Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ

1 ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ БАУЛУДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Шығармашылық іс-әрекет ұғымы . . .

1. 2 Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу қажеттілігі . . .

1. 3 Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулуды технологиялық негізде жүргізу ерекшеліктері . . .

2 ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ БАУЛУДЫ ПРАКТИКАДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ . . .

2. 1Шығармашылық іс-әрекетті технологиялық негізде жүргізу әдістемесі . . .

2. 2 Сабақтағы шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Осы дипломдық жобада келесі терминдер анықтамаларымен қолданылады:

Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді, демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу.

Оқу технологиясы -тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі педагогикалық жүйенің жобасы.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қысынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті.

Технология - грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.

Топтастыру - ойды, идеяны жинақтау, яғни бұл сонымен қатар оқыған нәрселерді жинақтап, беретін қорытындылау құралы.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Оқыту үдерісінде жан-жақты, жаңашыл, шығармашыл болу бүгінгі күннің басты талабы. Ғылымдағы барлық жаңалық шығармашыл тұлғалардың еңбектерінің жемісі. Осыған байланысты қазіргі кездегі білім берудің көкейкесті міндеті оқушыларды танымдық шығармашылық іс-әрекетке баулу болып табылады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында, елбасымыздың “Болашақ”, “Дарын” бағдарламаларында, “Қазақстан -2050” атты Қазақстан халқына Жолдауында, “Қазақстан Республикасында” білім беруді дамытудың 2014-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында” білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке қосылу, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық үдерістің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу объектілеріне айналумен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде мектеп оқушыларын тұлға етіп қалыптастыруда оларды шығармашылық іс-әрекетке баулу басты нысанға алынған.

Тұлғаның шығармашылық дамуы мен қалыптасуы колледжде оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. Бұл жөнінде ежелден- ақ ұлы ойшылдарымыз Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтанолардың еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Ал қазіргі кезде Д. Кішібеков, Р. Н. Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.

Ал, оқыту үдерісіне жеке тұлғаны шығармашылық іс-әрекетке баулуға дамуына бағытталған технологияларды енгізуді Қазақстанда Г. С. Күдебаева, С. С. Құнанбаева, К. Ж. Жақсылықова, Л. Екшембаева, Ж. А. Қараев, Г. М. Құсайынов, М. М. Жанпейсова, Т. Галиев, Н. Н. Нұрахметов т. б. қарастырса, шет елде Беспалько, П. С. Селевко, С. С. Кашлев, В. М. Монахов, В. М. Волков, М. В. Кларин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Ш. А. Амонашвили т. б. теориялық және практикалық жағынан дәлелдеп беріп отыр.

Аталған жұмыстар шығармашылық іс, еңбек сферасына байланысты қабілеттер және шығармашылық қабілеттерді дамыту, шығармашылыққа баулуды ұйымдастыру, колледж оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулу мәселелері әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді.

Демек, колледж оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудың қажеттілігі бар. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық жағдайға сәйкес колледж студенттерінің шығармашылық іс-әрекетке баулу мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мәселенің колледж тәжірибесінде өз дәрежесінде іске асырылмауы арасындағы қайшылықтар біздің диплом жұмысымыздың тақырыбын “Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулуды технологиялық негізде жүзеге асыру жолдары ( Қазақ технология және бизнес колледжі тәжірибесі негізінде) ” деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу мәселесі: Кәсіптік білім беру жүйелерінде білім алушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу.

Зерттеу мақсаты: Қазақ технология және бизнес колледжінде техникалық пәндерді оқып-үйрену барысында шығармашылық іс-әрекетке баулу жолдарын анықтау.

Зерттеу болжамдамасы: Егер кәсіби білім беретін колледждерде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта оқыту іс-әрекеті жүйелі ұйымдастырылып отырса, онда студенттердің логикалық және шығармашылық ойлау қабілеті артады, шығармашылық деңгейі жоғарылайды және бұл олардың пән бойынша білім деңгейлері артуына алып келеді.

Зерттеу объектісі: Колледждегі техникалық пәндерді оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: Оқу тәрбие ісінде оқушыларды шығармашылық

іс -әрекетке баулу үрдісі.

Зерттеу міндеттері:

- Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерге шолу жасау;

- Білім алушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулуға қатысты озат педагогикалық тәжірибелерді талдау;

- Колледж оқушыларын шығармашылық іс-әрекетке баулуға қатысты әдістемелік нұсқаулар дайындау;

Зерттеудің ғылыми және практикалық жаңалығы: Кәсіби білім беретін колледж оқушыларының шығармашылық-логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудың теориялық негіздемесі айқындалды, оны іске асырудың мазмұны жасалды. Практикалық маңызы - ғылыми зерттеу материалдары колледжде пайдаланылып, студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға қатысты әдістемелік нұсқаулар дайындалды. .

Зерттеудің тәжірибелік базасы Астана қаласындағы Қазақ Технология және Бизнес Университетінің колледжі.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі негізгі, үш жекелеген бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

1 Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулуды технологиялық негізде жүргізудің теориялық мәселелері

1. 1Шығармашылық іс-әрекет ұғымы

Қазіргі таңда кәсіби білім беретін колледждің функционалдық басым бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеріп, олардың бойында тұлға аралық және этникалық топ аралық қатынастар мәдениетін, жеке тұлғаның өзін-өзі айқындау және кәсіптік бағдарларын анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы - сапалы білім мен саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділіктерін дамыту. Себебі, білімді, шығармашыл, жан-жақты жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Демек, болашақ ұрпақ мұғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай белсенді, зерделі танымды іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-ші бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыми мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» делінген. [1] Яғни, барша ұстаз қауымына XXI ғасыр талабына сай азамат тәрбиелеудегі жауапкершілік жүктелгені анық. Расында да, қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандарға мұқтаж.

Шығармашылық - адамның өмірде өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Шығармашылықтың маңыздылығы жайында біздің елдің педагог-психологтары да еңбектерінде көп сөз еткен. Психологияда шығармашылық ұғымының түрлі тұжырымдары көп. Мысалы, Т. И. Шамова: «шығармашылық дегеніміз - қорытындысында бұрын белгісіз болған деректер мен материалдық әлем және рухани мәдениеттің заңдылықтарын, қасиеттерін және өзіндікқұндылықтар тудыратын рухани әрекет», - деп келтіреді [2] . Ал профессор Қ. Жарықбаев: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам шығармашыл ойдың иесі», - деген болатын[3] .

Оқушының шығармашылығын басты назарға алып, зерттеген алғашқылардың бірі Мағжан Жұмабаев болатын. . Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір терең ісі» - деп атап көрсете келіп, тәрбиеленуші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. [4] Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне ісер етеді. Оқушының шығармашылық қабілеті тәжірибелік әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Осыған байланысты білім беру барысында тәжірибелік сабақтарға аса назар аударған дұрыс.

Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері екендігін, олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді. Ал Б. Теплов қабілеттіліктің үш белгісін көрсетіп берді:

- қабілеттілік - бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық ерекшелік;

- қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді жатқызбай, тек бір немесе бірнеше iс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа жеткізетін ерекшеліктер жатады;

- қабілет адамда бар білім, іскерлік және дағдымен ғана шектелмейді, керісінше, сол білім, іскерлік, дағдыны меңгеруге қабілетті. [5]

С. Т. Шацкий шығармашылық iс-әрекет қызығушылықтан туындап, соның негiзiнде белсендi iс-әрекетке деген қажеттiлiктi сезiнуден пайда болады деп түсiндiредi [6] .

Бірқатар психолог ғалымдар өздерінің еңбектерінде іс-әрекеттің құрамын әртүрлі тұжырымдайды.

1. Мақсат - құрал - нәтиже ретінде - Выготский, С. Рубинштейн.

2. Іс-әрекет - қимыл - нәтиже (А. Леонтьев) .

3. Түрткі - норма - білім - дағды - құрал (М. Квентной) .

4. Мақсат - себеп - дағды - нәтиже - іс-әрекет пен нәтиже арасындағы байланыс (А. Люлинская) . Осы көзқарастар негізінде шығармашылық іс -әрекеттің құрамдас бөліктерін төмендегідей көрсетуге болады:

Мақсат - білім - дағды - қимыл - нәтиже.

Қ. Жарықбаев «Іс-әрекет деп түрлі қажеттерді өтеуге байланысты түрлі мақсатқа жетуге бағытталған үрдісті айтамыз»[3] десе, ал А. Леонтьев «Бұл өзара әсер, әрекет «қажеттіліктен» келіп шығады. Сонда да болса, «қажеттілік» әрекетінің көзі, қозғаушы күші бола алмайды, тек ол әрекеттің қалай бағытталғанын, затын(предметін) анықтайды» дейді. [7]

Шығармашылық танымдық әрекетке оқушылардың өзіндік жұмысы, бақылауы мен тәжірибесі, ойлау амалы нәтижесінде алған білімі, дағдысы, танымы мен ғылыми түсініктері жатады.

Жеке тұлға белгiлi бiр әрекеттер нәтижесiнде қалыптасады десек, ол тәрбиенiң әсерi ғана емес, өзінің ойлау қабiлеттерiн жүзеге асыру үрдiсiнде дамиды. Тұлғаның өзi қажет етуi бойынша дамуы - бұл iшкi белсендi ойлау әрекетi. Ол тұлғаның өзiндiк оқу әрекетiне, дербестiгiне, өзiн-өзi бақылауына, бағалауына бастау болады. Оқушының оқу әрекеті - білім алу мақсатына жетуге арналған әрекет.

Мұғалiм жеке тұлғаны қалыптастыруда оқушылардың ойлау қабілетін, қызығушылығын, танымдық іс-әрекетiн, даму мүмкiндiктерi мен білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін ұйымдастыруы қажет. Қабілетті, ынталы оқушылардың арасында ойлау қабілетінің дәрежесін арттыра түсу, теориялық білімді тереңдету, практикалық дағдысын дамыту мақсатында дайындалатын жеке жұмыстар жүйесі өзекті мәселеге және оны шешу жолдарына бағытталуы тиіс.

Жүйелі ұйымдастырылған танымдық әрекеттер нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, танымдық ізденімпаздығы қалыптасады. Оқытушының басқару іс-әрекеті өзінің және оқушының іс-әрекетін жоспарлаудан, оны дұрыс ұйымдастырудан, оқыту сапасын талдаудан, оқушының жеке тұлғалық дамуын болжаудан т. б. тұрады.

Оқушылардың білім, білік, дағды және шығармашылық әрекеттері қалыптасуының деңгейін ақпараттық технологияның көмегімен шешу - бүгінгі күн талабы. Білім алуды дұрыс ұйымдастыруда ақпараттық технологияның алатын орны ерекше. Ақпараттық технологиялардың негізгі құралы - компьютер десек, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда төмендегідей талаптарды орындау қажеттілігі туады:

- Компьютерлік технологияны пайдалана білу іскерлігі;

- Қажетті ақпараттық технологияны таңдай білуі.

Аталған талаптарды, яғни компьютерлік сауаттылығы бар, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеудің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдерін игерген оқушы, өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Оқыту құралдары: компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар оқыту түрлерін жетілдіруге мүмкіндік береді десек, мұғалім тарапынан оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне қарай даярланған жеке дара тапсырмалар жүйесін жоғарыда аталған құралдар көмегімен орындауы, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін жүйелі қалыптастыруға жол ашады.

Оқушының шығармашылық әрекетін дұрыс ұйымдастыруда ең алдымен өзекті мәселе анықталып, мақсаты мен міндеттері айқындалуы қажет. Мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға жұмсауда тиімді әдіс амалдарды қолдану арқылы тапсырмалар дайындап, олардың танымдық қабілеттеріне қарай ұсынады.

Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін - өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы, жаратушы да. Ол өзін - өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, сонымен қатар өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан, талап тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»-деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Оқушының шығармашылық іс - әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми - педагогикалық зерттеулердің обьектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық іс - әрекет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады. [8]

Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау үдерісінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тұра, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді, демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу. Философиялық сөздікте: «Шығармашылық қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс - әрекет» - деп түсіндіріледі.

Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс.

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С. Л Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, шығармашылық шешімнің нәтижесі, баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті екендігін айтады яғни, баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәрбиесімен салыстырылады. [9 ]

Оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой - өрісін арттыруда алатын маңызы өте ерекше.

Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық - адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне {компьютер, интернет, ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері арқылы емдеу, т. б. ) көптеген ізденуші ғалымдардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анык.

Шығармашылық үдеріс - әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды.

Шығармашыл тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни, шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады, сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайтынын

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С. Л. Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М. Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы - қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». [4] Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М. Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.

«Шығармашылық» ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.

Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:

- ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі) ;

- көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары) ;

- техиникалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар) ;

- педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т. б. )

Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі жаңашыл-педагогтардың (Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков) еңбектерінде арнайы сөз етілді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін ойын әрекеті арқылы дамыту (М. Мұхамедин), оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту (Б. Тұрғынбаева), эстетикалық тәрбие беру (С. А. Ұзақбаева), Б. А. Әлмұхамбетов өз еңбектерінде зерделеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері
Жеке тұлға өзіндік құндылық
Оқушыларды зерттеу іс-әрекетке баулу технологиясы
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негізі
Оқушылардың еңбек мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуда оқушылардың шығармашылығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz