Өндірістік шығарындылардың Балқаш көліне тигізетін әсері
АННОТАЦИЯ
КІРІСПЕ...
1 Солтүстік Балқаш маңының табиғи . климаттық сипаттамасы
1.1 Балқаш қаласының физика. географиялық орналасуы
1.2 Балқаш көлінің физика.географиялық сипаттамасы
1.3 Солтүстік Балқаш маңындағы қоршаған ортаны ластаушы
көздер
2 «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
2.1 Ауыр металлдардың әртүрлі формаларының қардағы, мұздағы және мұз астындағы суда таралуы
2. 2 Ауыр металдардың судағы ағзаларда жинақталу сипаты
2.3 Түп шөгіндінің Балқаш суының химиялық құрамына әсері
3 Балқаш көлінің шығарындылармен ластану дәрежесін бағалау
3.1 Балқаш көлінің шығарындылармен ластану дәрежесі
3.2 Су ортасының ластануын бағалау
3.3 Қар жамылғысының ластануына бағалау
3.4 Балқаш маңындағы топырақпен салыстырғанда түп
шөгінділердің ластануына баға
ҚОРЫТЫНДЫ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...
ҚОСЫМША 1

Техногенез қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді. Оның кері әсерінің үлкен белгісі – кең байтақ аумақтың табиғатының экологиялық бұзылуы. Келеңсіз экологиялық жағдайлар, табиғаттың экологиялық орнықсыздануы адамның тіршілік жағдайының, денсаулығының нашарлануына, табиғат ресурстарының жұтауына немесе жойылуына, геожүйелердің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі.
Табиғаттың экологиялық бұзылуы ластаушылардың сандық құрамымен қатар, сапалық құрамына да байланысты. Ол белгілі аймақта қоршаған ортаны ластаушы өндірісі орнының ластау көлемі мен сипатына байланысты.
Жер көлемінің ауданы 5,9 мың км2 құрайды, халық саны 2006 жылдың мәліметтері бойынша 74 мың адам.
Балқашта жиырма шақты ірі және кіші өндірістік кәсіпорындар орналасқан.
Оның ішіндегі ең ірі табиғат пайдаланушысы - «Казақмыс Корпорациясы» ЖШС «Балқаштүстімет» өдірістік бірлестігі.
Бұл облыстағы металлургиялық өндірістің толық циклін қалыптастырған, яғни руданы шағарудан одан дайын өнім алуға дейін.
«Балқаштүстімет» өдірістік бірлестігінің жалпы шығарындыларының негізгі үлесі «Балқашмыс зауытына» тиесілі.
Атмосфералық ауаны ластайтын ірі көздерінің негізгісі «Балқашмыс зауытының» балқыту цехындағы екі Ванюков пештері (ПВ-1, ПВ-2) және бес конвертер, яғни «Балқаштүстімет» өдірістік бірлестігінің барлық шығарындыларының 90 % астамын құрайды.
Балқаш қаласының қазіргі экологиялық жағдайын жақсартуға 2008 жылы ең манызды проблемалардың бірі шешілді. Ол күкіртті қостотықты күкірт қышқылына айналдыра отрып, қайта пайдалану. Бір жарым жылдың ішінде «Балқаштүстімет» өдірістік бірлестігінің жаңа күкірт қышқылы өндірісінің жұмысы барысында жалпылай газтәріздес атмосфераға шығарылатын зиянды шығарындылардың көлемі 2,5 есеге азайды.

1 Садовая Г.С., Хузина Г.Г., Анурьева А.Н. Современное экологическое состояние бухты Бертыс оз.Балхаш. // «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана» – Алматы: 09.2009 г. №9. – С.45.
2 Кудеков Т. К.Современное экологическое состояние бассейна озера Балхаш. – Алматы: Каганат, 2002 – 389 с.
3 Информационный бюллетень “Современные проблемы Балхаш-Алакольского бассейна” “Контур” Алматы 2008 (в рамках проекта “Интегрированное управление водных ресурсов в Казахстане”).
4 «Международный экологический форум «Балхаш-2000», Выпуск 1, типография «OST-XXI”.- Алматы, 2000 г.
5 Программа « Обеспечения устойчивого развития Балхаш-Алакольского бассейна на 2007-2009 гг.» Утверждена постановлением Правительства РК № 163 от 2 марта 2007г. Издание «OST-XXI». – Астана, 2007 г.
6 Передерий О.Г., Микшевич Н.В., Охрана окружающей среды на предприятиях цветной металлургии - Москва, 1991 г.
7 Влияние выбросов промышленных предприятий города на гидрохимию оз. Балхаш: Отчет о НИР (заключ.)/ БО КазНИИРХ.- Балхаш, 1994 г. – 79 стр. 8 Аленкин О.А. Методы исследования органических свойств и химического состава воды / Жизнь пресных вод СССР –М: АНСССР-1959. – Т.4-с213-298
9 Семенов Н.Д. Руководство по химическому анализу поверхностных вод суши.– Л.: Гидрометеоиздат, 1977. – 542 с. 10 Алёкин О. А. Основы гидрохимии. – Л., 1970. – 444 с
11 Методические рекомендации по сбору и обработке материалов при гидробиологических исследованиях на пресноводных водоёмах. Зообентос и его продукция. – Л., 1984. – 51 с.
12 Методические рекомендации по сбору и обработке материалов при гидробиологических исследованиях на пресноводных водоёмах. Зоопланктон и его продукция.– Л., 1984.– 33 с.
13 Руководство по методам гидробиологического анализа поверхностных вод и донных отложений. – Л.: Гидрометеоиздат, 1983. – 239 с.
14 Кенжебеков Б. О. О проблемах озеро - БФ ТОО «КазНИИРХ», газета «Балхашский рабочий» 29.01.10ж. №4
15 Кораблева А.И. Оценка загрязнения водных экосистем ТМ// Вод.Ресурсы. 1991, №2. – С. 105-111.
16 Исследование ветрового переноса массы из хвостохранилища БГМК песка и солей в дельте р. Каратал и направлений процессов опустынивания вследствие развития дефляций. Отчет о НИР/ РГП «Казгидромет», Алматы, 2002 г. -С 33-36.
17 «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестігінің жылдық статистикалық есебі.
2-ТП ауа 2008; 2-ТП ауа 2009.
18 Влияние воздушных выбросов промышленного комплекса ПО «Балхашцветмет» на биоту оз. Балхаш: Отчет о НИР (заключ.)/ БФ НПЦ РХ.- Балхаш, 2006.- 100 с.
19 Линник П.Н. Формы нахождения тяжелых металлов в природных водах - составная часть эколого-токсикологической характеристики водных экосистем.// Вод. Ресурсы,1989. -№1.-С.123-133.
20 Бызова Н.Л. Рассеяние примеси в пограничном слое атмосферы.- М.: Гидрометеоиздат, 1974. – 191 с.
21 Влияние выбросов промышленных предприятий города на гидрохимию оз. Балхаш: Отчет о НИР (заключ.)/ БО КазНИИРХ.- Балхаш, 1994 г. – 79 с.
22 Тарасов. М.Н. Гидрохимия оз. Балхаш. – М: Издательство Академии наук СССР, 1961. – 228 с.
23 Мур Дж. В., Рамамурти С. Тяжелые металлы в природных водах. – М: Мир, 1987. – 288 с.
24 МУ 08-47/120 «Методика выполнения измерений массовых концентраций кадмия, свинца, цинка и меди методом инверсионной вольамперометрии».- Томск, 2002- 46 с.
25 Сборник санитарно-гигиенических нормативов и методов контроля вредных веществ в объектах окружающей среды. М. 1991г. Международный фонд конверсий. Центр экологических проблем.
26 Биологические основы функционирования водных экосистем главных рыбопромысловых водоемов и рекомендации по рациональному использованию их биоресурсов. Раздел: Озеро Балхаш и дельта р. Или: Отчет о НИР/ БО КазНИИРХ – Балхаш, 1996. – С. 40-46.
27 Исбеков К.Б., Тимирханов С.Р. Алматы 2009 ж. 182 б.
28 Сапожников Д.Г. Современные осадки и геология оз. Балхаш. - Труды Ин-та геол. наук АН СССР,1951, серия геол.- Вып.132.- №53.- С.203.
29 Нахшина Е. П. Микроэлементы в водохранилищах Днепра.- Киев: Наукова думка,1983. – 160 с.
30 Геохимия окружающей среды. – М.: Недра,1990. – 335 с.
31 Jenne E.A. Controls of Mn, Fe, Co, Ni, and Zn concentrations in soils and water, the significant role of hydrous manganese and iron oxides. – In: Trace Inorganic in Water. Advances in Chem. Ser., Washington, 1968. - N. 73. - Р. 337 – 387.
32 Линник П.Н, Набиванец Ю.Б. Влияние растворенного органического вещества на миграцию цинка и свинца в воде р. Дунай.// Водные Ресурсы.- М.: Наука, 1991. - № 5- С. 86-93.
33 Брень Н. В. Гидробиологический журнал, 1999. – Т. 35.- № 4. – С. 75-88
34 Методические рекомендации по геохимической оценке загрязнения территорий городов химическими элементами М: ИМГРЭ, 1982 г

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:
АННОТАЦИЯ
кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
Солтүстік Балқаш маңының табиғи – климаттық сипаттамасы
Балқаш қаласының физика- географиялық орналасуы
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы
1.3 Солтүстік Балқаш маңындағы қоршаған ортаны ластаушы
көздер
2 Қазақмыс Корпорациясы ЖШС Балқаштүстімет өндірістік
бірлестігінің қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
2.1 Ауыр металлдардың әртүрлі формаларының қардағы, мұздағы және
мұз астындағы суда таралуы
2. 2 Ауыр металдардың судағы ағзаларда жинақталу сипаты
2.3 Түп шөгіндінің Балқаш суының химиялық құрамына әсері
3 Балқаш көлінің шығарындылармен ластану дәрежесін бағалау
3.1 Балқаш көлінің шығарындылармен ластану дәрежесі
3.2 Су ортасының ластануын бағалау
3.3 Қар жамылғысының ластануына бағалау
3.4 Балқаш маңындағы топырақпен салыстырғанда түп
шөгінділердің ластануына баға
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША 1
Аннотация
Жұмыстың тақырыбы: Өндірістік шығарындылардың Балқаш көліне тигізетін
әсері.
Зерттеу мақсаты:
Қазақстан Республикасының болашағы болған бүгінгі жас ұрпақты
еліміздің экологиялық жағдайымен таныстыра отырып, қазіргі кезеңде Балқаш
көлінің шығарындыларымен ластану дәрежесін бағалау.
Ғылыми жұмыстың мақсаты Балқашмыс зауытынан шығарылатын
шығарындылардың табиғи ортадағы атмосфералық ауа, су қоймалары және топырақ
сияқты тіршілік ортасына әсер етуін зерттеу болып табылады.
Гипотезасы: Балқашмыс зауытының шығарындыларының судың сапалық
құрамының қалыптасса, су түбіндегі шөгінділерге, бентостық организмдерге
әсерін зерттеу жүргізілсе, шығарындылардың тікелей әсер етуші аймақтарында,
сондай-ақ бақылау станцияларда қар қабатына, сулы ортаға, бентостық
организмдерге және су түбіндегі шөгінділерге кешенді түрде зерттеулер
жүргізілсе, Балқаш көлінің суының құрамы сапалы болар еді.
Зерттеу барысы мен кезеңдері:
I кезеңде: Балқаш көлінің үстіне түсетін шығарындылардың көлемін және
олардың судың химиялық құрамының қалыптасуына қатысу үлесі мен атмосфералық
жауын-шашынның (қардың), судың тосикологиялық ластануын анықтау.
II кезеңде: Зиянды шығарындылардың көлдің түпкі шөгінді қабатына әсер
ету дәрежесі мен олардың жағдайын бағалау.
III кезеңде: Балқашмыс зауытының Балқаш көлінің биотасына ықпал ету
динамикасы мен сараптамасы және бұл ластануға баға беру.
IV кезеңде: Ихтиофаунадағы, шөгінді қабатындағы ағзалардағы
токсиканттар биоаккумуляциясының дәрежесінің сараптамасы мен динамикасы.
Зерттеу нәтижесі:
• Су ортасының ластануының дәрежесін көрсететін индикатор судағы ағзалар
болып табылады. Олардың тканьінде ауыр металдардың жинақталуына қарап
биотаның токсикологиялық жағдайын пайымдауға болады. Бентостық
ағзалардағы ауыр металдардың мөлшері көлдің басқа аудандарына
қарағанда зерттеліп отырған аудандарда басыңқы. Сондықтан су ортасының
токсикологиялық жағдайы қоректік ағзаларда бейнеленеді.
• Су экожүйесінің өздігінен тазару қабілеті мен көлдің жеткілікті
сыйымдылығы арқасында Балқаштүстімет өндірістік бірлестігінің
шығарындыларының әсері зерттеулер кезінде күйзелістік белгілер
байқалмады, тіпті техногендік ластану аймағында орналасқан айдындарда
да қанағаттанарлық экологиялық жағдайда болды. Балқаш көлінің
экожүйесі өзінің гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық
ерекшеліктерінің күшімен әзірге белгілі антропогендік қысымнан
тырысуда.
КІРІСПЕ
Техногенез қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді. Оның кері әсерінің
үлкен белгісі – кең байтақ аумақтың табиғатының экологиялық бұзылуы.
Келеңсіз экологиялық жағдайлар, табиғаттың экологиялық орнықсыздануы
адамның тіршілік жағдайының, денсаулығының нашарлануына, табиғат
ресурстарының жұтауына немесе жойылуына, геожүйелердің орта және ресурс
қалыптастырғыш қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі.
Табиғаттың экологиялық бұзылуы ластаушылардың сандық құрамымен қатар,
сапалық құрамына да байланысты. Ол белгілі аймақта қоршаған ортаны ластаушы
өндірісі орнының ластау көлемі мен сипатына байланысты.
Жер көлемінің ауданы 5,9 мың км2 құрайды, халық саны 2006 жылдың
мәліметтері бойынша 74 мың адам.
Балқашта жиырма шақты ірі және кіші өндірістік кәсіпорындар орналасқан.
Оның ішіндегі ең ірі табиғат пайдаланушысы - Казақмыс Корпорациясы
ЖШС Балқаштүстімет өдірістік бірлестігі.
Бұл облыстағы металлургиялық өндірістің толық циклін қалыптастырған,
яғни руданы шағарудан одан дайын өнім алуға дейін.
Балқаштүстімет өдірістік бірлестігінің жалпы шығарындыларының негізгі
үлесі Балқашмыс зауытына тиесілі.
Атмосфералық ауаны ластайтын ірі көздерінің негізгісі Балқашмыс
зауытының балқыту цехындағы екі Ванюков пештері (ПВ-1, ПВ-2) және бес
конвертер, яғни Балқаштүстімет өдірістік бірлестігінің барлық
шығарындыларының 90 % астамын құрайды.
Балқаш қаласының қазіргі экологиялық жағдайын жақсартуға 2008 жылы ең
манызды проблемалардың бірі шешілді. Ол күкіртті қостотықты күкірт
қышқылына айналдыра отрып, қайта пайдалану. Бір жарым жылдың ішінде
Балқаштүстімет өдірістік бірлестігінің жаңа күкірт қышқылы өндірісінің
жұмысы барысында жалпылай газтәріздес атмосфераға шығарылатын зиянды
шығарындылардың көлемі 2,5 есеге азайды.
Балқаш көлі бойынша көлді сақтап қалу мен экожүйесін қалпына келтіру
жөнінде мәселелер кездеседі. Бұл облыс бойынша ғана емес, жалпы Республика
төңірегіндегі мәселе болып табылады.
2008 жылы Қарағанды облысындағы Балқаш көлінің жағалауы бойынша су
қоғау аймағы мен белдеуі жобасы жасала бастады. Жобаны облыстық табиғи
ресурстар мен табиғат пайдалану басқармасы қаржыландыруды. Жоба жасалған,
бірақ жергілікті заңнама органдарымен бекітілмеген.
Атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың су ортасына, топыраққа түсуі
кезінде биотаның табиғи химиялық балансын өзгертеді, бұл экожүйенің
биологиялық тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғады.
Судағы биоағзалар су қойманың ластануын түр құрамының өзгеруімен,
биомассаның азаюымен қабылдайды (реагируют), яғни балық саны мен
сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Балқашмыс зауытынан шығарылатын

сияқты тіршілік ортасына әсер етуін зерттеу болып табылады. Алға қойған
мақсатты жүзеге асыруда келесі негізгі міндеттер анықталды:
- Балқаш көлінің үстіне түсетін шығарындылардың көлемін және олардың
судың химиялық құрамының қалыптасуына қатысу үлесі мен атмосфералық жауын-
шашынның (қардың), судың тосикологиялық ластануын анықтау.
- Зиянды шығарындылардың көлдің түпкі шөгінді қабатына әсер ету дәрежесі
мен олардың жағдайын бағалау.
- Балқашмыс зауытының Балқаш көлінің биотасына ықпал ету динамикасы
мен сараптамасы және бұл ластануға баға беру.
- Ихтиофаунадағы, шөгінді қабатындағы ағзалардағы токсиканттар
биоаккумуляциясының дәрежесінің сараптамасы мен динамикасы.
Жұмыстың өзектілігіне қазіргі кездегі Орталық Қазақстанның
территориясындағы өндірістік қалаларда табиғат факторларының антропогендік
әрекетке байланысты техногендік өзгеруін ажырату және негізгі себептерін
анықтау жатады. Ауыр металдардың судың түпкі шөгінділердегі мөлшері су
объектісінің ластану дәрежесі туралы және онда өздігінен ластану үрдісінің
жүруін сипаттайтын нақты ақпарат көздері - өзекті мәселе болып табылады.
Қыс мерзімінде қардың, мұздың, мұз асты суының жалпы химиялық
сараптамасы мен ауыр металлдармен ластануына сынамалар алынды.
Бұндай жұмыстарды іс жүзінде жылдың жылы уақытында жүргізу мүмкін емес,
өйткені ластану көзі маңында топырақ үстіне шығарындылардың жинақталуы
уақыт бойынша есепке алынбайды, ал су бетінде қатты шығарындылар болмайды.
Қар қабаты өзінің мерзімінде ауа арқылы шығарындылардың түсу көзін жақсы
суреттеуіш болып табылады. Сол себепті жер шарындағы климат режимі жағдай
жасайтын аймақтарда ауа арқылы шығарындылардағы зиянды заттардың таралуын
анықтау бойынша қар қабатының ластануын зерттеу ғылыми – зерттеушілік
жұмыстардың негізін қалаушы бөлім болып табылады.
Көлдің акваториясының шығарындылармен ластануын зерттеуде негізгі
әдістеме ретінде бұрынғы КСРО ғалымдарының ұқсас әдістемелері
қолданылды[8]. Бұл әдістемелердің мәні белгілі мерзім аралығында
шығарындылардың маңында орналасқан нүктелерде қар қабатын зерттеуде
түйінделеді.
Сынамаларды алу кезінде қар қабатының биіктігі мен шұңқырлардың өлшемі
сызғышпен өлшенді. Қардың тығыздығы Гидрометқызметі желісінде қолданылатын
қар өлшеуіш таразысымен анықталды. Қар мен мұздың сынамалары қабат бойынша
0,5 м2 аудан бетінен: үстіңгісі 10 см-ге дейін, астыңғысы 50 см-ге дейін
алынды. Су мен қардың гидрохимиялық көрсеткіштерін анықтау О.А. Алёнкиннің,
Н.Д. Семеновтың [9,10 ] әдістемелері бойынша жүргізілді.
Су өсімдіктері, зоопланктондар, зообентостар бойынша материалдар тұрақты
18 станцияларда жаз мерзімінде судан сынамалар алу барысында жинақталды.
Макробентостың сынамаларын жинау Петерсеннің түп шөмішімен
(дночепателімен) 140 м2 ауданынан, жалпы қабылданған әдістемелер бойынша
іске асырылды [11].
Мизидтарды аулау сүйретпе тралдың көмегімен кемеден 100 м аралықтан
тартылып алынды. Гидрологиялық материалдарды жинау мен талдау әдістемелік
нұсқаулар бойынша жүргізілді [12].
Су түбіндегі шөгінділердің сынамалары ГОИН трубкасы мен Петерсен түп
шөміші көмегімен алып, түп шөгінділер әдістемелік нұсқауларға сәкес
талқыланды [13].
Ластануды анықтау үшін сынамалар мұзды мерзімде көлдің акваториясында 6
қималарда бойынша (2 сурет) алынды. Бірінші үш тұстамаға: Бертіс бұғазы
-10 кмкөлдің оңтүстігіне қарай (жалпы ұзындығы 16,5 км), Тораңғалық – Аққұм
(36 км), Гүлшат – Корск (45км) - шығарындылардың тікелей әсеріне ұшырайтын
аудандар. Келесі үш тұстамалар бақылаушы болып табылады: Сарышыған- Орлиная
(46 км), Ақжайдақ – Қоржын аралы (21 км) , Тасарал – Бозарал (55 км) -
ластану көзінен алысырақ орналасқан аудандар.
Балқаш көліне тасқын сумен түсетін зиянды заттардың көлемін анықтау
мақсатында жағалаудағы алқаптан бастапқы қималарға қарайлы қар жамылғысы
зерттелді.
Нүктелердің географиялық координаттары мен арақашықтықтары GPS
спутниктік навигаторлары арқылы анықталды.
Желдің ай сайынғы бағыты және Балқаш көлінің акваториясы бойынша жауын-
шашын жылдамдығы мен көлемі туралы мәліметтер Қарағанды қаласындағы
гидрометеорологиялық орталығынан алынды.
Шығарынды көздерін түгендеу бойынша материалдар және ай сайынғы
шығарындылардың көлемі мен сапалық құрамы бойынша Қазақмыс Корпорациясы
ЖШС Балқаштүстімет өдірістік бірлестігінің ақпараттары қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде жұмыстың
мақсаты мен міндеттері, тақырыптың өзектілігі және жаңашылдығы туралы
айтылса, бірінші бөлімде Балқаш қаласының физика-географиялық орналасуы,
сипаттамасы және Солтүстік Балқаш маңындағы қорташаған ортаны ластаушы
көздері баяндалады. Ғылыми жұмыстың екінші бөлімінде зерттеуге алынған
өндірістік бірлестіктің қоршаған ортаға тигізетін әсері сипатталған. Үшінші
бөлімде Балқаш көлінің шығарындылармен ластану дәрежесі анықталған.
Қоңырат мыс рудасының кенорнын меңгеруге байланысты 1963 жылы Балқаш
қаласының құрылысы басталды. Балқаш қаласы Қарағанды облысының оңтүстік
шығыс бөлігінде, Балқаш көлінің солтүстік жағалауында орналасқан.
Солтүстік Балқаш маңы солтүстікке қарай көтерілген айқын бейнеленген,
теңіз деңгейінен 400-500 м орташа биіктікте үстірт болып көрінеді. Олардың
арасында жеке көтеріңкі және қысқа тау тізбектері кездеседі. Балқаш
қаласының ауданы Оңтүстік Қазақстанның климаттық облысына қарай орналасқан.
Аймақтың ең ірі табиғи объектісі- Балқаш көлі болып табылады.
Орташа жылдық ауа температурасы көлдің қарастырылып отырған бөлігінде
+60 шамасында. Аяз абсолюттік минимум - 39-40 0С, абсолюттік максимумы -
40-440С. Тұрақты аяздар қарашаның ортасы мен желтоқсанның басында басталып,
наурыз айына дейін созылады. Наурыз айында ауа температурасының күрт
көтерілуі болады. Күннің соңғы суытуы көктемде сәуір айының екінші
жартысында байқалады. Жазда орташа айлық температура 22-25 0С шамасында
сақталады, ал орташа тәуліктік 35 0С жетеді.
Солтүстік Балқаш маңының аумағы мен көлдің өзінде желдің солтүстік –
шығыс бағыты басым. Ең сирек ағым солтүстік батыс пен оңтүстік –шығыс
бағытында. Жаз айында көлдің жағалаудағы белдеуінде жағалаудан акваторияға
самалдар еседі. Циклон (атмосфера қысымының төмендеуі) кезінде самалдар
жоғалып кетеді. Ең қатты желдер батыс пен оңтүстік – батыс желдері болып
табылады. Олар батыстан шығысқа өтетін циклонның қалыптасуына байланысты.
Бұл мерзімде желдің жылдамдығы кейде 25-34мс дейін жетеді. Маусым айында
қатты желдер жиі байқалады, ал сирек желдер наурыз бен тамыз айларында. ( 4
сурет) Заттың көлденең бетіке түсу көлемі негізінде желдің жылдамдығынан
емес, белгілі бағыттағы жиілігіне байланысты. Балқаш қаласы аймағында бір
жылда 50- ден 70 % дейін жел солтүстік - шығыстан соғады. Демек, ластану
көзінен ауа арқылы шығатын шығарындылардың жартысынан көбі оңтүстік- батыс
секторона қарай жүреді, яғни үстімен өтеді.
2007 -2008 жылдары солтүстіктен соғатын желдің үлесі 61 % құрайды.
Көлдің ластануы тек қана солтүстік бағыттағы желдің соғуынан болады.
Желдің бір жыл ішінде бірнеше қайталанып соғуы Балқаш көліне
антропогендік қысымды жиілетеді.
Құрлық бен су бетінің әртүрлі жылуы арқылы самал пайда болатыны анық.
Самал ағынының Балқаш үстімен өтуі биіктігі үлкен емес, бар -жоғы бірнеше
жүздік метр. Тынық ауа райында жергілікті уақыт бойынша 13-15 сағат,
солтүстік – шығыс бағыттағы жел оңтүстік – бағыс бағытына ауысады, ал түнде
21-23 сағатта бағытын кері қарай өзгертеді. Балқаш көлінің самалдары сәуір
айында басталады және тамызда максимумға жетеді. (70 % қайталануымен) Қыста
самалдар болмайды.
Кейде қатты желдер әсерінен шаңды дауылдар қалыптасады. Ол көлдің
жағалауында бір жылда он күн шамасында қайталанады. Жиі шаңды дауыл айына
2,3- 2,4 рет болады. Жылдың суық мерзімінде шаңды дауыл сирек, тамыз-
шілдеде болады.
4 – сурет . Желдің соғу бағыттары. А- 2007 жыл, Б- 2008 жыл (қаңтар,
ақпан, наурыз, сәуір, мамыр)
1. Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы
Балқаш көлі дербес және барынша жекеленген, қоршаған орта мен ағзалардың
бірлесе әрекет етуі қамтылған табиғи жүйе. Бұнда әр бір дамушы
экожүйелердегідей, тірі табиғат және өлі табиғат компоненттері қалыптасып
келе жатқан тіршілкті сақтап қалуда бір-біріне өзара әсер етеді.
Көлдің ауданы (2002 жылғы мәліметтер бойынша) 18200 км2 құрайды,
батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 614 км, орташа ені 30 км, ең тереңдігі
26,5 м (орташасы 5,8 м). Су көлемі 100 км 3 шамасында. Сары Есік жарты
аралындағы шұңқырлардың шұғыл тартылуы көледі батыс және шығыс бөлікке
бөледі.
Көлге келесі өзендер құйылады: Іле, Қаратал; Ақсу, Лепсі, Аягөз. Олардың
ішіндегі ең ірісі Іле өзені, яғни өзендер ағынының 78 % Іле арқылы
суқоймаға келеді.
Судың минерализациялануы Балқаштың батыс бөлігінде 1,0-1,6 гл; ал шығыс
бөлігінде 2,1-3,0 гл құрайды. Су қойманың негізгі ерекшелігі су деңгейінің
көпғасырлық тербелуінде. Кейінгі жүз жыл ішінде Балқаш көлі үш кезеңде су
деңгейінің үш максималды дәрежеге көтерілуін басынан кешірді.
(1908-1910, 1961-1970, 2005-2007 жылдар), ал қазіргі кезде су деңгейі
құлау фазасында.
Құлау мен көтерілу мерзімдерінен тұратын бірінші екі цикл 90
жылға созылды, үшінші цикл (осы заманғы) ғалымдардың болжамы бойынша
отызыншы жылдардың ортасына қарай біту керек. Егер жақын болашақта көл
бассейнінде шұгыл климаттық өзгерістер болмаса, онда 20-30 жылдарда
Солтүстік Балқаш маңында құрғақшылық мерзімі басым болады.
Көлде су деңгейінің азаюы көл бессейінің табиғи ағынының төмендеуіне
ғана байланысты емес, антропогендік факторлардың ықпалынанда.
Аймақтың экономикалық дамуының қазіргі жағдайында көлдің экологиялық әл-
ауқатының кез келген өзгерісі Балқаш маңының социал - экономикалық
жағдайына маңызды ықпал жасайды.
Бірігей көл өнеркәсіп орындарынан қатты техногендік ластануды басынан
кешіруде. Қазгидромет РМК мәліметтері бойынша Балқаш көлі ластанудың
дәрежесі бойынша нысапты ластану сулар классына жатады. Көлдің негізгі
ластаушысы Балқашмыс зауыты мен Балқаш ЖЭО болып табылады.
Балқаш көлін техногендік ластанудан қорғау өзекті экологиялық
сұрақтардың бірі. Көлдің суы мыс балқыту үшін технологиялық процестерде,
Балқаш жылуэлектр орталығында электроэнергиясын алуға да пайдаланылады.
Су ресурстары сондай ақ ауылшаруашылық өнімін алу үшін жер суғаруға
пайдаланылады, ал Қазақстан турғындары үшін керемет демалыс аймағы.
Сондықтан қазір негізгі мәселе көл деңгейінің төмендеуінде емес,
антропогендік факторлар үлесін минимумға жеткізуде[14].

Қаланың құрылысымен байланысты негізгі кәсіпорындар, қоршаған ортаны
ластаушылар Балхаштүстімет өндірістік бірлестігі мен Балқаш жылуэлектр
орталығы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардан басқа қоршаған ортаға көмірмен
жұмыс істейтін қазандықтар ықпал етеді. Кіші табиғат пайдаланушылар мен
қоршаған ортаның ластануына автотранспортта өз үлесін қосады, олардың жыл
сайын қатары өсуде.
Балқаштүстімет өндірістік бірлестігінің негізгі іс-әрекеті мыс
рудасын шығару, мыс концентрациясын, қара және катодты мысты, тауарлы
мырышты өндіру, эмальпровод өнімдерін алу.

үлесі Балқашмыс зауытында пайда болады. Атмсфералық ауаның ластаушы
көздерінің ірісі мыс балқыту цехындағы екі Ванюков пештері (ПВ-1; ПВ-2),
бес конвентерлер және анодтық пештер. Бұлар Балқаштүстімет өндірістік
бірлестігінің барлық шығарындыларының 90 % құрайды.
Балқаштүстімет өндірістік бірлестігінде атмосфераға шығарылатын зиянды
заттардың 168 ұйымдастырылған көзі бар. Шығарындылардың негізгі көздері №
0138, 0139, 0140.
Бүгінгі күні Балқашмыс зауытында негізгі атмосфераны ластайтын
көздер газтазалаушы қондырғылармен жабдықталған.
Кейінгі жылдарда Балқаш қаласының өзекті экологиялық мәселелерінің бірі
атмосфералық ауаның Балқаштүстімет өндірістік бірлестігінің
шығарындыларымен ластануы болды.
Балқаштүстімет өндірістік бірлестігінің атмосфералық ауаға шығарылатын
зиянды заттардың жалпы көлемі бойынша әр жыл сайын (1999 жылдан 2009 жыл
аралығында) 138 мың тоннадан 753 мың тоннаға дейін тербеліс байқалады.
Балқашмыс зауытының қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарының
көлемінің өсуіне технологиялық күкірт қышқылының рынкта сұранысы болмауына
байланысты, күкірт қышқыл өндірісінің жабылуы себеп болды.
Қазіргі кезде күкірт қышқылы өндірісінің іс-әрекетінің ретке келуіне
байланысты, Балқашмыс зауытынан атмосфералық ауаға шығарылатын
шығарындылардың көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 191 мың тоннаға
азайды. Ал 2009 жылы Балқашмыс зауытының шығарындылары 112 мың тоннаны
құрады. Балқыту агрегаттарынан шығарылатын зиянды заттардың көлемі 2008
жылмен салыстырғанда 289 мың тоннаға төмендеген. (1 кесте)
1- кесте
Жылжымайтын көздерден атмосфераға шығарылатын жаппай
шығарындылардың көлемі (мың тонна)
Жылдар БТМ ӨБ БЖЭО Қаладағы Барлығы, қала
кәсіпорындар бойынша
1999 402.894 21.66 0.46 425.00
2000 448.548 22.40 0.72 471.67
2001 490.96 21.85 1.14 513.95
2002 490.53 22.31 0.52 513.95
2003 690.633 27.28 1.0 718.913
2004 752.916 27.28 0.636 780.83
2005 738.544 24.627 0.538 763.71
2006 662.461 25.736 0.328 688.53
2007 594.035 29.253 0.834 624.2
2008 401.874 21.555 0.865 424.294
2009 112.8 24.1 0.860 137.760
Күкірт қышқылы өндірісінің пайдалануға қосылуы Қазақмыс Корпорациясы
ЖШС атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттарды шұғыл азайту бойынша
негізгі табиғат қорғау шаралары болып табылады.
Балқашмыс зауытының газды қайта өңдеу бойынша жоспары жылына көлемі
1 миллион тонна күкірт қышқылын алу, 93-99 % күкірт қостотығын пайдалану.
Отыз алты ұйымдастырылмаған шығарындыларға Балқаштүстімет өндірістік
бірлестігінің қалдық сақтаушы қоймасы жатады, олда балқаш қаласындағы
өткір экологиялық мәселенің бірі.
Қалдық сақтаушыда Балқаштүстімет өдірістік бірлестігінің байыту
фабрикасының қатты қалдықтары, металлургиялық өдірістің үйінділері мен
Балқаш жылуэлектр орталығының күлді-шлак қалдықтары үйіледі.
01.01.2009 жылдың мәліметтері бойынша онда 586 382 801,368 тонна ауыр
металлдардың едәуір көлемі кездесетін байыту қалдықтары мен 14003 тонна
күлді-шлак қалдықтары жиналған. Сонымен қатар қалдықсақтаушыға 30 361 мың
м3 көлемінде бүкіл өндірістегі ағындылар бағытталынады.
Бұл қалдықтардың жартысы жел арқылы қалдық сақтаушының шекарасынан ұшып,
жақындағы жер мен Балқаш көлін ауыр металлдармен ластайды.
Қалдық сақтаушының үстінен қатты бөлшектердің көлдің аквториясына
шығарылуын М.Н. Илюшенко мен оның шәкірттерінің зерттеулері [15]
дәлелдейді. Олар Бертыс бұғазы мен Тораңғалық шығанағында биіктігі 1 метрге
жететін лай үйінділерін байқаған. Олардың пікірі бойынша үйінділер
антропогендік әсердің салдарынан пайда болған. Зерттеулер мәліметтері
бойынша лайдың құрамында көптеген жоғарғы концентрациядағы химиялық
элементтер кездеседі екен.
Балқаштүстімет өндірістік бірлестігінің шығарындыларының 20 % (2 мың
тонна) шамасында қорғасын сульфиді құрайды. Ол суда ерімейді, бірақ белгілі
бір жағдайда мысалы: қыс мерзімінде су түбіндегі шөгінділерде анаэробты
жағдай туындағанда, қорғасын улы формаға айналуы мүмкін.
Осыған ұқсас өзгерістер сульфаттар мен басқа да ауыр металлдар
тотықтарында болуы мүмкін.
Қатты шығарындылардың құрамында ауыр металлдардың жай күйінде
кездесетіні 6 – суретте сипатталған.
Ауыр металдардың массасының жартысынан көбі зерттеліп отырған
акваторияның су түбіндегі шөгінділеріне түседі.
Шығарындылардың қатты бөлшектерінің 0,3 % суда еритін заттарды құрайды,
кальций тотығы мен қорғасын қосындылары. Бұлар мөлшерлік қатынаста 4
тоннаға лайық. Олардың жартысынан көбі суға түседі.
6 –сурет Балқаштүстімет өдірістік бірлестігінің шығарындыларындағы
ауыр металдардың құрамы
Бұл заттар гидробионттарға өте қауіпті, өйткені металдардың иондық
формасы гидробионттарға улырақ болып табылады [19].
Балқаш көлінің су ортасының гидрохимиялық құрамы жоғарғы минералдылық,
сілтілі орта, оттегімен қаныққандылығы суда ауыр металлдардың иондарының
ерімейтін формаға ауысуына жағдай жасайды. Нәтижесінде шығарындылардың
еритін бөлігі уақыт өткен сайын тұнбаға айналады .

Су экожүйесіне антропогендік әсерді экологиялық нормалау және моделдеуді
П.Н. Мун және оның шәкірттері академик А.Б.Бектұровтың басшылығымен
бастаған болатын.Бұл іске әйгілі Б.А. Бірімжанов пен оның мектебі де
атсалысты.Олардың жұмыстары бірыңғай эко жүйелік бағытта; жауын – су –
түпшөгінді – су өсімдіктер – балықтар, олардың қалыптасу жағдайлары судың
химиялық құранына өзара байланыстарына жүргізілді.
Олар суға түсетін химиялық элементтердің басым бөлігі еріміген күйде
қалатыны, оған Балхаш көліндегі судың сілтілігі (рН = 8,2 - 9,2)
геохимиялық кедергі жасап суға тұзды жібермей қалатынын айқындайды.
Сондықтан заттардың негізгі бөлігі топырақа жетіп, онда карбонат,
сульфидтер түрінде органикалық заттармен байланыстағы күйде сақталады.
Пульпадағы микроэлементтердің концентрациялық зерттер арқылы Тораңғалық
шығанағына желмен келетін шаң – тозақ арқылы түсетін ауыр металдар
түздарының мөлшерін шамалап есептеуге болады. Есептің материалдары 3 –
кестеде көрсетілген.
3- кесте
Тораңғалық шығанағындағы түп шөгінділердегі ауыр металлдардың
пульпадағы, данба түбіндегі мөлшері
Сынамалар түрлері Микроэлементтер, мгкг
Cu Zn Pb Cd As
Пульпа 1824 3040 420 6,0 0,980
Данба түбіндегі топырақ 323,6 85,6 92,8 3,2 0,160
Тораңғалық шығанағындағы 1014 189 206,4 5,8 0,450
қалдық сақтаушының тұсындағы
түп шөгінділер
Тораңғалық шығанағындағы түп392 188 104 3,2 0,110
шөгінділер
Кестедегі мәліметтер пульпада мыстың 1824 мгкг пен мырыштың 3040
мгкг көбірек екенін көрсетеді. Ал мышьяктің концентрияциясы небары 0,98
мгкг. Дамба түбіндегі топырақта мыстың концентрациясы 5,6 есе, мырыштікі
35,5 есе, қорғасын 4,5 есе, кадмий 1,9 есе және мышьяк 1,6 есе аз
кездеседі.
Тораңғалықтан 150 метр аралық жердегі шөгіндіде мыстың концентрациясы
1,8 есе, қорғасын мен мышьяктікі 2 есе аз.
Бір жыл ішінде шаңды дауылдармен суға түсетін ауыр металдардың мөлшері
4 кестеде көрсетілген. Бұл мәліметтер Казмеханобр институтының, қоршаған
ортаға экологиялық мониторинг жүргізетін Орталықтың және Балық
шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС Балқаш қаласындағы
филиалының 2007 -2008 жылдары жүргізген зерттеулері растайды.
5 - кесте
Ластану ауданы мен түсетін элементтердің мөлшері
Элементтердің Ластанған аудан, км² Түсетін элементтердің
атауы мөлшері , т
Қатты Орташа Қатты Орташа
ластанған ластанған зона ластанған ластанған
зона зона зона
2007 жыл
Мыс 904 844 14.34 2.32
Мырыш 224.37 2156.61 0.24 4.59
Қорғасын 762.8 1192.61 0.55 3.11
Кадмий 95.893 975.68 0.69 0.30
Барлығы 15.82 10.32
2008 жыл
Мыс 904 844 15.58 2.52
Мырыш 224.37 2156.61 0.26 4.99
Қорғасын 762.8 1192.61 0.60 3.38
Кадмий 95.893 975.68 0.75 0.32
Барлығы 17,19 11,21
Кестеден 2008 жылы ластаушы заттар 2007 жылға қарағанда 1,44 тоннаға
көбірек түсетінін байқауға болады.
2.1 Ауыр металлдардың әртүрлі формаларының қардағы, мұздағы
және мұз астындағы суда таралуы
Балқаштың токсикологиялық келбеті өзендермен келетін өнеркәсіптік
қалдықтармен айқындалады. Ал соңғысының ішіндегі негізгі үлес
Балқаштүстімет өндірістік бірлестігінің метталлургия зауытына келеді.
Белгілі бір аймақтың ластану дәрежесін анықтау үшін ең қолайлы нәрсе –
қар жамылғысы. Қар жамылғысын мұқият зерттеу арқылы ластану аймағын дәл
анықтауға, ластаушы көздің ықпал ететін негізгі қосалқы бағыттарын
белгілеуге және оның ықпал мөлшерін есептеуге де болады. 6 және 7
кестелерде көл бетіндегі қардың суына жасалған химиялық сараптау нәтижелері
келтірілген. 6 кестеге қарасақ, қар суының белсенді реакциясы рН 6,12-7,55
аралығында екенін көреміз. Мұның өзі қардың ластанғанын білдіреді. Таза
қардағы рН көптеген авторлардың пікірінше [20] 4,7-5,6 шамасында болуы
тиіс.
Көл бетіндегі қардың қаттырақ ластанған жерлері Тораңғалық шығанағы және
Бертістің солтүстік жағалауы. Бұл жерлерде шөгінділер 40-104 мгд
(Бертісте) және 44-766 мгдм3 (Тораңғалық). Гүлшатта бұл көрсеткіштер 30
мгдм3 –ке, Тасарал мен Ақжайдақ тұстарында 2-ден 5 мгдм3-ге дейін келеді.
Азот пен фосфор қосындылары балық шаруашылығы сулары үшін ШМК-дан
аспайды, және 1992-1994 жылғы зерттеулерді растайды[21]. Балқаштүстімет
өндірістік бірлестігініңқалдықтары көлді азот және фосфор оксидтерімен
ластамайды деп айтуға болады.
6 - кесте
Шығарындылардың тікелей әсер ететін зоналарындағы қардың химиялық
құрамы, 2008 ж., мгдм³
Станциялар Сал-мақрН Кер Биогендер,
ты –мекті-мгдм³
заттар гі
мг-экв
NH4 NO2 NO3
Бертіс бұғазы 3025 43.2 13.3 61.2 3.33 43.8
Рембаза 494 9.29 5.27 18.5 0.74 5.89
Кіші Сарышыған 479.6 2.04 5.14 13.8 0.39 4.03 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz