Алматы облысы жағдайында картоп дақылына зиян келтіретін нематод, кене және кеміргіштер
Картоп, картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек (лат. Solanum tuberosum ) – алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.150-ге жуық түрі белгілі. Отаны – Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Оңтүстік Америкадан Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Ең алғаш Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картопты насихаттау үшін оның гүлін шанына қыстырған екен. Бұл сәндік король сарайы қызметкерлерінің барлығына лезде мода болып, кеңінен тараған. Осыдан кейін Францияда картоп өсіру қолға алынады. Тіпті король ХVІ Людовик картопты кеңірек наихаттау мақсатында қала маңындағы өз бақшасына тек қана картоп отырғызып, оны күзетуді бұйырды. Бір қызығы: картоп ұрлаушыларды тек қана айыптап, «ұрыларды ұстамауға» міндеттейді. Бұл әрекет картоптың сол елде кең таралуына қолайлы жағдай туғызған. Картоптың отаны Чили болып саналады. 1560 жылдары Испанияға әкелінген картоп кейін Еуропа мен Азияға таралады. Ал Ресейге ол І Пертдің ұсынуы бойынша 1765 жылы әкелінген. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі. Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі. Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
Картоптың сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см). Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны – Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады.
Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады. Мысалы, 1 гектар жерден өсіп шыққан 200-250 ц картопқа 100-175 кг азот, 40-50 кг фосфор және 140-230 кг калий жұмсалады. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек.
Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып, жинап алады. Химиялық құрамы: Картоптың түйнегінде 10-28% крахмал, 15% май, 1,3% ақуыз, A, B1, B2, C, PP, K1, Д витаминдері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, қобальт, йод болады. Крахмал өндірісінде қолданылады.

1. Х. Торыбаев, Н. Ашықбаев "Өсімдік карантині", Алматы 2007
2. А.Ж.Агибаев, С.Ысқақ, Р.Д.Карбозова "Зиянды нематодалар, кенелер, және кеміргіштер", Алматы 2005
3. «Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар. Алматы облысы». «Қайнар» баспасы, Алматы, 1979ж
4. Н.Г.Шепетков, Б.М.Өзбеков, М.Ә.Ысқақов, И.И.Жұмағұлов, Н.С. Еркенбаев «Көкөніс шаруашылығы»
5. Интернет желісі

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім:
2.1 Алматы облысы, Іле ауданының табиғи-климат жағдайы
2.2 Картоп дақылын өсіру технологиясы
2.3 Алматы облысы, Іле ауданы жағдайында картоп дақылында кездесетін зиянды нематодалар
2.4 Алматы облысы, Іле ауданы жағдайында картоп дақылында кездесетін кенелер
2.5 Алматы облысы, Іле ауданы жағдайында картоп дақылының кеміргіштері
2.6 Күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Негізгі бөлім

Алматы облысының табиғи климат жағдайы. Алматы облысының климаты негізінен континеттік. Қысы қоңырқай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде - 10-16˚С, оңтүстікте - 4-9˚С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 25˚С, оңтүстігінде 27˚С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы - 5-9˚С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 400-600мм, тау аңғарларында 700-1000мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерінің қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш пен Алакөл жағалауларында бриз желі соғады. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның бірінші он күндігінде түседі. Көктемде сәуірдің аяғы мен мамырдың басында қар еріп, жер беті тегіс қараяды. Тұрақты қар жамылғысы кезеңі 2-3ай , ал оның орташа қалыңдығы қыстың аяғына қарай 6-12 см аралығында өзгеріп тұрады. Жылдық жауын-шашын мөлшері Балқаш көлінің жағалауына 100 мм жетпейді, шығыста 155 мм тең.
Бүкіл жаз бойы қуаңшылық пен аңызақ үстемдік етеді. Ауаның ылғалдылығы жазда 30-40 күн бойы күндіз 30 проценттен төмен деңгейде болады. Жыл бойы күшті жел соғып тұратын кездер де болады.
Топырақ жамылғысы шалғынды , тосапты-шалғынды, шалғынды-батпақты, тақырлы топырақтармен және құмдармен ұласып жатады. Шалғынды топырақтар Іле өзенінің сол жағалауында және оның тармақтарында көп кездеседі. Өзен жайылмасының үстіңгі беткейі шөлге айнала бастаған. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, оленшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде астық тұқымдас өсімдіктері басым жуанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлеңшөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б.өсімдіктер басым. Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы сапты шалғынды топырақтар мен сорттардан тұрады.
2.2 Картоп дақылын өсіру технологиясы
Картоп дақылының биологиялық ерекшелектері. Әр өсімдіктің өзі өскен ортасына деген талғамы әр түрлі болатыны белгілі. Өсімдіктің ойдағыдай өніп-өсіп, ары қарай даму кезеңінде суды, қоректік заттарды, жылуды, жарықты және ауаны әр түрлі мөлшерде қажет ететіні белгілі.
Картоп паслен тұқымдас, оның ішінде Солннум туберозум түріне жататын болғандықтан, оның өсетін ортаға деген талғамы төмендегідей:
Жылулық. Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыржай болғанын қалайтын өсімдік. Ерте көктемде егілген картоп түйнегі топырақ 3-5˚ жылынғанда өсе бастайды. Мұндай жылулықта өсімдіктің тамыры өте жай өседі, ал түйнектің өзі саңырауқұлақ ауруларына тез шалдығады да шіріп кетуі мүмкін.
Топырақтың картоп түйнегі жатқан жеріндегі жылулығы 7-8˚ болса 30-35 күнде, 11-12˚ болса 20-23 күнде, 18-25˚ болса 12-14 күнде жер бетіне өркендеп шығады. Ал жылулық 3-5˚-тан төмен және 31˚-тан жоғары болса, түйнектің өркен жаюы тоқталады. Картоп 1˚-тан төмен үсікке шалдығады. Картоп сабағы 5-6˚-тан бастап өсе бастайды, ең қолайлы жылулық 17-22˚, ал 42˚-тан жоғары картоптың өсуі тоқтайды. Картоп сабағы суыққа төзімсіз - 1-1,5˚ қарайып үсіп кетеді. Картоптың гүл байлауы және ұрық салуы 18-23˚ жылулықта жақсы өтеді, 27˚-тан жоғары болғанда гүлі мен бүршігі түсіп қалады. Сондықтан оңтүстік облыстарда көптеген картоп сорттары ұрық салмайды.
Картоптың ұрық байлайтын ең қолайлы температурасы 15-18˚. 2˚ суықтықта және 30 ˚ жылулықта картоп түбіне түйнек байланбайды. Картоптың ерте шығатын сорттарына көктем шыққаннан, қазып алғанға дейінгі барлық жылулық мөлшері 1200-1400 ˚, ал кеш шығатын сорттарына 1400-1700 ˚ мөлшерінде жылулық керек.
Қазақстанның қай облысында болмасын 1900 ˚ жылулықтан кемі жоқ, оңтүстік облыстарында осы көрсеткіш 2600-2800 дейін жетеді. Сондықтан картоп өсімдігін Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады.
Су. Картоп түйнегінің 75%, ал сабағының құрамы 80-85% судан тұратын болғандықтан картоптың өсу барысында судың маңызы зор. Ғылыми тәжірибелер деректеріне сүйенсек, картоптан 1 тонна өнім алу үшін 100 тонна су керек. Жер бетіне көктеп шыққанша картоп суды қажет етпейді, себебі тұқымның өз бойындағы су жеткілікті. Судың ең көп қажет ететін шағы, ол картоптың бүршік атып гүл жайған шағы. Осы уақытта өсімдік клеткасындағы нәрлі су құрамы 10% асып кетсе, картоп сабағы солып, төменгі қабаттағы топырақтар сарғая бастайды. Керісінше 6%-тан төмендеген сайын судың артықшылығынан, топырақтағы ауа жетпей өсімдік әлсірей бастайды. Сондықтан, картоптың бүршік жарғаннан гүлі түсіп болғанға дейінгі мерзімде топырақ ылғалдылығын, оның толық су сыйымдылығын 60-80% мөлшерде ұстап отыру қажет.
Судың жалпы мөлшері картоп сортына және топырақ құрамына байланысты. Мысалы, картоптың әр гектарынан 200 ц өнім ау үшін жаз бойы орта құмбалшықты топыраққа шамамен 2000 м3 су қажет, ал топырақ құмдауыт болса, су мөлшері 2500 м3 дейін жоғарылауы мүмкін.
Осы судың шамамен 0,5%-і ғана өсімдіктің органикалық құрамын түзетуге кетеді, ал қалған бөлігі ауаға ұшады. Кейбір ыстық күндері картоптың әрбір түбі 4 л-ге дейін су ұшырады, ал әр гектардан 240 тонна су шығып болады. Су өсімдіктің бойы арқылы ауаға таралуының сол өсімдік үшін маңызы зор. Себебі, әр түрлі минералды тұздар және тағы басқа қоректік заттар өсімдік тамыры арқылы өсімдік бойына осы кезде көтеріледі. Кароптың суға деген талабы оның түйнек байлаған кезінен бастап өсе бастайды.
Осы кезде картоптың өсіп-жетілуі, оның сабағы арқылы өткен судың мөлшеріне тікелей байланысты. Жапырақтың белгілі бір көлемінен, 1 кг құрғақ зат түзуге кететін су мөлшерін су шығындау коэффициенті дейміз. Осы ұғым арқылы өсімдік сапасының қай деңгейде екенін біліп отыруға болады.
Картоптың өсу кезеңінде су тапшы болса, фотосинтездік қарқыны төмендейді де, қоректік заттар тамыр арқылы аз келеді, осының салдарынан картоп өніміне кері әсерін тигізеді.
Судың шамадан тыс көп болғаны да зиян, себебі өсімдік құрамына құрғақ заттармен қатар крахмал аз түзіледі, саңырауқұлақ ауруларына көп шалдығады, ауа және зат алмасу жүйесі бұзылады.
Ауа. Картоп түйнегінің топырақта ойдағыдай өсуі үшін оттегінің белгілі мөлшері қажет. Сондықтан түйнек өсу кезінде өсімдіктің тамыр жүйесі мен ауа қатысы бұзылмау керек және ауадағы оттегі мөлшері 20%-тен кем болмауы шарт. Осы уақытта оттегі жетіспесе, өсімдік тамыры баяу өседі, оның қоректік заттарды жұту қарқыны төмендейді.
Ауаның топырақ құрамындағы мөлшері, оның физикалық, механикалық қасиеттеріне тікелей байланысты. Топырақ неғұрлым жақсы қопсытылса, соғұрлым оның кеуектілігі жоғарылайды және өсімдік тынысы кеңейеді.
Жарық. Картоп жарық сүйгіш дақыл қатарына жатады. Жарық жетпеген жағдайда картоп сабағы сидиып биік өседі, жапырақ сарғайып, өнімі төмендейді. Жарықтың көмірсудың түзуге тікелей қатысы бар, көмірсуы жетіспеген жағдайда түйнек өсіп жетілмейді.
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне күннің ұзақ болғаны қолайлы, ал түйнектің өсіп жетілуіне керісінше күннің қысқа мерзімі дұрыс. Жалпы картоп дақылы өсуіне қолайлы жағдай оның қатарын оңтүстіктен солтүстікке қарай бағыттап отырғызғанда туады. Осы бағытта отырғызған картоп күн сәулесін ортақ пайдаланады және күннің ыстық кезінде мөлшерден тыс қызуынан сақтайды.
Картоп түйнегі мен көгені топырақ астында қараңғыда өсіп жетіледі, жарықта қалған түйнек жасыл түске енеді. Жарық әсерімен хлорофилл және улы заттар түзіледі.
Тұқымдық картопты күзде, қоймаға саларда күнге қақтап кептіріп салса, оның түрлі шірік ауруларға төзімділігі артады, сақталу мерзімі ұзарадыы және сақтау кезіндегі ысырап азаяды. Осының бәрі картоп өнімін арттыруда маңызы бар.
Қоректік заттар. Профессор Н.С.Бацановтың мәліметі бойынша картоп өзі өскен ортада қоректік заттардың мейлінше түгел болуын басқа өсімдіктерге қарағанда көбірек талап ететін дақыл. Оның себебі картоп белгілі бір мөлшерде өнім түзуі үшін, жерден көптеген қоректік заттарды талап етеді және тамыр жүйесі қысқа әрі жетілмеген өсімдік.
Көптеген тәжірибелер нәтижесінде картоп 100 ц өнім беру үшін, топырақтан 50-60 кг азот, 20 кг фосфор және 70-100 кг калий алатындығы анықталған.
Қоректік заттардың өсімдікке сіңімділігі картоп сорттарына, топырақ түйіршігіне, ылғалдылығына, күтіп-баптау әдістеріне тығыз байланысты.
Картоптың дұрыс өсуіне керекті қоректік заттар қатарына жататындар: азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, бор, марганец және тағы басқалар. Соның ішінде азот, фосфор, калийдің картопқа қажеттілігі ерекше. Картоптың басқа өсіп-өну кезінде осы заттар жеткіліксіз болса, өсімдік бойындағы зат алмасу жүйесі бұзылып, қалған кезеңдердің бәрінде өсімі баяулап, өнімі төмендейді.
Картоптың өскен ортаға деген талғамын білу арқылы және агрономиялық шаралар қолданып, оның өнімін көтеруге болады.
Сорттары
Картоптан жыл сайын бірқалыпты мол өнім алу үшін, сол аймақ табиғатына бейімделген, яғни аудандастырылған сорттарды егу қажет. Сорттарды аудандастыру мәселесімен Мемлекеттік сортсынау инспекциясы шұғылданады. Осы инспекцияның 3-4 жыл сынағынан өткен сорттар аудандастырылады немесе сол инспекция ұйғарымымен өндірістен шеттеледі.
Картоп сорттары еккен күннен бастап, пісіп жетілгенге дейінгі мерзіміне және шаруашылықта алатын орныны байланысты әртүрлі топтарға бөлінеді.
Шығу мерзіміне байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Ерте пісіп жетілу мерзімі - 60 күнге дейін;
2. Орташа ерте пісетін - 60-80 күнде;
3. Орташа пісетін - 80-100 күнде;
4. Орташа кеш пісетін - 100-120 күнде;
5. Кеш пісетін сорттарға - 120 күннен ары қарай пісетін сорттар жатады.
Шаруашылықта алатын орнына байланысты, картоп сорттары мынадай топтарға бөлінеді:
Асханалық - іші қараймайтын дәмді;
Техникалық - құрамында крахмал мөлшері 20-25%-тен кем болмауы керек. Крахмал, спирт және тағы басқа өндіру қажет;
Асханалық және техникалық - дәмді, іші қараймайтын әрі крахмалы жоғары сорттар. Мұндай сорттар өндірісте де және тағам ретінде де қолданылады;
Мал азықтық - құрамында белок және құрғақ заттардың мөлшері жоғары болуы шарт;
Универсалдық - сорттың ерекшелегі дәмді,іші қараймайтын, крахмалы, белогы және өнімі жоғары болады. Мұндай сорттарды тағамға, өндіріске және мал азығына да пайдалана беруге болады.

Картоптың алтын түсті нематодасы
Ауру қоздырғышы - Globodera rostochiensis Behrens нематодосы. Қоздырғыш нематода класы тиленхид отрядының тиленхида тұқымдасына жатады.
Нематода өзінің даму кезеңінде жұмыртқа, дернәсіл, имаго стадияларынан өтеді. Ұрғашы даралардың циста деп аталатын стадисы болады (1 - сурет). Әр цистада 50-ден 600-ге дейін дернәсілдері бар жұмыртқалар болады. Алтын түсті нематоданың цистасының пішіні шар тәрізді, кейде бас бөлімі созылыңқы алмұрт тәрізді болады. Денесінің артқы жағы дөңгеленген жыныстық конусты мүшесі болмайды. Цистаның орташа көлемі 0,5-0,8мм (1мм-ге дейін) жетілген ұрғашы денесінің артқы бөлігінде жыныс мүшесімен анусы болады. Олардың айналасында анальды - жыныстық немесе перинальды деп аталатын аймағы, цистатүзуші нематодтардың қай түрге жататындығын анықтауға болады. Анус ұсақ саңылаулы болып, одан көбінесе екі кутикула қатпарлы римдық V әрпі сияқты түзеді. Әдетте жұмыртқа ішіндегі дернәсіл 4 рет бүктелген болады. Жұмыртқаның орташа ұзындығы 0,1 мм, ені 0,045 мм. Түлеуден кейін жұмыртқадан екінші жастағы ұзындығы 0,4-0,5 мм дернәсіл шығады. Еркектері түссіз, қозғалғыш, құрт тәрізді, ұзындығы 0,9-1,2 мм және 0,031-0,046 мм.
1 - сурет. Картоптың алтын түсті нематодасы
Ауру Азия, Америка, Мексика және Еуропада кең таралған. Картоптың алтын түсті нематодасы Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Картоп нематодасының даму циклі ие-өсімдік тамырында өтеді. Топырақ арасында циста түрінде сақталады. Олар ие-өсімдік болмаған жағдайда тіршілік қабілетін 10 жылға дейін сақтауы мүмкін. Нематода жылына 1-2 ұрпақ береді.
Картоп нематодасы картоп көп жыл бойы өндірілген танаптарда қатты зиян келтіреді. Тамырға енген дернәсілдер қозғалғыштығынан айырылып, жасуша заттарымен қоректенеді.
Өсімдіктің картоп нематодасымен залалданғандығын картоп көгінің шыққан кезеңінен байқауға болады. Ауру өсімдіктерде әлсіз сабақтар түзіледі де, олар алдын-ала сарғая бастайды. Қатты зақымдалған өсімдіктер өте ұсақ тамыр жүйесін құрады. Қолайсыз ауа райы жағдайында өсімдіктер өлуі де мүмкін.
Нематоданың цисталары картоп түйнектері залалданған топырақ түйіршіктері, ауылшаруашылық құрал саймандарына жабысқан топырақ түйіршіктерімен, адам және малдармен таралады.
Карантиндік шаралар және күресу жолдары
Картоптың түссіз нематодасындағы сияқты. Ол агротехникалық, химиялық және биологиялық шаралар кешенінен тұрады.
Картоптың түссіз нематодасы
Ауру қоздырғышы - Globodera pallida Behrens нематодасы нематода класының тиленхид отрядының гетеродириттер тұқымдасына жатады.
Картоптың түссіз нематодасының цистасында жұмыртқа дернәсіл болады (2 - сурет). Олар топырақта қыстайды. Көктемде ие өсімдіктің тамыр диффузаторларының әсерімен дернәсілдер цистадан шығып, тамырға енеді. Ұрғашылар дамып келе жатқан жұмыртқалардың қысымына дөңгеленеді, ал еркектері құрт тәрізді қалпында қалады. Ұрғашылар эпидермисті жарып шығады және алдыңғы ұшы тамырға бекінген күйі қалады. Еркектері топыраққа ауады, ұрғашы нематодаларды ұрықтандырады да өледі.
2 - сурет. Картоптың түссіз нематодасы
Ұрықтанғаннан кейін жұмыртқа мен толығып бұрынғыдан да үлкен болып ісіп, цистаға айналады. Цисталар тамырдан бөлініп топырақта қалады. Циста ішінде жұмыртқалар тіршілік қабілетін он жылға дейін сақтайды.
Ауру өсімдіктер көптеген нашар дамыған сабақтар түзеді. Олар мезгілсіз ерте сарғаяды. Хлороз төменгі жапырақтардан басталып, кейін жоғарыларына таралады да, біртіндеп барлық бұтаны қамтиды. Залалданған өсімдік бар болғаны 1-3 сабақты болады, түйнектер саны тым азайып, ұсақтанады немесе мүлде түйнек түзбейді.
Ұрғашы нематода қозғалмайды, шар тәрізді кейде алмұрт пішінді болады немесе аздап бас бөлімі созылыңқы келеді.
Еркектері - түссіз, қозғалмалы, пішіні құрт тәрізді, ұзындығы 0,9-1,2 мм және ені 0,031 -0,046 мм. Олардың стилеттері қуатты - ұзындығы 25-27 мкм жетеді.
Нематоданың даму циклі төмендегідей: жұмыртқада бірінші дернәсілдік даму циклі аяқталады. Түлегеннен кейін жұмыртқадан екінші стадияның дернәсілі шығады. Бұл стадиясы инвазиялы, қолайлы жағдайда ол цистадан шығып, өсімдік тамырын инвазиялау мүмкін. Екінші стадиясы аяқталған соң дернәсіл жуандайды және бөтелке пішінді түрге айналады. Төртінші стадиясында дернәсіл ұрғашыға айналады, бұрынғыдан да жуандай түседі, ісінген болады. Көп ұзамай ұрғашының жабыны түсін өзгерте бастайды. Түссіз нематоданың ұрғашысы ақ түстен немесе құлалаудан алтын-сары түсті стадиясын өтпей бірден қоңырланады. Ал алтын түсті нематода ол стадиядан өтеді.
Ауру картоп түйнектерімен, түйнекке, тамыржеміске, пиязшыққа, көлікке т.б. жабысқан залалданған топырақпен таралады.
Цисталар жауын суымен, желмен де тасымалдануы мүмкін. Түссіз нематодалардың цисталардың залалдану дәрежесіне қарай өнім шығатын 50-90% жетеді. Кейде өнім түгелдей жойылуы мүмкін. Өте қауіпті Азияда(Үнді де, Жапонда), Африкада, Еуропада, Америкада, Австралияда таралған ауруларға жатады. Қазақстанда сыртқы карантиндік нысанға жатады.
Карантиндік шаралар және күресу шаралары:
1. Ауру таралған елдерден тек ғылыми-зерттеу мақсатында тұқымдық картоп тиісті карантиндік экспертизадан өткізілген соң тасымалдауға рұқсат етіледі.
2. Ауру таралған елдерден ауыл шаруашылық және сәндік дақылдарды тасымалдауға тиым салынады.
3. Аурудың алдын-алудың негізгі жолы - міндетті түрде нематодқа төзімді сорттар мен залалданбайтын дақылдар енгізілген ауыспалы егісті қолдану.
Картоптың сабақ нематодасы - Ditylenchus destructor Thorne. Картопты, шамалы түрде ас бұршақты, сәбізді, қызанақ пен кейбір басқа дақылдарды зақымдайды (3 - сурет). Ересек нематодалары құрт тәрізді формада, алдыңғы және артқы жағына қарай кішірейіп келетін жұқа шыны тәрізді түссіз денесі бар. Ұзындығы - 0,7-1,3 мм. Личинкалары кішірек. Нематода бірнеше ұрпақ береді. Бір ұрпағы 15 тен 45 күнге дамиды. Нематодалар картоп түйнектрінде сақталады.
3 - сурет. Картоптың сабақ нематодасы
Картоп екпе материалы арқылы зақымданады. Нематодалар жас сабақтарға еніп, өсімдіктін өсуін тоқтатады. Зақымданған өсімдіктерде жапырақтар өтекішкентай және толқынды. Түптің төмеңгі қабатындағы жапырақтар өліп қалады, қалғандары солып, сарғайып кетеді. Нематодалар қалыптасып келе жатқан түптерге енеді. Бұдан кейін түптерде қисық формалы сұр дақтар пайда болады, ал сақтау кезеңінде-түптердің жоғарғы бетінде бастапқыда татты-қоңыр ұсақ жарықшалар, одан кейінірек түптердің толықтай бұзылуына және құрғақ шіріктің дамуына әкеліп соқтырады.
Күресу шаралары. Тек сау түйнектерді ғана отырғызу қажет. Сақтауға жіберу алдында тиянақты іріктеу жүргізіледі. Түптерді сақтау ережелерін орындау қажет (85-90% ылғалдылық, температура +1 - +3 градус денгейде).
Картоптың циста түзуші нематодасы - Heterodera rostochiensis wollenweb. Бұл гетеродерид тұқымдасына жататын кең таралған нематода, бірақ Қазақстанда карантинді (4 - сурет).
Аналық нематоданың пішіні дөңгелек шар тәрізді, түсі қоңыр қараға дейін. Сыртқы шырыш қабығы болмайды, ұзындығы 0,13 -1 мм, көлденеңі - 0,1- 0,96 мм. Аталық нематоданың пішіні жіп тәріздес, түсі мөлдір, ұзындығы 0,9-1,25 мм, көлденеңі 0,025-0,03 мм.
Картоп нематодасының дамуы басқа да циста түзуші фитогельминттер сияқты өтеді. Цистадан шыққан дернәсілдер топырақта жақсы қозғалып ие-өсімдіктерін тауып, оның ұсақ тамырына енеді. Кейін дернәсілдер картоптың жас түйнегіне зиян келтіреді.
Картоп тамырына енген дернәсілдер 10 күн өткен соң ісік пайда болады да, 30-35 күнде нематоданың аталық және аналық особьтары тамырдан шыға бастайды. Жас аналық нематодалар лимон тәрізді, оларда 48 күннен бастап жұмыртқалар түзіле бастайды.
4 - сурет. Картоптың циста түзуші нематодасы
Аналықтардың денесі біртіндеп жуандап, дөңгелектеніп іші жұмыртқалармен толады. Цистаның ішінде 1200 дейін жұмыртқа түзіледі. Дернәсілдердің активті болып, цистадан шығуына тиімді температура мен ылғал және оларды қоректендіретін ие - өсімдік қажет.
Нематоданың бір ұрпағының дамуы 40-75 күнде өтеді, соған байланысты бір вегетациялық кезеңде бір, кейде екі генерация түзеді. Сөйтіп картоп нематодасының цисталары топырақта бірте-бірте жиналады. Алғашқы кезде оны көру өте қиынға соғады.
Бұл нематода тек алқа тұқымдас өсімдіктерге зиян келтіреді. Залалданған картоптың өсуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz