Оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы тамақтануы
Кірспе
Негізгі бөлім
І тарау. Теориялық
1.Тамақтану мәдениеті
2.Оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы тамақтануын камтамасыз ету ұлттық қауіпсіздік.
3.Ас қорыту мүшелері сырқаттары. Тамақ пен сусынды дұрыс пайдалану
ІІ тарау. Практикалық
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу. Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.
Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мезгілдігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу. Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді: таңертеңгі асқа 25%, түстікке 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болуы тиіс. Түңгі сменада жұмыс істеген кезде кешкі ас күндік рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар тамақты түңгі сменаның екінші жартысына қабылдау көзделеді.
Тамақтан улану. Кейбір саңырауқұлақтарды (боз арамқұлақ, шыбынжұт, жерқұлақ – улы саңырауқұлақтар), жабайы өсімдіктерді, сондай-ақ құрамында улы заттары және ауыр металлдары бар азық-түліктерді тамаққа пайдаланғанда да адам организмі уланады. Ауру тудыратын тірі микробтар сальмонелла қоздырғыштары адам организміне тамақ арқылы түседі.
Көптеген дамыған елдерде оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы тамақтануын камтамасыз ету ұлттық қауіпсіздік мәселесіне теңгеріледі. Бұл мәселе біздің ел үшін де өзекті болып табылады. Әрі қазіргі заманда балалардың денсаулық жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуі байқалады. Мұның нақты себептері бар: білім беру жүктемелерінің ұлғаюы, оқыту процесінің қарқындауы оқушылардың шаршап-шалдығуына әкеп соқтырады. Сонымен бірге айқын көрінетін тағы бір кемшілік – балалар мен жасөспірімдердің дұрыс немесе толыққанды тамақтанбауы. Осындай денсаулықты бұзатын елеулі фактормен біз бәріміз күш біріктіре отырып, күресе аламыз.
Елімізде соңғы жылдары ас қорыту мүшелері сырқаттанғандар саны күрт көбейіп отыр. Мәліметтерге сүйенсек, қала тұрғындарының 80 пайызы асқазандағы қатерлі ісік, созылмалы гастрит ауларына шалдықса, ауылдық жерлердегі жағдай, тіптен қиын.

Мазмұны
Кірспе
Негізгі бөлім
І тарау. Теориялық
1.Тамақтану мәдениеті
2.Оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы тамақтануын
камтамасыз ету ұлттық қауіпсіздік.
3.Ас қорыту мүшелері сырқаттары. Тамақ пен сусынды дұрыс пайдалану
ІІ тарау. Практикалық
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тақырыбы: Тамақтану мәдениеті
Мақсаты: Осы жоба жұмысын жазудағы менің көздеген мақсатым– тамақтануды
тиімді ұйымдастыру, азықты толық пайдалану, баларларға ағазаға қажетті
заттарды күнделікті пайдаланылатын тағамдардан алынатындығын, тамақтың
ерекшелігін, ағзадағы рольін ашып көрсете отырып, санитарлық-гигиеналық
дағдылары мен тамақтану мәдениетін қалыптастыруға шақыру.
Міндеттері:
1. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру
2. Азықтық заттардың рольін көрсету
3. Тамақтың сапасы және гигиеналық тазалық сақтау
4. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу
5. Тамақтан уланудың алдын алу
6. Асқазан-ішек ауруларынң алдын алу
Өзектілігі: тамақтану мәдениетін дұрыс сақтаманғандықтан балалар арасында
тамақтан болатын аурулар және тамақтан улану проблемаларын шеше отырып, өз
денсаулығына деген жауапкершілікті сезіндіру.
Болжамы: Егер жоғарыдағы көрсетілегн міндеттерді дұрыс жеткізіп сақтай
білсек, жасөспірімдердің денсаулығына мән бере отырып, келешекте
балалардың жетістіктерге жетуі үшін денсаулықтары мықты болып қалыптасуына
мүмкіндік алар еді.
Кіріспе
Тамақтану мәдениеті дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр
түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу. Адам тағамнан
өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс.
Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде
қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа
да ауруларға шалдығады.
Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мезгілдігі, тамақ
қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу.
Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға
күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын
қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан
сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану
кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты
істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді: таңертеңгі асқа
25%, түстікке 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау ұйқыға дейін 2
сағат бұрын болуы тиіс. Түңгі сменада жұмыс істеген кезде кешкі ас күндік
рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар тамақты түңгі сменаның екінші
жартысына қабылдау көзделеді.
Тамақтан улану. Кейбір саңырауқұлақтарды (боз арамқұлақ, шыбынжұт,
жерқұлақ – улы саңырауқұлақтар), жабайы өсімдіктерді, сондай-ақ құрамында
улы заттары және ауыр металлдары бар азық-түліктерді тамаққа
пайдаланғанда да адам организмі уланады. Ауру тудыратын тірі микробтар
сальмонелла қоздырғыштары адам организміне тамақ арқылы түседі.
Көптеген дамыған елдерде оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың
сапалы тамақтануын камтамасыз ету ұлттық қауіпсіздік мәселесіне
теңгеріледі. Бұл мәселе біздің ел үшін де өзекті болып табылады. Әрі
қазіргі заманда балалардың денсаулық жағдайы мен функционалдық
мүмкіндіктерінің төмендеуі байқалады. Мұның нақты себептері бар: білім беру
жүктемелерінің ұлғаюы, оқыту процесінің қарқындауы оқушылардың шаршап-
шалдығуына әкеп соқтырады. Сонымен бірге айқын көрінетін тағы бір кемшілік
– балалар мен жасөспірімдердің дұрыс немесе толыққанды тамақтанбауы.
Осындай денсаулықты бұзатын елеулі фактормен біз бәріміз күш біріктіре
отырып, күресе аламыз.
Елімізде соңғы жылдары ас қорыту мүшелері сырқаттанғандар саны күрт
көбейіп отыр. Мәліметтерге сүйенсек, қала тұрғындарының 80 пайызы
асқазандағы қатерлі ісік, созылмалы гастрит ауларына шалдықса, ауылдық
жерлердегі жағдай, тіптен қиын.
Негізгі бөлім.
І тарау. Теориялық
1. Тамақтану мәдениеті

Демек, сұлулық үшін ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес.
Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті
зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс. Адам
денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17
кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан
және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады.
Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің
организміміз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді
т.б. биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек. Сондықтан азық-
түліктің түр-түрін жеу – адамға пайдалы, ал оның белгілі бір түрін ғана жеу
зиян. Адам организміне қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар,
көмірсулар, дәрумендер, минерал тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетімен
тағамнан бөлініп, қанға барып араласады да, дененің барлық организміне
тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына
келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады.
Осыдан келіп тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туады.

Ішетін тамақтың түрін өзгертіп отыру керек, яғни белокқа бай сүт,
ірімшік, балық немесе ет, дәрумендер мен минерал тұздары көп көкөністер,
жемістер аса қажет. Тіпті ешқандай пайдалы заттары жоқ көкөкністер мен
жемістер де (өсімдік жасушасының (клетка) қабығын құрайтын зат) ағзаға
қажет-ақ, өйткені олар денеде ас қорытатын шырындардың түзілуін қамтамасыз
етеді, ішектің қызметін ретке келтіреді және ағзадағы басы артық
хлорестеринді сыртқа шығарып отырады.
Тамақты шамадан тыс көп ішіп-жеумен қатар, ауқаттануды тәулігіне 1-2
ретке дейін қысқарту, кешке жатарда қатты тоя тамақтану көптеген
адамдардың семіруіне апарып соғады. Себебі, ауқаттанудың арасын алшақтату
мидың тамақтану орталығын қатты қоздырып, адам ашқарақтанып, тамақты өзіне
қажетті мөлшерден көп жейді. Ұйықтар алдында көп жеген тағам да зиян.
Тамақтың қорытылуы, тағам заттарының қышқылдануы күндізге қарағанда түнде
азаяды. Сөйтіп, майлы тағам денеге толық сіңбей, етке айналады.
Дастарханға қойылған тағамның қалай пісріліп дайындалғаның,
сүйкімділігі мен дәмділігінің айрықша маңызы бар. Сүйкімді әрі дәмді
даярланған тағам көзді қызықтырып қана қорймайды, тәбетті шақырып,
асқазанға шырын бөледі, сөйтіп тағамды қорытатын ішкі жүйенің барлығы асты
қабылдауға дайын тұрады. Тағам ауызға түсісімен-ақ, ас қорытатын ағзалар
дереу қызметке кіріседі, соның нәтижесінде белоктар, майлар, көмірсулар
жақсы сіңеді. Сондықтан даярланған тағамды дастарханға кастрөлмен немесе
табамен әкеліп қоймай, әрқайсысын жеке-жеке тәрелкеге салып, үстіне
петрушка, аскөк, балдыркөк, салат жапырақтары сияқты көкөністермен сәндеп
әкелген жөн. Тағамды өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу – зиян. Ыстық
тағамның температурасы – 50-60 градус, салқын тағамдыкі 10 градустан төмен
болмауы тиіс. Тағамды белгілі бір реттілікпен ішіп-жеу керек. Әдетке
айналған дәстүрді бұзудың қажеті жоқ. Мәселен, түскі асты көбінесе
көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған жөн. Көкөністер, әсіресе, оның
шикілей желінетіндері (қызанақ, қияр, орамжапырақ), сұйық тағамдар (сорпа,
көже) ас қорытатын шырындардың бөлінуін тездетеді. Сондықтан олар қою
тағамның алдынан беріледі.
Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек. Асқазанға әбден ұсақталып
түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек тағам жақсы
қорытылады, денеге жақсы тарайды. Адамзат тарихында кездесетін ауру-
сырқаттардың барлығы тамақпен байланысты. Сондықтан ас әзірлеуден бұрын
дайындалып жатқан тағамның сапасына, құндылығына, мерзіміне және оның
тазалығына баса назар аударған жөн. Сапасы төмен (бұзылып кеткен),
пайдалану мерзімі уақытынан асып кеткен, жуылмаған тағамдарды пайдалануға
болмайды. Сонымен қатар ас әзірленетін ыдыс та таза болуы керек, жуылмаған
ыдыста бірнеше рет ас дайындауға тиім салынады. Кейбір кездерде тағамның
бұзылып кеткен жерін кесіп тастап, асты әзірлей беретін кездер болады. Бұл
әдіс денсаулық үшін қауіпсіз емес. Осындай қарапайым ережелерді сақтамаудың
салдарынан адамдар әртүрлі ауруларға шалдығып жатады. Мысалы, ішек жұқпалы
ауруын алайық. Ішек аурулары ауру қоздыратын микробтар арқылы пайда болады.
Бұл микробтар қайнатылмаған су ішкенде, жуылып-тазартылмаған көкөніс пен
жемістерді пайдаланғанда, сондай-ақ лас ыдыстар мен кір қолдан жұғады.
Микробтар ішекте көбейіп, у бөледі, сөйтіп организмді улайды.
Сіздің ағзаңыз - бұл қоқыс жинағы
Энергия, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік көзі болып тағамдық
өнімдер саналады. Бұрыс тіршілік ету мен зиянды тағамдық өнімдерді қолдану
әдеті, мысалы, маринадталған, қуырылған ет, барбекю, т.б. және басқа да
зиянды әдеттер: алькоголь мен шылымды көп мөлшерде қолдану, ағзаға
калориясы жоғары, майлы – сәйкесінше холестерин және т.б. зиянды заттардың
енуі, бауырдың майлануына, гипертензияға, қандағы қант мөлшерінің артуына
әкеліп соғады. Майлар ағзамен ұзақ уақыт бойы қорытылады, сондықтан,
осындай майлы тағамдарды көп және жиі қолданатын адамдардың ағзасында
қышқылдылық жоғары деңгейде болады. Егер осындай өмір салты ұзақ жалғасса,
онда гастроэнтерит, былжыр қабығының бұзылуы байқалады, өз кезегінде
олардың бәрі гастрит, энтерит, асқазан жарасы, тіптен қатерлі ісіктері
сияқты іш ауруларына жол ашады.
Өндірісі қарқынды дамып жатқан қазіргі әлемде судың, тағамдардың
ластану деңгейі артады. Бұл адам өміріне қауіп төндіретін үлкен
мәселелердің бірі. ДДҰ (ВОЗ) мәлімдеуі бойынша, планета адамдарының 70 %
таза және қауіпсіз суға қол жеткізе алмайды, күніне осы себептерден 25 000
адам көз жұмады. Тағамдардың да ластануынан қауіп бар – өсіру, өңдеу,
қаптау кезеңдерінде тағамдық заттар пестицидтерге, консерванттарға,
жасанды бояғыштарға, антиоксиданттарға толығады, осылайша адам ағзасы лас,
зиянды және қауіпті заттарды жинақтаушы орнына айналды.Аурудың бәрі осыдан
туындайды!
Сіздің ішектеріңіз – әсері баяу бомба
Ішектер ұзындығы адам бойынан 10 есе артық, осы ішектерде көп жыл
бойы жиналған зиянды және лас қалдықтар мен тұнбалар бар. Күн сайын ішекті
тазалағанның өзінде, оның бойындағы қоқыстың жартысынан да құтылмайсыз.
Уақыт өте, ішектерде 7 килограмға жуық қоқыс жиналады, бактериялардың
әсерінен ішектегі қоқыс құрғап, шіри бастайды, ішек қабырғасында божу
үрдістері жүре бастайды, дәрет тастары пайда болады.
Дәрет тастары – бұл шіру үрдісінің туындысы: ішектегі дәрет тастары
күн астында ұзақ уақыт бойы болған етке ұқсас, яғни ферментация, ыдырау,
иіс, бактериялардың белсену үрдісі, осының салдарынан токсиндер, улы
газдар пайда болады, бұлар денсаулыққа қауіп төндіреді. Зиянды
бактериялардың көбеюі алдымен ішек бұзылысы болып, кейін эндокринді жүйенің
бұзылысына, метаболикалық бұзылыстарға, әртүрлі ауруларға айналады.
Дәрет тастары денсаулығымыздың қауіпті дұшпаны: олардың өндіретін
токсиндері, бірнеше рет ішекте сіңуден өтіп, қан айналымы арқылы ағзаның
барлық бөліктеріне таралады. Осының нәтижесінде бет түсі қараланады, тері
қатайып, метаболикалық бұзылыстар орын алады, акне, дақтану, әжімдер, іш
аурулары, ауыздан жағымсыз иіс, шелдену, іш қату, мазасыздану, әйелдерде
менструалды циклдің бұзылуы пайда болады.
Дәрет тастары әсіресе егде жастағы адамдар үшін қауіпті: олар
ішектпен сіңірілетін, қан ішінде жүретін токсиннің 22 түрін шығара алады.
Бұл гипертонияның, жүрек ауруларының, атеросклероздың, Альцгеймер ауруының
және басқа аурулардың дамуына әкеліп соғады.
Темір тапшылығы анемиясының пайда болу себебі біз тұтынатын тағамдағы
темір мөлшеріне емес, оның сіңуіне байланысты. Осы жөнінен қателесетіндер
көп. “Мен алманы көп жеймін. Менде темір тапшылығы болуы мүмкін емес”
дейтіндер де табылады. Бірақ қараңызшы, базарда саталып жатқан алмалар қай
жақтыкі? Қытайдікі. Ал оны бір тістеңіз де, үстел үстіне қойып қойыңыз да,
біраз уақыт өткеннен кейін келіп қарасаңыз, бетіне болар-болмас қара дақ
түседі. Ал оның құрамында темір мол болса, ол ауамен тотығып, дереу
қоңырқай тартып кетер еді. Демек, темірдің көзі деп санайтын алмамыздың өзі
темірге бай емес, консервантпен өсірілген жеміс. Бұл ретте йодпен
байытылған тұзды тұтыну көп мәселені шешер еді. Нәрестелер өнімін 20
пайызға шегеруге мүмкіндік бар. Темір жетіспеушілігі анемиясы бала
денесінің өсуін тежейді, туберкулезге, қатерлі ісік ауруларына
шалдықтырады, ақыл-ес дамуына кедергі болады. Жоғарыда, бұл анемия түрінің
жеген тамақ құрамындағы темір мөлшеріне емес, оның сіңуіне қатысты екенін
айтып өттім ғой. Расына келгенде, біздің бір күнде тұтынып жатқан
тамағымыздағы темірді есептесек, қажетті нормадан артық болып шығар еді.
Бірақ сіңуі өте қиын, 0,5-5 пайыздан аспайды. Мұндайда ет жеген жақсы, ол
темірді тез сіңіреді. Ал өзге тағам түрлерінде қарама-қарсы әсер етіп,
сіңірмей тастайтын қызыл шай секілді элементтер бар. Қазақ өзі 40 градус
шілдеде де ыстық қызыл шайдан бас тартпайтын халық қой, бірақ шектеу керек.
Шайға аса құмарлық жақсылыққа апармайды. Оны былай қойғанда, жеп жүрген
нанымыз да бірінші немесе жоғарғы сортты ұннан пісіріледі. Ал ұнның
көмегімен темір, мырыш, В1, В2 дәрумендері, фолий және никотин қышқылдары
пайдалы әрі қажетті элементтердің 90 пайызы жоғалады. Демек, мұндай нанды
жей бергеннен де көп пайда жоқ. Қарап отырсаңыз, “ас болсын” деп жеген
тамағыңыз да кері әсер етіп жатады. Жаңа сөзімде “күрес тоқтап тұр” дедім-
ау, бірақ аз да болса, жасалып жатқан жұмыстарды жоққа шығаруға болмайды.
Президент тапсырмасы бойынша, Халық денсаулығы кодексіне бақандай 20 бап
енгізілді. Тамақтану мәселесіне қатысты баптар. Соның аясында таяуда Қазақ
тағамтану академиясының балалар тағамы зауыты ашылды. Онда тәулігіне 15
тонна өнім шығарылып жатыр. Бұл да біз үшін үлкен жетістіктің бірі.
2. Оқушылар мен мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы тамақтануын

отырып, күресе аламыз. Еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосылу мәселесі дәрігерлер алдында да үлкен міндет қойып отыр. Өйткені
экономика мен өмірдің басқа да салаларында жетістікке жету үшін халқымыздың
денсаулығы мықты болуы қажет. Бұл орайда күні кеше Салауатты Қазақстан
2011-2015 жылдардағы денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы жарық көрді. Елбасының халыққа арнаған Жолдауын басшылыққа
алған Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда осындай
қадамдарға барғаны қуантарлық жағдай. Бағдарлама ең әуелі аурудың алдын
алып, адам өмірін ұзартуды көздейтінін айтқан жөн. Әсіресе, тамақтану
мәселесіне басымдық берілгені маңызды. Өйткені қазіргі заманда аурудың 60
пайызы, өлім-жітімнің 70 пайызы дұрыс тамақтанбаудың нәтижесі. Осы уақытқа
дейін бізде азық-түлік тұтыну нормаларын үйлестіру жағы тиісті дәрежеде
қолға алынбай келді.. Қазақ тағамтану академиясы Үкіметтің тапсырмасымен
азық-түлік тұтынудың үйлестіру нормаларын әзірлеуге былтырдан бастап
кірісті. Ол 2011 жылы аяқталмақ. Үйлестіру нормалары жасы, жынысы,
мамандығы мен әлеуметтік тобына қарай адам ағзасына қажетті азық-түлік
мөлшерін анықтауға арналады. Бұл адамның өмір бойы жұмыс қабілетін сақтап,
қартайған шағында ауру-сырқаусыз өмір сүруі үшін қажет. Азық-түлік
тұтынудың ғылыми негізделген нормалары әлемдік стандарттарға сай.
Сонымен қатар бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін дұрыс
жоспарлау, өзімізде аз мөлшерде өндірілетін өнімдердің импорт көлемін
анықтау, барлық азық түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Осы орайда қазір үш бағытта жұмыс жүруде:
1) күш-қуат алуға қажетті негізгі заттар – белок, майлар, көміртегі,
дәрумендер, микроэлементтер, басқа да биологиялық компоненттердің мөлшерін
анықтау;
2) еліміздегі тұрғындардың қалыптасқан тамақтану дәстүрін есепке алу;
3) тамақтанудан туындайтын жекелеген аурулардың таралуы мен жиілігін
анықтау. Қазақ тағамтану академиясы осы бағытта алғашқы зерттеуін
спортшылардан бастады. Ел ішінде спортпен айналысатындар көп, соңғы уақытта
мүгедектер спорты да дамып келеді. Бұл нормалар Денсаулық сақтау
министрлігі және сәйкесінше, Туризм және спорт министрлігінің қарауына
жіберілді. Олар істі жылдамдатады деген сенім бар. Себебі әне-міне дегенше
Азиада ойындары да басталып кетеді. Ал біздің спортшылар денсаулығы мықты
болып, жақсы дайындалып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізуі
Сенсеңіз, қазір дүкенде тұрған шұжықтың құрамында ет жоқ. Дайын өнім
дам ағзасына өте зиянды соя концентратынан, дәмдегіш, салмақ көбейткіш, ет
дәмін беретін түрлі химиялық қоспалардан тұрады. Солай бола тұра, ет өнімін
шығарушылар тұтынушыны өнімнің құрамындағы химиялық қоспалар өте аз
мөлшерде, еш зиянсыз деп сендіреді. Бірақ химиялық заттар жылдар бойы
ағзамызға шөгіп, ішкі мүшелерімізді зияндап жатыр. Шын мәнісінде, мұндай
шөгінділер адам ағзасында тіптен болмауы керек. Ал, сіз өзіңіз жақсы
көретін жіңішке шұжықтың (сосиска) құрамында не бар екенін білесіз бе? Оның
25 пайызы – соя ақуызынан, 15 % – құс етінен, 7 % – мал етінен, 5 % –
крахмал ұнынан, ал 45 % – малдың терісінен, тарамыс-тамырлары мен бүйрек-
бауырларынан жасалған эмульсиядан тұрады. Міне, сүйіп жейтін тағамның сиқы
осындай.
Азықтық қоспаны адамзат ерте кезден пайдаланып келеді. Мысалы, табиғи
ас тұзы етке, балыққа, көкөніске қосылса, астың дәмі кіріп, тәбет шақырады.
Ал, химиялық қоспалардың адам ағзасына зияны ұшан-теңіз. Сондықтан
дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға
тиым салынған. Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 –
амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Бұл қоспалар шоколадқа
қосылатын.
Бүгінде Е-240 консервантының азық-түлікке кері әсер ететіні
дәлелденген. Кейбір азықтық қоспалар аллергиялық реакция туғызады, асқазан-
ішек жолында қабыну пайда болып, таяныш-қозғалу мүшелердің жұмысының
бұзылуына алып келеді. Бұл туралы ғылыми журналдарда жиі айтылып жүр.
Дәмдегіш екі түрге бөлінеді: жасанды және табиғи. Өңделген азық-түлік
өнімдеріне жасанды дәмдегіш табиғи дәм береді. Бұлардың бәрі химиялық
жолмен алынатындықтан мұндай қоспаларға өте сақтықпен қарау керек.
Айранды қалай сақтауға болады? Айтатыны жоқ, оған тек консервант қосу
қажет. Немесе тұрақтандырғыштар, антибиотиктер қосып, радиация сәулесімен
қайта өңдеуден өткізу керек. Йогурт, айран және тағы басқа сүт өнімдерінен
жасалған өнімдерді тұрақты түрде пайдалансаңыз, өміріңізге қауіп
төндіретініңізді де естен шығармаңыз.
Ананас, банан, жүзім, т.б. көкөніс өнімдері міні құрамай тұтынушыға жету
үшін химиялық жолмен алдын-ала өңделеді. Мысалы, алма қабығы парафиннің
жұқа қабатымен қапталады. Осындай тәсіл алманы екі жыл сақтауға мүмкіндік
береді. Алманы жемес бұрын жәй ғана сумен жуу жеткіліксіз. Оны щеткамен
мұқият ысқылап, бірнеше минут ыстық сумен жууымыз қажет.
Базардағы көздің жауын алғандай өрік қағы – табиғи түрде осындай болып
қақталып қалуы екіталай нәрсе. Егер өрік табиғи түрде кептірілген болса,
оның құрамындағы адам денсаулығына пайдалы заттардың бәрі де мінсіз
сақталады. Ал, химиялық жолмен қақталған өріктегі керекті заттардан дәнеңе
қалмай, адам ағзасына пайдасынан зияны көп затқа айналады.
Сөзіміз тиянақтырақ болуы үшін бір мысал келтіріп кетейік. Картоптан
жасалған фри – әлемде ең көп тараған жеңіл тағам. Макдональдсте оны
дайындау үшін қыруар уақыт жұмсалатын. Бірақ ол гамбургермен бірге
тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болып, фирма үшін орасан зор табыс
көзі болғандықтан, қанша уақыт кеткеніне қарамастан, оны дайындай берді.
Міне, осыны ескерген картоп өсіруші фермер Джей Арсинг картоп өңдеудің жаңа
технологиясын ойлап тапты. Қазіргі картоп зауыты осылайша пайда болды.
Сауда орындарында сатуға шығарылған азық-түлік заттарының 80 %-ы алдын ала
өңдеуден өткен нәрселер. Сондықтан да олар бұзылмай көп уақыт тұра береді.
Осылай біз соңғы 50 жылда химиялық зиянды заттармен өңделген тамақтарды
ғана жеуге мәжбүр болып отырмыз.
Жеңіл тұздалған селедка балығын алып қарайық. Оны ұзақ мерзімде сақтау үшін
уротропин қоспасымен өңдейді. Бірақ, тамақ өнеркәсібі мамандары осындай
жолмен сақталған балықтардың одан әрі де көбірек сақталуын көздеп, балықты
сірке қышқылымен өңдеуді ұсынады. Сірке қышқылына қосылған уротропин өте
улы формальдегид қоспасына айналады. Бұл – адам ағзасы үшін өте қауіпті
зат. Ол көру, есту, дем алу мүшелеріне залал келтіріп, орталық жүйке
жүйесін де зақымдауы мүмкін. Формальдегид кинотаспа шығару өндірісі мен
ағзаларды консервациялап сақтауға керекті химиялық нәрсе. Бір сөзбен
айтқанда, өлікті бальзамдау жұмысында пайдаланылады.
Қазір гені модификацияланып өзгертілген азық-түлік түрлері де қаптап кетті.
Пепсикола, Кокакола, Спрайт сусындары бала денсаулығына
зияны.Балалардың ішіп-жеген тағамдарына да мұқият болғанымыз жөн. Мәселен,
Пепсикола, Кокакола, Спрайт... ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz