Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде енуі және мобильді қосымшаларды қолдану


КІРІСПЕ

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн. Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Жоғарыда аталғандар зерттеу жұмысының міндеттері болып табылады.

Ақпараттық технологиялар маңызының мысалы ретінде ІТ-дің Франция индустриясындағы өсу ырғағын келтіруге болады. ХХІ ғасыр шебінде Интернетті пайдаланушылар қатары бес есе артқан болса, ақпараттық технологиялар саласындағы шағын кәсіпорындар саны күрт көбейіп (екі жылда 15 мың), бұл бағытқа құйылған қаржы 1997 жылдан бермен қарай 5 есе ұлғайған. Нәтижесінде ақпараттық технологиялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары бүгінде Франция ІЖӨ-сінің 5 пайызын құрап отыр. Бұл туризмнен түсетін табыспен бірдей деген сөз. Ал Франция Италия және АҚШ-пен бірге туристер ең көп баратын елдердің үштігіне кіреді. Бұдан да әсерлі деректі көлденең тартар болсақ, Францияның ақпараттық “индустриясынан” түсетін табыс энергетика мен автомобиль жасау салаларын қоса алғандағының алдын орайды.

Егер Интернет туралы дербес әңгіме қозғасақ, аталған сала өзінің қазіргі даму қарқынымен және әлеуетімен таңқалдырады. Интернеттің әлемдік кеңістікте табысты әрі аса жылдам дамуының мысалы ретінде “Google” және “Yahoo” іздеу жүйелерін келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Өйткені, аталған жүйелер Интернеттің жарнама таратудағы ерен мүмкіндігін көрсетеді. Мәселен, “Google” мен “Yahoo” 2004 жылы өздерінің жарнамалық қызметтерінен 6, 5 миллиард доллар табыс тапқан. Бұл 2003 жылғыдан 4 миллиард долларға көп. Бүгінде ақпаратты Интернет-БАҚ-тарға орналастырудан да пайда мол. Себебі, ол дәстүрлі жарнамалық жүктемелерге қарағанда анағұрлым мақсатты және бағдарлы сипатқа ие. Осындай әсерлі мысалдарды назарға ала отырып, еліміз ақпараттық технологиялар саласындағы екпінді жобаларға, атап айтқанда, бүгінгі күні әлемдік рынокта шын мәнінде бәсекеге қабілетті интернет-технологияларды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Қазақстанда республикалық ауқымдағы бірнеше провайдер - “Қазақтелеком”, “Nursat”, “ASTEL”, “KazTransCom”, “Транстелеком”, “Арна” (“Ducat”) және “Golden Telecom” қызмет көрсетсе, өңірлерде жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс істеуде. Домендер мен сайттардың саны да көңіл қуантарлықтай: қолымызда қазіргі бар деректің өзіне қарағанда, 2005 жылдың қазаны мен 2006 жылдың мамыры аралығында ғана олар 9 мыңнан 12 мыңға дейін көбейген. Елімізде Интернет желісін тұрақты пайдаланушылар қатары қарқынды өсіп келе жатқандығын төмендегі дерек айғақтай түседі: 1997 жыл - 41, 1 мың, 1998 жыл - 71, 4 мың, 1999 жыл - 93 мың, 2000 жыл - 117, 5 мың, 2000 жыл - 200 мың, 2001 жыл - 500 мың және… 2005 жылы 1 миллионнан астам адам! Интернетті пайдаланушылардың осындай ауқымды аудиториясының ішінде Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы қызықтыратын азаматтар саны айтарлықтай екені күмән туғызбайды.

WYSIWYG (ағылшын тілінде What You See Is What You Get, «нені көрсең, соны аласың») - қолданбалы бағдарламалар мен веб-интерфейстер сипаты болып саналады, онда контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент көрінісіне өте ұқсас болып келеді.

WYSIWYG технологиясы пайда болғанша күрделі форматтағы құжаттарды құру үшін белгілеу тілдерінің қызметін атқаратын бағдарламалар қолданылып келген. Бұл бағдарламаларда құжаттарды форматтау үшін соңғы шыққан суретте көрінбейтін арнайы тегтер қолдану керек еді. Тегтер мәтіндердің стилін (қою, курсив), шрифтің өзгеруін, мәтін орналасуын және сол сияқты істерді атқара алатын еді.

WYSIWYG қолданған алғашқы бағдарлама Bravo мәтіндік редактор болып есептеледі.

Bravo Xerox PARC компаниясында Alto компьютерлері үшін жасақталған. 1974 жылы бағдарламаны жасаған Батлер Лемпсон (Butler Lampson), Чарльз Симони (Charles Simonyi) және т. б. Bravo нарыққа шыққан, бірақ Xerox Star компьютерлерінің бағдарламалары осы редактордың тікелей жалғасы болып есептеледі.

Xerox PARC-тен тәуелсіз түрде Bravo-мен қатар 1978 жылдың соңында Hewlett Packard компаниясы WYSIWYG қолданған алғашқы коммерциялық бағдарламаны жарыққа шығарды. Бағдарламаның алғашқы шығуы Bruno деп аталып, HP 1000 миникомпьютерлерінде қолданылды.

Мəтіндік WYSIWYG-редакторлар тізімі

  • Microsoft Word (Microsoft Office пакетінен)
  • OpenOffice. org Writer (OpenOffice. org пакетінен)
  • AbiWord (GNOME Office пакетінен)
  • KWord (KOffice пакетінен)
  • Pages (iWork пакетінен) және т. б.

HTML кодының WYSIWYG-редакторлар тізімі

  • Adobe GoLive
  • Adobe (Macromedia) Dreamweaver
  • Namo Webeditor
  • Microsoft FrontPage
  • Microsoft SharePoint Designer
  • Microsoft Expression Web
  • Mozilla Composer
  • Quanta Plus
  • Kompozer (Nvu негізделген)
  • WYSIWYG Web Builder 5
  • Web Page Maker және т. б.

Визуалды және визуалсыз редакторлар. Сайт жасайтын бағдарламалар визуалды және визуалсыз редакторлар болып, екі категорияға бөлінеді.

Визуалды редакторлар (немесе WYSIWYG-редакторлар («What You See Is What You Get» - «Нені көрсең, соны аласың»)

Сайт құру бағдарламасы ретінде визуалды редакторларды қолдану өте ыңғайлы, себебі веб-бетте қалай тұрса, сол қалпында жұмыс жасайсыз. Қолданушы мәтінді өңдеп форматтайды, суреттерді, кестелерді HTML код арқылы Word-та оңай жаза салады. Бағдарламада қалай жазсаң, браузерде де сол көрініс пайда болады. Танымал визуалды редакторларға Dreamweaver, MS FrontPage және Netscape жатады.

Артықшылықтары :

  • қолдану оңай;
  • Html тілінде сауаттылық қажет емес.

Кемшіліктері :

  • код оңтайландырылмаған себепті файлдың өлшемі артып, бетті жүктеу жылдамдығы өседі;
  • беттің кодын өңдеу өте күрделі;
  • құжаттың түрлі браузерде қате орналасуы мүмкін.

Визуалсыз редакторлар. HTML қолмен код жазуға арналған, толық автоматтауға арналмаған, сондықтан қазіргі күнде визуалды редакторлардың ешқайсысы HTML кодты жүз пайыз өңдей алмайды, одан тысқары абсолютті дұрыс кодты шығармайды. Сондықтан әр бетті кейін қолмен редакторлап шығуға тура келеді, ал визуалсыз редакторлар белгілеу тілін қолмен өңдеп, бағдарламашы ешқандай конструкциясыз оңай өңдеуге болатын оңтайландырылған кодты жаза алады. Визуалсыз веб-редакторларды HTML-редакторлар деп атайды. Оларға мысал: AceHTML, 1st Page, HotDog, Arachnophilia және т. б.

Артықшылығы :

  • оңтайландырылған код;
  • гипермәтінді белгілеу тілдерінің барлық мүмкіндіктері қолданылады;
  • синтаксис, код пен сілтеменің дұрыстығын тексеру;
  • көптеген редакторлар тегін таратылады.

Кемшіліктері :

  • гипермәтінді белгілеу тілінде сауаттылық қажет.

Қазіргі кездетіркелген бұқаралық ақпарат құралдары өте көп. Олардың ұстанымдары да әрқилы өрбіп келеді. Курстық жұмыс қазіргі кезде үлкен мүмкіндіктерге ие Web дизайн бағдарламасында жасалған колледж сайтына арналған.

Зерттеу жұмысының тақырыбы Web Builder бағдарламасында колледжге арналған сайттың мобилді нұсқасын жасақтау болғандықтан, бұл жұмыста бұлтты және мобилді технологиялар, веб сайттардың дизайндық құрылымдары мен технологиялары, Web-сайттардың күрделі мүмкіндіктері қарастырылған.

Курстық жұмыстың мақсаты: Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде еніп жатқаны және мобильді қосымшаларды қолдану айтарлықтай тиімді екенін түсіндіру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Екі тарауда қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

I МОБИЛЬДІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУ

1. 1 Білім беру жүйесінде бұлтты технология

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан стратегиясы - 2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты» атты Жолдауында: «Бәсек еге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек », - деп белгіленген болатын. Елбасы оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады, ол үшін « . . . қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз», - деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысының қоғам алдына қойған мақсатына жету үшін шығармашыл, креативтік әлеуетке ие, «ақпараттық кеңістікте» ойлана алатын және жұмыс жасай алатын дайындалған кадрлар қажет [1] .

Smart-білім беру тұжырымдамасы - көптеген дереккөздердің болуын көздейтін икемділік, мультимедиялардың көптүрлілігі (аудио, бейне, графика), тыңдаушының деңгейі мен қажеттілігіне қарай тез әрі қарапайым түрде бейімделу қабілеттілігі. Сонымен қатар мекеме оқу үдерісінің икемділігін оңай қамтамасыз ете алған жағдайда Smart-білім беру оңай басқарылатын және ықпалдастырылған болуы керек, яғни сыртқы дереккөздерден үнемі қоректеніп отырады.

Smart-білім беру оқытушылар алдына жаңа мақсаттар қойды. Олар өздерінің кәсіби облыстарын жақсы меңгеріп қана қоймай көптеген ақпарат, білім, ресурстарды игеріп, білім алушылармен жұмыс барысында әр түрлі технологияларды пайдалануы керек болады. Сонымен қатар Smart-білім беру педагогтар үшін өздерінің тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісу, ғылыммен көбірек айналысу, тыңдаушының құзыреттілігі мен өзінің міндетіне қарай курсты дербестендіру, қолда бар контентті жетілдіре отырып уақытын үнемдеу сияқты көптеген жаңа мүмкіндіктер ашты [2] .

SMART-білім берудің әдіснамасы қандай, кәсіби іс-әрекетке SMART-білім беруді енгізу үшін педагогтарды қандай тәсілдермен және әдістермен дайындау керек.

АКТ-құзыреттілікті қалыптастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында пайдаланылатын жұмыстың неғұрлым тиімді формасын қарастырайық. Олардың бірі - бұлтты технологиялар деп аталатын, замануи ақпараттық технологиялар бойынша базалық білімін және білім беру тәжірибесіндегі желілік құралдарды пайдалану шеберлігін қалыптастыру(1 сурет) .

1 сурет. Бұлт моделі

Бұлтты сервистер немесе бұлтты сақтау орындары дегенді қандай да бір ұйымның жеке кеңістікті пайдаланушыға өзінің әр түрлі файлдарын сақтау үшін ұсынылатын қызмет түрі деп түсіну керек. Ол орналасу орны білім беру жүйесінің SMART-сервистары болатын құжаттар, медиафайлдар, фотосуреттер мұрағатымен қатар, тіпті пайдаланушыға қажетті кез келген файл болуы да мүмкін. Көптеген пайдаланушылар үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау үшін тегін сервисті жиі пайдаланады.

Мәліметтерді бұлтты сақтау орындары (ағылш. cloud storage) - негізінен үшінші тараппен клиентке пайдалану үшін ұсынылатын, мәліметтер бөлінген көптеген серверлер желісінде сақталатын онлайн-сақтау орындарының моделі. Өзіне берілген серверлерде мәліметтерді сақтау моделіне қарағанда аталған мақсаттар үшін арнайы немесе жалға алынған серверлердің көлемі немесе қандай да бір ішкі құрылымы клиентке жалпы алғанда көрінбейді. Мәліметтер клиенттің көзқарасымен қарағанда үлкен бір виртуалдық сервер ретінде ғана көрінетін бұлтта сақталады және өңделеді. Мұндай сервистер география тұрғысынан алғанда бір-бірінен алшақ орналасуы, тіпті әр түрлі континенттерде де болуы мүмкін.

АҚШ-та жүргізілген әлеуметтік сауалнама оған қатысқандардың 54%-ы бұлтты технологияларды ешқашан пайдаланбағандарына сенімді екендігін көрсетті. Шындығына келгенде жағдай мүлдем өзгеше - интернетті пайдаланушылардың 95%-ы өздері тіпті күдіктенбестен бұлтты технологияларды пайдаланады. Олар оны онлайн-видео, вебинарлар көргенде, онлайн-ойындар ойнағанда, iTunes арқылы әуен жүктегенде, Gmail-да пошта қарағанда немесе Facebook-қа кіргенде қолданады [3] .

Біз жұмыс жасау кезінде неғұрлым мықты әрі ресурс сыйымды бағдарламаларды пайдаланамыз, ол үшін әрине, мықты «темір» қажет. Біз мәліметтердің үлкен көлемімен жұмыс жасауға мәжбүр боламыз, және осы мәліметтерді бір жерде сақтау керек болады. Бірақ, ойланып қарасақ бұндай супер мықты бағдарламаны жиі пайдалана бермейміз, ол үшін мықты компьютер керек, мәліметтер терабайтын да күнделікті қолдана бермейміз.

Шамамен осындай логиканы 2006 жылы компьютерлік технологиялардың жаңа моделін ұсынған Google-дың бұрынғы басшысы Эрик Шмидт басшылыққа алған болатын. Ол алғаш рет «бұлт», «бұлтты технологиялар» терминін қолданысқа енгізді және осы кезден бастап ол ұсынған модель қарқынды түрде дами түсті.

Заманауи орталықтарда басты назар мәліметтерді өңдеу күрделі есептеу күштері мен диск кеңістігінің үлкен көлеміне шоғырланған. Бүгінгі таңда бағдарламалық қамтамасыз ету мен байланыс каналдары әр түрлі континенттерде орналасқан серверлерге біртұтас жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бар болғаны қолайлы қол жетімділік жүйесін жасау керек, сонда бұл күштің барлық ауқымын оған мұқтаж болғандардың барлығына ұсынуға мүмкін болады. Виртуалдандыру құралдары есептеу күшін кез-келген үйлесімде жекелеген пайдаланушыларға бөлуге мүмкіндік береді. Енді пайдаланушы web-сервис арқылы алыстағы есептеу ресурстарына қол жеткізе алады.

Корпоративтік секторда бұлтты технологиялардың бірнеше бағыттары жұмыс жасауда және қарқынды түрде даму үстінде [4] .

Бірінші, ең төменгі деңгей - бұл қызмет түрі ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын ұсыну (SaaS) . Тұтынушыға өзі жұмыс жасай алатын қымбат «софт» және қуатты жұмыс станциясын сатып алудың қажеті жоқ. Мамандардың үлкен штаты да қажет болмай қалады. Тұтынушы осы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану құқығын жалға алады да, өзі пайдаланған уақыттың ғана ақысын төлейді. Сонымен қатар ол планшет болсын, смартфон болсын интернетке қосылған кез-келген құралда жұмыс жасай алады. Өйткені барлық есептеулер провайдердің бұлтты жағында жасалады да пайдаланушы құрылғысына тек нәтиже ғана беріледі.

Келесі деңгей - бұл қызмет түрі ретінде платформаны ұсыну. Бұл жағдайда тұтынушы өзінің жобаларын әзірлейтін және өрістететін операциялық жүйені, мәліметтер базасын басқару жүйесін немесе әзірлеу және дұрыстау құралдарын иелігіне алады.

Және ең соңында тұтынушыға жоғары деңгейде ірі корпоративтік компьютер желісінің барлық инфрақұрылымы бұлтты нұсқада ұсынылады.

Бұлтты технологиялар қарапайым пайдаланушыларға функционалдық бойынша шамамен бірдей қызмет ұсынады: шағын бағдарламаны жүктеу және орнату, бұлтты сақтау орнына орналастырғыңыз келетін файлдарды сақтау үшін папка жасау. Ол үшін пайдаланушыға жергілікті компьютерде немесе «Бұлтта» орналасқан файлдар мен папкалардың синхрондау параметрлерін реттеу керек болады. «Бұлтта» сақталатындардың барлығы web-интерфейс арқылы кез келген құрылғыдан қол жетімді болады. Оған электронды пошта арқылы сәйкес сілтеме жіберу арқылы кез келген адам папкаға немесе файлға еркін түрде қол жеткізе алады.

Ең танымал бірнеше сақтау орындарын қарастыруды ұсынамын. «Mail бұлты» Mail пошта қызметімен және «Мой мир» әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. «Mail бұлтында» 25 ГБ тегін ұсынылады. «Mail бұлты» ең алдымен бізге тек дисктік кеңістік қана емес, сонымен қатар кеңсе құжаттарын браузер терезесінде қарастыруға және редакциялауға мүмкіндік беретін Docs кеңсе қосымшаларының пакетін ұсынатындығымен қызықты.

Google Drive Gmail пошта қызметімен және Google+ әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. Google Drive, Gmail және Google+ барлығы 15ГБ тегін ұсынады. Google Drive бізге ең алдымен бізге тек дисктік кеңістік қана емес, сонымен қатар кеңсе құжаттарын браузер терезесінде қарастыруға және редакциялауға мүмкіндік беретін Docs кеңсе қосымшаларының пакетін ұсынатындығымен қызықты.

Dropbox - бұл дербес файлдарды бұлтты сақтау орындары. 2 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады. Осы жүйеге қосылатын сіздің құрылғыңыз интернет желісіне қосылғанда автоматты түрде бұлтты сервермен синхронданатын арнайы папка жасалады. Бұл жүйенің ерекшелігі соңғы 30 күн ішіндегі барлық өзгерістердің тарихы сақталатындығында, ол файлды бастапқы жағдайына келтіруге немесе өшірілген файлды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

«Яндекс диск» 10 ГБ диск кеңістігін тегін ұсынады, ал одан кейінгі келесі 10 ГБ ақылы түрде болады. Яндекс диск Яндекс пошта қызметімен ықпалдасады, бұл осы аккаунттан «ауыр» жұмсалымдағы хаттарды жіберуге мүмкіндік береді - олар «Бұлтта» сақталатын болады. Оның фотосуреттер автоматты түрде жүктелетін опциясы бар (2-сурет) .

2-сурет. Бұлтты ресурстардың түрі

«Өмір бойы білім алу» жетекші принципін жүзеге асыру, ашық білім беру принципін енгізу және қашықтытан оқыту жүйесін оңтайландыру үшін біртұтас желілік білім банкін құру қажет

Қазіргі желілік білім базасының типтік кемшіліктері:

  • бейіндік пайдаланушы үшін шектеулі қол жетімділігі;
  • ақпараттық-білімділік шынайылық және кәсіби ортада пайдалану тиімсіздігі;
  • ресурстық мәліметтерді көшіруден болатын ақпараттардың үлкен көлемі [5] .

Бірыңғай білім беру ортасын құру үшін SMART-білім берудің жетекші құралы ретінде бұлтты технологияларды пайдалануға деген қажеттілік артады. Бұлтты платформа құруға деген қажеттілік әсіресе сыни ойлану мен меңгеру үшін қажетті болатын арнайы білім беру ақпаратының контентін қалыптастыру кезінде көрініс береді.

Бұлтты технологиялар білімге географиялық және әлеуметтік кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді, пайдаланушыларға білім беру, ғылыми ақпаратты неғұрлым мобильді және үнемді тәсілде жеткізеді.

Бұлтты ресурстарды пайдалану технологиялары мен әдістерін жетілдіру эксперименттік базаны күшейтуді, пайдалану тәжірибесі пен пікір алмасу қарқындылығын талап етеді.

Интернеттегі білім беру контенті - бұл электронды кітапханалар, журналдар, кітаптар, мәліметтер базасы немесе кез келген ақпарат көздері, және бүкіл әлемнің пайдаланушылары осы ақпаратты пайдалана алады.

Сервистік құрылымдар бұлтты технологияларды пайдаланумен туындаған тәсілдегі өзгерістерді көрсетеді. Білім алушылар бастапқы білім мен дағдыларды есепке ала отырып оқытудың жеке таректориясын құруға, сонымен қатар ортақ қызығушылықтар негізінде қоғамдастыққа бірігуге мүмкіндік алады. Олар ақпаратты жеке блоктарда, портфолиода, веб-сайттарда, виртуалды әлемдерде және т. б. орналастыра алады. Ол үшін әр пайдаланушыға өзідерінің білім беру мақсаттары мен қажеттіліктерін жүзеге асыру құралы ретінде қалыптасқан дербес оқу ртасы қажет - оны ұйымдастырудың тәсілі артықшылығы бойынша бұлтты SMART-сервистер.

«Google» және «Mail» сияқты web-компаниялардың ақысыз SMART-сервистерімен танысу мәліметтерді «Бұлтта» сақтауға, презентацияларды, құжаттарды, кесте формаларын, сауалнамаларды жасауға мүмкіндік береді. Аталған сервистер интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы файлдарға ортақ қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Дәл осы жерде файлдарды жасауға және редакциялауға мүмкіндік бар.

Бұлтты технологиялар деп сыртқы ресурстарды, ақпаратты сақтауға арналған орындарды пайдалануға мүмкіндік беретін технологияларды айтуға болады.

Шындығында, бұлтты технологиялар өздерінің сервистерінің арқасында қарапайым ақпаратты сақтаудан бастап, күрделі қауіпсіз АТ-инфрақұрылымдарды ұсынумен аяқталатын шексіз мүмкіндіктерді ұсынады. Соңғы пайдаланушыларға есептеу қауатын ұсынумен қатар бұлтты технологиялар «бұлтты» ретке келтіруге және қолдау көрсетуге қабілетті АТ-мамандар үшін жаңа жұмыс орындарын ұсынады.

Әрине, технологияның өзі айтарлықтай жас болуы себепті оларды өмірдің әр түрлі облыстарында пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу әлі күнге жалғасуда.

1. 2. Мобильді технологиялардың білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктері

Мобильді индустрияның жаһандық дамуын зерттеуші GSMA мәліметтері бойынша бүгінді таңда қолданыстағы мобильді құрылғылардың саны әлем халықтарының санынан әлдеқайда артық болып отыр. Мәселен, 2015 жылдың соңына қарай GSMA құралдары 7, 230 млрд. мобильді қосылуларды тіркеген болса, бұл кезде әлем халықтарының сандық көрсеткіші 7, 197 млрд. адамды құрады. Бұл статистикалық мәліметтерден мобильді технологиялар мен мобильді интернеттің әлемдік қауымдастықта қолжетімді және ең тиімді байланыс құралдары болып отырғанын байқаймыз. Осы жағдайда, қазіргі білім беру саласындағы «Оқуды қалай оқытуымыз керек?» деген сұраққа сәйкес өзекті «Халықтың қолындағы заманауи мобильді құрылғыларды қалай оқыту құралы ретінде тиімді қолдануға болады?» - деген мәселе туындайды.

Мобильді оқытудың тарихына көз жүгіртіп көрейік. Жиырмасыншы ғасырдың басында, яғни 2000-2001 жылдарда алғаш рет ағылшын тілді ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «мобильді оқыту» («m-learnng») туралы айтыла бастады. Уақыт өте келе, біздің еліміздің білім беру жүйесінде ақпараттандыру, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және электронды оқыту жүйесін жасау, енгізу бағдарламаларын іске асыру кезеңінде «мобильді оқыту» мәселесі талқыланып, тіпті жекелеген педагогтермен қолданысқа енгізіле бастады. Мобильді құрылғылардағы оқушыларға қызықты қолжетімді түрлі оқыту бағдарламалары мен қосымшалары және сенсорлық интерфейспен жабдықталған құрылғылар білім алудың қосымша көзіне айналды. Оқушылардың білім сапасын арттыруға және білім алу мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал ететін бұл құрылғыларды білім беру технологиясына айналдыру әлемдік педагогика саласының мәселесіне айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Java және Android бағдарламасында мобильді құрылғы құру
Мобильді қосымшаның бөлімдеріне сипаттама
Android платформасына арналған мобильді қосымшалар
Заманауи мобильді қосымшалар
Алматы энергетика және байланыс университетіне арналған мобильді қосымша құру
Мектеп оқушыларына информатиканы оқытуға арналған толықтырылған шынайылық элементтерін әзірлеу
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
Тілді меңгеру тәжірибесіндегі мобильді қосымшалардың топтастырылуы
Толықтырылған шынайылық технологияларын қолдану
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz