Интернетте программалау технологиясын, Web builder бағдарламасын зерттеу және негізгі әдістерін үйрене отырып, «Дүниетану» деп аталатын оқу-танымдық сайт жасақтау


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкесті өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес. Осындай әлемдік даму кезеңінде ғаламдық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті, сондай-ақ, интернет желісі ақпарат алу және алмасудың ең қол жетерлік құралы болып саналады.
Заман ағымына сай біліммен қаруланған, бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлау интернет технологиялардың жетістігімен тығыз байланыста. Интернет технологиялардың білім беру жүйесінде қолданылуы білім берудің дамуында жаңа тарихи кезеңнің есігін ашты. Қазіргі кезде акпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде «ашық» білім идеясын жүзеге асыру мақсатында жасалған онлайн интернет ресурстар белсенді дамуда.
Бұл курстық жұмыста Программалау тілдерінің кезеңдері, «Web builder», Интернет технологиялар туралы кең көлемде мәліметтер жинақталып, «Программалау тілдерінің кезеңдері» деп аталатын оқу-танымдық интернет жобасын жасау тәжірибесі туралы баяндалады. Бұл онлайн ресурс ақпараттық технологиялар саласы бойынша елімізде және алыс-жақын оқыту әдістемелерін негізге ала отырып жасалған.
Қазіргі кезде Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
- Web-технологиялар;
- Сайт жасау экономикасы;
- Web-дизайн және Web-программалау маркетингі.
Тақырыптың өзектілігі. Интернет технологиялар Интернет желісінің қарқынды дамуына байланысты онымен қатар дамуда. Қазіргі кезде Интернет әр түрлі салаларда әр түрлі мақсатта қолданылып келеді: электрондық почта, интернет арқылы сауда жасау және тауарларға тапсырыс беру, темір жол, әуе жолы билеттеріне тапсырыс беру, қашықтан оқыту жүйелерінде және т. б. салаларда кеңінен қолданылады.
Сондықтан да ұсынылып отырған курстық жұмыста зерттелініп отырған мәселе өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Курс жұмысының з ерттеу мақсаты - Интернетте программалау технологиясын, Web builder бағдарламасын зерттеу және негізгі әдістерін үйрене отырып, «Дүниетану» деп аталатын оқу-танымдық сайт жасақтау.
Курстық жұмыстың міндеттері :
- Қазіргі кезде қолданылатын интернет технологияларды зерттеу;
- Web- технологиясын зерттеу және басқару принциптерін үйрену;
- Web builder бағдарламасын зерттеу
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРНЕТ - ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1. 1 Интернет құрылымы және қызметі.
Интернет - біріктірілген желілер жүйесі, яғни желілердің желісі деген ұғымды білдіреді. Соңғы кездері оны Дүниежүзілік компьютерлік желі деп атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда Интернет бір-бірімен байланыс арналарымен біріктірілген бірнеше миллион компьютерлердің жиыны деп қарастыруға болады. Бірақ мұнан гөрі Интернетті белгілі бір информациялық кеңістік деп айтқан дұрысырақ болады.
Компьютер арқылы мәлімет тасымалдау тәжірибелері 1950 жылдары басталып, ол әуелгі кезде лабораториялық эксперимент түрінде қарастырылған еді. Содан оншақты жылдар өткен соң, АҚШ қорғаныс министрлігінің Перспективалық Жұмыстар Агенттігі (DARPA - Defense Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына байланысты ол ARPANET деп аталды. ARPANET желісі 1969 жылы жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының (түйіндерінің) қосылуына қарай кеңітіліп, 80 жылдарда ірілендірілген тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады. Интернеттің нақты дүниеге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланылып келе жатқан TCP/IP байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау алған күні болып табылады.
TCP хаттамасы. TCP(transfer control protocol) хаттамасына сәйкес жөнелтілетін мәліметтер шағын пакеттерге (дестелерге) бөлінеді де, олардың әрқайсысы белгілі бір тәртіппен таңбаланады. Бұлай таңбалау тәсілі мәліметтерді керекті компьютерге жеткізгеннен кейін қайтадан біріктіруге мүмкіндік береді.
IP хаттамасы. IP (Internet Protocol) адрестік хаттама болып табылады. Оған сәйкес Дүниежүзілік желіге қосылған әрбір компьютердің өзіндік ерекше адресі ( IP-адрес ) болуы тиіс. Осы адреске қарай TCP пакеттері керекті компьютерге тез жеткізіледі. Адрес нүктемен бөлінген төрт саннан тұрады. Соларға байланысты желі тораптары арасында қажетті байланыс орнатылады да, мәлімет “жақын” немесе “алыс” орналасқан бір компьютерге жөнелтіледі. Бұл тырнақшадағы сөздер ара қашықтықты емес, мәліметті жылдам жеткізуге болатын нүктелер мүмкіндігін көрсетеді. Қай компьютердің “жақын” немесе “алыс” екендігін арнайы құралдар - маршрутизаторлар анықтайды.
Интернетте қызмет түрлері (баптары) өте көп, олардың әрқайсысының өз хаттамасы болады. Олар қолданбалы хаттамалар деп аталады. Қолданбалы хаттамаларға сәйкес мәлімет алмасу арнайы клиенттік программалар (немесе жай клиент ) арқылы орындалады.
Терминальдық режим. Интернетті алдыңғы кезде алыстағы компьютерді басқару үшін қолданған болатын, мұны Telnet қызмет бабы деп атаған еді. Алыстағы компьютерге осы жұмысқа сәйкес хаттама арқылы қосылып, оның жұмысын басқаруға болады. Мұндай басқару түрін консольды немесе терминальды басқару деп те атайды. Көбінесе Telnet қызмет бабы техникалық объектілерді алыстан басқару мақсатында қолданылады.
Электрондық пошта (E-Mail) . Бұл жұмыспен Интернетте арнайы пошта серверлері айналысады . Сервер рөлін компьютер немесе арнайы программалық жабдықтама атқарады. Пошта серверлері әр тұтынушыдан (клиенттерден) мәлімет алып, оларды адрестеріне сәйкес алушыларға жақын орналасқан пошта серверлеріне жөнелтеді. Сондай серверлерде хаттар жиналып тұрады да, адресат пен сервер байланысқан кезде хаттар оны алушыға жіберіледі.
Пошта қызметі SMTP және POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәліметті компьютерден жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал екіншісі - алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.
Тарату тізімдері (Mail List) . Әдетте электрондық пошта екі компьютер арасында мәлімет тасымалдайды. Ал көптеген мәліметтер бір адамға емес, көпшілікке арналады, олар алдын ала жазылған тізім бойынша таратылады. Мұндай тізімдер серверлерде жиналып тұрады, сол серверлерге арнайы тақырыптық мәліметтер де тұрақты түрде келіп түседі, сонан соң олар жазылған тізім бойынша газет-журналдар тәрізді таратылады.
Телеконференция қызметі (Usenet) . Телеконференция қызметі келіп түскен мәліметті осы тақырыптағы конференцияға қатысушылардың бәріне, яғни белгілі бір топқа жөнелтеді. Мұндай топтар жаңалықтар тобы деп те аталады.
Көптеген мамандар өз мамандықтарына қатысты тақырыптар аймағында өтіп жатқан телеконференциялар мәліметтерін тұрақты түрде қарап отырады. Мәліметтерді осындай тәсілмен шолып өту информация мониторингі деп те аталады. .
Кейбір топтарда конференция тақырыбына келіп түскен мәліметтерді алдын ала қарап шығып сұрыптау ісі жүргізіледі. Тақырыпқа сәйкес келмейтіндері (көбінесе жарнамалар) алып тасталынады. Мұндай конференциялар модельденетін топтарға жатады. Модельдеуді жүргізуші модератор рөлін адам немесе алдын ала белгіленген өзекті сөздерге байланысты мәліметті сұрыптаудан өткізетін программа да атқара алады. Егер программа қолданылса, онда автоматты модерация жүргізілді деп айтылады.
Домен аттары қызметі (DNS) . Адамдарға санмен берілген IP-адрестермен жұмыс істеген ыңғайсыздау болады, бірақ көбінесе белгілі бір мағынасы бар домендік ат жеңіл есте қалады. Сондықтан домендік аттарды соларға сәйкес IP-адрестерге түрлендіру керек болады. Міне, осы жұмыспен домен аттары қызметінің сервері DNS (Domen Name System) айналысады.
Файлдарды тасымалдау қызметі (FTР) . Файлдарды тасымалдау жұмысы желі арқылы программалық файлдарды алу кезінде, көлемді құжаттарды немесе солардың сығылған архивтік файлдарын тасымалдауда жиі қажет болады. FTP қызметінің дүниежүзілік желіде өз серверлері бар, оларда мәліметтер архиві орналасқан.
IRC қызметі. IRC ( Internet Relay Chat ) қызметі нақты уақыт кезеңінде бірнеше кісі тікелей әңгімелесіп қарым-қатынас жасауы үшін қажет. Кейде IRC қызметін чат-конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесінде қатынасып сөйлесу тек бір канал аралығында және бұл жұмысқа бірнеше адам ғана қатынасады.
ICQ қызметі. Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылып отырған кісінің желілік IP-адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, жеке идентификациялық нөмір UIN алу қажет.
Интернетке әрбір қосылған сайын сіздің компьютеріңізде тұрған ICQ программасы сіздің ағымдағы IP-адресіңізді анықтап, оны қызмет орталығына жібереді де және ол адресті сіздің әріптестеріңізге жібереді. Байланыс орнатылғаннан кейін ары қарай қатынасу IRC қызметі сияқты жалғаса береді.
Интернетке қосылу. Интернетте жұмыс істеу үшін:
- компьютерді Дүнижүзілік желінің бір торабына физикалық түрде қосу керек;
- тұрақты немесе уақытша негіздеIP- адрес алу керек;
- өзіңіз жұмыс істейтін Интернет қызмет түрлерінің клиенттік программаларын орнатып, олардың параметрлерін де тағайындап қою қажет.
Кез келген адамға Интернетте қызмет көрсету істерін жүзеге асыратын, яғни онымен тікелей қатынас құру жұмыстарын атқаратын заңды тұлғаны (мекеме немесе жеке тұлға) провайдер - provider деп атайды. Интернетте жұмыс істеу үшін алдымен провайдер компьютеріне қосылу керек. Ол үшін Желімен алыстан қатынасу (Удаленный доступ к сети) программасының параметрлерін алдын - ала Менің компьютерім - Желімен алыстан қатынасу - Жаңадан байланысу (Мой компьютер>Удаленный доступ к сети>Новое соединение) командалары арқылы тағайындап алу қажет.
Интернеттен ақпарат алу. Интернет серверлеріндегі қол жеткізуге болатын құжаттардың көпшілігі гипермәтіндік форматта жазылған. Осындай құжаттарды желі бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын Интернеттегі қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW) деп атайды. WWW құжаттары бір орталықтан басқарылмайды, олар келіп түсіп жатқан мәліметтермен күнбе-күн толықтырылып отырылады. Мұндағы барлық құжаттар Интернетке тұрақты қосылып тұрған қуатты компьютерлерде - Web-серверлерде сақталады.
1. 2 WEB - сайттар туралы түсінік және олардың құрылымы
Web - сайт немесе қарапайым сайт (ағылшынша website, web - өрмек, “веб” және site-“орын”) - бұл интернетте HTTP/HTTPS протоколдары арқылы қолжетімді Web - парақтардың жиынтығы, барлық Web - сайттардың жиынтығы Бүкіләлемдік өрмек болып табылады. Web-сайттың барлық парақтары жалпы түпкі адрестермен, сонымен бірге логикалық құрылымымен, безендірілуімен немесе авторлығымен біріктіріледі.
Web - сайттың алғашқы түсінігі желінің физикалық түсінігімен - хостпен, сервермен (түйінмен) араласқан. Бірақ Интернет өсімімен және сервердің технологиялық жақсартылумен бір компьютерде көптеген сайттарды және домендерді орналастыру мүмкін болды.
Дүние жүзінде алғашқы Web-сайт 1991 жылы 6 тамызда пайда болды. Оны құрушы Тим Бернерс - Ли (Tim Burners Lee) World Wide Web (WWW) жаңа технологиясын жариялады. Ол URL адресация жүйесінде және HTTP мәліметтерді жіберу протоколына негізделген. Ол HTML гипрмәтіндік тілінде жазылған. Сонымен қатар ол сайтта Web-сервер мен Web-браузерлердің жұмысын және қондырылу принципін сипаттаған. Кейінірек Тим Бернерс - Ли сайтқа, басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырғандықтан, бұл сайт алғашқы Интернет - каталог болды.
Бернерс - Ли бірінші сайт жұмысына қажетті барлық құралдарды ертерек дайындап қойған. 1990 жылдың аяғында алғашқы гипермәтіндік Web - браузер World Wide Web, NeXTcube базасында алғашқы Web - сервер және алғашқы Web - парақтар пайда болған.
Web - тің негізін салушы гипермәтін желідегі мәліметтер алмасу негізінде жұмыс жасайды деп есептеді және ол оны жүзеге асырды. 1980 жылы Тим Бернерс - Ли кездейсоқ ассоциациялардың мәліметтерін сақтау үшін қолданылатын Enquire гипермәтіндік прораммалық қамтамасыздандыруды құрды. Содан соң Женевада (CERN) Еуропалық орталық ядролық зерттеуде жұмыс жасап, ол гиперсілтемелермен өзара байланысты гипермәтіндік құжаттарды жұмысшыларына баспа бетіне шығаруды ұсынды. Бернерс - Ли Интернеттің жаңалық ресурстарына құжаттарға және ішкі іздеушілерге гипермәтіннің қолжетімділік мүмкіндігін демонстрациялайды. Нәтижесінде ол 1991 жылдың мамыр айында CERN-де WWW стандартын бекітті.
Тим Бернерс -Ли HTTP, URI/UPL және HTML - Web технологиясының негізін салушы болып табылады. Дегенмен оның теориялық негізі бұрыннан бар болатын.
XX ғасырдың 40-жылдары Ванневар Буш оны тез табу үшін адамның жинақтаған ақпараттарын индексациялау және техникалық құрылғылардың көмегімен адамның есте сақтау қабілетін кеңейту идеясын қозғады.
Теодор Нельсон және Даг Энгельбарт гипермәтін технологиясын - оқырманға оқудың әр түрлі нұсқаларын ұсынатын тармақталған текст. Xanadu Нельсонның аяқталмаған гипермәтіндік жүйесі “терезе” және өзара байланыстар кірістірілген текстті іздеу және сақтау үшін арналған. Нельсон адамзат құрған барлық тексттерді қиылысатын сілтемелермен байланыстыруды армандады.
Қазіргі уақытта Тим Бернерс - Ли Интернет стандарттарын енгізумен, өңдеумен айналысатын бүкіләлемдік өрмектің консорциумын (World Wide Web Consortium) басқарады.
WEB - сайттардың құрылысы. Web-сайттар парағы - бұл HTML немесе XHTML тіліндегі мәтінмен берілген файлдар. Бұл файлдар болашақта қолданушымен оның компьютерінде жүктелген, шолушы - программасымен өңделген, браузер деп аталатын файлдар және қолданушының көрініс құралдарына шығарылады (монитор, КПК экраны, принтер немесе сөз синтезаторы) . HTML/XHTML тілі мәтінді форматтауға, ондағы функционалдық элементтерді айыруға, гипрмәтіндік сілтемелерді (гиперсілтеме) құруға және көрініс парағына суретті, дыбыстық жазбаны және басқа мультимедиалық элементтерді қоюға мүмкіндік береді.
Көрініс парақтарын оған CSS тіліндегі кестелер стилін немесе JavaScript тіліндегі сценарийді қосу арқылы өзгертуге болады.
Web - сайттар парақтары жай статикалық файлдар топтамасы бола алады немесе Web - сайт қозғаушысы деп аталатын сервердегі арнаулы компьютерлік программадан құралады. Қозғаушы не бөлек Web - сайтқа жасалған сұраныс ретінде, Web-сайттар класының қайсысына болса да есептелген дайын өнім ретінде бола алады. Қозғаушының кейбірі Web -сайттың иесіне Web-сайттағы ақпарат шешімін алуына және құрылымын реттеуге мүмкіндік береді, мұны басқару мазмұнының жүйесі деп атайды. Жұмыс жасайтын біртұтас ақпараттық ресурс ретіндегі Web - сайттарды әзірлеу - түрлі мамандықтың еңбегін қамтитын құрамды процесс. Web - сайт құру қызметі туралы жалпы термин - “веб-өңдеу”. Көптеген Web - сайттар маңызды ресурс болып табылады.
Web - сайтқа төнетін ең көп тараған қауіптер:
- қастандық ойлаушылардың санкцияланбаған өзгертулері;
- сайтты көшіріп алу (сайттың мазмұны және дизайны көшіріліп алынған болуы мүмкін немесе қолданушының бұл сайтының паролі ұрланып алынуы мүмкін) .
Қазіргі кезде web-қосымшаларды (сайт) құруға қолданылатын бірнеше технологиялар бар: HTML, PHP, PERL, ASP. NET, Silverlight және т. б. Бұл технологиялардың әрқайсысы белгілі бір мақсатқа байланысты құрылған. Жалпы алғанда web-қосымшаның жұмысы көрсетілген(сурет 1) . Бұл жүйе екі объектіден тұрады: web-браузер және web-сервер.
Олардың арасында байланыс каналы болуы керек. Web-браузер (Internet Explorer, Opera, т. б) web-серверге сұраныс жібереді, web-сервер оған кері қарай жауап қайтарады. Мысалы, біз почтамызға кіру үшін Internet Explorer немесе Opera браузерінен http://www. mail. ru URL-адресін жазу арқылы mail. ru-дың серверіне сұраныс жібереміз. web-сервер сұранысты қабылдап, бізге жауап жібереді, яғни біздің клиенттік машинадағы браузерімізге web-парақты жүктейді. Сөйтіп, 1-суреттегі жүйе бойынша жұмыс істейміз.
Клиенттер компьютерлік сауаттылығынан басқа, білімділігімен де ерекшеленеді. Бұдан шығатыны, Web-сайт қарапайым болуы қажет, яғни:
- Қарапайымдылық. Әр беттегі анимациялардың, жарнамалардың, т. б көптігі пайдаланушыны шатастырып жіберуі мүмкін.
- Мәтіннің анықтылығы. Таңқаларлықтай қаріптерді қолданып қажеті жоқ. Мәтін өте кішкентай болмауы және экран типімен байланысты оның өлшемін ескерілуі керек.
- Тапсырыс құру процесінің оңайылығы.
- Пайдаланушының шатасып кетпеуін қадағалау. Беттерді бағдарлармен және сыбыр сөздермен толтыру (қолданушы өз тұрған жерін білетіндей) .
- Клиент пайдалана алатын сілтемелерді әр түрлі түспен ерекшелеу.
Стильді Web - сайт тар - барлық Web - сайтқа ерекше қатысты сіздің әрбір парағыңыз. Бағдарлауға жеңіл болған жағдайда ақпаратты іздеу, адасу қаупін тудырады және сіз уақытыңызды жоғалтасыз. Сіздің парағыңыз бір минут ішінде жүктеледі. Web - сайттың стильділігі бірнеше әдістермен жүзеге асады. Web - сайттың стилін құруға қатысатын элементтерді ерекше атап өтуге болады:
- шрифт - баспаға даярлағанда ол бірдейлік сипатта- гарнитура (сызбасы), кегль (биіктігі), түсі және тағы басқалар сияқты болу керек;
- абзац - мүмкіндігіне қарай, парақтағы қандай да бір түзету, мысалы, сол жақ шеттен бір саты түсу және сол жаққа түзету;
- Web - сайттың түстер сызбасы - мәтінді бастағанда сілтеме және қаралған сілтемелерде қолданылатын парақтың үш түсін таңдаудан басталады. Бұл барлық параметрлер <body> тегінде көрсетіледі. Мысалы, <body bgcolor= “#669900” text= “#” link= “#” alink= “#”>
Түстер сызбасы баспаның барлық парақтарында қайталануға тиісті, бұл қатынасушыда Web - сайттың байланыстылығын сезінуді тудырады. Түстер сілтемесін былайша таңдауға тырысыңыз: бір жағынан оқырман мұның сілтеме екендігін көрсін; екіншіден, ол оның негізгі мәтінді оқуына кедергі жасамасын. Сілтеме бойынша екі пайдалы ескерту бар:
- түстер сілтемесі мен қаралған сілтемелер бірдей болмас үшін түсті қаралған сілтемеден қоюырақ етіңіз;
- Web - тегі асты сызылған мәтін сілтемені көрсетіп тұрса, асты сызылған мәтінді баспаға шығарыңыз, оны бөліп көрсетудің басқа әдістерін қолданыңыз;
Сайтқа графикалық безендіру жасау. Біріншіден, ол жалпы түстер сызбасына орналастырылуы керек. Екіншіден, сіз графикалық безендірудің жалпы концепциясын ойластыруыңыз керек. Барлық графикалық элементтерді екі класқа бөлуге болады: салынған және фотореалистік.
Безендіру кезінде екеуін шатастырып алуға болмайды. Егер сіз иллюстрация есебінде фотосуретті қолдансаңыз, онда оны қолданбас бұрын тондық және түстік коррекция, кадрлау жасаңыз. Сонымен бірге фотосурет өлшемінің үлгісін таңдап алыңыз және фотосуреттің шеттерін өңдеудің қандай да бір әдістерін табыңыз. Содан соң барлық параққа ұсынылатын мәтіндеріңізді безендіресіз.
Сайт бойынша навигация. Бұл сіздің сайтыңыздың дебріне қолданушының шатасуына мүмкіндік бермейді. Әр уақытта қолданушының сіздің сайтыңыздың алғашқы бетіне көшуіне мүмкіндік жасаңыз, сонымен қатар көптеген адамдардың сіздің парағыңызға іздестіру жүйесі арқылы (алғашқы бетіне емес) түсе алатынын ұмытпаңыз және жақсы құрастырылған сайт оқырманның осы сайттың алғашқы бетіне көшуіне мүмкіндік беруі керек; навигациялық жүйені барлық параққа орналастырыңыз немесе ең болмағанда олар негізгі параққа көше алатындай болуы керек. Егер сіз графикалық құралдармен навигациялық панель жасасаңыз, онда міндетті түрде оның мәтіндік көшірмесін жасаңыз және төменге орналастырыңыз (мәтін кез келген жағдайда графикаға қарағанда тез жүктеледі) .
WEB - сайттарды өңдеудің әдістері және негізгі кезеңдері
Алдын - ала жүргізілетін келіссөздер мен қосымша кеңестер - сайтты әзірлеудің барлық жобасының бастамасы. Келіссөзде біз сіздің Интернеттегі мақсатыңыз бен міндеттеріңізді анықтаймыз және имидждік әрі жарнамалық саясатыңыз бар сіздің компанияңыздың жұмысы мен қызметінің спецификасын, аудиторияның мақсаттылық ерекшеліктері мен бәсекелестерімен арадағы жағдайды анықтайды. Келіссөздердің өткізілу технологиясы біздің клиенттердің сұраққа қалай жауап беруге тиістімін деп мазасыздануын тудырмайды. Web-сайттың мүмкін қызметтері мен технологиялары бойынша берілетін жан - жақты қосымша кеңестер әр түрлі шешімдердің кемшіліктері мен жетістіктерін ажырата алуға мүмкіндік береді. Web-сайттың дизайн концепцияларын құру бойынша берілетін қосымша кеңестер безендіру талаптарын нақты орындауға көмек береді.
Мерзімі: 1-7 күн аралығы
Жауапты: клиент бойынша менеджер
Жұмысты жүргізу жоспары мен техникалық тапсырмаларын құру - Web-сайт үшін ең қажетті материалды жинау, дизайн концепциясын құру болып табылады. Сонымен қатар ол домендер аттарының саясатын құру және хост-провайдер мен ең қажетті хостингтің жоспарын таңдау болып саналады.
Мерзімі: 2-14 күн аралығы
Құны: 300- 2000 рубль
Жауапты: клиент бойынша менеджер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz