Лабораториялық жұмыс №6: Гистограммалар - мәліметтер үлестірімі мен шашырауын анықтау және бағалау


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасы

Зертханалық жұмыс №6

Тақырыбы: Гистограммалар

Орындаған:«Сертификация, стандартизация

және метрология» мамандығының 219

группа студенті Джантаева Г.

Тексерген: аға оқытушы Тогжанова Ж.

Алматы 2017

Кіріспе

Гистограммалар - мәліметтердің таралуын және үлестірілуін көрсететін, ендері бірдей, бірақ биіктігі әр түрлі бағандар сериясы. Бағана ені - бұл бақылау диапазонының интервалы, биіктігі - қандайда бір интервалға келетін мәліметтер мөлшері, яғни жиілік. Шын мәнінде, гистограмма зерттеліп отырған көрсеткіштің үлестірілімін көрсетеді. Гистограмма көрсеткіштің шашырау сипатын бағалауға және жақсарту бойынша неге аса мән беру қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Жұмыстың мақсаты: Зерттеліп отырған көрсеткіштің үлестірілімін анықтау, шашырау сипатын бағалау, көрсеткіш шашырауының сипатын анықтау үшін гистограмма құру ретімен танысу.

Гистограммаларға тән типтер 1- суретте ұсынылған.

1, а суретте екі жақты симметриялы гистограмманың қарапайым типі көрсетілген, ал бұл үрдістің тұрақтылығын көрсетеді.

1, ә суреттегі үлестірімде екі шек бар (екі өркешті гистограмма) .

Мұндай гистограмма екі үлестірімді біріктіру кезінде пайда болады, мысалы, шикізаттың екі түрі жағдайында, үрдістің икемдеуді өзгерту немесе екі түрлі құрылғыда өңделген өнімдерді бір партияға біріктіру. Өнімнің жіктелуі талап етіледі.

1, б суретте үзілген гистограмма көрсетілген. Мұндай үлестірім қандайда бір шамадан төмен (немесе жоғары) мән алу мүмкін емес болған жағдайда алынады. Осыған ұқсас үлестірім, сонымен қатар, партиядан көрсеткіші нормадан төмен (және/ немесе жоғары) өнімді алып тастау кезінде орын алады, яғни бастапқыда бұл көп мөлшерлі ақаулы бұйымдар бар партия болған. Дәл осындай үлестірім өлшеу құралдары бұзылған жағдайда да орын алады.

1, в суретте аралшығы бар гистограмма ұсынылған. Өлшемдегі қателіктер кезінде немесе кейбір ақаулы бұйымдар сапалы өнімдермен араласып кеткен жағдайда орын алады.

1, г суретте алаңқайлары бар гистограмма ұсынылған («тарақ») . Интервал ені өлшем бірлігіне еселік болмағанда немесе оператордың жіберген қателіктері кезінде орын алады.

1, д суретте үстірт формасында берілген гистограмма көрсетілген. Орташа мәндердің аз ғана айырмашылығы кезінде бірнеше үлестірімдер біріктірілу кезінде орын алады. Бұл жағдайда жіктелуді талап етіледі.

Қорытынды

Зерттеліп отырған көрсеткіштің үлестірілімін анықтау, шашырау сипатын бағалау, көрсеткіш шашырауының сипатын анықтау үшін гистограмма құру ретін меңгеріп, практикалық білім алдым.

Қолданылған әдебиет:

  1. Ефимов В. В. Статистические методы в управлении качеством продукции. Уч. пособие. - Ульяновск: УлГТУ, 2003. -134с.
  2. Основы СМС и менеджмента качества уч. Пособие. - Алматы: Казахстанская ассоциация маркетинга, 2003. - 564 с.
  3. Инновационный менеджмент /Под ред. Завлина П. Н., Казанцева А. К. - СПб. : Наука, 1998.
  4. Окрепилов В. В. Управление качеством и . - СПб. : Изд-во СПбГУ экономики и финансов, 1997.
  5. Джонсон Н., Лион Ф. Статистика и планирование эксперимента в технике и науке. Методы обработки данных. - М. : Мир, 1980.
  6. Красовский Г. И., Филаретов Г. Ф. Планирование эксперимента. - Мн. : Издательство БГУ, 1982 - 302 с
  7. Казанцева Н. Н. Статистические методы управления качеством. Учебное пособие. - Томск: Изд. ТПУ, 2001
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лабораториялық жұмыс №6. Қозғалтқыштардың реттеу жүйесі: отын аппаратурасы мен реттегіштер
Лабораториялық жұмыс №18: термопараны дәрежелеу және температураны анықтау; №1: электр өлшеу құралдары мен олардың жұмыс принциптері
Лабораториялық жұмыстар №1-3: Delphi-де мәліметтер базасын құру, тіркеу және компоненттік құралдарымен жұмыс
№6 Лабораториялық жұмыс: Көмірсутектердің галоген туындыларының теориясы және этил мен бутил бром туындыларын алу әдістері
Жарықтың жұтылуы мен шашырауын түсіндіру әдістері
Лабораториялық жұмыс №4: EViews көмегімен көпфакторлы регрессияны құру, мультиколлинеарлық пен гетероскедастикалықты анықтау және модель спецификациясын тексеру
Лабораториялық жұмыс №1. Минералды заттардың құрамын және ылғалдылығын анықтау әдістері: құрғату, Чихова, пикнометрлік, ареометрлік және рефрактометрлік
Лабораториялық жұмыс №8 және №12: Ауаның ылғалдылығын гигрометр мен Ассман психрометрі арқылы анықтау және жартылай өткізгіш кедергілерінің температураға тәуелділігін зерттеу
Кондитерлік өнімдер технологиясының лабораториялық жұмыстары: карамель дайындау және сапасын анықтау
Microsoft Access жүйесінде формалар құру және редакциялау: лабораториялық жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz