Ас қорыту жүйесі. Өңеш. Асқазан



1. Өңеш.
1.1. Қызметі және дамуы.
1.2. Өңештің құрылысы.
2. Асқазан.
2.1. Асқазанның дамуы мен қызметі.
2.2. Асқазанның құрылысы.
Дамуы. Өңештің эпителиі – алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан прехордиальдық табақшадан, қалған қабаттары оны қоршаған мезенхимадан түзіледі. Бүкіл ұрықтық кезеңде көптеген өзгерістерге ұшырайтын өңеш эпителиінің дамуы туралы мәселе ерекше қызығушылық тудырады. Бастапқыда өңештің эпителиальдық жабуы бір қабатты призмалық эпителий түрінде болады. 4 апталық ұрықта ол екі қабатталады. Бұдан кейін эпителийдің қарқынды өсуі байқалып, ол өңеш саңылауының толық бітелуіне алып келеді. Жайыла өскен эпителий жасушалары әрі қарай ыдырауға ұшырап, өңештің саңылауы тағы да ашылады. Құрсақішілік дамудың 3-ші айына таман өңеш көп қатарлы жыбырлағыш эпителиймен жабылады. 4-ші айдан бастап жыбырлағыш жасушаларды бірте-бірте құрамында гликогені бар жазық жасушалар алмастырады. 6-шы айдан өңештің эпителиі көп қабатты жазық болады. Жаңа туған балаларда эпителийде жыбырлағыш жасушалардың аралшықтары кездесуі ықтимал. Ересектерде бұл жасушалар сирек жағдайларда тек шырышты бездердің өзектерінде ғана сақталады. Эпителийдің бір түрінің екіншісіне алмасуының себептері әлі анықталған жоқ.

Өңештің құрылысы
өңеш шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшық етті және адвентициальды қабықшадан тұрады. Шырышты қабықша мен шырыш асты негіз өңеште оның саңылауына орналасқан 7-10 бойлай қатпарларды түзейді.
Өңештің шырышты қабықшасы эпителиден, меншікті және бұлшық етті табақшадан құралған. Шырышты қабықшаның эпителиі көп қабатты жазық мүйізденбейтін, бірақ егде адамдарда оның үстіңгі жасушаларының мүйізденуге ұшырауы мүмкін. Эпителий қыртысының құрамында 20-25 жасушалық қабат бар. Адам өңешіндегі эпителийдің үстіңгі қабатының жазық жасушаларында кератогиалиннің аздаған мөлшері болады.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге еніп тұратын дәнекер ұлпалық бүртіктерді түзейді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры орналасып, тіпті жекелеген лимфа түйіндерін де құрайды. Меншікті табақшада өңештің кардиальды бездері орналасқан. Олар екі топ түрінде көрінеді.
Бездердің бірінші тобы – көмейдің сақиналы шеміршегі мен кеңірдектің 5-ші шеңберінің деңгейінде, екіншісі - өңештің төменгі бөлігінде, асқазанға ұласар жерінде қоныс тебеді. Құрылысы жағынан бұл бездер асқазанның кардиальдық бездерін еске салады (осылай аталуы да сол себепті). Бұлар - қарапайым тармақталған түтікшелі бездер.
Өңештің шырышты қабықшасының бұлшық етті табақшасы эластикалық талшықтардың торымен қоршалған жазық бұлшық ет жасушаларынан тұрады. Бұл табақша жекелеген шағын шоғырлар түрінде көмейдің сақиналы шеміршегінің деңгейінде басталып, одан әрі өңеш бойында бұл қабаттың қалыңдағы артады да, асқазан маңында 200-400 мкм-ге жетеді. Шырышты қабықшаның бұлшық етті табақшасы тамақтың өңеш арқылы өтуінде және оның ішкі қабатын қатты денелердің зақымдауынан сақтауда үлкен қызмет атқарады. Өңеш қабырғасының астың қатқыл түйірінен тітіркенуі бұлшық етті табақшаның тонусының төмендеуін тудырып, бұл шырышты қабықшаның сәйкес аймақтарының кеңеюіне әкеледі. Осылайшы, құрамында қатқыл түйірлері бар астың өтуі жеңілдейді. Өңештің шырыш асты негізі шырышты қабықшаның бұлшық ет қабықшасына қатысты алғандағы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді. Шырышты қабықшамен бірге ол тамақты жұту кезінде жазылатын көптеген бойлық қатпарларды құрайды. Шырыш асты негізінде өңештің меншікті бездері орналасады.
Бұлшық етті қабықша борпылдық талшықты дәнекер ұлпаның қабатшасымен бөлінген ішкі айналмалы және сыртқы бойлай қабаттардан тұрады. Өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінде бұл қабаттар жұтқыншақтың бұлшық етті ұлпасының жалғасы болып табылатын көлденең жолақты бұлшық етті ұлпа түрінде болады. Өңештің ортаңғы үштен бір бөлігінің бұлшық ет қабықшасында көлденең-жолақты да, жазық бұлшық етті ұлпа да болады. Төменгі үштен бірінде екі қабатты да тек қана тегіс бұлшық етті ұлпа түзейді. Бұл жағдай гистологиялық кесіндіде өңеш деңгейін анықтауға бағдар бере алады. Бұлшық ет қабаттары әрқашан дәл айналмалы немесе бөлек орналаса бермейді. Ішкі қабатта - спиральды (шиыршықталған) және қисық шоғырлар кездеседі, сыртқы қабаттағы жекелеген шоғырлардың орналасу да әрқилы болуы мүмкін. Бұлшық етті қабықшаның айналмалы ішкі қабатының сақиналы шеміршектің деңгейінде қалыңдауы өңештің үстіңгі сфинкттерін, ал бұл қабаттың өңештің асқазанға ұласар тұсында қалың тартуы - өңештің астыңғы сфинкттерін қалыптастырады. Өңештің бұлшық ет қабықшасының жиырылуы тамақтың өңеш бойымен асқазанға қарай жылжуына жәрдемдеседі.
Адвентициальдық қабықша бір жағынан бұлшық етті қабықшада орналасқан дәнекер ұлпаның қабатшаларымен, екінші жағынан - өңешті қоршап жатқан кеуде көкірекшесінің дәнекер ұлпасымен байланысқан. Адвентициальдық қабықшасында бойлай орналасқан тамырлар мен нервтер көп. Өңештің құрсақтық бөлігі – мезотелиден және оның астында орналасқан дәнекер ұлпадан құралған – сірі қабықшамен жабылған.
1. Өңештің бұлшық ет қабықшасының құрылысына байланысты оның жоғарғы, ортаңғы, төменгі үштен бірлерін анықтауға болады?
2. Өңештің меншікті және кардиальды бездерінің аяққы бөлімдері қай жерде орналасады?
3. Өңештің асқазанға өтетін аймағының шырышты қабықшасының сипаттамасын беріңіз
4. Асқазанның шырышты қабықшасының беткейлік эпителиі қандай қызмет атқарады?
5. Асқазанның шырышты қабықшасының қандай құрылымдары асқазан сөлінің қышқылдығын қамтамасыз етеді?
6. Белоктарды өңдейтін және емшек сүтінің іруін қамтамасыз ететін фермент қай жерде өндіріледі?
7. Антианемиялық фактор қай жерде өндіріледі?
8. Асқазанның шырышты қабықшасының қабаттарын атаңыз.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі. Өңеш. Асқазан

Мақсаты: студенттерді өңеш пен асқазанның гистофизиологиясымен таныстыру

Дәріс жоспары:
1. Өңеш.
1. Қызметі және дамуы.
2. Өңештің құрылысы.
2. Асқазан.
1. Асқазанның дамуы мен қызметі.
2. Асқазанның құрылысы.

Өңеш
Өңештің қызметі мен дамуы.
1. Моторлық-эвакуаторлық.
2. Секреторлық – тамақ түйірінің өтуін жеңілдететін шырыш өндіру.
3. Тосқауылдық-қорғаныштық.
Дамуы. Өңештің эпителиі – алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан
прехордиальдық табақшадан, қалған қабаттары оны қоршаған мезенхимадан
түзіледі. Бүкіл ұрықтық кезеңде көптеген өзгерістерге ұшырайтын өңеш
эпителиінің дамуы туралы мәселе ерекше қызығушылық тудырады. Бастапқыда
өңештің эпителиальдық жабуы бір қабатты призмалық эпителий түрінде болады.
4 апталық ұрықта ол екі қабатталады. Бұдан кейін эпителийдің қарқынды өсуі
байқалып, ол өңеш саңылауының толық бітелуіне алып келеді. Жайыла өскен
эпителий жасушалары әрі қарай ыдырауға ұшырап, өңештің саңылауы тағы да
ашылады. Құрсақішілік дамудың 3-ші айына таман өңеш көп қатарлы жыбырлағыш
эпителиймен жабылады. 4-ші айдан бастап жыбырлағыш жасушаларды бірте-бірте
құрамында гликогені бар жазық жасушалар алмастырады. 6-шы айдан өңештің
эпителиі көп қабатты жазық болады. Жаңа туған балаларда эпителийде
жыбырлағыш жасушалардың аралшықтары кездесуі ықтимал. Ересектерде бұл
жасушалар сирек жағдайларда тек шырышты бездердің өзектерінде ғана
сақталады. Эпителийдің бір түрінің екіншісіне алмасуының себептері әлі
анықталған жоқ.

Өңештің құрылысы
өңеш шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшық етті және
адвентициальды қабықшадан тұрады. Шырышты қабықша мен шырыш асты негіз
өңеште оның саңылауына орналасқан 7-10 бойлай қатпарларды түзейді.
Өңештің шырышты қабықшасы эпителиден, меншікті және бұлшық етті
табақшадан құралған. Шырышты қабықшаның эпителиі көп қабатты жазық
мүйізденбейтін, бірақ егде адамдарда оның үстіңгі жасушаларының мүйізденуге
ұшырауы мүмкін. Эпителий қыртысының құрамында 20-25 жасушалық қабат бар.
Адам өңешіндегі эпителийдің үстіңгі қабатының жазық жасушаларында
кератогиалиннің аздаған мөлшері болады.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге еніп тұратын дәнекер
ұлпалық бүртіктерді түзейді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында
лимфоциттердің үлкен шоғыры орналасып, тіпті жекелеген лимфа түйіндерін де
құрайды. Меншікті табақшада өңештің кардиальды бездері орналасқан. Олар екі
топ түрінде көрінеді.
Бездердің бірінші тобы – көмейдің сақиналы шеміршегі мен кеңірдектің 5-
ші шеңберінің деңгейінде, екіншісі - өңештің төменгі бөлігінде, асқазанға
ұласар жерінде қоныс тебеді. Құрылысы жағынан бұл бездер асқазанның
кардиальдық бездерін еске салады (осылай аталуы да сол себепті). Бұлар -
қарапайым тармақталған түтікшелі бездер.
Өңештің шырышты қабықшасының бұлшық етті табақшасы эластикалық
талшықтардың торымен қоршалған жазық бұлшық ет жасушаларынан тұрады. Бұл
табақша жекелеген шағын шоғырлар түрінде көмейдің сақиналы шеміршегінің
деңгейінде басталып, одан әрі өңеш бойында бұл қабаттың қалыңдағы артады
да, асқазан маңында 200-400 мкм-ге жетеді. Шырышты қабықшаның бұлшық етті
табақшасы тамақтың өңеш арқылы өтуінде және оның ішкі қабатын қатты
денелердің зақымдауынан сақтауда үлкен қызмет атқарады. Өңеш қабырғасының
астың қатқыл түйірінен тітіркенуі бұлшық етті табақшаның тонусының
төмендеуін тудырып, бұл шырышты қабықшаның сәйкес аймақтарының кеңеюіне
әкеледі. Осылайшы, құрамында қатқыл түйірлері бар астың өтуі жеңілдейді.
Өңештің шырыш асты негізі шырышты қабықшаның бұлшық ет қабықшасына қатысты
алғандағы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді. Шырышты қабықшамен бірге ол
тамақты жұту кезінде жазылатын көптеген бойлық қатпарларды құрайды. Шырыш
асты негізінде өңештің меншікті бездері орналасады.
Бұлшық етті қабықша борпылдық талшықты дәнекер ұлпаның қабатшасымен
бөлінген ішкі айналмалы және сыртқы бойлай қабаттардан тұрады. Өңештің
жоғарғы үштен бір бөлігінде бұл қабаттар жұтқыншақтың бұлшық етті ұлпасының
жалғасы болып табылатын көлденең жолақты бұлшық етті ұлпа түрінде болады.
Өңештің ортаңғы үштен бір бөлігінің бұлшық ет қабықшасында көлденең-жолақты
да, жазық бұлшық етті ұлпа да болады. Төменгі үштен бірінде екі қабатты да
тек қана тегіс бұлшық етті ұлпа түзейді. Бұл жағдай гистологиялық кесіндіде
өңеш деңгейін анықтауға бағдар бере алады. Бұлшық ет қабаттары әрқашан дәл
айналмалы немесе бөлек орналаса бермейді. Ішкі қабатта - спиральды
(шиыршықталған) және қисық шоғырлар кездеседі, сыртқы қабаттағы жекелеген
шоғырлардың орналасу да әрқилы болуы мүмкін. Бұлшық етті қабықшаның
айналмалы ішкі қабатының сақиналы шеміршектің деңгейінде қалыңдауы өңештің
үстіңгі сфинкттерін, ал бұл қабаттың өңештің асқазанға ұласар тұсында қалың
тартуы - өңештің астыңғы сфинкттерін қалыптастырады. Өңештің бұлшық ет
қабықшасының жиырылуы тамақтың өңеш бойымен асқазанға қарай жылжуына
жәрдемдеседі.
Адвентициальдық қабықша бір жағынан бұлшық етті қабықшада орналасқан
дәнекер ұлпаның қабатшаларымен, екінші жағынан - өңешті қоршап жатқан кеуде
көкірекшесінің дәнекер ұлпасымен байланысқан. Адвентициальдық қабықшасында
бойлай орналасқан тамырлар мен нервтер көп. Өңештің құрсақтық бөлігі –
мезотелиден және оның астында орналасқан дәнекер ұлпадан құралған – сірі
қабықшамен жабылған.

Асқазан
Асқазанның қызметі.
1. Секреторлық Бұл – бездердің асқазан сөлін бөліп шығаруынан көрінеді.
Оның құрамына пепсин, химозин, липаза ферменттері, сондай-ақ тұз қышқылы
мен шырыш жатады.
2. Механикалық Асқазанның механикалық қызметі тамақты асқазан сөлімен
араластырудан және қорытылған асты ұлтабарға жөнелтуінен көрінеді.
Қызметті атқаруға асқазанның бұлшық еті қатысады.
3. Сіңіру Асқазан қабырғасы арқылы су, спирт, тұз, қант және сол секілді
т.б. заттардың сіңірілуі жүзеге асады.
4. Экскреторлық Әсіресе бұл қызмет бүйрек аурулары кезінде айқын көрініп,
асқазан қабырғасынан белок алмасудың бірқатар ақырғы өнімдері бөлінеді
(аммиак, мочевина және басқалар).
5. Антианемиялық (Кастл) фактордың түзілуі Асқазанның қабырғасында тамақпен
бірге түсетін В-12 витаминінің сіңірілуіне септесетін антианемиялық
фактор түзіледі. Бұл фактор жоқ болса, адамда қатерлі қаназдылық дамиды.
6. Тосқауылдық-қорғаныш шырыш өндірумен анықталады.
7. Эндокриндік Асқазанның эндокриндік қызметі бірқатар биологиялық активті
заттар – гастриннің, гистаминнің, сератониннің, мотилиннің,
энтероглюкагонның түзілуінен көрініс табады. Бұл заттар асқазанның безді
жасушалары мен ас қорыту жолының басқа да бөлімдерінің іске қосылуы мен
секреторлық белсенділігіне септесуші немесе тежеуші әрекет жасайды.

Асқазанның дамуы мен құрылысы
Дамуы. Асқазан, құрсақ ішілік дамудың 4-ші аптасында пайда болады. Ал
екінші айдың кезінде оның барлық негізгі бөлімдері қалыптасады. Асқазанның
бірқабатты призмалық эпителийі ішек түтігінің энтодермасынан жетіледі.
Асқазан шұқырлары ұрықтың дамуының 6-10-шы аптасынды түзіледі, ал бездер
асқазан шұңқырларының табанында бүршіктер түрінде пайда болады, қарқынды
өсе келіп, одан әрі шырышты қабықшаның меншікті табақшасында орналасады. Ең
әуелі оларда – париетальдық жасушалар, одан соң – басты және шырышты
жасушалар қалыптасады. Дәл осы кезде (6-7 апта) мезенхимадан алдымен –
бұлшық етті қабықшаның айналмалы қабаты, содан кейін – шырышты қабықшаның
бұлшық ет табақшасы дамып шығады. 13-14 аптада бұлшық етті қабықшаның
сыртқы бойлай және сәл кейінірек ішкі қиғаш қабаты түзіледі.
Құрылысы. Асқазанның қабырғасы шырышты қабықшадан, шырыш асты
негізден, бұлшық етті және сірі қабықшадан тұрады. Асқазанның шырышты
қабықшасының бетінде үш түрлі түзілім: қатпарлардың, алаңдардың және
шұңқыршалардың болуының салдарынан тегіс емес. Асқазан қатпарлары шырышты
қабықшадан және шырыш асты негізден құралады. Асқазан алаңдары шырышты
қабықшаның өзара жыралар арқылы бөлектенген аймақтары болып келеді. Олардың
пішіні көпбұрышты және көлденең ені – 1 мм-ден 16 мм-ге дейін болады.
Алаңдардың болуы келесі құрылымдарға байланысты: асқазан бездері бір-
бірінен дәнекер ұлпаның қабатшаларымен бөлінген топтар түрінде орналасады.
Асқазан шұңқырлары – эпителийдің шырышты қабықшасының меншікті
табақшасындағы тереңдемелері. Олар асқазанның бүкіл бетінде кездеседі.
Шұңқыршалардың саны асқазанда үш миллионға дейін жетеді. Асқазанның
шұңқыршалары өте кіші көлемді болып келеді, бірақ олардың шамалары
асқазанның әр бөлігінде әртүрлі. Асқазан шұңқыршалараның табанында шырышты
қабықшаның меншікті табақшасында жатқан бездердің өзектері ашылады. Асқазан
мен шұңқыршалардың шырышты қабықшасының бетін жауып тұрған эпителий – бір
қабатты призмалық. Бұл эпителийдің өзгешелігі – оның бездік сипатында,
асқазанның барлық үстіңгі эпителиоциттері үнемі мукоидты секрет бөледі. Әр
безді жасуша айқын екі: базальды және апикальды бөліктерге бөлінеді.
Базальды мембранаға жанамалас базальды бөлікте - сопақша пішінді ядро, ал
оның үстінде Гольджи комплексі орналасады. Жасушаның апикальды бөлігі
мукоидты секреттің түйіршіктері немесе тамшыларымен толтырылған. Адамдар
мен жануарлардағы үстіңгі эпителиоциттерінің өнімінің ерекшелігі көмірсулық
компонентінің құрамымен анықталады, ал белокты бөлік болса, гистологиялық
белгілерінің ортақтығымен сипатталады. Көмірсу компоненті асқазанның
шырышты қабықшасының асқазан сөлінің зақымдаушы әсеріне қарсы қорғаныш
реакциясында елеулі қызмет атқарады. Асқазанның үстіңгі эпителиоциттерінің
маңызы шырыш түзеуден көрінеді. Ол ас түйіршіктерінің механикалық әсерінен
ғана емес, сонымен бірге асқазан сөлінің химиялық ықпалынан қорғайды.
Асқазандағы шырышты мөлшері оған тітіркендіруші заттар (алкоголь, қышқыл,
қыша т.б.) түскен жағдайда күрт көбейеді.
Шырышты қабықшаның меншікті табақшасында араларында борпылдақ талшықты
дәнекер ұлпаның жұқа қабатшалары жатқан асқазан бездері орналасқан. Онда
әрқашан азды – көпті мөлшерде диффуздық инфильтраттар түріндегі немесе,
көбінесе асқазанның ұлтабарға өтер тұсында орналасатын, солитарлық лимфа
түйіндері түріндегі лимфа элементтерінің шоғырлары бар.
Шырышты қабықшаның бұлшық етті табақшасы жазық бұлшықет ұлпасынан
түзілген үш: ішкі және сыртқы айналмалы және ортаңғы бойлық қабаттан
тұрады. Бұлшықетті табақшадан жекелеген бұлшық етті жасушалар шырышты
қабықшаның меншікті табақшасының дәнекер ұлпасына өтеді. Шырышты қабықшаның
бұлшықет элементтерінің жиырылуы оның қозғалтқыштығын қамтамасыз етеді,
сондай-ақ секреттің асқазан бездерінен бөлінуіне септеседі. Асқазан
бездерінің үш түрін ажыратады, олар: меншікті, пилорикалық және кардиальдық
бездер. Саны жағынан асқазанның меншікті бездері көп. Олар асқазанның
денесі мен түбінде орналасады (фундальдық). Кардиальдық және пилорикалық
бездер асқазанның сол аттас бөліктерінде орналасқан. Асқазанның меншікті
бездері бәрінен де көп болып келеді. Адамда олардың саны шамамен 35 млн.
Әрбір бездің ауданы 100 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, стоматит, фарингит, өңештің бітелуі, гастриттер, асқазан және 6, 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холециститтер, гельминтоздар
Ас қорыту жүйесінің жалпы анатомиясы мен дамуы
Жануардың ас қорыту мүшелерінің аурулары
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Ас қорыту жүйесінің ағзалары
Сілекей бөлу, сілекей құрамы. Сілекейдің бейім делу сипаты. Шайнау, жұту, сілекей бөлуді зерттеу әдістері
Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту мүшесі
Ас қорыту түтігінің морфофункционалдық сипаттамасы
Тәбеттің бұзылыстары
Пәндер