Сандық байланыс желісін синхрондау


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

5 Бөлім Сандық байланыс желісін синхрондау.

5. 1 тақырып Синхрондау принципінің негізгі түсініктері.

«Технология» термині, жалпы айтқанда ЖҚТфЖ бірқатар жұмыс істеу процестерін, және де оның өзінде пайдаланылатын техникалық құралдардың көпшілігін сипаттау үшін қолданылатын. Телекоммуникациялық технологиялардың топтастырылу әдістерінің неше түрі бар. Қарастырылатын топтастырылуда негізгі акцент тарату және коммутациялау технологияларына жасалған. Тарату технологияларын көліктік желі үшін қарастыру өте маңызды. Тәжірибелік көз қараспен (әсіресе, ЖҚТфЖ жобалау кезінде), тарату және коммутациялау мәселелерін бөлу оңай емес. Желілік технологияларға тікелей қатысы жоқ тағы бір технология класын ескере кету керек. Сондай-ақ, бұл технология класы іс жүзінде ЖҚТфЖ жаңаландыру принциптеріне әсер етпейді. Әйтседе, бұл технология класы ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ЖҚТфЖ жаңаландыруда шешуші рөл атқарды. Бағдарламалық басқаруды пайдалану ЖҚТфЖ функционалды мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте түсті, сонымен қатар тарату және коммутациялау жабдықтарындағы техникалық пайдалану жүйелерінінің тиімділігін арттырды (6. 1 сурет) .

http://ok-t.ru/studopedia/baza12/462702846432.files/image002.jpg

6. 1 сурет - ЖҚТфЖ қолданылатын технологиялардың топтастырылуы

Ақпараттар тарату технологиялары

ЖҚТфЖ дамуына дейін тарату жүйелері болған емес. Сөз сигналдарын тарату үшін, әуе және кабельді байланыс жолдары арқылы ұйымдастырылған физикалық тізбектер қолданылған. Алдымен бірсымды жолдар қолданылды. Бұндай шешім «сым - жер» сұлбасы ретінде белгілі. Содан кейін, абоненттік учаскеде екісымды тізбектерге ауысу басталды, ал станция аралық байланыс үшін үшсымды жолдар қолданылды.

Тарату жүйелерінің пайда болуы, телефон байланысын алыс ара-қашықтықтарға ұйымдастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етті. Біртіндеп физикалық тізбектер қол жеткізу желілерінің деңгейіне «ығыстырылды». Олар қалалық көліктік желілер қатарында әлі де қолданылуда.

Телефон терминалы акустикалық тербелістерді айнымалы тоқ сигналдарына түрлендіреді. Олар болса физикалық тізбектермен беріледі. Айнымалы тоқ сигналдарын қосымша түрлендіру қажет етілмейді. Телефон сигналының спектрі шектелмейді. Қажет жағдайда - сигнал деңгейінің өзгеруі іске асырылады, ол қолданыстағы физикалық тізбек сипаттамалары арқылы анықталады. Бұндай тәсіл «As is» (как есть) принципіне ұқсас.

ХХ ғасырдың басында пайда болған аналогты тарату жүйелері (бірінші нұсқа 1915 жылы құрылған) телефон байланысына арналған. Олар тональді жиілік арналарын (ТЖ) құратын болған. Осы мақсатпен, телефон сигналының спектрі фильтрдің көмегімен 300 - 3400 Гц ауқымымен шектеледі. Модуляциялау және топтық сигналдарды қалыптастыру процедуралары ақпараттармен алмасу жолын тығыздауға рұқсат береді. Байланыс жолдарында орналастырылған күшейткіштер, топтық сигналдарды алыс ара-қашықтықтарға таратуды қамтамасыз етеді.

Аналогты көпарналы тарату жүйелерін қолдану, қалааралық және халықаралық байланыс желілерінің белсенді түрде дамуына ықпал етті. Қазақстан үшін, территория көлемін ескере отырып, тарату жүйелері пайдалану ауылдық байланыс желілерін құру үшін де өте қажет болды. Аналогты тарату жүйелерін өндіру және пайдаланымға беру процессінде бірқатар маңызды жетіспеушіліктер анықталды. Енді цифрлы тарату жүйелеріне ауысу басталды. Әзірше, қазақстандық ЖҚТфЖ алғашқыда орнатылған аналогты тарату жүйелерін пайдалану жалғасуда.

Көпарналы беру жүйесі (ары қарай беру жүйесі) N таратушылардан N қабылдаушыларға әртүрлі ақпаратты бір уақытта бір байланыс жолымен (электробайланыс сигналдарының таратылуының физикалық ортасы) жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығы.

http://ok-t.ru/studopedia/baza12/462702846432.files/image004.jpg

6. 2 сурет - КБЖ жалпыланған құрылымдық сұлбасы

Қазіргі заманға сай көпарналы беру жүйелер құрамына келесі желілік түйіндер кіреді(6. 3 сурет) : каналообразующее оборудование - арнақұрушы жабдықтауы (КОО), оборудования сопряжения - үлестіру жабдықтауы (ОС), оборудования линейного тракта - желілік тракт жабдықтауы (ОЛТ), унифицированного генераторного оборудования - генераторлық жабдықтау (УГО) және сервисного оборудования - сервис жабдықтауы (СО) . Нақты беру жүйелері үшін арнақұрушы жабдықтауы унифицирленген (стандартталған) болып табылады және берілген нормаларға сәйкес сипаттамаларымен типтік арналар құруға арналған.

http://ok-t.ru/studopedia/baza12/462702846432.files/image006.jpg

6. 3 сурет - КБЖ жабдықтауы

Желілік тракт жабдықтауында барлық арналардың сигналдары топтық немесе көпарналы сигнал түріне біріктірілген. Ол сигнал желілік деп аталады және параметрлері таратылу ортаның параметрлерімен үлестірілген.

Желілік тракт жабдықтауына шеткі станцияларда орнатылатын құрылғылар, байланыс жолдары мен аралық станцияларының жабдықтауы (күшейткіш немесе регенераторлық пункттер) жатады.

Үлестіру жабдықтауы әр беру жүйесі үшін арнайы болып табылады., арнақұрушы жабдықтауы мен желілік тракт жабдықтауы арасындағы үлестіруін қамтамасыз етеді.

Генераторлық жабдықтауы арналық сигналдарды құру үшін пайдаланатын электрлік сигналдарды және барлық беру жүйесінің сапалы жұмысын қамтамасыз ететін қосымша сигналдарды өңдеп шығарады.

Сервис жабдықтауы арналар мен беру жүйесінің жолдарына техникалық қызмет көрсету процесстерін автоматтандыруын қамтиды.

Беру жүйесінің ең қымбат және күрделі бөлігі арналық сигналдарын бөлудің әр түрлі әдістерін қамтамасыз ететін арнақұрушы жабдықтау болып табылады.

Беру жүйлеріндегі «бірлік» жылдамдығы - цифрлық сөйлесудің берілу жылдамдығы 64 кбит/с тең, негізгі цифрлық арна деп аталады. Кез келген цифрлы беру жүйесінің техникалық мүмкіндіктері осы стандартталған арна көмегімен ұйымдастырылған арналар санымен анықталады.

Бірінші цифрлы тарату жүйесінің (ЦТЖ) пайда болған күнін 1870 жыл деп есептеуге болады, яғни телеграфты хабарлармен алмасуға арналған аппараттың коммерциялық пайдаланымға берілген күні. Оның құрамына электромеханикалық регенераторлар кірген. Регенераторлаудың электромеханикалық принциптерінің телефонияда қолданылмағаны анық. Цифрлы тарату жүйелері телефонды байланыс үшін аналогты сигналдардың цифрлы сигналдарға түрлену жағдайының теориялық негізінде өңделген. Тәжірибеде импулсьті-кодалық модуляцияны (ИКМ) пайдаланушы ЦТЖ (ЦСП) қолданысқа ие болды. Бірінші ЦТЖ плезиохронды иерархияға жатады. Осы топтағы цифрлы тарату жүйелері ЖҚТфЖ барлық иерархияларында кеңінен қолданыла бастады. Отандық ҚТЖ басқаларынан да көбірек ортақ атаумен біріктірілген ИКМ-30 және ИКМ-120 жүйелері пайдаланылды. Қалааралық деңгейде әдетте, үлкен өткізу қабілеттілігі бар - ИКМ-480 ЦТЖ қолданылды. Ауылдық телефон желілерінде аз сыйымдылықты шоғырлар қолданылды. Сондықтан да, ИКМ-30 және ИКМ-120 типті стандартты ЦТЖ басқа, он бес негізгі цифрлы арналарды (НЦА-ОЦК) құрушы ЦТЖ орнатыла бастады. Бұл цифрлы тарату жүйелері ИКМ-15 деген атқа ие болды.

Цифрлы беру жүйелер иерархиясының ең төмен деңгейінде ИКМ-30 аппаратураы орналасқан. Оларды цифрлы ағын жылдамдығы жоғары емес (2 Мбит/с), АТС арасындағы қалалық және ауылдық байланыс кабельдер арқылы байланысты ұйымдаструға арналған.

Қалааралық симметриялық байланыс кабельдер бойымен берілетін ағын жылдамдығы 8 Мбит/с тең болған жағдайда әр жұбы бойынша төрт ИКМ-30 жүйесін орнатуға болады. Бұл жүйелердің бір уақыттағы жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың шығыс ағындарын біріктіру қажет. Бұл аппаратура - ИКМ-120 деп аталады (шығысындағы жылдамдығы 8, 448 Мбит/с) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосылу деңгейі
Оптикалық байланыс желілерді синхрондау
Кәбіл трассасын ескеріп желі топологиясын таңдау
Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар
Алматы облысы үшін CDMA 450 технологиясының негізінде радиорұқсатты қолданумен көпарналы телекоммуникациялық жүйені жобалау (Телекоммуникация.Радиоэлеклектроника)
Интеллектуалды желілер пәні бойынша дәрістер
SDH технологиясы негізіндегі синхронды цифрлық желілер
CDMA стандартты ұялы байланыс желісін талдау
СБЖ генераторындағы тактілі синхрондау принциптері
CDMA стандартындағы байланыс арнасының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz