Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын оқушылардың математикалық білім сапасын жақсартуда пайдалану


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Кафедра : Математика және МОӘ
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын
оқушылардың математикалық білім сапасын жақсартуда пайдалану»
Топ: М-12-1
Курс: IV
Орындаған: Рай Гаухар Әсетілдәқызы
Жетекші: ф. -м. ғ. к., доцент Мүсілімов Б. М.
ТАРАЗ-2016
Мазмұны
Кіріспе.
1 Компьютер көмегімен есепті шығару технологиясы және оны
пайдалануға оқушыларды дайындау
1. 1 Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
1. 2 Білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың
оқушылар үшін маңыздылығы
1. 3 Компьютер көмегімен есепті шығару технологиясы туралы . . .
1. 4 Компьютер көмегімен математикалық есептерді шығару
технологиясын оқушыларға меңгерту. . …… . . .
1. 1 Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын
арттырудың тиімді жолдары . . .
1. 5. Есептің қойылу кезеңі- математикалық білімді тереңдетудің
алғышарты . . .
1. 6. Есепті шешудің тиімді әдісін (немесе тәсілін, жолын) таңдау -
математикалық білімді сенімді бекіту мүмкіндігі . . .
1. 7. Есеп шығару программасын жазу және ЭВМ-де нәтиже
алу - математикалық қолданбалық принципін толық іске асыру… . . .
2 Компьютер көмегінен есеп шығару технологиясын оқушының
шығармашылық тұрғыда жұмыс істей білу дағдысын
қалыптастыруда пайдалану
2. 1 Компьютер көмегінен есеп шығару технологиясын іске асыру
барысындағы талдаулар жүргізу ерекшелігін математикалық білімді
сенімді бекітуде және тереңдетуде пайдалану . . .
2. 2. Анализ бастамаларын оқытуда (10-11 сынып) оқушыларды
компьютер көмегінен есеп шығару технологиясына машықтау……… . . .
2. 3. Математиканың қолданбалылық принципін дәлелдетуде
пайдалануға болатын есептер топтамасы . . . ………. .
2. 3. 1. Цилиндр туралы есеп
2. 3. 2. Жауын-шашын туралы есеп. . ……
2. 3. 3. Кез келген a, b, c- лар үшін квадрат теңдеуді шешу есебі . . .
2. 3. 4. Туынды және анықталған интегралдың геометриялық ……….
және физикалық мағыналары . . .
2. 3. 5. Екі өлшемді массив (min, max, K, L) есептеулеріне мысал . . .
Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Дәйектеме
Дипломдық жұмыста компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын іске асыру барысында жүргізілетін талдаулар және оларды жүргізудің әртүрлі тәсілдерін оқушылардың математикалық білім сапасын жақсартуда және танымдық деңгейін дамытуда пайдаланудың әдістемелік мәселелері қарастырылады.
Аннотация
В дипломной работе рассматриваются методические проблемы использования особенности выполняемых выкладок и вычислений в соответствии технологии решения задач с помощью компьютера для улучшения качества математических знаний и развития позновательного уровня учащихся
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі
. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары, қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары, компьютерлік оқыту технологиялары және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 - бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі Математика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында математика пәнін оқытудың сапасын арттыру қажет. Математика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамытуға өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында компьютерлік технологиялардың тиімді түрлерін кеңінен қолданғаны дұрыс.
Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.
Зерттеудің мақсаты
: математикалық білімді және біліктілікті сенімді бекітуде, толықтыруда, тереңдетуде және дамытуда (жалпы математикалық білім сапасын жақсартуда) компьютер көмегімен есеп шығару технологиясының дайындық кезеңдерін сабақ үстінде тиімді қосымша әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болатындығын практикалық есептерді шешуде жүргізілетін талдаулар көмегімен көрсету және негіздеу болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу;
- жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;
- оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын математика пәнін оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақтау.
Зерттеудің нысаны : Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын математикалық білім сапасын жақсартуға байланысты пайдалану мәселелері, компьютер және компьютерлік технология.
Зерттеудің пәні : Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, оқушылардың математикалық білім және біліктілігін арттыру, математиканың қолданбалылық принициптерін іске асыру мәселелерін қарастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
:
- білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздері зерделенді;
- жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктері айқындалды;
- оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын матемтика пәнін оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесі жасақталды;
- математика сабағында компьютерді тиімді пайдаланудың тәсілі ұсынылады.
Жұмыстың құрылымы және оның мазмұны
: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың оқушылар үшін маңыздылығы, түсініктері және компьютер көмегімен есепті шешуге дайындау және шешу технологиясы туралы, жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары айтылған. Екінші тарауда компьютер көмегімен математикалық есептерді шешуге дайындау технологиясы ерекшеліктерін математикалық білім сапасын жақсарту бағытында жүргізуге болатын шығармашылық жұмыстарға мысалдар және үлгілер, анализ бастамаларын оқытуда (10-11 сынып) оқушыларды компьютер көмегінен есеп шығару технологиясына машықтау, есептерді шешуге талдаулар жүргізу үлгілері, жаттығулар жүргізуге арналған кейбір есептер және сол есептердің біразына алгоритм және программа түріндегі жауаптары нұсқалары келтірілген.
Зерттеу болжамы: Нақты тақырыптарды оқып-үйрену және ондағы есептерді шығаруды талдау барысында көптеген өзіндік жұмыстар орындауға арналған қосымша тапсырмалар және сұрақтар ұсыну идеясы. Мұндай өзіндік жұмыстардың, тапсырмалардың және сұрақтардың негізгі мақсаты - жаңа материалды, идеяларды және тәсілдерді оқып-үйренуде оның ізін суытпай тұрып бірден оқушы бойында бекітуді іске асыру және оның танымдық деңгейін кеңейту болып табылады.
Математиканың қолданбалылық принциптерін іске асыру мәселелерін қарастыру, үлгілер ұсыну.
Дипломдық жұмысты орындау барысында автор көптеген математикалық әдебиеттер және ғылыми-әдістемелік журналдар (Математика, Информатика негіздері, Математика в школе, Информатика и образование, Квант, т. б. ) беттерінде берілген осы бағыттағы көптеген ғылыми және ғылыми-әдістемелік материалдарға сараптаулар жүргізді.
Дипломдық жұмыстың соңында қорытынды, пайдаланылған негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі келтірілген.
1 Компьютер көмегімен есепті шығару технологиясы және оны
пайдалануға оқушыларды дайындау
1. 1. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім жетілдіру курстарында оқытылып отырады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарын Кембридж университетінің білім берудегі тәсілдерін үш деңгейлі курс арқылы жалпай оқыту қолға алынған. Осы оқу жылының сәуір айында үш айлық үшінші деңгейдегі оқыту басталып маусым айында аяқталған болатын. Курс екі тілде оқытылып әр облыстарда және Астана қаласы бойынша арнайы дайындалған тренерлер дәрістер жүргізді. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру - жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.
2.
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау -одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4.
Оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.
7.
Білім беруді басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.
Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады.
1. 2 Білім берудегі жаңа технологияларды қолданудың
оқушылар үшін маңыздылығы
Жас ұрпақ-ел тірегі ертеніміздің кепілі. Әрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын отан сүйгіштікке, ақыл-ойын жан-жақты дамытуға, ұмтылуға тәрбиелеу. «Қыран-түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсатүйрете жүріп, үйрену.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқтыуәдістемесін өзгертеді. Менің математика пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Математика - оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл мақсатқа жету үшін жаңа технологияларды сабақ беру процесіне енгізу болдып отыр.
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады.
Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Осыған орай 3-4 сыныптарға арналған «Математика сырлары»« атты бейінді оқытуға арналған бағдарламамда жаңа тақырыпты түсіндіру барысында электрондық оқулықтағы мысалдарды көрсете отырып түсіндіремін интерактивті тақтаның көмегі арқылы тест тапсырмаларының жауаптарын тексеруге болады.
Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. . Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз - білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп көрсетілген . Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.
Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.
. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты тұлғаға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болып отыр. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
- вариативтiлiк - әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
- болашаққа негiзделген -күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
- рефлексивтi-креативтi - жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
- эргономикалық - нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;
- iзгiлiктiлiк - бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
- тәжiрибеге бағытталған - оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану ой-пікірі жүзеге асырылады және нақытылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық үдерістерінің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
- жекелеген кеңес беру - тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады.
Білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа технологияны жоспарлы түрде енгізіп, жүйелік интегралды өткізу немесе қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі замандағы технология әрбір тұлғаның білім алу үдерісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы жаңа технология мен әрбір тұлғаның өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үдерісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде тұлғаның оқу үдерісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz