Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру
КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ БАҚ РӨЛІ 5
1.1 Халықаралық туристік бизнестің мәні мен маңызы және бақ рөлі 5
1.2 Халықаралық туристік бизнестің дамуы 7
1.3 Халықаралық туристік бизнестің дамуының негізгі факторлары мен шарттары 10
1.4 Халықаралық туристік бизнес деңгейде туризмді жетілдіру жолдары 11
II БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК БИЗНЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ 17
2.1 Қазақстандағы туристік бизнестің дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы 17
2.2 Қазақстан Республикасында туристік бизнес дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар 19
2.3 Əлемдік туристік бизнес ағындағы отандық туризмнің даму жағдайы 28
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38

Қазіргі таңда халықаралық туризм әлемдік деңгейдегі маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады. Себебі туристік сала дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің 10 %-ын құрып отыр. Туризм сферасында 250 мыңнан астам адамдар жұмыс істейді. Глобальдық масштабта алсақ, туризмнен келетін түсім 4 триллион долларға дейін жетеді. Ал барлық мемлекеттерге туристік бизнестан 800 миллиард доллардан астам салық түсімдері келеді.
Туризм — кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан салалардың бiрi. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Туризм сөзінің мағынасы өте тереңде жатыр және кең мағынада айтылады. Туризм – француз тілінен аударғанда, tourisme, tour – серуен, жол жүру, саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм мен саяхат қонақжайлылық индустриясының айырылмас бөлігі болып табылады. Саяхат – туризмнің басты тақырыбы. Уақыт мерзімі, арақашықтық, тұрғылықты орны, мақсат және келудің ұзақтылығы – мұның бәрі туризмнің айрықша элементтері ғана. Бүтіндей алғанда, туризм көп мақсатты феномен, біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін факторлардың бірі, алыс саяхаттағы экскурсиялар, белгілі бір құпиялар, экзотикалық жерлерді көру, кәсіпкерлік жұмыстары және тағы басқа сұрақтарды қамтиды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Көптеген елдерде туризм индустриясы ел бюджетінің негізгі үлесін құрайды, және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм саласына ғана бағытталған. Біздің еліміз басқа елдерден кем емес, тіпті олардан артық деп асырып айтсақ та қателеспейміз. Осындай тамаша табиғаты бар, ежелден келе жатқан дәстүрі мен мәдениеті, қонақжайлылығы және тағы басқа жақсы жақтары бар еліміздің туризмін неге дамытпасқа?

1. Туризм даму туралы семинар материалдары, Қазақстан Республикасының Туризм жане спорт министрлігі, 2013 жыл
2. Александрова А.Ю. «Международный туризм». Москва, 2002 г.
3. Қазақстан Республикасында туризм және қонақ үй шаруашылығының дамуы,2013 жылғы қаңтар-қыркүйек,19 бөлім. Электронды мәлімет.2013 ж.
4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми сайты: www.stat.gov.kz
4. О развитии туризма как доходной отрасли экономики Республики Казахстан / Официальные материалы. Алматы Раритет 2002
5. Устенова О. Особенности спроса потребителей на туристские услуги в Казахстане. Журнал Экономика и статистика, 2005 - №2. - 118-121 б.
6. Рахимбекова Ж. Теоретические основы туризма и гостеприимства. Журнал Экономика и статистика 2005 - №2.- 122-125 б.
7. Кельбуганова Л. Казахстанский туристский продукт в кластерной политике Журнал Экономика и статистика 2/2005 с. 126-129.
8. АЛЭКС.Паблик Рилейшнз.Что это такое?-М.:1990.
9. Гиллер О.Л. Казахстанские СМИ в сети Іnternet. //Материалы межд. научно-практической конф. Международные отношения: теория-практика-поиск. Алматы:1999 г. 291-295
10. ”ҚР туристік қызмет туралы заңы” Заңдық актілер жинағы-Алматы: Юрист.2002
11. Уайсова А. Аймақтық туристік кәсіпорындардың экономикалық жағдайы және даму перспективалары Қазақстандағы Туран Азия туристік компаниясы мысалында //материалы межд. научно-практической конф. 2001 года. С. 216
10. Алиева Ж.Н. Экологический туризм. Алматы, "Қазақ университеті", 2002. С. 101.
11. Ғ.МДүйсен.Туризм. Көз коркзк, қол батыр. Қазақ үні, 11, 1997.
12. В.Г.Гуляев. Организация туристической деятельности. М.: Нолидж, 1996.
13. С.Р.Ердавлетов. География туризма Казахстана. Ғылым, 1992.
14. Закон Республики Казахстан "О туризме". 3 июль,1992 г.
15. Қазақстан Ресяубликасы Үкіметінің 1998-2000 жж. арналған іс-қимыл бағдарламасы. Егемен Қазакстан, 15 сәуір, 1998.
16. Туристік қызмет туралы//Алматы - 2007

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ БАҚ РӨЛІ 5
1.1 Халықаралық туристік бизнестің мәні мен маңызы және бақ рөлі 5
1.2 Халықаралық туристік бизнестің дамуы 7
1.3 Халықаралық туристік бизнестің дамуының негізгі факторлары мен шарттары 10
1.4 Халықаралық туристік бизнес деңгейде туризмді жетілдіру жолдары 11
II БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК БИЗНЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ 17
2.1 Қазақстандағы туристік бизнестің дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы 17
2.2 Қазақстан Республикасында туристік бизнес дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар 19
2.3 Əлемдік туристік бизнес ағындағы отандық туризмнің даму жағдайы 28
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда халықаралық туризм әлемдік деңгейдегі маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады. Себебі туристік сала дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің 10 %-ын құрып отыр. Туризм сферасында 250 мыңнан астам адамдар жұмыс істейді. Глобальдық масштабта алсақ, туризмнен келетін түсім 4 триллион долларға дейін жетеді. Ал барлық мемлекеттерге туристік бизнестан 800 миллиард доллардан астам салық түсімдері келеді.
Туризм -- кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан салалардың бiрi. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Туризм сөзінің мағынасы өте тереңде жатыр және кең мағынада айтылады. Туризм - француз тілінен аударғанда, tourisme, tour - серуен, жол жүру, саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм мен саяхат қонақжайлылық индустриясының айырылмас бөлігі болып табылады. Саяхат - туризмнің басты тақырыбы. Уақыт мерзімі, арақашықтық, тұрғылықты орны, мақсат және келудің ұзақтылығы - мұның бәрі туризмнің айрықша элементтері ғана. Бүтіндей алғанда, туризм көп мақсатты феномен, біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін факторлардың бірі, алыс саяхаттағы экскурсиялар, белгілі бір құпиялар, экзотикалық жерлерді көру, кәсіпкерлік жұмыстары және тағы басқа сұрақтарды қамтиды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Көптеген елдерде туризм индустриясы ел бюджетінің негізгі үлесін құрайды, және сол елдің экономикасы тек бір салаға ғана, яғни туризм саласына ғана бағытталған. Біздің еліміз басқа елдерден кем емес, тіпті олардан артық деп асырып айтсақ та қателеспейміз. Осындай тамаша табиғаты бар, ежелден келе жатқан дәстүрі мен мәдениеті, қонақжайлылығы және тағы басқа жақсы жақтары бар еліміздің туризмін неге дамытпасқа?
Курстық жұмыстың мақсаты. Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру,тақырыптың маңыздылығын дәлелдеу, дүниежүзілік туризмнің қазіргі жағдайдағы мәселелерін талқылай отырып, шешу жолдарын қарастыру, халықтың тұтыну таурларын өндіру, туризм индустриясының қазіргі жағдайын зерттеу, туризм индустриясының экономикаға тигізетін әсерін зерттеп, туристік әлеуметтік қызметін анықтап, қазақ елінің ұлттық мәдени мұрасының құндылықтарын, табиғат әсемдігін таныту үшін шетелдерге таныстырудың бірден бір көзі халықаралық туризмнің проблемалары мен шешу жолдары.
Бұл мақсаттарға жету үшін мына мәселелерді шешу керек:
- ел экономикасында туризм саласының орнын анықтау;
- халықаралық туристік-индустриалдық жағдайын зерттеу;
- елдегі туристік қызметтер түрлерінің даму болашағын көрсету;
- туризм инфрақұрылымын дамыту;
Туристік ағымның бағыты мен сипаты бойынша, сонымен қатар құқық статусы бойынша туризм екі үлкен класқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік) туризм. Ішкі туризм - бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм - бұл азаматтардың өз елінен тысқары жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге жасайтын сапарлары. Шетелдік туризм - бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі. Туризмнің осындай жіктелуі халықаралық туризмнің екі басқа түрімен - кіру және шығу туризмімен тығыз байланысты, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатыоның шыққан немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса - мұндай туризмді шығу туризмі дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп аталады.1993 жылы ЮНВТО-ның Оттавада өткен конференциясында туризмнің кейбір ұғымдары анықталды, атап айтсақ жаңа ұғымдар: ұлттық туризм және ел ішіндегі туризм түсініктері қабылданды. Ұлттық туризм ішкі және шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм - ішкі және кіру туристік ағымдарды қамтиды. Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда туристер елді . шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.Күнделікті ұлттық ақша айналым құралы, ал туристің ана тілі қатынас құралы болып қала береді. Осындай саяхаттарды ұйымдастыру онша қиынға түспейді, сондықтан олар туристік сапарлардың 80-90% құрады, ал ішкі туризмге жұмсалатын қаражат халықаралық туризмінен 5-10 есе артық
(Е. Веллас, 1985).Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік мемлекетке барады. Шет еліне бару үшін туристік формалдылықтардан:шетелдік паспорт пен визаны жасату, кедендік рәсімдерден өту, валюталықжәне медициналық бақылаудан өту қажет. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады.
Туристік формалдылықтарды жеңілдету (немесе қатал қылу) халықаралық туризм дамуына тікелей әсер етеді. Шығу құжаттарын жасату рәсімінің ұзақ және қиын болуы, орындау мерзімінің бұзылуы немесе заңсыз түрде бас тарту, асып кеткен төлемақысы; валюта айырбасын қатал түрде шектеу сияқты шаралар туристік саяхаттардың дамуына зиян келтіреді. Кедендік декларациялары мен аса тиянақты қадағалау да туризм көлемін азайтады.
Осыларға тіл тосқауылын да қосуға болады.Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсері. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің келуін белсенді туризм деп те атайды. Ал туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді белсенді емес немесе пассивті дейді.Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Олар туризмнің екі бөлігі болып табылады. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады.
I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНЫҢ БАҚ РӨЛІ
1.1 Халықаралық туристік бизнестің мәні мен маңызы және бақ рөлі
Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық, және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және пайдалы не бар, ол қүбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таідатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай -- осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Қазіргі таіда туризмологияның қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады, оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді. Сондықтан туризмологияның дамуы -- монопәндік көзқараРиодан туризм туралы жүйені білімге апаратын жол.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына (көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т. б.) үлкен әсерін тигізеді.
Қоғаманың экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама қайшылықта болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп-біле алады.
Халықаралық туризм - халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді.
Тау шаңғысы туризмі. Әлемдегі ең ірі тау шаңғысы туризмінің орталығы Альпі болып табылады, жылына бұл аудан 60 млн-нан астам туристерді қабылдайды. Сол себепті альпілік елдерде, әсіресе Швейцария мен Австрияда туристерге қызмет көрсетумен байланысты салалар (шаңғы жолдары мен тауға көтеретін қондырғыларды жабдықтау, аса жайлы қонақүйлер, көлік пен сауда қызметін ұйымдастыру) жоғары дәрежеде дамыған. Әлемнің басқа бөліктерінде де туризмнің бұл түрі дамуда, бірақ бұл жөнінен Альпіге тең келетін аудан жоқ. Біздің елімізде тау шаңғысы туризмін дамытуға қажетті жағдайлар бар, сондықтан Алматы маңындағы Шымбұлақ мекенін халықаралық дәрежедегі туристік орталыққа айналдыру жоспарлануда.
Теңіз жағалауындағы курорттар. Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы -- Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан. Сонымен қатар Таиланд пен Мұхит аралдарында, Калифорния мен Флориданың құмды жағалауларында, Бразилия мен Мексиканың теңіз курорттарында демалушылар саны артып келеді. Қазақстандағы бірқатар туристік агенттіктер аталған аудандарда еліміз азаматтарының демалысын ұйымдастыру бағытында жұмыс істеуде.
Круиз. Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.
Туристердің көп баратын нысандарының бірі -- қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.
Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.
Қасиетті діни орындар. Халықаралық туризмнің айрықша түріне қасиетті діни орындарға құлшылық ету жатады. Барлық мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына қажыға бару қасиетті борыш деп есептеледі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі сәулет өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, мұсылмандардың қадір тұтатын нысаны ретінде де кеңінен танымал. Ал христиан дінінің қасиетті жәдігерлері Иерусалим қаласында шоғырланған. Халықаралық туризмнің басқа да салыстырмалы түрде аз тараған түрлері жеткілікті.
1.2 Халықаралық туристік бизнестің дамуы
БТҰ-ның эксперттерінің болжамдары бойынша, 2010 жылға қарай әлемдегі сапарлар саны 2 есеге өседі және миллиардтаған туристік келулерге жетеді, оның 146 млн Орталық және Шығыс Еуропаға келеді (ТМД және Балтия елдерін қоса алғанда).
БТҰ бағалауы бойынша, халықаралық туристер саны 2010 жылға қарай 1 млрд 18 млн адамға жетеді.
КСРО Ғылым Академиясында жұмыс істейтін кеңес географтарының мәліметтері бойынша, 1950 жылы әлемнің барлық елдерінде 25,3 млн шетелдік келуші тіркелген, ал 1968 жылы олардың саны 141 млн жетіп, бұл жер шары халқының 4%-ін құраған.
Батыс Еуропа елдерінде ХХ ғасырдың 50-60 жж. - бұл жаппай қонақүйлерді, мотельдерді, көңіл көтеру мекемелерін салу кезеңі. Еуропалық туризм американдық туристерді қабылдауға басым бағытталды және қабылдаушы ел үшін долларлық түсімдердің көзі болып табылды. 60-шы жылдар мен 70-ші жылдар ортасына дейін кіру және шығу туризмінің өсімі байқалды және туристік кәсіпорындар саны мен олардың өндіріс көлемінің өсуі де байқалды.
Халықаралық туризм көшбасшылары. 1950 жылы туристердің келу саны бойынша жетекші ел - АҚШ болды. 1970 жылы туристік келу саны бойынша біріншілікке Италия шықты. 1990 жылдан бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы Франция болды. Франция ХХ ғасыр соңына дейін халықаралық туризмде көшбасшы болды.
Тура ХХ ғасырдың соңында туристік қызметтер экспортынан түскен жалпы әлеуметтік түсімдер салыстырмалы жоғары көрсеткіштерге жетті. 1998 жылы туристік қызмет экспортынан түскен жалпы әлемдік түсімдер 560 млрд АҚШ долларын құрады.
ХХ ғасырдың соңында АҚШ халықаралық туризмнен түскен табыс бойынша көшбасшы болды. 1999 жылғы түсімдер 74,9 млрд АҚШ долларын құраса, 2000 жылы - 95,2 млрд доллар болды.
2000 жылдан бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы 10 елдің қатарына РФ кірді. Онда 1999 жылы 18,5 млн адам келген. 2000 жылы бұл цифр 21,2 млн адамға жетті.
БТҰ-ның статистикалық мәліметтері 2000 жылы халықаралық туризмдегі келу бойынша Еуропаның үлесі 58% құрағанын, ал халықаралық туризмнен түскен түсімдер үлесі тек 48% болғанын көрсетеді. Бұл шетелдік туристерге қызмет көрсетудің тиімдірек жүйесі АҚШ-та екенін көрсетеді.
БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері круиздер, конгрестік туризм, тематикалық парктер, қала туризмі, мәдени туризм, қызық оқиғалы және спорт туризмі, жағажай демалысы болатынын анықтады. 2020 жылға қарай әлемде туристік келу саны 1561,1 млн адамды құрауы тиіс деп болжайды. Қазақстан үшін бұл кезде әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменттері қызықты оқиғалы және спорт туризмі болып табылады.
2020 жылға қарай жалпы келу көлемімен арақатынастағы аймақаралық туризмнің үлесін бөлу былай анықталады: Оңтүстік Азия - 85%; Таяу Шығыс - 63%; Африка - 43%; Америка - 38%; Еуропа - 15%.
2020 жылға қарай туристік нарықтың маңызды сегменттері мыналар болады: күн және жағажай; спорт туризмі; қызық оқиғалы туризм; табиғи туризм; мәдени туризм; қала туризмі; круиздер; ауыл туризмі; тематикалық парктер; конгрестік туризм; ұзақ сапарлар; арнайы сегменттер; аралас сапарлар; спорттың қысқы түрлері; спорттың судағы түрлері.
Ұлттық Туристік ұйымның (НТО) ХХI ғ. таяу онжылдығындағы басты бағыттары мыналар болды:
oo маркетингті күшейту, бағыттылығы мен агрессивтілігін көтеру;
oo өнімді, оның сапасы немесе бағасын дифференциалдау арқылы бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуге үнемі тырысу;
oo ұзақ мерзімді жағдай мақсатында туризмді тұрақты дамытуды қамтамасыз ету қажеттілігін мойындау;
oo мемлекеттік бақылауды азайту, мемлекеттік - жеке меншік серіктестерін кеңейту.
1950 жылдан бастап келген халықаралық туристер саны 28 есеге өсті және 2000 жылы 698 млн адамға жеткен. Бұл цифр 2020 жылға қарай 2 еселенеді және 1,6 млрд жетеді деп болжануда. Қазіргі кезде туристердің 80% жуығы Еуропа мен Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиеді, тек 15% -- Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағына және 5% -- Африка, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азияға келеді.
2020 жылға қарай Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағы Еуропадан кейін халықаралық туризм бағытының әйгілігі бойынша 2-ші болады деп күтілуде.
2020 жылға қарай ең әйгілі түрлері: қызық оқиғалы; экологиялық; мәдени-танымдық; тематикалық және круиздер.
Халықаралық туризмнің дамуының қазіргі факторларына жер шары халқының бейбіт өмір сүруі, халықаралық туризмді дамытып отырған көптеген елдерде мемлекеттік органдардың қолдауы, қоғамдық байлықтың өсуі, жұмыс уақытының қысқаруы, көліктің дамуы, қоғамдық сана деңгейінің жетілуі жатады. Демографиялық факторлар да (өмір сүрудің орташа ұзақтығының өсуі, урбандалу деңгейінің көтерілуі) әсер етеді.
Туризмнің дамуына кедергі келтіретін факторларды да бөліп қарастыруға болады. Оған негізгі географиялық маршруттан елдің тым алыс орналасуы, сейсмикалық белсенділік пен апаттық жағдайлар, азаматтық соғыстар мен дамушы елдердегі экономикалық төмендеулер, халықаралық терроризм.
Әлемдік туризмнің дамуының бірнеше тенденциялары анықталады:
1. Халықаралық туризмнің тез өсуі, түрлерінің өзгеруі бір жағынан жаңа мүмкіндіктер ашса, басқа жағынан туризм индустриясында қызмет ететін адамдарға үнемі мәселелер тудырады;
2. Шетелдік саяхаттарды таңдау мүмкіндіктері туралы туристердің ақпараттылығы өсті. Туристер саяхат кезінде өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруда талапты көбірек қоятын болды;
3. Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілуі және әлем бойынша еркін қозғалу мүмкіндігі кеңейді;
4. Жаңа қызмет түрлері ұсынылады (кәсіпкер өте қолайлы комбинациялар әзірлейтін болды. Мысалы, демалысты саудамен, білімді ағартушылықпен, бизнесті мәдени бағдарламамен үйлестіретін болды);
5. Халықаралық туристер үшін фирмалардың бәсекелестік күрестері күшейді;
6. Қазіргі кезгі ақпараттық технологиялар қызметтерді сатуға, орындарға тапсырыс беруге, әртүрлі туристік орталықтар мен көрнекіліктерді оқып-зерттеуге жаңа жолдар ашты;
7. ХХІ ғасырда туризмнің дамуы тұрақты болады, яғни туристің қажеттілігін максималды ескеру мен оның әкелетін зияны арасында тепе-теңдікті сақтауға негізделеді.
2020 жылға қарай шығу туризмі бойынша көшбасшы елдер
№
Туристермен жабдықтаушы елдер
Халықаралық сапар саны, млн
Нарықтағы үлесі, %
1
Германия
163,5
10,2
2
Жапония
141,5
8,8
3
АҚШ
123,5
7,7
4
Қытай
100
6,2
5
Ұлыбритания
96,1
6,0
6
Франция
37,6
2,3
7
Нидерланды
35,4
2,2
8
Канада
31,3
2,0
9
Ресей
30,5
1,9
10
Италия
29,7
1,8
БАРЛЫҒЫ
789,1
2020 жылға қарай кіру туризмі бойынша көшбасшы елдер
№
Туристермен жабдықтаушы елдер
Халықаралық сапар саны, млн
Нарықтағы үлесі, %
1
Қытай
137,1
8,6
2
АҚШ
102,4
6,4
3
Франция
93,3
5,8
4
Испания
71
4,4
5
Сяньгань
58,3
3,7
6
Италия
52,9
3,3
7
Ұлыбритания
52,8
3,3
8
Мексика
48,9
3,1
9
Ресей
47,1
2,9
10
Чехия
44
2,7
БАРЛЫҒЫ
707,8
1.3 Халықаралық туристік бизнестің дамуының негізгі факторлары мен шарттары
Халықаралық туризм дамуына жəрдемін тигізетін негізгі факторларды статикалық жəне динамикалық деп екі топқа бөледі. Оның біріншісіне табиғи-географиялық факторлар жатады. Олардың өзгермейтін маңызы бар.
Адам оны тек қана өзінің керегіне ыңғайлап алады. Екіншісіне демографиялық, əлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық жəне саяси факторларды жатқызады. Бұл факторлар кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп тұруы мүмкін.
Халықаралық туризм дамуының табиғи-географиялық факторлары сұлу, бай табиғат, климат, жер бедердің көрінісінен табылады. Табиғаттың жаратылысы бойынша рекреациялық шаруашылыққа дейін табиғи элементтер мен кешендер алғашқыда рекреациялық іс-əрекеттің жағдайы ретінде болады. Рекреациялық сұраныстың пайда болуының арқасында оларға баға беріліп, технологиялық деңгейге дейін жеткізіледі, содан кейін туристік-рекреациялық ресурсқа өтеді.
Сол сияқты процестер əлеуметтік-экономикалық объектілер экскурсиялық туристік-рекреациялық ресурстарға өткенде де қайталанады.
Сұраныстың көбеюі жəне рекреациялық құндылық мөлшерінің дамуы халықтың мəдени деңгейінің көтерілуі пайдаланылатын объектілердің шеңберінің кеңеюіне əсерін тигізеді, олардың көбісі арнайы өңдеудент өткеннен кейін экскурсиялық шараларға ұсынылады. Демографиялық факторлардың екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бірқатар жалпыға бірдей сипаты болды. Бұл кезеңнің ерекшелігі - əлемде, еуропалық елдерде жəне дамушы елдерде халық санының өсуі. Əлемдегі халық санының өсуінің қарқынына тура сəйкес туристердің де санының өсетіндігін зерттеулердің нəтижесі көрсетеді. Өркендеген Батыс елдерінде туристік сұраныс негізінен 30-50 жастың арасына келеді. Дегенмен, соңғы жылдары туризм нарқында жасы 55-тен жоғары адамдардың да саны өсуде.
Урбандалу процесі қалаларда көрініп келе жатыр. Əсіресе ғылыми- техникалық прогресс дəуірінде халқы өсіп, экономикасы дамып, урбандалу процесі индустриализацияның басталуымен едəуір жылдамдады. Жер шарының тұрғындарының жартысы қалаларға жиналған, оның саны өсе түсуде. Қазіргі ірі қала адам өміріне екі жақты əсерін тигізеді. Бір жағынан, адамдардың материалдық-техникалық, əлеуметтік-экономикалық жағдайлары жақсарса, екінші жағынан, қала өмірінің жылдамдығынан, ауасының ластануынан адамның жүйкесі мен психологиясына қысым көбейеді.
Әлеуметтік-экономикалық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орынды ұлттық табыс алады. Ұлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы əбден қисынды жəне түсінікті. Бірақ та туристік саяхаттың көбеюі - Өркендеген Батыс елдерінде туристік сұраныс негізінен 30-50 жастың арасына келеді. Дегенмен, соңғы жылдары туризм нарқында жасы 55-тен жоғары адамдардың да саны өсуде.

Әлеуметтік-экономикалық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орынды ұлттық табыс алады. Ұлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы əбден қисынды жəне түсінікті. Бірақ та туристік саяхаттың көбеюі - адамның жақсы тұрмысына ғана тəуелді емес, сонымен қатар бос уақыттың ұзақтығына да байланысты. Соңғы 25-30 жылда Еуропа елдерінің көбінде адамдардың бос уақыты едəуір ұзарды. Төленетін жылдық демалыстың ұзаруы қазіргі болып жатқан ғылыми-техникалық революцияға байланысты болып отыр, өйткені онда ақыл-ой еңбегі артады, өндіріске жəне тұрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды. Міне, осының барлығы адамдарға физикалық жəне психологиялық қысым туғызады жəне олардың еңбек қабілетін қалпына келтіруді қажет етеді.
Материалдық-техникалық факторлар. Олардың ішіндегі бастылары: орналастыру орындары, қоғамдық тамақтандыру мекемелері, көлік қызметтері жəне т.б.
Жоғарыда атап кеткен факторлар объективті болып саналса, басқа факторлар, əсіресе, мотивациялар, субъективті болып саналады. Олар туристің таңдауын анықтайды жəне мынадай сұрақтарға жауап береді: неге 100 млн астам адам саяхатқа шығады, саяхат кезіңде не іздейді, қандай қажеттілігін қанағаттандыруға тырысады. Американдық психологтың (Маслоудың) мотивация теориясы бойынша, адамдардың қажеттілігі əр алуан.
1.4 Халықаралық туристік бизнес деңгейде туризмді жетілдіру жолдары
Халықаралық туризм туристік мақсатта тұрақты өмір сүру елдің шекарасынан тыс саяхат жасайтын тұлғалардың сапарлары болып табылатындықтан оны әлемдік деңгейге жеткізу қажет. Ол үшін мемлекетік шекараны өту белгілі бір формальді түрде өзара байланыста болады: шетел паспорт пен рәсімдеу, кеден процедураларынан өту; валюталық және медициналық бақылаудан өту. Бұл ережелерді мемлекеттің бекітуі заңдық емес миграцияға, халықаралық терроризмге, нашақорлық сатуға қарсы күрес мақсатында жүргізіледі және мемлекетке кіру және одан шығу ережелерін қамтамасыз етеді. Арнайы қызметтер саяхатшылардың паспорт-визалық режимдерді, тауарларды, валюталық құралдарды өткізуін тексереді.
Формальдықтардың жай болуы адамдардың орын ауыстыруын жеңілдете отырып, халықаралық туристік ағымдарға түзу әсер етеді. Туристік саяхаттардың өсуіне шығу құжаттарын рәсімдеу процедураларының күрделенуі, оларды қарастыру уақытының ұзаруы, өте жоғары бағалы төлемдер, валюталық бақылау-валюта айырбастауда қатаң шектеулерді енгізу. Кеден декларацияларымен қараулар туристік сапарлардың қысқаруына әкелуі мүмкін[1].
Қазақстанда туризм стратегиясының негізгі мақсаты - қазіргі заманға сай жоғарғы тиімді және бәсекеқабілетті туристік кешен құру. Ол, бір жағынан, қазақстандық және шетел азаматтарының туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер беретіндей, екінші жағынан - ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес, соның ішінде, жұмыс орындары санын арттыру, мемлекет бюджетіне түсетін салық түсімдері, шетел валютасының ағымы, мәдени және табиғи мұраларды сақтау рационалды пайдалану есебінен қосатындай болуы керек.
Қазіргі таңда кез-келген ірі қаланы туристерсіз елестету мүмкін емес, шетелдік туристерсіз де, отандық туристерсіз де.
Ішкі туризм өзгерісі халықтың өмірлік деңгейінің өсу процесінен, еңбекақының өсуі және т.б. тұрады. Оның рөлі орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде төмен түспеу керек, керісінше, күшейу керек, өйткені инфрақұрылым дамып,кіріс туризмінің нығайуына ықпал жасайды.
Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын халықаралық туристік нарыққа жылжыту үшін бәсекелестік қабілетімізді жоғарылату керек. Еліміздің туристік әлеуетін жарнамалауға әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет. Жарнамалаудың жанама тәсілі - инвестицияларды тарту. Яғни, бізге инвестицияларды белсенді ынталандыру қажет.
Шетелдік серіктестіктермен ынтымақтастық шетелдік тәжірибені туристік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруда қолдануда негізгі бағыт. Шетелдік капитал қосымша материалды және ақша құралдарын бере алады және бірлескен туристік бизнестің кейінгі дамуының тірегі бола алады. Біз туристік ресурстарды пайдалануды басқару, маркетинг, кадрлар дайындау және басқа да мәселелерді шетелдік тєжірибені игере отырып шеше аламыз.
Біздің елімізге туристерді тартуға туристік ресурстардың болуы оң әсер етеді. Аспанмен таласқан Хантәңірі, асқақтаған Алатау, оның бауырындағы Шымбұлақ, көркіне көз тоймас Бурабай мен Баянауыл, толқынды Каспийіміз яғни, табиғат ана бере салған көрікті жерлеріміз жеткілікті
Туристік ресурстарға апаратын жолдарды жөндеп, көлік инфрақұрылымын дамыту, көлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету туристік ресурстардың алшақтығын жақындастырады. Көлік инфрақұрылымындағы қызмет көрсету деңгейін көтеру қажет. Ақтау қаласын Орталық Азияның ірі айлағына айналдырып, Каспий теңізіне круиз кемелерін салып, өндірістік экскурсиялар ұйымдастырылса, Батыс Қазақстанның туризмі дамиды. Есіл өзеніне кеме енгізу жобасы жүзеге асырылса туризмді дамыту мен туристерді тартуда үлкен қадамдардың бірі болар еді.
Екіншіден, ғалымдардың айтуынша, асқақ Алатауымыздың Швейцария тауларынан айырмашылығы аз. Қайта, ол елде қызмет көрсету жетік жолға қойылған Туристік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру амалдарының бірі туризммен салалас инфрқұрылымдарды дамыту.
Мамандардың пікірінше, туристердің 90 % басқа халықтың салт-санасына, дәстүріне, әдеп-ғұрпына қызығушылық танытады екен. Тарихи-мәдени ескертікштерді қайта жөндеуден өткізіп, ескерткіштер бойынша тиімді экскурсиялар жасау қажет[2].
Әлемдік телеарналардан Қазақстанның әсем жерлері, туристерді қызықтыратын ерекшеліктері туралы деректі фильмдер жасалыну тиіс.
Министрлік Қазақстанның туристік ассоциациясымен бірге қоян-қолтық араласып, мемлекет тарапынан туристік ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде жаңа мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жасалыну қажет.
Рекреациялық қызмет зоналарында қызмет түрлерін кеңейту, қызмет көрсететін қызметкерлерді тарту мен біліктіліктерін жоғарылату керек. Даму болашағы зор басқа да туристік-рекреациялық аймақтарды қалыптастыру мен дамыту жобалары жасалынса және жаңа табиғи ұлттық парктер құрылу тиіс.
Тарихи қазбалар ҚР туристік ресурстарын халықаралық туристік нарыққа жылжытуда негізгі орынды алады. Мысалы, Италия, Франция, Америка ғалымдарын Қазақстан археологтары Орал маңында жасаған ашулармен қызықтырады. Тарихи қазбалардың әлемдік мәні бар екеніне сенім мол.
Тарихи мұралар бірнеше шетел тілдеріне аударылып және Қазақстан бойынша еңбек жазылса, Қазақстанның туристік әлеуетін шетелге таныту жүзеге асар еді.
Мемлекеттік табиғи ұлттық парктердің тармақталған желісін жасау тиімдірек болып келеді. Әртүрлі ерекше табиғи ландшафтарды сақтап қалу үшін табиғи парктерді құру қажет. Бұл келесі екі негізгі қызметті орындай алады: еліміздің бюджетін туристерді тарту арқылы валютамен толтыру жєне адамның табиғатқа әсерінің теріс зардаптарын алдын-алу қызметтері.
Халықаралық туризм экспорттау жөнінде және төлем балансын төлеу қабілеті бойынша әлемдік нарықты қамтамасыз етеді. Халықаралық туризм әлемде жұмыс орындарын ашу бойынша да зор маңызға ие. Туризмді дамыту үлкен көлемді инвестиция тартуға септігін тигізсе, жоғары сапалы технологиялармен қамтамасыз етуге, жаңа кәсіпорындар ашуға көмегін тигізеді.
Қазіргі таңда туризм саласына 6 пайыз әлемдік жалпы ұлттық өнім, 7 пайызы әлемдік инвестициядан түседі екен.
Туристік қызметтен салық арқылы байып отырған елдердің бірі АҚШ -130 млрд.доллар, Жапония -70 млрд.доллар, Германия -57 млрд. доллар пайда тауып отыр. Сондықтан, кіру, шығу туризмі арқылы елімізге капиталды құюға және экономиканы көтеретін бір сала ретінде қарауымыз керек.
Халықаралық туризмді дамытудың мақсаты:
oo сапасы, халықаралық туристік нарық жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;
oo республиканың туристік әлеуетін арттыру,
oo тарихи - мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
oo халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;
oo тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;
oo мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру;
oo шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Туристік саяхаттардың өсуіне шығу құжаттарын рәсімдеу процедураларының күрделенуі, оларды қарастыру уақытының ұзаруы, өте жоғары бағалы төлемдер, валюталық бақылау-валюта айырбастауда қатаң шектеулерді енгізу. Кеден декларацияларымен қараулар туристік сапарлардың қысқаруына әкелуі мүмкін.
Халықаралық туризмнің барлық көрсеткіштерінің өсуі, әлемдік ЖІӨ-нің өсу темпін толығымен қуып жетуде. Осыған байланысты халықаралық туризм ХХІ ғасырдың басында әлемдік экономиканың басты саласына айналды.
Италия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен Туркиядағы туристік орталықтар дамуының тәжірибесі айтарлықтай зор. Аталған елдердің туризм индустриясын дамыту негізінде туристік сала инфрақұрылымын, көлікті және қызмет көрсетулер салаларын дамыту жатты.
Туристік орталықтардың белсенді дамуы Италияда (Рим, Венеция, Түркияда (Бодрум, Мармарис, Анталья), АҚШ-та (Лас-Вегас, Гавай аралдары), Египетте (Каир, Гиза, Александрия), Тайландта (Бангкок) байқалды[3].
Осы әлемдік туристік орталықтар туризмі инфрақұрылымының негізін қазіргі заманғы үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын-сауық орталықтары құрайды. Сонымен қатар, аталған туристік орталықтардың дамуында бай тарихи- мәдени мұра мен табиғи- климаттық жағдайлардың рөлі маңызды болады. Бизнестің кез-келген түрін, франшизаға айналдыруға болады .Франчайзингтің Халықаралық Ассоциациясы франчайзинг әдістері қолданылатын шаруашылықтың 70 саласын көрсетеді. Франчайзингтік қарым-қатынастар екі жақ үшін тиімді болып табылады. Франчайзи минималды шығындармен максималды сатулар деңгейіне жетуге мүдделі болады.Франчайзи франшиза бойынша бизнес жүргізу ережелерін сақтай отырып, франчайзермен жүргізілетін жарнама және маркетингтік компанияларға қатысу керек. Ал франчайзер бәсекелестік ортада жетекші позицияны алып алуүшін қызмет етеді. Франчайзер франчайзи жақсы қызмет етуіне мүмкіндігінше бүкіл қажетті көмек көрсетеді. Франшиза сатып алуға мүдделі болатын тұлғалар осындай қарым-қатынас дайындығын бағалау керек.
Сонымен қатар, корпоративті франчайзинг-франшиза алушы жеке кәсіпорындарды емес, франшиза кәсіпорындарының желісін иеленетін франшиза бизнесінің ұйымдастырылуын қазіргі уақыттағы формасы.

Алға қойған мақсаттарды іске асыру үшін мынандай міндеттерді шешу қажет:
oo туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру;
oo туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру;
oo туризм индустриясының құқықтық-ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту;
oo туристік нарықты дэмпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;
oo туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
oo тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру;
oo туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснамасын халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
oo туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
oo туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;
Сондықтан, халықаралық туризмді дамыту болашақта туристердің елімізге көптеп келуіне, капитал миграциясы мен тұтыну нарығын толықтыруға зор септігін тигізеді.
Республика туризмінде туристердің шетелге шығуы басым. Сыртқа шығатын туристер саны тұрақтанып, жылына шамамен 700 мың адамды құрайды. Олардың көбі шекара сыртына коммерциялық мақсатпен шығады[4]. Түристік жағынан Қазақстанда тартымды жерлер көп. Б.э.д. 1 ғасырдан басталған Республиканың бай тарихы, өте сирек кездесетін материалды тарихи ескеркіштер, өзіндік тұрмыстық мәдениетті, саяси тұрақтылық, Республиканың ашық болуы барлығы туристік индустрияның интенсивті дамуына өз әсерін тигізеді.
Туризм сферасындағы бүкiләлемдiк қатынасты дамыту қадамдарының бiрi, Қазақстанның 1993 жылғы Бүкiләлемдiк Туристiк Ұйымға (БТҰ) нақты мүше ретiнде кiруi, туризм облысындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келiсiмдi бекiтуi. Шетел мемлекеттерiнiң Үкiметiмен Қазақстан бай туристiк потенциалға иелiк етушi, тиiмдi серiктес ретiнде танылды.
ҚР стастистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2013 жылы елде 1705 - туристiк ұйым қалыптасқан. Олармен 424,7 мың адамға қызмет көрсетілген. Қазақстандық кәсiпорындармен 80 елдiң туристiк фирмаларымен келiсiмдiк қатынас бекiтiлген. 40 - алматылық және 13 - облыстық турфирмалар, 8 - мемлекетке чартерлiк әуе қатынасын жүзеге асырады[5].
Мамандардың көрсетуі бойынша ірі одақтарға бірігу аса күрделі процесс болғандықтан шет елдік туристік ұйымдар көбіне стратегиялық одақтарға бірігуді жөн көреді.
Шет елдік туристік ұйымдардың өзіндік бір ерекшелігі туристік және қонақ үй бизнесімен тығыз байланысты болатын көрмелік-жәрмеңкелік қызметін ұйымдастыруда болып табылады.
II БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК БИЗНЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ
2.1 Қазақстандағы туристік бизнестің дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.
Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.
Халықаралық туризмнің үлесіне жыл сайын әлемдік экспорттың 7% және қызмет көрсетудің 25-30% келеді. Халықаралық туризмнің жылдық өсуі 4,0%, ал болашақта бұл көрсеткіш көтерілмек. Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:
oo кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;
oo туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;
oo сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;
oo аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;
oo алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы; -халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын
oo бизнестің дамуы;
oo қызмет көрсету секторының өсуі;
oo елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор. Көптеген туристер шетелдік авиакомпанияларға қызығушылығы артық болып тұр, ал ұлттық компаниялардың ролі төмен. Эйр-Казахстан-ның акциясы мемлекеттік меншікке өтуі болашақта ұлттық авиатасымалдаудың маңызы артады деген үміт бар.
Ал автомобиль транспортының ролі шекаралық тасымалдау мен саяхат жасау маршруттарында қолданады. Оның дамуы көлік құралдарына және жолдарының қызмет ету сапасына байланысты. Қазіргі кезде Сайран автовокзалы үлкен қызмет көрсетуде. Жалпы автобус парктері өте төмен деңгейде, қазіргі сұранысқа сай автокөліктер өте аз.
Теміржол көлігі Қазақстан Теміржолы 14 бағытта жұмыс істейді. Олардың қызмет көрсету сапасы халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Алматы-Астана маршруты ғана стандартқа сай, ал оңтүстік маршруттары ешқандай сын көтермейді.
Ал орналастыру құралдарына келсек, көпшілігінің кабылдау мүмкіншілігі төмен, номерлердің бағасы жоғары, сондықтанда жабылып жатыр.
Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Президенттің бұл салаға басымды сала ретінде көңіл бөлуі. Үкімет тарапынан Қазақстан туризмінің және елдің бет-бейнесін жасауға ( 2000-2003) байланысты шаралар болды.
2001 жылы туристік бизнестегі ерекше жыл болды, туризмге 26млн. теңге бөлінді. Қазақстан экономикасы 2-3 жүлдызды орта, шағын мейманхана салуға мүмкіндігі бар.
Туризмді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалы жоғары. Олардың ішінде маңыздысы: мемлекеттің әлеуметтік саясаты, жұмыстан бос уақыт, урбанизацияның өсуі, білім және мәдениеттің, орташа өмір сүрудің деңгейі, жылдық демалыс күндері мөлшері, халықтың өмір сүруінің деңгейі, табысы, туристік белсенділік жатады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қазіргі кезде туризмнің жаппай дамуын тежеп отыр. Қазақстандағы туризмнің даму бағыты шоп-туризмді ұйымдастырумен байланысты, яғни материалдық қажеттіліктен туындап отыр. Қазіргі кезде ТМД елдерінде туристерді тарту үлкен бәсекеге ие болып отыр. Көрші елдер Ресей, Өзбекстан, Қырғызыстан, Монголия туризмді дамытуға барлық күшін салуда, және қазір Қазақстанды басып алуда.
2.2 Қазақстан Республикасында туристік бизнес дамытуға кедергі ететін негізгі экономикалық факторлар
Бірқатар кедергілерден соң Қазақстан үлкен туристік биржаларға қатысты. Берлин, Лондон, Мэскеу қалаларында. Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе алатын және рентабельді туризм индустриясын дамытуға толық мүмкіншілігі бар .
Оған ықпал ететіндер:
-- еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі;
-- саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz