларының кәсіби
құзырлығын қалыптастыру теориялық (тұлғалық–іс-әрекеттік, жүйелілік,
құзырлық) тұрғыда нақтыланса, соның негізінде мектеп оқушыларының кәсіби
құзырлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалса, оқу
үдерісінде оқушылардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру жүйесі педагогикалық
және ақпараттық технологиялар арқылы іске асырылатын болса, онда кәсіби
құзырлы жеке тұлғаны қалыптастыруға болады, өйткені, бұл бүгінгі қоғамның
мектепке қойып отырған талабына сай келеді.
Зерттеудің міндеттері:
- құзырлық, мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығы ұғымдарының
мәнін нақтылау;
- мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың
кәсіби құзырлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін
құру, сондай-ақ, аталмыш қасиетті қалыптастыру арқылы
педагогикалық шарттарын анықтау;
- қазіргі қоғамға сай мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын
қалыптастыру технологиясын әзірлеу, оның тиімділігін
тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру.
Жетекші идея: мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығы тұлғалық-іс-
әрекеттілік, жүйелілік, құзырлық парадигмасы негізінде ұйымдастыру арқылы
қалыптасады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: таным теориясы,
философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан жеке тұлға мен оның
дамуындағы іс-әрекеттің, біліктіліктің, кәсіби құзырлықтың рөлі туралы
қағидалары; тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, тұтас педагогикалық үдеріс,
құзырлық теориялары және тұлғаның Мен тұжырымдамасы құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995),
Қазақстан Республикасының кәсіптік-мәдени дамуының Тұжырымдамасы (1993),
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (1999), Қазақстан
Республикасының Қазақстан-2030 даму стратегиялық бағдарламасы (1997),
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
(2006), Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы Қазақстан халқының әл-
ауқатын артыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты (2008), психолог-
педагог ғалымдардың еңбектері, шетел және ТМД елдеріндегі мектеп
мұғалімдерінің озық тәжірибелері, сондай-ақ магистранттың Алматы
қаласындағы № 4 кәсіптік мектебіндегі (Алматы мемлекеттік көпсалалы
колледжі) 2 оқу жыл бойы өткізген зерттеу жұмысы мен әдіскерлік-мұғалімдік,
педагогикалық әдістемелік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық,
әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау; мектептің оқу
құжаттары (оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар), Мемлекеттік білім
стандарты, мұғалімдердің озық тәжірибелерін талдау, бақылау, сауалнама
жүргізу, әңгіме, жобалау, диагностикалық әдістер (тестер, тапсырмалар,
ұжымдық тренингтер), әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және
педагогикалық тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы тексеру,
алынған мәліметтерін сандық жағынан сараптап, қорытындылау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу міндеттерінің шешілуі екі кезеңде
іске асырылды.
Бірінші кезеңде (2011ж.) еліміздегі жалпы білім беру мектебінің бүгінгі
қойылып отырған талаптарына сай кәсіби құзырлы оқушыларды қалыптастыру
мәселелерінің теориялық негізде ғылыми еңбектерді, білім берудің
мемлекеттік стандарттары мен мектеп бағдарламаларына талдау жасап, зерттеу
арқылы диссертациялық жұмыстың ғылыми аппараты анықталды; теориялық-
әдіснамалық негізде құзырлық, мектеп оқушыларының кәсіби-әлеуметтік
құзырлығы ұғымдарының өзара байланысы зерттеліп, олардың анықтамаларына,
құрастыру жүйелеріне мазмұндық сипаттама берілді.
Екінші кезеңде (2012ж.) анықтаушы экспериментін өткізу арқылы, яғни
мектеп оқушыларына арналған бірнеше нұсқадан тұратын сауалнамалар арқылы
оқушылардың кәсіби құзырлығы анықталды. Мектеп оқушыларының кәсіби
құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары негізделіп, зерттеу
жұмысымыздың педагогикалық жүйесі құрылды.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты қазіргі
ғылым мен техниканың даму беталысы жүргізілген зерттеу жұмыстарының
мақсатына қарай мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудың
диагностикалық деңгейі анықталып педагогикалық технология жасалды; ХХІ
ғасыр көшбасшысы клубының бағдарламасы дайындалды.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
- кәсіби құзырлықты қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып,
құзырлық, мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығы ұғымдарының мәні
нақтыланды;
- мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудың
құрылымдық–мазмұндық моделі жасалды;
- мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық
шарттары айқындалды;
- оқушылардың кәсіби құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық технологиясы
жасалынып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәні:
- мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыру диагностикасы
жасалынды;
- мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық моделі мен технологиясы әзірленді;
- ХХІ ғасыр көшбасшысы клубының бағдарламасы [Қосымша А] құрылды.
Зерттеу нәтижелерін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда,
педагогикалық колледждер мен университеттерде, мұғалімдер білімін жетілдіру
мекемелерінде пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі оның бастапқы
теориялық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, ғылыми аппараттың
логикалық бірлігімен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мақсатына,
міндеттеріне, мазмұнына сай кешенді әдістерді пайдаланумен қамтамасыз
етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу.
Зерттеу нәтижелері Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
материалдарында: Ақпараттық технологияларды кәсіптік оқыту үдерісінде
пайдалану - сапалы білім негізі Алматы, 2012; Мектеп оқушыларының кәсіби
құзырлығын қалыптастырудың негізгі бағыттары Алматы, 2012, №2.
Психологиялық ғылым және білім Республикалық ғылыми-педагогикалық
басылымында және Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар
Алматы, 2012, №11. Қазақстан мектебі Республикалық ғылыми-педагогикалық
басылымында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты
мен нысаны, пәні, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері
қарастырылды, ғылыми болжамы айқындалып, зерттеу кезеңдері мен зерттеу
базасы, диссертацияның ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып,
қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалды.
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудың теориялық
негіздері атты бірінші тарауда құзырлық, жоғары сынып оқушыларының
кәсіби құзырлығы ұғымдарына тұлғалық-іс-әрекеттік, жүйелілік, құзырлық
теорияларына негізделіп, кәсіби, педагогикалық тұрғыдан талдау жасалынады.
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудағы жас ерекшеліктері
мен олардың мүмкіндіктері айқындалып, оқу-тәрбие үдерісінде оның
педагогикалық шарттары қарастырылды.
Жоғары сынып оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастырудың
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары атты екінші тарауда жоғары сынып
оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруға негізделген педагогикалық
технологиясы дайындалды, оның мақсаты, мазмұны, оқу-жобалық іс-әрекеті,
әдістері айқындалады; тәжірибелік-эксперименттік жұмысын анықтау,
қалыптастыру, бақылау кезеңіндегі білім деңгейлері, нәтижесі мазмұндалады.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне
негізделген тұжырымдар мен ғылыми ұсыныстар беріледі.
Қосымшаларда ХХІ Ғасыр Көшбасшысы клубының бағдарламасы, оқушыларға,
мұғалімдерге, ата-аналарға арналған сауалнамалар, тапсырмалар, жобалар
ұсынылады.

1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ
- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды орта мектепте
пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Ұлттық білім беру моделін қалыптастыру тенденциясы мен Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне
кіріктірумен сипатталатын білім беру саласы Қазақстан – 2030
стратегиялық бағдарламасында мазмұндалған негізгі басымдықтардың бірі
болып табылады. Бүгінгі күні иелімізде ақпараттық қоғамға өту үдерісін
іске асырудың негізгі компоненттерінің бірі, яғни ақпаратты алу, өңдеу,
тарату мен тасымалдау әрекеттерін жүзеге асыратын бірден-бір себеп, ол
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың күннен-күнге арта
түсуі [6].
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды даму
негізінде, яғни әлемнің бірегей ақпараттық кеңістігін жоспарлы түрде
қалыптастыру және бүкіладамзатты біртұтас әлемдік қоғамға интеграциялау
болып табылатын қоғам дамуының техника саласында неғұрлым жоғары деңгейлері
қалыптасуда.
Осыған орай, бүгінгі күні зерттеуімізде қарастырылып отырған мәселенің
теориялық негізін дәлелдеу мақсатында ғылыми еңбектерге талдау жасап,
құзырлық, мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығы ұғымдарының өзара
байланысына, анықтамаларына, құрастырылған жүйелеріне мазмұндық сипаттама
беру қажеттілігі туындайды.
Сондықтан, құзырлық сөзі құзыр сөзінен алынған туынды сөз
екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің
салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде [3]: құзыр (компетенция) – жалпы
алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені
жасау деп берілген.
Латын тілінен аударғанда құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол,
тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты
меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған
қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын
адамды есептеуге болады.
Құзыр, құзырлық және құзырлы түсініктері бұрынырақта тұрмыста,
әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді.
Мысалы, Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде (М., 1952ж.) құзырлы (лат.
competens, competentis - қабілетті) – анықталған аймақта жетекші, білуші;
өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар - деп
анықтама берілген.
Құзырлық, құзырлары мәселесі бойынша жұмыстарды талдау Н. Хомский, Р.
Уайт, Дж. Равен, Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, В.Н. Куницина, Г.Э.Белицкая,
Л.И. Берестова, В.И. Байденко, А.В. Хуторский, Н.А. Гришанова, және т.б.
еңбектерінде кездеседі.
Білім беру құзырлары түсінігін анықтап, оның иерархиясын айқындайық.
Білім беру мазмұнының жалпы метапәндік (барлық пәндер үшін), пәнаралық
(пәндер немесе білім беру аймақтары циклі үшін) және пәндік (әрбір оқу пәні
үшін) болып бөлінуіне сәйкес үш деңгейлік иерархиясы белгілі:
1) негізгі құзырлар – білім берудің жалпы (метапәндік) мазмұнына
қатысты;
2) жалпы пәндік құзырлар – оқу пәндері мен білім беру аймақтарының
анықталған шеңберіне қатысты;
3) пәндік құзырлар – алдыңғы екі деңгейге қарағанда дербес, нақты
сипаты мен оқу пәндері шеңберінде қалыптасу мүмкіндігі бар.
Осылайша, білім берудің негізгі құзырлары білім беру аймақтары мен
оқытудың әрбір сатысындағы оқу пәндерінің деңгейінде нақтыланады.
Ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша Құзырлық дегеніміз –
педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен
абыройлылығы деді.
Құзыр – өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы
болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.
Құзырлық – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде
нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету
үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Әртүрлі білім салаларында автоматтандырылған ғылыми зерттеулердің дамуы
зерттеу жұмыстарын жетілдірудің негізгі жолы компьютерлендіру екенін және
бірде-бір ғылымның оны айналып өтуі мүмкін еместігін көрсетті. Басқа
жағынан іс-әрекеттің нақты түрін меңгеру жағдайына тәуелді және баланың
ғылыми түсініктерімен кәсіби құзырлықтарын қалыптастыруға, оқушылардың
ойлауын дамытуға байланысты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бірінші кезекте осы зерттеу жұмыстарына, адамның кәсіби құзырлығы іс-
әрекетінің теориялары саласындағы еңбектерді (Л.С. Выготский, А.Н.
Леонтьев, С.Л. Рубенштейн және басқалар) және оқу әрекеті теорияларын
(Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова және басқалар) жатқызуға болады.
Қойылған мәселелерді шешу үшін оқу-әрекетінің біріккен-реттелген формаларын
зерттеу жұмыстары (Г.Г. Кравцов, Т.А. Матис, Ю.А. Полуянов, В.В. Рубцов
және басқалар), сонымен бірге мұғаліммен оқушының біріккен және оқушының
өзінің өнімді кәсіби құзырлығына арналған еңбектер (И.И.Ильясов, В.А.
Ляудис, И.П. Негуре, В.И. Панюшкин, А.А. Реан және басқалар) маңызды орын
алады.
Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді қолданып оқушылардың кәсіби
құзырлығының қалыптасу заңдылықтарын және оқушының ғылыми ұғымдар мазмұнын
меңгеруін анықтау, оны ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктерін толық
түрде арнайы зерттеуді қажет етеді. Ересектер мен баланың, сонымен қатар
оқушылардың өздерінің кәсіби әрекеттерін орындау жағдайларын зерттеу және
бірлескен оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әртүрлі құраушыларын жүзеге
асыруға ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының әсерін қарастыру
қажет. Коммуникация және интеракция жағдайларын басқаруды қамтамасыз
ететін, меңгеру объектілерінің мазмұнын модельдеу және бірлескен оқу іс-
әрекетін ұйымдастыруда компьютердің кең мүмкіндіктері, оқушылардың жаңа іс-
әрекеттерін дамыту, сонымен қатар кәсіби құзырлылық үдерістерін зерттеу
мүмкіндіктерін береді.
Компьютерді бірлескен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы ретінде
қолданудың психологиялық шарттарын талдау нәтижелері оқытудың компьютерлік
технологияларының қолданбалы зерттеулерін дамытуды және кәсіби құзырлылық
іс-әрекетінің психологиялық теорияларының принципиалды мәселелерін шешуге
әсер ететін ғылыми зерттеулер болып табылады [7].
Оқытуды компьютерлендіруді ғылыми қамтамасыз ету үшін, дәстүрлі
оқытудан компьютерлік оқытуға көшудің технологиялық негіздерін дамыту
қажет, өйткені компьютерлендіру кезінде туындаған әдістемелік мәселелердің
бірі адам мен компьютердің бірлескен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы
ғылыми зерттеулерді дамыту болып саналады.
Электронды есептеуіш техниканы қолдану, компьютерлендіру педагогикалық-
психологиялық білім кеңінен қолданылатын және осы білімдерге қажеттілік
үнемі артып отыратын қоғамдық практика саласы болып табылады. Оқу үдерісін
компьютерлендіру кезінде педагогикалық-психологиялық білімді қолдануды
қажет ететін бірқатар нақты міндеттерді ерекшелеп айтуға болады. Оларға
мынадай сұрақтардың жауаптары жатады:
1. Оқу үдерісіне компьютерлендірудің қандай әсерлері бар?
2. Оқытушы мен оқушының шығармашылық әрекеттерінің
мүмкіндіктері кеңейе ме, әлде компьютерді қолдану қорқынышы туындай ма?
3. Қалайша пайдаланушы мен компьютердің сұхбатын
психологиялық-педагогикалық сауатты түрде ұйымдастыруға болады?
4. Компьютер интеллектінің адам интеллектіне жақындық
дәрежесін қалай бағалауға болады?
5. Жалпы білім беретін орта мектептің білім беру үдерісінде
ақпараттық-коммуникациялық технологияны толық қолдану кезінде қандай
психологиялық аспектілерді негізге алу керек?
Заманауи компьютерлік құралдарды мектептерде тиімді қолдану, тек
олардың мүмкіндіктері, кәсіби қызметтері, мазмұны және әдістемелік
жабдықталуымен ғана емес, пәнді оқытуда компьютерлік курстарды сауатты, әрі
дер кезінде қолданылатын психологиялық қолдаудың кешенді шаралары арқылы
анықталады [8].
Ең алдымен бұрыннан қолданылып жүрген бағдарламалық өнімдерде компьютер-
пайдаланушы сұхбаты сипаттамаларының регламенттілік, стиль, темп, оқыту
жеңілдігі, қолдану қарапайымдылығы, есте сақталуы, сенімділігі, көмекке
қабылеттілігі сияқты психологиялық-педагогикалық қасиеттері болуы тиіс.
Осындай жүйе пайдаланушыларды қанағаттандырады, ол жүйені басқара алу
мүмкіндігін сезінеді, қажетті көмекті бере отырып, хабарламаларды түсінуге
арналған командаларға жылдам жауап береді. Хабарламалар талқылайтындай
емес, конструктивті, сергітетін және пайдаланушының жүйеден бас тарту
қауіпі аз болуы тиіс.
Оқу құралдарын құрастыру техникалық мазмұн (компьютерлік) және
психологиялық-педагогикалық екі кезеңдерден тұрады. Психологиялық-
педагогикалық кезеңдерді тікелей психологтың қатысуымен оқытушы, ал
компьютерлік кезеңді пәнді жүргізетін оқытушының қатысуымен программалаушы
басқарады (1- сурет).
Бірінші – дайындық кезеңінде нақты пән бойынша оқыту сапасына
педагогикалық талдау жасалады, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
(АКТ) мен компьютерді қолдану аймағындағы анағұрлым күрделі кезеңдер
анықталады, педагогикалық үдеріске қатысушылардың барлығының АКТ-ны
қолдануға психологиялық дайындығына болжам жасалады. Барлық алынған
мәліметтерге байланысты, алда орындалатын әрекеттердің мақсаты мен
міндеттері анықталады.

Екінші – оқу кезеңінде оқытуда АКТ -ны қолданудағы алдыңғы қатарлы
педагогикалық және психологиялық тәжірибелер, компьютерлік бағдарламаларды
құру зерттеліп, талданады, ынталандыру, АКТ режимінде жұмыс істеуге
қызығушылықты қалыптастыру бойынша психологиялық-педагогикалық тренинг
жүргізіледі, психологиялық адаптацияны қамтамасыз ету үшін, барлық
деңгейдегі пайдаланушылар қатыстырылады.
Үшінші – практикалық кезеңде пән бойынша сабақтарды жүргізу
әдістемелері мен сценарий құрастырылады, қатысушылардың психологиялық
ерекшеліктерін ескеріп, олардың атқаратын қызметтері анықталады.
Төртінші – аналитикалық кезеңде АКТ құралдарын қолдану барысында оқыту
тиімділігінің өзгеруіне алдын-ала психологиялық-педагогикалық талдау
жасалады, спецификалық психологиялық-педагогикалық талаптар анықталады
немесе құрастырылады [9].
Психологиялық-педагогикалық принциптерді ескеріп, ақпараттық-қатынастық
технологияны қолданып, оқу үдерісін ұйымдастыруда, оқу-ақпараттық
құралдарды құрастыруға қойылатын негізгі талаптар:
- оқытудың білім беру міндеттерін шешуге бағытталуы, оқушының жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты тұлғалық дамыту және тәрбиелеу;
- оқу-ақпараттық құралдар мазмұнының ғылымилығы;
- танымдық іс-әрекетке оқушының кәсіби құзырлығы, ой, көңіл-күй,ерік
сапаларын біріктіретін оның интеллекті толық ашылатындай оқыту тұтастығы;
- білім, білік, дағдыны игеру негізінде оқытудың жүйелілігі мен
реттілігі;
- ақпараттың реттілігі, оқу жоспары, бағдарлама және мектепті
мамандармен қамтамасыз етудің өзара сәйкестігі;
- оқушылардың қабылетін дамыту, өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігін
беретіндей оқыту мәселесінің қойылуы;
- оқу жоспарына байланысты оқытуға арналған бағдарламалық құралдарға
өзгеріс енгізу мүмкіндігіне ыңғайлылығы;
- оқушылардың белсенділігін, өз бетінше еңбектенуін, құзырлығын, сана
сезімін дамытуды қамтамасыз ету;
- өз бетінше білім алу және өз бетінше дамуға жағдайлар туғызу;
- жекелеп оқытуды ырғақты жұмыс деңгейін, жұмыстың әртүрлі формалары
мен әдістердің сәйкестігі, мүмкіндігі ескерілетін ұжымдық білім беру
жағдайында жүзеге асыру;
- оқыту траекториясын өзінің еркін таңдауына мүмкіндік берілгенде,
оқушының табиғи дамуын қамтамасыз ету;
- оқушымен қызметтестік қатынасты қамтамасыз ету;
- жеке тұлғаның өзін бағалау басымдығы, оның оқу үдерісінің ортасында
болуын қамтамасыз ету;
- әрбір оқушының субъективті тәжірибесін ескеру;
- тұлғаның кәсіби-әлеуметтік құзырлығын және коммуникативтік дамуы үшін
жағдайлар туғызу;
- оқушының танымдық іс-әрекетін белсенділеу құралдарының болуы;
- оқыту нәтижелерін білім алу үшін сана-сезіммен түсініп, меңгеру және
оқушының интеллектуалды потенциалын дамытудың беріктігін қамтамасыз ету;
- әр түрлі сабақтарды жүргізгенде оқу мақсатына әртүрлі бағдарламаларды
кешенді колдануды қамтамасыз ету;
- пайдаланушының жүйемен өзара интерактивті әрекетін ұйымдастыру,
бағдарламаның пайдаланушы әрекетіне жауап беруі, т.с.с.
- іспен оқыту деп аталатын теориялық материалдың практикамен
байланысын ұйымдастыру;
- дәстүрлі компьютерсіз оқыту кезінде сияқты АКТ құралдары
функцияларының оқытушы функцияларымен адекваттылығын сақтау.
Бесінші – техникалық кезеңде бағдарламалаушылар оқытушылардың
қатысуымен бағдарламалауды жүзеге асырады, құрылған сценарий бойынша
педагогикалық, техникалық, экономикалық, эстетикалық талаптарды ескеріп
педагогикалық түзетулер енгізе отырып, бағдарламалық құрал жасалады.
Алтыншы – негізгі кезеңде АКТ-ны қолданып оқу сабағы жүргізіледі.
Жетінші – аяқтау кезеңінде сабақтың қорытындысы жасалады, оқу сапасы,
оқыту деңгейі анықталады, зерттеу, талдау арқылы психологиялық ыңғайлылығы,
сабақтың жағымды және жағымсыз жақтары анықталады.
Бүгінгі күнде психологтардың зерттеу пәндері компьютерлік желі арқылы
WWW байланысы болуы керек, өйткені, компьютерлік желі абоненттерінің іс-
әрекеттерін талдау арқылы психологтың коммуникативтік, кәсіби құзырлылық,
танымдық, оқу қызметтерінің түрлендірілген формаларымен, жеке және топтық
шешім қабылдау: оқушылардың телеконференцилармен жұмысы, Интернет аясында
жобалық әрекеттерімен жұмыс істеуіне тура келеді.
Компьютерлік желі пайдаланушыларының жетістіктерін психологиялық
зерттеулер шет елдерде 1980 жылдардың басында жүргізілді. Бұрынғы кеңестер
одағында компьютерлік желіні пайдаланушылылардың осы жетістіктерді талдауға
арналған нақты техникалық және әлеуметтік базасы Relcom желісінің қарқынды
дамуына байланысты 1991-92 жылдары, сол уақытқа дейін шетелдік компьютерлік
желі немесе отандық жергілікті желі базасында құрылды [10].
Жаңа зерттеу саласы ең алдымен пәнаралық сипатқа ие болады, өйткені оны
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыда қарастыруға болады.
Зерттеу нысаны компьютерлік желі абоненттерінің танымдық және
коммуникативтік іс-әрекеттерін жүзеге асыратын принципиалды жаңа
механизмдерін анықтау болды. Қазіргі кезде шектеулі ортада маңызды болып
отырған психологиялық қасиеттер, болашақта көптеген жаңашылдар үшін қажетті
болуы ғажап емес.
Компьютерлік желі абоненттерінің кәсіби құзырлылық қасиеттерін талдау
белгілі бір дәрежеде болашақтағы адамның психикасын зерттеу міндеттерінің
бірі деп санауға болады: жоғары психологиялық функциялар субъектілер өз
айналасында қарқынды әрекет жасайтын және бағытталатын таңбалық құралдар
әсерінен дамиды.
Білім беру саласында осы міндеттермен қатар, бүгінгі күнде орта білім
беретін мектептердің оқыту үдерісінде АКТ-ны қолдану саласына бағытталған
басқа да зерттеулер бар:
- оқу үдерісін ұйымдастыруда кәсіби - әлеуметтік өзгерістерді меңгеру;
- АКТ-ны қолдану барысында топтық үдерістердің спецификасын анықтау,
осы үдерістерді психологиялық қамтамасыз етудің элементтерін қалыптасыру
және қолдану.
Бұл кезде психологиялық зерттеулер психологиялық ғылымның: жалпы, жас
ерекшелігі, әлеуметтік салаларына қатысты әртүрлі әдістерді ескеруі тиіс.
Сондай-ақ, кәсіби құзырлылық іс-әрекет өнімдерін талдау, интервью,
пайдаланушалармен жүргізілетін сауалнамалар сияқты әдістер кең тараған. Бұл
кезде компьютерлік сауалнама – компьютерлік желіде зерттеу жұмыстарының
әдістемелік негізі әдісі кеңінен қолданылады. Компьютерлік сауалнаманы
бақылау бағдарламасының қабықшасында немесе электрондық пошта арқылы да
жүргізуге болады [11].
Осындай сауалнамаларды жүргізгенде сауалнамаларды тарату әдістемесі
маңызды аспект болып саналады. Бұл кезде электрондық пошта мынадай
мақсаттарда қолданылуы мүмкін:
- сауалнамаларды ұйымдасқан телеконференцияларға орналастыру;
- сауалнамаларды жалпы таратылатын телеконференцияларға орналастыру;
- постшебермен таңдап тарату;
- постшебермен қызметтік тарату;
- арнайы қалыптастырылатын таңдау бойынша нақты пайдаланушыларға
тарату;
- сауалнаманы басқа пайдаланушылар арасында өз ықтиярымен тарататын
ассистент-адресатқа жіберу.
Компьютерлік желілерде зерттеу жұмысының стратегиясын құрудың өзі
сұралатындарды таңдауды қалыптастырудың маңызды факторы болып саналады, ол
қорытынды тұжырымның дұрыс алынуына айтарлықтай әсер етеді [12].
Оқытушымен ақпараттық орта арқылы қатынас құру осы ортадан қажетті
білімді алу, яғни сақталған ақпараттың таным үдерісіне айналуы, сонымен
бірге өз білімін ақпаратқа айналдыру арқылы жинақтау және таратудан тұрады.
Ақпараттық орта жеке тұлғалар арасында білім алмасуды анағұрлым тиімді
ұйымдастыруға әсер етеді. Ақпараттық ортамен сезінген өзара әрекет мәселесі
пайдаланушының психологиялық ерекшеліктерін, оның өз білімдерін ұйымдастыру
қабылеттілігін, компьютер жадымен өз зердесі және білігін сәйкестендіруді
арнайы зерттеуді қажет етеді. Ақпараттық жүйелерде ішкі үдерістер, олардың
дамуы мен қолданылуын адамның когнитивті үдердістерінің ғылыми моделімен
сәйкестендіріп, ұйымдастыру қажет, бұл кезде осы үдердіске қатысушы
субъектілердің рефлекциясы ескерілуі тиіс.
Компьютендірудің психологиялық салдарын зерттей келе, олардың
потенциалды жүзеге асырылатын, жарияланған және нақты қол жететін түрлерін
ерекшелеуге болады.
Компьютендіру тұлғаның танымдық дамуына ғана емес, мотивациялық
ортасына, оның сана сезіміне әсер етеді, сабақ мазмұнының ақпараттық
көлемін көтереді, оқушының және оқытушының оқу қызметін белсенділейді,
мақсаттылықты анықтайды, оқу әрекетінің қарқынын және оқу еңбегі дағдысының
дамуын жылдамдатады. Психикалық дамуға әсер жоспарланған және
жоспарланбаған болуы мүмкін; қол жеткен нәтижелер қойылған мақсатқа сай
келуі немесе осы мақсаттарға кері болуы да мүмкін.
Мотивациялық орта, мотивацияны күшейту – танымдық қызметті басқару
тірегі: Психологияда мотивтер деп қажеттілікке байланысты әрекеттердің
себептерін айтады. Күшті мотив қызметтің мақсатына айтарлықтай әсер етеді,
дәлелдің мақсатқа жылжуына итермелейді. Мотив мақсатты бекітеді. Танымдық
қызметті екі үлкен топқа ажыратуға болады: жетістік мотив және танымдық
мотив [13].
Егер оқытудың дәстүрлі жүйесі жетістікті дәлелдеуді ынталандыруға:
жақсы баға алу, емтиханды сәтті тапсыру, т.с.с. бағытталса, АКТ-ны қолдану
оқушының танымдық мотивіне әсер етуге бағытталады. Мұндай мотивацияның
туындауы бағаның субъективтік факторларға емес, тек оқушының білім
деңгейіне тәуелді анықтауына әсер етеді.
Психологтар оқушылардың тұрақты белсенділігін және оқу үдерісінің
тиімділігін жоғарылатуға тек танымдық мотивтер әсер ететіндігін дәлелдейді.
Мұндай мотивтерді қалыптастыру оқушының мотивациялық ортасына спецификалық
және спецификалық емес әсер арқылы әдістемелік көмекпен, нұсқаулармен,
айналысатын жұмысымен дайындық деңгейіне тәуелді оқу іс-әрекетінің қарқынын
және нұсқасын таңдау мүмкіндігі арқылы жүзеге асырылады. Оқушының желімен
жұмысы – оқушының жүйемен, оқушының педагогпен, жүйенің педагогпен
интерактивті сұхбат арқылы іске асады. Осыған сәйкес АКТ құралдары оқыту
мотивациясының психологиялық факторларын, әрбір оқушыны оның мотивациясының
жеке ерекшеліктеріне сәйкес мотивациялық қамтамасыз ету міндеттерін шеше
отырып күшейтеді; оқыту мотивациясын күшейту үшін оқушының мотивациялық
ортасының моделін оны оқытуға бағыттау мақсатында құру керек. Бұл модель
программаны жобалау деңгейінде және сол оқушы контингентінің мотивациялық
ерекшеліктерін ескеріп беріледі. Оқыту мотивтері оқушыға қажетті жаңа
білімді беруі және оны алуға қажеттіліктерді қалыптастыруы тиіс.
Мотивациялық ортаны құру кезінде мынадай жағдайларды ескеру қажет:
1. Жеке мотивацияға басқалардан қалмау үшін қоғамдық қызығушылықтарды
тудыру мақсатында қол жетеді.
2. Таным пәніне қызығу оқу мазмұны әртүрлі болғанда (тыңдау немесе талдау),
қызмет түрлеріне (қарапайым, күрделі тапсырмалар) байланысты көрінетін
бағыттан тұрады.
3. Әлсіз немесе күшті дамыту, мотивтерті қалыптастыру, басқа пәндерді оқыту
барысында қиындықты жеңу қабылеттілігі, нақты жағдайда қажетті мотивті
бірінші орынға қою, тиісті шешімді қабылдау барысында психофизиологиялық
қасиеттерді есепке алу [14].
Сонымен бірге, оқушының мотивациялық ортасына спецификалық және
спецификалық емес әсерлерді ескеру қажет. Спецификалық әсерлер тікелей
оқушылардың мотивациясына бағытталады және пән бойынша білім, білік,
дағдыны дамытуға арналған материалдың өзектілігі жөніндегі мәліметтерді
қамтиды. Спецификалық емес әсерлер оқушыларды оқу қызметінде оқушылардың
оқыту бағдарламасын ұйымдастыруымен сәйкес оның мазмұны және қолдану
әдістемесіне байланысты.
Мектептің оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияны
қолданғанда, оның оқу сабағы мазмұнындағы ақпараттың көлемін кеңейтетіні
және мынадай ерекшеліктері анықталды [15]:
- оқу үдерісінің білім беру, тәрбиелік және дамыту функцияларын жүзеге
асыруға әсер етеді;
- үлкен, күрделі амалдарды орындауға кеткен уақытты азайтады, білімнің
көлемді мөлшерін игеру мүмкіндігін береді;
- анағұрлым күрделі тақырыптар мен ұғымдарды меңгеруге көңіл бөлуге
мүмкіндік береді;
- практикада оқытудың бөліктік тәсілін жүзеге асырады: материал ірі
бөліктермен беріледі, бұл кезде білімнің міндетті бөлігі ерекшеленеді;
- тапсырмалар мен жаттығуларды, оларды неғұрлым көрнекі әрі қызықты
етіп таңдауды жақсартуға мүмкіндік береді;
- білік пен дағдыны жекелеп оқыту және өзіндік жұмысты дамыту есебінен
қалыптастырады.
Оқушылардың оқу-танымдық қызметін, кәсіби құзырлығын белсенділеу
оқушылардың компьютермен өз бетінше жұмысы кезінде және бақылау және
өзіндік бақылаудың өнімді (дәстүрлі оқытумен салыстырғанда) әдістерін
қолдану, сонымен бірге мәселелік оқыту әдістерін қолдану арқасында жүзеге
асырылады. Осылардың барлығы оқу іс-әрекетін рефлексивті басқаруды жүзеге
асыру мүмкіндігін береді.
Сонымен бірге, мәселелік ситуациялар мен жағдайларды ұйымдастыру,
оларды шешу үшін оқытуда АКТ-ны қолдану жағдайында оқытушы қызметі
мазмұнының ажырамас бөлігі болады. Бірақ бұл кезде оқытуда АКТ-ны
қолданудың ғылыми негізделуінің қажетті жағдайы білім және педагогтардың
оқу үдерісін интенсивті психологиялық-педагогикалық тұрғыда ұйымдастыру
болып саналады.
Компьютерлендірудің психологиялық салдарына жасалған талдаулар бірқатар
қайшылықтар бар екенін көрсетті. Бір жағынан, логикалық ойлауды күшейту
ойдың интуитивті бастамаларының бірқатар басымдылығымен қатар болады. Басқа
жағынан, компьютер тұлғаның танымдық қажеттіліктерін дамытуға әсер етеді,
оқушыға оның көмегінсіз ала алмайтын білімге қол жеткізуге мүмкіндік
береді, ішкі, беделді мотивацияны дамытуға ынталандырады.
Компьютер әлемді анағұрлым толық меңгеру құралы, сонымен бірге осы
әлемнен виртуалды әлемге кету құралы да бола алады.
Компьютерлендіру жеке сапалық талдауды кеңейтумен қатар, осы зерттеуді
біржақты формалдауға мүмкіндік береді.
Сондықтан компьютерлендірудің нақты психологиялық салдарын талдап және
мүмкін болатын негативті салдарын түзету қажет деп есептейміз.
АКТ-ны орта мектепте қолданып кәсіби оқыту және білім берудің
болашақтағы жүйесін құру жолындағы психологиялық қиындықтарды жеңу
міндеттері мынадай бағыттарды анықтайды:
- оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілерін анықтау;
- оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды психологиялық талдау;
- педагогтарды психологиялық даярлауды жетілдіру.
АКТ – ақпараттық қоғамдағы өмірге ыңғайланған бітіруші тұлғасын оқыту
және тәрбиелеу міндеттерін сәтті шешуге мүмкіндік беретін құрал. Ол үшін
XXI ғасырда оқыту әдістерінің бірі оған қатысушылардың психологиялық-
педагогикалық даярлығы болуы керек, сонымен бірге теория, концепциялар
нақты бір тұлғаға арналып құрылуы тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, тиімді оқыту үшін
мынадай міндеттерді атқару қажет[16]:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып оқыту мақсаттарын
анықтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып оқытудың
педагогикалық- психологиялық аспектілерін анықтау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып оқытуға қойылатын
педагогикалық-психологиялық талаптарды анықтау;
Осы міндеттерді атқару үшін тұлғаға бағытталған психологиялық және
педагогикалық теориялардың мынадай аспектілері негізге алынуы тиіс деп
есептейміз:
- Тұлға – бұл болашаққа ұмтылудан алынған тәжірибе және туа біткен
қабылеттің өзара әрекеттерінің нәтижесі болып саналады (К. Юнг).
- Тұлға – туа біткен қажеттілік, әлеуметтік норма қысымы және сол
уақыттағы мәдениет араларындағы өзара әрекетінің динамикалық өнімі болып
саналады (Э. Фомм).
- Әрбір тұлға, дара – қайталанбайды, когнитивті және мотивациялық
үдерістердің өзара әсерінің нәтижесі болып саналады (Г.Олпорт).
- Тұлғаның дамуына адам организміне тән, жетістіктерге, шығармашылыққа,
дамуға ұмтылу болып саналатын актуализация тенденциясы әсер етеді (К.
Роджерс).
Оқу үдерісінде АКТ-ны кешенді қолдану кезінде оқушы тұлғасы оқыту
сапасын және тиімділігін көтеру мақсатына жету құралы ретінде емес, ғылым
мен техниканың заманауи құралдарды қолданылатын тұтас білім беру үрдісінің
негізгі құндылығы, ақырғы нәтиже ретінде қарастырылады.
Сондықтан, оқу үдерісін компьютерлендіруді информатика саласы мен
психология және педагогикадағы жеткен жетістіктерді біртұтас етіп біріктіру
жолымен адамдандыру маңызды болып саналады. Осылайша, психологиялық
тәсілдер ақпараттық-қатынастық технологияны қолданып оқытудың, жаңа
ақпараттық жағдайларда оқушылардың жағымды тұлғалық – құзырлық
сапаларын көрсету мен қалыптастыру шыңының ажырамас бөлігі болуы тиіс [17].
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып оқытудың негізгі
мақсаты біріншіден, оқушының АКТ-ны қолдануға толық ыңғайлануын, екіншіден
оның білім алуға тұрақты мотивациясы мен дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар
туғызу болып саналады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып оқытуда тұлғаның
жансыздануы емес, оның өз бетімен білім алуы, өз бетінше оқуы, өзін
тәрбиелеу, өзіндік даму, өзін көрсету қабылеттерін дамыту маңызды. Білім
мен психологияны қолдану қабылдау, көңіл бөлу, зерде, ойлау, үдерістері,
темперамент, ерік сапалары, мотивациялар, өзін бағалау, тартымдылық
деңгейлері т.б. сияқты оқушылардың жеке қасиеттерін ескеру мүмкіндігін
береді.
Оқу үдерісін ұйымдастыру мақсаты – оқушы мен оқытушы арасында өзара
кәсіби құзырлықтың педагогикалық-психологиялық жағдайларын құру, бұл кезде
әрбір қатысушыға жеке ерекшеліктерін ескеріп, ақпараттық және
коммуникациялық технологияны қолдануға мүмкіндік берілуі тиіс. Осылайша,
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып оқыту мынадай мақсаттарға
жобаланған:
- оған әрбір қатысушының жоспарлаған жетістігіне жетуі;
- оқушылардың жеке сапалық қасиеттерін, ойлауын, танымдық қабылеттерін,
өзбетінше алған білімдерін, болашақ кәсіби қызметтеріне даярлығын анықтау
және дамыту.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып оқытудың педагогикалық-
психологиялық принциптері дәстүрлі оқытудың базалық принциптері негізінде
құрылған және мыналарды қамтиды[18]:
1. Оқушылардың жеке психо-қалыптық ерекшеліктерін есепке алу принципі,
ол оқушылардың қабілеттерін, ынталарын, мотивтерін, қызығушылықтары мен
олардың темперамент, ерік сапалары, ойлау ерекшеліктері, қабылдау
ерекшеліктері, зерде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру туралы ақпарат
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Пәндер