Delphi ортасында бағдарламалау ( әдістемелік құрал )



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ 4
1.1 Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмалар 4
Зертханалық жұмыс № 1 «Delphi интерфейсінің элементтері» 11
Зертханалық жұмыс № 2 «Негізгі пішіннің жобасы мен модулінің бағдарламалық коды» 19
Зертханалық жұмыс № 3 ««Тест» қосымшасын құру» 25

2 OBJECT PASCAL ТІЛІНДЕГІ ОБЪЕКТІЛІ . БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАУ 31
2.1 Класс және объект туралы түсінік 32
2.2 Инкапсуляция, туындау және полиморфизм 33
2.3 Кластың синтаксисі 34
2.4 Кластың өрістері 35
2.5 Кластың әдістері 36
2.6 Кластың қасиеттері 41
2.7 Кластың құрылымы. Кластың элементтерінің көріну аймағы 45
2.8 Кластарға операциялар қолдану. IS және AS кілттік сөздері 46
2.9 Оқиға және меншіктеу 47
Зертханалық жұмыс №4 «Полиморфизм және көрнекілік әдістер» 52
Зертханалық жұмыс №5 "Қасиеттер мен әдістер" 56
Зертханалық жұмыс №6 "Оқиғалар" 58

3 ТЕРЕЗЕЛІК ҚОСЫМШАЛАРДЫ ҚҰРУ 63
3.1 Label, Edit, Memo мәтіндік құрауыштары. Button батырмасы 63
Зертханалық жұмыс №7 "Қарапайым Windows.қосымшасын құру" 70
3.2 Пернетақта арқылы берілген хабарламаны өңдеу 71
3.3 Тышқан арқылы берілген хабарламаны өңдеу 73
Зертханалық жұмыс №8 “TForm объектісі” 75
3.4 Басқару элементтерінің тасуын қамтамасыз ететін сипаттамалар (Drag & Drop тетігі) 76
Зертханалық жұмыс №9 "Экрандық объектілерді сүйреу" 80
3.5 Диалог терезелері. Dialogs парағындағы Delphi құрауыштары (Open Dialog, Save Dialog, Font Dialog және т.б.) 82
Тәжірибелік жұмыс №10 «Мәтіндік редактор» 93
3.6 Delphi . дің кескінді құруға тағайындалған кластары мен құрауыштары. Timer . таймер құрауышы. 98
Зертханалық жұмыс №10 «Бейнелерді құру» 108

ҚОРЫТЫНДЫ 113

ҚОСЫМША А 114
ҚОСЫМША Б 118
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 119
МАЗМҰНЫ 120
КІРІСПЕ
Нақты әдістемелік құрал - дербес компьютерлер үшін Delphi бағдарламалау ортасында қазіргі Windows - қосымшаларын (бағдарламаларды) құруға арналған. Көмекші құрал қосымшаны құрудың негізгі әдістерін сипаттауға бағытталған, сонымен бірге орта интерфейсі, қосымшаны құрудың көрнекілік құралдары және қолданушының бағдарламалық кодын құрудан тұрады.
Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады. Әдістемелік құралдағы материалдар: теориялық деректер; иллюстрациялар; көмекші құралда көрсетілген материалдар көптеген мысалдармен қатар бекітілген, ал олар өз кезегінде бағдарламалаудың жаңа тәжірибелік әдістерін меңгеруге және ұғуға мүмкіндік береді; әрбір пункттің соңында жаттығулар берілген, олардың бірінші бөлімі жаттығуларды орындауға әдістемелік нұсқаудан, ал екінші бөлімі өз бетімен орындауға арналған жеке тапсырмалардан тұрады, олар оқылған материалдарды толық меңгеру үшін қолданылады; өзін өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары.
Бірінші бөлім «Delphi ортасымен танысу» Delphi ортасында құрылған бағдарламаны толық меңгеру үшін қажет білімді береді: негізгі ұғымдар – класс, объект, құрауыш; бағдарламаның ішкі құрылымы; жобаның құрылымдық элементтерінің өзара байланысы; бағдарламаның құрылуы барысында шешілетін тапсырмалар.
Қазіргі уақытта объектілі – бағытталған бағдарламалар өте танымал болып барады. Артық айтпасақ Delphi ортасында құрылған бағдарламаның 99% пайызы осыларға байланысты ұғымдарға сүйенеді. Сондықтан объектілі – бағытталған бағдарламалаудың негізін, сырттай қарағанда қарапайым нәрселердің ішкі жұмысын түсінбей ары жылжу мүмкін емес. Әдістемелік құралдың екінші бөлімінде «Object Pascal тіліндегі объектілі бағытталған бағдарламалау» объектілі – бағытталған бағдарламалаудың негізгі қағидалары, негізінде класс және объект ұғымы жатқан Object Pascal объектілі моделінің теориялық негізі қарастырылады.
Әдістемелік құралдың үшінші бөлімінде терезелік қосымшаларды құрудың технологиясы қарастырылады – Windows жанұясының операциялық жүйесінде қолданылатын қосымшаның негізгі түрі.
Көмекші құрал келесі мамандықтың студенттеріне арналған: 010240 «Қолданбалы математика», 510230 «Қолданбалы математика және информатика», 0913 «Ақпараттық жүйе (аймақтық және салалық қолдану)», 010540 «Информатика».
Оқу құралы бағдарламалаудың қазіргі технологиясымен танысамын, объектілі бағытталған технологияның негізінде өздерінің меншік бағдарламасын құрамын деген студенттер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері және қолданушылардың кең ортасында қолданылуы мүмкін. Turbo/Borland Pascal тілінде бағдарламалаудың жақсы білімі керек деп болжаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер тізімі

1. Кандзюба С.П. Delphi 6\7. Базы данных и приложения. Лекции и упражнения. Спб.: ООО «ДиаСофтЮП», 2002. –576с.
2. Архангельский А.Я. Object Pascal в Delphi. -М., 2002г.
3. Гофман В.Э., Хомоненко А.Д. Delphi 5. –СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 1999. – 800 с.:ил.
4. Дарахвелидзе П.Г., Марков Е.П., Котенок О.А. Программирование в Delphi 5. –СПб.: БХВ-Питербург, 2001.
5. Епанешников А.М., Епанешников В.А. Delphi 5. Язык Object Pascal. –М: «Диалог –МИФИ» 2000
6. Епанешников А.М., Епанешников В.А. Программирование в среде Delphi: Часть 3. Проектирование программ. –М: «Диалог –МИФИ» 1998
7. Культин Н. Delphi 6. Программирование на языке Object Pascal.


Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Дарахвелидзе П.Г., Марков Е.П. Delphi-среда визуального программирования. Спб.: BHV - Санкт-Петербург, 1996г.
2. Архангельский А.Я. Приемы программирования в Delphi. –М.: ООО «Бином-Пресс», 2003 г. –784 с.
3. Джон Матчо, Дэвид Р. Фолкнер. Delphi на примерах. –М.: БИНОМ, 1995г.
4. Орлик С.В. Секреты на примерах: –М.: Восточная книжная компания, 1996г.
5. Конопка Рэй Создание оригинальных компонент в среде Delphi. Киев: DiaSoft Ltd, 1996г. -512с.
8. Епанешников А.М., Епанешников В.А. Программирование в среде Delphi: Часть 4. Работа с базами данных. Организация справочной системы. –М: «Диалог –МИФИ» 1998
6. Пономарев В.А. COM и ActiveX в Delphi. –СПб.: БХВ-Питербург, 2001.
7. Елманов Н.З., Трепалин С.В. Delphi 4. Технология COM, OLE, ActiveX, Automation, MIDAS, Microsoft Transaction Server. –М.: Диалог-МИФИ, 1999 –320с.
8. Федоров А., Елманов Н. ADO в Delphi. Пер. с англ. –СПб.: БХВ-Питербург, 2002.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ 4
1.1 Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмалар 4
Зертханалық жұмыс № 1 Delphi интерфейсінің элементтері 11
Зертханалық жұмыс № 2 Негізгі пішіннің жобасы мен модулінің бағдарламалық
коды 19
Зертханалық жұмыс № 3 Тест қосымшасын құру 25
2 OBJECT PASCAL ТІЛІНДЕГІ ОБЪЕКТІЛІ – БАҒЫТТАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАУ 31
2.1 Класс және объект туралы түсінік 32
2.2 Инкапсуляция, туындау және полиморфизм 33
2.3 Кластың синтаксисі 34
2.4 Кластың өрістері 35
2.5 Кластың әдістері 36
2.6 Кластың қасиеттері 41
2.7 Кластың құрылымы. Кластың элементтерінің көріну аймағы 45
2.8 Кластарға операциялар қолдану. IS және AS кілттік сөздері 46
2.9 Оқиға және меншіктеу 47
Зертханалық жұмыс №4 Полиморфизм және көрнекілік әдістер 52
Зертханалық жұмыс №5 "Қасиеттер мен әдістер" 56
Зертханалық жұмыс №6 "Оқиғалар" 58
3 ТЕРЕЗЕЛІК ҚОСЫМШАЛАРДЫ ҚҰРУ 63
3.1 Label, Edit, Memo мәтіндік құрауыштары. Button батырмасы 63
Зертханалық жұмыс №7 "Қарапайым Windows-қосымшасын құру" 70
3.2 Пернетақта арқылы берілген хабарламаны өңдеу 71
3.3 Тышқан арқылы берілген хабарламаны өңдеу 73
Зертханалық жұмыс №8 “TForm объектісі” 75
3.4 Басқару элементтерінің тасуын қамтамасыз ететін сипаттамалар (Drag &
Drop тетігі) 76
Зертханалық жұмыс №9 "Экрандық объектілерді сүйреу" 80
3.5 Диалог терезелері. Dialogs парағындағы Delphi құрауыштары (Open
Dialog, Save Dialog, Font Dialog және т.б.) 82
Тәжірибелік жұмыс №10 Мәтіндік редактор 93
3.6 Delphi - дің кескінді құруға тағайындалған кластары мен құрауыштары.
Timer – таймер құрауышы. 98
Зертханалық жұмыс №10 Бейнелерді құру 108
ҚОРЫТЫНДЫ 113
ҚОСЫМША А 114
ҚОСЫМША Б 118
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 119
МАЗМҰНЫ 120

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

DELPHI ОРТАСЫНДА БАҒДАРЛАМАЛАУ

Әдістемелік құрал

КІРІСПЕ

Нақты әдістемелік құрал - дербес компьютерлер үшін Delphi
бағдарламалау ортасында қазіргі Windows - қосымшаларын (бағдарламаларды)
құруға арналған. Көмекші құрал қосымшаны құрудың негізгі әдістерін
сипаттауға бағытталған, сонымен бірге орта интерфейсі, қосымшаны құрудың
көрнекілік құралдары және қолданушының бағдарламалық кодын құрудан тұрады.

Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады. Әдістемелік құралдағы
материалдар: теориялық деректер; иллюстрациялар; көмекші құралда
көрсетілген материалдар көптеген мысалдармен қатар бекітілген, ал олар өз
кезегінде бағдарламалаудың жаңа тәжірибелік әдістерін меңгеруге және ұғуға
мүмкіндік береді; әрбір пункттің соңында жаттығулар берілген, олардың
бірінші бөлімі жаттығуларды орындауға әдістемелік нұсқаудан, ал екінші
бөлімі өз бетімен орындауға арналған жеке тапсырмалардан тұрады, олар
оқылған материалдарды толық меңгеру үшін қолданылады; өзін өзі тексеруге
арналған бақылау сұрақтары.
Бірінші бөлім Delphi ортасымен танысу Delphi ортасында құрылған
бағдарламаны толық меңгеру үшін қажет білімді береді: негізгі ұғымдар –
класс, объект, құрауыш; бағдарламаның ішкі құрылымы; жобаның құрылымдық
элементтерінің өзара байланысы; бағдарламаның құрылуы барысында шешілетін
тапсырмалар.
Қазіргі уақытта объектілі – бағытталған бағдарламалар өте танымал
болып барады. Артық айтпасақ Delphi ортасында құрылған бағдарламаның 99%
пайызы осыларға байланысты ұғымдарға сүйенеді. Сондықтан объектілі –
бағытталған бағдарламалаудың негізін, сырттай қарағанда қарапайым
нәрселердің ішкі жұмысын түсінбей ары жылжу мүмкін емес. Әдістемелік
құралдың екінші бөлімінде Object Pascal тіліндегі объектілі бағытталған
бағдарламалау объектілі – бағытталған бағдарламалаудың негізгі қағидалары,
негізінде класс және объект ұғымы жатқан Object Pascal объектілі моделінің
теориялық негізі қарастырылады.
Әдістемелік құралдың үшінші бөлімінде терезелік қосымшаларды құрудың
технологиясы қарастырылады – Windows жанұясының операциялық жүйесінде
қолданылатын қосымшаның негізгі түрі.
Көмекші құрал келесі мамандықтың студенттеріне арналған: 010240
Қолданбалы математика, 510230 Қолданбалы математика және информатика,
0913 Ақпараттық жүйе (аймақтық және салалық қолдану), 010540
Информатика.
Оқу құралы бағдарламалаудың қазіргі технологиясымен танысамын,
объектілі бағытталған технологияның негізінде өздерінің меншік
бағдарламасын құрамын деген студенттер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері және
қолданушылардың кең ортасында қолданылуы мүмкін. TurboBorland Pascal
тілінде бағдарламалаудың жақсы білімі керек деп болжаймыз.

1 DELPHI ОРТАСЫМЕН ТАНЫСУ

1.1 Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмалар

Delphi – Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған
бағдарлама құру ортасы. Delphi - дегі бағдарлама қазіргі көркемдік жобалау
технологиясының негізінде құрылады, ал олар өз кезегінде объектілі –
бағытталған бағдарламалау идеясына сүйенеді (2 – ші бөлімді қараңыздар).
Delphi – дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal
тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау
тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде
бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып –
үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің
қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына
байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай
дамиды, сондықтан Borland фирмасы (1998 жылдың сәуір айынан бастап Inprise
Corporation) тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object
Pascal тілі келеді, ол объектілі – бағытталған бағдарламалау концепциясына
сүйенеді.
Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның нәтижесі болып
саналады, сондықтан бүгінгі таңда олар қазіргі компьютерлік технологияның
өнімі болып табылады. Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi
– дің көмегімен бағдарламаның әртүрлі типін – консольді қосымшалардан
бастап, деректер базасы мен Internet – те жұмыс істейтін бағдарлама құруға
болады.
Delphi бағдарлама құратын және жаңа бағдарламаны даярлайтын
бағдарлама құру әдістерінен, сондай-ақ құрауыштар кітапханасынан тұрады.
Delphi бағдарламасы – бұл өзара байланысқан бірнеше файлдар. Кез – келген
бағдарлама жоба файлы (мұндай файл .dpr кеңейткішінен тұрады) және бір
немесе бірнеше модульден тұрады (.pas кеңейткіші бар файлдар). Жоба файлы
бағдарламаның жинақтаушы бөлігі болып табылады, ол өте үлкен емес және
Delphi бағдарламалау жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.
Класс – берілгендер мен оларға әрекет жасайтын арнайы тип. Ол өріс,
әдіс және қасиеттерден тұрады. Кластың данасы болып объект табылады.
Объект – белгілі тапсырманы орындауға арналған, екілік бағдарламалық
кодтың автономды бөлігі болып саналады. Объектінің барлық құрауыштары
объект болып табылады, бірақ керісінше емес.
Құрауыш – Delphi – дің стандартты класы, Delphi ортасында көрнекілік
бағдарламаны іске асыруға арналған. Құрауыш болып меню, батырмалар,
стандартты диалогтар (мысалы, қаріпті таңдау, файлды сақтау), енгізу
терезесі және редактірлеу терезесі және т.б. табылады. Құрауыштар өріс,
әдіс және қасиеттерден тұрады. Қолданушының құрауыштармен жұмысы, оны
негізгі терезедегі Құрауыштар палитрасынан таңдап және пішіннің терезесіне
орналастырып, олардың қасиеттері мен мазмұнына қарай белгілі оқиғаға
ықпалын икемдеу болып табылады. Delphi құрауыштары қолданушымен жылдам
қарым – қатынас жасау үшін қолданылады.
Құрауыштар қасиеті – белгілі объекті берілгенде немесе өзгергенде
автоматты түрде оның атрибутын өзгертетін құрауыштың өрісі. Құрауыштың
функциясын (атқаратын міндетін) анықтайды.
Құрауыштың оқиғасы – құрауыштың қолданушы немесе операциялық жүйемен
әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Әрбір құрауыш стандартты
оқиғалардың жиынынан тұрады.
Құрауыш хабарламаны өңдеу әдісінен тұрады, олардың әрқайсысы
құрауыштың белгілі оқиғаға ықпалын анықтайды (пернені басу немесе тышқанды
жылжыту).
Оқиғаны өңдеу деп – өрбіген оқиғаға жауап ретінде белсенділік
танытатын қосымшаның код бөлімін айтамыз.
Құрауыш пішінге немесе басқа құрауышқа тиісті болуы мүмкін.
Пішін деп - Windows терезесінің қасиеттеріне ие және біркелкі
функционалдық тағайындалумен байланысқан, құрауыштарды орналастыруға негіз
болатын көрнекілік құрауышты айтамыз.
Қосымшаның пішіні қолданушылық интерфейстің негізі болып саналады.
Қосымшада бірнеше пішін болуы мүмкін.
Пішін туралы ақпарат екі типті файлда сақталады: - .dfm және - .pas,
файлдың бірінші типі (пішіннің файлы) – екілік – пішіннің кескінін және
қасиеттерін сақтайды, екінші тип (пішіннің модульі ) сіздің қосымшаңыздың
функциясын іске асыратын кодтардан тұрады және пішін мен оның құрауыштары
үшін оқиғаларды өңдеуді қарастырады. Екі файл да автоматты түрде Delphi –
де синхрондалады. Әрбір пішінге өзінің модульі сәйкес келеді.

Бағдарламаның сыртқы құрылымы

Delphi - дің көмегімен құрылған бағдарламаның құрылымы дәстүрлі
бағдарламаның құрылымынан өзгешелеу болады, ол өз кезегінде мұндай
бағдарламаларды құрудың ерекшеліктерін шартты түрде көрсетеді. Мұндай
бағдарламаны екі бөлімнен тұрады деп көрсетуге болады: интерфейс –
бағдарламаның бөлімі, ол бағдарламаға ақпаратты енгізуге және оны
шығаруға, сонымен бірге тікелей тапсырманы шешуге арналған операторларды
тағайындауға арналған (есептеу, ақпараттың түрленуі және т.б.). Бағдарлама
өз жұмысында операциялық жүйе, әртүрлі сыртқы құрылғылар, деректер базасы,
басқа бағдарлама және т.б. әрекеттеседі. Сондықтан бағдарламаның соған
қатысты сыртқы құрауыштармен әрекеттесу құрылымын сурет 1.1 көрсетілгендей
түрде көруге болады.
Интерфейс бұл объектілердің жиынтығы, оның көмегімен ақпаратты
белгілі бағытқа жіберу асырылады, - пішін, қарым – қатынас терезелері,
басқару элементтері және т.б. Көптеген жағдайларда таңдап алынған интерфейс
барлық бағдарламаның құрылымын анықтайды.
Объектілер бағдарламада жеткілікті түрде автономды болғандықтан,
олардың арасында ақпаратты жіберу, сонымен бірге бағдарлама мен операциялық
жүйе, бағдарлама мен сыртқы құрылғылар т.б. арасында ақпаратты беру үшін
хабарлама жүйесі қолданылады.

Сурет 1.1 Бағдарламаның сыртқы құрылғылармен әрекеттесуі
Мұндай бағдарламаның жұмысы да өз сипатында. Әдетте ол іске
қосылғаннан кейін келесі хабарламаны күту режимінде тұрады. Хабарлама пайда
болғанда бағдарлама оған талдау жасайды, қандай әрекет жасау керек екенін
анықтайды, одан кейін сол әрекетті орындап, келесі хабарламаны күтеді.
Әртүрлі хабарлама пайда болғаннан кейін бағдарлама шарт бойынша әртүрлі
әрекет жасайды, барлық орындалатын операторлар бағыныңқы бағдарламалардың
жиынтығын береді, олар әртүрлі объектінің әдістері ретінде бекітіледі
(хабарламаны және оқиғаны өңдеу әдістерін қоса алады), немесе өздік
бағыныңқы бағдарлама. Нақтылы түрде әртүрлі операциялық жүйелер және оларды
баптау, олар белгілі командаларды күтеді, содан кейін оларды өңдеуге
кіріседі.
Объект (TApplication класының) болып бағдарламаның өзі саналады.
Шынында бұл объектіні программист өзі құрмайды, ол Delphi ортасында
автоматты түрде құрылады, бірақ бағдарлама құру кезінде оның әдістері мен
қасиеттерін қолдануға болады.

Объектілердің классификациясы

Жобаны жоғарыда айтылғандай нақты тағайындалуы анықталған жеке
объектілердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл объектілерді ортақ
қасиеттері бар кластарға біріктіруге болады. Мұндай кластардың құрылымы
қиынырақ болып келеді, сондықтан оны түгелдей көру үшін Browser бағдарлама
элементтерін көру терезесінің көмегімен көруге болады. Мұнда жобаның
құрылымын ұйыдастыру үшін қолданылатын тек маңызды кластарды ғана
қарастырамыз (сурет 1.2).
Жобада қолданылатын негізгі объект болып қосымша, пішін және құрауыш
табылады.
Қосымша келіп түскен хабарламаны өңдеу циклін ұйымдастыратын жобаның
негізгі байланыс объектісін көрсетеді.
Пішін интерфейстік элементті көрсетеді, оның арқасында қосымшалар мен
сыртқы құрылғылар арасында ақпарат алмасу үрдісі жүреді. Пішін қосымшада
орналасады, ал қосымша бір немесе бірнеше пішіннен тұруы мүмкін.

Сурет 1.2 Жобаның құрылымдық құрауыштарының классификациясы
Құрауыштар пішінге орналастырылады және ақпаратты алу, түрлендіру
және бейнелеу үшін операцияларды орындауға қатысты объектілерді сипаттайды.
Олардың классификациясы қиындау, сондықтан жиі қолданылатын құрауыштар
тобын қарастырайық. Пішін құрауыштардың кез келген санынан тұра алады.
Құрылымдық түрде жоғарыда көрсетілген құрауыштардың бәрі TComponent
(Құрауыш) класына, объект жобасында қолданылатын жалпы және көп санды
топтарға қарайды. Нақты түрде бұнда тек файлдармен жұмыс істеу, графикалық
әдістер, әртүрлі тізімдер мен ағындар және басқа объектілер қатары ғана
кірмейді. Қосымша меншік TApplication (Қосымша) класын қалыптастырады, ол
тікелей TComponent класының ұрпағы болып саналады.
Кластың басқа элементтері пішіннің өзін қоса алғанда айтарлықтай
қиынырақ құрылымды жасайды. Ең алдымен бұл элементтерді екі топқа бөлуге
болады:
- TControl (Басқару) класын қалыптастыратын басқару элементтері.
Басқару элементтері (TControl класының ұрпақтары болып келген
құрауыштар) – қолданушымен қарым – қатынасты жүзеге асыратын экранда
бейнеленетін құрауыштар (көрнекілік құрауыштар) Бағдарламада
қолданушы шарт бойынша оларды басқара алады (пернетақтаның көмегімен
ақпаратты енгізу, оларға тышқанның көмегімен әсер ету және т.б.).
Олар экранда қосымша орындалғанда бейнеленеді.
- Экранда бейнеленбейтін элементтер (бейнеленбейтін немесе көрнекілік
емес құрауыштар). Олар жүйелік ресурстарға қатынауға жауап береді:
драйвер, деректер базасы, таймер, меню, әртүрлі қиын объектілер,
стандартты диалог терезелеріне ұқсас және т.б. Құру кезінде
көрнекілік емес құрауыштар пиктограмма түрінде бейнеленеді, ал
қосымшаны орындағанда ереже бойынша көрінбейді.
Басқару элементтерін өз кезегінде екі үлкен кластарға бөлуге болады
және олардың арасында принциптік айырмашылық бар:
- Терезелік басқару элементтерінің класы TWinControl (Терезелік
басқару элементі).
Терезелік басқару элементі ( TForm, TButton, TEdit, TMemo, TPanel,
TGroupBox және т.б. кластардың құрауыштары) терезелік функциялардан
(немесе процедуралар) тұрады, олардың арқасында ол келіп түскен
ақпаратқа ықпал етеді және экранда активтенеді.
- Графикалық басқару элементтерінің класы TGraphicControl (Графикалық
басқару элементі).
Графикалық басқару элементі ( TImage класының құрауышы – кескін,
TPaintBox – сурет салуға арналған панель, TShape – геометриялық
фигура, TCustomLabel – белгінің тегі) мұндай функцияны басқармайды,
тек экранға ақпаратты ғана шығарады, олар тышқан арқылы берілетін
хабарламадан басқа белгілі қимылға ықпалын тигізе алмайды. Жеке
жағдайларда пішін терезелік басқару элементіне жатады.

Жобаның құрылымдық элементтерінің әрекеттесуі

Жанұя деп өзінің ұрпақтарымен қоса алғандағы класты айтамыз.
TComponent жанұясының әрбір объектісінің Owner қасиеті бар:
TComponent (Иесі), берілген объекті орналасқан объектіге нұсқағыш.
Негізгі объект деп - басқа объект орналасатын объектіні айтамыз.
Көмекші объект деп – орналасатын объектіні айтамыз.
property ComponentCount: Integer – тек оқу үшін. Негізгі объектінің
көмекші құрауыштарының санын береді (ағымды құрауыштың).
property Components[Index: Integer]: TComponent – тек оқу үшін.
Ағымды құрауыштың көмекші құрауыштарының тізімінен тұрады. Құрауыштарды
нөмірлеу нөлден басталады.
Кез – келген пішін TApplication класының қосымшасына орналастрылады,
қосымша ол үшін негізгі объекті болып саналады.
TControl жанұясының құрауыштарын пішінге екі түрлі жолмен
орналастыруға болады:
- тікелей пішінге;
- TWinControl жанұясының қосымша топталған бір құрауышына (TGroupBox –
тақырыбы бар панель, TPanel – панель, TTabControl – бетбелгі және
т.б.).
TControl жанұясының әрбір құрауышында Parent қасиеті бар: TWinControl
(Аталық), онда үлкен құрауышқа нұсқағыш беріледі.
Үлкен құрауыш – тікелей берілген құрауыш орналастырылған құрауыштың
өзі.
Кіші құрауыш – орналасатын құрауыш.
Бейнеленбейтін құрауыштарда Parent қасиеті болмайды.
Пішіннің үлкен құрауышы жоқ (Parent = nil).
Мысал 1.1. Бұл мысал ерікті түрде пішінге орналастырылған келесі
құрауыштардан тұрады: радиотоп, екі радиобатырма және батырма.
Қосымшаны іске қосқанда, пішіннің OnCreate оқиғасы туындағанда екі
радиобатырма RadioGroup1 құрауышына жоғарғы сол жақтың берілген
координатасы бойынша орналасады. Button1 батырмасына шерткенде екі
радиобатырма пішінге тасымалданады.
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begin
RadioGroup1.Caption := 'Радиогруппа';
RadioButton1.Parent := RadioGroup1;
RadioButton1.Caption := 'Первая радиокнопка';
RadioButton1.Top := 15;
RadioButton1.Left := 10;
RadioButton1.Checked := True;

RadioButton2.Parent := RadioGroup1;
RadioButton2.Caption := 'Вторая радиокнопка';
RadioButton2.Top := 35;
RadioButton2.Left := 10;
end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);
begin
RadioButton1.Parent := Form1;
RadioButton2.Parent := Form1;
end;
property ControlCount: Integer – тек оқу үшін. Басқару элементінің
кіші құрауыштарының санын береді (тек терезелік құрауыштарда ғана болады).
property Controls[Index: Integer]: TControl – тек оқу үшін. Ағымды
басқару элементінің барлық кіші құрауыштарының тізімін береді (тек
терезелік құрауыштарда ғана болады).
Негізгі - Көмекші деген қарым – қатынасты бейнеленген және
бейнеленбеген құрауыштарға қолдануға болады.
Үлкен - Кіші қарым – қатынасы тек қана бейнеленген құрауыштарға
ғана қолданылады.
Мысал 1.2. Бір пішіннен тұратын жобаны қарастырамыз. Тікелей пішінге
төмендегілерді орналастырамыз:
- Негізгі меню - MainMenu.
- Таймер - Timer.
- GroupBox – тақырыбы бар панель.
- Button - батырмасы.
GroupBox тақырыбы бар панельге орналастырамыз:
- Енгізу жолы - Edit.
- Белгі - Label.

Құрауыш ComponentCComponents Owner ControlCControls Parent
ount ount
Form1 6 MainMenu1 Application2 GroupBox1 nil
Timer1 Button1
GroupBox1
Button1
Edit1
Label1
GroupBox1 0 Бос Form1 2 Label1 Form1
Edit1
Button1 0 Бос Form1 0 Бос Form1
Label1 0 Бос Form1 - - GroupBox1
Edit1 0 Бос Form1 0 Бос GroupBox1
MainMenu1 0 Бос Form1 - - -
Timer1 0 Бос Form1 - - -

Бағдарлама құрарда шешілетін тапсырмалар

Негізгі болып келесілер табылады:
1) Жобаның түрін анықтау
a) бір құжатты интерфейс;
b) көп құжатты интерфейс;
c) DLL-кітапханасы.
2) Пішінді таңдау
3) Құрауыштарды орналастыру
4) Менюді құру
5) Хабарламаны өңдеу
хабарламаны өңдеудің келесі кезеңдерін ерекшелеуге болады:
a) хабарламаның типін қалыптастыру;
b) инициализация сообщения;
c) хабарламаны өңдеу және оқиғаны құру;
d) оқиғаны өңдеу;
e) хабарламаны өңдеу циклін қалыптастыру.
6) Деректер базасын қалыптастыру.
7) Тапсырманы бағдарламалау.
8) Қарым – қатынас, ақпарат терезелерін қалыптастыру.
9) Ерекше жағдайларды өңдеуді қамтамасыз ету.
10) Анықтама жүйесін құру.

Зертханалық жұмыс № 1 Delphi интерфейсінің элементтері

Бірінші тәжірибелік жұмыс Delphi ортасы мен осы тіл туралы негізгі
ұғымдарға кіріспеден басталады. Сіздер жобамен Delphi ортасының қосымшасы
ретінде танысасыздар, ал пішінді құрауыштарынан бағдарлама құрылатын
жобаның қалауы ретінде қарастырасыздар. Нақты мысалдарда Delphi ортасында
бағдарламалаудың концепциясы тереңдетіліп оқылады, олар: жобаны анықтау,
жаңа пішінді құру, пішінге құрауыштарды қосу, осы құрауыштардың қасиеттерін
анықтау және бағдарламаның орындалуы.
Жұмыстың мақсаты: Delphi ортасымен және оның негізгі терезелерімен
танысу. Өзіңнің бірінші қосымшаңды құру және оны сақтауды үйрену.
Delphi — Windows жүйесінде жұмыс істеуге арналған бағдарламалаудың
көрнекілік тілі. Оның қосымшасы, яғни Delphi ортасында құрылған бағдарлама
да Windows жүйесіне арналған.
Delphi ортасында бағдарламалау объектілі-бағытталған технологияға
сүйенеді. Бағдарламалаудың базалық тілі ретінде Object Pascal тілі таңдап
алынған.
Delphi ортасында бағдарлама құру жұмысының көп бөлігі құрауыштарды
таңдау, оларды тышқанның көмегімен экранға орналастыру және осы
құрауыштардың қасиеттерін анықтауға кетеді. Құрауыштар — құрылысшы
блоктар деп саналады, олардан Delphi ортасының қосымшалары құрылады. Олар
өз кезегінде көрінетін болуы мүмкін, олар қолданбалы интерфейстің
бөліктері (айналдыру жолағы, басқару батырмалары, меню т.б.), сонымен
бірге көрінбейтінде болуы мүмкін — таймер, деректер базасы.

Тапсырма 1. Delphi - ді іске қосу

Delphi – ді іске қосу үшін 3 әдістің біреуін орындаңыздар:

➢ 1. Егер сіз Windows ортасында отырсаңыз , онда Жұмыс стөліндегі Delphi
пиктограммасына тышқанның көмегімен екі рет шертіңіз .
➢ 2. Келесі қадамдарды орындаңыз: Пуск – Программы – Borland Delphi 6 –
Delphi 6
➢ 3. Windows бағыттауышынан (Каталог Program Files\Borland\Delphi 6\Bin)
delphi32.exe файлын тауып алып, соны орындаңыз.

Тапсырма 2. Delphi интерфейсінің элементтерін оқып – үйрену.
Ортаның интегралдық құрылымы (IDE – Integrated Development
Environment).
Delphi ортасының интегралдық құрылымына қосымшаларды құрайтын және
жобаны басқаратын келесі құралдар кіреді:
Негізгі меню
Құрал – саймандар панельі
Жоба диспетчері (Project Manager)
Код редакторы (Code Editor)
Құрауыштар палитрасы (Component Palette)
Пішін терезесі
Объект инспекторы (Object Inspector)
Объект бұтақтары (Object Tree View)
Меню конструкторы (Menu Designer)
Зерттеуші (Browser)
Delphi 6 ортасын іске қосқанда компьютер экраны сурет 1.3 – де
көрсетілгендей көрініс табады.

Сурет 1.3 Delphi 6 ортасының терезелері мен панельдері
Бағдарламалау ортасының негізгі терезесін қарастырайық. Ол терезенің
тақырыбы — Delphi 6 – Project 1, яғни Delphi сізге бірінші жобаңызды
құруға нұсқау береді және оған Project 1 деген ат тағайындайды. Төмен қарай
негізгі меню, 16 батырмадан тұратын құрал-саймандар панельі және құрауыштар
палитрасы орналасқан.
Негізгі меню бағдарламалау ортасының командаларына қатынасты
қамтамасыз етеді, олардың көбі Windows ортасынан және оның қосымшаларынан
белгілі, ал қалғандары Delphi – ді оқып – үйренгенде кең түрде талқыланады.
Құрал – саймандар панелі негізгі менюде жиі қолданылатын командаларды
жылдам орындауға мүмкіндік береді.
Құрал – саймандар панельінің батырмалары.

Кейбір батырмалар мен терминдердің не үшін тағайындалғаны Delphi
ортасымен жан – жақты танысқанда меңгеріледі.
Осы батырмалардың біреуіне біраз уақыт тышқанның курсорын апарып қоя
тұрсақ , онда көмек өрісінде анықтама жолы пайда болады, онда берілген
батырманы таңдап алғанда қандай әрекет орындалатыны жазылады.
Құрауыштар палитрасы — пішінге қосуға болатын көптеген объектілер
жиынтығынан тұрады. Delphi ортасында қосымшаны құруға осы құрауыштар
қолданылады. Олардың әрқайсысы үшін орындауға болатын бағыныңқы бағдарлама
немесе Windows интерфейсінің элементі белгіленген. Құрауыштар ортақ
қасиеттері бар топтарға біріктірілген (Standard, Additional және т.б.),
олардың әрқайсысы өздеріне сәйкес бетбелгіге тышқанның көмегімен шерткенде
шақырылады.
Құрауыштар палитрасының кейбір парақтарын қарастырайық:
Standard –Windows – де қосымшасы бар стандартты басқару элементтерін
жүзеге асыратын құрауыштар жиынынан тұрады. (батырмалар, тізімдер және
т.б.).
Additional – қосымша басқару элементтері (графиктер мен
диаграммаларды салуға арналған құрауыштар, графикалық көріністерді бейнелеу
және т.б.).
Data Access – деректер базасына қатынауды жүзеге асыратын арнайы
құрауыштар жиынынан тұрады.
Data Controls – қолданушымен қарым – қатынас орнататын көрнекілік
құрауыштардан тұрады және деректер базасы үшін берілгендерді басқару
үрдісін орындайды.
Dialogs – стандартты қарым - қатынас құратын құрауыштар (қаріпті
таңдау, файлдармен операциялар жасау және т.б.).
System – операциялық жүйемен қарым – қатынасты орнататын құрал.
VBX –Visual Basic стиліндегі құрауыш.
Бетбелгіде жазылған сөздерді оқыңыздар және сөздердің мағынасын
аударыңыздар. Әрбір топты шақырыңыздар, көмек кеңесін қолдану арқылы әрбір
құрауышты қараңыздар.
Бұл құрауыштардың көбі сіздердің алда құратын бағдарламаларыңызда
қолданылады.
Жоба диспетчері - жобаға кіретін пішіндер мен модульдердің аттарын
көруге, жобаға пішіндер мен модульдерді қосуға, жобадан жоюға және т.б.
орындауға мүмкіндік береді.
Диалог терезесінде келесі бағандар бар:
Unit – жоба модульдері.
Form – жоба пішіндері.
Path – модульдерге жол.
Қарым – қатынас терезесіндегі батырмалар:
Add – файлды жобаға қосу.
Remove – файлды жобадан жою.
View unit –модульді көру.
View form – пішінді көру.
Options – жоба параметрлері.
Код редакторы бағдарлама кодынан тұрады, олар бағдарлама кодын құруға
және редакциялауға тағайындалған.Код редакторының ағымды менюінің
командаларын қарастырайық.
Open File at Cursor – атына тышқанның көрсеткіші орналасқан файлды
ашады
Browse Symbol at Cursor – терезедегі кез – келген модульді, объектіні
және айнымалыны көруге мүмкіндік береді
Toggle Breakpoint – тоқтату нүктесін тағайындайды
Run to Cursor – қосымшаны тышқанның көрсеткішіне дейін орындайды
Debug – EvaluateModify – айнымалыны өзгерту және көру үшін қарым –
қатынас терезесін ашады
Debug – Add Watch to Cursor – айнымалыларды бағдарламаның орындалуы
барысында көру үшін қосады
Read Only – файлда мәтінді редакциялауға тиым салады
Объект инспекторы қосымша құрамындағы объектілерді қадағалауға
мүмкіндік береді.. Оның көмегімен объектінің қажетті қасиеттері және
олардың стандартты оқиғаларға әрекеті тағайындалады (пернеге басу, екі рет
шерту, өзгерту және т.б.).
Объект бұтақтары Delphi 6 ортасында пайда болған жаңалық болып
табылады. Бұл терезеде пішінде, берілгендер модульінде немесе фреймде
орналасқан құрауыштар бейнеленеді және олардың арасындағы логикалық қарым –
қатынас, мысалы аталық – еншілік қарым - қатынасы.
Delphi 6 ортасының құрылымын баптаңыздар.
Tools – Environment Options меню командасын таңдаңыз. Келесі
өрістерге қарама – қарсы таяқшалар қойыңыздар, егер олар Preferences
қалташасында тұрмаса:
Autosave options тобында (автосақтау опциясы):
Editor files ( Run командасын таңдағанда немесе Delphi – ден шыққанда
кодтар редакторында өзгертілген файлдарды сақтайды.);
Project Desktop ( Егер сіз Delphi – ден шықсаңыз немесе жобаны жапсаңыз
сіздің жұмыс стөліңіздің орналасуын сақтайды).
Compiling and running тобында(компиляторлау және іске қосу):
Show Compiler Progress (Сіздің жобаңыздың компиляциясы туралы есепті көруге
мүмкіндік береді);
Minimize On Run (Сіз қосымшаңызды іске қосқанда Delphi – ді кішірейтеді.
Егер сіз қосымшаңызды жапсаңыз Delphi орнына қайта келеді);
Hide Designers On Run (Қосымша іске қосылып тұрған кезде Object Inspector
және Form window типіндегі жобалау терезелерін тығып қояды. Қосымша
жабылғанда терезе пайда болады.).
OK батырмасына басыңыздар.

Тапсырма 3. Delphi – дің негізгі терезелерінің қасиеттерін оқып –
үйрену.
Delphi – де он негізгі терезе бар. Delphi іске қосылғанда біз
төртеуін көреміз: негізгі терезе, негізгі пішіннің терезесі, Объект
бұтақтарының терезесі және Объект Инспекторы терезесі. Төртінші терезе —
Бағдарламалау Кодының Редакторы — ол ашық тұрады, бірақ пішін терезесінің
артына тығылған, оны көру үшін құрал – саймандар панельіндегі Toggle
FormUnit батырмасына шерту керек.
Пішін терезесі — Құрауыштар палитрасындағы құрауыштардан бағдарлама
жинақталатын негізгі орын. Пішіннің өзі орындауға болатын дайын бағдарлама.
Тышқанның көмегімен Run батырмасына шертіңіз және осы бағдарламаны
орындаңыз.
Пішіннің бағдарламасы откомпилируется, экрандағы көмекші терезелер
жойылады, пішіннің координаталық торы жоғалады және ол кәдімгі Windows
терезесінің қасиетін меңгереді.
Осы терезенің қасиетін зерттеңіз. Оның өлшемін өзгертіңіз, экран
бойынша жылжытыңыз, жоғарғы сол жақтағы батырманы активтеңіз, терезені
бүкіл экранға дейін үлкейтіңіз.
Сіз байқағандай, пішін терезесі жанданды.
Alt+F4 батырмаларының комбинациясы Delphi ортасын алғашқы қалпына
әкеледі.
Инспектор Объектісінің терезесі құраушы немесе пішіннің өзіне
тышқанмен шерткенде активтенетін қасиеттерден тұрады. Активтенген құрауштың
аты терезенің тақырыбынан кейін орналасады (сурет 1.3. жағдайында ол
пішіннің өзі). Терезе екі парақтан тұрады: Properties (қасиеттер парағы)
және Events (оқиғалар парағы).
Құрауыштардың стандартты палитрасындағы Button батырмасына басып, содан
кейін пішіннің кез – келген жеріне шертіңіз.
Пішінде батырманың бейнесі пайда болады (сурет 1.4).
Бұндай іс-қимыл пішінге құрауышты қосу деп аталады.
➢ Қойылған құрауышқа шертіңіз.
Оның айналасында квадраттары бар тіктөртбұрыш жақтау пайда болды. Бұл
дегеніміз құрауыш активтенді дегенді білдіреді және Объект Инспектірінде
құрауыштың аты пайда болды Button1: TButton. Бұл жағдайда Button TButton
типіндегі айнымалы, бастапқы T әрібі тип дегенді білдіреді.

Сурет 1.4 Пішінге құрауышты қосу
TButton типі объект ретінде сипатталған және оның барлық құрауыштары
да объект ретінде сипатталған, сондықтан құрауыштардың қасиеттерін
басқаратын терезе Объект Инспектірі терезесі деп аталады. Properties парағы
2 бағанаға бөлінген: қасиеттер аты бағанасы және қасиеттер мәні бағанасы.
Сол жақ бағанада құрауыштың қасиеттерінің аттарының тізімі, оң жақта —
қасиеттердің нақты мәні көрсетілген. Қолданушы кез – келген қасиеттің мәнін
өзгерте алады..

Тапсырма 4. Программа "Тест" жобасын құру.
➢ Form1 пішінін ерекшелеңіз.
➢ Объект Инспектіріндегі Caption қасиетіне Программа Тест деп
жазыңыз.
➢ MainMenu құрауышының көмегімен (сурет 1.5. көрсетілгендей) меню
құрыңыз, ол құрауыштың стандартты палитрасында бірінші орын алады:
➢ соған шертіңіз, одан кейін пішінге шертіңіз;
➢ пайда болған MainMenu пиктограммасына екі рет шертіңіз.
Экранда Программа “Тест” пішінінің үстіне Form1.MainMenu1
тақырыбымен тағы бір терезе пайда болады;
Объект Инспектіріндегі Caption жолына бірінші элемент меню Тест – ті
енгізіңіз , ол меню жолағының оң жақ жоғарғы шетінде орналасқан көк
тіктөртбұрышқа жазылады.
Enter батырмасын басу арқылы менюдің бірінші элементінің бірінші
командасын жазуға кірісіңіздер;
Caption жолына Тестирование деп жазып, Enter – ді басыңыз.
➢ Аналогиялық түрде келесі командалар үшін Результат және Выход
сөздерін жазыңыздар.
Меню командаларын бөлуші сызық арқылы топтарға бөлуге болады, ол
үшін Результат командысынан кейін , Caption жолына тақырып ретінде алу
белгісін енгізіңіздер – “-”.
➢ Менюдің келесі элементін құрыңыздар — Помощь:
Меню Тест командасының оң жағында орналасқан тіктөртбұрышты
тышқанның көмегімен активтеңіз;
Caption жолына Помощь деп жазып, Enter – ді басыңыз;
Аналогиялық түрде келесі операцияларға Инструкция және О программе
командаларын жазыңыздар.
➢ Тышқанмен негізгі пішінге шерту арқылы негізгі пішінге Form 1.
MainMenu1 терезесінде құрылған менюді орналастырыңыз.

Сурет 1.5 Тест бағдарламасының негізгі менюі
➢ Выход командасы орындалу үшін оған бағдарлама жазыңыздар:
- Выход командасына шертіңіз.
Кодтар Редакторы терезесінде жанып - өшіп тұрған тышқанның
көрсеткіші бар бағдарламаның коды пайда болады (Delphi ортасы осы оқиғаны
өңдеу үшін автоматты түрде бос процедураны құрды );
Тышқанның көрсеткіші тұрған позицияға пернетақтаның көмегімен
төмендегі сөзді енгізіңіз:
Close;
Сонда мынаны аламыз:
procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);
begin
Close;
end;
➢ 5 – тапсырмада көрсетілген ереже бойынша жобаны сақтаңыздар.
➢ Run батырмасының көмегімен бағдарламаны орындаңыздар.
Біз Программа “Тест” жобасының құрылымдық негізін құрдық. Егер
жобаның жұмыс істеу қабілетін тексеретін болсақ, онда менюдің Выход (оған
біз арнайы бағдарламалық кодты жаздық) командасынан басқа командалары
орындалмайтынын көрдік. Менюдің қалған командаларын әрекетке келтіруді
келесі тәжірибелік жұмыстарда қарастырамыз.

Тапсырма 5. Жобаны және пішіннің модулінің файлын сақтау.
➢ Мои документы папкасында өзіңіздің меншік папкаңызды келесі түрде
құрыңыз: Топ_Фамилия_Delphi (Мысалы, 3ПМИ-1_Ахметов_Delphi).
➢ Оған салынған Программа_Тест_ папкасын құрыңыз.
➢ Delphi – дің негізгі менюінде келесі командалар тізімін орындаңыз: File
– Save Project As... немесе құралдар панельіндегі Save Project As
батырмасына тышқанмен шертіңіз.
➢ Save Unit1 As тақырыбы бар диалогтық терезе пайда болады, ол
бағдарлама кодының файлын сақтауға арналған (сурет 1.6). Үнсіздікпен
файлға Тип файла өрісінде көрсетілгендей .PAS кеңейткіші беріледі.

Сурет 1.6 Негізгі пішіннің модульінің файлын сақтайтын терезе
➢ Папканы таңдаңыз C:\...\Мои документы\...\Программа_Тест_.
➢ Имя файла өрісіне – MainForm сөзін енгізіңіз және Сохранить
батырмасына басыңыз.
Осыдан кейін жоба файлын сақтау үшін Save Project1 As тақырыбымен
келесі қарым – қатынас терезесі пайда болады (сурет 1.7). Үнсіздікпен ол
файлға .DPR (Delphi PRoject) кеңейткіші беріледі.
➢ Имя файла өрісіне – Test сөзін енгізіңіз және Сохранить батырмасына
басыңыз.
Енді сіздің жобаңыз Test деп аталады , ал оның файлдары
Программа_Тест_ папкасында орналасады.
Файлдарды жазудың мұндай тізбегі жоба файлы алдын – ала пішіннің
бағдарламалық модульінің денесінен тұратын файл сақталмағанша
сақталмайтынын білдіреді.
➢ Жобаны жабыңыз.

Сурет 1.7 Жоба файлын сақтау терезесі
Сонымен сіздер Delphi ортасымен таныстыңыздар: негізгі терезенің
құрама бөліктерімен – құрал – саймандар панельімен, құрауыштар
палитрасымен, Delphi ортасының негізгі терезелерімен: пішіндер, Объект
Инспектірі және Код Редакторы; пішіннің тақырыбын жазуды үйрендіңіздер,
меню командаларын енгізу, менюдің Выход командасын шерткенде орындалатын
оқиғаның бірінші өңдеуішін құрдыңыздар; жобаны және оның әзірше жалғыз
бағдарламалық модульін сақтауды үйрендіңіздер.

Зертханалық жұмыс № 2 Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің
бағдарламалық коды

№2 зертханалық жұмыста негізгі пішіннің жобасы мен модульінің
бағдарламалық коды қарастырылады; Delphi ортасы пішінге құрауышты қосқан
кезде оның бағдарламалық кодын автоматты түрде қосады, оқиға деген
түсінік кіргізіледі және оның оқиғаны өңдеу прцедурасының көмегімен қалай
өңделетіні көрсетіледі.

Тапсырма 1. №1зертханалық жұмыста құрылған жобаны іске қосу және жоба
мен модульдің бағдарламалық кодын көру.
➢ Delphi – ді іске қосыңыз.
➢ Негізгі менюдің командасын орындаңыз: File \ Open Project
➢ Ашылған терезенің жобалар тізімінен (.DPR кеңейткіші бар файлдар)
TEST.DPR аты бар жобаны тауып алыңыздар, оған тышқанның сол жағымен бір
рет шертіп, ОК - ді таңдаңыз немесе пернетақтадан Enter пернесіне
басыңыз.
Экранда Программа Тест тақырыбымен пішін пайда болады.
➢ Жобаның бағдарламалық кодын көру үшін негізгі менюдің Project\View
Source командасын орындаңыздар.
➢ Көңіл қойып жобаның бағдарламалық кодын қараңыздар (Сурет 1.8).

Сурет. 1.8. Жобаның бағдарламалық коды
Жобаның бағдарламалық коды бағдарламаның тақырыбынан, модульді қосу
бөлімінен, компилятор директивасынан және бағдарламаның негізгі денесінен
тұрады.
Бағдарламаның тақырыбы Program қызметші сөзінен тұрады, одан кейін
жобаның атымен сәйкес келетін бағдарламаның аты орналасады. Жобаның аты оны
сақтар кезде беріледі және ол Delphi ортасында орындалатын файлдың атын
анықтайды.
Модульді қосу бөлімі Forms жүйелік модульі мен Mainform модульінен
тұрады, олардың бағдарламалық коды Mainform.pas. файлында жазылады.
Компилятор директивасы {$R *.RES} бағдарламалық файлдың орындалуы
үшін берілгендерден тұратын (мысалы, қосымшаның пиктограммасын сипаттау)
файлдық ресурсты жүктеу үшін тағайындалады. Жұлдызша белгісінің тұруы
ресурс файлының аты жоба файлының атымен дәл келеді, бірақ кеңейткіші .res
болатындығын білдіреді.
Бағдарлама денесі begin сөзінен басталады және end сөзінен
аяқталады. Ол үш жолдан тұрады: бірінші жол қосымшаны инициализациялау
үшін, ал екінші жол Form1 негізгі пішінді құру және оны Application
қосымшасының құрамына қосу, ал соңғы үшінші жол - қосымшаны іске қосу
үшін тағайындалған.
➢ Mainform модульінің бағдарламалық кодын көріп шығыңыздар (сурет 1.9).
Ол үшін құрал – саймандар панельінің View Unit (тізімнен модульді
таңдау) батырмасына басыңыздар.
View Unit (модульдерді көру) терезесі пайда болады. ( Бұл терезені
негізгі менюден View\Units... командасын орындау арқылы немесе Ctrl+F12
пернелерінің комбинациясын басу арқылы шақыруға болады.)
➢ Тізімнен Mainform атын таңдап, OK батырмасына басыңыздар.
Модульдер Object Pascal бағдарламалық тілінде қарастырылған
стандартты конструкциядан тұрады (бөлімдердің тізбегі мен аттары). Жалпы
түрдегі модульдің құрылымы:
Unit модульдің аты;
interface
...
implementation
...
initialization
...
finalization
...
end.

Сурет 1.9 Модульдің бағдарламалық коды
Модульдің тақырыбы Unit қызметші сөзінен тұрады, ол сіздің алдыңызда
модульдің бағдарламалық коды тұр дегенді білдіреді, одан кейін модульдің
аты орналасқан. Модуль онымен негізгі бағдарлама немесе басқа модуль
қолданылуы үшін құрылады (біздің жағдайда модуль TEST.DPR жобасына
қосылған).
Модульдің бағдарламалық коды модульдің тақырыбы мен төрт бөлімнен
тұрады: интерфейс, жүзеге асыру, инициализация және қорытынды бөлім.
Интерфейс бөлімі interfase сөзінен басталады. Бұл бөлімде негізгі
бағдарламаға немесе басқа модульдерге қатынау мүмкіндігі бар модульдің
барлық ауқымды объектілерін жариялау жатыр (типтер, тұрақтылар,
айнымалылар және бағыныңқы бағдарлама) Ол мыналардан тұрады:
а) модульді қосу бөлімі, uses сөзінен басталады. Біз көріп
отырғанымыздай біздің модульімізге бірнеше жүйелі модульдер қосылған,
олардың әрқайсысы белгілі функцияны атқарады;
б) типтерді сипаттау бөлімі, type сөзінен басталады. Оның құрамында
Delphi ортасында құрылған форма типін сипаттау жатыр (TForm1 класы). Бұл
класс құрауыштар типтерінің тізімі мен қандай да бір оқиғаны өңдеу
процедураларының сипатталуынан тұрады. Біздің класс мыналардан тұрады:
TmenuItem типтес меню элементтері N1, N2, ... N8 , олардың екеуі негізгі
менюдің Тест және Помощь элементтері, ал қалған алтауы меню
командаларына сәйкес келеді: Тестирование, Результат, ----, Выход,
О программе және Инструкция. Delphi құрауыштарды пішінге орналастырған
кезде автоматы түрде осы элементтерді бағдарламалық кодқа қосады;
процедураны сипаттау Procedure N5Click(Sender: Tobject);
в) ауқымды айнымалыларды жариялау бөлімі var сөзінен басталады.
Жүзеге асыру бөлімі implementation сөзінен басталады. Ол меню
командасына тышқанмен шерту, қарым – қатынас терезесінің батырмасына басу,
пернетақтадағы пернеге басу және т.б. оқиғаларды өңдеу процедурасының
денесінен тұрады. Сонымен бірге программистің меншік процедурасы мен
функциясының сипаттамасынан тұруы мүмкін, олар өз кезегінде оқиғаны өңдеу
процедурасынан шақырылады.
Нақ осы жағдайда бұл бөлімде біз бір ғана процедурамен жұмыс
істейміз:
procedure TForm1.N5Click(Sender: TObject);
begin
Close;
end;
Бұл процедура меню элементі Выход - қа тышқанмен шерту оқиғасын
өңдейді.
Компилятор директивасы {$R *.DFM}, жүзеге асыру бөлімінің басында
орналасады, ол компиляторға жүзеге асыру бөліміне модульдің атымен сәйкес
келетін .dfm кеңейткіші бар файлда орналасқан пішіннің қасиетінің мәнін
орнататын команданы қою туралы бұйрық береді.
Инициязациялау және қорытындылау бөлімдері міндетті емес.
Инициялизациялау бөлімі модульдің аяғында болады және міндетті
емес. Егер ол бар болса, онда ол initialization сөзінен басталады немесе
begin ... end оператор жақсаларымен аяқталады. Бұл бөлімнің операторлары
негізгі бағдарламаның басқаруына дейін орындалады және оның жұмыс істеуіне
дайындық ретінде қолданылады.
Қорытындылау бөлімі finalization сөзінен басталады және
бағдарламаның аяқталуы кезінде орындалатын операторлардан тұрады.
➢ Тест орындалуы үшін қосымшаның негізгі модульі Tест -тің
бағдарламасына қажетті оқиғаларды өңдейтін процедуларды атап өтіңдер.
Біз жасап отырған қосымша өзіміз қосқан менюі бар негізгі пішіннен
тұрады. О программе меню командасының көмегімен біз анықтама терезі
ретінде тағы бір қосымша пішінді шақыруымыз керек. Дайын шаблонды біз New
Items қарым – қатынас терезесінен таңдап аламыз, ол үшін құрал – саймандар
панельінің New батырмасына басу керек.

Тапсырма 2. Aboutbox пішінінің шаблонының негізінде О программе
(сурет 1.10.) терезесін құру.
➢ File негізгі менюінен New пунктін таңдап алыңыз, осы
пункттің ағымды менюінен Other... таңдаңыз, сонда New Items
қарым - қатынас терезесі пайда болады, Forms вкладкасынан
Aboutbox пішінін таңдаңыз.
Келесі элементтерден тұатын Aboutbox стандартты терезесі пайда
болады:
- графикалық сурет, ол пішінге Additional құрауыштар палитрасының Image
(кескін) батырмасының көмегімен қойылады;
- мәтіндік құрауыштар (TLabel);
- ОК батырмасы.
➢ Aboutbox пішінінің Объект Инспектірінің Caption қасиетіне О программе
терезенің тақырыбын жазыңыздар.
➢ Image құрауышына тышқанмен шерту арқылы активтеңіз.
Суреттің маңайында қара квадраттары бар жақтау пайда болады.
➢ Жақтаудың қара кадраттарын тышқанмен ұстай отырып Image құрауышының
шекарасын қойылатын графикалық объектінің шекарасына дейін өзгертіңіз.
➢ Image құрауышының Объект Инспектірінің Picture қасиетінің үш нүктесі
бар батырмасына шертіңіз.
Picture Editor (Сурет редакторы) терезесінің Load командасын
орындаңыздар.
Load Picture терезесінің Папка: өрісінен 256color каталогқа
өтіңіздер (C:\Program Files\Common Files\Borland Shared\Images\Splash).
Каталог файлының тізімінен SHIPPING.BMP таңдаңыз (қалауларыңа қарай
басқасын таңдауға болады) және Открыть басыңыз.
➢ Picture Editor терезесінің OK батырмасына басу арқылы суретті О
программе пішінінің дайындалып жатқан жақтауына орналастырыңыздар.
➢ Инспектор Объектісін Image құрауышына бейімдеңіз және Stretch
(масштабтау) қасиетіне true параметрін қойыңыз.
Сурет жақтауға толығымен орналасады.

Сурет 1.10 О программе пішінінің терезесі
Пішіндегі барлық мәтіндік құрауыштарды ( TLabel) жойыңыздар. Ол үшін
әрбір құрауышты тышқанмен шерту арқылы белгілеңіз және Delete батырмасына
басыңыз.
➢ Aboutbox пішініне Label құрауышын қосыңыз (Standart палитра құрауышынан
). Оған мәтінді кіргізесіздер.
➢ Label1 құрауышы үшін Объект Инспекторінінің AutoSize қасиетіне false
параметрін орнатыңыз (бұл қасиет Label - дің ұзындығын енгізілген
мәтіннің ұзындығы бойынша алады). Alignment және Layout қасиеттеріне
taCenter, tlCenter параметрлерін орнатыңыздар, ол мәтінді құрауыштың
центрі бойынша орналастыруға қолданылады. WordWrap қасиетіне – True
(сөзді буынға бөлуге рұқсат етіледі).
➢ Caption қасиетіне Программа Тест © Copyrighte by Makeew S. деп
жазыңыздар (өз фамилияңызды көрсетіңіз).
➢ Тышқанның көмегімен Label1 құрауышына қажетті өлшемді беріңіз және оны
терезенің оң жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңыз.
➢ Color қасиетіне фонның түсін орнатыңыз.
➢ Font қасиетінің үш нүктесі бар батырмасына басу арқылы Қаріп қарым –
қатынас терезесін шақырып, қаріптің түсін, өлшемін және түрін
белгілеңіздер.
Әртүрлі қаріпі бар мәтінді енгізу үшін тізбекпен бірнеше Label
қолданылады және әрбіреуі үшін өз қасиеті орналастырылады. Әрбір Label –
ге 256 символ орналастырылады.
➢ Пішіндегі ОК батырмасын активтеңіздер.
➢ Объект Инспектірінің осы батырмасының Caption қасиетін Продолжить деп
өзгертіңіздер.
➢ Осы батырманың О программе терезесінде орналасуы мен өлшемін
өздеріңіз белгілеңіздер.

Тапсырма 3. О программе пішінінің бағдарламалық модульін MainForm
негізгі пішінінің модульіне қосу.
➢ Ағымды терезе ретінде Программа Тест неізгі пішінінің терезесін
алыңыздар (терезенің бос жеріне тышқанмен шерту арқылы немесе 1 – ші
зертханалық жұмыста көрсетілген әдісті қолдану арқылы).
➢ Помощь менюін ашыңыздар және О программе командасына тышқанмен
шертіңіздер.
О программе меню командасына тышқанмен шерткенде өңделетін
процедурасы бар редактор терезесінің бағдарлама коды ашылады.
➢ Тышқанның көрсеткіші жанып - өшіп тұрған жерге мынаны жазыңыздар:
AboutBox.ShowModal;
Бұл команда бағдарламаның орындалуы барысында модальдық режимде
экранға О программе терезесін шығарады.
➢ Құрылған модульді сақтаңыздар: құрал – саймандар панельінің Save All
батырмасына басыңыздар; модульді сақтау терезесінің Имя файла өрісіне
about_x деп жазып, Сохранить батырмасына басыңыздар, ал жоба мен
қалған модульдер автоматты түрде сақталады.
➢ Toggle FormUnit батырмасына тышқанмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi-де математикалық есептеуге арналған бағдарлама құру
«Жұлдызнамалық күнтізбе» бағдарламасын құру
Delphi бағдарламалау тілі
«Тест» қосымшасын құру»
«Айналатын жұлдыз бағдарламасын» құру
Жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда ком-пьютерді пайдаланудың алғышарттары
Delphi бағдарламасын қолданып мәтіндік редакторын құру және онымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсететін бағдарлама құру
Мектеп ақпараттық жүйесін құру
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
Delphi-де тест бағдарламасын құру
Пәндер