Идея және жалпы түсінік



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1. Идея және жалпы түсінік ... ... ... ... ...4
1.2. Қазақтың идеалдылығына талдау ... ... ... .5
1.3. Тілдің философиямен байланысы ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... .12
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән – мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі – адамның өзі, адмның тіршілік болмысы. Субъектіде объектіні ойлайтын да, объект ретінде субъектіге байланысты өмір сүретін-де – сол абсолюттік ақыл-ойдың өзі. Осындай абсолютте барлық қарама-қарсылық (субъект пен объектінің, табиғат пен рухтың, т.б.) жойылып, идеалдылық пен нақтылық тепе-теңдігіне айналады. Демек, ақыл-ойдың санасы дегеніміз, құдайдың өзіндік санасы, себебі құдайдың өзі — ақыл-ой. Басқаша айтқанда, Шеллинг құдайды жеке тұлға ретінде карастырады. Жеке тұлға – құдай мен жеке тұлға – адамның айырмашылығы: кұдай жеке тұлға, бостандық ретінде шексіз болса, адамда бұл аталған құбылыстар шектеулі. Жалпы әлемдік нақтылық не табиғат, не рух ретінде көрінеді. Олай болса, табиғат патшалығы мен рух (тарих) патшалығы бірінен кейін бірі орналасқан қатар (даму) түзейді, ал олардың жеке, сатылары «потенция» (мүмкіндік) деп аталады. Осы жеке сатылардың — потенциялардың бір-біріне туысқандық қатынастары, олардың ортақ түрі – абсолютке байланысты. Демек, потенциялар (жеке сатылар) бір-бірінен туындамайды, керісінше, оларды өзінен абсолют шығарып, өзінің толық ашылғандығын көрсетеді. Өзінің соңғы шығармасында, Шеллинг дін тарихын метафизика тұрғысынан қарастырып, дінге және мистикаға бет бұрып, «кездейсоқ жағдайда ақиқатты философия тұрғысынан ашу» ілімін жұрт алдында насихаттауға талпынады. Сөйтіп, ол рациопализмнің шектен шыққан түрінен мистика мен иррационализмге бет бұрып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалис тік философиялық бағыттың негізін қалаушы болады.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
2. 2 Торайғыров С. Шығармалар жинағы. 2. Т. – Алматы : Ғылым, 1993. – Т. 1. – 280 б.
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
4. Нуржанов Б. Город и степь // Евразийское сообщество: экономика, политика, безопасность. 1997. .№ 3.
5. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491
6. 1 Көпеев М. Ж. Таңдамалы. 2. Т. – Алматы : Ғылым, 1999. – Т. 1. – 273 б.
7. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ – Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
8. Айқап // Қазақ энциклопедиясы. – Алматы, 1995. – Б. 215.
9. 13 Бес ғасыр жырлайды. 2. Т. / Құрастыр. М. Мағауин, М. Байділдаев – Алматы : Жазушы. – 1989. – Т. 1. – 384 б.
10. Нурланова К. Человек и мир. Казахская национальная идея. – Алматы : Қаржы-қаражат, 1994. – С. 4.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Идея және жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Қазақтың идеалдылығына талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3. Тілдің философиямен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Кіріспе
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - адамның өзі, адмның тіршілік болмысы. Субъектіде объектіні ойлайтын да, объект ретінде субъектіге байланысты өмір сүретін-де - сол абсолюттік ақыл-ойдың өзі. Осындай абсолютте барлық қарама-қарсылық (субъект пен объектінің, табиғат пен рухтың, т.б.) жойылып, идеалдылық пен нақтылық тепе-теңдігіне айналады. Демек, ақыл-ойдың санасы дегеніміз, құдайдың өзіндік санасы, себебі құдайдың өзі -- ақыл-ой. Басқаша айтқанда, Шеллинг құдайды жеке тұлға ретінде карастырады. Жеке тұлға - құдай мен жеке тұлға - адамның айырмашылығы: кұдай жеке тұлға, бостандық ретінде шексіз болса, адамда бұл аталған құбылыстар шектеулі. Жалпы әлемдік нақтылық не табиғат, не рух ретінде көрінеді. Олай болса, табиғат патшалығы мен рух (тарих) патшалығы бірінен кейін бірі орналасқан қатар (даму) түзейді, ал олардың жеке, сатылары потенция (мүмкіндік) деп аталады. Осы жеке сатылардың -- потенциялардың бір-біріне туысқандық қатынастары, олардың ортақ түрі - абсолютке байланысты. Демек, потенциялар (жеке сатылар) бір-бірінен туындамайды, керісінше, оларды өзінен абсолют шығарып, өзінің толық ашылғандығын көрсетеді. Өзінің соңғы шығармасында, Шеллинг дін тарихын метафизика тұрғысынан қарастырып, дінге және мистикаға бет бұрып, кездейсоқ жағдайда ақиқатты философия тұрғысынан ашу ілімін жұрт алдында насихаттауға талпынады. Сөйтіп, ол рациопализмнің шектен шыққан түрінен мистика мен иррационализмге бет бұрып, өзінен кейін қалыптасқан иррационалис тік философиялық бағыттың негізін қалаушы болады.
Идеалдық - обьективтік әлемнің субьективтік бейнесі. Идеалдық дегеніміз - адам санасына енгізілген және онда қайта қорытылған материалдықтан басқа ешнәрсе де емес (К. Маркс).

0.1 Идея және жалпы түсінік
Идеализм идея, рух, сана объективті дүниенің бастауы, ал материя рухтың көрінісі, туындысы деп білетін көзқарас. Олардың пікірінше, ғылым ашқан табиғат пен қоғам заңдары, құбылыстар мен процестердің себептері тек санамызда орын алған жүйені білдіреді. Идализмнің екі түрі бар: субъективтік, объективтік идеализм:
Субъективтік идеализм - дүниенің, болмыстың негізі ретінде адамның санасы, адамның менін мойындайды. Бізді қоршаған дүние біздің түйсіктеріміздің жиынтығы деп санайды. Олар: Беркли, Мах, Авенариус, Фихте, Юм, Кант, экзистенциализм және феноменология жақтастары. Мен ғана өмір сүремін, мен бар болсам барлығы да бар, мен жоқ болсам барлығы да жоқ болады деген субъективтік идеализмнің бір түрі солипсизм деп аталады. Идеялар адамның ақыл-ойында өмір сүреді, материалдық заттардың бейнесі де (идеясы) тек адамның ақыл-ойы, сезімдік түйсіктері арқылы өмір сүреді.
Объективтік идеализм - бұл философия ағымында дүниенің негізі ретінде объективті өмір сүретін идеалдық мән, яғни адам санасынан сырт және тәуелсіз өмір сүретін рух (Құдай, Абсолют, Әлемдік ақыл, т.б.) саналады. Объективтік идеализм ежелгі әлемдегі көптеген мектептерде пайда болып, дамыды. Үндіде (барлық ортодоксальдық мектептерде), Қытайда (Конфуцийшілдік, даосизм), Грекия мен Римде (Пифагор, Платон, неоплатонизм,т.б.), соңынан Орта ғасырда, Қайта өрлеу мен Жаңа заманда жетілді. Өзінің дәйекті және аяқталған түрін немістің классикалық философиясында Гегель тапты.
Идеалдылық - адамның белгілі мақсатты көздеген іс- әрекетінде пайда болатын обьективттік нақтылықтың субьективтік бейнесі.
Интроекция (лат. Intro - ішке (in) iecio - тастаймын, қоямын) - мүмкін еместік туралы Авенариустың енгізген ұғымы. 1) таным теориясында қабылданатын бейнелердің индивид санасына енгізілуіне байланысты пайда болған мүмкін еместік туралы ұғым. Авенариус пікірі бойынша, бұл - жалпы идеалдылық пен реалдылықтың бөлінуіне жол берілмеуі керектігінен туындайды. Өйткені ол өз философиясының негізіне тәжірибе ұғымын алып, онда материалдық пен руханилықтың қосылып кететінін дәріптеп, жалпы материализмді жоққа шығаруға талпынады. 2) Интроекция ұғымын психологияға енгізген венгер психоаналитигі Ш. Френци болды. Ол Интроекцияны Жоғарғы Меннің қалыптасуы үдерісінде маңызды рөл атқаратын психологиялық механизм ретінде қарастырады. Психологияда индивидтің басқа адамдардың ұйғарымдарын, мотивтерін, көзқарастарын өзінің ішкі әлемі ретінде қабылдауы теңдестірудің негізі болады. Интроекция проекцияға қарама-қарсы.
Инсайт (ағылш. Insight - көрегендік, түсіну) - логикалық талдаудан тыс, тікелей танымды білдіретін интуитивизм философиясының термині. Инсайт термині шамамен жобаланған келесі гносеологиялық мазмұндарды: Декарттың анық және айқын идеяларын, Ф. Аквинскийдің тікелей құдайды ұғынуын, Канттың ақылдың тәжірибеден тыс түрлерін, Бергсонның интуициясын сипаттайды. Кез келген идеалдылық руханилық бола алмайды. Ол адамгершілік құндылықтарына, қасиетті нұрға бөленгенде ғана оның ең жоғарғы түрі руханилыққа айналады. Сөйтіп, руханилық дегеніміз адамның дүниені жасампаз, оң кейіптегі образдар арқылы қабылдауы, рухани үйлесімдікті нығайта түсуі, өз бойындағы рухани жылуын, жақсылығын әлемге риясыздықпен сыйлай алуы екендігі айқын. Адамның руханилығы оның имманентті идеалдылығы кеңістігінде және уақытында қалыптасады. Бірақ, оның өмір сүруі, қызмет атқаруының нақтылығы - қоршаған ортамен түйісуі, қатынас жасауы кезінде ғана айшықталады. Ал, енді өзіндік оқшаулықтағы, бөлектенген руханилық (объективацияланбаған) тек потенциалды руханилық қана болып келеді.
Алайда бұл іздеу мен таңдау өмірде бар нақтылық пен ой-қиялдағы идеалдылықтың сәйкес келмеуін мойындауға да әкелді. Құндылықтық бағдарларды таңдау орасан зор рухани ізденістерді қажет етті, ол адамның өзінің ішкі әлемімен қатар, оны қоршаған сыртқы дүниедегі материалдық құбылыстар мен үдерістерді де танумен сипатталды. Бұл әлемдерді пайымдауда ақыл мен сананың рөлі артты, әсіресе материалдық әлемді ақылмен танудағы жетістіктер жаратылыстық ғылымдар мен техниканың, технологияның бүгінгі прогресіне әкелді. Біртіндеп адам өндірген дүниелер одан жатсыну құбылысын тудырды. Әлеуметтік өмірдің қазіргі кеңістігінде құндылықтық бағдарлар руханилықтан материалдық саласына аударылып, әлемге деген тұтынушылық қатынас белең алды. Идеалдылық пен реалдылықтың, материалдық пен руханилықтың алшақтығы айқындала түсті.
Өзгеріске ұшырататын қызметтің рөлі ұғымы сананың белсенділігі, сәйкесінше бейне ретінде сана мәселесі идеясымен тікелей байланысты. Бейне феномені көпқырлы және әмбебап болып келеді. Сананың шынымен шығармашылық функциясы бар, ендеше біз әлемді тікелей реалдылық емес, идеалдылық арқылы қабылдаймыз. Алайда идеалдылық - бұл реалдылық
емес, бір реалдылықтың екіншісі түрінде көрініс беруі. Бұл, біздің жаппай айналар, бейнелер, өз бейнеміздің ерекше әлемінде өмір сүретіндігімізді білдіреді, - сәйкесінше, сана мен ішкі әлем бұл тек қана жаратып қана қоймайды, шынайылықты да бейнелейді. Сана - бұл бір уақытта шығармашылық та, бейне де.
1.2 Қазақтың идеалдылығына талдау
М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров және Ж. Аймауытов төңкеріс (революция) мәселесіне, Ресейге қазақтардың қосылу нәтижесіне түрліше қатынаста қарады. Бір құбылыстың бойында трагедиялықпен және оптимистіктің араласып кетуі, оны тым жоғарылатып және сорақы тұрғыда көру және ойшылдарды өз халқының жоқшылықтан, жер иелігінсіз жүруден, құлдыраудан шығу жолдарын, перспективті болашағын шаршамай іздеуге мәжбүр етті. Қазақ ойшылдары, өз тамырының, қайнар көзінің сақталуы үшін күресінде, бағынуды қаламайтын және болмыс және ойлаудың жаңа формаларына таралады, қазақтар үшін жанына жақын болашақтың траекториясын сызып беруге ұмтылды. Бірақ та халықтың бақытына орай жалпы ұмтылыстың ішінде, олар түрлі жолдарын ұсынды және оның жетістікке жолу тәсілдері.М. Ж. Көпеев өткенді идеал етуге бейімдеу, оның позициясына сәйкес, ең озығы, қазақ қоғамында болғандай, саяси өзгерістер XX ғасырдың басында жойылды. Қазіргі кезде қазақ ойшылдары негізінен трагидиясын көреді, күшейтілген жағымсыз өзгермеген, адамның ұнамсыз қасиеті білінеді, мұның себебін негізінен Құдайдан безу деп қарайды. С. Торайғыров, керісінше, өткенді дәріптеп, дәстүрдің де кейбір келеңсіз тұстары болатынын белгілейді, оның түсінігінде ондай нәрсе адамгершілікті жоғалту болып табылады. Нақты сол уақыт әзірше адамға бақыт әкелмеді, сондықтан С. Торайғыров болашаққа бағатталады. Оның ішінде ойшыл әділеттілікті бақыт деп қарайды. М. Ж. Көпеевтен С. Торайғыров Ж. Аймауытовтың айрықшалығы өткенге де болашаққа да ризалықпен қарайды, сонда да, нақты уақыт туралы айтуға бейім. Ж. Аймауытовқа сәйкес дәл бүгінгі күні адамда өзін адамдық қасиетін көрсетудің барлық мүмкіндігі (шанс) бар, қазақ халқы өз қабілеттері мен пайдасына қарай мүмкіндік ашады. Осы жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, түйін жасауға болады, М. Ж. Көпеев үшін қоғам идеалы мұсылман мемлекеті болып табылады, С. Торайғыров қоғамның қайта құруында социалистік әділділікке үміт артады, Ж. Аймауытов қоғамдық құрылыстағы жаңа еуропалық кіріспелердің көшпенділердің діліне ментальділігіне үйлесімді үндесу (гармониялық үндесу) қажеттілігіне негіздейді.
Айтқандай-ақ, М. Ж. Көпеевтің қоғамның қайта құруындағы идеалы сол тарихи дәуір билігіне нақтылай және толықтай қайшылықты болды, шындығында бұл көпке тек қана арман болып қалды. С. Торайғыров идеалында өмір сүріп жатырған нақтылық жасанды секілді қабылданбады және болашақты тезірек жүзеге асыруға ұмтылды. Ж. Аймауытовтың ұсынған идеалында, біздің көзқарасымызша, М. Ж. Көпеев және С. Торайғыровтың синтез позициясына әрекеттенуі өтті. Ол үйлесімді (гармониялық) мұсылмандық және көпке танымалдылықтың және біртіндеп нашардың озыққа айналуы идеалдарының іске асуын ұсынды. Бірақ, сөзсіз бірнәрсе, бұндай ғажайып және күрделі процессте еркін шек-деңгей болуы тиіс емес, нашар пиғылды мүдделердің күшке шығып кетуінен қашқақтайды. Жоғарыда айтылғандай, байқауымызша, идеал - бұл ғасыр басындағы философияда аморфты емес түсінік, ол айқындалған мақсат, адамның және қоғамның өмірлік қозғаушы күші (стимулы) сапасында енеді, дүниетанымдық мағына қабылдайды, мінез-құлық негізі қалыптасады және этика-эстетикалық құндылық және мағынасы анықталады. Сондықтан да қазақ ойшылдарынан қоғамдастық шегінде идеалдылық және нақты адамның идеалы анықталды.Атап айтуымыз керек, өтпелі дәуірде нақты айтқанда жастық пен бой жету, бозбалалық ең бағалы жас кезеңі болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыстың субстанциялық концепциясын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Абайдың ұлттық идея туралы ұғымы
Идея және идеология ұғымдарының мәні
Саяси идеологиялар
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Антикалық философия
Көркем шығарманың пішіні
Қазақстандағы ұлттық идеологияның негізгі мәселелері
Педагогика ғылымының әдістері
Ғылым туралы жалпы түсінік
Пәндер