Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау



КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ. ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ 5
1.1 Қонақжайлылық индустриясы: негізгі түсінігі және құрама элементтері 5
1.2 Қонақ үйлердегі қонақжайлылық индустриясының заманауи 11
жағдайы 11
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 14
2.1 Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесі дамуының қазіргі жағдайы 14
2.2 Қазақстан Республикадағы туризмде қонақүйдегі қонақжайлылық қызметін мемлекеттік қолдауы 30
2.3 Қазақстандағы қонақ үй қонақжайлылық шаруашылығының даму тарихы 40
ҚОРЫТЫНДЫ 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46
«Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.Қазіргі «Қонақжай индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын – сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.
Қонақ үй дегеніміз- қонақтардың, жолаушылардың уақытша тұратын жері.
Қонақ үй индустриясы қазіргі таңда XX ғасырда қарқынды дамыды.Бүгінгі таңда мәртебелі 200ден астам қонақ үй желілері дамуда.Мысалы айта кетсек, Mariott, Rixos, Radisson.
Қонақжайлылық индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуде маңызды әсер етуде. Дамыған елдерде туризмнен түскен табыс қара және түсті металлдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Қонақ үй қонақжайлылық индустриясы дамып жатқан аумақтың инфрақұрылымына және басқа да кәсіпкерлік қызметтердің дамуына экономикалық ықпалын тигізеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: біздің елімізде қонақжайлылық қызметін арттыру мәселесі үлкен орынға ие.Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй саласында персоналдың имиджін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау – халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, Қазақстан деңгейін қолдаудағы қонақ үйлік туристік индустриясын дамутуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек.
1. ГОСТ 50645-94 «Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету. Қонақ үйлер классификацияы»
2. Браймер Р. Основы управления в индустрии гостеприимства. – М. 1995жылы
3. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии готепримства. – М.2003жылы
4. ҚР Статистика агенттігінің ресіми Интернет-ресурсы:www.stat.gov.kz
5. Қыдырбек-ұлы Д.А. Формирование и развитие индустрии туризма и гостеприимства в Республике Казахстан.2014жылы
6. Гуляев В.Г. Новые информационные технологии в туризме. М. Приор: 2011.
7. Квартальнов В.А. Туризм: теория и практика: избранные труды. В 5 т. Т.
8. Новые цели и функции туризма: экономика и управление. - М.: Финансы и статистика, 2006.
9. ҚР 2004-2007 ж.ж статистикалық жинағы.
10. Азар В.И. «Экономика и организация туризма». М: 1983г.
11. Александрова А.Ю. «Международный туризм». Учебное пособие для вузов. М.: 2001г. – 464 с.
12. Артеменко В.Г. «Финансовый анализ». Учебное пособие. М.: 2001 – 128 с.
13. Браймер Р.А. «Основы управления в индустрии гостеприимства». М.: 2000 – 176 с.
14. Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристический бизнес: Особенности бухгалтерского учета и налогообложения.-М.: Финансы и статистика,2002.-352с.
15. Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,1998.-352с.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ. ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ 5
1.1 Қонақжайлылық индустриясы: негізгі түсінігі және құрама элементтері 5
1.2 Қонақ үйлердегі қонақжайлылық индустриясының заманауи 11
жағдайы 11
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 14
2.1 Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесі дамуының қазіргі жағдайы 14
2.2 Қазақстан Республикадағы туризмде қонақүйдегі қонақжайлылық қызметін мемлекеттік қолдауы 30
2.3 Қазақстандағы қонақ үй қонақжайлылық шаруашылығының даму тарихы 40
ҚОРЫТЫНДЫ 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 46

КІРІСПЕ

Қонақжайлық түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.Қазіргі Қонақжай индустриясы дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын - сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.
Қонақ үй дегеніміз- қонақтардың, жолаушылардың уақытша тұратын жері.
Қонақ үй индустриясы қазіргі таңда XX ғасырда қарқынды дамыды.Бүгінгі таңда мәртебелі 200ден астам қонақ үй желілері дамуда.Мысалы айта кетсек, Mariott, Rixos, Radisson.
Қонақжайлылық индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуде маңызды әсер етуде. Дамыған елдерде туризмнен түскен табыс қара және түсті металлдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Қонақ үй қонақжайлылық индустриясы дамып жатқан аумақтың инфрақұрылымына және басқа да кәсіпкерлік қызметтердің дамуына экономикалық ықпалын тигізеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: біздің елімізде қонақжайлылық қызметін арттыру мәселесі үлкен орынға ие. Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй саласында персоналдың имиджін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау - халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, Қазақстан деңгейін қолдаудағы қонақ үйлік туристік индустриясын дамутуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек.
Курстық жұмыстық мақсаты мен міндеттері: Қазақстандағы қонақ үй қызметін басқарудағы қазіргі жағдайларын талқылау. Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің белсенділігін арттыру жолдарын анықтау.
Қонақ үй индустриясы Қазақстан Республикасындағы іскерлік шеңберде қызығушылықтарды арттырады. Демек, ішкі нарықтағы мемлекетік емес экономикалық және өндірістік құрылымдардың жаңа бастау алған кәсіпкерлердің табыс көзі болып табылады. Сондықтан, Қазақстандағы қонақ үй индустриясы мен туризм нарығындағы персонал имиджін қалыптастыруды ішкі туристік саудасы мен халықаралық байланысын күшейту мәселесі тұр. Қонақ үй индустриясы және туризм туристік қызметтерді өндіру саласында бастаушы бола отырып, кәсіпкерліктің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктері бар.

І БӨЛІМ. ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Қонақжайлылық индустриясы: негізгі түсінігі және құрама элементтері

Қонақжай индустриясына қандай да бір анықтама беру қиынға соғады, себебі оның саласының құраушылары өте көп. Қонақжай ндустриясы кешенді болып табылады. Ол түрлі кәсіпқой шешімдерді және жағдайларды игере білудегі тәсілдердің жиынтығы. Индустриялы кәсіпорын әртүрлі қызметтерді орындайды (мысалы, клубтар, қонақ үйлер, пансионаттар) және олар өзара байланысты. Қонақжай индустриясын зерттеуде ол өзіне әртүрлі салаларды және секторларды қосатынын білу керек, ара қатынас жүйесін ұғыну, яғни бұл жерде қонақжай индустриясын басқа индустриясының арақатынасы.
Қонақжай индустриясы фирмадағы және ұйымдағы қызметкерлердің бірігіп, олардың әрқайсысы қонақтардың талаптарын қанағаттандыруға бағытталған арнайы өздеріне лайық функциясын көрсетеді. Қонақжай индустрияның негізгі секторына тоқталайық.
Орналастыру әдістерінің секторы. Туристерді орналастыру құралы кез-келген обьект, яғни түнеу орны, сонымен қатар тамақтану, ойын-сауық болып табылады. ВТО ұсынысы бойынша орналастыру әдістерін 2 категорияға бөлді -- ұжымдық және жеке.
Ұжымдық туристерді орналастыру әдістерінің құрамына қонақ үйлер және аналитикалық мекемелер, арнайы мекемелер және басқа да орналастыру әдістері кіреді.
Ұжымдық орналастыру әдісінің жайғасатыны әртүрлі және әр категориядан тұратын гостиница номерлеріне мысалы: Сочидегі Жемчужина комплексті қонақ үйінің номерлері келесі категорияларынана тұрады:
Үш жұлдызды номер категориясы:
Екі орындық -- 657 номер: балкон, телефон, түрлі түсті теледидар, радио, холодильник, душ, бөлек 2 кроват, ауданы -- 19,3 м2.
Бір орындық -- 115 номер: балкон, телефон, түрлі-түсті теледидер, радио, холодильник, ванна, кровать, диван, ауданы -- 17,6 м2.
Люкс (1-2 адам) -- 17 номер: 2 комнатада балкон, екі бөлек кроват, кондиционер, телефон, посуда, ауданы -- 37,2 м2.
Төрт жұлдызды номер категориясы:
Екі орындық (9,10,11,12,13 этаждар) -- 65 номер: балкон, француздық кроват, кондиционер, холодильник, жеке сейф, телефон, радио, түрлі-түсті теледидар, туалет бөлмесінде душ кабинасы, фен, ауданы -- 19,3 м2.
Бір орындық (9,10,11,12,13 этаждар) -- 51 номер: балкон, бөлек кроваттар, кондиционер, түрлі-түсті теледидар, радио, холодильник, телефон, туалет бөлмесінде душ, фен, ауданы -- 19,3 м2.
Жартылай люкс (9,10,11,12,13 этаждар) -- 20 номер: бір бөлмелі, балкон, француздық кровать, кондиционер, холодильник, радио, телефон, жеке сейф, туалет бөлмесінде душ, фен, толық жағдай, ванна, ауданы -- 17,6 м2.
Люкс (9,10,11,12,13 этаждар) -- 29 номер: екі бөлме балкондарымен, француздық кровать, диван, кондиционер, түрлі-түсті теледидар, холодильник, радио, шалбарға жеке доска, туалет бөлмесі, фен, толық жағдай, (гидромассаждық ванна), ауданы -- 37,2 м2.
Бизнес-люкс -- 8 номер: екі бөлмеде бұрыштама балкон, француздық кровать, диван, жұмыс істеуге және сөйлесуге стол, кондиционер, түрлі-түсті теледидар, радио, телефон, посуда, хрусталь наборы, үлкен жеке сейф, мини-барымен холодильник, киім үтіктеуге арналған тақтайша, туалет бөлмесі, фен, гидромассажды ванна, қонақ туалеті, компьютер дер бар, ауданы -- 56 м2.
Маманданған мекеме туристерге қызмет көрсетумен айналысады. Оларда нақты номерлер болмайды, турситер жеке үйлерде (бунгаларда, вилла, дачаларда) тұруы мүмкін, Маманданған мекемелерге сауықтыру орындары (сауықтыру, санаториялар, профилактория, емдеуге арналған пансионаттар) болып табылады. Мұндай мекеме функция түрінде ең бастысы тұру болмайды, бұл жерге туристер медициналық қызметтерді пайдалану, профилактика қабылдау, сонымен қатар табиғи пенреациялар факторларды (климат, теңіз, минералдық заттар, лайлар) қабылдау үшін келеді.
Барлық ұжымдық орналасу тәсілдерінің демалыстарына үйлер ұсынылады. Оларға қонақ үйдегі пәтер түрі, комплексті үйлер және бунгалалар кіреді. Бұл ғимараттар арендаға беріледі. Барлық ұжымдық орналасу әдістеріне кіретіндер: туристік жатақхана, жастар қонақ үйі, оқушылар және студенттер жатақханасы, қартайған адамдарға демалыс үйлер және т.б.
Жеке орналасу әдісі үй шаруашылық секторына қатысты, пәтерде уақытша тұру, үйлерде, коттедждерде тұру[23].
Тамақтану және сусындар секторы. Соңғы уақытта бұл сектор қарқынды даму үстінде, себебі бұл қызмет түрін тек қана турситер емес, сонымен қатар кең ауқымды басқада тұтынушылар пайдаланады. Кәсіпорын тамақтану классификациясы үш қызметтен тұрады:
-- белгілі бір қызмет түріне қатысты;
-- формалық қатысуда негізгі қызмет;
-- кулинарлық азық-түліктерді өндірудегі рөлі.
Дайындау және өнімді өткізу кәсіпорын тамақтандыруының негізгі қызметі болып табылады. Отырған клиенттерге комфортты жағдайды жасау үшін әдістерімен музыканттарды шақырады.
Кәсіпорын басқаруындағы байланыс, біріккен және кәсіпорында өздігінше жұмыс жасайтындар болып бөлінеді. Ассортимент кәсіпорында комплексті, универсалды және мамандандырылған болып бөлінеді.
Кәсіпорын тамақтандыру группаланып, мына жағдайларға тәуелді болады: қызмет көрсету әдісіне, техникалық циклдің толықтығын, қызметтің көлемі және мағынасына, тамақтану түріне, жұмыс режиміне кәсіпорындардың тамақтану негізгі түріне қатысады: өндіріс кәсіпорындардағы мейрамдар, мейрамхана-клубтар, тақырыптық мейрамдар, кафе, кафетерия, кәсіпорындардағы жылдам қызмет көрсету және т.б. Ресторандық бизнестің даму талпынысы мейрамханалар арасындағы бәсекелесті күшейтіп жібереді. Оның нәтижесінде клиент үшін күрес мейрамхананың негізгі мәзірі тағамдарының төмендеп кетуіне соғады.
Сауда қызмет жасау секторы. Қонақжайлылық индустриядағы саудалық қызмет жасау секторы келесі жағдайды көрсетеді: кәсіпорындағы көтерме сауда, тұтынушыларға ұсынылатын кең және әртүрлі ассортиментті тауарлар, емдік препараттар, сыйлықтар және сувинерлер, пляж және курорт жабдықтары, кітаптар, брошуралар, журналдар және т.б. керек заттар.
Кәсіпорындардың өндірісін туарларын өткізу әр сауда нүктелеріне жіберіп отырылады, мысалы магазиндерге, павилондарға, киоскілерге, автомагазиндерге т.б.
Көтерме сауда кәсіпорындары ереже бойынша қонақ үй кәсіпорын стрктурасына кірмей, өз бетінше жерді арендаға алады. Бұндай жағдайда тауарды өткізуде арнайы мамандандырылған, ассортименттерді тиянақты қалыптастырып тұратын, сауда жағдайында технологиялық білімі бар, квалификацияланған кадрларды таңдайды. Дұрыс ұйымдастырылған сауда қызметі туристерге іздеген тауарларын қонақ үйден шықпай-ақ алуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде ерекше мағынаға ие сувинерлер мен ұлттық бұйымдары бұлар -- мемлекеттің, курорттың, қаланың ғана визиттік карточкасы емес сонымен қатар кірістің үлкен көзі.
Транспорт секторы. Трнаспорттық қызмет көрсету секторы туристерге және қонақ үй кәсіпорын тұрғындарын тасымалдауда қызмет атқарады. Негізгі ереже бойынша транспорттық ұйымдармен, ірі компаниялармен, авиакомпаниялармен, туристік-агентствомен және отельдер арасында келісімшарт орындалады.
Қонақ үй тұрғындарына, туристерге траснпорттың барлық түріне билеттерді брондаумен турагентство айналысады. Әдетте турагентство офистері қонақ үйде немесе өздерінің кәсіпорындарында орналасады. Транспорттық қызмет көрсету қонақ үйлерде туристке автокөліктерді, аэропортқа, вокзалға дейінгі трансферлерді семинарға бару кезде транспорттық қызмет көрсету міндеті.
Көңіл көтеру, бос уақыт және спорт секторы. Көңіл көтеру, бос уақыт және спорт секторы қонақжай индустриясы инфрақұрылымында үлкен рөл ойнайды және әртүрлі жағдайды иеленеді (тәрбие, көңіл күйді қалыптастыру, білім, демалыс, адамдардың мәдениетінің дамуы). Адам өзінің бос уақытында көңіл көтеріп, спортпен айналысса, демалып, күшін қалпына келтіреді. Кәсіпорын және ұйым секторларында көңіл көтеру орындары: цирктер, зоопарктер, аттракциондар, ойынханалар, демалу парктері, сонымен қатар әртүрлі көру орындарына -- театрлар, кионтеатрлар, концерттік залдар, филармониялар және т.б.
Мәдениетке: мұражай, библиотека, көрмелер, клубтар және т.б.
Физикалық мәдениет және спортқа: бассейндер, спорттық залдар, ойын павилондары, спорттық және фитнес клубтар және т.б.
Қона үй кәсіпорындары жоғарыда айтылған жағдайларды қамтитын кәсіпорындармен туристердің бос уақыттарын көңілді өткізуге келісімге тұрады: қонақ үйлерде анимациялық қызметтер. Қонақтардың бос уақытын жақсы өткізуге ұйымдастырып қызмет жасайды, сонымен қатар көптеген қонақүйлер жеке спорттық базалары (бассейндер, тенис алаңы, гольф алаңы, аквопарктер, су аттракциондары және т.б.).
Қонақ үй қызметі, ерекшелігі және құрама элементтері. Нарықта тауардың қатары, капиталдар, жұмыс күші нарық қызметімен байланысты. Қызмет сферасы песрпективал, тез дамығыш экономикалық секторлардың бірі болып табылады. Қызмет -- тұтынушының тілектерін қанағаттандыратын, ұсынушымен тұтынушының байланысы. Қызмет функциялық жағынан екіге бөлінеді: материалдық және әлеуметтік-мәдени.
Материалдық қызмет -- бұл тұтынушылардың матыриалды-тұрмыстық сұраныстарын қамтамасыз ететін қызмет түрі. Бұған кіретіндер: тұрмыстық ықзметтер, коммунальдық тұрғын үй, транспорттық ықзметтер және тамақтану.
Әлеуметтік-мәдени қызмет -- тұтынушының жан-дүниесі, интеллектуальдық тілектерін қанағаттандыратын қызмет түрі. Бұған кіретіндер: медициналық қызметтер, білім қызметтері, мәдениет қызметтері, туристік және қонақ үй қызметтері.
Қызметтер және қонақ үй қызметтері принципиалды түрде тауарлардан ерекшеленеді.
Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға технологиялық қызмет көрсетумен анықталады. Қонақ үйдегі технологиялық процесс өзіне мыналарды кіргізеді:
-- қонақтарды қона үй алдында күтіп алу;
-- тіркеу, құжаттарды безендіру және қонақтарды орналастыру;
-- номерде қызмет көрсету;
-- тамақтануда қызмет көрсету;
-- мәдени сұрақтарды, спорттық, денсаулық және фитнес қызметтерін қанағаттандыру;
-- шығарып салуын безендіру, жолға шығарып салу.
Қызметтерге мінездеме беру. Қызметтер дайын, біткен формада болмайды, ол тұтынушымен атқарушы арасыдағы қызметтер жағдайында қалыптасады. Өндіру процесі және қонақ үй қызметтерін тұтыну қонақ келгеннен бастап, кеткенше жүріп отырады. Қонақ үйде қонаққа персоналдар мейрамханаларда, номерде, қонақ үй кәсібінің барлық жерінде қызмет көрсетіп, байланыс орнатып отырады. Сонымен қатар қонақ тұратын жерінде ережені ұстап, қоғамдық орында нормаларды орындайды.
Қонақ үй қызметі -- бұл қонақ үй персоналдары мен қонақтар арасындағы ұйымдастырылған түрде қонақтардың қалауын қанағаттандыратын қызметтер. Бұл жағдай қонақ тұрғаннан бастап қонақ үй арасында үздіксіз жүріп отырады. Барлық берілген қызмет түрлері маркетингтің спецификасын анықтайды.
Қонақ үй қызметтерінің ерекшеленетіні, оны оңай түрде оқып, бағалай мүмкін емес. Мұндай жағдай қонақ үйге қиындық әкеледі.
Адам қызметті пайдаланғанда сауатты менеджмент персоналдардың рөлі зор. Қонақ үй қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталуы мүмкін, жайлы жағдай болып және қазіргі талапқа сай материалдармен безендірілсе де онда бәрі-бір бір нәрсе жетіспейді, яғни ол негізгі ойлар мен сезу элементін қалыптастыратын, қызмет етуші адамдар. Қызмет көрсету кім және қашан оған жағдай туғызатынға тәуелді. әдетте жиі кездесетін, категориялары бірдей қонақ үйлердің сервистері әртүрлі: бір қонақ үйлерде номерлерді ереже бойынша қатаң түрде қадағалап, тазалап отырады, ал бір қонақ үйлер тек клиент жалоб жасағанда ғана тазалайды. Қонақ үй қызметтерінің өзгеруі факторларға әсер етеді:
-- қонақ үй кадрларының құрамымен ұйым жұмысы;
-- жеке тұтынушыларға қызмет;
Қызметтің өзгеруі мамандандырылған түрде өсу стандарты және қызмет көрсету стандарты деп бөлінеді.
Қызмет көрсету стандарты -- клиенттерге жоғары сапалы түрде кепілдеме берген, клиенттерге қызмет көрсету ережесінің міндетті комплексі.
Маркетингтегі қонақ үй бизнесі маркетингтің негізгі зерттеулері период бойынша өсу және құлдырау болуы мүмкін (сезонға, апта күндеріне, каникульға және т.б.). Мұндай жағдайда қонақ үй қызметінің нарықтағы жағдайын маркетинг бойынша зерттейді.
Қонақ үй қызметі комплексті түрде әртүрлі қызметтерден тұрады, клиенттің тұтыну жағдайына қарсы, қызмет көрсету пакетін жасау[25].

1.2 Қонақ үйлердегі қонақжайлылық индустриясының заманауи
жағдайы

Көптеген адамдар қонақ үйлерді қонақжайлылық индустриясы деп ойлайды, алайда қонақ үйлер бұл индустриясының тек бір секторы болып табылады. Тасымалдау, тамақтандыру және экскурсия сияқты туристерді қанағаттандыру нысандарының көптеген түрлері осы әлемнің бір бөлігі. Қонақ үй индустриясы және туризм саласы көрсетілетін қызметтерді өндіруде бастаушы салалардың бірі болып отыр.
Туризм индустриясы мен қонақжайлылық қызмет көрсету нарығының басты бөлігін құраушы, жоғары рентабельді және қарқынды дамушы бизнес сферасы болып табылады. Туризм бойынша Бүкіләлемдік ұйым (ЮНВТО) болжамы бойынша 2020 жылға дейін халықаралық туризмнің өсу қарқыны 3,8%-ға дейін көтерілуі қажет. Туризм индустриясының болжамын қарастырғаннан кейін, қонақ үй бизнесінің қазіргі таңдағы жағдайы туралы айта кетсек.[1]
Қонақжайлылық индустриясының қазіргі даму тенденцияларын келесідей реттілікпен бөліп қарастыруға болады:
oo қонақ үй қызметін мамандандыру мен әртараптандыруды тереңдету;
oo көлеміне байланысты маңызды корпоративті формалардың пайда болуы- трансұлттық компаниялар болып қалыптасатын қонақ үйлік тізбек;
oo басқару жүйесі, технологиялық қамтамасыз етулер мен маркетингті қонақжайлылық индустриясында кеңінен қолдану;
oo қонақ үй капиталын экономиканың қаржы, қауіпсіздік, құрылыс, транспорт және де басқа салаларының капиталымен біріктіру;
oo ұйымда ғылыми менеджментті дұрыс қолдану;
oo нарықтың нақты сегментіне бағытталған шағын қонақ үй кәсіпорындары желісін дамыту.
Қазіргі қонақ үй сферасында ақпараттық электронды басқару жүйесі мен орындарға алдын ала резерв жасау кеңінен қолданылады. Қонақ үй сферасын автоматтау мен ақпараттық қамтамасыз етуге қажетті техникалық әдістердің арқасында мамандандырылған еңбек дәрежесі артты, персоналдар арасында ақпараттық басқаруды жүргізе алатын операторлар, программисттер және портье-операторлар саны көбеюде.
Тармақталған кәсіпорындар желісі бар ірі қонақ үй корпорациялары глобальді жүйеге біріктірілген орындарды броньдаудың бірыңғай жүйесін қолданылады. Осы жүйеден ғаламтор келесідей танымал жүйелердің ерекшелейді: "Атаёеш", "^огМзрап", "ОаШео", "8аЬге", "Ғеёеііо Ноіеі Вапк". Осындай жақсы құрастырылған, жан-жақты қамтылған жүйелер бойынша қызмет атқару қонақжайлылық индустриясының ақпараттық технологиядан алыс еместігін дәлелдейді. [2]
Соңғы онжылдықтағы қонақ үй индустриясының басты тенденциясы, әсіресе АҚШ пен Канада мемлекеттеріндегі ірі қонақ үй корпорацияларының тенденциясы, жылжымайтын мүлікті инвестициялауға бағытталады. Осы қаржыландыру түрінің енуіне байланысты қонақ үй иелерінің жаға түрлері қалыптасты, яғни олар ылғи пайда әкеліп отыратын жылжымайтын мүлік иелері болып табылады. Осындай басқару формасының ықпалымен қонақ үй сферасында екі түрлі мамандандырылу пайда болды: біріншісі- тұтынушыларды максимальді қанағаттандыру бағытындағы тұрақты әрі ұзақ мерзімді перспектива; екіншісі - инвестиция жасаудағы қаржылық қызығушылықтар. Инвестициялаудың қонақ үй бизнесіне келіп жетуі 20 ғасырдың 90 жылдарындағы КЕІТ жылжымайтын мүлікті инвестициялау қорының қалыптасумен тығыз байланысты. Осы қор негізінде көптеген жылжымайтын мүлік объектілері қонақ үй бизнесін тұрақты түрде жүргізудің бастамасы болды. [3]
Қонақжайлылық және туризм индустриясын дамыту мақсатында қазіргі таңда көптеген іс-шаралар жүргізіліп, ұйымдастырылуда. Олардің бірі - жыл сайын Мадрид қаласында өтетін ҒІТЦК халықаралық көрмесі, ол әлемдегі ірі туристік іс-шаралардың алдыңғысы болып табылады. Соңғы болып өткен 2015 жылғы көрмеде 20-ға жуық елдің туристік компаниялары жиналған. Ал келушілер саны 100 мемлекеттен 225000 адам келіп тамашалаған. Ал 2016 жылғы көрмеде 165 ел, 9500 ұйым мен компаниялар, 125000 маман және 97000 келуші тіркелген. [4]
Бұл ұйымның басты қызметі- әр жыл сайын ашылған жаңа ұйымдар мен туризм саласын дамытушы компанияларды тұтынушыларға таныстыетырудың ең оптимальді нұсқасы болу. Яғни осы көрме арқылы келушілер біріншіден туризм саласының барлық бағыттарының заманауи жағдайымен таныса алады, екіншіден осы танымдық мақсат бойынша туристік сапар жасайды.
Осы жоғарыда айтылған жалпы қонақ үй бизнесінің заманауи жағдайын сипаттайтын тізбек қазіргі қонақжайлылық индустриясының жоғары дәрежеде дамып келе жатқанын көрсетеді. Инновациялық- ақпараттық технлогиялар, арнайы танымдық мақсатта ұйымдастырылатын іс-шаралар және бизнесті дамыту үшін жасалынып жатқан кәсіпкерлердің жаңаланған қызметтері қонақ үй бизнесінің болашағы зор екеніне дәлел бола алады.

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесі дамуының қазіргі жағдайы

Қонақ үй бизнесінің экономикадағы мәні көбінде оның еншісіне әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 10 %-ына дейін , әлемдік тұтынушылық шығынның 11 %-ы тиесілігімен ерекшелінеді.
Қонақ үй бизнесі қызмет көрсету сферасындағы экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан секторлардың бірі болып табылады, сонымен бірге қонақ үй бизнесінің дамуы халықтың әл-ауқатының өсуінің көрсеткіші деп санауға болады.
Әлемдік қонақжайлылық индустриясының сегіз даму тенденцияларын бөліп көрсеткен. Ол бойынша қонақ үй әлемдік нарығының негізгі даму тенденцияларына келесілер жатады:
oo Қонақ үй бизнесі мүдделерінің басқа саладағы кәсіпорындар ұсынатын өзге қызмет көрсетулер мен өнімдер сферасына таралуы; мысалы, тамақтану, ойын-сауық, көрмелік қызметтегі ұйымдары және т.б.;
oo Көпшілік тұтынушылар үшін қонақ үй қызметінің қол жетімділігін көтеруге айтарлықтай деңгейде жағдай жасайтын қонақжайлылық индустриясын үдемелі демократияландыру;
oo Әртүрлі белгілерді ескере отырып тұтынушылардың белгілі бір буынына барынша нақты бейімделуге мүмкіндік беретін қонақ үй бизнесінің мамандандырылуына күш салу;
oo Тақырыптық бағыттары тұтынушылардың кез-келген категориясының қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік беретін және туристік өнімді сан қырлы қып көрсететін жаңа туризм түрлерінің дамуы, мысалға, экстремалдық, экологиялық, шытырман оқиғалы;
oo Туристік бірлестік және конақ үйлік тізбектің құрылуында қажет ететін қонақ үй бизнесінің шоғырлануы мен жаһандануы, сонымен қатар қонақ үй қауымдастығы, одақ, халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың құрылуы;
oo Қызмет көрсетуді жетілдіру және клиенттің сауалдары мен қажеттіліктеріне толық зер салу;
oo Терең және жүйелік экономикалық диагностикалауды өткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар мен байланыстың жаңа құралдарын енгізу;
oo Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу. Соның ішінде, қонақ үй қызметі мен өнімдерін алға жылжыту мақсатымен кең түрде Ғаламтордың қолданылуы, сонымен қатар брондау мен резервтеудің заманауи компьютерлік жүйесінің таралуы.
Қонақжайлылық индустриясы екі топқа бөлуге болатын факторлардың әсерінен дамып келеді-сыртқы және ішкі. Сыртқы факторлар қонақжайлылық индустриясының қызметіне қатысы жоқ қоршаған болмыстың құраушыларының өзара іс-әрекетімен анықталады. Ішкі факторлар қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының қызметі мен ұйымының ерекшеліктерімен тікелей байланысты.
Қонақжайлылық индустриясын дамытуда халықтың жас аралық, отбасылық және әлеуметтік құрамы үлкен мәнге ие. Саяхаттаушылардың жас аралығындағы айырмашылықтар жас, орта жастағы және егде жастағы тұлғалар үшін мамандандырылған орналастыру құралдарының пайда болуына әкелді. Туристердің әлеуметтік беделі ауқаттылығы әртүрлі адамдарға есептелген қонақүйлердің әр алуан баға категорияларының пайда болуына әкелді. Сонымен бірге саяхаттаушылардың отбасылық құрамы да маңызды фактор боп табылады, ол отбасымен саяхаттап жүрген туристер үшін жеңілдіктердің икемді жүйесін, балалары бар отбасылар үшін отельдердің және т.б. пайда болуына әкелді.
Сауданың дамуы. Орналастырудың көптеген кәсіпорындары туристік тауарлардың саудасының дамуынан түсетін пайданы сезіне бастады, және қазірде әрбір отель туристік тауарларды иемдену, туристік тауарлардың орындалуы бойынша қызметтерді, және туристік жұмыстарды қонақ үй өнімінің кешендік құрылымы ретінде де, бөлек қосымша қызмет ретінде де ұсынады.
Технологиялық факторлар. Ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері қонақжайлылық индустриясында да кеңінен қолданылады, соның ішінде көліктік тасымалдау, дистрибуция және тұтынушылық ақпарат секілді облыстарда да. Телебайланыс технологиясының дамуы онлайн режиміндегі орналастыру құралдарында орындарды брондауға мүмкіндік беретін брондаудың компьютерленген жүйесінің құрылуына әкелді. Дистрибуцияның ғаламдық жүйесі миллион қолданушылар үшін жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз етеді: енді қолданушы өзі өзінің турпакетін құра алады, қажетті брондауды жүргізе алады және өзі құрған маршрут бойынша сапарға аттанады.
Туризмнің өсіміне және оның әлеуметтік базасының кеңейуіне материалды-техникалық факторлар үлкен әсерін тигізеді. Туристік қызметтегі ерекше өзіндік орынды орналастыру және тамақтандыру индустриясы алады. Қонақ үй және мейрамхана қызметінің деңгейі шетелдік туристерге қызмет көрсету барысында да үлкен рөл ойнайды. Бірақ туризм индустриясы, әсіресе орналастыру мен тамақтандыру индустриясы, жыл бойына туристік қызметтерге деген сұраныстың тұрақсыздығына ұшырауына мүмкін, ал ол өз кезегінде орналастыру мен тамақтандыру кәсіпорындарын ұстап тұру үшін шығындардың өсуіне және қызметтерінің қымбаттауына әкеледі.
Халықаралық туризмнің дамуын анықтайтын сыртқы факторлардан бөлек, салаішілік факторлардың үлкен тобын да бөліп, нақтылау керек, оларға келесілер жатады: қонақ үй өнімінің жетілдірілуі;қонақ үй қызметінің даму сферасы; қонақ үй тезбегі мен қауымдастығының құрылуы; дистрибуция жүйесінің дамуы; еңбек ресурстарының факторы, маркетингтік факторлар.
Қонақ үй өнімінің жетілдірілуі. Қонақ үй қызметі турөнімнің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған сәйкес конақ үй қызметінің одан арғы модернизациясы мен сапасына көп көңіл бөлінеді. Қонақ үй қызметінің сапасы көп жағдайда қоршаған ортаның жағдайы мен инфроқұрылымға байланысты, бұл қатынаста қонақжайлылық атмосферасын құру үшін күш біріктіруге және қажетті инвестицияларды тарту үшін туристік ұйымдардың рөлі үлкен: аймақтық туристік әкімшілік, үкіметтік құрылым, кәсіби қауымдастықтар.
Қонақ үй қызметінің даму сферасы. Қазіргі таңда қонақ үй бизнесі туристік нарықтың ең табысты сегменттерінің біріне айналды. Қонақ үй қызметтері туристке максималды жайлылықты ұсынатын кешендік қонақ үй өнімі түрінде жиі елестетеді. Қонақ үй кәсіпорындарының автономды өмір сүруін көлік, байланыс, турпораторлар мен турагенттер, экскурсиялық және анимациялық ұйымдастыру кәсіпорындарымен отельдерді біріктіру процессімен алмастырылды.
Қонақ үй тізбегі мен қауымдастығының құрылуы.Соңғы онжылдықта ақпараттық технологиялар мен байланыстың пайда болуы мен дамуына байланысты ірі қонақ үй бизнесінің құрылымын қонақ үй тізбегіне бизнестің дамуына реттеу, сонымен қатар табыстың біркелкі таралауы мен өсуі мақсатымен біріктіре бастады. Атақты қонақ үй тізбектері Мариотт, Шератон, Холидей және басқалары туристтерге ұсынылып отырған қызметтің сапасының кепілі ретінде қызмет атқарады. Сонымен бірге қонақ үй қауымдастықтары да кең тарала бастады. Ең ықпалды фирма болып Халықаралық қонақ үй қауымдастығы (ХҚҚ) табылады.
Дистрибуция жүйесінің дамуы.Бұндай жүйелер қонақ үй өнімін жеткізушілерді, сатушылар мен сатып алушыларды бірыңғай тізбекке түйістіреді. Жаңа ақпараттық технологиялар қонақ үй қызметінің дистрибуция жүйесін айтарлықтай жеңілдетуге, оны барлық қатысушылары үшін барынша ақпараттық және тиімді етуге мүмкіндік береді. Дистрибуцияның заманауи жүйесі орналастырудың әртүрлі нұсқаларын және қосымша қызметтерді ұсына отырып сатып алушылардың қажеттілігіне еркін икемделеді.
Еңбек ресурстарының факторы. Қонақжайлылық индустриясының дамуы дамушы елдердің дамуында да жұмысбастылықтық санын көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге дамыған елдер және белігілі туристік дестинацияларына тән нәрсе (Түркия, Египет, БАӘ) , ол- жұмыс күшінде жеткіліктерге ие бола отырып, белсенді түрде басқа әлем елдерінен жұмыс күшін импорттау. Түркия мен Египет отельдерінде осылайша Ресей мен Украинадан келген аниматорларды, Польша мен Белоруссия, Қазақстаннан келген экскурсия жетекшілерін оңай кезіктіруге болады.
Маркетинг- туристерді қабылдау мен оларға бәсекеге қабілетті және сапалы қызметтерді ұсынуға бағытталған кез-келген орналастыру кәсіпорындарының қызметінің негізгі элементтерінің бірі.
Маусымдылық факторы да ерекше орын алады. Маусымдылық факторы кез-келген орналастыру кәсіпорындарының қызметіне айтарлықтай әсерін тигізеді, себебі қонақ үйлер ең алдымен туристік ағынның қарқынына тәуелді. Қызмет көрсетудің маусымдылығына әсер ететін факторлардың үш тобын бөліп көрсетеді: табиғи-климаттық; туризмнің түрінің ерекшеліктері; қолданушылардың демалысы мен еңбегінің ерекшеліктері.
Осы немесе басқа туристік аумақтың маусымы деп ай сайынғы туристердің келуі сол жылдың ішіндегі олардың бір айлық орташа санына дейін көтерілген кездегі жылдың аралағын есептеуге болады. Егер екі мезгіл болатын болса (көбінде жаз және қыс) олардың арасында маусым аралық период өтеді. Жыл ішінде туристердің келуі жоғары көрсеткішке жеткенде қызған маусым деген термин қолданылады (қызыл, жоғары), туристердің мүлдем болмайтын аралығын өлі маусым деп атау қабылданған (көк, төмен).
Зерттеулер қонақүйлерді түнейтін жер секілді құрастыру орналастыру мәселесін шешпейтінін көрсетті. Елде болып жатқан процесстер орналастыру құралдарына деген талаптардың өсуіне алып келген, енді қонақтарға олардың қайда тұратыны және оларға кім қызмет көрсететіні аса маңызды. Ерекше мән берілетін жайттар ұсынылып отырған қызметтің саны мен сапасы, қонақ үй менеджментінің заманауи әдістерін қолдану және халықаралық стандарттарға сай қонақ үй қызметшілерін дайындау. Бұл нөмерлік қордың толтырылуының айтарлықтай өсуіне және кірістің артуына әкелді. Бұдан бұлай көптеген қонақ үйлердің мағынасы тек тұру бойынша қызметтерді ұсынумен ғана шектелмейді, ендігі мәні уақытша тұру кезінде және ілеспелі қызметтерде халықтың қажеттілігін қанағаттандыруда.
Халықаралық туризм дамудың әлеуметтік-экономикалық капитализаторы ретінде халықтық тұтыну тауарларының өндірісінің , ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс секілді экономиканың кілттік секторларына үлкен әсер етеді. Ол 250 млн. адамның жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, яғни әлемдегі әрбір сегізінші жұмысшы.
Соңғы онжылдықта әрбір қонақжайлылық индустриясының әсерлі өсіміне қарамастан халықаралық туризмнің дамуын дәл туристік сұраныс пен ұсыныстағы сапалы алға жылжулар анықтады. 80 жылдардың орта тұсында батысевропалық мемлекеттердің труистік сұранысында жаңа тенденциялар шыға бастады. Ол экономикалық және әлеуметтік реттегі факторлардың қатарымен, сонымен қатар замануи адамның психологиясындағы өзгерістермен түсіндірілді. Туристік қолдаудың құрылымына шешуші әсер еткен экономикалық конъектураның нашарлауы болды. Индустриалды дамыған елдердегі дағдарыс халықтың сатып алу ерекшелігінің күрт түсуімен қабаттас келді.
Осы өткізілген зерттеулердің Veritas Brown мәліметтеріне сүйене отырып, жалпы Қазақстан Республикасындағы және бөлек Алматы облысындағы қонақ үйлердің табысы айтарлықтай өсті. Бірақ тек қонақ үй күшімен ғана шешілмейтін , сонымен қатар делдалдарды тартумен көрсетілетін қосымша қызметтердің кеңейтілуіне байланысты сәйкес шығын бабы да өсті.
Қазақстан және Алматы облысы бойынша қонақ үйлердің табыстары мен шығындарының (100 % жүктеу шартымен) өсімінің қатынасын зерттеуді өткізейік. Зерттеулер Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің кәсіпорындары 20 % шамасындағы ғана табыс алатынын көрсетті. Осылайша 2010 ж. шығын табыстың 88% құрайған, бұнымен қоса 2011 - 81% болғанына қарамастаншығындарды төмендету бойынша тенденциялардан бас тартылған. Алматы облысы бойынша 2010 ж-99 % шығын, 2011 ж. - 96%, ал 2007 жылы-84 %. Зерттеулерге сүйене отырып келесідей ой түйуге болады, 2010 ж. және оған дейін де қонақ үйлерді құру процессі белсенді түрде жүріп жатты, ал 2006 жылы жобалардың шығын өтеу процессі басталды.
Осындай зерттеуді европалық елдерде жүргізіп көрейік (1-кесте).

1-кесте. Ақшалай түсімның жалпы санындағы табыс пен шығынның қатынасы,%
Ел атауы
Сатылым нөмері
Шығын
Табыс
Австрия
100
35
65
Франция
100
33
67
Ирландия
100
25
75
Ұлыбритания
100
26
74
Ресей
100
82
18

Негізгі шығын бабы болып отандық ұйымдар үшін еңбек ақы шығындары табылады, ал бұл уақтты Европада жалақы бойынша шығындар 10-17 % құрайды, Оңтүстік Америкада 5-7 %, Ал Қазақстан Республикасында барлық шығынның 30-дан 40 % дейін көлемін құрайды.
Негізгі, ал көптеген қонақ үйлер үшін жалғыз табыс көзі болып нөмерлерді сату табылады, бұнымен қоса нөмерлік қорды қолдану пайданың ең жоғары деңгейін алып келетін табыс көзі болып табылады.
Еуропа нарығындағы экономикалық дағдарыс әсерін бақылаушыларының пайымдауынша Азия елдерінде қонақжайлылық индустриясы қарқынды даму үстінде. Бұл саланың сарапшыларының ақпараты бойынша, қонақ үй бизнесінде Қазақстанның мүмкіндіктері жуық арада таңқаларлықтай алға жылжиды. Қазіргі уақытта мейманхана бизнесі - үздіксіз даму үстіндегі экономика секторы,- дейді Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамхана қауымдастығының президенті Рашид Шайкенов.
Алайда, жалпы жағдайды қарастырғанда әлі де шешімін табу керек мәселелер қатары көп.Қазақстанда жалпы орналастыру осы жылдың алғашқы екі тоқсанында 1559 бірлікті құрады. Нөмірлер қоры 39.274 бөлмеге жетті, ол өткен жылмен салыстырғанда 3,9 % -ға көбейген. Алайда, сұраныс көлеміне қатысты айтар болсақ, орташа есеппен осы жылдың қаңтар-маусым айларында 23,7 % -ды ғана құрады. Бұл көрсеткіштерді салыстыру үшін: Ресей Федерациясының көрсеткіші - 36,6 % құраса, Мальта және Кипрде 72,9 % құрады.
Қонақ қабылдау бойынша облыстар арасында көшбасшы 59,7 % көрсеткішімен Атырау облысы болды, екінші орында көршілес Маңғыстау 40,1 % көсеткішімен көрінсе, алғашқы үштікті таңқаларлық Жамбыл облысы 34,9% көрсеткішімен тұйықтады.
Еліміздің батыс бөлігінде нөмірлер қорының қозғалысы, сондай-ақ саланың даму дәрежесі іскерлік белсенділікке толығымен байланысты.Тыс қалғандар 14,1% көрсеткішпен Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​және Павлодар облыстары - 15,8 % -бен болды. Сонымен қатар , барлық аймақтарда көрсеткіштері орташадан төмен болып қалуда.

Кесте 2 - Қазақстан Республикасының өңірлері арасында көшбасшы
Көш басшылар
Қазақстан Республикасының аймақтары
%
1
Атырау облысы
59,7%
2
Мангистау облысы
40,1%,
3
Жамбыл аймағы
34,9%.
4
Шығыс Казақстан
14,1%
5
Карағанды және Павлодар облысы
15,8%.

Бар қонақ үйлер Қолдау көрген жобалар

Сурет 1-Қонақ үй бизнесінің өсу қарқыны
Veritas Brown ақпараты бойынша Қазақстанда дағдарыс әсері Алматы облысының қонақ үй бизнесіне айтарлықтай әсері тигізгенін көрсетеді, онда нөмірлер қорының пайдаланылуы 16%-ға төмендеген (2011жылы 38, 4% 2012 жылы 29, 1%-ды көрсетіп, 2013жылы 22, 3% көрсеткіш көрсеткен). Бірақ кейін жағдай жақсара бастады : 2014 жылы орташа толу деңгейі 26,3 % -ға дейін өсті және 2015 жылдың I тоқсанында 45,1 % -ға жетті.
Оңтүстік астанада қонақ үй кешендерінің қызметін белгілі бір маусым анықтайды: Жаз төмен табысты маусым болып есептелсе, күзгі кезең белсенділігін арттыратын кезең болып саналады . 2012жылдың IV тоқсанында KIOGE, Agro World Kazakhstan, KazUpack, Power Kazakhstan, World Food Kazakhstan және де тағы да басқа көрмелер мен конференциялардың арқасында қонақ үй бизнесінің жұыс істеу қарқыны жоғарғы көрсеткіштерге ие болды.
Бұл орта мерзімді перспективаларын ескере отырып , шамамен 850 қосымша бөлмелер іске қосу болып табылды, бірақ объектілердің мерзіміне сай іске қосылуы күмәнді болды.

Кесте 3 - Қонақ үй бизнесінің Алматы облысы бойынша көрсеткіші
Көш
басшылар
Алматы облысы
Нөмірлер саны
Алматы облысы бойынша орташа көрс.
1
Rixos Almaty
238
27,4
2
Inter-Continental Almaty
277

3
Royal Tulip Almaty
165

4
Donatello Boutique Hotel
22

5
Dostyk Hotel Almaty
72

Астана қонақ үйлерінің арасына бәсекелестік жоғары деп айта аламыз. Статистика мәліметтеріне сүйенер болсақ қала қонақтарының 72%-ы жұмыс мақсатымен келушілер болып табылады. Бұл бизнес белсенділігінің дамығандығын көрсетеді. Жақында Marriott Astana, Hilton Garden Inn Astana и Ritz-Carlton жобаларының іске қосылды. Жалпы нөмірлер қоры 850 бөлмені құрайтын болды. Hilton Garden Inn Astana құрылысын жүргізуге тапсырыс Экспо-Центр Астана ЖШС-нен түскен болатын. 19-этажды ауданы 31мың.кв.м құрайтын қонақ үй 2014 жылдың жазында ашылды.Marriot Astana - га келер болсақ 2011жылдың күзінде Евразийский банк развития (ЕАБР)Астанапромстрой-МЖШС-на $44млн қонақ үй комплексін жандандыруға несие берді. Қаржыландыру 10жылдық мерзімге берілді. 2014 жылы қолданысқа ие болу керек болды.
Байтерек жанындағы бос орынға көп салалы A+Talan Towers кешенінің ірге тасы қойылды. Көп салалы кешен қонақ үйді де қамтымақ. Ritz-Carlton, Astana ауданы 23 мың.кв.м қамтып нөмірлер саны 160 бөлмені құрамақ. Инвестиция көлемі $300млн. Бұдан бөлек 88 қабатты Abu Dhabi Plaza (2017 жыл), инвестиция көлемі $1,1 млрд және де 280 орынды IBIS қонақ үйі Accort - демократичного жобалары жасалды. (2013 жылдың IV тоқсаны).
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қонақжайлылық қызметін басқарудағы қазіргі жағдайы
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қонақжайлылық индустриясының тарихи аспектілері
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері
Қонақжайлылық индустриясына әсер етеін факторлар
Қонақжайлылық тарихы
Қонақ үй кәсібінің нарықтағы ішкі және сыртқы факторларының дамуы
Фронт офис қызметкерлерінің фукнциялары
Пәндер