Жамбыл облысының табиғи-климат жағдайы



І Кіріспе
1 Жамбыл облысының табиғи.климат жағдайы
1.1 Жоңышқа дақылдарын өсіру технологиясы
ІІ Негізгі бөлім
2 Жоңышқа дақылдарының зиянкестері
2.1 Зиянкестермен күресу шаралары
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жоңышқа (Medicago) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді шашақ. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”, т.б. Жоңышқа – ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері – жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т.б.; аурулары – ақұнтақ, тат кеселі. Ол бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы Trifolium, “үшжапырақ“ дегенді білдіреді. 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады. Жаз бойы гүлдейді. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады.
1. «Энтомология» Тілменбаев Ә.Т., Жармухамедова Ғ.Ә., Алматы, Қайнар 1994 жылы
2. Справочник по защите растений / Под ред.академиков НАН РК Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. Алматы 2004,320с.
3. Интернет желісі
4. «Көп жылдық шөп зиянкестері» С. Тайбеков. Алматы , Қайнар 1979 жылы
5. « Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» Қ.Жаңабаев, Т.Саудабаев, И.Сейітов , Алматы, Қайнар 1982 жылы

Жоспары
І Кіріспе
1 Жамбыл облысының табиғи-климат жағдайы
1.1 Жоңышқа дақылдарын өсіру технологиясы
ІІ Негізгі бөлім
2 Жоңышқа дақылдарының зиянкестері
2.1 Зиянкестермен күресу шаралары
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

І Кіріспе
Жоңышқа (Medicago) - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 - 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры - көп гүлді шашақ. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа - республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған Жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, "Дархан 90", т.б. Жоңышқа - ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері - жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т.б.; аурулары - ақұнтақ, тат кеселі. Ол бір және көпжылдық шөптесін өсімдік. Латынша атауы Trifolium, "үшжапырақ" дегенді білдіреді. 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады. Жаз бойы гүлдейді. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады.

1 Жамбыл облысының табиғи-климат жағдайы. Облыстың табиғаты температураның құбылмалылығы, жауын-шашынның әр жылы әр территорияға әр түрлі түсетіндігі, ауаның құрғақтығы, қатты буланғыштығы, күн шуағының молдығымен сипатталады.
Облыстың оңтүстік таулы аймағының ауа-райы жұмсақтау келеді, қысы онша қатты емес. Ылғал да біршама жақсы түседі.
Облыстағы ауаның жылдық орташа температурасы 6,5 және 10,5 градус аралығында ауытқып тұрады. Ал Солтүстік және таулы аудандарда 6,5-8 градус , орталық аудандарда 9-10 градус шамасында болады.
Ең суық ай - январьдағы ауаның орташа температурасы оңтүстік аудандарда минус 5-9, солтүстік аудандарда 12-14 градус. Ал жылдың суық кезеңіндегі ауаның орташа температурасы 3-4 және 7-8 градус суықтық аралығында. Кей жылдары аяз 42-47 градусқа дейін жетеді. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы тау және тау бөктерлерінде 21-22 градус, ал Бетпақдалада тіпті 26-27 градусқа дейін көтеріледі. Жылдың жылы кезеңіндегі орташа ауа температурасы таулы аудандар мен облыстың солтүстігінде 15-17 градус, орталық аудандарда 18-19 градус. Аса ыстық жылдары күндізгі ауа температурасы шөлді аудандарда 45-47, таулы аудандарда 40-42 градус болады.
Көктемнің алғашқы белгілері март айларының екінші жартысында, ал таулы аудандарда марттың аяғы мен апрельдің басында байқалады.
Көктемнің ұзақтығы облыстың жазық аудандарында 40-55 күн, тау бөктерлерінде 50-60 күн, ал таулы аудандарда 70 күнге дейін созылады.
Жылына күн 2700 сағат шамасында шуағын төгеді, соның 2000 сағаты (74%) жылдың жылы кезеңіне сәйкес келеді.
Жылы кезеңдегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы шөл және шөлейт аудандарда 40-45 процент, ал оның ең төмен болатындығы июнь-август арасы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы таулы аудандарға қарай жоғарылап 55 процентке дейін жетеді.
Жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай өсе береді. Облыстың шөл аймақтарында ол жылына 100-150мм, жазықтықта (150-200мм), тау бөктерлерінде (300-400 мм), тау бастарында 450-500мм-ге дейін түседі. Жауын-шашын жылдың суық кезеңіне қарағанда неғұрлым мол түседі, оның 30-40 проценті көктемде жауады.
Қар жұқа түседі, әрі тұрақтамайды. Ол ең қалыңдағанда облыстың солтүстігінде 10-нан 20-35 сантиметрге дейін, оңтүстігінде - 15-30, тау бөктерлерінде - 20-40, тау бастарында 20-40 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді.
Топырақтың тоңазу қабаты қыста солтүстік аудандарда - 80-100, оңтүстікте 40-60 сантиметр.
Э.С.Зарембо классификациясы бойынша облыс территориясы мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді: өте құрғақ, ыстықтау, өте құрғақ, ыстық (І) , құрғақ, ыстық (ІІ), өте қуаң тау бөктері (ІІІ), қуаңдау және ыстықтау таулы аудан (IV).
1 а. Өте құрғақ ыстықтау агроклиматтық ауданға Бетпақдаланың шығыс бөлігі ( Сарысу ауданының солтүстік-шығыс, Мойынқұм ауданының солтүстік бөлігі) жатады.
Ауаның 10 градустан жоғары тәуліктік орташа температурасының жиынтығы ( тиімді температура) 3100-3400 градус. Селянинов бойынша гидротермикалық коэффициент (ГТК) 0,2-0,3.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-150 мм. Жылдың жылы мезгіліндегі ауаның орташа ылғалдылығы 45 процент, ал оның ең төмен болатын кезі жылына 160 күн.
Қыс ызғары апрельдің екінші онкүндігінде мен майдың бірінші онкүндігі арасында қайтады. Күзгі суық сентябрьдің үшінші онкүндігі мен октябрьдің басында түседі. Аязсыз кезең 130-165 күнге созылады. Тұрақты қар қабаты декабрьдің бірінші онкүндігінде қалыптасады да, 85-100 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 10-20 см.
Шөл және шөлейт аймақтардың көп бөлігі негізінен көктемгі және күзгі жайылым ретінде пайдаланылады.
1 б. Өте құрғақ, ыстық агроклиматтық аудан - Бетпақдаланың қалған шөлді бөлігі, Мойынқұм құмының солтүстік бөлігі мен соған жақын құммен іргелес аудандарды қамтиды. Бұған Сарысу және Талас аудандары, Свердлов, Луговой, Мерке аудандарының солтүстік бөлігі мен Мойынқұм аудандары кіреді.
Тиімді температураның жиынтық мөлшері 3400-3900 градус, ал гидротермикалық коэффициент 0,2-0,3. Жылдық жауын-шашын мөлшері 140-230 мм, оның мөлшері батыстан шығысқа қарай көбейеді. Тиімді температура тұсындағы жауын-шашын мөлшері солтүстік аудандарда 45 мм, оңтүстік шығыс аудандарда 145 мм. Бұл аймақта атмосфераның құрғақтығы айқын байқалады. Жыл бойына ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 проценттен кем болатын уақыт 160-170 күн, әр түрлі дәрежеде аңызақ соғатын уақыт 120-140 күн. Ең ыстық айдағы ауаның орташа температурасы 24-27 градус.
Суық көктемде апрельдің екінші жартысы мен майдың басында қайтады. Ал күзде сентьябрдің соңы мен октябрьдің алғашқы онкүндігінде түседі. Ауа 145-180, топырақтың беткі қабаты 125-165 күнге дейін суымайды. Көктем мен күздің шамамен ұқсастығы 45-50 күн.
Қар қабаты декабрьдің бірінші жартысында құралып, 65-96 күннен кейін ериді. Қалыңдығы 10-25 сантиметр, қардағы су қоры 15-20 миллиметр. Аяз 39-46 градусқа дейін жетеді, ал топырақтың тоңазу қабаты 80 сантиметрден де асып кетеді.
ІІ. Құрғақ ыстық агроклиматтық аудан. Оған Сарысу мен Талас аудандарының оңтүстік бөлігі(тау мен тау бөктерін қоспағанда), Жамбыл ауданы тегіс дерлік, Свердлов, Луговой, Мерке, Шу аудандарының оңтүстік бөлігі, Мойынқұм ауданының оңтүстік-шығыс, Красногор ауданының солтүстік (таулы өңірлері енбейді) бөлігі жатады.
Тиімді температура жиынтығы 3500-3700 градус аралығында гидротермикалық коэффициент 03,-0,5. Жылдық жауын-шашын жиынтығы 200-300 миллиметр. Оның жылы кезеңдегі мөлшері (160-180 миллиметр) суық кездегіден біршама көп.
Ауа райы аса құрғақ, жылына ылғалдылығы 30 проценттен де төмен болатын кез 120-140 күнге дейін жетеді. 110-130 күн әр түрлі дәрежеде аңызақ соғады, соның 20-30 күнінде ол неғұрлым екпінді болып, батыстан шығысқа қарай күшейе түседі.
Ауа ызғары көктемде апрельдің екінші жартысында қайтады. Күзгі суық сентьябрьдің аяғы мен октябрьдің бірінші жартысында түседі. Ауаның суықсыз кезі 145-190 күн, топырақта - 130-170 күн.
Қар қабаты декабрьдің бірінші жартысында пайда болады да , 60-90 күнге дейін бұзылмай жатады. Қалыңдығы 15-30 сантиметр. Қардағы су қоры 35-60 миллиметр. Топырақтың тоңазу тереңдігі 40 сантиметр. Жылымық жиі болып тұрады (54-57 күн). Мал шаруашылығымен қоса суармалы және тәлімі егіншілік дамыған. Құмды аймақтар қысқы жайылымға пайдаланылады, соның негізінде мұнда отарлы мал шаруашылығы дамыған.
ІІІ. Өте қуаң тау бөктері агроклиматтық аудан. Бұған Талас, Жамбыл, Луговой, Мерке, Шу, Красногор және Қордай аудандарының тау бөктерлері жатады. Гидротермикалық коэффициенті 0,5-0,7. Тиімді температура жиынтығы 3000-3500 градус. Жылдық жауын-шашынның жиынтық мөлшері 300-400 миллиметр. Оның суық және жылы кезеңдегі мөлшері тиісінше батыс аймақта 220-200 мм, шығыста 100-190 мм.
Жазы салқын, әсіресе ол батыста салқынырақ. Июльдегі орташа температура 22,5-25 градус.
Жыл бойындағы ауа ылғалылығының ең төмен болатын мерзімі 120-130 күн,90-100 күн аңызақта болады, соның он күнінде ол неғұрлым күштірек болады.
Марттың екінші жартысында орташа тәуліктік температура 0 градус шамасында болады да көктем 60-70 күнге созылады. Қыс ызғары апрельдің екінші жартысы мен май айының басында қайта бастайды. Күзгі суық сентьябрьдің ортасында түседі. Аязсыз кезең 120-190 күн болады, ол батыстан шығысқа қарай ұлғая береді.
Тұрақты қар қабаты декабрьдің бірінші онкүндігінде пайда болады. Ол 60-100 күндей жатады. Орташа қалыңдығы 20-40 сантиметр, қардың су қоры 40-75 мм.
Ең тиімді температура жазық жерлер мен қыраттарда - 32-42 градус, ал төменірек аймақта -37-47 градус. Топырақтың тоңазу қабаты 20-25 см, ең тереңдегісі 56 см.
Бұл аймақта тәлімі және суармалы егіншілік дамыған. Ауданның батыс бөлігінің климат жағдайлары суармалы жерлерде картоп өсіруге мүмкіндік береді.
IV. Қуаңдығы мен ыстықтығы орташа таулы агроклиматтық аудан. Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігін, Қырғыз жотасының солтүстік бөлігін, Шу-Іле тауының оңтүстік батысын қамтиды. Бұған Талас, Луговой, Мерке аудандарының қиыр оңтүстіктегі Жуалы ауданы түгел дерлік, Қордай ауданының көп бөлігі кіреді.
Гидротермикалық коэффициенті 0,7-ден астам. Тиімді температура 3000 градустан аз. Бұл кездегі жауын-шашын жиынтық мөлшері 170 миллиметр, жылдығы 450-500 миллиметр. Ауаның суық кезендегі орташа температурасы - 3-4 градус, жылы кезеңдегі температура 22,5 градус, кейде тіпті одан да төмен. Ауаның жылы кезеңі 120 күнге созылады, төменгі жазықта ол 85-90 күндей болады, ал биіктікке қарай 140 күнге дейін жетеді. Қыс ызғары апрельдің соңы - майдың екінші онкүндігіне дейін сақталады.

1.1 Жоңышқа дақылдарын өсіру технологиясы
Жоңышқа - көп жылдық бұршақ тұқымдастарына жататын, мал организмінің дұрыс өсіп, жетілуі үшін қажетті каротинге және басқа витаминдерге бай өсімдік. Сонымен қатар жоңышқаның көк шөбінің құрамында 20 процент, ал пішенінде 28 процент протеин бар, яғни жоңышқа өте бағалы мал азықтық дақыл. Ол пішен, пішендеме, шөп ұны, құрама жемшөп және басқа мал азықтық өнімдер алу үшін өсіріледі. Бір сөзбен айтқанда мал шаруашылығы үшін берік жемшөп қорын жасауда жоңышқаның алатын орны ерекше.
Топырақ құнарлылығын арттыруда жоңышқа үлкен роль атқарады. Ол өзінен кейін танапта органикалық заттарды көп қалдырады. Мысалы, жоңышқа, егілген танап үшінші жылдың аяғында 16 тоннаға дейін тамыр қалдықтарын жинайды. Осының арқасында топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерң жақсарып, оның су сиымдылығы артады.
Сонымен бірге жоңышқа топырақты азотпен байытады. Ол әр гектарға 400 кг дейін азот жинайды.
Егіншілік шаруашылығында көптеген дақылдарға жақсы алғы дақыл болып есептеледі.
Жоңышқа Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі. Оның 1990 жылғы егіс көлемі 1176,7 мың гектарға жетті.
Осы жылы суарылмайтын жердің әр гектарынан 127,0 центнер, ал суармалы жерден 191,7 центнер көк балауса жиналды.
Республиканың суармалы жерлерінде жоңышқа 3-4 рет шауып алынған кезде ол әр гектардан 150-200 центнер жұғымды пішен береді.
Қазақстанда жоңышқаның үш түрі кеңінен тараған, көк гүлді жоңышқа (суармалы егіншілікте), сары бас жоңышқа (қызыл-қоңыр топырақты қуаңшылықты далалық және шөлейт аймақтарда) және будан жоңышқасы (орманды-далалық аймақта).
Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар. Жоңышқа - суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымы +2-4˚С жылылықта өніп-өсе бастайды, ал көктеп шығуы үшін +5˚С температура қажет. Жоңышқаның жас өркені - 5-6˚С суықта үсімейді. Өсу кезеңіндегі ең қолайлы температура - +20-25˚С.
Жоңышқа өте жоғары ыстықты да және өте төменгі суықты да жақсы көтереді.
Транспирациялық коэффициенттің жоғары болуына қарамастан жоңышқа құрғақшылыққа төзімді , себебі ол жақсы жетілген тамыр жүйесі арқылы топырақтың терең қабатындағы ылғалды пайдаланылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы жағдайында сексеуіл ормандарын қалпына келтіру жобасы
Күнбағысты өсіру технологиясы
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі
Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Жамбыл облысының топырағы әралуан
Жамбыл облысы
Ауылшаруашылық дақылдарында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын болжау
Қазақстандағы жеміс - жидек шаруашылығы туралы
Пәндер