Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы
1.Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы
2.Биологиядағы антидарвинистік ағымдармен күрес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды

Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы, натуралист, биологиялық эволюцияның негізін салушы. Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым. Ч.Дарвин Санк - Петербургтің ғылыми академиясының шетелдік мүше - кореспонденті еді.
Ч.Р. Дарвин дәрігер отбасыда туылған. 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты мақсаты Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили, Галапагос, Таити аралдарынан, Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материгіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді. [ 7 ]
Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты.
Одан соң ол Т. Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура сондай тұжырымға А.Р. Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейлдің жұмыстары дәлелді. Ол прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатының көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты. Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын «Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы» жарыққа шығарады.
Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы бар. Олар: «Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871ж) мен «Адам мен жануарлардын мінез – құлықтары» (1872ж). Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы теориясын адамның шығу тегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады. Дарвиннің теориясында «адам маймылдан шықты» деп тұжырымдады. [ 1, 7 ]

1. Правдин Ф.Н. « Дарвинизм », « Мектеп » баспасы А: 1973 ж.
2. Яблоков А.В, Юсупов А.Г. « Эволюционное учение », « Высшая школа » М: 1991 ж.
3. Иорданский Н.Н. « Эволюция жизни », « Академия » М: 2001 ж.
4. Северцов А.С. « Основы теорий эволюции », М: 1991 ж.
5. Георгиевский А.Б. « Дарвинизм » Учебное пособие М: 1985 ж.
6. Шмальгаузен И.И. « Проблемы дарвинизма », « Наука », Ленинград: 1991ж.
7. www. Google. kz

Кіріспе
1.Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы
2.Биологиядағы антидарвинистік ағымдармен күрес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Кіріспе
Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы, натуралист,
биологиялық эволюцияның негізін салушы. Эволюциялық өзгерістердің
механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым. Ч.Дарвин Санк - Петербургтің
ғылыми академиясының шетелдік мүше - кореспонденті еді.
Ч.Р. Дарвин дәрігер отбасыда туылған. 1831 жылы натуралист ретінде
Бигль кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты. Экспедицияның басты
мақсаты Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді. Экспедиция Чили,
Галапагос, Таити аралдарынан, Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік
Америкадан өтті. Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының
материгіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды. Осы мысал түрлердің өзгере
алатындығын дәлелдеді. [ 7 ]
Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың
сұрыпталуымен айналысты.
Одан соң ол Т. Мальтустың шығармаларын зерттеген. Дарвин сол
шығармалардағы ойларды тірі табиғатқа пайдаланды. Оның тұжырымы бойынша
жануарлардың жоғары репрадуктифтік потенциалына қарамастан табиғи
популяциялардың саны тұрақты болады. Түрлердің өзара бәсекелестік, күреске
шыдамды, бейімделгіш түр ғана көп ұрпақ қалдыра алады. 1858 жылы тура
сондай тұжырымға А.Р. Уоллес те келді. Бұны Ч.Лейлдің жұмыстары дәлелді. Ол
прогрессивті өзгерістердің полеонтологиялық материалдарда болатының
көрсетті. Дарвин мен Уоллес Лондондағы Линнеевтік отырысқа докладпен шықты.
Ал 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын Табиғи сұрыпталу арқылы
өмірдің пайда болуы жарыққа шығарады.
Антропологиялық проблемаларға тікелей қатысы бар Дарвиннің екі шығармасы
бар. Олар: Адамның шығу тегі және жыныстық тандау (1871ж) мен Адам мен
жануарлардын мінез – құлықтары (1872ж). Осы жұмыстар Ч.Дарвиннің жалпы
теориясын адамның шығу тегі проблемаларын шешуде қолдануды ұсынады.
Дарвиннің теориясында адам маймылдан шықты деп тұжырымдады. [ 1, 7 ]
1.Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы.
Неоламаркизм. XIX ғасырдың екінші жартысында неоламаркизм деген ортақ
атқа топталған көптеген антидарвинистік концепциялар пайда болды.
Неоламаркистер Дарвин ілімінің негізі табиғи сұрыптауды мойындамады. Олар
Дарвин теориясына Ламарк ілімін қарсы қойып,шын мәнінде эволюцияның
материалистік ұғымына қарсы шықты. Неоламаркистер психоламаркистер және
механоламаркистер болып екі топ құрды.
Психоламаркистер автогенез позициясында болды; олар материясыз ерекше
бір ішкі факторлардың әсерімен органикалық дүние автогенез (өздігінен даму)
принципі бойынша дамып отырады деп түсіндірді. Осыған орай, олар тарихи
даму процесіндегі сыртқы ортаның ролін танымады. Сөйтіп олар Ламарк
теориясындағы материалистік элементтерін алмай, оның идеалистік
элементтерін алып және бірінші кезекте виталистік мәндерде таралған
камелетке жеткізетін ішкі ұмтылыс принципін бетке ұстады.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында көптеген
полеонтологтар да осы психоламаркистердің ішінде болды.Психоламаркистердің
идеалистік көзқарастары, көбінесе ғылымсымақ формада бүркенішті болды.
Мысалы Э.Коп энергияның ерекше түрі бар деп баспасөз жүзінде жазды. Оны
өсу күші немесе батмизм деп атады. Көптің айтуынша бұл энергия
табиғаттағы барлық денелерде болады. Бірақ анорганикалық денелерде ол
жойылып кеткен,сондықтан оларда тіршілік ету қабілеті жоқ. Өсімдіктер ол
энергияның біразін жойған, ал жануарларда ол толық сақталған,сол себепті
бұларда активті өмір сүру қабілеті бар.Организмдегі батмизм оны
жетілдіруге ұмтылдырады,эволюциялық процесс осымен байланысты. Бұл сөздің
арғы төркіні Аристотель дәуіріндегі тіршілік күші (vis vitalis) деген ескі
ұғымның шымылдықпен көлегейленіп тұрғанын аңғарту қиын емес.
Механоламаркистердің психоламаркистерден айырмашылығы, бұлар жүре пайда
болған қасиеттер тұқым қуалайды деген ұғымды пәрменді дамытады. Мысалы, осы
бағытты жақтаушы австриялық ғалым Р.Веттштейн организмдерде адаптивті
қасиеттердің пайда болуы тек қана сыртқы орта жағдайларының тікелей әсеріне
байланысты деп танып,табиғи сұрыптаудың творчестволық мәнін жоққа
шығармақшы болады.
Таяуда биологтардың және әсіресе палеонтологтардың арасында әртүрлі
бағыттағы неоламаркистер аз болған жоқ.Академик Т.Д.Лысенконың
антидарвинистік концепциясының қалыптасуына да неоламаркизм ықпалын
тигізгені даусыз,оның концепциясы соғыстан кейінгі кезде советтік
әдебиеттерде кең етек алды және ол тіпті мектеп оқушыларында да еніп
кетті.Бұл теорияның тарихы мынадай.
Т.Д.Лысенкоша – дарвинизм негізі – бір жақты, жайдақ эволюционизм ,
эволюциялық теория тек қана сандық өзгерістерді негізге алады, бір сапалық
қалыптан екінші сапалық күйге көшуді мойындамайды. Осыған орай тірі
табиғаттағы дамуды дарвинизм тек қана тұтас үздіксіз линия деп түсінеді.
Лысенконың айтуынша,эволюционизм теориясы мен органикалық дүниенің шын
мәніндегі дамуының арасындағы сәйкессіздікті көмескілеп жіберу үшін Дарвин
Мультустің түр ішіндегі тартыс жайындағы реакцияшыл жалған іліміне сүйенді.
Дивергенция деп аталатын теория осыған негізделіп құрылған. Лысенконың
айтуынша, түрше – түрдің бастамасы, ал түр – айқын көріністі түрше деген
анықтамалар да дұрыс емес болып шықты.
Сол жайдақ эволюционизмге қарсы Лысенко өзінің теориясын ұсынды,оның
пікірінше бұл теория тікелей тәжірибелерге және табиғаттағы бақылауларға
негізделеді. Мысалы, жасалған эксперимент нәтижесінде күздік қатты бидайдың
(Triticum durum) тұқымын төмен температурада өсіргенде, одан басқа түрге
жататын жұмсақ бидайдың (T.Vulgare) түршесі алынды. Грузияның,
Азербайжанның және Дағыстанның тауларында бидай егісінің арасында қара
бидай арамшөп есебінде өсетіні белгілі.Мәдени сұлының (A.sativa) масағынан
арамшөп түрінде өсетін қара сұлының (Auena fatua) бірер дәні табылған
жағдайлар бар.
Лысенконың пікірінше аталған фактылар бір түрден басқа бір түрлер өсіп
шығатынына дәлел: қатты бидайдан жұмсақ бидай, бидайдан қара бидай,
сұлыдан қара сұлы өсіп шығады. Былай болуының себебі, жеке дамудағы
жағдайлардың қолайсыз әсерінің нәтижесінде организмдер өздерінің түрлеріне
тән тірі структуралар жасай алмайды екен. Бұл жағдайлар басқа түрлі
структуралар жасалу үшін қолайлы болады екен. Лысенконың айтуынша, осының
салдарынан, мысалы, бидай өсімдігінің денесінде қара бидай клеткасы пайда
болады т.с.с. Бұл сияқты даму секірмелі түрде болады, демек, бір сапалық
қалыптан екіншісіне көшеді: бір түрдің негізінде екінші түр шығады. Осыған
орай түрше дегеніміз сол түрдің өмір сүру формасы ғана, ол бір түрдің
екінші түрге айналуындағы басқышы емес деп түсіндіреді Лысенко.
Лысенконың теориясы түр пайда болу проблемасы жайында айтыс туғызды.
Бұл туралы периодтық баспасөз бетінде бірсыпыра мақалалар жазылды. Осымен
байланысты, осы проблемаға қатысты көптеген нақтылы материалдар қайта
қаралды.Соның қорытындысында Лысенконың теориялық жағдайлары және
теориясына негіз болған нақтылы материалдар сынға алынды. Сол сындардың
бірі Лысенконың нақтылы материалы жайында. Ол материалдың жаңа түрлер пайда
болу проблемасына тікелей қатысы болмай шықты. Лысенко өзінің теориясын
дәлелдемекші болып жасаған тәжірибелерінде немесе бақылауларының ешбір
варианттарында жаңа түр пайда болған емес. Автордың табиғи түрлермен жұмыс
жасауымен ісі болмайды, ол әлденеше рет будандастырудан өткен мәдени
өсімдіктердің түрлеріне бақылау жүргізген болып шықты. Осылай жүргізген
эксперименттердің нәтижесінің өзі аталған жағдайлар будандастыру
процестерімен байланысты белгілердің ажырауы екендігін көрсетті. Көптеген
жағдайда, эксперимент әдісінің нашар болуынан алған материалы күмәнді болып
шықты; мысалы, сұлы мен қара сұлыға жасаған тәжірибелері осы жағдайда
болды.
Осымен қатар, Лысенко өзінің көңілі кеткен фактыларға ғана назар
аударып ботаникада, зоологияда және палеонтологияда жүз жыл бойы жиналған
бай материалдан мүлдем безіп кетті.
Лысенконың теориясы бұл материалдың бірін түсіндіре алмайтын қуатсыз
теория болып шықты. Іс жүзінде Лысенконың сынды сөздері таза декларациялық
бейнеде болды. Бұған табиғатта дивергенция процесі болатындығын
мойындамауының өзі дәлел болады. Лысенконың бұл пікірі, биологияда бұрыннан
белгілі көптеген фактыларға қарсы айтылған жалаң сөз болып шықты.
Сондықтан да, табиғат жағдайларында жануарлар мен өсімдіктерді тікелей
зерттеп жүрген биологтардың қалың топтарынан Лысенконың теориясын
қолдаушылар табылмағанына таңырқануға болмайды. [ 7 ]
Батыста эволюциялық үшін күрес. 21 ғасырдың екінші жартысында шетелдерде,
клерикалдардың, сондай - ақ реакцияшыл пікірлі жаратылыс зерттеушілер мен
публицистердің шабуылынан Дарвин ілімін нағыз және дәйекті қорғаушылар:
Англияда - Т.Гексли мен А.Уоллес, Германияда – Э.Геккель, Америкада – Аза
Грей болды.
Түрлер тегі жарыққа шыққаннан соң жеті айдан кейін Оксфордта епископ
Оксфордский Вильберфорс пен Т.Гекслидің арасында әйгілі ғылми айтыс болды.
Ғылми айтысқа өте көп тыңдаушылар қатысты. Ғылми айтысқа арнаған
аудиторияға, оны тыңдаймын деп келгендер симады. Сондықтан мәжіліс музей
кітапханасының ұзын залында өткізілді. Онда 700 астам адам болды,бос орын
қалған жоқ, терезенің кенересіне дейін адам отырды. [ 7 ]
Тәжірибелі және шебер шешендігімен, алғыр дәукестігімен аты шыққан
епископ Оксфордский бірінші сөйледі. Оның сөзі ұтысты болды, Дарвинді және
оның жақтастарына сықақ ете сөйледі. Ол көпшілікті тарту мақсатымен сырлы
сөзді бөсті. Бірақ, шешен өзі сынап тұрған теорияның мазмұнымен таныс
еместігі қатысып отырған мамандарға түсінікті болып қалды. Епископ сөзінің
соңында Гекслиге кенет, бет бұрып былай деді: Менің қарсымда отырған, мен
сөзімді тамамдағаннан кейін мені түтелеуге дайын отырған профессор
Гекслиден адам маймылдан шықты деп ол ойлай ма деп сұрағым келіп еді? Ол
өзін атасы тарапынан немесе әжесі тарапынан, маймылдан шықтым деп санай ма
екен.
Оның бұл әдепсіздігі жұртты жадыратты және күлдірді.Епископ бұл сөздерді
көпшіліктің көңілін аулап, өзіне тарту үшін айтқан болатын. Эволюциялық
ілім құдай жазуына қарсы және зиянды деп сендіріп, ол сөзін ұзақ қол
шапалақтаумен аяқтайды. [ 2 ]
Бірақ, бұл үстемдік ұзаққа созылған жоқ. Ғылми айтыс күтпеген нәтижемен
аяқталды. Гексли сөз алысымен, епископтың сырты сұлу,іші қуыс мазмұнсыз
байтақ сөзіне қарсы нақты материалға негізделген дәлелдемелерді тізіп,
логикалы, жүйелі түрде Дарвин теориясының дұрыстығын баяндады. Ол
Епископтың айтқандарының бәрін сынап, оның мүлдем сауатсыз сөйлегендігін
дәлелдеді.Сөзінің аяғында Епископтың сұрағына жауап бере келіп Гексли былай
деді: Адамның арғы тегі маймыл дегеннен ұялатын себеп жоқ.Мен одан гөрі,өз
жұмысының күдікті табысына қанағаттанбайтын, өзінде ғылми мәселе жөнінде
ешбір түсінік жоқ, оны өзінің шешендігімен көмескілендіріп және
тыңдаушылардың зейінін айтыстың шын жағдайынан басқа жаққа аударып,
тілмарлықпен ауа жайылып, ептілікпен діни ұғымдарға бой ұрған адамнан
ұялған болар едім. [ 6 ]
Бұл уақиғаның әсерін айтып жеткізу қиын. Епископ мүлдем масқараланды.
Гекслидің сөзінен кейін аудитория бірсыпыра саябырланды. Ботаник Гукер
ғылми топтардағы өзінің беделін пайдалана отырып, сірә, епископ өзі сынап
тұрған Дарвин шығармасын мүлдем оқымаған болуы керек, ал оның ботаника
негізінен де ешбір хабары жоқ деп Гексли сөзін қуаттап,епископтың абыройын
судай шашты.
Түрлер тегі жарыққа шығысымен ақ Құрама Штатқа бұл еңбектің түп
нұсқасы келді. Бас кезінде кітап дұшпандық көзқарасқа кездесті. Дін иелері
мен идеалист - философтарды былай қойғанда, ол кітапқа көптеген ғалымдар
қарсы шықты,соның бірі Кювьенің шәкірті, ірі палеонтолог Л.Агассиц болды.
Ол 1860 жылдың өзінде Дарвин теориясына теологиялық және метафизикалық
тұрғыдан талдау жасап баспасөз бетінде, ол бұл теорияны өзінің тенденция
жөнінде жаман ниетті, - деп сынайды.
Америкада жаңа ілімді қатаң шабуылдан қорғап қалып ауыр еңбек пен
абыройға, аз болса да, ие еткен ботаник Аза Грей еді. Кітап басылып
шықпастан екі жыл бұрын, ол Дарвин теориясының негізгі жағдайларымен таныс
болатын.Сондықтан да, Аза Грей осы кітапты бірден жақтады.Ең алдымен
журналдардың біреуінде Дарвин кітабын жете талдап, ондағы теорияны
Агассицтің сынына, пікіріне қарсы қойды. Осы уақыттан бастап А.Грей мен
Агассиц арасында күшті айтыс үдей түседі. Айтыс баспасөз бетінде де,ғылми
мәжілістерде де болып отырды, онда Грей өзінің жарқын терең білімімен
дұшпандарына қарсы шығады. Оның дарвинизмді қорғауға бағытталған мақалалары
мен сөздері қисынды дәлелді болады.
Барлық елдердің алдыңғы ғатарлы ғалымдары жан - тәнімен қорғап,ғылми
насихат жүргізу нәтижесінде,ондаған жыл ішінде дарвинизм жаратылыс тануда
негізгі басшы ілімге айналды. Былай қарағанда клерикалдар тарапынан
жасалған сансыз шабуылдар тоқталғандай, Гекслидің сөзімен атушы взводтары
қайтып кеткендей уақыт жеткен сияқты еді.Біақ бұл тыныштық ұзаққа
созылмайды; 1971жылдан кейін, тез қоғамдық және ғылми үлкен уақиғаларға
байланысты ол тыныштық бұзылды. [ 7 ]
Ең әуелі Францияда революциялық қозғалыстың жаңа толқыны пайда болды.
Париж коммунасының уақиғалары, барлық капиталистік елдеріндегі буржуазиялық
лидерлерге көптеген қоғамдық фактыларды және ғылми теорияларды қайта
қарауды мәжбүр етті. Дәл осы кезде Дарвиннің Адам тегі және жыныстық
сұрыптау атты жаңа шығармасы шықты. Бұл кітап кларикал төңірегіндегілерге
дауыл тұрғызды. Құрама Штатта бұл ерекше өріс алды. Атақты американ
селекционері Лютер Бербанктің сөзімен, Дарвин еңбегіндегі жүйелі идеялар
адам мен маймыл ортақ ата тектен пайда болды деген теория,құдайға қарсылық,
есалаңдық, масқаралық болып көрінді. Шіркеу Дарвинді заңнан безген адам деп
жариялап, оның кітабын оқығандарды да, Дарвин қатарында айыптады. Бербанк
та бұл шындықтың азабын шекті. Ол, данышпан ғалымның пікірлерін қорғап,
баспасөз бетінде және халық арасында осы жөнінде сөйлеп жұртшылыққа ағарту
жұмысын жүргізді. Бұл оны қатты қуғынға ұшыратты: реакцияшыл топтар оның
ізіне түсті. Революцияшыл озат пікірлерге өшпенділік жасаушы американдық
қара түнек күштерге қарсы, Бербанк қиын күреске түсті. Осыған үлкен
физикалық күш – қуат жұмсаудың нәтижесінде Бербанк қатты ауруға шалдығып
мезгілсіз қайтыс болды.
Дарвинизмді қорғаушылардың тізе қосып реакцияшыл ғылым өкілдерімен жаңа
ірі ғылми айтысқа түскені 1877жыл. Париж коммунасы уақиғаларының жаңғырығы
неміс буржуазия төңірегіндегілерге күшті толқын енгізді, осымен байланысты
күрес алаңы Германияға ауысты. Осы жылы Мюнхенде жаратылыс зерттеушілер мен
дәрігерлердің съезі өтті. Сол съезде Даму жайындағы осы кездегі ілім және
оның жалпы ғылымға қатыстыдеген тақырыпта Геккель шығып сөйледі. [2, 7]
Мюнхен съезінде, Геккель даму идеясының биология ғылымы үшін зор маңызы
бар екендігін көрсете отырып, эволюциялық теория тұңғыш рет адам тегі
мәселесін ғылми тұрғыдан шешкендігіне ерекше зейін аударды. Бірнеше күннен
кейін, осы съезде, сол кездің палеонтологиялық анатомия саласындағы беделді
ірі ғалым Рудольф Вирхов Геккельдің сөзіне қарсы шығып сөйледі. Өзінің
философиялық көзқарасы жөнінен Вирхов нағыз идеалист болатын. Ол Дарвин
ілімі діни негізіне балта шабушы зиянды ілім деп атап оған қарсы ашық күрес
жүргізуге шақырды. Вирхов, егер эволюциялық идеяларын социалистер
қабылдап,өздерінің революциялық жұмыстарына пайдалана қалса, ол ғылымға да,
қоғамға да зор қауіп туғызады деп тыңдаушыларды сақтандырмақ болады. Барлық
баспасөз съездегі айтысты қызу талқылады.Демократиялық бағыттағы газеттер
Геккельді жақтады,ал реакцияшылдық бағыттағылары Вирховты мақтаумен
кенелтті.
Эволюциялық идеяның ынтық және жалынды күрескері – Геккельдің есімі,
оның Дүние жұмбақтары атты кітабы шығумен байланысты дұшпандарына
бұрынғыдан да жек көрінішті болды. В.И.Ленин сөзімен, бұл кітап барлық
цивилизациялы елдерде дауыл тұрғызды; ол қалың оқырмандар арасына таралды,
шын мәнінде тап тартысының құралына айналды. 1908жылы Геккель өміріне
қастандық жасалды, мұның алдында бұл ғалымды ит, дінсіз маймыл деп әрілеп
жазған атсыз хаттар түскен болатын. [ 5 ]
Дарвин ілімімен ашық күресте,реакцияшыл күштер, діни сенімді пайдалану
мақсатымен, қоғамдағы мәдениеттен артта қалған қараңғы адамдар арасында
наразылықты әдейі күшейтті. Бұған АҚШ – тағы 1925жылғы маймыл процесі
айқын дәлел.
1921жылы Теннессь штатының үлкен жиналысы эволюция ілімін оқытуға тыйым
салу жөнінде арнаулы заң қабылдады. Осы заң текстінде,таураттағы адамды
құдай жаратқан деген ертедегілерді мойындамайтын және адам төменгі сатылы
жануарлардан шықты деп танитын теорияларды колледждерде және мектептерде
мұғалімдер оқытпайтын болсын, оған мүлдем тыйым салынсын деп жазылды.
Осы заңға байланысты Дайтондағы колледжінің жас биолог мұғалімі Джон
Скопс сабақ кезінде оқушыларға Дарвин теориясын баяндағаны үшін қамауға
алынып,сотқа тартылады.
Болайын деп жатқан сотта, бұрын - соңды құлақ есітпеген айыптаушылық
жайындағы хабар, шын мәнісінде озат ғылымға қарсы құрылмақ болған, сот,
барлық прогресшіл адамзатты қобалжытты. Бүкіл дүние жүзінің қоғам
қайраткерлері, ғалымдар юристер Скопсты жақтады.
Скопсты соттау арқылы сот қоғам көпшілігінің зейінін өзіне аудартты.
Айыптаушы бұрынғы мемлекет секретары В.Брайан болды. Скопсқа оқушыларға
адам маймылдан шықты деп түсіндірді деген айып тағылды.Осы теорияға
байланысты барлық процеске маймыл процесі деген орынды ат берілді.
Процесс мракобесиеге және діни фанатизмге қарсы әлеуметтік зор
демонстрацияға айналды. Скопсты қорғаушылар айыптаудың дұрыс еместігін
жүйелі ғылми түрде дәлелдеп, жаратылыс ғылымдары жөнінде прокурордың
сауатсыздығын мойындауына мәжбүр етті. Осыған қарамастан, діни көзқарасты
фермерлерден құралған кеңесшілер соты Скопсты қылмыстыдеп тапты. [ 3 ]
Дарвин іліміне қарсы христиан дінінің арнайы күресі,әртүрлі бейнеде,
XXғасырдың орта шеніне дейін созылып келеді.Шіркеу,әсіресе католик шіркеуі
эволюциялық теорияны ұдайы айыптаумен келеді. Бұл жөнінде 1950жылы Пий
XII папа діншіл католиктерге жазған жолдамасында органикалық дүниенің
эволюциясын тануды рұқсат еткеннен кейін үлкен өзгеріс енді.Адам денесі
эволюциялық жолмен пайда болу мүмкін екендігін мойындауға рұқсат
етілді.Осымен бірге энцикликада католик шіркеуі қабылдаған догматтарда
баяндалған жағдайларға сәйкес, адам жанын құдай жаратады деп көрсетілген.
Кімде - кім бұл догматқа сенбесе оны дінсіз деп жариялайды. [ 5 ]
Россиядағы эволюциялық идея үшін күрес. Өткен ғасырдың 50жылдары
Россияда феодалдық қоғам негізінде шаруашылықтың капиталистік формалары
пайда болуымен байланысты помещиктік – крепостниктік қоғамға дағдарыс енді.
Бұл дәуірде, осымен қатар, шаруалардың жаппай революциялық күресі өрістеп,
Россияда революцияшыл демократиялық қозғалыстың бас көтеруіне себеп
болды.В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский және Добролюбовтердің
басшылығымен революцияшыл демократтар халық мүддесін қорғап, шаруаларды
крепостнойлықтан босатуды жақтап,самодержавиемен күресте халықты идея
жөнінен рухтандырып отырды. Олар крепостнойлық Россияның мемлекеттік
құрылысына енген реакцияшыл – идеалистік идеологияға қарсы сыбана күрес
жүргізе отырып озат материалистік философия құрды. Орыс ағартушыларының ұлы
топтары Гегель диалектикасын қайта құру және оны материализммен ұштастыру
жолына түсті.Олар жастардың ақыл ойын биледі.
Осыған орай, А.И.Герценнің Табиғатты зерттеу жайындағы хаттарының
философиялық трактатының ерекше маңызы болды. В.И.Ленин оның осы еңбегі
жайында Герцен диалектикалық материализмге таяу келіп, тарихи
материализмнің алдына келіп тоқтады деп жазды. Жаратылыс ғылымдары көп
нақтылы материал қорландырды, бұл философиялық қорытындылауды қажет етіп
отыр деп жазды. Табиғатты зерттеу жайындағы хаттардың авторы. Сөйтіп
жаратылыс танусыз философия бола алмайтыны, философиясыз жаратылыстану бола
алмайтыны айқын байқалды. [ 3, 5 ]
Осы сияқты пікірді Чернышевский де өз еңбектерінде дамытып,жаратылыс
ғылымдары дамымай нағыз материалистік дүние көзқарасы жасалмайды деп
көрсетті. Бұл идеяларды алдыңғы қатардағы жастар қуанышпен қарсы алды.
Табиғатты зерттеу жөнінде зор ынта пайда болды. Көптеген жастар жаңа
идеялардың ықпалымен мамандығын ауыстырып,университеттердің жаратылыс
факультеттеріне түсті. Осы жағдай жайында К.А.Тимирязев былай жазды:
Біздің қоғамымыз оянып қайнаған жаңа өмірге енбеген болса, кім біледі,
мүмкін Менделеев пен Ценковский өз ғасырын Симферополь мен Ярославльде
мұғалімдікпен өткізген болар еді, правовед Ковалевский прокурор болып,
юнкер Бекетов эскадрон командирі, ал сапер Сеченов өзінің бар шеберлігімен
траншеялар қазған болар еді. [ 5 ]
Мұның бәрі, жаратылыстану қоғамның кең шеңберіне еніп дүние тану туралы
жаңа көзқарастың қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Жаратылыс ғылымдарына ықылас ауған жағдайда Дарвин теориясы Герценнің
үндеуіне тікелей жауап болып табылды. Онда тәжірибелік жаратылыс танудың
қорландырған фактыларының терең философиялық қорытындысы болды.
Бұл теория жайында, 1861жылы петербург университетінің студенттері
тұңғыш рет өздерінің құрметті профессоры С.С.Куторганың лекциясынан
есітті,солардың ішінде он сегіз жастағы К.А.Тимирязев болатын. Сол жылы
Оқу кітапханасында деген автордың атынсыз екі мақала жарияланып, онда
Дарвин ілімінің дәл қысқаша мазмұны берілді. Бұл мақалаларды профессор
Куторгаға жазды деп жориды.
Сөйтіп Россияда Петербург университеті дами бастаған дарвинизм тұңғыш
плацдармы болды. Осы университеттің профессорларының арасында Дарвин
теориясын қабылдап, оның Россияда таралуы жөнінде көп еңбек еткен
А.Н.Бекетов болды, оның өзі эволюционист, Дарвиннен бұрыңғы осы идеяның
орыс бастамасы еді.
1859жылы Бекетов, Дарвинмен бір мезгілде,оған байланыссыз Табиғаттағы
үйлесімділік атты еңбегінде эволюциялық даму жайында өзінің пікірлерін
баяндап,сыртқы жағдайлардың әсерімен организмдердің өзгеретіндігіне ерекше
зейін аударды.
1862 жылы Түрлер тегі кітабымен танысып, осы кездегі жас Неофит – он
жеті жасар Мечников дарвинизмге қызмет ету жолына түседі, оған өзінің
өмірінің ақырына дейін толық еңбек етеді. 14жылдан кейін,атақты ғалым
қатарындағы И.И.Мечников Европа хабаршысында, Түрлер тегі мәселесінің
очеркі деген атпен көлемді мақаласын жариялайды. Осы очеркте эволюциялық
ілім тарихын тамаша етіп баяндайды. [ 2 ]
К.А.Тимирязев пен И.И.Мечниковтың дарынды құрбыларының ішінде,
Петербургте Дарвинизм үшін күрес жүргізген ағайынды А.О.және
В.О.Ковалевскийлер болды. Дарвин теориясы Россияға тұңғыш енген кезде,
1861 жылы мұның үлкені – Александр жиырма бірде, кішісі – Владимир он тоғыз
жаста болатын. Александр талапкер зоолог еді, Владимир право туралы ғылым
училищесін бітірісімен заң ілімін зерттеу үшін шетелге барады.Шетелде екі
жыл болған кезінде жаңа идеялардың ықпалымен жас адамның ақыл – ойына үлкен
өзгеріс енеді; ол елге тыңғылықты жаратылыс зерттеуші болып қайтады. 10
жылдан кейін, 1873 жылы Дарвин В.О.Ковалевскийге жазған хатында Сіздің
және сіздің ағаңыздың алдында - әрқайсысыңыздың өз салаңызда үлкен болашақ
тұрғаны маған түсінікті, - деп жазды. [ 5 ]
Дарвин идеяларын таратуда Д.И.Писаревтің Жануарлар дүниесіндегі
прогресс (1864ж.) атты тамаша еңбегі үлкен роль атқарды, онда эволюциялық
теория негіздері көпшілікке түсінікті етіп жазылған болатын. Писарев бұл
еңбегінде жаңа ілім жаратылыс танудың барлық салаларына толық төңкеріс
жасайды, бұлардың бәрі жаңа ілімнен жалпы басшылық желі алады, ол желі
көптеген зерттеулерді өзара байланыстырып зерттеушілердің ақыл – ойын
жемісті табыстарға бағыттайды деп жазды.
Дарвинизмнің одан әрі дамуына және таралуына қолайлы жағдайды Москва
университетінен тауып, онда ең алдымен дарвинизмді жақтап шыққан К.Ф.Рулье
мектебінің зоологтары Н.А.Северцов, Я.А.Борзенков, С.А.Усов т.б. болды.
Бұлар өзінің ұстазының арқасында эволюциялық идеяның тыңғылықты жақтаушысы
болды. Дарвин теориясы олардың дүниетану көзқарасын толық қалыптастырды.
Мысалы, Н.А.Северцов 1857жылдың өзінде Жыртқыштардың, соның бірі мысық
тұмсықтардың көп сатылы классификациясы және осымен байланысты жалпы
зоологиялық мәселелер жайында хабар деген мақаласында өз теориясын
баяндап, оны Түрлер тегінің теориясы деп атады. [ 4 ]
Бұл мақаласының мазмұны мынадай. Үй жануарларын өсіру тәжірибесінен
кездейсоқ түршелер расаға айналуы мүмкін екендігі белгілі. Түршелер мен
расалардың пайда болуын түрлердің ажырауы деп атауға келеді.Түр –
органикалық жиынтық болып табылады. Оның өзінің жасы,жүйелі даму дәуірлері
болады және тұтас бейнеде өзгеріп отырады. Ұрпақтарының ауысуында түр жаңа
жеке вариациялар береді,кейін сол вариациялар дербес жаңа түрлерге
айналады. Бұл жаңа түрлер, әрқашан арғы тегінің ортақ белгісін сақтап
отырады.
Н.А.Северцовтың өз теориясы болғандықтан,ол басында жаңа эволюциялық
теорияға сын көзімен қарайды. Оның дұрыстығына көзін жеткізгеннен кейін,осы
теорияның жалынды жақтаушыларының біріне айналды. Осы кезде Н.А.Северцовтың
ғылми ынтасы географиялық және зоологиялық зерттеулерге бағытталып, ол осы
бағытта Орталық Азия тауларында зерттеулер жүргізеді.Бұл жерде қажырлы
саяхатшы зоогеографиялық проблемаларды шешу үшін тарихи әдіс қолданады. [ 4
]
Эволюциялық дәстүрлер А.Н.Мензбирдің зоология және салыстырмалы
анатомия кабмнетінде де өріс алады. Оның төңірегінде дарынды жас зоологтар
(П.П.Сушкин,П.С.Усов т.б.) топтанады. Бұлар кейін атақты ғалымға айналады.
Кейінірек осы топқа Н.А.Северцовтың баласы А.Н.Северцов қосылды.
Дарвинизмнің орыс классиктері тобында эволюциялық идеяның жалынды
қайраткері және ымыраға келмейтін күрескер К.А.Тимирязев ерекше орын
алады.Тимирязевтің ғылми жұмысы университетте оқып жүргенде басталып,сол
кезде,ол терең мағыналы және тамаша бейнеде Дарвин теориясының қысқаша
очеркін жазды. Академик В.Л.Комаровтың айтуынша, өз уақытында бұл кітап
көпшілік оқырмандар тобына арналған дарвинизмді үйретудің кіріспесі
болды.Бұл кітап арқылы орыстың тұңғыш дарвинистері тәрбиеленді. Ол кітап
патшалық Россия жағдайында табиғатты материалистік тұрғыдан жаңаша түсіну
үшін жол салды. Отандық жазбасында осы очерк жарияланған кезде оның
авторы 21жаста еді. Содан бастап К.А.Тимирязев 56жыл бойы өзінің бүкіл күш
қуатын және білімін эволюциялық идеяны творчестволық бейнеде дамытуға және
оны антидарвинизмнің қандайынан болса да қорғауға сарып етті. [ 5, 6 ]
Өз халқына сүйіспеншілікке,шыншылдыққа,өтірікт і жек көрушілікке ата –
анасынан тәрбие алған К.А.Тимирязев, өмірінің ақырғы күніне дейін,өзінің
қалап алған ғылым үшін жұмыс істеу керек және халық үшін жазу керек деген
ұранын орындап отырды. Ол дарынды насихатшыға қажет,терең творчестволық
ақыл ойын сөзінің түсініктілігі мен көркемдігін ұштастыра білетін,теңдесі
жоқ жаңашыл ғалым еді. Әлденеше ұрпақтың табиғат жайында ғылымның
негіздерін оқып үйреніп келе жатқан және келешектегі жас ұрпақтардың оқитын
Дарвин теориясының қысқаша очеркімен қатар, К.А.Тимирязевтің сол сияқты
тамаша шығармаларының үлгілеріне Өсімдіктер тіршілігі және Биологиядағы
тарихи әдіс атты еңбектері жатады. Бұл екі шығарма да автордың көпшілікке
түсінікті тілде үлкен аудиторияға оқыған лекцияларының негізінде жазылған.
Тимирязев 1877жылы Дарвинге барып, өзінің Дарвин теориясы жайында жазған
очеркін тарту еді.Тимирязевтің Дарвинмен әңгімесі өзінің пікірлерінің дұрыс
екендігіне көзін жеткізеді, оны рухтандырады. [ 6 ]
80 жылдардың аяғында Тимирязев орыс антидарвинистеріне қатты соққы
береді.Бұған Н.Я.Данилевскийдің Дарвинизм атты екі томдық кітаптарының
шығуы себеп болды, онда автор діни – идеалистік тұрғыдан эволюциялық
теорияны жоққа шығармақшы болған еді. Данилевскийдің сынға алған
жағдайларының дәлелдемелері дәрменсіз болды, дұрысында бір кездердегі
Кювьені жақтаушы Агассицтің және басқа оның шәкірттерінің дәлелдемелерінен
аз ғана айырмасы болды. Ағайынды Ковалевскийлердің классикалық еңбектерінде
жануарларда аралық формалар болатындығы көрсетілген болатын. Ал Данилевский
оларда аралық форма жоқ деп дәлелдемекші болды. Табиғатта сұрыптау процесі
болатындығы жайында әдебиетте көптеген фактылар жазылған болатын, бірақ
Данилевский өзінің кітабында Дарвин шіркеу догмаларына қайшы келетін
өнегесіз теория құрды деп айыптайды. Автор осы зиянды теориямен күрес
жүргізуіміз керек деп ұран тастайды. [ 4 ]
Данилевскийдің осы кітабын мақтап Дарвиннің толық жалған екендігі
деген атпен публицист Н.Н.Страхов рецензия жариялайды. Мұнда бір қызық
жағдай,басында ол өзінің Дарвин ілімінің жақтаушысымен деп санаған болатын.
Дарвинге қарсы шабуылға және оны жақтаушыларға жауап ретінде Тимирязев
Политехникалық музейде Дарвинизм жалған ба? деген тақырыпта көпшілік
алдында лекция оқиды. Ол осы лекциясында,биологияның әртүрлі салаларында
қорланған байтақ нақтылы материалға сүйене отырып, Данилевский мен
Страховтың сындарының дәлелсіздігін және ғылми тұрғыдан негізсіздігін
бадырайтып көрсетіп берді. [5]
XIXғасырдың аяғында орыс профессорларының реакцияшыл топтарында
виталистік идеялар кең етек алды. Витализмді жақтаушылардың ішінде академик
И.П.Бородин және С.И.Коржинский сияқты ірі ғалымдар болды. Олар тіршілік
құбылыстарын тіршілік күші деген ұғымды қоспай ғылым түсіндіре алмайды
деп ашық уағыздады.
Виталистер тек тірі денеде ғана аты шулы тіршілік күшінің (vis vitalis)
әсерімен органикалық заттар түзіле алады деп келген болатын, ал Тимирязев
көптеген органикалық заттарды эксперимент жолымен алу жөніндегі жаңа ғылми
табыстарға сүйене отырып витализмнің барлық көрінісіне қарсы қатал күрес
жүргізді. Сонымен бірге табиғатта тіршілік күші деген болмайтындығына,
өсімдіктердің фотосинтезі жөнінде Тимирязевтің өзінің жүргізген
зерттеулерінің қорытындысы тамаша дәлел болды. [ 2 ]
Өсімдік тіршілігіне жарықтың ролін анықтау жөніндегі К.А.Тимирязевтің
жұмыстарына дейін энергияның сақталу заңының тірі денелерге қолдануға
болатындығы дәлелденбеген болатын. Бұл ғана емес, виталистер лагеріндегілер
бұл заңды организмдерге тіпті қолдануға болмайды деп даурықты. Олар
өсімдіктермен жануарлар денелерінде жүріп жатқан ассимиляция және
диссимиляция процестерін тек ішкі энергияға, яғни тіршілік күшіне
байланысты деп санады.
Өсімдік организміне энергияның сақталу заңын қолдануға болатындығын
дәлелдеген тұңғыш ботаник Тимирязев болды. Ол өз зерттеулерінің
нәтижесінде, көміртегін өсімдіктердің ассимиляциялауы энергияның сақталу
заңына бағынады деген қорытындыға келеді. Қарапайым органикалық емес
заттардан өсімдік денесінде күрделі органикалық заттар құрайтын
виталистердің тіршілік күші емес, энергияның бір түрден екінші түрге айналу
процесі.
Тимирязев фотосинтездің күрделі проблемасын шешумен бірге тарихи әдісті
меңгеріп нағыз дарвинист қатарында сөйледі. Организмдердің барлық негізгі
қасиеттерін қалыптастыратын табиғи сұрыптау деп танытушы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz