Кәсіпорындардың түрлері және жіктелуі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Экономикалық өмірдегі өнеркәсіптің осындай маңызды және көп қырлы рөлін ескере отырып, дамыған елдердің өзінде өнеркәсіптік- өндірістік кешенді дамытуды бірінші басымдылық деп таниды. Өнеркәсіп үлттық экономиканың жетекші белімі, елдің экономикалық даму деңгейін анықтайтын "бас нүкте" екендігін дәл айқындайды. Сондықтан да олар белсенді, жан- жақты және қисынды өнеркәсіптік саясат жүргізеді.
Кез келген елдің экономикалық жағдайы елеулі түрде өнеркәсібінің даму деңгейіне байланысты болады. Елдің өнеркәсіптік кешенінің жағдайы мен даму динамикасы, экономикалык төуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті күшейту, халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, қоғамның экономикалық ортасын сауықтыру, тең күкықты және езара тиімді жағдайда өлемдік экономикаға бірігу секілді үзақ жөне қысқа мерзімді міндеттердің сөтті шешілу мүмкіншіліктерін анықтайды.

Өнеркесіптік саясаттың объектісі болып елдің барлық өнеркәсіптік кешені табылады, оның ішінде барлық салалардың жиынтығы, салалық құрылымы мен онеркөсіп салаларының ғылыми - техникалық деңгейіне әсер ететін құрылымдық ұйымдар. Сондықтан енеркәсіп саясаты туралы сөз болғанда, міндетті түрде салалық, қүрылымдық, ғылыми- техникалық және инновациялық саясат қарастырылады, ейткені олардың барлығы бір кешеннің элементтері болып табылады жөне мақсаттары бірдей.
Қысқа мерзімді мақсат- өндірістің құлдырауының алдын алу, экономиканың түрақты өсуін жөне орнықтылығын қамтамасыз ету секілді ағымдық міндеттерді шешеді. Көріп отырғанымыздай, бөл мақсаттар әртүрлі уақыт кезеңдерін сипаттайды жөне енеркәсіптік саясаттың басты мазмүнын орындаудың логикалық сатылары ретінде көрінеді.

І тарау. Кәсіпорындардың түрлері және жіктелуі

1. 1. Кәсіпорын және оның түрлері

Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын - серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.

Аралас кәсіпорын - меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны - меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары - акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т. б.

Бірлескен кәсіпорын - екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т. б. ) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.

Венчурлік кәсіпорын - ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Еншілес кәсіпорын - заңды тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын - кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңды ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді. Жекеше кәсіпорын - азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңды тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісім-шарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады. Коммерциялық кәсіпорын - заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялық қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Концессиялық кәсіпорын - мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын. Корпоративтік кәсіпорын - меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңды субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын. Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары - шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы. Көлік кәсіпорыны - жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға.

Муниципалдық кәсіпорын - мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын - бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, бейрезидент-корпорациялардың филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бейкорпоративтік бөлімшелері.

Унитарлық кәсіпорын - өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді, пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Ұжымдық кәсіпорын - мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан үлесі кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып айқындалатын мөлшерде пайыз есептеліп төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі (салымның құны мен табыстың бөлігі) төленеді. Шағын кәсіпорын - жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады. Шетелдік кәсіпорын - жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым) . Ірі кәсіпорын - сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.

1. 2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты

Экономиканың барлық даму кезеңінде кәсіпорын негізгі буын болып табылады. Дәл осы кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыскердің өндіріс құралдарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өнеркәсіптік кәсіпорын деп өндірістік - техникалық тұтастығы, ұйымдық әкімшілік және шаруашылық дербестігі бар өндірістік бірлікті атайды. Кәсіпорын өз қызметін дербес атқарады, шығарылатын өнімді, салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалған таза пайданы (кірісті) өзі пайдаланады.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкер - басты тұлға болып табылады. Кәсіпкер мәртебесіне кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізу арқылы ие болып. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі жеке азамат, сонымен бірге олардың бірлестігі болып табылады. Сонымен, кәсіпорын дегеніміз - бұл кәсіпкер немесе кәсіпкерлер бірлестігінің қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырып, таза пайда табу мақсатында құрған дербес шаруашылық субъект.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар түрінде, өндірістік кооператив, мемлекеттік мекеме түрінде құрыла алады. Өз кезегінде, шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік және сенімгерлік серіктестік (командиттік серіктестік) түрінде, ал шаруашылық қоғамдар - акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар қоғамдар түрінде болады. Жоғарыда айтылып өткендей, кәсіпорын қызметінің мақсаты - қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру және таза пайда алу. Осыдан аз ғана уақыт бұрын кәсіпорынның бірегей мақсаты - қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру деп көрсетілетін.

Шынында да кәсіпкерліктің басты мақсаты - таза пайда (кіріс) табу (бірақ кез келген амалмен емес) . Өркениетті нарықтық қатынастар екі мақсатты дұрыс үйлестіруді талап етеді. Әрине, бизнес - кәсіпкерлердің экономикалық іс - әрекеті, олардың үнемі өспелі таза пайда көлемін, жоғары табыстылық деңгейін қамтамасыз ете алу қабілеті және өнері. Сонымен бірге, ашық экономика жағдайында бизнесті дамыту тұтынушылар нарығы тауарлар мен қызметтермен толтыруға жағдай жасайды, экономиканың құрылымдық қайта құруды белсендетін, ғылыми - техникалық жетістіктерді ендіруді ынталандырады, өндіріс тиімділігін барынша арттыруға жағдай жасайды.

Кәсіпорын құруға кірісерде, кез келген кәсіпкер немесе олардың тобы өздерінің айқын әрі түсінікті мақсатын білуі тиіс. Бұл ой өнімі немесе қызметіне тұрақты тапсырыс алып отыру жүйесіне сүйенуі керек. Көзделген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету барлық қажет материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс және жаңа іс бастай отырып, өз капиталын жүйелі, тұрақты түрде толықтырып отыру мүмкіндігін ойластырған жөн. Осы мәселелердің барлығын бас құжатта - кәсіпкерлік бизнес - жоспарында жан - жақты көрсету қажет.

Кез келген кәсіпкердің қазіргі жағдайдағы маңызды қасиеті - жағдайдың өзгерісіне икемділік таныту қабілеті. Ол үшін өзі таңдаған іс - әрекет саласында білікті болу, мақсатқа талпынушылық, табандылық, сәтсіздіктерге дайын болу, оқып - үйрену қабілеті және қателіктерінен қорытынды шығара алу секілді мінез - құлық ерекшеліктерінен қорытынды шығара алу секілді мінез - құлық ерекшеліктеріне ие болуы қажет. Бәсекелестік күреске дайын болу керек. Маркетингті дұрыс ұйымдастыра отырып, бейресми байланыстарды ұстай білуі, ал өнімді шығара бастағанда уақытында шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдерді жеткізушілермен де, өнімді тұтынушы және тапсырма берушілермен де ресми қатынас орната алуға тиісті.

Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік мекемені ұйымдастырудың негізгі үш бағыты бар. Олар:

⦁ өндірісті ғылыми ұйымдастыру;

⦁ еңбекті ғылыми ұйымдастыру;

⦁ басқару жүйесін ғылыми ұйымдастыру.

Өндірісті ғылыми ұйымдастру мақсаты (ӨҒҰ) - кәсіпорында оңтайлы техника - технологиялық жүйені құру. Бұл дегеніміз - сенімді әрі тиімді қызмет ететін өндірістік құрал - жабдықтар мен технология, техника - ұйымдастыру арқылы жұмыскерлердің өзара қатынасын реттеу.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) міндеті - қызметкерлер ұжымында шынайы ресмилендірілген қатынастар орнату. Оған жоғары өнімділікті, тиімді алдыңғы қатарлы еңбек ету үшін жағдай туғызатын іс - шаралар жүйесі кіреді. Бірақ, ЕҒҰ мүмкіндіктері кәсіпорынның техника - технологиялық жағдайымен, оның қаржылық және экономикалық қорларымен шектеледі.

Басқаруды ғылыми ұйымдастыру (БҒҰ) - бұл кәсіпорынның материалды және адми ішкі жүйелерінің мақсаттылығын қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық және қоғамдық құралдар жүйесі. Ол осы жүйелердің ең жоғары сапалық - технологиялық және экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында өзара әрекеттесуіне жағдай туғызады.

Кез келген кәсіпкерлік іс - шаралар - бұл адамдар арасындағы өзада байланыстарын ұйымдастыру болып табылады. Ол неғұрлым жете ойластырылып құрылса, шебер реттеліп отырған сайын экономикалық пайда, шығындардың орнын таза пайдамен толтыруға деген сенім солғұрлым арта түседі.

Кәсіпорындағы меншік нысанын таңдау - жауапты іс. Сол себепті мұнда өз түсінігімен, ойымен ғана шектелуге болмайды. Кәсіпорында қызмет жасауға тиісті шаруашылық, құқықтық ортаны, қоғамдық тәртіпті де ескеру қажет.

Келесі қадам - өндірістік базаны қалыптастыру. Кәсіпкерге өндірістік және қойма жайларын, жабдық, станоктар мен құрал - сайманды сатып алуға немесе жалға алуға тура келеді, сонымен қоса шикізат, материалдар мен жартылай өңделген өнімдер, көмекші өнімдер сатып алу, жұмыс күшін тартуы қажет. Осы жерде кәсіпорын құрал - жабдық дайындаушылармен, шикізат, материал жеткізушілермен, делдалдық кәсіпорындармен қатынасқа түседі. Қызметкерлер еңбек биржасында, хабарландыру арқылы және басқа да жолмен жұмысқа қабылданады.

Маңызды кезең - қаржы - қаражат табу. Кәсіпкердің өзінің және оның әріптестерінің жеке қаржылары істі бастау және дамыту үшін, әдетте, жеткіліксіз болады. Қаржы кемшілігін акциялар шығару арқылы, яғни кәсіпорынның капиталы мен таза пайдасына қатысу құқығының бір бөлігін беру арқылы, жеке қарыздық міндеттемелермен, сондай - ақ коммерциялық банктен несие алу арқылы толтыруға болады.

Бұл жағдайда кәсіпорын оның акцияларын сатып алу шы немесе қарыз міндеттемелері бар заңды тұлғалармен, коммерциялық банктермен қатынасқа түседі.

Банктердің кәсіпорындарға несие беруі әр түрлі сақтандыру операцияларымен қоса жүреді. Сақтандыруға ғимараттар, материалдық құндылықтар қоры және т. б. жатуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын сақтандыру компанияларымен іскерлік қатынасқа түседі.

Акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар шығарып және оларды сатып ала отырып, кәсіпорын қор нарығына, яғни бағалы қағаздар нарығына көңіл аударады. Кәсіпорынның мұндай арақатынасқа түсетін ұйымдар тізімі үлкен. Бұл, ең алдымен, қор биржалары, қаржы - несие институттары, инвестициялық қорлар, жеке инвесторлар және т. б.

1. 3. Қазіргі заманғы кәсіпкерліктің мәні

Қазақстан экономикасын жаңғырту кәсіпкерлік қызметті дамытуға негізделген өте тиімді нарықтық шаруашылықтың қалыптасуына байланысты. Нарық экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік экономикалық және әлеуметтіктің басты қозғаушысы болып саналады. Бірақ та отандық, немесе шетел әдебиеттерінде кәсіпкерлік туралы қалыптасқан көпшілік қабылдаған көзқарас қалыптаспаған. Кәсіпкерліктің қалыптасуы жайлы ғылыми жұмыстар мен зерттеулерде оның даму мәні, тиімділігі, жағдайлары және болашағы туралы әр түрлі пікірлер айтылады.

«Кәсіпкерлік» және «кәсіпкер» түсінігі. Өткен ғасырдың көрнекті ғалымдарының кәсіпкерлік жайлы көзқарастарының қалай өзгергенін зерттей келе, бірнеше ғасыр бойы мәні, өзгешелігі және бағыты жайлы өзгерістерді көруге болады. Әлем әдебиетінде «кәсіпкер» туралы түсінік 1723 жылы Парижде шығарылған коммерция сөздігінде пайда болды. Онда кәсіпкер деп «нысанды өндіру және құру туралы өзіне» жауапкершілік алатын адам деп түсіндірілді. Әдебиеттерде көп жылдар бойы кәсіпкерлік көбінесе алмастыру саласында (сауда да ғана) болады деп келді. Өндіріс саласында өнім сату кезінде ғана пайдаланылды. Уақыт өткен сайын мемлекет пен қоғамның кәсіпкерлікке деген көзқарасы өзгеріп отырды, кәсіпкерлік көпшіліктің іс - әрекетінде өзінің орнын таба білді.

Екі жүз жыл бұрын француз экономисі Ж. Б. Сей - «Кәсіпкер экономикалық ресурстарды өнімділігі мен табысы төмен облыстан тиімділігі жоғары және пайдалы облысқа ауыстырады», - деп көрсетті. Кейін кәсіпкер деп тәуекел жағдайында жұмыс атқаратын, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын адамдарды атайтын болды. ХХ ғасырда жаңашыл (Йозеф Шумпетер), кез келген мүмкіншілікті мол олжа табатын (Питер Друкер), бастамашылық пен жауапкершілікті қабылдайтын тұлға (Альберт Шапиро) деген жаңа сипаттамалар берілді.

Владимир Дальдің «Толковый словарь живого великорусского языка» деген сөздігінде кәсіпкерлік және кәсіпкер туралы баян етуі қызығушылық танытады. «Іске кірісу» деген сөзді «жаңа істі бастау, оны орындау үшін шешімге келу, бастаған істі бітіруге кірісу» деп түсіндіріледі. Даль бойынша іскер сатушы «кәсіпорын құруға, көлемді айналысқа қабілетті, бейімді, батыл, табанды адам»; «кәсіпкер - бір нәрсеге кірісу». «Габлердің энциклопедиялық сөздігінде» келесі анықтама беріледі: «Кәсіпкер - табысты кәсіпорынды құрған және/немесе дербес кәсіпорынды басқаратын, сонымен қатар оның берешегін және басқа да тәуекелдігін өзінің мүлкімен және салған капиталымен беретін тұлға».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Инвестицияның жіктелуі жайлы
Кәсіпкерлік түрлеріне "Салыстырмалы талдау" жайлы ақпарат
Кәсіпкерлік түрлеріне "Салыстырмалы талдау" туралы ақпарат
Кәсіпкерлік түрлеріне "Салыстырмалы талдау"
Тоқыма өнеркәсіп бұйымдары кәсіпорындарының пайдаланатын негізгі шикізат көзі
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі
Кәсіпорынның айналым капиталы туралы
Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz