Алматы облысының табиғи климат жағдайы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Алматы облысының табиғи климат жағдайы
2.2. Жидек дақылдарына сипаттама және оларды өсіру технологиясы
2.3. Жидек дақылдарының фитопатогенді аурулары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Фитопатология (грекше phyton – өсімдік, pathos – ауру, logos – оқыту) – өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті – фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бәсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себебін, және оның дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді.
Осы аталған фитопатология пәндерінің ішінде ауылшаруашылық фитопатологиясына тоқталып өтетін болсақ, бұл ғылым нақтылы өсімдіктердің ауруларын, әрқайсысына тиісті қоздырғыштар түр құрамын, аурудың сыртқы белгілерін, инфекция қорын, таралуын және дау ерекшеліктерін зерттейді. Менің бүгінгі семестрлік жұмысымның тақырыбы Алматы облысы жағдайында жидек дақылдарының аурулардан қорғау жүйесі болмақ.
Алматы облысының климаты негізінен континеттік. Қысы қоңырқай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде - 10-16˚С, оңтүстікте – 4-9˚С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25˚С, оңтүстігінде 27˚С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы – 5-9˚С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 400-600мм, тау аңғарларында 700-1000мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерінің қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш пен Алакөл жағалауларында бриз желі соғады. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның бірінші он күндігінде түседі. Көктемде сәуірдің аяғы мен мамырдың басында қар еріп, жер беті тегіс қараяды. Тұрақты қар жамылғысы кезеңі 2-3ай , ал оның орташа қалыңдығы қыстың аяғына қарай 6-12 см аралығында өзгеріп тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері Балқаш көлінің жағалауына 100 мм жетпейді, шығыста 155 мм тең.
Бүкіл жаз бойы қуаңшылық пен аңызақ үстемдік етеді. Ауаның ылғалдылығы жазда 30-40 күн бойы күндіз 30 проценттен төмен деңгейде болады. Жыл бойы күшті жел соғып тұратын кездер де болады.
Топырақ жамылғысы шалғынды , тосапты-шалғынды, шалғынды-батпақты, тақырлы топырақтармен және құмдармен ұласып жатады. Шалғынды топырақтар Іле өзенінің сол жағалауында және оның тармақтарында көп кездеседі. Өзен жайылмасының үстіңгі беткейі шөлге айнала бастаған. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, оленшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде астық тұқымдас өсімдіктері басым жуанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлеңшөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б.өсімдіктер басым. Бұл өңір – облыс малшыларының жазғы жайлауы сапты шалғынды топырақтар мен сорттардан тұрады.
1. Власов Ю.И. Вирусные и микоплазменные болезни растений. – М.: Колос, 1992.
2. Горбуля В.С. Защита сельскохозяйственных культур от болезней /Руководство к лабораторно-практическим занятиям.- Астана. 2007
3. Деменьтьева М.И. Фитопатология. – М.: Агропромиздат, 1985.
4. «Защита растений», «Защита и карантин растений» (журналы)
5. Защита растений от болезней /под ред. В.А. Шкаликова. – М.: Колос, 2001.
6. «Фитопатология» Р.Д. Карбозова, К.Н.Туленгутова . Алматы 2014
7. Интернет желісі

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Алматы облысының табиғи климат жағдайы
2.2. Жидек дақылдарына сипаттама және оларды өсіру технологиясы
2.3. Жидек дақылдарының фитопатогенді аурулары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Фитопатология (грекше phyton - өсімдік, pathos - ауру, logos - оқыту) - өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті - фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бәсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себебін, және оның дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді.
Фитопатология пәні бірнеше пәнге бөлінеді:

Осы аталған фитопатология пәндерінің ішінде ауылшаруашылық фитопатологиясына тоқталып өтетін болсақ, бұл ғылым нақтылы өсімдіктердің ауруларын, әрқайсысына тиісті қоздырғыштар түр құрамын, аурудың сыртқы белгілерін, инфекция қорын, таралуын және дау ерекшеліктерін зерттейді. Менің бүгінгі семестрлік жұмысымның тақырыбы Алматы облысы жағдайында жидек дақылдарының аурулардан қорғау жүйесі болмақ.

ІІІ. Негізгі бөлім
2.1. Алматы облысының табиғи климат жағдайы. Алматы облысының климаты негізінен континеттік. Қысы қоңырқай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде - 10-16˚С, оңтүстікте - 4-9˚С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25˚С, оңтүстігінде 27˚С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 5-9˚С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 400-600мм, тау аңғарларында 700-1000мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерінің қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш пен Алакөл жағалауларында бриз желі соғады. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның бірінші он күндігінде түседі. Көктемде сәуірдің аяғы мен мамырдың басында қар еріп, жер беті тегіс қараяды. Тұрақты қар жамылғысы кезеңі 2-3ай , ал оның орташа қалыңдығы қыстың аяғына қарай 6-12 см аралығында өзгеріп тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері Балқаш көлінің жағалауына 100 мм жетпейді, шығыста 155 мм тең.
Бүкіл жаз бойы қуаңшылық пен аңызақ үстемдік етеді. Ауаның ылғалдылығы жазда 30-40 күн бойы күндіз 30 проценттен төмен деңгейде болады. Жыл бойы күшті жел соғып тұратын кездер де болады.
Топырақ жамылғысы шалғынды , тосапты-шалғынды, шалғынды-батпақты, тақырлы топырақтармен және құмдармен ұласып жатады. Шалғынды топырақтар Іле өзенінің сол жағалауында және оның тармақтарында көп кездеседі. Өзен жайылмасының үстіңгі беткейі шөлге айнала бастаған. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, оленшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде астық тұқымдас өсімдіктері басым жуанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлеңшөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б.өсімдіктер басым. Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы сапты шалғынды топырақтар мен сорттардан тұрады.

2.2. Жидек дақылдарына сипаттама және оларды өсіру технологиясы
Жидек дақылдары -- шырынды жидегі бар көп жылдық бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер тобы. Жидек дақылдарына бүлдірген, қарақат, таңқурай, тұшала, мүкжидек, көкжидек, шырғанақ, қожақат (қара бүлдірген), т.б. жатады. Жабайы өсетін Жидек дақылдарынан қызылжидек, мүкжидек, қаражидектердің де маңызы зор. Жидек дақылдарының жемісінде органикалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, хош иісті заттар болады. Кейбір Жидек дақылдарының жемісінің (қаражидек, таңқурай, қара жемісті шетен) дәрілік қасиеттері бар. Жидек дақылдары ерте және жыл сайын жеміс береді (бүлдірген екінші, таңқурай үшінші, қарақат пен тұшала үшінші-төртінші жылдары). Жидек дақылдары әр түрлі топырақ-климат жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оларды вегетативтік жолмен көбейтеді. Қазақстанда Жидек дақылдарының көпшілігі қолдан өсіріледі.
Қазақстанда өсірілетін негізгі жидек дақылдарына бүлдірген, таңқурай, қарақат, сондай-ақ аз да болса қарлыған жатады. Жидек дақылдары жемісті өте жылдам салады. Олар өнеркәсіптік негіздегі өнімін отырғызылғаннан кейін екінші, төртінші жылдары береді,ал кейбір жағдайда бірінші вегетациялық кезеңінің өзінде жеміс бере салады.
Алғашқы жеміс бүлдіргеннен басталады. Ол Шымкент облысында мамыр айында пісетін болса, Жамбыл, Алматы облыстарында маусымның басында, ал соллтүстік облыстарда маусым-шілде айларында піседі.
Жидек дақылдары мол өнімділігімен көзге түседі. Оның әр гектарынан 100-120 ц-ге дейін өнім алуға болады. Бірақ жеміс ағаштарына қарағанда өнімділігі жоғары бола қоймайды.
Жидектер жыл сайын жеміс салады. Олардың жеміс ағаштары тәрізді теріс биологиялық қасиеттері болмайды, яғни олар бір жыл жеміс салып, екінші жылы тынықпайды. Олардың құрамында А ,В, С, В9, Е, К тәрізді витаминдер, сондай-ақ қанттар, минералды тұздар және кумариндер мол болады.
Жидектерде болатын көп пектиндер ауыр тұздарын байланыстыруға және бөліп шығаруға мүмкіншілік жасайды. Көптеген жидектер әр түрлі ауруларды емдеу жұмыстарына қолданылады. Мысалы, таңқурай - тұмау кезінде, салқын тигенде,бүлдірген - ас қорыту жолдарын, бүйрек тас ауруларын және авитаминоз ауруларын емдеу үшін пайдаланылады. Қарақат - капиллярлы сұйықтардың жоғары дәрежеде өтуін, қарлыған - зат алмасуының бұзылуын реттесе, қара жемісті шетен - қан қысымы ауруларының алдын алуға көмектеседі. Жидектер жас, кептірілген, қатырылған, консервіленген, қайнатылған күйінде пайдаланылады. Сондай-ақ кондитер бүйымдарын дайындау үшін де қолданылады.
Жидек дақылдары Ресейде, Сібірде, Қиыр Шығыста кеңінен таралған. Қазақстанда негізінен бүлдірген, таңқурай, қарақат, қарлыған егіледі. Қазіргі кезде бізде мол өнімді, аурулар мен зиянкестерге төзімді жидек дақылдарының жаңа сорттарын шығару үшін көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Көптеген ғылыми мекемелер жидек дақылдарын өсірудің агротехникалық шараларын жетілдіру бағытында жұмыс істеуде. Олар плантацияны күтіп-баптайтын жаңа әдістерді механикаландыру , жеміс жинау, шырпу жұмыстарының арнайы әдістерін өндіріске енгізу үшін ұсыныс жасамақшы.
Бүлдірген - жан біткеннің бәрі жақсы көретін, жер талғамай өсе беретін, аса дәмді жидектердің бірі. Биіктігі 30-35 см. Жапырақтары үш бірдей, ірі, ашық‑көк, қабырғалы, қою жұрындалған болып табылады. Бүлдіргеннің нәрлілігі (калориялылығы) бар жоғы 100 г-да 36,9 ккалды құрайды, бұның өзі оның нағыз диеталық өнім екенін білдіреді. Бүлдірген тек тәтті жидек пен керемет десерт қана емес, сонымен бірге таптырмас емдік нәрсе. Ол адам тәбетін жақсартады, ас қорытуға жағымды әсер етеді, терлеткіш және зәр айдау қасиетіне ие. Ол ағзаның тұз алмасу үдерісін қалыпқа келтіреді, шөлді басады, қан түзіліміне жәрдемдеседі. Бүлдіргенді жыл бойы өсіру - шағын бизнес үшін аса тиімді идеялардың бірі.
Қазақстанда ең көп таралған бүлдірген сорттары: Елизавета патшайым, Зенга Зенгана, Симфония, Русановка, Қайнаркөз, Эверест және Фестивалдық. Бұлардың барлығы жақсы өнімділігімен және зиянкестерге қарсы мықтылығымен ерекшеленеді. Есте сақтайтын нәрсе, бүлдіргеннен жақсы өнім алу - 50% жағдайда ғана оның сортына, ал қалғаны - өсімдіктің күтіміне байланысты болады.
Таңқурайды халық тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті хош исі үшін жақсы көреді әрі ерекше бағалайды. Оның гүлдері ақ, болар-болмас сезілетін жағымды хош иісті болып келеді. Жапырақшаларында гүл тостағаншасының жеке жапырағы шамалы ғана, көптеген аталық және аналық сабақтардан тұрады. Таңқурайдың жаппай гүлдеуі мамырдың аяғы мен маусымның басына қарай (көктемнің шығуы мен жидектің өнген ортасына байланысты) басталады және бұл науқан екі‑үш аптаға созылады. Таңқурайдың жемістері ауа райына байланысты әртүрлі уақыттарда піседі.
Біздің елімізде негізінен таңқурайдың қызылжемісті сорты көп тараған. Олардың арасында маусым кезінде 2 мәрте - жазда және күзде жеміс беретін ремонтантты сорттар да бар. Сондай‑ақ, соңғы жылдары қаражемісті Кумберленд таңқурайы мен сарыжемісті таңқурайды өсіретіндер де көбейе бастады.
Бүлдірген мен таңқурайды өсіру әдістемесі мен технологиясы. Бүлдіргенді отырғызудың ең қолайлы мезгілі - жаз. Бүлдірген тегіс жерде жақсы өседі. Оны бұлтты күні немесе түні бойы бейімделуі үшін кешкі уақытта отырғызу керек. Ол үшін 3-4 жапырақшасы бар, жүрекшесі мен тамыр жүйесі жақсы дамыған көшеттер (розеткалар) отырғызылады. Бір түптен 15-ке жуық жақсы дамыған розеткалар алынады. Отырғызғаннан кейін бүлдірген розеткаларын бірден аздап суару керек. Дұрыс отырғызылған көшет қысқа қарай жақсы түп болып қалыптасады, бұның өзі оның жақсы қыстап шығуына әсер етеді. Келесі жылы (жазда) осы түптерден өнімді жемістер - бірінші жылы жеміс беретін бүлдірген алынады.
Таңқурай - көпжылдық тамыр жүйелерінен және біржылдық пен екіжылдық өркендер түріндегі жерүсті бөлігінен тұратын бұта. Таңқурайды бақшада жеке‑жеке, мәселен қоршау бойына 2-3 қатарға отырғызған жөн. Қоршау маңында ол желден қорғанады, ол жерге қар ерте түседі әрі қыстыгүні жидек қардың қалың қабатымен көмкеріледі. Таңқурайды отырғызу жоспарланған учаскеде көктемгі жинақталған су болмауы керек, өйткені ол артық дымқылдықты көтере алмайды.
Таңқурайды күзде де, көктемде де отырғызуға болады. Көктемде оны үсік түсу қаупі басым болған жағдайда және қысқы қар жабыны жұқа болғанда отырғызады. Оны қатарлап отырғызған жөн, қатарлар арасы 1,5-2 мжәне қоршауға1,5 мжетпеуі (учаске шетіне қарай) керек. Егер отырғызу барысында тыңайытқыш толық мөлшерде себілсе, онда отырғызылғаннан кейінгі 2 жылда таңқурай тыңайтқышты қажет етпейді.
Таңқурайды өсірудің екі түрі тараған - жеке бұталарды сақтай отырып және шұбыртып отырғызу. Бұтаны қалыптастыру барысында әрбір отырғызылатын орынға екінші жылдың аяғына қарай мықты 8-10 өскінді қалдырып отырады, қалған осал өскіндер мерзім сайын алынып тасталынады. Таңқурайды шұбыртып орналастыру өсімдік жолақтарын құрудан басталады. Ол үшін жолақтардың сыртындағы барлық өскіндерді үнемі алып тастап отыру керек, ал жолақтың ішінде тек артық осал өскіндерді алады. Өсімдікті шұбыртып өсіру әдісі өте жоғары жеміс алуға септігін тигізеді, ал лентаның өзі жанды дуалдың қызметін атқара алады. Таңқурай бір жерде 15-20 жылға дейін өсе алады, бірақ аса жемісті кезеңі 10-12 жылдан аспайды.
Жемістерді тек таңертең міндетті түрде жеміс тергішпен және шыныаяқпен жидектің өзіне қол тигізбей алу қажет, әйтпесе ол тез бұзылатын әрі нашар сақталатын болады, жидекті теріп алғаннан кейін бірден 1-2 сағат бойы 2-3°С температурада сақтап қою керек.
Құлпынай (Fragarіa moschata) - раушангүл тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейбір мәліметтер бойынша құлпынай бүлдіргеннің екі түрінің буданы болып саналады. Биіктігі 30 - 35 см, жапырағы үш тармақты, ірі, ашық жасыл, қалың түпті. Гүл сабақтары жапырақтардан биік орналасады, гүлі ақ, дара жынысты. Жемісі - жидек, тәтті, хош иісті. Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Құлпынай суыққа төзімді, бірақ ұзақ уақыт болатын суықта, әсіресе, қарсыз жылдары түптері үсіп кетеді. Құрғақшылыққа төзімсіз, көлеңкелеу жерде жақсы өседі. Жеміс беруі бүлдіргенге қарағанда төмен. Құлпынайдың Шпанка, Миланская, Гүлжан, т.б. сорттары бар. Жабайы құлпынай Испания, Италия, т.б. еуропа елдері аумақтарында кездеседі.
Қарақат (Rіbes) - тасжарғандар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар. Биіктігі 60 см-ден 2 м-ге дейін жетеді. Бұтағы тікенекті, жапырағы жалпақ, 3 - 5 қалақшасы болады. Гүлі ұсақ, екі үйлі, көбінесе қос жынысты кейде дара жынысты. Маусым - шілде айларында гүлдеп, шілде - тамызда жемісі піседі. Жемісі - жидек. Жеміс шоғында 2 - 18 түйір жеміс болады. Жеміс құрамында 12 - 20% құрғақ зат, 78 - 83% су, 5 - 10% қант, 2 - 4% түрлі қышқылдар, витаминдер (В1, С, Р), сондай-ақ пектин, илік заттар, минералды тұздар бар. Қара қарақатты халық медицинасында кеңінен қолданады. Жидегі тәбет ашады, тер шығаратын және несеп жүргізетін қасиеті бар. Жидегі организмде витамин жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы. Қызыл және жабайы қарақат тек жемісін жинау үшін емес, будандастыру арқылы жаңа сорттар шығару үшін де пайдаланылады. Жидек ретінде қара, қызыл және ақ қарақат көп өсіріледі. Негізгі зиянкестері: бүршік кенесі, өрмекші кенесі, жылтыр көбелектер; ауруы: ақұнтақ кеселі.
Қарақатты егу үшін ылғалды учаскені таңдап алу керек. Бұл үшін ойпат жерді де пайдалануға болады. Таулы жерлерде қарақат егу үшін сайдың сағалары қолайлы келеді. Сондай-ақ беткейлердің ойпатты бөлігін пайдалану керек. Ашық учаскеге отырғызылған қарақаттың түйіндері жаппай түсіп қалатындығы байқалады. Жидегі өте ұсақ болады. Жеміс беретін буршіктері үсіп кетеді, өнім шұғыл кемиді.

2.3. Жидек дақылдарының фитопатогенді аурулары
Бүлдірген аурулары
Саңырауқұлақ аурулары
Ақ дақ. Ауру қоздырғышы - Mycosphaerella fragariae Sacc, ал конидиялы кезеңінде - Ramularia tulasnei Sacc.саңырауқұлағы. Дақ үстінде конидия тасушылар мен конидиялардан тұратын селдір,ақ түсті өңез пайда болады. Топталып шыққан түссіз конидия тасушылардың жоғарғы бөлігі сәл жіңішкерген, конидиялардың пішіні цилиндр тәрізді, түссіз, 1-3 клеткалы.

1-сурет. Ақ дақ

Жаз бойы ауру конидиялармен таралады да, кейін майда склероцийлар түзіліп, олар қураған және жасыл жапырақта қыстап шығады. Көктемде склероцийлар өніп, конидия түзеді. Жапырақта қыстап шыққан жіпшелерде де конидиялар пайда болады. Қураған жапырақтағы дақтарда кейде псевдотецийлер түзіледі. Оның қалталары цилиндр тәрізді , қалтаспоралары түссіз, екі клеткалы. Көктемде аскоспоралар өсімдікті зақымдайды. Саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 10-15 күнге созылады да , алғашқы белгі білінуден 7-9 күн өткен соң дақ үстінде конидиялар түзіледі. Жиі отырғызылған өсімдіктерде, органикалық заттары мол немесе ауыр топырақтарда кесел қатты дамиды. Жылы, ылғалды ауа-райы аурудың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Саңырауқұлақ 20-220С температурада жақсы дамиды.
Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі ауруға шалдығады. Бүлдіргеннің жапырағында бұрышты немесе дөңгелек, қызыл қоңыр дақтар пайда болады. Дақтар кейін ағарып, қоңыр-қызыл жиекпен жиектеліп, бір-бірімен қосылады, кейде олардың ортасы үгітіліп түседі. Сағақтарды, сабақты, мұртшаларды бойлап түзілген қоңыр дақтардың ортасы кейін бозарады.
Қоңыр дақ. Ауру қоздырғышы - Fabraea fragariae Kleb.,конидиялы кезеңінде Marssonina potentillae P.Magn.f.fragariae Ohl.саңырауқұлағы. конидиялары ұзынша келген шоқпар тәрізді, түссіз, екі клеткалы.
Қоздырғыш желмен, насекомдармен таралады. Өсімдіктің жас жапырақтарында қарағанда, ескілері тез залалданады. Саңырауқұлақ негізінен жіпше, кейде жас жапырақтарда конидия көпшікшелері түрінде қыстап шығады.

2-сурет. Қоңыр дақ
Қоздырғыштың қалталы кезеңі республика жағдайында кездеспейді. Аурудың дамуына әсіресе жаздың екінші жартысында басталып, вегетацияның соңына дейін созылатын жылы ауа райы мен жиі жаңбыр қолайлы жағдай туғызады.
Кеселге негізінен өсімдіктің жапырақтары, кейде сағақтары мен мұртшалары шалдығады. Жапырақтағы дақтардың түсі қоңыр, ортасы сұрлау, көлемі әртүрлі , пішіні дөңгелек немесе бұрышты, жайылған болып келеді. Дақтар кейін бір-бірімен қосылып ұлғаяды.
Сағақтар мен мұртшалардағы дақтар ұзынша, жолақ тәрізді болады. Саңырауқұлақтың төсеніші қоңыр немесе қара-қоңыр түсті, ідетте ол жапырақтың жоғарғы кейде төменгі бетінде түзіліп, айқын көрінеді.

Сұр шірік. Ауру қоздырғышы - Botrytis cinerea Fr .саңырауқұлағы. Конидиялары түссіз, сопақша пішінді, бір клеткалы. Олар бұтақталған конидия тасушылардың ұшында топтанып түзіледі. Конидиялар жел және жаңбыр арқылы таралады. Сыртқы ортаның әсеріне конидиялар өте төзімді, тіршілігін 1-2 жыл сақтауы мүмкін. Су тамшысы болған жағдайда олар өнеді, сондықтан жиі жаңбыр, мол шық және егістіктегі өсімдіктің жиілігі аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

3-сурет. Сұр шірік
Саңырауқұлақ негізінен әлсіреген өімдіктерді немесе жарақаттанған ұлпаларды залалдайды да, оның токсиндері сау клеткаларға таралып, жансыздандырады. Инфекция қоры залалданған өсімдік қалдықтарында және топырақта склероций күйінде сақталады. Склероцийлардың пішіні мен көлемі әр түрлі, түсі қара. Олар жіпшумаққа еніп, конидия тасушыларда түзілген конидиялар өсімдікті қайта залалдайды.
Өсімдіктің көбінесе жидектері залалданады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен факторлардың маңызын анықтау
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары
Климаттық ресурстар туралы түсінік
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы
Қызылорда облысының жер бедері
Күнбағысты өсіру технологиясы
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің мониторингі
Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экологиялық орнықты дамытудың ғылыми негізі
Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу
Пәндер