Майбұршақ дақылы, үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1 Майбұршақ дақылы және агротехникалық шаралар

2. 2 Үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І Кіріспе

Дәнді бұршақты дақылдардың ерекшеліктері. Дәнді бұршақты дақылдарға ас бұршақ, май бұршақ, үрме бұршақ, мал азықтық бұршақ, бөрі бұршақ, жасымақ, ноқат, тағы басқалары да жатады. Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда белок көп болады. Белок әсіресе май бұршақ дәнінде мол( 39%) . Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі- олардың белоктарының тез организмге сіңірілуі. Май бұршақ дәнінің белогының сіңімділігі 89 процент, мал азықтық бұршақтікі - 87 процент, ал жасымық пен ас бұршақ дәніндегі белоктың сіңімділігі 85 процентке тең.

Дәнді бұршақты дақылдарының тамырларында түйнек бактериялары болады. Солардың көмегімен ауадағы азоттан дәндері мен вегетативтік органдарына белок итүзіп қана қоймайды, сонымен қатар топыраққа азот жинайды.

Егістіктің әр гектарына дәнді бұршақты дақылдар 100 кг- нан 400 кгға дейін азот жинайды, яғни олар топырақтың құнарлығын арттырады.

Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа, сондықтан тез пісіп, танапты ерте босатады. Мұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алып қарағанда дәнді бұршақты дақылдар көртеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл болып саналады.

Дәнді бұршақты дақылдардың пайдалану мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді, атап айтқанда, тағамдық дәнді бұршақтар (ас бұршақ, үрме бұршақ, ноқат ), мал азықтық дәнді бұршақтар (пелюшка, мал азықтық бөрі бұршақ, мал азықтық бұршақ ), техникалық дәнді бұршақ (май бұршақ) және жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын дәнді бұршақтар ( алколоидтық бөрі бұршақ) .

Дәнді бұршақты дақылдардыңі интенсивті өсетін уақыты бүрлену және гүлдеу кезеңі. Дәнді бұршақты дақылдардың кемшілігі - олар жатып қалуға бейім келеді, піскен кезде сабағы ашылып, дәні шашылып қалады, яғни дер кезінде жинап алмаса, егіннің шығымдылығы төмендейді. Әр дәнді бұршақты дақылдардың сыртқы ортаның факторларына қоятын талабы әр қилы, және олардың өсу мерзімі әр түрлі. Олардың ішінде ерте (ас бұршақ, жасымақ, ноғатық ) және кеш (мал азықтық бұршақ, үрме бұршақ, май бұршақ) пісетіндері бар. Егер сыртқы ортаның факторына қоятын талабына келетін болсақ, суыққа төзімді дәнді бұршақты дақылдарға жасымақ, ноғатық, ас бұршақты, ал жылу сүйгіш бұршақты дақылдарға май мен үрме бұршақты жатқызуға болады.

Ылғалды көбірек керек ететін болғандықтан мал азықтық ас бұршақ және бөрі бұршақты жауын- шашын мол түсетін аймаққа еккен дұрыс.

Құрғақшылыққа төзімді келетін дақылдарға ноқат пен ноғатық жатады.

Дәнді бұршақты дақылдар механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы өседі.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Майбұршақ дақылы және өсіру технологиясы

Халық шаруашылығындағы маңызы . Майбұршақ - ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және ол дүниежүзілік маңызы бар басты мәдени өсімдіңтер қатарына жатады. Майбұршақты жиі түрде таңғажайып дақыл деп атайды, себебі тұқымның құрамында жоғары мөлшерде ақуыз -33-тен 45%-ға дейін, 20-дан 25, 7%-ға дейін май және 25-21% көмірсулары бар.

Майбұршақтың ақуызы амин қышқылдарымен жақсы теңдестірілген. Ол жоғары сіңімділігімен, суда жақсы ерігіштігімен ерекшеленеді. Майбұршақтың құрамына фитин мен сапонин, дәрумендер мен минералдар кіреді. Күлінде көп мөлшерде калий, фосфор, известь, майда еритін А, Д, Е, және С дәрумендері болады, ал В2 дәрумені бидай дәніндегіден 6 есе көп. Мұндай құрам майбұршақты тағамдық, техникалық және мал азықтық өсімдік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Оның тұқымдарынан 250-ге дейін ас түрін және әртүрлі өнімдер дайындалады. Майбұршақты диетикалық тағам ретінде диабетпен ауыратын адамдарға ұсынылады. Майбұршақ пен оның өнімдері шығысазиялық кухняларда кеңінен қолданылады.

Майбұршақ майы дүниежүзілік өсімдік майлары өндірісінде алғашқылардың бірі болып табылады. Ол тағамға, тігін өнеркәсібінде, сабын қайнатуға, кленка шығаруда, линолеум, пластмасс өндірістерінде пайдаланылады. Рафинадталған майбұршақ майы тікелей асқа пайдаланылады, маргарин мен майонез алуға, сонымен бірге фармацептикалық препараттар құрамында қолданылады. Оны смола мен пластмасса, сыр мен лак, желім, тығыздағыш құрамдар, дезинфекциялық құралдар, инсектицидтер, матаға сіңіргіш, сабын және басқа өнімдер шығаруға қолданылады.

Майбұршақ бұршақ дақылы ретінде топырақты азотпен байытады. Оның егінін жинағаннан кейін 1 га танапта 70-80 кг сіңімді азот жинақталады. Отамалы дақыл ретінде майбұршақ танапты арамшөптерден таза қалдырады және көптеген екпе дақылдарға бағалы алғы дақыл болып табылады. Оны сидерат ретінде де пайдалануға болады.

Ботаникалық сипаттамасы. Кәдімгі майбұршақ - бұршақ тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік, сабағы тік өседі, биіктігі 30-100 см, берік, күшті бұтақталған. Жапырақтары - үштік, жиі түкті, тамыр жүйесі кіндікті, , негізгі массасы топырақтың беткі 10-20 см, қабатында шоғырланған. Гүлдері ұсақ, ақ түсті немесе ашықкүлгін, жапырақ қолтығында шоқгүл болып орналасқан. Майбұршақта өздігінен тозаңдану басымырақ. Жемісі 4-6 см ұзындықта және 2-3 тұқымдықты біріктіреді, жарылуға төзімді. Төменгі жемістері жерден 7-15 см биіктікте бекіген, төмен бекудің нәтижесінде егін жинау қиындығы туындайды, осыдан тпырақ бетінің тегістігіне жоғары талап қойылады. Майбұршақтың тұқымдары сопақ, әртүрлі дөңесті, 1000 тұқымның массасы 100-149 г-нан 310-га дейін, орташа көрсеткіші -150-199г.

Биологиясы. Майбұршақ - жылу сүйгіш өсімдік. Ең төменгі өну температурасы 6˚С, оңтайлы өнуіне 14-18˚С қажет.

Температура майбұршақ тұқымының өну жылдамдығын өзгертеді, ол вегетативтік мүшелерінің өсуі мен өсімдік массасының жинақталу уақытына да әсер етеді. Өсімдіктің өсу жылдамдығы температураның өсуіне тікелей байланысты. Орташа тәуліктік температураның 25-26˚С төмен болуы гүлдену кезеңінде бұл үрдісті кешеуілдетеді. Майбұршақтың өсіп дамуына қажетті оңтайлы температура - 20-25˚С. Егін көгі көктемгі қысқа мерзімді бозқырауды жеңңіл көтереді, алайда ондай жағдайда өсуі баяулайды. Күзгі бозқырау, гүлдену және тұқымның толысу кездерінде майбұршақты құртып жіберуі мүмкін.

Бұрынырақта майбұршақты өсіп-жетілдіру кезіндегі белсенді температура жиынтығы 2500-3700˚С болғанда және атмосфералық жауын-шашын 300мм. түсетін аудандарда ғана өсіруге болады деп есептелген. Алайда соңғы жылдары селекционерлер майбұршақтың ерте пісетін сорттарын шығарды, олар вегетациялық кезеңдердегі белсенді температура жиынтығы 1700-2000˚С-ға тең.

Ылғалға талаптары. Жер үсті массасы баяу өскенде және тамыр жүйесі қуатты дамығанда майбұршақ алғашқы өсіп-даму кезеңінде ылғал жетімсіздігіне жақсы шыдайды. Майбұршақтың ылғалды қиын қыстау кезеңі репродуктивтік мүшелерінің қалыптасу және даму кезеңдеріне сәйкес келетіні анықталған. Сондықтан тұқым өніміне бәрінен бұрын ылғалдылық әсер етеді, дегенмен майбұршақ кең ауқымды ылғалдылық өзгерісіне төзімді дақыл қатарына жатқызылады және ол айтарлықтай тұрақты өнім береді. Майбұршақ егістігінің жалпы су пайдалануы өсіру орын мен өсіру жағдайларына байланысты 3000-нан 5500м3/га дейін, су пайдалану коэффициенті 150-ден 300 м3/ц дейін өзгереді. Оның транспирациялық коэффициенті 370-700 аралығында.

Жарыққа талаптары. Майбұршақ қысқа күннің жарық сүйгіш өсімдігі, алайда ерте пісетін сорттары оның ұзаруына әлсіз жауап береді.

Есею кезеңіне дейінгі күннің ұзақтығы майбұршақтың гүлдену мен вегетациялық кезеңнің ұзақтығына әсер етеді. Түннің ұзақтығы - гүлденуді тездететін қиын-қыстау кезең. Бұл параметр сортқа байланысты өзгереді. Күннің ұзақтығы өсімдіктің биіктігіне, жапырақ беті ауданы мен тұқым өніміне де әсер етеді.

Топыраққа талаптары . Майбұршақ кез-кеген топырақ түрлерінде өсе алады, тек қана өте қышқыл орта болмасын және жақсы аэрация қамтамасыз етілсе болды. Ол ұзақ уақыт бойы су басуды, 0, 05%-дан артық тұздануды және рН=5, 5-тан төмен қышқылдықты көтере алмайды. Майбұршақ жақсы тұқым өнімінің құнарлығы жоғары, органикалық заттарға бай топырақтарда ғана қамтамасыз етеді. Топырақтың оңтайлы құрылымы және жақсы аэрациясы мен көлем массасы 1, 10-1, 25 г/см3 болғанда, майбұршақтың тамыр жүйесі қалыпты дамиды да жоғары тұқым өнімін қалыптасытарды.

Өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. Алғы дақылға өте талғампаз, майбұршақты көңмен тыңайтылған танапқа егілген күздік дақылдардан кейін, бедеден, жүгеріден және көпжылдық шөптерден кейін орналастырады. Қант қызылшасы, картоп және жүгері дақылдары да оған жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Ылғал жеткіліксіз аудандарда майбұршақтың өзі күздік дақылдарға жақсы алғы дақыл.

Тыңайтқыш қолдану. Майбұршақ органикалық және минералдық тыңайтқыштарды өте қажет етеді. гектарына 20 ц өнім түзгенде майбұршақ топырақтан 142 кг азот, 35 кг фосфор, 35 кг калий шығындайды. Қоректік заттары гүлдену-тұқым салу кезеңдеріде көп қажет етеді. топырақтың сапасына байланысты гектарына 15-25 т көң, 60-80 кг-нан азот пен калий және фосфорит ұны немесе суперфосфат түрінде 80-120 кг фосфор енгізіледі. Қышқыл топырақтарға 2-3-тен 8-10 тоннаға дейін әк қолданылады.

Көңді толық, фосформен калийдің қажетті мөлшерінінің жартысын сүдігер жырту алдында беріп, қалған минералды тыңайтқыштар көлемін көктемгі қопсытуда тұқым себу кезеңінде қатарға және үстеп қоректендіруде пайдаланылады.

Калий тыңайтқыштарын ол жетіспейтін топырақтарда ғана пайдаланылады. Қышқыл күлгін топырақты жерлерде қолданған молибден тыңайтқышы түйнектік бактериялардың ауа азотын байлау қабілетін күшейтеді, фотосинтездің екпінді жүруіне жағдай жасайды. Ол үшін 40-50 г молибденнен 1, 0-1, 5 л ыстық суда ерітінді дайындалады да тұқымды себер алдында нитрагинмен өңдегенде молибден ерітіндісін қоса береді.

Топырақ өңдеу. Майбұршақ топырағын өңде жүйесі мүмкіндігіне қарай терең және қопсытылған топырақ қабатын қалыптастыру, арамшөптермен тиімді күресу, топырақта ылғал жинау мен сақтау шараларын қамтамасыз етуге бағытталады. Көпжылдық арамшөптерді аз жерлерде алғы дақылды жинап алған соң бір рет 6-8 см тереңдікке ЛДГ-10, ЛДГ-15 құралдарымен сыдыра жыртады, екінші рет арамшөп өне бастағанда БДТ-7, 0 немесе БДТ-10 тырмаларымен 10-12 см тереңдікке тырмалайды. 10-15 күн өткеннен кейін ПТК-9-35 немесе ПЛП-6-35 соқаларымен 25-27 см тереңдікке сүдігер жыртады.

Топырақтың жырту қабаты таяз болса, танапты терең қопсытып барып толық тереңдікке жыртады. Жүгеріден босаған егістік жерді қарама-қарсы бағытта сыдыра өңдейді де, 27-30 см тереңдікке соқамен жыртады. Күзде мүмкіншілік болған жағдайда арамшөптерді жою және топырақты ұнтақтату мақсатында 1-2 рет жырту бағытына 30˚ сыдыра өңдейді. Құрғақшылықты аудандарда сүдігерде қар тоқтатылады.

Тұқымды себуге дайындау, себу. Майбұршақтың себуге арналған тұқымын бөгде қоспалардан тазартып, аскохитоз, фузориоз, сұршірік, бактериоз және басқа ауруларға қарсы тұқым себуден 3, 5 ай бұрын 50%-дық немесе 80%-дық фундозал және 80%-дық ТМТД препараттарымен залалсыздандырады. Себу алдында қолданылатын нитрагин препратарына кері әсерінтигізбеу мақсатында бұл препараттармен ерте өңдейді.

Суару. Құрғақшылық аймақтарда суаруды пайдалану өте тиімді, өнімділік екі есеге дейін көтеріледі. Майбұршақты оңтайлы ылғалмен қамтамасыз ету ережесі:гүлдегенге дейін топырақтың 50-70 см қабатында ылғалдылықты ең төменгі ылғал сиымдылықтың 70% деңгейінде ұстап тұру, ал гүлдену - тұқым толысу кезеңінде - 80%. Майбұршақтың ылғалды ең көп қажет ететін мерзімі гүлдену, бұршаққап пайда болу және тұқымның толысуы кезеңдеріне сәйкес келеді.

Өнімді жинау. Майбұршақ піскен кезде оның жапырақтары сарғайып түсіп қалады, сабағы мен бұршаққаптары қоңырланады, тұқымдарында сортқа тән түс қалыптасады, қатаяды. Піскен бұршаққаптар жарылмайды, дәні шашылмайды. Тұқымдары біркелкі піспейтіндіктен, жинауды жеделдету үшін хлорат-хлорид кальциін пайдаланып, егістікті АН-2 ұшағымен десикация жасайды.

Майбұршақтың бұршаққаптары толық піскенде комбайн мен тікелей жинайды. Бөлектеп жинау тәсілі майбұршақ өсімдігінің сабақтары мен бұршаққаптары сарғайған кезеңде қолданылады.

Егін жинау кезінде - ақ тұқымды қоспалардан тазартады. Тұқымды ылғалдылығы 13-14% болғанша кептіреді де сақтайды. Сақтау үшін қойма құрғақ және жақсы желдетілетін болуы қажет.

2. 2 Үрмебұршақ дақылы және өсіру технологиясы

Халық шаруашылығындағы маңызы. Үрмебұршақ бағалы тағамдық дақыл. Тағамдық мақсатқа оның дәні мен толық пісіп-жетілмеген бұршағын пісірген және консервіленген күйінде пайдаланады. Үрмебұршақ дәнінде 30 % дейін ақуыз және дәрумендер мен амин қышқылдары болады.

Үрмебұршақ жақсы піседі, ағзаға жеңіл сіңіріледі және жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді. Оның жапырағынан лимон қышқылын алады. Кәдімгі үрмебұршақтың көк балаусасы мен сабанын мал жемейді, бірақ азиялықтобының кейбір түрі малғажемге жарайды. Үрмебұршақты жасыл тыңайтқыш ретінде, ал оның кейбір формаларын әсемдік мақсатта егуге болады. Отамалы және азот жинайтын осімдік болғандықтан, үрмебұршақ дәнді жөне отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл.

Үрмебұршақ-Америка континентінің өсімдігі. Ол ертеден бері Оңтүстік және Орталық Америка елдерінде өсіріледі. 16 ғасырдың аяғында үрмебұршақ Еуропаға әкелінді, ал 17-18 ғасырларда Ресей территориясына ендірілді.

Үрмебұршақтың ұсақдәнді тобы (маш) 5-6 мың жыл бұрын Оңтүстік Азия елдерінде (Индия, Қытай, Жапон) өсіріле бастаған.

Үрмебұршақтың дәндік өнімі гектарына 12-15 ц, ал жоғары агротехникада ол 20-25 ц дейін жетеді.

Үрмебұршақ еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі.

Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Үрмебұршақтың (Phaseolus L. ) дақыл ретінде келесі түрлері таралған.

Кәдімгі үрмебұршақ (Р. vulgarus Savi. ) . Бұталыжәне шырмалып өсетін формалары бар.

Кепгүлді үрмебұршақ (Р. Multiflorus Wild) - ұзын шырмалған сабақты, ақ және қызыл гүлді, өте ірітұқымды. 1000 дәннің массасы 700-1200 г.

Істікжапырақты үрмебұршақ, немесе т е п а р и (Р. acutiflorus A. Grad. ) . Бұталы формалары бар, бұршақбастары жалпақ, тұқымы салыстырмалы ұсақ. 1000 дәннің массасы 100-140 г. Құрғақшылыққатөзімді.

Лимдік, немесе айтөрізді үрмебұршақ (P. lunatus L. ) . Тағамға пайдаланылады, бұршақбастары сопақ, қысқа және жалпақ (жарты айлы), 2-3 дәнді, жеңіл жарылғыш.

Сары үрмебұршақ (Р. Aureus Piper. ) (Орта Азияда-маш) ұзын жіңішке бұршақбасты және ұсакдәнді. 1000 дәннің массасы 30-60 г. Орта Азия мен Закавказьеде тағам ретінде пайдаланылады, сабаны малға жем.

Біздің елімізде негізінен, көбіне өздігімен тозаңданатын кәдімгі үрмебұршақ өсіріледі. Өсімдікте бұршақбастар төмен орналасқан, бірмезгілде піспейтіндіктен оларды жинау біршама қиындықтар туғызады.

Кәдімгі үрмебұршақ - біржылдық бұршақ өсімдігі (18-сурет) . Оның бұталы, шырмалатын жөне жартылай шырмалатын формалары болады. Бұталы формаларының сабағы жатып қалмайды, биіктігі 50 см дейін. Жапырағы -үш салалы. Гүлшоғыры - 2-3 гүлді шашақгүл. Гүлдері ақ, алқызыл. Жемісі - бұршақбас. Бұршақбастары - ұзын, домалақ немесе жалпайған, түзу немесе иілген болып келеді.

Дәнінің формасы - жұмыртқа және бүйректәрізді, көлемі орташа немесе ірі. 1000 дәннің салмағы 200-480 г. Түсі - ақтан қараға дейін, кейде түрлі түсті.

Үрмебұршақ - өздігінен тозаңданатын, ұзақ күнді сорттары болғанымен қысқа күн өсімдігі. Ол сонымен қатар жылусүйгіш дақыл.

Вегетациялық кезеңі сортына байланысты 75-120 күн.

Дәні 10°С төңірегіндегі температурада өнеді. Өсімдік көгі 0°С зардап шегіп, 0, 5-1 °С үсікке шыдамай өледі.

Үрмебұршақ құрғақшылыққа асбұршақтан гөрі төзімдірек, бірақ гүлдеу мен ұрық байлау кезеңдеріндегі қуаңшылықты нашар көтереді. Өте жылусүйгіш, ыстық пен құрғақшылыққа төзімді үрмебұршақ түрлеріне маш (сары үрмебұршақ) пен тепари жатады.

http://ok-t.ru/studopediaru/baza5/2630790464143.files/image008.jpg

Үрмебұршақ

Үрмебұршақ кейде көлеңкелегенді жақсы көтеретіндіктен, оны аралас егісте өсіруге болады. Ол топырақ талғайды. Жеңіл қара топырақ пен құмбалшықты құнарлы әгі мол топырақтарды жақсы көреді. Топырақ ерітіндісінің қолайлы реакциясы бейтарап және өлсіз сілтілі (рН 6-7, 5) .

Қазақстандағы кәдімгі үрмебұршақтың аудандастырылған сорттары - Грибовская 92 және Триумф сахарный 764. Осылармен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында сары үрмебұршақтың (маш) бір ғана сорты - Победа 104 есіріледі.

Агротехникасы. Үрмебұршақ отамалы дақылдың дәл өзі болғандықтан, ауыспалы егісте күздіктер, қант қызылшасы, картоп және тағы басқалардан кейін, отамалы танаптан орын алады. Жазы ұзақ және ылғалы жеткілікті аудандарда үрмебұршақтың ерте сорттарын сүрі жер дақылы және аңыздық аралықдақыл ретінде егуге болады. Үрмебұршақ жылусүйгіш дақыл болғандықтан, кеш себіледі, оның топырағын өңдеу де кеш жаздықтардікіндей.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асбұршақ
Күздік бидай және қара бидай
Бұршақты өсіру технологиясы
Дәнді дақылдарды стандарттау
Майбұршақтың арамшөптерден тазалау
Бұршақ тұқымдасының тех
Топырақ құрамындағы ауыр металдардың май бұршаққа әсерін бағалау
Жұмсақ бидайдың алғы дақылы, топырақ өңдеу агротехнологиясы және арамшөптермен күресу шаралары
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Алматы облысы, Іле ауданының табиғи-климат жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz