Интеллектуалды желі қызметтері


3. 8 тақырып Интеллектуалды желі қызметтері.

80-шы жылдары International Organization for Standardization (ISO) ұйымымен стандартталған ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі (Open System Interconnection, OSI) өңделген.

OSI моделінің негізгі тағайындалуы желілік құралдарының өзара әрекеттесу ережелерін анықтайды.

OSI моделі анықтайды:

- пакеттер коммутациясымен желілердегі жүйелердің өзара әрекеттесуін,

- деңгейлердің стандартталған аталуын,

- әр деңгейінің функцияларын.

OSI моделінде (сурет 3. 5) өзара әрекеттесу құралдары жеті деңгейге бөлінеді: қолданбалы, ұсыну, сеанстық, көліктік, желілік, арналық және физикалық.

OSI моделі операциялық жүйесі мен программалы және аппаратты құралдар көмегімен іске асырылатын жүйелік өзара әрекеттесу құралдарын сипаттайды.

http://main.tpkelbook.com/images_elb/235/25k/image001.png

3. 5 сурет - Ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі ISO/OSI

Бағдарламалар жүйелік құралдар қолдана отырып өзіндік өзара әрекеттесу протоколдарын іске асыра алады. Бұл мақсатпен программистттер қолданбалы программалы интерфейсті (Application Program Interface, API) қолданады.

Мысалы, А түйінінің бағдарламасы В түйініндегі бағдарламасымен өзара әрекеттесуін қарастырайық. Біріншіден А бағдарламасы қолданбалы деңгейіне сұраныс жібереді, мысалы файлдық қызметіне. Осы сұраныс негізінде қолданбалы деңгейінің программасы стандартты форматты хабарламаны өңдейді.

Хабарламаны өңдеп қолданбалы деңгейі келесі ұсыныс деңгейіне жібереді. Әр деңгейінде хабарлама құрамына әр түрлі қызметтік ақпарат қосылады (3. 6 сурет) .

http://main.tpkelbook.com/images_elb/235/25k/image002.jpg

3. 6 сурет - Вложенность сообщений различных уровней

Физикалық деңгей хабарламаны 1 компьютердің шығыс интерфейсіне жібереді, одан кейін хабарлама желі арқылы (бұл уақытқа дейін хабарлама 1 компьютердің деңгейлерінде берілетін) 2 компьютердің кіріс интерфейсіне келіп түседі.

Хабарлама физикалық деңгейімен қабылданып, жоғарыға қарай деңгейлеріне беріледі. Әр деңгейі хабарламаға анализ жасайды және өз деңгейінің тақырыбын өңдеп, сәйкесінше функцияларын орындап, тақырыбын жояды да келесі деңгейіне жібереді.

ISO стандарттарында мәліметтер алмасудың бірлігін мәліметтердің протоколдық бірлігі (Protocol Data Unit, PDU) деп атайды. Нақтылы деігейлерінде мәліметтер алмасудың бірлігін арнайы атаулар қолданады: хабарама, кадр, пакет, дейтаграмма.

Физикалық деңгейі

Физикалық деңгейі (physical layer) биттер ағынын физикалық байланыс арналарымен (коаксиалды кабель, талшықты-оптикалық кабель, цифрлы арна) беруді қамтамасыз етеді. Физикалық деңгейінің функциялар желідегі барлық құралдарымен іске асырылады. Компьютерде физикалық деңгейінің функцияларын желілік адаптер немесе тізбектелген порты орындайды.

Физикалық деңгейнің мысалы ретінде Ethernet технологиясының 10BaseT спецификацияын (қолданылатын кабель - 3 категориясының 100 Ом тең толқындық кедергісімен экрандалмаған витая жұбы, разъем RJ-45, физикалық сегемнттің максималды ұзындығы 100 м тең, кабельдегі мәліметтерді ұсыну үшін манчестер кодасы) қарастыруға болады. Физикалық деңгейі тасымалданатын ақпараттың мағынасын қарастырмайды. Бұл деңгей ақпаратты биттер ағыны ретінде қарастырады. Физикалық деңгейінің басты тапсырмасы осы биттер ағынын бөгеуілсіз және берілген тактілік жиілікпен (көршілес биттер арасындағы интервалы) жеткізу болып табылады.

Арналық деңгейі

Арналық деңгейі (data link layer) бірінші деңгейі болып табылады (астынан жоғарыға қарай қарастыратын жағдайда), пакеттер коммутациясы ретінде жұмыс жасайды. Бұл деңгейінде PDU кадр (frame) деп аталады.

Арналық деңгейінің функциялары локальді және глобальді желілер үшін әр түрлі анықталады:

- Локальді желілерде арналық деңгей кадрлар жеткізуді кез-келген желі түйіндер арасында қамтиды. Желілер жалпы шина, сақина, жұлдыз немесе ағаш топоогиясы бойынша құрылады. Локальді желілер технологиялар мысалы ретінде Ethernet, FDDI, Token Ring қарастыруға болады.

- Глобальді желілерде арналық деңгей кадрларды тек ғана екі көршілес түйіндер арасында қамтамасыз етеді. Екінүктелі протоколдары ретінде кең таралған РРР (Point to Point Protokol) және HDLC қолданылады. Екідеңгейлі байланыстар негізінде әр түрлі топологиясымен желілер құрылады.

Локальді желілерді байланыстыру немесе глобальді желісінің түйіндер арасында хабарларды жеткізу үшін желілік деңгейінің құралдары қолданылады.

Жіберушінің желілік деңгейінен арналық деңгейіне желідегі қандай түйініне жеткізу қажет ақпарат пакеті беріледі. Бұл тапсырманы орындау үшін арналық деңгейі мәліметтер аймағы мен тақырыбы бар кадр өңдейді. Арналық деңгейі пакетті кадрдағы мәліметтер аймағына енгізеді (инкапсулирует) және тақырыбын қызметтік ақпаратпен толтырады. Кадрдағы тақырыбының ең маңызды ақпарат тағайындалу адресі болып табылады. Берілген адресі бойынша желідегі коммутаторлар пакеттің тасымалдауын қамтамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақылды үйдің функцияларын көрсету
NGN желісіне техникалық есептеулер
Қазақтелеком саласын автоматтандыру
NGN қызметтеріне қосылуды ұйымдастыру
Желіні басқару деңгейі
Басқару хаттамалары арқылы желіні басқаруды зерттеу
ЦИФРЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қолданыстағы желіні талдау
ISDN желісі
Телекоммуникациялық желілердің ортақ құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz