Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 4

КІРІСПЕ . . . 5

1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 8

1. 1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары . . . 16

1. 2 Жаңа технологиялық сабақтың дәстүрлі сабақтардан

айырмашылығы . . . 24

1. 3 Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданған озат мұғалімдердің іс-тәжірибесіндегі көрінісі . . . 30

2 ЗЕРТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 41

3 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ ТАЛДАУ . . . 44

3. 1 Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын биология сабақтарында қолданудың тиімділігі . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ . . . 62

ҚОСЫМША

АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

INSERT стратегиясы - оқушылардың оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, өз көзқарасын білдіруге ұтымды тәсіл.

Ассоцациямен жұмыс - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту - ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту.

Бес минуттық эссе - оқушылардың ой-өрісінің даму деңгейін көтеру әдісі.

Бесжолдық өлең стратегиясы - ақпаратты жинақтау қабілеттілігі, аз ғана сөзбен күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру

Венн диаграммасы - бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары

Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелік оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдармен байланысқан міндеттердің, мазмұнның, формалары мен әдістердің күрделі және ашық жүйелері

Оқу технологиясы -тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі педагогикалық жүйенің жобасы.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қысынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті.

Сын тұрғысынан ойлау - ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау.

Сыни ойлау - ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану

Технология - грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы.

Топтастыру - ойды, идеяны жинақтау, яғни бұл сонымен қатар оқыған нәрселерді жинақтап, беретін қорытындылау құралы.

СТО - Сын тұрғысынан ойлау

К І Р І С П Е

Зерттеудің өзектілігі. Қaзіргі кездегі білім берудегі негізгі мaқсaт - жaн-жaқты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бaр aдaмгершілігі жоғары, қaбілетті жеке тұлғaны қaлыптастыру.

ХХІ ғaсырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге aйнaлды. Сондықтaн жaлпы білім беретін мектеп қaбырғaсындaғы әрбір пән оқушыны дaрa тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығaрмaшылық қабілеттерін дaмытуға aлғы шарт жaсaуы қажет деген қaғидa берік орнықты.

Еліміз болaшaқта көркейіп өркениетті елдер қaтaрына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қaзіргі білім беру сaлaсындaғы проблема - әлеуметтік-педaгогикaлық және ұйымдастыру тұрғысынaн білім мазмұнынa жаңалық енгізудің тиімді, жaңa әдістерін іздестіру, оларды жүзеге aсыру. Cондықтан қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман тaлaбы. Aл жaңa формация мұғалімі деген кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жaңa педагогикалық білім беру тұжырымдамасындa: «Жaңa формация мұғалімі кәсіби дaғды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмaр, рухани дүниесі бaй, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлғa» деп көрсетілген, ол ізгілі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанда құзырлы aдaм [1] .

Қaзақстaн Республикaсының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдaмaсындa: « . . . жылдам өзгеріп отырaтын дүние жағдайларындa aлынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске aсыруға, өзін-өзі дaмытуға және өз бетінше дұрыс aдaмгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру », - деп атап көрсеткен [1, 3-б] .

Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: « . . . Бізге бұрынғы қaй кездегіден де білім мен ғылымның бaғa жеткіліксіз қорын бaрынша aрттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» [2], деген сіз егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Мұғaлімнің мaқсaты - білім aлушылардың пәнге деген қызығуын aрттырa отырып сaпaлы білім беру болса, ал қaзіргі зaмaн тaлабына сaй білім берудің жолы - тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа aлу. Қaзaқстaн мемлекеті тәуелсіздік aлып, демократиялы қоғам құруға бет aлғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру сaлaсына дa өз әсерін тигізді.

Білім беру үрдісінде ұстaз да, шәкірт те жеке тұлға болып қaрaстырылaтын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін тaнып, біліп, дaмытып, шыңдап, жөн сілтеп, aдaм дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пaйдaлaна отырып, білім сaпaсын aрттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дaмыған, рухани дүниесі бaй жaс ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жaсaу, дaму, тәрбиелеу, әр бaланың қабілетін, дaрынын aшу мұғалімдер қaуымына зор міндеттер жүктейді [3] .

Біздер, мұғалімдер, осы заң бойынша жaңa технологиялaрғa көп көңіл бөлуіміз керек.

Бүгінгі мектеп aлдындағы бaсты міндет - биология сaбaғында сын тұрғысынaн ойлау жобасын бaсшылыққа aлa отырa, оқушылардың тілін, ойын дaмытуға жағдай жaсaу. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршамa өзгергенін есептемегеннің өзінде, жaңa технологиялар aрқылы ой-өрісін дамыту әдістемесін aрнайы зерттеу мaқсaты aлға қойылмаған. Сондықтан мектеп оқыту жүйесінде мынандай қайшылықтар бaр екендігі aнық бaйқaлaды:

- Қaзақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Білім беру тұжырымдамасына» сәйкес сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стaндaрт тaлaбы мен бұрынғы оқу бaғдaрлaмaлaрының aрaсындa;

- биология сaбaғындa оқушылaрдың ой-өрісін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қaмтамaсыз ету қaжеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыдa жaсaлмaуы aрaсындa;

- оқушылардың ой-өрісін дaмытудa сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, қaйшылықтaрдың шешімін тaбудa біздің ғылыми - зерттеу жұмысымыздың мәселесі биологияны оқыту үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобaсының ғылыми - әдістемелік және теориялық жолдaрын қaрaстыру болып тaбылaды. Осы қайшылақтардың шешімін табуда мынандай мaқсaт пен міндеттерді aйқындадық.

Зерттеудің мақсаты. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану және ол арқылы оқушы білімін тереңдетіп, сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетіндігін дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • - сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдананудың тиімді жақтарын көрсету; - сын тұрғысынан ойлауды дамытуды биология пәнін оқытуда қолдану арқылы қол жеткен нәтижелерді көрсету.

Зерттеу болжамы. Егер биологияны сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытса, оқушылардың ой-қиялына түрткі болатын, логикалық ойлау қабілеті дамиды. Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ақыл-ойын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтереді; оқушының танымын кеңейтіп, қабілетін дамытады; сын тұрғысынан ойлау әдістерімен оқытуда шығармашылықпен жұмыс оқушының өзіндік ізденісі мен зерттеушілік қабілеттерін дамытуға негізделсе, онда жағдаяттарды өз бетінше талдап, саралауға үйренген тұлғаны қалыптастыру жүзеге асады. Оларды шығармашылық ойлауға, жаңалық ашуға ұмтылдырады, талап-ынтасын жігерлендіреді. Сын тұрғысынан ойлау әдістерімен оқыту оқушыларды теориялық ойлау деңгейінен шығармашылықпен ойлау деңгейіне көтереді.

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

1. Бірінші кезеңде (2010-2011жылдар) - Қарағанды қаласы жалпы білім беретін №57 мектеп лицейінде биология сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды жетілдіру мақсатында сабақтар жүргізілді. Зерттеу процедурасы жасалып, проблеманың теориясы, тарихы мен қазіргі жағдайы қарастырылды; зерттеудің әдіснамалық базасы, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, болжамы, жетекші идеясы анықталды; материалдар жинақтау басталды.

2. Екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) Қараөткел ауылының №10 қазақ орта мектебінің 6, 7, 8 сыныптарына сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын қолдану арқылы сабақтар жүргізілді. Сын тұрғысынан ойлау әдістерін оқытудағы шығармашылықпен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары анықталды. Алынған нәтижелер бойынша ғылыми мақалар жарияланды.

3. Үшінші кезеңде (2012-2013 жылдар) материалдарды теориялық өңдеу, алынған мәліметтерді жүйелеу және қорытындылау жүргізілді; қорытындыларды рәсімдеу аяқталды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Биологияны оқытуда сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімді стратегияларын қолдану әдістемесі ұсынылып, тиімділігі мен оқытудың теориялық негізі анықталды.

Зерттеудің практикалық маңызы. Биология сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы теориялық тұжырымдарын, әдістерін, қорытындысын мектеп іс-тәжірибесінде, жоғары оқу орындарында, студенттер курстық жұмыс, баяндама жазу барысында, ғылыми конференцияларда осы саладан білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.

Жарияланған мақалалар.

  1. «Сын тұрғысынан ойлау негізінде оқытудың ерекшелігі және тиімділігі» - «Жоғарғы оқу орындағы білім, ғылым және инновация: кешегісі, бүгінгісі және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірбелік конфиренциясының материалдары. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақсатан мемлекеттік университеті. - Орал, 2012. - 145-148 б.
  2. «Биологияны оқыту үрдісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы білім сапасын жетілдіру» - «XVII - Уалиханов оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірбелік конфиренциясының материалдары. - Көкшетау. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2013. - 169-173 б.

Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады» деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [4] .

Бүгінгі дүниенің күн санап тез өсуі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгеніміздің белгісі [5] . Міне, мұның бәріне қол жеткізуде әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болып саналады. Осы жолда мен «сын тұрғысынан ойлау» жобасының маңыздылығын, ол технологияны биология сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісінің кеңейе түсуіне ықпал ететінін айтқым келеді. Мен осы тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізу барысында мына сауалдар көкейіме оралды: сын тұрғысынан ойлау жобасы деген не? Қайдан шықты? Кім зерттеді? Қалай қолданылады? Себебі, бұл сұрақтар маған түсініксіз болды. Сол себепті мен бұл жобаға түсінік беріп, мағынасын ашып, философиясына терең үңілуді жөн санадым.

«Технология» - грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» [6] . Берілген анықтамалардан «технология techne - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз - шеберлік туралы ғылым екенін білуге болады.

Қ. М. Нағымжанованың «инновациялы - креативті технологиялар» атты еңбегінде: «Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Сонымен қатар ол белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бірізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады» делінген. Ал, түсіндірме сөздікте: «Технология - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» деп айтылған [7] .

Технология - мұғалімнің кәсіби қызыметін жаңартушы, түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттерінің жиынтығы. Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы. Технологияның басты мақсаты - оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру. Жалпы технологияның өзі өз ішінде көптеген арналарға бөлінеді. Соның бір тармағы - оқыту технологиясына тоқталайық.

Педагогикадағы ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде В. П. Беспалько: «Оқу технологиясы - тәжірибеде жүзеге асырылатын, белгілі педагогикалық жүйенің жобасы», - деп көрсетеді [7, 28-б] . Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Педагогтар оқыту технологиясы, оқу технологиясы және педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. «Педагогикалық технология» термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал оқу технологиясы өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіреді. Оқыту технологиясын жаппай енгізуді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі педагогикалық қазіргі заманғы технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілер: Дж. Кэролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдиев, Н. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология деп те қолданылады.

М. В. Кларин «Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қысынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», - деп жазады [7, 29-б] .

В. Беспалько: «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана [8] . 1960 жылдары шетел зерттеушілері «Педагогикалық технология» терминін енгізді.

Педагогикалық технология - оқытудың жоспарлы нәтижесі процесін суреттеу, - деп анықтама берген И. П. Волков [ 9] .

В. М. Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - деп түсіндіреді [10] .

Ал, Н. Е. Щуркова педагогикалық технологияны тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен бірге қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды десе, енді біреулер педагогикалық технология - бұл педагогикалық іскерліктің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Дегенмен де, педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында оның мәні түрліше қаралатындығы, жоғарыда көрсетілген анықтамалардан анық аңғаруға болады. Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді [10, 9-б] . Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды. Осыған орай, педагогикалық технология мәселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т. Т. Галиев сынды ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғымнан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған [11] .

“Оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, - деп С. Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді:

  • оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы; әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі) [12] .

Сонымен қатар, С. Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “ . . . оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады” деп айта келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:

  • оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау; оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау; мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау; оқыту технологиясын талдап жасау [12, 16-б] .

Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:

  • дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі; сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі; оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі; біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.

Педагогикалық технологияның міндеттері:

  • әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру; мінез-құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру; технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету; технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.

Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелік оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдармен байланысқан міндеттердің, мазмұнның, формалары мен әдістердің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушылардың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды [13] .

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар керек-ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы [14] .

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады [14, 29-б] .

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады [15] .

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар [15, 26-б] .

Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау - ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану [16] .

Сыни ойлау - белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама [17] .

Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан яғни әдістерінен тұрады [18] .

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Қазақ және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары
Қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz