Өскемен қаласына сырттан әкелінетін көкеністер мен жемістерінің нитраттармен ластануы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Экология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНА СЫРТТАН ӘКЕЛІНЕТІН КӨКЕНІСТЕР МЕН ЖЕМІСТЕРІНІҢ НИТРАТТАРМЕН ЛАСТАНУЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 НИТРАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ . . . 6

1. 1 Нитраттар ұғымына түсініктеме . . . 6

1. 2 Нитраттардың негізгі көзі . . . 8

1. 3 Нитраттардың адам ағзасына рұқсат етілген мөлшері . . . 12

1. 4 Адам ағзасындағы нитраттар метоболизмі . . . 15

1. 5 Азот қосылыстарының адам ағзасына кері әсері және нитраттармен

улану . . . 17

2 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНА СЫРТТАН ӘКЕЛІНЕТІН КӨКЕНІСТЕР МЕН ЖЕМІСТЕРДІҢ НИТРАТПЕН ЛАСТАНУЫН АНЫҚТАУ . . . 21

2. 1 Көкеністер мен жеміс-жидектердегі нитраттардың шекті рауалы деңгейі. . 21

2. 2 Өсімдіктердің нитраттарды жинақтаудағы биологиялық ерекшеліктері . . . 24

2. 3 Көкеністер мен жеміс-жидектер құрамындағы нитраттарды анықтаудың

әдіс - тәсілдері . . . 30

2. 4 Шығыс Қазақстан облысының өсімдік өнімдерінің қауіпсіздік жағдайының талдауы . . . 35

2. 4 Өскемен қаласының көкеністері мен жеміс-жидектерінің құрамындағы нитрат мөлшерін иономерлік әдіс-тәсіл арқылы анықтау . . . 38

2. 5 Көкеністер мен жеміс-жидектер құрамындағы нитрат мөлшерін азайтуға бағытталған ұсыныстар . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53

ҚОСЫМША А . . . 56

ҚОСЫМША Б . . . 57

ҚОСЫМША В . . . 58

ҚОСЫМША Г . . . 59

ҚОСЫМША Д . . . 60

КІРІСПЕ

Көкеністер мен жеміс-жидектер адам ағзасын дәрумендер, микроэлементтер, пектиндер, органикалық қышқылдар сияқты қажетті заттармен қамтамасыз ететін негізгі көз болып табылады. Алайда осы аталған өсімдік түрлері арқылы адам ағзасының қалыпты өмір сүруіне зиянын тигізетін нитраттар мөлшері де көп түседі. Табиғаттағы азот айналымының бір тармағы болып табылатын нитраттар дені сау адам ағзасында тез сіңіріліп, тез сыртқа шығарылады. Адам ағзасына рұқсат етілген тәуліктік мөлшері 1 кг адам массасына - 5 мг нитрат. Бірақ, нитраттардың адам ағзасына ұзақ әрі көп мөлшерде түсуі денсаулықта үлкен ақаулықтарды туғызуы мүмкін [3; Б. 5] .

Өскемен қаласында сатылатын көкеністер мен жеміс-жидектердің көбі Орта Азия елдері: Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан т. б. тасымалданады.

Көшетханаларда азотты тыңайтқыштармен аса көп мөлшерде байытылып, қолайсыз жағдайларда өсірілген олардың біраз бөлігінде нитраттар мөлшері шекті мөлшерден асып кетеді. Әрі Қазақстанға тасымалдану барысында қалыпты, біркелкі температураны қолдануға мүмкіншілік жоқ болғандықтан көкеністер мен жеміс-жидектердегі нитраттар мөлшері еселене түседі. Осындай көкеністер мен жеміс-жидектерді пайдаланған адам ағзасына 70-80 пайыз нитраттар түседі. Жеке-дара олар адам ағзасына еш қауіпсіз, себебі бұл қосылыстардың көп бөлігі зәр арқылы сыртқа шығарылады (65-90 пайыз күніне) . Алайда, пайдаланылатын жемістер мен көкеністерде нитраттар мөлшері көп болса, олардың біраз бөлігі (5-7 пайыз) ас-қорыту жүйесінде аминдер және амидтермен өзара әсерлесуге түсіп, ағзаға қауіпті нитриттерге (азотты қышқыл тұздарына) айналып кетуі мүмкін. Қанға түскен нитриттер II валентті темірді III валенттіге дейін тотықтырады. Соның нәтижесінде оттегіні ұлпалар мен мүшелерге тасымалдай алмай, тұншықтыруға әкелетін метгемоглобин түзіледі. Өмірге деген қауіп қандағы метгемоглобиннің мөлшері 20 пайыз және одан асса туындайды. Бұл кезде адамның қан қысымы төмендеп, бауыр функциясы бұзылады, күш қуаты мен ақыл-ой белсенділігі төмендейді.

Әсіресе, нитраттар мен нитриттерге ерте жастағы балалар сезімтал,

себебі олардың ферментативті жүйесі әлсіз функцияналданған. Балалардан басқа нитриттармен улану қаупі жоғары топқа жүрек-қан тамыр, тыныс алу ауруларымен ауыратын адамдар, аяғы ауыр әйелдер, егде адамдар жатады. Себебі, олардың ағзасында мүшелер мен ұлпалар азот немесе азотты қышқылдың әсерінсіз-ақ оттегімен жеткіліксіз тасымалданады [8; Б. 154] .

Жұмыстың негізгі мақсаты Өскемен қаласына сырттан әкелінетін көкеністер мен жеміс-жидектердің жекелеген түрлерінің нитратпен ластануын анықтау болып табылады.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды :

- нитраттардың негізгі көздерін анықтау;

- азот қосылыстарының адам ағзасына кері әсерін көрсету;

- Өскемен қаласына сырттан әкелінген кей көкеністер мен жеміс- жидектер құрамындағы нитраттар мөлшерін есептеу;

- көкеністер мен жеміс-жидектердегі нитраттарды төмендететін шараларды ұсыну.

Жұмыстың зерттеу объектісі болып Өскемен қаласына сырттан тасымалданатын көкеністер мен жеміс-жидектер құрамындағы нитрат мөлшері табылады.

Зерттеу нысаны ретінде көкеніс және жеміс-жидек дақылдары алынды.

Осы жұмыста зерттеудің теориялық, экспериментальды, аналитикалық-зертханалық әдістері қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, эколог, биолог, химик, биотехнологтардың өсімдіктер, көкеніс пен жеміс-жидектер, азот қосылыстары туралы ғылыми еңбектері, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, озат ғалымдардың іс-тәжірибелері негізінде құрылды. Өндірістік іс-тәжірибе барысында зерттеуге қажетті ақпараттар алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы а лғаш рет Өскемен қаласына сырттан

әкелінетін көкеністер мен жеміс-жидектердің жекелеген түрлерінің құрамындағы нитраттар мөлшері анықталып, олардың қалыпты деңгейден қандай мөлшерде асып түсетіндігі есептелінді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы берілген зерттеу жұмысының мәліметтерін Шығыс Қазақстан аумағының санитарлық - гигиеналық қадағалау орталықтарында пайдалануға болуында.

Зерттеу жұмыстарының қорытындылары Ұлы Отан соғысының 60 жылдық жеңісіне арналған студенттердің ХІV ғылыми конференциясында «Өскемен қаласына сырттан әкелінген көкеністер мен жеміс-жидектердің нитратпен ластануы» тақырыбымен (Өскемен, 2005) ; Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінің 17 Студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Өсімдіктердің нитраттарды жинақтаудағы биологиялық ерекшеліктері» тақырыбымен (Өскемен, 2008) баяндалып, апробацияланған.

Диплом жұмысы кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшаларды қамтиды.

1 НИТРАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ

1. 1 Нитраттар ұғымына түсініктеме

Нитраттар - азот қышқылының (HNO 3 ) тұздары мен эфирлері, кез келген өсімдіктердің өсуіне қажетті табиғи компонент. Сілтілік металдар мен нитраттары II топ негізгі топшасы металдары - кальций және басқалары -көбіне селитралар деп аталады. Нитраттардың барлығы суда жақсы ериді. Нитраттарды концентрациялы күкірт қышқылымен қосып қыздырғанда ұшқыш азот қышқылы бөлініп шығады:

NaNO 3 +H 2 SO 4 = NaH 2 SO 4 +HNO 3

Буды салқындатқандатқанда түтінденген азот қышқылы алынады. Азот қышқылын химия лабораториясында осылай алады, ал бұрынғы кезде оны химия заводтарында да табиғи натрий нитраттынан осылай алған.

Нитраттарға тән қасиет - қыздырғанда ыдырап, басқа заттармен қатар оттегі түзуі.

Нитраттар топырақтың кез келген түрінде, сонымен қатар ондағы өсетін барлық өсімдіктер құрамында кездеседі. Түзілуіне байланысты нитраттар 2 топқа бөлінеді: органикалық және бейорганикалық.

Бейорганикалық нитраттар - түссіз кристалды заттар, бөлме температурасында тұрақты, жоғары температурада оттегін тез бөліп, күшті тотықтырғыш болады. Мысалы, 2 KNO 3 = 2 KNO 2 +O 2. Барлығы суда жақсы ериді. Қопарғыш заттар алуда, тыңайтқыштар ретінде кеңінен қолданылады.

Органикалық нитраттар - молекуласында бір немесе бірнеше ONO 2 тобы органикалық радикалдармен байланыста болатын қосылыстар түссіз, ашық сары түсті, жағымды иісі бар сұйықтар, суда мүлдем ерімейді, тек эфир мен спирттерде ғана ериді. Көпшілігінің қопарғыштық қасиеті басым, термиялық тұрақты емес. Спирт немесе фенолдың азот қышқылымен әрекеттесуінен алынады [27; Б. 16] .

Нитраттар өсімдіктердің азотты қоректену агенттері ретінде натрийлі

селитра (NaNO 3 ), калийлі (KNO 3 ), аммониялы (NH 4 NO 3 ) және селитраның

кейбір басқа түрлері қолданылады.

Нитраттардың өсімдіктерге қарқынды түсуі олардың алмасу үрдістеріне толығымен қатыспай, жапырақтарға, сабақтар мен тамырларға жиналып қалуына әкеледі. Тікелей өсімдіктер үшін нитраттардың шамадан тыс мөлшері айтарлықтай қауіп туғызбайды, алайда олар жылы қандылардың ағзасына қорекпен бірге түскенде аминдер және амидтермен өзара әсерлесуге түсетін едәуір улы нитриттерге айналады (аммиактардың радикалдармен немесе металдармен өзара әсерлесу өнімдері) . Нәтижесінде нитрозоқосылыстардың - нитрозоаминдер мен нитрозоамидтердің түзілуі мүмкін.

Мұндай тағамдық өсімдікті ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейінгі адам ағзасында нитраттардың жинақталуы зат алмасудың ауыр түрде бұзылуын, аллергияны, жүйке жүйесінде ақаулықтарды тудырады. Нитроза-қосылыстарға келсек бірқатар жағдайларда олар зиянды түзілістер, асқазан обырын, ақ қан ауруын тудырады.

Нитраттардың негізгі көзі болып NO 3 ионы бар минералдық тыңайтқыштар табылады. Нитраттар әсіресе көшетханада өскен өсімдіктерде көп кездеседі. Нитраттардың улылығы жоғары емес, бірақ адам ағзасында бактериялардың әсерінен жеңіл нитриттерге (NO 2 ) әрекеттесіп, нитрозаминдер түзеді. Нитрозааминдер қазіргі кездегі белгілі канцерогендердің ең күштілерінің бірі. Нитриттер сонымен қатар қанның гемоглобинімен әректтесіп, екі валентті темірді, үш валентті темірге айналдырады. Соның нәтижесінде оттегіні ұлпалар мен мүшелерге тасымалдай алмай, тұңшықтыруға әкелетін метгемоглобин түзіледі. Өмірге деген қауіп қандағы метгемоглобиннің мөлшері 20 пайыз және одан асса туындайды. Бұл кезде адамның қан қысымы төмендеп, бауыр функциясы бұзылады, күш қуаты мен ақыл-ой белсенділігі төмендейді [18; Б. 41] .

Ет пен балықты тұздағанда нитриттер (NaNO 2 ) қолданылады. Олар еттің табиғи түсін сақтайды және бактериялды улардың енуіне көп кедергі жасайды. Тағам өндірісінде азоттық бояулар тәттілер мен кремдерге қосылады. Мұндай

қосылысты тағамдарды қолданған адамдарда демікпе ауруы туындауы мүмкін.

1. 2 Нитраттардың негізгі көзі

Өсімдіктерде нитраттардың шоғырлануы топырақ құрамында көп мөлшерде азоттың болуына байланысты. Азотты тыңайтқыштардың көп мөлшерде қолданылуы өнімнің сандық көрсеткіштерін жоғарлатқанымен, оның қоректік, технологиялық және гигиеналық құндылықтарын төмендетеді. Өнімнің жиналуы мен сақталуына да көп зияндығын тигізеді. Сонымен қатар топырақты азотпен құнарландыру жерасты суларының ластануына әкеп соғады. Бұл қазіргі кезде бүкіл әлемдегі ұшыққан мәселелердің бірі. Өсімдіктер көп мөлшерде азотты пайдаланған жағдайда бірден жағымсыз әсерлерді байқауға болады. Бұл өсімдіктердің генетикалық ерекшеліктері мен азотты қалыпты физиологиялық тұрғыда пайдалана алмауына байланысты. Сол себепті жүйелі түрде топырақтағы азот мөлшерін қадағалап, әртүрлі технологиялық әдіс-тәсілдердің нәтижесінде оны қалыпты күйде сақтау қажет. Ол өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуының негізгі критерийлерінің бірі болып отыр. Өсімдіктер өндірісінде ең біріншіден қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшерін, қолдану уақыты мен пайдалану тәсілдерін оптимизациялау керек. Топыраққа азотты енгізу барысында сол уақыттағы топырақтағы азот мөлшерін ескеру мен қатар, одан қандай пайда түсетіндігін де ескерген жөн. Ғылымдар жүйесінде белгілі мөлшерде азотты тыңайтқыштарды қолдану өте пайдалы екендігі түсіндірілген, алайда бұл іс-тәжірибеге келгенде жүзеге аспай қалады.

Азот - өсімдіктер тіршілігіндегі ең негізгі элементтің бірі болып табылады. Ол өсімдіктерде ақуызды түзетін амин қышқылдарының синтезі үшін және жасыл өсімдіктерде жүретін ең негізгі функция - фотосинтезге қажетті хлорофил дәндерін түзу үшін қажет. Оның әртүрлі дәрумендер түзуінде де маңызы үлкен. Азот жетіспеушілігі өсімдіктердің өсуін тежейді. Онымен аз қамтамасыз етілген өсімдіктердің реңі ашық жасыл немесе сарғыш түстес болып келеді, вегетативті дамуы қалыпты өсімдіктерге қарағанда тез аяқталып, физиологиялық тұрғысынан өңі солған болады. Өсімдіктердің азотпен қалыпты түрде қамтамасыз етіліп отыруы хлорофилдердің мөлшерін көбейтіп, фотосинтездің белсенділігін арттырады, жапырақтарының сыртқы бөліктерінің ассимиляциясын жоғарылатып, өсу уақытын арттырады. Азотты өсімдіктер топырақтан минералды тұздар (азотты және аммиакты) ретінде алады. Өсімдікте азот күрделі өзгерістерге ұшырайды. Өсімдіктердегі азот метоболизмі күрделі процесс, нитраттар онда аралық орынды ғана алады.

HNO 3 - HNO 2 - (HNO) 2 - NH 2 OH + NH 3

(нитрат) (нитрит) (гипонитрит) (гидроксиламин) (аммиак)

Нитраттар өсімдіктерде нитриттерге дейін қалыптасады. Бұл процесске әртүрлі металлдар қатысады (молибден, темір, мыс, марганец) . Қалыптасу процесінде көп көмірсутек мөлшері жоғалтылады. Себебі, онда көміртегі негізгі көзі болып табылатын энергияның көп мөлшері жоғалтылады. Нитриттар өсімдіктерде шоғырланып, олардың өсуіне үлкен жағдай туғызады. Әртүрлі түрленулерден өткен нитриттер аммиакты түзеді. Аммиакты орыс ғалымы Д. М. Прянишников өсімдіктердің қоректенуінің альфасы мен оммегасы деп атаған.

Нитраттардың қазіргі негізгі көзі болып - NO 3 ионы бар минералдық тыңайтқыштар болып отыр (Кесте 1-де көрсетілген) .

Кесте 1

Құрамында азот болатын тыңайтқыштар

Тыңайтқыш аты
Химиялық құрамы
Тыңайтқыш аты: Жай
Тыңайтқыш аты: Қатты
Тыңайтқыш аты: Аммиак селитрасы
Химиялық құрамы: NH 4 NO 3
Тыңайтқыш аты: Карбамид (мочевина)
Химиялық құрамы: (NH 2 ) 2 CO
Тыңайтқыш аты: Аммоний сульфаты
Химиялық құрамы: (NH 4 ) 2 SO 4
Тыңайтқыш аты: Натрий селитрасы
Химиялық құрамы: NaNO 3

Кесте 1 жалғасы

Тыңайтқыш аты
Химиялық құрамы
Тыңайтқыш аты: Кальций селитрасы
Химиялық құрамы: Ca(NO 3 ) 2
Тыңайтқыш аты: Сұйық
Тыңайтқыш аты: Сұйық сусыз аммиак
Химиялық құрамы: NH 3
Тыңайтқыш аты: Аммиак суы
Химиялық құрамы: NH 3 +H 2 O
Тыңайтқыш аты: Аммиак селитрасы мен аммиактың судағы ерітіндісі
Химиялық құрамы: NH 4 NO 3 + NH 3 +H 2 O
Тыңайтқыш аты: Комплексті
Тыңайтқыш аты: Калий селитрасы
Химиялық құрамы: KNO 3
Тыңайтқыш аты: Аммофос
Химиялық құрамы: (NH 4 ) 2 HPO 4 +NH 4 H 2 PO 4
Тыңайтқыш аты: Аммофоска
Химиялық құрамы: (NH 4 ) 2 HPO 4 +NH 4 H 2 PO 4 +KCL
Тыңайтқыш аты: Нитроаммофос
Химиялық құрамы: NH 4 H 2 PO 4 +NH 4 NO 3
Тыңайтқыш аты: Нитроамофоска
Химиялық құрамы: NH 4 H 2 PO 4 + NH 4 NO 3 +KCL

Нитраттар әсіресе көшеткілерде өсетін өсімдіктерде көп кездеседі. Олар өсімдіктерге азотты тыңайтқыштар арқылы келіп түседі. Азотты тыңайтқыштардың 5 түрі қолданылады: аммиакты, аммонийлі, нитратты, аммонийлі-нитратты, амидты. Сонымен қатар аммиакаттар мен азотты ерітінділердің құрамына кіретін қоспа түрлері де болуы мүмкін.

Азот тыңайтқыштары. Өніп-өсуі үшін қажетті азотты өсімдік топырақтан көбіне нитраттар және аммоний тұздары күйінде алады. Азоттық қоректік заттардың тиімділігі осы қосындылардың түрлеріне және өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Түрлі топырақтағы азот мөлшері де түрліше. Топырақтың көптеген түрі өсімдікті азотпен қамтамасыз ете алмайды, сондықтан ол топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыш ретінде енгізіліп отырады.

Аммиакты тыңайтқыштардан сусыз аммиак пен аммиакты су

қолданылады. Біріншісінде 82, 3 пайыз азот бар, ең концентірленген және арзан тыңайтқыш болып табылады. Қалған 17, 7 пайызы оның құрамына кіретін

көмірсутек. Дұрыс қолданыстағы тыңайтқыштың пайдасы көп, алайда оны

көкеністерге қолдануда шектеу жасау қажет [21; Б. 13] .

Кең қолданысты тыңайтқыштың бірі - аммонийлі тыңайтқыштар.

Аммонийлі тыңайтқыштардан тиімді тыңайтқыш ретінде құрамында 20, 5пайыз азоттан тұратын күкірт қышқылды аммоний - (NH 4 ) 2 SO 4 табылады. Бұл тыңайтқыш түрі барлық көкеністерге қолдануға болады. Әсіресе картоп өсіруде қолданған тиімді, себебі тыңайтқышта азот пен күкірт бар. Аммоний сульфаты немесе күкірт қышқылды аммоний. Бұл ақ түсті кристалл ұнтақтың құрамында 20, 5-21пайыз азот бар, ол суда жақсы ериді, ылғалдылығы әдеттей болғанда (0, 1-1, 5 пайыз) жабысып қалмайды. Құрғақ күйінде оңай шашылады.

Аммонийлі-нитратты тыңайтқыштаға құрамында 34, 5 пайыз азот бар аммиак селитрасы жатады. Аммиак селитрасы - азотқышқылды аммоний. Құрамында 34-34, 5 пайыз азот болады. Оны өндіріс түйіршектелген күйінде шығарады. Түсі - ақшыл немесе сарғыш. Суда жақсы ериді. Бұл азот тыңайтқыштары ішінде неғұрлым тиімдісі, оған осал қышқыл реакция тән. Механикалық құрамы жеңіл, жер асты суы жақын орналасқан, азоттың шайылып кетуі мүмкін алқаптарға амиак селитрасын алдын енгізудің қажеті жоқ. Аммиак селитрасында азоттың көп бөлігі аммоний түрінде болғандықтан, оның құрамынан нитраттар натрий селитрасына қарағанда аз шайылады.

Амидті тыңайтқыштардың ішінде ең көп тарағаны мочевина, оны кейде карбамид деп те атайды. Мочевина - азотқа аса бай келетін азот тыңайтқышы, оның құрамындағы азот 46 пайыз-ға жетеді. Топырақта мочевина тез көмірқышқылды аммонийге айналады, ол нитралданады. Өсімдікке тигізетін әсеріне қарағанда мочевина әсері елеулі болатын тыңайтқыш, ол аммиак селитрасымен тең түседі [3; Б. 13] .

Ғылыми зерттеулер нәтижесінде картоп егілетін алқапқа азот тыңайтқыштарынан аммоний сульфатын, аммиак селитрасын және мочевинаны енгізудің тиімді болатынын көрсетті. Дұрыс қолданған жағдайда аммиак селитрасы арқылы картоптың әр тоннасы қосымша 18-20 тонна түйнек алуға мүмкіндік береді. Өсімдіктердегі азот мөлшерін амиакты әкті тыңайтқыш ретінде қолданғану барысында 2, 4 есеге төмендетуге болады. Себебі оның арқасында нитрофиксация процесінің нәтижесінде дидин-ингибитор түзіледі. Аталған ингибитор аммонийдің ыдырауын бірнеше жұмаға тежейді. Ол топырақ пен өсімдіктерге аса қауіпсіз болып табылады және өсімдіктер пайдаланатын қосылыстарды түзеді.

Азотты тыңайтқыштарды қолданған кезде оның аз әсерлі түрлеріне көңіл аударған жөн (карбомидформ, ), гранулалы және капсулалы түрлеріне. Ең бастысы азоттың өсімдіктерге түсуі ұзақ уақыт ішінде өтуі қажет. Арнаулы заттармен қапталған гранулалар тыңайтқыштардың топырақта тез ыдырап кетпеуіне жол береді. Мысалы, баяу әсер ететін мочевинаформальдегид тыңайтқышын қолданғанда қырыққабат пен қызылшада құрамындағы нитраттар біраз төмендейді.

Басқа көкеністермен салыстырғанда қияр нитраттарды аз шоғырландыратын көкеніс. Тіпті, азоттың үлкен мөлшерлерін енгізсе де бұл көрсеткіш аса өсе қоймайды. Азотты тыңайтқыштарды енгізудің оптималды мөлшері 90 кг/га.

Картоп өсірген кезде 80г/10м 2 азотты қолдану ұсынылады. Азотты аммиакты түрлерін қолданудан бас тарту керек, себебі ол картоп түйіндерінде нитраттардың шоғырлануына әкеледі.

Жасыл өсімдіктерді аса қадағалықпен өсіру қажет. 50 кг/га азоттан артық пайдалануға болмайды. 160 кг/га азотты тыңайтқышты қолданғанда салаттағы нитрат мөлшері 1100-2400 мг/кг -ға дейін өседі.

1. 3 Нитраттардың адам ағзасына рұқсат етілген мөлшері

Көкеністер мен жеміс-жидектердегі нитраттар мөлшері белсенді

агротехнологияға байланысты. Дүниеде бірдей адамдар болмайтындай,

көкеністер мен жеміс-жидектердегі нитраттар мөлшері де бірдей болмайды.

Ауылшаруалығы өнімдерінің құрамында агрохимикаттардың шекті мөлшерден

көп болуы топырақты баптау мен бақылау жүйесіне байланысты. Яғни, топырақ дұрыс бапталып, дұрыс бақыланса оның құрамындағы нитраттар мөлшері де аз болады. Бірақ кей жағдайларда ең күрделі бақылаудың өзінен жоғары концентрациялы зиянды заттары бар өнімдер өтіп кетуі де мүмкін. Себебі, бақылау таңдаулы, әрі оның ықтималдығы 99, 90, немесе 95 пайыз-бен өнімде нитраттар жоқ екендігіне кепілдік береді.

Тұтынушылар үшін барлық 100 пайыз көкеністердегі нитраттар мөлшері ШРК-дан аспауы қажет. Сонымен қатар нитраттардың кез келген мөлшері қауіпті болып келетін адамдар категориясы бар. Олар: жасқа дейінгі балалар, аяғы ауыр немесе бала емізетін әйелдер, қан айналым, тыныс алу, ас қорыту жолдары ауыратын адамдар.

Өнімдердегі агрохимикаттардың қалдықтарынан туындайтын қайғылы жағдайлар олардың концентрациясымен емес жануарға немесе адамға түскен зиянды заттар мөлшерімен анықталады. Ал оның тәуліктік мөлшері қалай анықталады? Егеуқұйрықтарға жүргізілгін тәжірибе бойынша, дені сау, ересек адам өзінің дене массасының әр 1 килограммына 4 милиграмм нитратты пайдалануына болады, яғни бұл тәуліктік рұқсат етілген мөлшер болып табылады. Красовский Г. Н. -де ересек адамға нитраттардың тәуліктік рұқсат етілген мөлшері дене массасының әр килограммына 4 мг. екендігін айтқан. 6 айға дейінгі балаларға құрамында нитраттары бар су немесе көкеністер мен жемістерді мүлде пайдалануға болмайды. Мектепке дейінгі балаларға нитраттардың тәуліктік рұқсат етілген мөлшері дене массасының әр килограммына 0, 2 мг. Иттерде жүргізілген тәжірибе бойынша омыраудағы балаларда қолданылмайтын нитраттардың максимады тәуліктік мөлшері бала дене массасына 1, 89 мг/кг-ға тең. Зерттеулер нәтижесінде нитраттарды жануарлар мен омыраудағы балалардың қабылдауы әртүрлі болуына байланысты, бұл мөлшер қолданысқа енгізілмеген [3; Б. 28] .

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бойынша нитраттардың тәуліктік

рұқсат етілен мөлшері ересек адамның әр дене массасына 5мг. БҰҰ-ның

өндірістік және ауылшаруашылық комиссиясының шешімі бойынша 1 тәулікте адамға рұқсат етілген нитраттардың шекті рауалы деңгейі - 500 мг. ТМД елдерінде ересек адамға белгіленген тәуліктік нитраттардың мөлшері - 300 мг,

ал балаларға дене массасының әр бөлігіне - 5мг [8; Б. 41] .

Нитраттардың 60 килограмдық ересек адамға тәуліктік рұқсат етілген мөлшері:

  • Красовский Г. Н. бойынша - 4мг/кг*60кг=240мг/кг;
  • денсаулық сақтау ұйымы бойынша - 5мг/кг*60 кг=300мг/кг.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Семей өңіріндегі алғаш ашылған жәрмеңкелер
Нитратты тыңайтқыштар
Консерві өнеркәсібі
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Өскемен қаласының жер беті суының экологиялық жағдайына баға беру
Картоп өндірісі
Оқу (топографиялық, физика-географиялық) практикасы бойынша есеп
Тұрақты көздерден атмосфераға жылына шығатын зиянды заттардың мөлшері
Топырақтың табиғатта таралу заңдылықтары. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің негізгі топырақ зоналары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz