Діни мәтіндерін қазақша аудару және түсіндіру


Мазмұны
- Діни аударманың қалыптасуы мен даму жолдары
- Аударма ерекшеліктері
Кіріспе
Қазіргі тіл білімі арқылы меңгерілетін көптеген күрделі мәселелердің арасында тіл аралық қатынастар қызметінің лингвистикалық аспектілерін «аударма» немесе «аударма қызметі» деп аталатын меңгеру саласы маңызды орын алады. Аударма - бұл, әлбетте, адам кәсібінің өте көне түрі. Адамзат тарихында адам топтарының тілдер айырмашылықтары бар қалаптасуымен қатар «әр түрлі тілдер» ұжымдарымен қатанасуға көмектесетін «билингвтер» де пайда болды. Жазба тілінің шығуымен осындай ауызекі «тілші-толмач» аудармашыларға жазбаша түріндегі де ресми, діни және іскери түрдегі әр түрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосыла бастады. Басынан бастап аударма маңызды әлеуметтік адамдар арасындағы тіл аралық қатынасты жасайтын қызметті атқарды. Жазбаша аудармаларды тарату адамдарға басқа халықтардың мәдени мұраларына қол жеткізуді кеңейтіп, мәдениет пен әдебиеттерін байытуға, әсерін тигізуге мүмкіндік берді.
Шетел тілдерін білу - бұл тілдердегі кітаптардың түпнұсқасын оқуға мүмкіншілік береді, бірақ бір ғана шет тілін меңгеріп алудың өзі әркімнің қолынан келмейді. Алғашқы аударма теоретиктері ретінде өздерінің тәжірибесін қорытындылауға ұмтылған аудармашылардың өздері болды, бірақ та кейде кәсіби бойынша әріптестерінің тәжірибесі де осыған қосылды. Өздерінің «аудармашылық ісін» көрсетуге барлық кезеңнің атақты аудармашылары болған еді, дегенмен олардың білдірген көзқарастары қазіргі талаптарға сай ғылыми дәлелді болмағанымен жүйелі теоретикалық тұжырымдамаларға енгізілмесе де, бір қатар осындай пікірлер мен көзқарастар күні бүгінге дейін өзіне қызығушылықты арта түседі. Сонымен, антик кезеңінің аудармашылары түпнұсқаға аударманың жақындық деңгей мәселесін кеңінен талқылауға түсірген. Библия мен басқа шығармашылардың ерте кездегі киелі мен негізгі болып саналатын аудармаларында түсініксіздікке немесе аударманың толық ұқпауына әкеліп соққан түпнұсқаны дәлме-дәл аудару мен тастап алуға талпыныстар басым болды.
Сондықтан кейінірек кейбір аудармашылар түпнұсқаға қатысты үлкен бостандыққа ие болуға аудармашылар құқығын теориялық жағынан әріпті емес, мағынасы немесе жалпы көрінісін, түпнұсқа «ерекшелігін» көрсету керектігін айқындауға тырысты. Аудармашы көздеуге тиісті мақсаты туралы бастапқы пікірлердің өзінде- ақ біздің заманымыздың дәлме-дәл немесе еркін аударманың болуы мен түп нұсқа ие болатын оқырмандарға әсерін тигізетін жақтарын сақтауға керектігі туралы көптеген теоретикалық даулы қайшылықтарды табуға болады.
1. Діни мәтіндерді аудару ерекшеліктері
1. 1 Дін философиясы пәні, мақсаты мен міндеттері
Діни көзқарас, сана мен сенім - қарапайым халықтың философиясы деуге де болады, яғни оның қоғамға қажеттілігі әлі де жоғалған жоқ. Егер рационалдық ғылыми білімнің әрқашан бүгінде шешімі жоқ бір нәрселерге тап болып отыратындығын, ал сенім тек тұтастық ретіндегі көзқарастың жемісі болғандықтан, сондықтан жетіспеген білімді адамдар мифологиямен толықтыратынын пайымдасақ, дінді мәңгі қоғамдық құбылыс деу орынды. Оның тәрбиелік мәні өте зор себебі әрбір жаңа ұрпақ биологиялық заңдылықтардан тек өз күшімен, ақылымен арылуы қиын, ал мемлекет тарапынан күш көрсету - көбіне кері нәтижелер әкеледі. Сондықтан, оның мифологиялық бастамаларын символдар ретінде қарап, біртіндеп рационалдық күйге көшіріп, әлемдік діндердің алшақтаған идеологиясынан құтылып, діни сенімді адам көзқарасының қажетті бастауларының бірі санауға ұмтылған жөн. Діннің үш элементі бар: діни түсініктер, діни сезімдер, діни табыну мен әдет-ғұрып жоралары. Олар әлеуметтік жағдайларға байланысты әртүрлі болып келеді. Дін дүниені екіге бөледі: о дүние және бұл дүние . Дін өз нұсқауларын құдай атымен мәңгі-бақи бекітпекші болатын неғұрлым консервативтік идеологияның формасы болып табылады, яғни оны реформалау асығыстықты қаламайды. Философия - көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды - «философ» деп атайды. «Философ» деген сөзді алғашқы рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор (580-500 б. ғ. д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б. ғ. д) атымен тығыз байланысты. Philo - сүйемін, sophia- даналық, яғни даналықты сүйемін деген мағынаны береді. Араб тілінде «фәлсәфа» деп аталады. Философияның бңрнеше зерттеу салалары бар. Соның ішінде дінге объективті баға беретін, діннің қоғамға, жеке адамға, тәрбиеге әсерін зерттейтін, дін мен ғылым арақатынасын бақылап, ажырататын саласы Дін философиясы деп аталады.
Дін философиясының негізгі бағыттары - пантеизм, деизм, гилозоизм бар:
Гилозоизм - (гр. Hylo және zoe - зат және өмір) материяның әмбебап тіршілігі туралы философиялық ілім. Бүл ілім түсіну және ойлау қабілетін материяның барлық формаларында бар деп есептейді. Шындығында түйсік - жоғарғы дамыған органикалық материяға ғана тән қасиет. Грецияда Фалес пен Гераклит ілімінде пайда болды. Антикалық гилозоизм пантеизмнің теориялық негізі болды.
Пантеизм - (гр. pan - бәрі және tcheos - құдай) . Құдайды және әлемді біртұтас деп таниды, яғни құдай (идеалдық бастама) және табиғат (материалдық бастама) теңестіріледі. Табиғаттан тыс құдай жоқ, сонымен бірге Құдайдан тыс табиғат та жоқ.
Пантеизм қайта өрлеу дәуірінде пайда болды. Бұл идеяны дамытқандар: Николай Кузанский, Джордано Бруно, ал Жаңа Заманда пантеизм идеясы Шеллинг, Гегель, Соловьевтарда кездеседі.
Деизм - бұл философия ағымы, ол Құдайдың бар екенін мойындайды. Әлемді Құдай жаратқан, бірақ одан соң оның адам мен қоғам өміріне әсері де, ықпалы да, қатысы да жоқ дейді. Ол тек өнегелік символ болып қызмет атқарады. Деизм - объективтік идеализмнің ерекше түрі, сонымен бірге объективтік идеализмнің материализмге өтуі жолындағы кезең болады. Деизм XVII ғ пайда болып, ағартушылық дәуірде өте кең тарады. Оның негізін салғандар: Декарт, Ньютон, Локк, белгілі деистердің қатарына - Вольтер, Руссо, Кант, Ломоносов және Абайды қосуға болады.
Дін Философиясының қызметіне оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз.
Дін Философиясының дүниетанымдық қызметі - әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.
Дін Философиясыныңның әдістемелік (методологиялық) қызметі - бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия - танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.
Философияның теориялық ойлау қызметінің мәні, әсіресе философия тарихын зерттеудегі даналыққа байланысты.
Адам болмысының ерекшелігі - руханилығында, яғни ол көрінген ісін алдымен басында, санасында идеалдық түрде, ойша істеп кейін реалдыққа көшіреді. Бірақ ол руханилыққа ерекше биологиялық жан ретінде және руханилықтың көзі - қоғамдық өмір арқылы ғана келе алады. Екіншіден, қандай істі басында жоспарласа да, ол қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның біздің санамыздан тәуелсіз заңдылықтарына, тарихи даму деңгейіне сәйкес келгенде ғана реалдыққа айналады. Адам туабітісімен, ісінің қорытындысымен материалдықпен шектеліп отырса да, рухани жандылығын жоғалпайды. Сондықтан оған ешқашан қайталанбайтын, шексіз құндылық ретінде қарау қажет, көбінесе материалдық байлық мәселесі төңірегінен аса алмайтын саясаттың құлы етпеу керек.
- Діни аударманың қалыптасуы мен даму жолдары
Философия ғылыми көзқарастың бастауы ретiнде б. з. д. ҮШ-Ү ғ. қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлем туралы, ондағы өзiнiң орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарасқа сүйене бастады. Әлемнiң рационалды түсiндiрiлуiне ең алғаш қадам жасағандар, дүние құрылымы туралы ерекше iлiмдi тудырды. Ежелгi Үндi астрономдары Жердiң шар тәрiздi екендiгiн, оның өз-өзiнен айналуы туралы ойларды айтты, математиктерi санаудың мәндi жүйесiн, цифрларды белгiлеудi ойлап тауып, тригонометрия негiзiн қалыптастырды.
Әр дәуiрдiң, әр заманның өкiлi өз философтарын шығарды. Алғашқы кезде философия мифологияға байланысты болды. Философия бiр жағынан мифологияға, екiншi жағынан ғылымға қатысты дамыды.
Философия өзiнiң зерттейтiн объектiсiн ерекше қарастырды, яғни математик бiрлiк санын неше түрлi сарапқа салып зарттейтiн болса, философтар болмысты солай талдайтын болды. Өмiр сүрудiң мәнi неде? Болмыс деген не, сияқты сұрақтарын талдады. Философия пайда болған кезден бастап-ақ, дүниеге көзқарас ретiнде қалыптасты, оның дамуы бiр логикаға сүйендi.
1. Шығыс философиясы - сыни көзқарас ретiнде б. з. д. 4 мыңжылдықтың соңында Египет, Вавилонда, б. з. д. ҮIII-ҮI ғ. Үндi, Қытайда қалыптасты. Дүниетанымда қоғам даму нәтижесiнде прогрессивтiк, атеистiк, консервативтiк, мистикалық бағыттар дүниеге келдi.
2. Антикалық философия - мифология және жаңадан дамып келе жатқан ғылыми болжамдарға негiзделдi.
3. Орта ғасыр . Дiнге байланысты болды, оны ақыл-оймен дәлелдеуге тырысты.
4. Қайта өрлеу дәуiрi- ХIҮ ғасырдың ортасы - ХҮII ғасырдың. басы . Ғылыми түсiнiктер мен эстетикалық ой-пiкiрдiң әсерi арқылы дамыды.
5. Жаңа дәуiр философиясы (реформация) - жаратылыстану ғылымына сүйенiп адам тағдырын, оның iшкi дүниесiн зерттеудi алға қойды.
6. Философия барлық ғылымдардың әдiстемесі ретіндегі рөлiн сақтап қалды . Гегель философиясының негiзiнде, ХIХ-ХХ ғғ. марксизмде философия пәнi туралы төмендегi түсiнiк қалыптасты. Философия дегенiмiз - табиғат, қоғам мен адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым және қоғамдық сананың бiр түрi, көзқарастық теорияның негiзi, философиялық пәндер жүйесi, адамның рухани дүниесiнiң қалыптасуына ықпал жасайтын iлiм. Философия пәнi осылай түсiнiлумен бiрге ХХ ғасырда әртүрлi философиялық iлiмнiң негiзі.
Алғашқы таптық құл иеленушiлiк қоғам Шумер, Египет мемлекеттерiнде (б. з. д. IҮ мың жылдықтың соңы) пайда болды. Алғашқы философиялық ойлар алғашқы астрономия, космология, математика iлiмдерiмен және ескi мифологиямен тығыз байланысты. Философия қоғамдық сананың ерекше формасы ретiнде әлi бекiне қойған жоқ болатын. Шаруашылық талаптары нақты ғылымдардың дамуын қажет еттi. Вавилон математиктерi алгебра мен геометрияның бастауын жасады: квадраттық теңдеулердi шеше білді, қазiргi уақыт өлшемдерiн ойлап тапты (сағат, минут, секунд, т. б. ), абыздардың мифтiк құдайлар туралы iлiмi (теогония) - дүниенiң пайда болу iлiмiне (космогония) ұласты. Құдайлар атасы - Ай, құдайлар - жұлдыздар, болып саналды. Күн соларды сөндiретiн, өлiм әкелетiн зұлымдық күш делiндi. Ай өлiп қайта тiрiлетiн өшпес өмiрдi бейнеледi. Олардың мәңгi алмасуы - жақсылық пен зұлымдық күресi ретiнде сипатталды. «Жұлдызды» космогония - астрологиялық iлiмдi тудырды, оның мәнi әлi күнге дейiн сақталып отыр. Осы көзқарастарға қарсы сыни атеистiк ойлар туды, Вавилонның аса көрнектi әдеби мұрасы - «Өмiрдiң мәнi туралы құл мен оның иесiнiң айтысы» еңбегi. Оның ұмыт болған авторы дiни қағидаларды сынап, о дүниедегi өмiр үшiн құдайларға құрбандық шалуды ақылсыздық дейдi.
Египеттiктердiң негiзгi шаруашылығы суармалы егiншiлiк пен мал бағу болды. Сонымен бірге ерекше құрылыс өнерi - тас қашау, қыштан ыдыс жасау кәсiптерi дамыды. Олар алғашқы рет күн күнтізбесін жасап, жылдың 365 1 / 2 тәулiктен тұратынын дәлелдедi, «π» санын, шеңбердiң диаметрге байланыстылығын, әртүрлi пирамидалардың ауданын, көлемiн есептеп шығаруды енгiздi. Мифологиялық мазмұндарды дiни емес, философиялық тұрғыдан түсiндiру бiртiндеп өсе түстi. О дүниедегi мәңгi өмiрге сенудi сынап, еңбектi жеккөрушiлiктi жойып, осы дүниедегi өмiрдi түзетуге шақыратын бар шығармалар тарала бастады. Сондай еңбектiң бiрi - «Арфист өлеңi» о дүниеден қайтқан ешкiм жоқ, ол туралы адамның сезiмi мен ақылы да еш дерек келтiре алмайды, сондықтан ол ертегiлерге сенудi тоқтатып, жер бетiндегi өмiрiмiздi түзейтейiк деп шақырды. Кейiнiрек жазылған «Өмiрден түңiлгеннiң өз жанымен әңгiмелесуi» еңбегiнде жан өлмейдi деген қағида жан-жақты, ашық және логикалық сабақтастықты сақтай отырып қатты сыналды ол қағиданың әлеуметтiк-саяси құрылыммен, теңсiздiкпен, күш көрсетумен байланыстылығы айтылады. Ежелгi Египет мұраларында стихиялық материалистiк көзқарастар да кездеседi. Ондағы «барлық тiршiлiк салқын судан пайда болды» деген пiкiр, грек ғалымы Плутархтың айтуынша, кейiн Милет мектебiн құрған Фалес философиясының негiзгi идеясына айналды.
Ежелгi Үндi мен Қытай философиясының ерекшiлiгi туралы жүз жылдан артық уақыт екi түрлi көзқарас арасында (дискуссия) пікірталас жүрiп жатты.
1) Үндi мен Қытай нағыз философияны жасаған жоқ, олар оған жете алмады. Сондықтан, оларды философияның алдындағы немесе дiни-философиялық көзқарас деп атау керек дейдi.
2) Үндi мен Қытай ең жоғарғы философияны әлемге алып келдi. Батыс бұл деңгейге әлi жеткен жоқ дейдi.
Бұл секiлдi қарама-қарсы пiкiрдiң өмiр сүру себебi - философияның эталондық үлгiсi ретiнде Батысеуропалық философиямен шұғылдану вариантының алынуына байланысы. Ал Үндi мен Қытайлықтардың ойлау тәсілi бұл жүйеге келмейтіндіктен оны «алдыңғы» немесе «жоғарғы философия» деп атады.
Қытай мен Үндiлiк философия тәсiлiнiң Батыс Еуропалыққа сай келмеуiнiң нәтижесi оларды ерiксiз «Шығыс» деген атпен бiрiктiрiп, «Батысқа» қарсы қойғызды. Шын мәнінде әлемдiк философияның қайнар көзi екеу емес, үшеу екенiн айту керек. Қытай мен Үндi арасындағы ұқсастық, Батыс пен Үндiге қарағанда аз, Батыс пен Үндiлiктердi байланыстыратын, олардың арғы тегi мен тiлi. Үндi мен Қытайды рухани туысқандастырған буддизм, ол б. з. д. II ғасырда ғана Қытайға ендi. Көптеген философия тарихын зерттеушілер антикалық Батыс, Ежелгi Үндi және ежелгi Қытай үш әртүрлi, бiрақ теп-тең рухани дүние ретiнде қарайды.
Б. з. д. II мыңжылдығында солтүстiк Үндiстанға көшпендi мал шаруашылығымен шұғылданатын тайпалар қоныстана бастады. Олар Орта Азиядан, Ираннан, Волга бойынан келгендер деген де пiкiрлер бар. Олар өздерiн арийлықтар деп атады.
Үнді философиясы бiздiң жыл санауымыздан 3 мыңдай жыл бұрынғы Ежелгi Үндi жерiнде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастаған кезде пайда болды. Осыған орай Үндi қоғамы төрт варнаға бөлiндi. Олар брахмандар (абыздар) кастасы, кшатрийлар - әскери аристократиялық каста, вайшилер - басы бос қоғам мүшелерi, шудралар - төменгi каста, құлдар болады. Брахмандар - ой еңбегi, кшатрийлер - әскери қызмет, вайшилер ауылшаруашылық, қолөнер кәсiбi, саудамен айналысты, шудраларға қара жұмыс қана тидi. Ежелгi Үндi қоғамы дамуының осы кезiне сай мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты.
Үндi, Қытай философиясының генезисi (пайда болуы) өте күрделi мәселе, ол олардың бай мифологиялық түсiнiгi тәсiлдерiне қатысты. Қытайда мифологиялық сананы қатаң салт-жоралар ығыстырады. Философияда аңыз, ғылыми-теория, миф және логос арасындағы байланыс үзiлмедi. Қытай философиясы мифтан пайда болған, бiрақ Грек философиясындағы секiлдi оны тастап кетпейдi. Миф қытайлықтар үшiн танымның, өнердiң көкжиегi, ондағы ұлттық психология мен философияның қалыптасуының негiзi болды.
Философияның философия болып қалыптасуы үшiн, ол өзiнiң миф пен ғылымнан бөлек, ерекше шындықты ұғыну тәсiлi мен тiлiн жасайды. «Философия» терминi данышпандықты сүю, батысеуропалық мәдениеттiң негiзiнде пайда болды. Ол ежелгi Үндi ойшылдарының дүниетанымы мен көзқарастарының жүйесiн белгiлеуге аз қолданылады. Ежелгi шығыс мәдениетiндегi философияны жоққа шығару дұрыс емес. Данышпандық бұл жерде, алдымен теориялық концепцияны дәлелдеу емес, ақиқатты iздеуде эмпирикалық және рационалдық тәсiлдi бiрiктiру ретiнде көрiнедi. Ал жоғары таным мен өзiн-өзi тануда сопылық арқылы, тiкелей брахман және дара адамның бiрлiгiне жетудi түсiну де орын алады. Ақиқаттық жол - адамның әдептiлiкке жету жолы, ол теориялық таным жолы емес. Өндiрiс тәсiлiнiң баяу қалыптасуы - философиялық ойдың дiни-мифологиялық көзқарастан, күнделiктi әдептiлiк санадан толық арылуына мүмкiндiк бермедi.
Философияны ғылым ғана емес, дүниеге көзқарастық iлiм ретiнде қарастырып, оның негiзгi ерекшелiгiнiң бiрi - сыни пiкiрлердiң пайда болуы десек, философия тарихын таптық қоғамның пайда болу кезеңiмен ұзартуымыз керек. Таптық қоғам еңбек құралдарының дамуы еңбек бөлiнуiнiн нәтижесi, жекеменшiктiң тарауы, рулық сананың орнына жеке адам санасының алдынғы қатарға шығуына әкеледi. Яғни, ру мифологиясын өзгерту, оны жеке адам мүддесiне ыңғайландыру қажеттiгi туады. Ал көзқарасты өзгерту, әртүрлi деңгейдегi сыннан басталады. Мифология: «жан өлмейдi» - деген негiзгi қағидасын сынау, оны жүйелi түрде көрсете бiлу, алғашқы философиялық ойлардың қалыптасуының белгiсi.
Пуруша - мифологияда астан-кестеннен (хаос) пайда болған алғашқы адам, оны құрбан ету әлемнiң пайда болуына алып келедi (ол - адам түрiндегi әлем) . Оның демiнен - жел, бiр көзiнен - күн, екiншiсiнен - Ай, т. б. пайда болады. Пируша философиялық түсiндiруде - барлық әлемге енген, өзiндiгi жоқ рухани бастама.
Алғашқы кездегi Үндiдегi философиялық ойлау - брахманизмге, яғни брахман iлiмiне (дiни қызметкерлер, абыздар) байланысты қалыптаса бастады. Брахманизм өзiнiң догмаларында ведаға (ежелгi Үндiден ауд. веда - бiлiм, басқару) сүйенедi. Үндi философиясы б. з. д. I мың жылдықтың ортасында ведалық мифологияның негiзiнде пайда болды. Ол көлемдi әнұрандар (гимндер) қосындысы. Онда: дуаларды үйрету, табиғат циклдерiн (айналымдарын) бақылау, әлемнiң пайда болуы мен жаралуы туралы түсiнiктемелер болды.
Қазiргi кезде бiзге белгiлiсі 4 веда : Ригведа, Самаведа, Яджурведа, Атхарваведа . Олар төрт бөлiмнен тұрады.
1. Самхит - құдайларға арналған әнұрандар (гимндер) жинағы.
2. Брахман - самхиттi түсiндiретiн әртүрлi мифологиялық әңгiмелер, салт-жоралар. (Үндi абыздарының өздерiне арналған салт-жоралар өткiзудiң дұрыстығы мен құрбандық жасау рәсiмдерi туралы кiтаптары) .
3. Араньяктар (дүниеден безген диуаналардың орман кiтабы) брахманға тән салт-жоралардың орнына құдайларды iштей сыйлап-құрметтеу, оларды ойлап-толғану сияқты көзқарастар берiлген.
4. Ведалардың ең соңғы сатысы - «Упанишада» (санскр. Upa, sad - ұстаз қасында отырып дәрiс тыңдау) - өте терең бiлiмдi игеру үшiн, ұстаздан сабақ алу.
Упанишад - веда жүйесiндегi философия . Оның манызды ұғымдары «Сансара», «Карма» Упанишад жүйесiнде дүниеге келген. Сансара Карма заңына сай келедi. Карма - ұғымы ведалық түсiнiк «Ританың» негiзiнде қалыптасты.
Рита - ғарыш тәртiбi, заң мен заттардағы заңдылық барысы. Рита - сезiмдiк дүниенiң алдында пайда болды, денелiк заттар тек қана ританың көрiнiсi. Рита - бұл тек физикалық заң ғана емес, оған барлық тiршiлiк иелерi бағынатын моральдық та болып саналады.
Сансара (санскрит бойынша дәлме-дәл бiрдемеден өту, қайта туу) - Сансара концепциясы барлық тiрi жанның туысқандығын тұжырымдайды және жаңадан пайда болудың арқасында, олардың түрiнiң арасындағы бiр-бiрiне ауысуын (адам, жануарлар, өсiмдiктер, тiптi құдайға да) айтады.
Карма (санскрит бойынша iс-әрекет, қимыл, iс, жеребе салу) - iс-әрекетiне сәйкес құрметтеу не жазалау заңы, индивидтiң (жеке адамның) келешектегi өмiрiн алдын ала толық мәнiнде анықтайды. Кең мағынада - әрбiр тiрi жанның жасаған iс-әрекетiнiң жалпы қосындысы, оның жаңа туғаннан кейiнгi (яғни, ары қарай өмiр сүруi) кезеңдердегi сипатын анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz