Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (сарыағаш, қазығұрт, арыс) таралуы


Мазмұны
Кіріспе.
I-тарау: Әдебиеттерге шолу.
II-тарау: Эксперименттік-ғылыми жұмыс жүргізілген аудандарға физикалық-географиялық сипаттама.
2. 1. Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс) таралуы
2. 2. Зерттелген аудандардың (Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс) дәрілік өсімдіктері
2. 3. Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында (Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс) пайдалы өсімдіктер қорларының қазіргі жағдайы
2. 4. Оңтүстік Қазақстанның кейбір зерттелген аудандарының (Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс) пайдалы өсімдіктерінің этноботаникалық зерттеулері
III-тарау: Эксперименттік бөлім
IV-тарау: Зерттелген обьектілер мен зерттеу әдістері
V-тарау: Зерттелген аудандардың кейбір кең таралған пайдалы өсімдіктерін тиімді пайдалану туралы ұсыныстар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге бай [ 1] .
Осы елімізде өсетін 6000-ға тарта өсімдік түрлерінің 2500-нің шипалық маңызы бар. Бұның ішінде 600-ге жуық түрін дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Осынау әр қилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктер жамылғысын қолдану қазіргі кездегі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Емдік шөптермен емдеу адам өмірінде бесіктен басталады. Ең бастысы, әр қилы географиялық аймақта қоныс тепкен жабайы өсімдіктерден жаңа емдік, профилактикалық препараттар алуда, медицина сондай-ақ, ветеренария практикасында әр түрлі аурумен күресу үшін қолданылады. Шаруашылықта бағалы түрлердің табиғи түрдегі қоспаларын сақтау және тиімді пайдалану үшін, олардың таралу, әсіресе, қоры туралы мәлімет ең маңызды болып саналады [ 2 ] .
Сол сияқты, қазіргі кездегі ботаник-қортанушы ғалымдардың алдарына қойған талаптардың бірі-пайдалы өсімдіктердің шикізатының өнімділігін, қорын анықтау.
Осыған байланысты, біздің алдымызға мынандай мақсаттар қойылады: Оңтүстік Қазақстанның бұрын-соңды жан-жақты аудандарына жататын- Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс аудандарының дәрілік өсімдіктерінің түрлік құрамын анықтап, тізімін жасау.
Осы аталмыш аудандарда кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлерін анықтап, оларды жергілікті тұрғындардың қолданылуы туралы мәліметтер жинау.
Осы мақсатқа жету үшін біз алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
1. Зерттелетін аудандар бойынша халық медицинасында және ғылыми медицинасында тиімді пайдаланатын өсімдіктердің тізімін жасау.
2. Тіркелген дәрілік өсімдіктердің зерттелетін аудандары бойынша таралуын анықтау.
3. Анықталған өсімдіктердің этноботаникада яғни-халық медицинасында қолданылуы туралы мәліметтер жинау.
4. Әдеби деректер бойынша тіркелген дәрілік өсімдіктердің қазіргі жағдайы туралы мәліметтер жинау.
Тақырыптың өзектілігі: Әдеби деректер бойынша Оңтүстік Қазақстанның кейбір зерттелмеген аудандары-Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс, аудандарының халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктері, ол өсімдіктерді жергілікті халықтың пайдалануы туралы мәліметтер жинаудың үлкен практикалық және теориялық маңызы бар.
Этноботаникалық зерттеулер нәтижесінде халық арасында қолданылатын жүзден аса дәрілік өсімдіктер туралы жиналған мәліметтерді пайдаланып ғылыми медицинада қолданыс табатын өсімдіктер санын жаңа өсімдіктермен толықтыру да аса маңызды өзекті мәселе болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің өркендеуі кезеңіне «Республиканың медицина мекемелерін және халқын отандық дәрі-дәрмектік препараттармен қамтамасыз ету үшін фитопрепараттар әзірлеу және өнеркәсіпке енгізу» мақсатындағы бағдарлама барысында құнды өсімдіктерді ресурстық, фитохимиялық тұрғыдан зерттеу өте өзекті мәселе болып табылады. [ 17]
I-тарау. Әдебиеттерге шолу
Ата-бабаларымыз дәрі-дәрмектерді табиғаттан алғандықтан табиғаттың өзі бірінші аптека болып саналады [ 3 ] . Адамзат тарихының дамуы кезеңінде, ертеден-ақ өсімдіктерді тек тамаққа ғана емес, сонымен бірге емдік мақсаттарда қолданылған [ 4 ] .
Дәрілік өсімдіктер жайында тұңғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппократ (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатында кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады [ 8 ] .
Ең ірі ғалым медик Әбу Әли Хүсейін ибн Абдаллах Ибн Синаның (980-1037) (б. д. д. IX-XIғ. ) еңбектеріндегі 811 дәрілік заттардың 612-сі өсімдіктер тегінен шыққан.
Қазіргі кезге дейін халықтық және ғылыми медицинада өсімдіктерді қолдану туралы үлкен мағлұматтар жиналған.
XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атақты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады. Ол да өсімдіктің емдік қасиеті оның құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш салды.
Дәрілік өсімдіктердің жер шары бойынша жалпы саны 12 мыңнан астам. Біздің медицинамызда 300-ден астам түрі ғана қолданылады, ал мемлекеттік фармакопияда 150-ден астам түрі қолданылады. Синтетикалық жолмен алынған кешенді қосылыстардың емдік қасиеттерінің күшіне қарағанда өсімдіктерден алынған емдік препараттардың адам ағзасына әсері әлдеқайда күштірек болады. Осыған қарағанда денсаулық сақтау органдары медицинаны қамтамасыз етуі үшін фармоцевтикалық өндірісте дәрілік өсімдіктерден жасалатын препараттардың деңгейін жоғары көтерудің жолдарын іздестіруде.
Қазіргі кезде Қазақстанда 500 түрлі дәрілік өсімдіктер бар, 100-ге жуығы рәсімделген, яғни, олар мемлекеттік фармокопияға енгізілген.
М. К. Көкеновтың «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және олардың қолданылуы» [1], «Лекарственные растения Казахстана» атты еңбектерінде Қазақстан пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде дәрілік өсімдіктерге бай екендігіне, сонымен қатар, олардың қолданылуының маңызы зор екені айтылған. М. Қожабеков пен Г. Қожабекованың «Дәрілік өсімдіктер» [8], К. В. Доброхотова, В. В. Чудиновтың [2] және Ә. Іскендіровтың «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» [10] атты еңбектерінде, дәрілік өсімдіктердің түрлері, өсу ортасы, олардың халық медицинасында қолданылуы мен емдік қасиеті жайында мәлімденген.
Қазақстанның пайдалы өсімдіктерін зерттеуге үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым Н. В. Павлов болды. Н. В. Павловтың негізгі «Растительные ресурсы Южного Казахстана» [5] және «Растительное сырье Казахстана» [6] атты еңбектерінен көруге болады. П. С. Чеховтың «Витаминные и лекарственные растения» [10] атындағы еңбегінде дәрілік өсімдіктер қорының әр түрлі антропогендік факторларға байланысты кейбір өсімдік қауымының күннен-күнге азайып бара жатқаны мен осыған орай, дәрілік өсімдіктерді қолдан өсіруі, олардың шикізатының өндірістік қорын жасау қазіргі ғалымдардың алдына қойған негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Кейінгі кезде бірқатар ботаник, химик ғалымдар мысалы, С. И. Цицинаның «Лекарственные растения» [9] еңбегінде фитохимиялық анализдер жасалынып, зерттеу нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің құрамында кездесетін әр түрлі фармокологиялық активті заттар туралы еңбектер жазуда. Бұл жұмыстар дәрілік өсімдіктерден алынған осы заттарды медицинада тәжірибе жүзінде тексеріп, олардың адам ағзасына әсері туралы эксперименттер жасап, жан-жақты зерттеулеріне мүмкіндік туғызады. Олардың құрамынан гликозидтер, фенолкарбонды қышқылы, кумарин, витаминдер, алкалоидтар, гликозидтер, илік заттар, фитонцидтер, ферменттер, эфир майлары, сапониндер, пигментті заттар табылған.
Ал, бұл заттардың әрқайсысын адам ағзасының әр түрлі ауруларын емдеуге пайдаланылатындығы белгілі. Медицина саласының қызметкерлері және биолог ғалымдардың барлық күш-жігері ең алдымен, аурудың алдын алуы мен асқындырмауы үшін жаңа емдік препараттар іздестіруге бағытталған. Соңғы жылдары жүргізілген қарқынды фитохимиялық зерттеулер нәтижесінде табиғи өсетін өсімдіктер шикізаты негізінде отандық фитопрепараттар фармакологиялық сынақтан өтті, олар «Арглабин» тықыр жусан шөбінен, «Биалм», «Пиносорб» кәдімгі қарағай сағызынан, «Салсоколлин» қаңбақ сораң шөбінен, «Тополин» бальзам терегінің бүршігінен, «Дарминин» - эфир майынан, «Лимоникум» - Гмелин кермегінің тамырынан, «Алхидин» түйе жантағының шөбінен жасалынған т. б. атап өтуге болады [9] . Сондай-ақ, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қатары Оңтүстік Қазақстанның кейбір, әлі де толық жан-жақты зерттелмеген аудандарында (Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс) дәрілік өсімдіктер кездеседі.
II-тарау: Эксперименттік-ғылыми жұмыс жүргізілген аудандарға физикалық-географиялық сипаттама.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км дейін созылып жатыр.
Жерінің көлемі 117, 3 мың км 2 болады (Қазақстан жерінің 4, 3%-зы) . Бұл жер аумағында Иран-тұран шөлді облысының бойлық белдеуінде таралу заңдылықтары айқын байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері жазық. Солтүстігінде сазды балшықты Бетпақ дала шөлі. Шу өзенінен
оңтүстікке қарай Мойынқұм шөлі. Оңтүстік - батысында Қызылқұм шөлі мен Шардара даласы, оңтүстік қиыр шетінде Мырзашөл. Қаратау тауы солтүстік-
батыстан оңтүстік-шығысқа қарай облыстың тура ортасында созылып жатыр,
оңтүстік - шығысында Талас Алатауы, Қаржантау, Өгем тауы. Жер аумағы
"оңтүстік - батыс - Тянь-шань" физика-географиялық провинцияға кіреді [23] .
Оңтүстік Қазақстан облысы жер аумағында шөлден бастап биік тауларға дейін, ландшафты-климаттық зоналар жағынан ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік - батыс бөлігінде Мойынқүм мен Қызылқүм үлкен шөлді массивтер алып жатыр. Бүлар солтүстік құмды шөлдерге жатады.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты өте контитенталды әрі құрғақ.
Қысы жұмсақ, әрі қысқа және жиі жылылық болып тұрады. Жазы ұзақ, әрі
аптап болады. Солтүстігінде қаңтар айының орташа температурасы -оңтүстігінде - 2 0 -4 0 С, шілдеде 26-29 0 С. Маусымдық және тәуліктік температура ауытқулары едәуір біршама, ылғалға өте тапшы. Жаз айларында
облыс көлемінде жауын-шашын мөлшері төмен, жылдық жауын-шашын мөлшерінің 5%-ы ғана түседі, оның таралуының өзі біркелкі емес, Қызылқұм шөлінде жаздың үш айында 10-15 мм болса, Қаратауда бүл көрсеткіш 50-70 мм жетеді. Қуаңшылық жылына 110 күнге дейін созылады, маусым - қыркүйек айларында құрғақшылық кезеңдері болады. Жазы өте ыстық, әрі қүрғақ (шілдеде 30-45 0 дейін), қысы суық, аязды келеді. Жылдың (10 0 С - ден жоғары) тиімді температура қосындысы 4000-5000 0 -ке тең болады [18] .
Оңтүстік Қазақстан облысының өзендері: Сырдария өзені мен оның салалары - Күркелес, Келес, Арыс, Бөген өзендері және Қаратаудың оңтүстік
беткейінен ағып келетін кішкентай көптеген өзендер. Шу өзенінің төменгі ағысы. Көптеген түзды көлдер де бар, солардың ең үлкені Акжайқын, Акжар,
Калдыкөл және басқалары.
Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері жазық. Топырағы шөлдік,
кескіні, әсіресе қарашірінділі жиегі жұқа (5-10 см), гумусі аз (1%), көбіне сортаңды, сілтілі, түсі қоңыр, сүр-қоңыр, тақыр-тұрпатты жарандылар.
Өсімдіктер жамылғысы. Оңтүстік Қазақстан облысының өсімдіктер жамылғысы ерекше, түрлік қүрамы жөнінен де айрықша екендігі зерттелген
Қазақстан мен Орталық Азияны ботаника-географиялық аудандастырудың жаңа жобасы бойынша облыстың жер аумағын 4 провинция қүрамына кіргіземіз: Жоңғар-Солтүстік түран, Оңтүстік-Тұран, Атабашы-Қырғыз (Қаратаудың солтүстік беткейі), Батыс Тяньшань және Түркістан - Алтай (Қызылқүмның оңтүстік бөлігі) дифференциялау облыс жер аумағындағы өсімдіктердің алуан түрлілігін айқындайды. Жазық жерлер мен тауалды жерлерде өсімдіктер жамылғысының табиғат белдеуі бойынша Дифференциялау анык байқалады. Біз зерттеу жүмыстарын жүргізген аудандар жазық және тауалды бөліктеріндегі өсімдіктер жамылғысының күйіне тоқталамыз. Оңтүстік Қазақстан облысы Жоңгар-Солтүстік тұран, Оңтүстік-түран провинциясына кіреді [23] . Сондықтан өсімдіктер жамылғысында эфемерлер мен эфемероидтар, астық тұқымдастар басым. Өсімдіктер жабыны біртұтас. Кездесетін өсімдік түрлері: Carex pachysty, Stipa caucasia, S. Sareptana, S. Richterana және әфемероид туыстарының тобы - Тиlіра, Соиsіпіа, Лuпо, Еrеmurus, Рhlomis т. б. кездеседі.
Арыс және Сырдария өзендерінің алқабында өсімдіктер жабынында эфемероид ярусы жақсы ерекшеленетін жуашықты немесе баданалы қоңырбас ( Роа bulbosa ), сырдарья көбенқұйрығы ( Соиsіпіа syrdariensis), сасық сасыр ( Ғеrula foetida), итсигек (Апаbаsіs арhylla), түркістан жауылшасы (Аlyssит t иrкеstапісит), ебелек (Sаlsоlа аиstralis), жабайы көкнәр (Рараver раvопіпит), иісті көкемарал (Ziziphora tenuior), т. б. таралған [19] .
Аласа шөпті эфемер - әфемероидты және жусанды - әфемер - әфемероидты, саванноидты немесе жартылай саванноидты таулы жермен жазық жерлер арасында кездесетін ксерофитті сұр және қоңыр топырақтарда
өсетін өсімдіктер қауымдастығы алып жатыр. Шөптесін өсімдіктер қауларында эфемерлер мен эфемероидтар ярусы басым. Аласа шөпті жартылай саванна үлкен алапты алып жатыр, сонау көршілес Өзбекістанның жерлеріне дейін, Сырдария өзенінің оң қол салсы бойымен Батыс Тяньшань мен Қаратау аралығын алып жатыр. Негізгі өсімдік жабындары жуашықты немесе баданалы қоңырбас (Роа bulbosa), ранг ( Саrех расhуstуlіs), жуашықты арпа (Ноrdеит bulbosит), түкті бидайық (Еlytrigia hophora), бозшағыл (Воtriochloa ischaemum), қарашағыл (Супоdоп dactylon) [10, 11] .
Эфемерлі астықтардың алуан түрлері кездеседі: таспамұрт (Таепіаtherит сrіпіtит), арпабастың түрлері (Апуsапthа tectoruт, Вrотиs jаропісаs т. б. ), қылтаншөптер (АеgіІорs суldrіса, А. triuncialis ), мортықтар (Erеторуrит оrіепtаlіs, Е. triticeum, Е. bonaepartis) т. б. және түрақты кездесетін түрлер: талжапырақты әрем (Рhlотіs sаlicifolia), шырмауық (Сопvolvulus subhirsutus), шырыш (Еrетиrus sogdianus), жауылша (Аlyssит dasycarрит), шөлмасақ (Еremostachys speciosa), кеуел немесе сортікен (Сарраrіs herbacea), иісті көкемарал (Ziziphora tепиіоr) т. б. Тасты жыныстардың шығып жатқан жерлерінде және қиыршық тасты беткейлерде ксерофильді бүталар өседі: тікенді бадам (Amygdalus sріпоsіssіта), шиелер ( Сеrаsиs tіапshапіса, С. v еrrисоsa) өседі. Жайылымдарда сүйекті аққурай (Рsоrаlеа herbacеа), гүлкекіре (Сепtаиrеа sgиаrrоsа), сыпыртқы бас жусан (Аrtетіsіа scораrіа) және Қызыл кітапқа [ кіретін сары лапыз (Соlсhісит Іиtеит), Корольков запыраны (Сrосиs коrоlкоvіі) кездеседі. Мамыр айының екінші бөлігінде өсімдіктер жамылғысының жақсы жетілген кезеңі болып саналады, өсімдіктер жамылғысы біртегіс 100%-ға жетеді, жаз айының ортасына қарай түгелдей күйіп кетеді [11] .
Өзен бойларындағы өсімдіктер жамылғысы шалғынды және ағаш-бұта,
Шөптер қалың өскен тоғайлы болады, олар бір-бірін ылғалдылыққа немесе
топырақтың сорлылығына қарай, өзен бойынан алшақтауына қарай алмастырып отырады. Сырдарья өзенінің бойындағы өсімдіктер жамылғысының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Өзенінің бойындағы тоғайлы орманның ішінде кездесетін бұталар мен ағаштар: S аlіх аlbа, S. Songorica, Elaeagnus охусаrра, Рориlus prиіпоsа тағы басқалар. Тоғайдың араларында және мүйістерінде астық тұқымдасты өсімдіктер мен миялар, кедір, жантақ т. б. өседі. Келесі кезекте олар тамарикстер мен шеңгелдермен алмасады да, түзды топырақтарда таралған ажырықты жайылымдармен аяқталады [18] .
2. 1. Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда таралуы
Оңтүстік Қазақстан облысының жерінде шөл даладан бастап биік
тауларға дейінгі табиғи климаттық зоналардың болуы, өсімдіктер жамылғысының алуан түрлілігімен ерекшеленеді, онда Қазақстанда өсетін өсімдіктердің 50%, яғни өсімдіктердің 3000 - дай түрі кездеседі [16] . Оңтүстік Қазақстан флорасына сараптама жасау нәтижесінде пайдалы өсімдіктердің 68 тұқымдасқа жататын 411 түрі кездесетіні, оның ішінде ең көп таралғаны: Ғаbасеае lindl . (57 түр), Аsteraceae Dumort : (46), L атіасеае lindl . (37), Apiaceae Lindl. (16), т. б. анықталды.
Далалық зерттеу Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс, аудандарында жүргізілді. Зерттеу нәтижелері, пайдалы өсімдіктердің анықталған түрлерінің біркелкі таралмағандығын және олардың алуантүрлілігімен ерекшелінетін жерлері, жотаның бүталы, орманды алқаптары мен субальпілік белдеулер екендігін көрсетті [18] .
Зерттеулердің нәтижесінде дәрілік өсімдіктердің 50-дей түрі кездесетінін анықтаған. Пайдалы өсімдіктердің алуан түрлілігімен ерекшелінетін жерлер, өзен аңғарлары, шатқалдар, таулардың беткейлері (солтүстік пен оңтүстік) . Барлық зерттелген шатқалдарда кездесетін, жиі бірлесіп қау түзетін түрлер: шілтержапырақ сарыбас шайқурай (Нурегісит
Perforatum L . ) мен кәдімгі мыңжапырақ (Achillea millefolium L ) .
Таулардың т. д. 1200 - 1500 м биіктігінде қиыршық тасты беткейлерінде қырықбуын қылшаның қаулары таралған. Шатқалдардың түбінде өзендердің
бойында өгейшөптің ірі қаулары анықталған. Северцов унгерниясы Ungernia sewerzowii (Regel. ) В. Ғеdtsch. ) кейбір жерлерде таза біркелкі қау түзеп таралған, Бунге киікоты (Ziziphora . ) бұталы қаулардың арасында, құрғақ беткейлерде таралған, жалаң мия (Glycyrrhiza glabra L . ) жарлы жерлерде, өзен бойларында таралған (4-сурет) . Биік андыз (Jnula helenium L. ) ылғалды
жерлерде, өзен мен бұлақтардың маңында бірлі-жарым кездеседі. Бұдыр киікоты (Ziziphora clinopodioides Lam . ) жиі, көбіне алыстан сап-сары болып
таза қау кұрады. Сол сияқты кең таралған түрлердің қатарына солтүстік тау
беткейлерінде түркістан доланасы (Grataegus turkestanica Pojark . ), жоңғар. доланасы (G . Songorica C. Koch. ) және понтий доланасы (G. Pontika C. Koch . )
таралған [16, 18] .
Тау беткейлерінде, шатқалдарда, өзен аңғарларында кеңінен таралған түрлер қатарын раушандардың түрлері: қотыр раушан (Rosa Laxa Retz . ), Федченко раушаны (R . Fedtschenkoana Rgl. ), итмүрын раушан (R . Canina L. ),
қалқан раушан (R . Corymbifera Borkh. ) т. б. кездеседі.
Зерттеудің нәтижесінде, осы өңірде, негізінен жоғарыда аталған аудандарда таралған, қазіргі кезде қарқынды пайдаланылатын өсімдіктердің 2 түрлерін алып отырмыз, олар: сасық сасыр немесе сасық қурай (Ferula foetida(Bunge ) .
Аққаңбақ бозтікен ( АІІochrusa gypsophiloides (Regel) Schischk. ), шашақбас аққаңбақ ( Allochrusa paniculatum (Regel) Ovcz. &Czuk. ) және жалаң
мия ( Glycyrrhiza glabra L . ) . Сасық сасыр өсімдігі - Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс аудандарында үлкен таулар құрап таралған.
Тау беткейлерінде, шатқалдарда, өзен аңғарларында кеңінен таралған
түрлер қатарын раушандардың түрлері: қотыр раушан (Rosa laxa retz . ), федченко раушаны (R. fedtschenkoana ), итмұрын раушан (R. canina L. ), қалқан раушан (R. corymbifera Borkh. ) т. б. кездеседі.
Биік андыз (Jnula helenium L. ) ылғалды жерлерде, өзен мен бұлақтардын маңында бірлі-жарым кездеседі. Бұдыр киікоты (Ziziphora clinopodiodes Lam . ) жиі, көбіне алыстан сап-сары болып таза қау кұрады. Сол сияқты кең таралған түрлердің қатарына солтүстік тау беткейлерінде түркістан доланасы (Grataegus turkestanica Pojark. ), жоңғар доланасы (G. songorica С. Косһ. ) және понтий"" доланасы (С. ропtіса С. Косһ. ) таралған.
Тау беткейлерінде, шатқалдарда, өзен аңғарларында кеңінен таралған [18] .
2. 2. Зерттелген аудандардың (Сарыағаш, Қазығұрт, Арыс) дәрілік өсімдіктері
Валериана, аптекалық маун. Медицинада негізінен қолданылатыны валериананың тамыры - Rhizoma Valerione. Олар арнайы егілген дәрілік шөптерден немесе европа елдерінің батпақты аймақтарында өсетін валерианалардан алынады, өсімдіктің бұл түрі Оңтүстік Қазақстанда атымен жоқ, тек қана олардың орнына пайдаланатын Оңтүстікте, сондай-ақ Тянь-Шань таулары маңында өсетін Эндемиялық формалары (V. Nianshanica kreyer - Тянь-Шань валерианасы) немесе (V. Bicariaefolia Boiss-таза жапырақты) деген түрлері пайдалынады. Алғашқы шалғындарда, шалғынды аумақтардағы топ-топ боп өсетін өсімдіктер арасында негізінен алғанда субальнілік жазықтарда өсетін тау өсімдігі екенің өз-өзінен білдіріп тұр. Өсімдіктердің бұл түрін көбейту, бұл аумақта қаншалықты қоры бар екені әлі күнге таза зерттелмеген. Тек қана біздің білетініміз мынау ғана: өсімдіктердің бұл түрін жекелей санай шыққанда 100м² жерде 10-нан 76-ға дейін, жоғары салмақта есейтегенде 300 граммға дейін тамыр алса болады, ол орташа есеппен есептер болсақ 2, 2 г. Өсімдіктердің бұл түрі аты айтып тұрғандай негізінен Тянь-Шань тауының маңында, сондай-ақ Қаратау мен Талас Алатауының батыс беткейлерінде, сондай-ақ орталық Тянь-Шань мен Алматы, Іле Алатауы бөктерінде кездеседі.
Жоғарыда аты аталған жұмыста көрсетілгендей Тянь-Шань валерианасының тамырлары мұхият зерттелген. Олардың құрамында 0, 94% эфир майы мен 0, 48% валериана қышқылы бар, өзіне тән иісі де аса күшті.
Келесі түрі - валериана таза жапырақтының шығу тарихы тым қызық (V. Ficariaefolia Boiss) . Бұл өсімдіктің өзі оңтүстікте ғана кездесетін өсімдіктерден саналады. Қазақстанға оңтүстік-батыстан, Ираннан келіп мынандай бағытта өрбиді. Бұл өсімдіктің негізгі бөлігі Талас Алатауының оңтүстік-батысында мол кездеседі, онан Піскент пен Өгем өзендерін бойлай отырып, Бостандық, Қазығұрт және Қаратау тауларының бөктерін жайлай, Күйік асуы мен Үлкен бурыл тауларына дейін жетеді. Әрі қарай Шу, Іле таулары мен Қордай аймағын алып, Шығыстағы шөлейт далаға дейін ұласады. Осы Сюгет шөлейт жазығында кездесетін Жерорта теңізі аумағындағы осы өсімдіктің түрлері Қаратау аумағында кездесетін түрлерімен үндесіп жатқанын айта кету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz