Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын оқушының математикалық білімін тереңдетуде, дамытуда пайдалану ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Компьютер көмегімен есеп шығару

технологиясын оқушының математикалық білімін тереңдетуде, дамытуда пайдалану ерекшеліктері

Жалпы, компьютердің көмегімен есепті шығаруға дайындау және шығару технологиясын саналы түрде түсіну және меңгеру оқушы бойында шығармашылық тұрғыда жұмыс істей білу қабілетін қалыптастырады. Осы процесте оқушының математикалық білімін сенімді қалыптастыруда, тереңдетуде және дамытуда бұл технологияның бастапқы бес кезеңінің (дайындық кезеңдерінің) алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезеңдер өздерінің мақсаты және міндеті мазмұндарына сәйкес оқушыдан тек шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуді ғана талап етіп етіп қоймайды, сонымен қатар, олардың белгілі бір деңгейдегі математикалық және жалпы білімдері, біліктіліктерінің болуын талап етеді. Тура осы кезеңдерде пән аралық байланыстар мазмұндық тұрғыда негізінен іске асырылады, математикадан материалдар қайталанылады, сенімді бекітіледі, кейбір теориялық мәселелер тереңдетіледі, математиканың басқа пәндермен байланысы және қолданбалық принциптері көрсетіледі, тереңдетіледі. Сондықтан, компьютер көмегімен шығаруға ұсынылған есептің қай саладан алынғандығына және оның бағытына сәйкес оқушыдан сол нақты пән, сала (мамандық) бойынша да бір шама теориялық білім және практикалық біліктілік деңгейі болуы қажет етілетіндігін атап айтып кетуіміз керек болады. Себебі, егерде оқушының (келешек студенттің немесе маманның) білім деңгейі қойылып отырған мәселені түсінуге жеткілікті болмаса, онда ол компьютер көмегімен математикалық есеп шығару технологиясының бастапқы бес кезеңін саналы түсініп орындай да және оны тиімді шығармашылық тұрғыда пайдалана да алмайды. Бұны мына төмендегі жағдайлардан байқауымызға болады.

Мысалы, осы технологияның бірінші кезеңі - есептің қойылуы кезеңін қарастырайық. Практика жүзінде қойылған есепті түсіну және оның негізгі шешуші факторлары (көрсеткіштері) негізінде мазмұнын қысқаша дұрыс тұжырымдай алу үшін нақты пән (мысалы, физика, химия, биология, география, т. с. с. немесе белгілі бір мамандық саласы) бойынша оқушыдан (студенттен) нақты білім және белгілі бір біліктілік деңгейі қажет етілетіндігі талассыз ғой деп ойлаймыз. Өйткені, оқушы/студент есептің мазмұнын дұрыс түсінген жағдайда ғана, оның мазмұндық ерекшелігін, онда нелердің бастапқы берілгендер, аралық шамалар және нәтижелер болатындығын, тағы да басқа қандай қосымша шарттарды ескеру қажеттігін, есептің нақты шешімінің нелер болатындығын дұрыстап толық анықтай алатын болады. Ал енді, қандай шарттардың орындалуында есептің бір ғана шешімінің болатындығын анықтау мәселесі оқушыдан/студенттен қойылған математикалық есеп мазмұнын одан да әрі тереңірек түсінуді қажет етеді.

Сонымен, есептің қойылуына дұрыс және тиімді талдау жүргізе алуы үшін оқушыдан (студенттен) математикалық білімге қосымша нақты басқа сала (пән, мамандық) бойынша да белгілі білім және біліктілік деңгейі талап етілетіндігін түсіндік қой деп ойлаймыз. Сол үшін оқушыға/студентке өз бетінше қосымша нақты және сәйкес мамандық пәндері бойынша да қайталау жүргізуі, олардың мазмұнын жақсы білуі, түсінуі және шығармашылық тұрғыда ойлана білуі, ізденуі, инициативалы жұмыс істей алуы қажет болады.

Келесі кезең - есептің моделін құру кезеңі. Есептің қойылуы кезеңінде жүргізілген талдаулар нәтижесі практикалық есептерді зерттеуге және оны формализациялауға, яғни оны өңдеуге ыңғайлы болатындай түрге келтіруге, оның ішінде, көп жағдайда қойылған есептің моделін құруға алып келеді. Модельдің және модельдеудің түрлері көп, соның ішінде, атап айтуымыз керек болады, мектеп курсында және бастапқы оқып-үйрену курстарында негізінен есептің математикалық моделін құру мәселесі қарастырылады. Өйткені оқушылар төменгі сыныптан теңдеулер құруға арналған есептермен таныс. Жалпы, есептің моделін құру деген сөз - сол есептегі бастапқы берілгендер мен оның шешімін (нәтижесін) байланыстыратын қатынастарды құру болып табылады. Осы жағдайға байланысты оқушы/студент есептің моделін құру есептің қойылуы кезеңінің тікелей логикалық жалғасы болатындығын жете түсінуі тиіс. Сонда ғана ол есептің моделін құру кезеңіне жете назар аударатын, оны дұрыс таңдай алатын және құра алатын болады. Мысалы, есептің математикалық моделі (жалпы, модельдеу теориясының өзі де үлкен мәселе екендігін оқырмандар жоғарыдағы модельдеу туралы келтірген қысқаша тұжырымдаулардан-ақ түсінеді ғой деп ойлаймыз) мына мәселелерді оң шешуге мүмкіндік беретінін оқушылар саналы түсінсе тіпті жақсы болар еді:

а) есепке қатысты берілгендерді толығынан анықтауды (нақтылауды, түгелдеуді) ;

б) берілгендердің структураларын дәл анықтауды;

в) есепті шешудің сандық әдісін (тәсілін, жолын) таңдауды;

г) есептеу алгоритмін тестілеуден өткізудің режимдерін толық анықтауды.

Осы, есептің математикалық моделін құруға байланысты айтылған мәселелерді оң шешу оқушыдан математика және нақты пәндер (физика, химия, биология, т. б. ) бойынша (немесе келешек мамандығы бойынша жеткілікті білім, біліктілік деңгейінің болуын, талдау жүргізе алу практикасын, ізденпаздықты, өз бетінше шешім қабылдай алуды және салқынқандылықпен тереңірек ойлануды, жалпы айтқанда, ) өз бетінше шығармашылық тұрғыда тиімді еңбек ете алуды қажет ететіндігін байқаймыз. Бұл факторлар оқушыларды өз бетінше шығармашылық тұрғыда еңбек етуге итермелейтін және математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыратын болады.

Ендігі келесі кезеңді - есепті шығарудың тиімді жолын немесе тиімді (оптимальді) әдісін таңдай білуді еске түсірейік . Бұл кезеңді тиімді меңгеру оқушыдан, біріншіден, негізгі сандық әдістердің негізін білуді, екіншіден олардың ерекшеліктерін саналы түсінуді, саралай алуды қажет етеді. Өйткені, математика курсынан белгілі, бір сол бір есепті (теңдеулерді, теңдеулер жүйесін, теңсіздіктерді, т. с. с. ) шешудің бірнеше әдістері (тәсілдері, жолы) болулары мүмкін, сондықтан есептің қойылуы және оның моделі ерекшелігіне сәйкес сол белгілі сандық әдістердің (тәсілдердің, формулалар тізбегінің) ішінен ең тиімдісін (қысқа жолын) таңдай білу де оқушыдан/студенттен өз бетінше шығармашылық тұрғыда талдаулар жүргізе білуді талап ететін болады.

Берілгендердің типін (структурасын) дұрыс анықтау және тиімді әдісті (тәсілді, жолды) таңдай білу тікелей компьютердің жұмысын (өңдеуді, есеп шығаруды) тиімді түрде ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік беретіндігін оқушы/студент саналы түсінуі, ал информатика пәні мұғалімі осы мәселені оларға жете түсіндіруі керек болады. Өйткені, алгоритмдеу және программалау технологиялары талаптары бойынша да есепті шешуге арналған программа мейлінше компьютер жадында аз орын алатын, машиналық уақытты көп алмайтын, жақсы (есептің қойылуы талабын қанағаттандыратын деңгейдегі) шешім беретіндей болуы қажет. Сол үшін пайдаланушы (оқушы, студент, маман немесе программист) есепті шешудің тиімді әдісін (тәсілін, жолын) саналы анықтай алуы тиіс. Тіпті. дайын формулалар тізбегімен жұмыс істеген кездің өзінде де ең қысқа есептеу жолын таңдай білуіміз керек болады. Ал енді теңдеулер (теңсіздіктер) немесе теңдеулер (теңсіздіктер) жүйелерімен тиімді жұмыс істей алу үшін пайдаланушының ең болмағанда негізгі белгілі сандық әдістерді білуі және оларды саналы түсінуі, таңдай және қолдана алуы қажет болатындығы дәлелдеусіз-ақ айқын болып отыр ғой деп ойлаймыз.

Сондықтан, оқушы/студент (пайдаланушы ретінде) өз бетінше компьютер көмегімен кез келген практикалық есептерді шығара алуы үшін кең тараған негізгі сандық әдістерді білуі және оларды практика жүзінде пайдалану ерекшеліктерін түсінуі, формулалар тізбегінен ең қысқа жолды таңдай алуы қарастырып отырған технологияның басты талаптарының бірі болатындығын байқаймыз. Бұл мәселелердің оң шешілуі оқушылардың/студенттердің жеке өз бетінше көбірек жаттығулар жүргізуі, орындауы және машықтануы арқылы ғана іске асырылатын болады.

Әрбір сандық әдістің өз ерекшелігі болады. Сондықтан қойылған есептің ерекшелігіне сәйкес негізгі белгілі сандық әдістердің ішінен ең тиімдісін таңдайтын боламыз. Осы айтылған талаптарды оқушы/студент тек өз бетінше жүйелі және шығармашылық тұрғыда еңбек еткен, ізденген жағдайда ғана орындай алатын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын математикалық білім сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері»
Компьютерде есеп шығару технологиясын математикалық біліктілікті тереңдетуде және дамытуда пайдалану
Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясын оқушылардың математикалық білім сапасын жақсартуда пайдалану
«Математикалық модельдер және сандық әдістер байланысы туралы»
Математикалық және компьютерлік модельдеу идеяларын математикалық білімді тереңдетуде пайдалану ерекшеліктер
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясы
Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясы туралы
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz