Қазақстан Республикасының парламенті жұмысы



1 Парламент депутатының өкілеттігі
2 Сенаттың ерекше өкілеттігі
3 Заң шығарушылық бастаманың сатысы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы өкілді орган ретінде, демократияля органы ретінде де өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады.1 Сенаттың жеті өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Парламент депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленеді. Депутаттың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Парламенті

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілді орган ретінде сипаттайды. Қазақстан Республикасының Парламенті жоғарғы өкілді орган ретінде, демократияля органы ретінде де өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құрылады.[1] Сенаттың жеті өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат аумақтық сайлау округтегі бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
Парламент депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленеді. Депутаттың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады.
Парламент депутатының өкілеттігі: ол орнынан түскен, депутат іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, Парламент таратылған, депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болған жағдайда тоқтатылады.
Депутат Палатаның, оның органдарының отырыстарына дәлелсіз себеппен қатыспаса ол еңбек ақыдан, материалдық қаржылық және әлеуметтік - тұрмыстық жағдайынан айырылады. Бұл туралы Президенттің Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Жарлығында айқындалған.
Парламент Палаталарының 1996 жылғы 20 мамырдағы бірлескен отырысында қабылданған Казахстан Республикасы Парламентінің Регламенті Палаталардың бірлескен -- отырыстарын өткізу шарты мен тәртібін, Палаталардың бірлескен органдарын қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру механизмін белгілейді.[1]
Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Парламент сессиясы Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысымен ашылады және жабылады.
Парламенттің кезекті және кезектен тыс сессиялары болады. Кезекті сессияны Мәжілістің Төрағасы шақырады және жабады сонымен қатар жылына бір рет -- қыркүйек айының бірінші жұмыс күнінен маусым айының соңғы жұмыс күніне дейін өткізеді. Ал кезектен тыс сайлау Парламент өкілеттігін мерзімінен тоқтатқан кезден бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Парламенттің бірлескен отырыстарында мынадай мәселелер қаралады:
1. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тек Президент қана ұсынады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселе екі оқылымнан кейін өткізілмеуі тиіс. Бірінші оқылымда өзгерістер мен толықтырулардың жобасы тұжырымдамалық тұрғыда талқыланады. Екінші оқылымда, яғни оқылымнан кейін Палата жоба бойынша дауыс береді.
2. Парламент конституциялық заңдар қабылдайды, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
3. Республикалық бюджет, Үкіметтің және Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есептері бекітіледі. Бюджет пен есеп алдымен Мәжілісте, содан соң Сенатта талқыланады.
4. Президенттің қабылданған заңға наразылығы бір айдың ішінде қаралмаса наразылық қабылданған болып есептелінеді.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке Парламенттің заң шығару өкілетігін беру туралы бастамашы болу құқығын береді. Бұл бастама Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қаралады.
6. Премьер-министр мен Ұлттық Банктің Төрағасын тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралады. Осы мәселе бойынша Президент жазбаша ұсыныспен Парламентке жүгінеді.
7. Үкіметтің Бағдарламасы қаралады.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы Парламенттің республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтеру құқығын қарастырған. Бастама Палаталардың бірлескен отырысында әр Палатадан депутаттардың жалпы санының жай көпшілік дауысымен білдіріледі және қаулымен ресімделіп Президнетке жіберіледі.
2. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында республиканың Конституциялық Кеңесінің конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауы тыңдалады.
Парламент Палаталары бірлескен отырыстарында Конституцияға көзделген басқа да маңызды мәселелерді қарайды.
Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді жатқызады:
1. Заң жобаларын қабылдау және қарау.
1. Республика Парламенті қабылдаған Заңға Президенттің наразылығы бойынша ұсыныстар әзірлейді.
2. Президенттің ұсынысы бойынша республиканың Орталық сайлау комиссиясының төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысы мен мүшелерін қызметке сайлау және қызметтен босату.
4. Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен тыс сайлауын белгілеу.
5. Екі депутатты Әділет біліктілік алкасының құрамына екі жылға жіберу.
6. Республика Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағу.
Мәжіліс пен Сенаттың жеке қарауына жататын негізгі мәселелер төмендегідей болып сипатталады:
1. Мәжіліс пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының референдумы
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
ҚР Парламентінің заң шығару процесі
Парламент палаталары депутаттары
Қазақстандағы билікті жүргізу әдістері
Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы
ҚР-сы Парламенті
Республика Президентін қызметінен босату туралы Мәжіліс қозғаған мәселені қарастыру және оның нәтижесін Палатаның бірлескен отырысының қарауына шығару
Конституцияда Парламент екі палатадан
Пәндер