Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы



Кіріспе 3
1. Құқық субъектісі 5
1.1 Құқық субъектісі туралы мәлімет 5
1.2 Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі 11
1.3 Құқық субъектісінің құқық әрекеттілігі 13
2. Құқықтық қатынас 16
2.1 Құқықтық қатынас туралы жалпы түсінік 16
2.2 Құқықтық қатынас үшін құқық субъектілері үшін құқық қабілеттілігімен әрекет қабілеттілігінің маңызы 26
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер 33
Маған берілген курстық жұмыстың негізгі тақырыбы «Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы».
1 бөлімде негізгі тақырып туралы толық ашылып жазылады. Субъективті құқыққа, құқықтық қатынас және олардың нормаларының не екеніне түсініктеме бердім. Субъективтік құқық –тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Құқық субъектілері құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігіне мағлұмат беріледі. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Әрекет қабілеттілігі дегеніміз — азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
2 бөлімде құқықтық қатынас және оның құқықта алар орны, маңыздылығы жазылады. Құқықтық қатынас –тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Құқықтық қатынас жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (обьективтік құқық) белгілі (субьективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.
Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
- құқыққа жалпы сипаттама
- құқық қағидалары түсінігі.
-құқықтық нормаларды талқылау.
- әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы
- азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байлагысты субъектілерін анықтау мен оларға сипаттама беру
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995.
2. ЌР Ќылмыстыќ кодексі. 2008.
3. ЌР Азаматтыќ кодексі. 31 шілде 1997.
4. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.
5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Жаршы. 1991.№51.
6. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5; 2008№8.
7. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.
8. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.
9. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.
10.Ағдарбеков Т. Мемлекет жєне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
11. Баймаханов М.Т. и др. Заимодействие правового сознания с моралью и нравственностью в обществе переходного периода. Алматы 1995.
12. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ., Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет біліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1. Құқық субъектісі
5
0.1 Құқық субъектісі туралы мәлімет
5
0.2 Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі
11
0.3 Құқық субъектісінің құқық әрекеттілігі
13
1. Құқықтық қатынас
16
0.1 Құқықтық қатынас туралы жалпы түсінік
16
0.2 Құқықтық қатынас үшін құқық субъектілері үшін құқық қабілеттілігімен әрекет қабілеттілігінің маңызы
26
Қорытынды
31
Қолданылған әдебиеттер
33

Кіріспе

Маған берілген курстық жұмыстың негізгі тақырыбы Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігінің құқықтық қатынас үшін маңызы.
1 бөлімде негізгі тақырып туралы толық ашылып жазылады. Субъективті құқыққа, құқықтық қатынас және олардың нормаларының не екеніне түсініктеме бердім. Субъективтік құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Құқық субъектілері құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігіне мағлұмат беріледі. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Әрекет қабілеттілігі дегеніміз -- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
2 бөлімде құқықтық қатынас және оның құқықта алар орны, маңыздылығы жазылады. Құқықтық қатынас - тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Құқықтық қатынас жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (обьективтік құқық) белгілі (субьективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.
Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
- құқыққа жалпы сипаттама
- құқық қағидалары түсінігі.
-құқықтық нормаларды талқылау.
- әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы
- азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байлагысты субъектілерін анықтау мен оларға сипаттама беру
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде "неге?" деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді:
1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық - қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.

1. Құқық субъектісі
1.1 Құқық субъектісі туралы мәлімет

Субъективтік құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан , екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып , білім алуға құқы бар.Сол құқықты пайдаланып,азаматоқу орнының ішкі тәртібіне бағынып,оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтар арасында, ұйымда, мемлекет пен әкімшілік - аумақтық бөліністер арасында қалыптасады. Заңды тұлға терминімен қатар, жеке тұлға термині қолданылады. Азаматтық кодекстің 12 - бабына сәйкес жеке тұлғаға
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Құқық теориясында жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі болып танылуы үшін онда құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік болуы міндетті. Құқықтық субъектілік дегеніміз - құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыру мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік азамат туған кезден басталып, қайтыс болғанда тоқтылады.
Құқық қабілеттіліктің негізгі мазмұнына мыналар жатады: меншік құқығында мүлікті иеленуге, Қазақстан Республикасы аумағында және шекарасынан тыс жерлерде шетел валютасын иеленуге, мүлікті мұраға алуға, мүлікті мұраға қалдыруға, тұрғылықты жерін таңдауға, республика аумағынан тыс жерге кетуге, заң актілерімен тыйым салынбаған кез - келген қызмет түрімен айналысуға, кез - келген мәмілелер жасауға, интелектуалдық меншік құқығында өнертабыстарға, ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқығы бар.
Сонымен қатар, материалдық, моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге және басқа мүліктік және жеке құқықтарға ие бола алады.
Құқықтық қарым-қатынас - құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қарым-қатынас. Бұған қатысушылар субъективті құқық иелеріне айналып, оларға міндеттер жүктеледі. Құқықтық қарым-қатынас - жекелеген тұлғалар (азаматтар, ұйымдар, мемлекеттік органдар мен азаматтар) арасындағы қарым-қатынас, олар заңмен қамтамасыз етілген ықтимал және парыздық мінез-құлық өлшемдерін айқындайтын құқықтармен және міндеттермен өзара байланысты. Мүмкіндік пен парыз нақты іс-әрекетпен, нақты мінез-құлықпен іске асырылады. Құқықтық қарым-қатынас заңда көзделген фактілер орын алғанда, яғни шарттар жасасылғанда, әкімшілік актілер қабылданғанда, құқық бұзушылық немесе оқиға болғанда, т.б. жағдайларда туындайды. Құқықтық қатынас -- қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар. Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.
Субъективті құқықтың құрылымы:
1. өкілді жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;
2. міндетті жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;
3. құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік органға қайырылу мүмкіндігі;
4. белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіндігі.
Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:
1. белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;
2. өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;
3. аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;
4. контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.
Субъективті құқық пен заңды міндеттер арасындағы айырмашылықтар:
1. егер субъективті құқық өз мүддесін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет өзгенің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған;
2. субъективті құқық мүмкін болатын әрекет мөлшері болса, заңды міндет тиісті әрекет мөлшерін көрсетеді.
Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі. Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:
1. азаматтар;
2. екі азаматтылығы бар адамдар;
3. азаматтығы жоқ адамдар;
4. шет ел азаматтары.
Ұжымдық субъектілерге мыналар жатады:
1. мемлекет;
2. мемлекеттік ұйымдар;
3. мемлекеттік емес ұйымдар.
Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға белгісіне ие. Заңды ұйым -- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік - азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Мысалы, мұрагерлік құқықта. Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасында толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:
-толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);
-жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);
-шектелген әрекет қабілеттілік (ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуына байланысты өзін немесе отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен 18 асқан азамат сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);
-әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.
Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек шарты бойынша еңбек ететін болса немесе ата-анасының немесе қамқоршыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі. Құқық субъектілік - мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі). жымдық субъектілер құқықсубъектілікке ие болады. Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз. Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.
Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:
1. құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;
2. құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.
Олардың қатарына:
1. материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);
2. материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты);
3. рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.);
4. құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;
5. бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.
Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздер бойынша топтастырылады. Құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар, экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді. Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді. Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді және бәсең болып жіктеледі. Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу -- сату шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу. Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді. Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады. Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты анықталған және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз. Абсолютті құқықтық қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық қатынастың түрін айтамыз. Жалпы құқықтық қатынастар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынасты туындататын заңдардан бастау алатын қатынастың бір түрі. Нақты құқықтық қатынастар нақты заңдық фактінің негізіндн пайда болатын жеке тұлғалардың өзара немесе белгілі бір ұйыммен, мекемемен қарым қатынасын реттейтін құқықтық қатынастың бір түрі. Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады. Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі. Заңды фактілерді де әр түрлі негізде жіктеуге болады.
Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:
1. құқық қалыптастырушы;
2. құқық өзгертуші;
3. құқықты тоқтатушы болып бөлінеді.
Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:
1. оқиға;
2. әрекет болып бөлінеді.
Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың туылуы, төтенше оқиғалар т.б. жатады. Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады да екіге бөлінеді: құқықтық және құқыққа қарсы. Құқықтық әрекеттің өзі екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір заңдық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ой-пиғылынан тыс заңдық нәтижелердің пайда болуына әкелетін әрекеттер. Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіпшілік болады. Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына бір факті аздық етеді , бұндайда заңдық құрам әрекет етеді.

2.2 Құқық субъектілерінің құқық қабілеттілігі

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2. елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аудару-мен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз -- қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның -- құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім -- бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.

2.3 Құқық субъектісінің құқық әрекеттілігі

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз -- азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі -- азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда Неке және отбасы туралы Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін (Неке және отбасы туралы Заң, 10-бап).
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
-- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; -- ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар, Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

1 Құқықтық қатынас
1.1 Құқықтық қатынас туралы жалпы түсінік

Құқықтық қатынас - тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зеттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет.
Құқықтық қатынас жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (обьективтік құқық) белгілі (субьективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.
Құқық субьективтік жағынан алғанда, жекелеген құқық, ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арасына көшіреді.
Құқықтық қатынас мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
Біріншіден, құқықтық қатынас құқық нормаларының негізінде құрылатын қоғамдық қатынастардың нысаны. Адамдар өздерінің өмір сүру процесінде бір-бірімен әр түрлі қатынастардың болады. Оларға еңбек, отбасы, мүліктік, достық, сүйіспеншілік қатынастар жатады және қоғамдық ұйымдарға мүше болуына байланысты қатынастарға жатқызуға болады. Дегенмен, өмірлік қатынастардың барлығы бірдей, құқық нормаларының көмегімен реттелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Олардың көбісі моральдік, қоғамдық ұйымдардың ғұрып нормаларымен реттелетін қатынастар.
Құқық нормаларымен құқықтық қатынастардың қарым-қатынасы не десек? Құқық нормаларында адамдардың жалпы заңды құқықтары мен міндеттері бекісе, құқықтың ұйғарымына сай адамдардың мүмкіндігі, не болмаса міндеттеріне айналған қоғамдық қатынастардың кейіптік үлгісі белгіленеді. Олар белгілі адамдармен құқықтың талаптарына сай орындалса іске асады, яғни құқықтық қатынастарға кірсе. Құқықтық қатынастардың жақтары белгілі заңдылық құқықтарымен және міндеттерімен құқық нормаларында бекітілген жалпы нысанда қамтамасыз етіледі. Соған байланысты құқықтық қатынастар арқылы, құқықтық нормалардың талабы нақтылы түрде іске асырылады .
Екіншіден, құқықтық қатынастардың, қатынасушылары өзара заңды құқықтармен және міндеттермен қамтамасыз етілген. Егер, құқықтық қатынастың бір субьектісінің құқығы болса, екіншісіне заңды міндеттер жүктеледі. Мысалы, сатып алушы, сатушыдан сапалы затты беруді талап етуге құқығы бар. Осы ойды К. Маркс құқық міндетсіз болмайды , міндет те құқықсыз болмайды- деп тұжырымдаған.
Үшіншіден, құқықтық қатынас сапалы ерікті сипатта болады. Жеке адамдардың еркінен тәуелсіз обьективті пайда болатын эканомикалық қатынастардан айырмашылығы, құқықтық қатынас әр уақытта жеке-ерікті сипатта болады. Сапалы - еріктегі құқықтық қатынастың мазмұны, бір-біріне аралас екі бағыттан тұрады. Бір жағынан, олар құқық нормаларының негізінде пайда болған сапалы еріктегі адамдардың қызметі (құқықтық творчестводағы органдар). Екінші жағынан, құқықтық қатынастардың субьектілері құықтық нормалармен белгіленген заңдылық құқықты және міндеттерді өздерінің ерікті, саналы қимылдарымен іске асырады.
Төртіншіден, құқықтық қатынас мемлекет кепілдігіне алынады және қажет болған кездерде оның күшімен қорғалады. Мемлекет құқық нормаларын толық іске асыру үшін, қажетті экономикалық, әлеуметтік және басқа да жағдайларды жасайды.
Құқықтық қатынас әр түрлі негіздерге байланысты бөлінеді. Сол негіздерге байланысты мемлекет құқық , әкімшілік құқық, азаматтық-құқық, отбасы-құқығы, қылмыстық құқық және басқа да салалық құқықтық қатынастарға бөлінеді.
Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты смес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастар болып табылады. Өндірістік қатынастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі
Салық саласында азаматтардың құқықтары
Азаматтық құқықтық қатынастардың жіктелуі
Жеке тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Мүліктік қатынастар
Азамат азаматтық құқық субъектісі
Құқықтық қатынастардың объектісі
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Пәндер