Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
І. Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану
1.1. Мультимедиалық технологиялар туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ...5.7
1.2. Мульимедиа құралдары . оқу үрдісінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.10
1.3. Электрондық оқулық . оқытуға арналған программалық жүйе ... ..10.12
1.4. Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ...13.15
ІІ. Мультимедиа элементтерін математика және физика сабақтарында қолдану
2.1. Интерактивті тақтаны математика сабағында қолдану жолдары ... .15.16
2.2. Компьютерлік оқу құралын математика сабағында пайдаланудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.17
2.3. Физика сабағында дербес компьютерді пайдалану ... ... ... ... ... ... ... .17.19
ІІІ. Практикалық жұмыс
3.1. Математика сабағында мультимедиялық технологияларды
пайдаланып өтілген сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.25
3.2. Физика сабағында мультимедиялық технологияларды
пайдаланып өтілген сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.30
IV Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
V Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
VI Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33.35

Кіріспе
Еліміздің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі – жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың әлеуметтік деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді ұғындырудың бір жолы- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және барлық жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруін талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
«Біз Қазақстанда қазіргі заманғы технологияларды дамытуымыз тиіс. Әсіресе, өмірдің барлық саласында мультимедалық технологияларды енгізу және дамыту қажет. Мультимедиалық әзірлеудің негізгі бағыты электрондық үкіметті дамытуға, білім сапасын жоғарылатуға телемедицинаны және электрондық бизнесті дамытуға бағытталуы тиіс» деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап көрсеткеніндей, жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез-келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Компьютерлік технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы – мультимедиалық технологиялар. Қазіргі уақытта мультимедиа технологиялары – бұл оқу үрдісінде жаңа ақпаратты технологиялардың кеңінен дамып жатқан бағытынын болуы. Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқуды тиімді етуге мүмкіндік береді.
Мультимедиа – жаңа бағыт, бұл компьютердің ақпараттың көптеген түрімен жұмысы, оған жоғары рұқсатты түсті графика, жүгіртпе және аққыш түстері бар динамикалық эффектілер, дауыстардың дыбысталуы және синтезделген әуенінің дыбыстары, толық түсті видеоклиптер және видеофильмдер кіреді. Мультимедиалық технологияларды тиімді қолдану білім беруде болашағы бар бағыт болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Оқыту мен білім беруді жылдамдатуда мультимедианы қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын, белсенділігін, қызығушылығын, оқу тапсырмаларын игеру мүмкіндіктерін көтереді.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен (теориялық және практикалық), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде жұмысты орындауда қажет болатын мультимедиалық технологиялар туралы теориялық материалдар: түсініктер, ұғымдар, мультимедиаға жататын

Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан мектебі» журналы
2. «Математика» журналы
3. «Информатика неіздері» журналы
4. «Математика және физика» журналы
5. «Информатика и образование» журналы
6. Интернет ақпараттары
1. «Қазақстан мектебі» журналы
2. «Математика» журналы
3. «Информатика неіздері» журналы
4. «Математика және физика» журналы
5. «Информатика и образование» журналы
6. Интернет ақпараттары
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
І. Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану
1.1. Мультимедиалық технологиялар туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ...5-7
1.2. Мульимедиа құралдары – оқу
үрдісінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...8-10
1.3. Электрондық оқулық – оқытуға арналған программалық жүйе ... ..10-12
1.4. Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ...13-15
ІІ. Мультимедиа элементтерін математика және физика сабақтарында қолдану
2.1. Интерактивті тақтаны математика сабағында қолдану жолдары ... .15-16
2.2. Компьютерлік оқу құралын математика сабағында пайдаланудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...16-1 7
2.3. Физика сабағында дербес компьютерді
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ...17-19
ІІІ. Практикалық жұмыс
3.1. Математика сабағында мультимедиялық технологияларды
пайдаланып өтілген сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-25
3.2. Физика сабағында мультимедиялық технологияларды
пайдаланып өтілген сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-30
IV
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .31
V Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...32
VI
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...33-3 5
Кіріспе
Еліміздің Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында ең
негізгілерінің бірі – жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа
тәрбиелеу, олардың әлеуметтік деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Бүгінгі
таңда жас ұрпаққа пәнді ұғындырудың бір жолы- жаңа технология негіздері
болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен
жұмыстана білуіне назар аударған жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық
білімділік және барлық жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруін талап
етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа
технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары
жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Біз Қазақстанда қазіргі заманғы технологияларды дамытуымыз тиіс.
Әсіресе, өмірдің барлық саласында мультимедалық технологияларды енгізу және
дамыту қажет. Мультимедиалық әзірлеудің негізгі бағыты электрондық үкіметті
дамытуға, білім сапасын жоғарылатуға телемедицинаны және электрондық
бизнесті дамытуға бағытталуы тиіс деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап
көрсеткеніндей, жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез-
келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола
бастайды.
Компьютерлік технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы –
мультимедиалық технологиялар. Қазіргі уақытта мультимедиа технологиялары –
бұл оқу үрдісінде жаңа ақпаратты технологиялардың кеңінен дамып жатқан
бағытынын болуы. Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқуды
тиімді етуге мүмкіндік береді.
Мультимедиа – жаңа бағыт, бұл компьютердің ақпараттың көптеген түрімен
жұмысы, оған жоғары рұқсатты түсті графика, жүгіртпе және аққыш түстері бар
динамикалық эффектілер, дауыстардың дыбысталуы және синтезделген әуенінің
дыбыстары, толық түсті видеоклиптер және видеофильмдер кіреді.
Мультимедиалық технологияларды тиімді қолдану білім беруде болашағы бар
бағыт болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану
өз білімін көтеру тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Оқыту мен білім беруді
жылдамдатуда мультимедианы қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын,
белсенділігін, қызығушылығын, оқу тапсырмаларын игеру мүмкіндіктерін
көтереді.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен (теориялық және практикалық),
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде
жұмысты орындауда қажет болатын мультимедиалық технологиялар туралы
теориялық материалдар: түсініктер, ұғымдар, мультимедиаға жататын құралдар
және оқытуға арналған программалық жүйелер мен оқыту үрдісінде интерактиві
тақтаны пайдалану нұсқалары туралы жалпы мағлұмат берілген. Екінші
бөлімінде мультимедиа элементтерін математика және физика сабақтарымен
байланыстыра отырып, интерактивті тақтаны математика сабағында қолдану және
компьютерлік оқу құралын математика сабағында пайдаланудың тиімділігі
туралы баяндалған. Сонымен қатар, физика сабағымен дербес компьютерді
қолдану нұсқаулары, оқыту әдістері көрсетілген. Үшінші бөлімде курстық
жұмыстың негізгі практикалық нәтижелері баяндалған. Осы практикалық
бөлімінде математика және физика сабақтарынан жаңа ақпараттық
технологиялардың қазіргі кезде аса жетік дамыған түрлерінін бірі
мультимедиалық технологияларды, яғни, аудио, видео және де
гиперсілтемелерді, слайдтарды пайдалана отырып жасалынған.
І. Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану.
1.1. Мультимедиалық технологиялар туралы жалпы түсінік.
Қазіргі уақытта мультимедиа технологиялары – бұл оқу үрдісінде жаңа
ақпараттық технологиялардың кеңінен дамып жатқан бағытының болуы.
Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқытуды тиімді етуге
мүмкіндік береді.
ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім
беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік
техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және
телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Бағдарламалы және әдістемелі
қамтамассыздандырулардың жақсартылуы, сонымен қатар, оқытушылар құрамының
квалификациясының жоғарылатуында, білім беруде қазіргі ақпаратты
технологиялардың қолданылуы көрінеді. Мәтіндік ақпаратпен, графикалы
бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс
істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалы орталар мультимедиа –
ортасы деп аталады. Мультимедиа технологияларды іске асырудың негізгі
ортасы, бейнелеудің компьютерлік және бейнекомпьютерлік ортасы болып
табылады.
Мультимедиа – бұл компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және
қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік
технология. Мультимедиа өзі көптеген мәлімет тасымалдаушылар жиынын
білдіреді. Мультимедиалық зат құрамына музыкалық және ауызекі жетелеу,
бейнеклиптер, анимация, графикалық слайдтар және мәтіндік базасы кіретін
интерактивті жиынтық кіреді. Өзіндік бағыттағы компьютерлік жүйе ретінде
Америкада 1990 жылдың басында пайда болды. Сол кезде алғашқы программалық
жабдықтамалар компакт дискілер арқылы шыға бастады.
1990 жылы CD –де барлығы 10 мультимедиялық бағдарламалар шығарылды, ал
бүгін олардың саны одан мыңдаған есе артық болып отыр. Мультимедиалық
компьютердің 386-дан жоғары процессорлы жүйелік блок 512 және одан жоғары
килобайт болатын бейнекарталы Super VGA монитор, қатты диск, дыбыстық
карта, CD-ROM диск жетегі, акустикалық жүйе кіреді.
Мультимедиа және гипермедиа – технологияларында күшті орналастырылған
бөлімдік ресурстар бар, олар кілттік компетенциялардық қалыптасу және шығу
орталарын қамтамассыздандыруы мүмкін. Оларға ақпаратты және коммуникативтік
технологиялар жатады. Мультимедиа және телекоммуникацонды технологиялар
жалпы білім жүйесінде жаңа әдістемелік жолдарды ашады.
Мультимедиа (multimedia – көп орталы) – бұл әр түрлі физикалық
көрсетілімі бар (мәтін, графика, сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр
түрлі тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және
видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар
ауданы.
Мультимедиалық оқулықтарды және коммуникациялық құралдарды қолдану мен
оқыту істерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға болады. Мультимедиалық оқулық
– оқушылардың қызығуын арттырып, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген
жалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға
мүмкіндік береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта
бастайды. Мультимедиалық оқулық оқу материалдарын демонстрацияланған
гармоникалық түрде жеткізеді. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен
беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация
түрінде әртүрлі суреттер, сұлба, тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда
теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп оны мида бекіту үрбістері бір
уақытта өтіп отырады да материалдық қорыту үрдісі ұтымды болады. Бұлар
практикум компьютерлер көмегімен жүзеге асырылады. Ал білімді бағалау
тестік жүйе бойынша, ал толықтырушы материалдар интерактивтік компьютерлік
типте жүзеге асады. Оқытушылар үшін де мультимедиалық электрондық оқулық –
күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Қазіргі заманға
сай мультимедиалық жүйелерінен тұратын ақпараттық технологияларды оқу
үрдісін жоғарылатуда қолдануға болады. Сондай ақ құралына виртуалды
зертхана мысал бола алады. Виртуалды зертханалар нысандарды компьютерлік
білім беру жүйесінде моделдеуге және жаратылыстану ғылымдарының физика,
химия, биология және т.б. сияқты пәндерін оқып үйренуде жаңа білімдерді
меңгеруге, үйренуге көмектеседі. Химиялық, физикалық, биологиялық және т.б.
білім беруде виртуалды эксперименттерде мәні белгіленеді және оның
қолданысы ерешеленеді.
Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау
және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты
педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника,
телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім
негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері,
құралдары жиыны. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту
процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер,
телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті программалық
және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік
береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы
өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын
жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті
программмалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу
формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін
кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген
ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін іздеуге
итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек
етеді.
Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр
түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың
басқаруымен орындата платын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедиа пайдаланушыға фантастикалық әлемде болуға
(виртуальды шыңдық), осы әлеммен интерактивті араласуына (пайдаланушы
қатысады, мысалы, ойындар ойнайды, т.б.) мүмкіндік береді.
Виртуальды шындық – бұл иллюзиялы дүние, оған кіріп (еніп), сонымен ара
қатынас жасайды.
Виртуальды шындық жүйесі – бұл осы енумен ара қатынасты
қамтамасыздандыратын иммитациялық программалар мен техникалық құралдардың
жиынтығы. Мультимедиа – бұл қазіргі техникалық және бағдарламалық
құралдарды қолдану арқылы интерактивті бағдарламалық қамтамассыздандыруды
басқарумен орындалатын визульді және аудиоэффектілердің өзара әрекеті. Олар
бір цифрлік көрсетілімде мәтінді, дыбысты, графиканы, фотосуретті және
бейнені біріктіреді.
Гипермедиа – бұл мультимедиялық объектілер арасында ауысу үшін
гипермәтіндік сілтемелер арқылы байланысқан компьютерлік файлдар.
Бар бағдарламалық құралдар, соның ішінде дайын электронды оқулықтар мен
кітаптар, сонымен қатар, өзіндік деп шығарылған құралдар оқытушыға оқыту
тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда оқытушының
ақпаратты өңдеу және алуда көмекшісі Интернет болып табылады. Оқу
орындарында ақпаратты экранды түрде беруді жаңа әдістер немесе бөлек оқыту
әдісі ретіндегі бейнені айтуға болады. Бейне әдісі білімді беру үшін
бақылауды, қайталауды, бекітуді талдап қорытуды ұйымдастыру үшін қолдануға
болады.
Қазіргі уақытта бейнеәдістерді қолдану ісі көптеген экрандық ақпарат
көздерінің – мультимедиалық кешендер, бейнемагнитафондар, бейнепроекторлар,
компьютердің жаңа мүмкіндіктері (мультимедиалық
презентациялар, үйренуші бейнефайлдар, желі арқылы оқыту ақпаратын көрсету
үшін алмастырушы бағдарламалар) пайда болуына байланысты талап етіле
бастады. Бейнеәдістер оқыту процесінде қолданылатын ақпарат түрлерін
тиянақты түрде қарап шығуға, көруге мүмкіндік береді және ол жаңа
материалдарды оқу, қайталау, бекіту, талдау және бақылау үшін кеңінен
қолданылады, яғни ол барлық дидактикалық функцияларды орындауға толық
мүмкіндік береді. Бұл әдіс соңғы ғылыми жетістіктер дәлелденген ақпаратты
көрнекі қабылдау принципіне негізделген және ол оқушының алған білімін
тереңірек түсіну мақсатында индуктивтік, дедуктивтік тәсілдеоді пайдаланады
және олардың әр түрлі танымдылық қасиеттерін екпінді түрде дамытуға
танымдық үрдісін басқарудың түрлі-түрлі тәсілдерін қолдануға мүмкіндік
береді.
1.2. Мультимедиа құралдары – оқу үрдісінде

мультимедиалық технологиялар. Мультимедиа – жаңа бағыт, бұл компьютердің
ақпараттың көптеген түрімен жұмысы, оған жоғары рұқсатпен түсті графика,
жүгіртпе және аққыш түстері бар динамикалық эффектілер, дыбыстардың
дыбысталуы және синтезделген әуеннің дыбыстары, мультяшкалар, толық түсті
видеоклиптер және видеофильмдер кіреді.
Мультимедиа құралдары деп әдетте графика, гипермәтіндер, дыбыс,
анимация, видео сияқты әртүрлі орталарды қолдану арқылы адамға компьютермен
тілдесуге мүмкіндік беретін бағдарламалық және ақпараттық құралдардың
кешенін түсінеміз. Бүгінгі мультимедиялық жүйелер оқушыға ақпараттың келесі
түрлерін көрсетеді: мәтін (doc, txt, html), бейнелер (bmp, gif, jpeg),
анимациялар (gif, fic fli, swf), аудио комментарийлер (waw, mp3, au, MIDI),
сандық видео (avi, mpeg) және т.б. Бірақ бұл қазір компьютерлік
технологиялардың тек әлеуметтік мүмкіндіктері ғана.
Өзінің мүмкіндіктері бойынша көрермендер канал арқылы қабылдайтын адам
ақпараттың барлық каналдарынан озады. Бұл мәнде видеоақпаратты оқыту
материалын қабылдау үшін оқыту-әдістемелік материалдардың -кешеніне енгізу
оны қабылдау мен есте қалдырудың үлкен маңызы бар. Қазіргі ақпараттық
технологиялар түсті иллюстрацияларды қолданумен ғана емес, видеофильмдердің
әртүрлі тілдерін (анимацияны, құжаттық және ойындық киноны) қолданумен де
оқыту құралдарын құруға мүмкіндік береді.
Құжаттық видеофильмдер өздерінің үйрену пәнімен алғашқы танысу үшін ең
тиімді құрал ретінде ұсынылады. Олар технологиялық үрдістер, машиналар
жұмысын және т.б. көрсетуде кеңінен қолданылады. Үйрену үрдісі негізінде
жатқан, әсіресе, видеофильм ретінде қиын түсіндірілетін механизмдерді
түсіндіру үшін ең дұрыс құрал-анимация болып табылады. Қолданбалы
бағдарламалардың қазіргі пакеттері күрделі екі және үш өлшемді
тәуелділіктерді графикаларымен толықтырылған сәйкес слайдтарды фиксациялау
анимациялық фрагмент түрінде оқыту материалдардың керемет фрагменттерін
құруға мүмкіндік береді.
Мультимедиа құралдары – бұл әр орталарды қолданып (дыбысты, видео,
графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік
беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі.
Мультимедиа құралдарының аудиобөліктері видеофрагменттерді толтырып,
реттей алады. Бірақ, олардың өзіндік маңызды мәні бар.
Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді,
дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының
компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық
құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық
бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа
технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда
және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп
пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың
қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор
үлес қосып келеді.
Зертханалық жұмыстардың жоғары деңгейде өтілуіне мультимедиалық
технологияның орны ереше болып табылады. Зертханалық жұмыстарда әр
элементтің сипаттамасы мен химиялық реакциялардыңқалай жүретіндігін көруге
мүмкіндік береді. Мультимедиалық технологияларды тиімді қолдану білім
беруде болашағы бар бағыт болып табылады.
Мультимедиалық өнімдер өзіне 3 негізгі мультимедиа ұстанымдарын
жинақтаған:
- адам қабылдайтын орталардың комбинациясы көмегімен ақпаратты
көрсету (терминнің өзі ағылш. Multi – көп және media – ортаны білдіреді);
- өнім құрамында бірнеше сюжетті сызықтардың болуы (сонымен қатар,
ақпарат өнімінін құрамындағы берілген рамкаларда бос іздеу негізінде
қоолданушының өзі тізбектелген);
- интерфейс пен навигация құралдарының көркемдік дизайны.
Ақпаратты көрсетуге белсенді қолданылатын технология ерекшелігі мен
артықшылығы болып табылатын мультимедианың мүмкіндіктері мына төмендегідей:
- ақпарат бойынша бос навигация мүмкіндігі мен негізгі мәзірге толық
кіріспеден немесе мүлдем бағдарламалардан өнімнің кез-келген бөліміне
шығуы;
- анықтамалық немесе кез-келген басқа түсіндірмелі, яғни визуалды
ақпараттың тез алынуы және жүзеге асатын ең қажетті сөздердің визуалды
материалды бейнелермен бірге бөліп шығарып көрсету мүмкіндігі (гипермәтін
және гипермедиалық технологиялар);
- әртүрлі қосымшалар мен жұмыс мүмкіндігі мәтіндік, графикалық және
дыбыстық редактормен, катографиялық ақпараттармен);
- бір тасымалдағышта әртүрлі ақпараттардың үлкен көлемін сақтау
мүмкіндігі;
- бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді
экранда үлкейту мүмкіндігі. Бұл әсіресе презентациялауда өте маңызды;
- бейнені салыстыру және оны ғылыми зерттеу немесе танымдық
мақсатында әртүрлі бағдарламалық құралдармен өңдеу мүмкіндігі;
- статистикалық пен динамикалық визуалдық қатарға сәйкес келетін
тоқтаусыз әуенді немесе кез-келген басқа аудиосүйемелдеуді жүзеге асыру
мүмкіндігі;
- фильмдерден, видеожазбалардан видеофрагменттерді шығару мүмкіндігі
(стоп-кадр фунциясы, видеожазбаны кадрлап парақтау);
- ақпарат өнімінде көрсетілген өзіндік галерея құру мүмкіндігі;
- қызықтырылған экрандық бетте бетбелгі құру және өтілген жолды
есте қалдыру мүмкіндігі;
- өнім бойынша дыбыстық немесе анимацияланған жол көрсеткішгидті
құру немесе өнімнің барлық құрамын автоматты түрде көрсету мүмкіндігі.
Оқу диафильмдері – оқу ақпаратын алдын-ала тізбектей көрсету үшін
кадр түрінде ені 35 мм. Түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген
бейнелер топтамасы.
Оқытудың дыбыстық құралдары әртүрлі радиоқабылдағыштар мен
дыбыстық жазбалар. Оқытудың экрандық-дыбыстық оқу киноқұралдары, оқу
теледидар хабарлары, бейне жазбалар, дыбыстық диафильмдер біріктіреді.
Кинооқулық – бұл кинотаспадағы дыбыстық түрде берілген жылжымалы
объектілердің позитивтік фотографиялық бейнесі. Оқу кинооқуық қорына
кинофильмдер, киноүзінділер жатады. Бейнежазбалар – бұл арнайы магнитті
таспа бейнемагнитафон мен теледидар камерасы көмегімен жазылған бейне және
дыбыс. Оқушылардың әртүрлі компьютерлік технологияларды игеруі, олардың
тұтыну тәсілін қалыптастыруы мен дамытуда компьютердің көмегімен пайдалану
кеңейді.
1.3. Электрондық оқулық – оқытуға арналған
программалық жүйе
Электронды оқулық – комплексті емес біртұтас, дидактикалық,
әдістемелік, интерактивті программалық жүйе, ақпараттың әр-түрлі формаларын
қолданып оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырды және
мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін
толықтырды. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастылырған
материалды қолданылады. Дидактикалық заңдастырылған жалпы білім аспектілер,
әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы
және электронды оқулықтың программалық нақтылығымен өзара тығыз байланыста
болды. Жалпылай электрондық оқулық ұғымын анықтау әлі пайда болған жоқ,
бірақ электронды оқулық – ол программалық -әдістемелік комплекс, өзіндік
және мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімінің мүмкіндігін қамтиды.
Электронды оқулық немесе курс негізінен үш бөліктен қарастырылады: негізгі
ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері
бойынша бекітілетін жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін
тестер. Компьютерлік оқулық негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті
зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады. Электрондық
оқулық – таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай
біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу процесін үзіліссіз
дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар, ақпараттық
іздеу, математиалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық модельдеу
интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша, функцияларды үйренуге
арналған программалық комплекстік жүйе. Электрондық оқулық барлық негізгі
функцияларды теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып
қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау
көрсеткіштерін қамтамасыздандыру. Дидактикалық цикл процесін бірыңғай
компьютердің көмегімен оқу процесін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда
уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен
электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту процесі жаңаша түрде орындалу
үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек.
Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез
қызықтырып, ақпараттық және көңіл-күйіне де көмек береді.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін
үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту. Білім берудің кез-келген саласында Элетрондық
оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан
электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық
оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген
және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементтің жанында
жазуы болады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде
қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады.
Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй
түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге
мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі – аудиохабар.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне
қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды
сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде
құрастыруға болады.
Мультимедиалық оқыту программасы соңғы жылдары орта мектептердің
стандарты бойынша Web технологиясы таңдалды.
Талдауда қазіргі мультимедиялық технологияның ақпараты көрсетілген:
Flash, JAVA аплеттері, ActiveX элементтері, аудио және видео, VRML. Қазіргі
ақпараттық технологияның мүмкіндіктері кең көлемді суреттерді оқу материалы
түрінде және басқарылатын анимациялар қолданылады. Үш өлшемді графикада
программалық нақтылау интернетке қосылған OpenGL технологиясы ActiveX
түрінде болады.
Тестіленген орта өзіндік жұмыс және кері байланыстың орындалуын
бақылау, жіберілген дұрыс емес жауаптарды анализдеп, көрсету.
Тестік база СУБД Pradox файлында қолданылады және оған жету үшін
Borland Database Engine (BDE) қолданылады. Тест материалдарының мәліметтер
базасы қиындықтың үш көрсеткішін береді. Оқыту фильмдері AVI файлының
жоғары көрсеткішті тілдерінен құралады. Оқытуға арналған фильмдер тілдің
көрсеткіші бойынша стандартты құрастыруды орындайды. Фильмнің қойылымы
жоғарыдағы сызбалардың көмегімен орындалады.
1.4. Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны қолдану әдістемесі
Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы
болып компьютер саналады. Сондықтан кез-келген білім беру саласында
мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға
пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді
түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдың бірі – бағдарламалық
–техникалық кешен болып саналатын Активті экран болып табылады.
Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны
компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивті жүйе болып
табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт
арқылы қосылған, қабырғаға ілінетін 1,88 м тақта, басқаруға керекті, бір,
екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.
Компьютердің портына VGA-портына проектор арқылы қосылатын тақтада
көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен
қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық
жабдықтамасы бар. Кешенмен жұмыс істегенде екі режим: тышқан және аннотация
режимі қолданылады. Бірінші жағғдайда тақта тышқан орнында қолданылып
қолданушының іс-әрекетін операциялық жүйеге трансляциялайды, екінші
жағдайда маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу үшін
қолданылады. Мұндай жағдайда графикалық редакторда қажет етпей, экран
бетінде сурет салуға болады. Көптеген интерактивті тақталар монтаждан соң
калибрлеуді, яғни маркердің тақта бетіндегі орнын анықтауды қажет етеді.
Калибрлеу экранның әр бұрыштарын және ортасын көрсетілген нүктелерді арнайы
утилит көмегімен белгілеу арқылы жасалады. Егер тақтамен проектордың
орналасу орны өзгермесе, калибрлеуді қайтара жасау қажет ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz