Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
Кіріспе
1. Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
1.1. Андреа Чезальпиноның системасы (1549.1603).
1.2.Линнейдің системасы
1.3.Каспар Баугин (Боэн, 1560.1624) өсімдік түрлеріне сипаттамасы
1.4.Бернар Жюссье (1697.1777) Антуан Жюссьенің (1748.1838) табиғи системаны
2. Жалпы өсімдіктер системасын түзу және оның негізгі принциптерін айқындалуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Біздің уақытымызға өсімдіктер классификациясының біршама кейіндеу ертедегі грек мәдениетінің өркендеп тұрған уақыты мен рим үстемдігі тұсында жасалған үлгілері келіп жеткен.
Аристотельдің (біздің эрамызға дейінгі 384-322 ж.) еңбектері арқылы көне грек ғылымы үлкен биікке көтеріліп, тамаша жетістіктерге жеткен. Ол жануарлардың классификациясын құрған, сөйтіп зоологиялық систематиканың негізін қалаған. Ғылымның бұл саласында Аристотельдің мызғымас беделі ұзақ уақыттар бойы сақталған. Аристотельдің ботаникалық еңбектері өкінішке орай жоғалып кеткен. Бірақ кейбір еңбектерінен оның ботаникамен де байланыстығын айқын аңғаруға болады.
Аристотельдің жақын досы, әрі шәкірті Теофраст (біздің эрамызға дейін 370- 285 ж.) болған. Ол өзінің ұстазы секілді ғылымның әртүрлі сатасынан хабардар дарынды оқымысты болған жэне өсімдіктерді зерттеумен де айналысқан. Оның ботаникалық еңбектерінің маңызының зор болғандығы сонша, тіптен XVII ғ. дейінгі ботаниктердің көзқарасына әсері үлкен болған, сондықтанда Теофрасгы біздің уақытымызға дейін "ботаниканың атасы" деп орынды айтады. Ботаниканың жалпы мәселелері оның назарынан тыс қалмаған, ең алдымен өсімдіктер құрылысының өзіндік ерекшеліктері мен тіршілік атқаратын жағдайына және қызыметтеріне ылғида айрықша мән беріп отырған. Ол өсімдіктердің классификациясын қажеттілігін жақсы түсінген. Теофраст бойынша "барлық өсімдіктерді дерлік немесе олардың көпшілігін қамтитын ең негізгі түрлерге ағаштар, бұталар, жартылай бұталар және шөптесін өсімдіктер" жатады*. Аталған флораның құрамынан ол мәңгі жасыл және түспелі жапырақты өсімдіктерді, ал су флорасынан - тұщы су және теңіз өсімдіктерін бөлген. Теофраст өзінің зерттеулерін өсімдіктердің практикада қолдануымен тығыз байланыстыра отырып жүргізген.
Өсімдіктерді зерттеудің одан әрі бағыты, олардың практикада қолданылуы тұрғысынан өрбіген жөне ол ұзақ уақыттар бойы бірінші орында тұрған. Бұл жөнінде Рим оқымыстысы Плиний Старшийдің (23-79 кітаптарында ) еңбектерінде толық айтылады.
Саяхатта көп жүрген және өсімдіктерді тікелей өзінің зерттеуі арқылы ажырата білетін, арғы тегі грек, Римдегі танымал дәрігер- практик Диоскоридтің (біздің э.д. 1 ғасырда өмір сүрген) "емдік дөрілер" ("О лекарственных средствах") атты еңбегінде 500-ден астам өсімдік түрлерінің сипаттамасы, өсетін жерлері және таралуы жөніндегі мәліметтер берілген. Диоскорид өзінің замандастарының арасында ғана емес, сонымен бірге ол орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі ботаниктердің арасында да үлкен беделге ие болған. Бірақта Диоскоридтің еңбектері өсімдіктер классификациясының принциптік негіздерін жасауға айтарлықтай үлес қоспаған.
Біздің эрамыздың алғашқы ғасырлары мен орта ғасырдың бүткіл кезеңінде дерлік, оның ішінде араб мәдениетінің шарықтап өсіп тұрған уақытында ботаника көптеген, әсіресе дәрілік өсімдіктер туралы жаңа мәліметтермен толықтырылған. Бірақ өсімдіктер туралы зерттеулерді жан-жақты талдап қорытындылаған кездердің өзінде де, оларды классификациялау мәселесі еш уақытта сөз болмаған. Бұл мәселе жоғарыда айтылғандай тек Теофрастың еңбектерінде ғана көрініс тапқан.

1. А.В.Яблоков, А.Г.Юсуфов. Эволюционное учение. М; «ВШ» 1989г.
2. Дарвин Ч. Путешествие натуралиста вокруг света. Соч. т. 1, М-Л.,
3. Тимирязев К.А. Исторический метод в биологии. Избр. Соч., 1949г.
4. Тимирязов К.А. Чарлз Дарвин және оның ілімі. Қазақ мемлекеттік баспасы., Алматы 1959ж.
5. Лункевич В.В. От героклита до Дарвина, Изд. СССР. 1940г.
6. Энгельс Ф. Диалектика природы. М. 1964г.
7. Правдин Ф.Н. Дарвинизм. «Мектеп баспасы». Алматы – 1973 ж.

Мазмұны
Кіріспе
1. Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
1.1. Андреа Чезальпиноның системасы (1549-1603).
1.2.Линнейдің системасы
1.3.Каспар Баугин (Боэн, 1560-1624) өсімдік түрлеріне сипаттамасы
1.4.Бернар Жюссье (1697-1777) Антуан Жюссьенің (1748-1838) табиғи
системаны
2. Жалпы өсімдіктер системасын түзу және оның негізгі принциптерін
айқындалуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Біздің уақытымызға өсімдіктер классификациясының біршама кейіндеу
ертедегі грек мәдениетінің өркендеп тұрған уақыты мен рим үстемдігі тұсында
жасалған үлгілері келіп жеткен.
Аристотельдің (біздің эрамызға дейінгі 384-322 ж.) еңбектері арқылы көне
грек ғылымы үлкен биікке көтеріліп, тамаша жетістіктерге жеткен. Ол
жануарлардың классификациясын құрған, сөйтіп зоологиялық систематиканың
негізін қалаған. Ғылымның бұл саласында Аристотельдің мызғымас беделі ұзақ
уақыттар бойы сақталған. Аристотельдің ботаникалық еңбектері өкінішке орай
жоғалып кеткен. Бірақ кейбір еңбектерінен оның ботаникамен де байланыстығын
айқын аңғаруға болады.
Аристотельдің жақын досы, әрі шәкірті Теофраст (біздің эрамызға дейін
370- 285 ж.) болған. Ол өзінің ұстазы секілді ғылымның әртүрлі сатасынан
хабардар дарынды оқымысты болған жэне өсімдіктерді зерттеумен де
айналысқан. Оның ботаникалық еңбектерінің маңызының зор болғандығы сонша,
тіптен XVII ғ. дейінгі ботаниктердің көзқарасына әсері үлкен болған,
сондықтанда Теофрасгы біздің уақытымызға дейін "ботаниканың атасы" деп
орынды айтады. Ботаниканың жалпы мәселелері оның назарынан тыс қалмаған, ең
алдымен өсімдіктер құрылысының өзіндік ерекшеліктері мен тіршілік атқаратын
жағдайына және қызыметтеріне ылғида айрықша мән беріп отырған. Ол
өсімдіктердің классификациясын қажеттілігін жақсы түсінген. Теофраст
бойынша "барлық өсімдіктерді дерлік немесе олардың көпшілігін қамтитын ең
негізгі түрлерге ағаштар, бұталар, жартылай бұталар және шөптесін
өсімдіктер" жатады*. Аталған флораның құрамынан ол мәңгі жасыл және түспелі
жапырақты өсімдіктерді, ал су флорасынан - тұщы су және теңіз өсімдіктерін
бөлген. Теофраст өзінің зерттеулерін өсімдіктердің практикада қолдануымен
тығыз байланыстыра отырып жүргізген.
Өсімдіктерді зерттеудің одан әрі бағыты, олардың практикада қолданылуы
тұрғысынан өрбіген жөне ол ұзақ уақыттар бойы бірінші орында тұрған. Бұл
жөнінде Рим оқымыстысы Плиний Старшийдің (23-79 кітаптарында[1])
еңбектерінде толық айтылады.
Саяхатта көп жүрген және өсімдіктерді тікелей өзінің зерттеуі арқылы
ажырата білетін, арғы тегі грек, Римдегі танымал дәрігер- практик
Диоскоридтің (біздің э.д. 1 ғасырда өмір сүрген) "емдік дөрілер" ("О
лекарственных средствах") атты еңбегінде 500-ден астам өсімдік түрлерінің
сипаттамасы, өсетін жерлері және таралуы жөніндегі мәліметтер берілген.
Диоскорид өзінің замандастарының арасында ғана емес, сонымен бірге ол орта
ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі ботаниктердің арасында да үлкен
беделге ие болған. Бірақта Диоскоридтің еңбектері өсімдіктер
классификациясының принциптік негіздерін жасауға айтарлықтай үлес қоспаған.
Біздің эрамыздың алғашқы ғасырлары мен орта ғасырдың бүткіл кезеңінде
дерлік, оның ішінде араб мәдениетінің шарықтап өсіп тұрған уақытында
ботаника көптеген, әсіресе дәрілік өсімдіктер туралы жаңа мәліметтермен
толықтырылған. Бірақ өсімдіктер туралы зерттеулерді жан-жақты талдап
қорытындылаған кездердің өзінде де, оларды классификациялау мәселесі еш
уақытта сөз болмаған. Бұл мәселе жоғарыда айтылғандай тек Теофрастың
еңбектерінде ғана көрініс тапқан.
1. Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі XV ғасырдың аяғында басталған. Осы
кездерде Италияның гуманистері өздерін қоршаған ортадан ертедегі ботаниктер
сипаттап жазған өсімдіктерді іздестіре бастаған. Бұл қозғалыс XVI ғасырда
Альпа тауларының солтүстік жағында өзінің жалғасын тапқан. Европада кітапты
басып шығаруды ойлап табу (XV*-.) мен ағаштан ойып түрлі бұйымдар жасау
өнерінің дамуына байланысты (гравюра) ботаниктердің арасында өсімдіктер
туралы мәліметтермен алмасудың мүмкіндігі туды. Өсімдіктердің сыртқы
кескінін сипаттаған "шөптесін емдеушілер" деген атпен көптеген толық
жинақтар жазылып жарық көре бастаған. Мұның барлығы өсімдіктердің ғылымға
белгілі формалары санының күрт артуына әкеліп соқтырған. Бұлардан басқа XV
ғасырдың аяғымен XVI ғасырдың басында ұйымдастырылған үлкен саяхаттар
Европадағы бұрын белгісіз, аса таң қаларлықтай мәліметтер берген. Басқа
жақтың өсімдіктерін, өсіресе олардың қандайда бір пайдалы қасиеттері
барларын арнайы ботаникалық бақтарда өсіре бастанан. Ең алғашқы ботаникалық
бақ Салеркода (Италия) 1309 ж., ал екіншісі (сальшған уақытына қарай)
ІЗЗЗж. Венецияда салынған. Олардың дәрілік жөне қош иісті өсімдіктер
өсіретін монастырдың айналасына салынған бақтардан көп айырмасы болмаған.
Кейіндеу ботаникалық бақтардың алдында жергілікті және сырттан өкелінген
өсімдіктерді мәдени жағдайда өсіру, оларды сипаттап жазу жөне
классификациялау арқылы флораны зерттеу мәселесі тұрды. Ботаникалық
бақтардың мұндай типтері тек XVI ғ. ғана пайда бола бастаған. Олардың
ішінде Падуе мен (1525) Пизеде (1544) салынған Италияның ботаникалық
бақтары белгілі. Ресейде дәрілік өсімдіктерді өсіруге арналған аптекарлық
бақтар XVII ғ. бірінші жартысында салына бастаған. XVIII ғасырдың басында
олардың саны күрт өскен. Москвада 1706 ж. салынған аптекарлық бақша XIX
ғасырдың басында (1805 ж.) Москва университетінің ботаникалық бағына
айналдырылған. Сол сияқты Петербургте салынған 1714 ж. Аптекарлық бақша
1823 ж. Ботаникалық баққа айналдырылған. Қазіргі кезде бұл Ботаникалық бақ
дүние жүзіндегі ең ірі ботаникалық мекемелердің біріне жататын Ресей ұлттық
ғылыми Академиясының В.Л.Комаров атындағы Ботаникалық институтына қарайды.
XV ғасырдың ортасында өсімдіктердің коллекциясын - гербарийді
құрастырудың негізі каланды. Ал, бұл өсімдіктер систематикасының дамуына
мүмкіндік тудырды. Бұл бастаманы көтергендер Пизан ботаникалық бағының
бірінші директоры Луку Гини жөне оның оқушылары Альдрованди мен Чезальпино
болған.
Ботаникалық бақтардың, гербарийлердің жөне шөппен емдеушілердің,
өсімдіктердің алуан түрлілігін танып білуге қосқан үлестері үлкен-ақ.
Өсімдіктердің гербарийдік үлгідерінің немесе олардың ең болмағанда
суреттерінің болуы, салыстыру арқылы өсімдіктің бұрыннан ғылымға белгілі
немесе оның ешкім сипаттап жазбаған жаңа өсімдік екендігін анықтауға көп
көмегі болған. Бірақ жинақталған материалдарды пайдалану үшін оларды жүйеге
келтіріп белгілі бір реттілікпен орналастыру қажет болған. Осы мақсатта
өсімдіктердің аттарын алфавит бойынша келтіруге тырысқан, бірақ ол
қанағаттандырарлық нәтиже бермеген. Айта кеткен жөн бұл системаны шөппен
емдеушілер (травниктер) жиі пайдаланған. Ертедегі табиғат зерттеушілері
пайдаланған өсімдіктерді "практикалық қолданылуы" тұрғысынан жасалған
система да ("утилитарные системы") оншалықты қолайлы бола қоймаған.
Шын мәнісінде XVI ғасырдан бастап шамамен XVIII ғасырдың бірінші
жартысына дейін көптеген материалдардың жинақталып қалуына байланысты
өсімдіктер жүйесін құру ботаниканың алдындағы кезек күттірмейтін, ең басты
міндет екендігін көрсетті. Сол кездегі ең беделді оқымыстылардың бірі,
Лейден медиті және табиғат зерттеушісі Боэргав (1688-1738), XVIII- ғасырдың
басында ботаниканы табиғат тану ғылымының бір саласы ретінде кдрастырып,
"сол арқылы өсімдіктердің аттарын оңай айыруға және есте ұстауға болады"
деп жазды.
1. Андреа Чезальпиноның системасы (1549-1603).
Өсімдіктер системасын жасау жөніндегі алғашқы кездердегі талпыныстардың
ең көрнектілеріне Италия ботанигі Андреа Чезальпиноның системасы жатады
(1549-1603).
Чезальпино "XVI ғасырдың Аристотелі" деген ардақты атаққа лайық деңгейге
көтерілген. Өйткені Чезальпиноның көзқарасының кеңдігі мен тереңдігі және
табиғатты түсініп үғынудағы талпынысының биіктігі, оған Аристотельдің
деңгейінен көрінуге мүмкіндік берген. Өсімдіктер туралы шығармасында (1583)
ол өсімдіктерге тұтастай тірі организм тұрғысынан қараған (1 кітап) және
олардың 1500-дей түрін сипаттап жазған. Чезальпино осы өсімдіктердің
жартысына жуығын өзі жинап, көптеген жаңа түрлерді ашкан.
Чезальпино өсімдіктерді дәстүрлі сүректенуші (ағаштар мен бүталар) және
шөптесін өсімдіктерге (жартылай бүталар мен шөптесін өсімдіктер) белген. Ол
классификациялау үшін бір-біріне бағынышты бөлімдер системасының қажет
екендігін жақсы түсінген жөне ғылымға озі ендірген үқсастық деген ұғым
туралы былай дейді: "Табиғаттың заңы бойынша ұқсастан әрқашанда сол түрдің
озіне жататын ұқсас туады". Түр туралы ілімнің дамуына байланысты бұл
пікірге табиғат зерттеушілері кейіндеу сан рет оралады. Өсімдіктер
классификациясы жөніндегі Чезальпино еңбегінің негізгі маңызы сол, ол
өсімдіктің өзінің, яғни зерттелетін объектілердің, белгшеріне сүйенудің
қажеттігін айтқан. Өйткені Чезальпиноның түсінігінде өсімдік үшін оның
адамға қандайда бір қажеттілігін көрсететін белгілерден гөрі, осы
өсімдіктің тікелей өзіне тән белгілердің маңызы ересен зор. Өсімдік
организмдеріне тән қасиеттерден Чезальпино ең маңыздыларын бөліп көрсетуге
талпынған жөне бүл мөселеге өсімдіктер туралы өзінің көзқарасы тұрғысынан
қараған. Оның пікірінше өсімдік өзінің дербес дамуын жөне туыс ретінде өмір
сүруін өзі қамтамасыз етуге тиісті. Оның біріншісі негізінен тамырдан
келетін қорек арқылы, ал екіншісі - сабақта түзілетін жемістер мен тұқымдар
арқылы жүзеге асады. Тұқымның түзілуі бір жағынан өсімдіктің дербес
дамуының соңы, ал екінші жағынан жаңа дамудың басы болып табылады.
Сондықтанда Чезальпино классификация құруда тұқым түзілетін жемістің
құрылысы мен тұқымның өзін негіз етіп алған. Ол жемістің құрылысына, тұқым
ұясының және ондағы тұқымның санына қарай өсімдіктерді 14 класқа болген;
біршама ұсақ топтарды бөлгенде олардағы гүл құрылысының ерекшеліктерін
ескерген. Чезальпиноның системасында 15 класс ерекше орын алады, оған
мүктер, папоротниктер, қырықбуындар, балдырлар, саңырауқұлақтар және
кораллдар жатқызылған. 15-ші класстың өсімдіктерін Чезальпино ең нашар
жетілген, өсімдіктер дүниесі мен өлі табиғаттың арасын жалғастыратын аралық
топ ретінде қарастырады.
Чезальпиноның системасында кейбір табиғи топтардында бар екенін көреміз.
Мысалы, 11 класқа айлаулықтар (бурачниковые) және тау қалақайлар
(яснотковые) тұқымдастары біріктірілген, бұларды қазіргі кезде де
жақындастыратын систематиктер бар, 10 класқа астралар тұқымдасы
жатқызылған. Дегенмен де белгілердің өзгергіштігіне негізделген (жемістің,
кейде гүлдің) бұл система жалпы алғанда жасанды система еді. Сондықтанда
кластардың көпшілігіне бір-бірінен айқын айырмасы бар өсімдіктер
топтастырылған.
Дей тұрғанмен де Чезальпиноның системасы, қазіргі кездегі көзқараспен
қарағанда жеткілікті деңгейде болмағанымен, систематиканың даму сатысындағы
ең маңызды кезең болған. Ол Теофрастьщ классификациясы секілді өсімдіктің
табиғатын жан-жақгы зерттеудің негізінде құрастырылған және өсімдіктер
системасын құрудың тәсілдерін іздестірудегі ұзақ кезеңге жол ашты. Онсыз
жинақталған материалдардың аса көптігіне байланысты өсімдіктердің алуан
түрлілігіне дүрыс көз жеткізу мүмкін емес еді.
2. Линнейдің системасы
Швед ғалымы Линнейге (1707-1778) дейін формаларды ажырату мағынасында
өсімдіктер дүниесінің ғылыми, өрі қолайлы системасын құрудағы әрекеттердің
барлығы да өздерінің мақсатына жете алған жоқ. Бұл мақсатты Линней сол
кездегі ғылым деңгейіне сай орындап шыкқандықтан да ол "систематиканың
атасы" деген атаққа лайық деп танылған.
Теофраст, Турнефор сияқты өсімдіктерді ағаштарға, бұталарға жөне
шөптерге бөлуден бас тартып оларды классификациялауда Линней негізгі
систематикштық белгі ретінде кебею органына үлкен мән берген.
Камерариустың өсімдіктер жынысы туралы ілімінің негізінде Линней 1735
жылы шыкқан "Табиғат системасы" деген еңбегінде озінің атақгы
"Өсімдіктердің жыныстық системасын" жариялайды. Системада гүлдің аталықтары
мен аналықтарының санына, мөлшеріне және орналасуына қарай, сонымен қатар
жемістердің құрылысындағы ерекшеліктерді ескере отырып есімдіктер дүниесі
24 класқа төмендегідей топтастырылған: І-Х кластарға аталықтарының саны 1-
ден 10-ға дейінгі өсімдіктер; XI класқа аталықтарының саны 12-ден 19-ға
дейінгі өсімдіктер; XII класқа аталықтары 20 және оданда көбірек,
тостағаншаға бекіген өсімдіктер; XIII класқа аталықтары кеп, гүлтабанына
бекіген есімдіктер XIV, XV кластарға аталық жіпшелерінің ұзындығы әртүрлі
өсімдіктер; XVI-XX кластарға аталықтары өзара және аналықпен әртүрлі
деңгейде ұласқан өсімдіктер; XXI- XXIII кластарға бір, екі жөне көп үйлі
өсімдіктер; XXIV класқа гүлді ("айқын некелі") өсімдіктерге қарама-қарсы
споралы ("құпия некелі") өсімдіктер. Соңғы класта балдырлар,
саңырауқұлақгар, қыналар, мүк төрізділер, папоротник тәрізділер
керсетілген.
Бұл жерде Линнейдің XIV кластан бастап өсімдіктерді аталықтарының санына
қарай топтастыру принципінен бас тартқанын байқауға болады. Системадағы
кластар аналықтардың санына, аталықтардың орналасуына, ұласуына жөне
жемістердің құрылысына қарай 116 қатарларға бөлінген, ал қатарлар 1000-нан
астам туыстарға, туыстар 10000-ға жуық түрлерге бөлінген. Осы кезде
қолданыстағы негізгі систематикалық таксондардың бірі- тұқымдасқа
өсімдіктер өлі де топтастырыла қойған жоқ еді.
Линнейдің системасы қолдануда аса ыңғайлы болып шықты, өйткені әрбір
өсімдіктің атын және системадағы орнын оңай-ақ табуға мүмкін болды. Сонымен
өсімдіктерді классификациялау проблемасы олардың алуантүрлілігін танып
білуді жеңілдету тұрғысынан ғана қанағаттандырарлықтай шешімін тапты.
Линней системасының табысты болуына оның қарапайымдылығымен қатар автордың
өсімдіктерді сипаттап жазуда және оларды атауда белгілі бір жүйелі төсілге
сүйенуі мүмкіндік берген. Линнейден бұрын өсімдіктің сипаттамасы көбінесе
осыған дейін белгілі болған өсімдікпен салыстырмалы түрде берілетін еді.
Мысалы, олеандр жапырақгары лаврдың жапырақгарына ұқсас, гүлдері раушанның
гүддеріне үқсас өсімдік түрінде сипатталған. Мүндай сипаттамалар бойынша
көп жағдайда өсімдіктің сырт кескінін көзге елестету қиынға соққан. Ал
Линней пайдаланған сипаттамада өсімдіктің әрбір органы белгілі бір мәні бар
нақты термиңдермен берілген. Мысалы, "көп жылдық өсімдік, кіндік тамырлы,
тік сабақгы, жапырақгары қондырмалы, сопақша, гүлдері шоқпарбас гүлшоғында,
сары түсті, дүрыс".[2] Линней бүрынғы ботаниктерге белгілі біраз
терминдерді пайдалана отырып жөне өзі ойлап тауып ботаникаға 1000-ға жуық
терминдер енгізген.
Линней ғылымға - бинарлық номенклатура ендірген, бұл сөз жоқ аса күнды
жаңалық болып табылды және күні бүгінге дейін биологияда ойдағыдай
қолданылып келеді. Бинарлық атаудың мәні мынада, әрбір өсімдікке латын
тілінде екі сөзден тұратын ат беріледі, оның біріншісі туыстың атын, ал
екіншісі осы туысқа жататын түрдің атын көрсетеді, мысалы қара алқа
(Зоіапит пі§ег), түйнекті фломис (Рһіотіз ІиЬегоза), ірігүлді жыланбас
(Вгасосерһаіиш §гапсііЯогит), альпі астрасы (Азіег аіріпиз).
Линнейдің жасанды системасы кездейсоқ алынған аздаған белгілерге
негізделгеңдіктен өсімдіктердің арасындағы жақындықты, туыстықты айқын
көрсете алған жоқ. Мысалы, II класқа осы кезде әртүрлі тұқымдастарға
жататын тал (талдар түқымдасы), сирень (зайтундар түқымдасы), шалфей
(ерінгүлділер түқымдасы), бөденешөп (сабынкөктер тұқымдасы), жұпарбас
(қоңырбастар, немесе злактар түқымдасы) сияқты екі аталықты өсімдіктер
топтастырылған. Ал, бұған керісінше аталықтарының саны әртүрлі бір
тұқымдастың өкілдері бірнеше кластарға бөлініп кеткен. Мысалы, злактар
тұқымдасындағы бір аталықты цинна I класқа, екі аталықты жұпарбас II
класқа, алты аталықты күріш VI класқа түскен.
Линней өз системасының жасандылығын және бұдан көрі табиғи түрғыдағы
системаның қажет екендігін жақсы түсінген. Бірақ кезінде оның қолында
материалдар өте аз болғандықтан табиғи система құру мүмкін емес еді. Бұл
жасанды система сол кезде жалпыға бірдей қолданыс тапқан, ал Ресейде оны
ХІХғ. 30 жылдарына дейін қолданып келген.
Линней есімдіктерді табиғи топтарға кездейсоқ алынған азғана белгілерден
көрі өсімдіктердің жалпы габитусы негізінде топтастыру дұрыс деп есептеген.
Ол XVIII ғ. білім деңгейінде табиғи система құрудың әлі мүмкін еместігін
айтқан, бірақ өз өмірінің соңына дейін табиғи система үшін материал
жинастырумен өткен. Сондай-ақ өзінің фрагменттерінде Линнейдің өсімдіктерді
67 табиғи топтарға бөлуді ойластырып кеткені, бұл топтардың кейін өсімдік
тұқымдастарын бөлуге негіз болғаны белгілі.
Линней өзі өмір сүрген дәуірдегі идеяға сай құдай қанша түр жаратса,
табиғатта сонша түр тіршілік етеді деп есептеген, яғни түр өзгермейді деген
көзқараста болған. Бірақ өмірінің соңына қарай ол сыртқы ортаның әсерінен
түрлердің едәуір өзгеруі, будандасу арқылы жаңа түрлердің пайда болуы
мүмкін деп өзінің бұрынғы түр өзгермейді деген көзқарасынан қайтқаны мәлім.
Линнейдің ботаникадағы реформаларының систематиканың одан әрі дамуына
үлкен өсері болғанын атау керек. Сонымен қатар өсімдіктерді келешекте
зерттеуге баса назар аударуға және өсімдіктер дүниесінің бұрынғыдан көрі
жетілдірілген системаларын құруға негіз болған мол материалдың
жинастырылуына мүмкіндік туғызды.
3. Каспар Баугин (Боэн, 1560-1624) өсімдік түрлеріне сипаттамасы
XVI ғ. ортасында табиғатты зерттеушілер түр деғен ұғымның систематикалық
категория екендігін түсінуге бірден-бір жақындаған. XVII ғ. басында
швейцария ботанигі Каспар Баугин (Боэн, 1560-1624) 40 жылғы еңбегінің
негізінде 6000-дай өсімдік түрлеріне сын көзімен құрастырған сипаттама
берген.
Каспар Баугин ертедегі және қазіргі кездегі тілдерді меңгеруде ерекше
таланттылығы мен білімділігінің арқасында, мүмкін болғанынша, өсімдіктердің
аттарына байланысты ретсіздікті, соған байланысты көп жағдайда туындайтын,
бір өсімдікке бірнеше ат беру секілді орынсыз мәселелерді жоюға тырысқан.
Баугин еңбегінің ботаниканың алдындағы маңызы сол, ол өсімдіктерді
туыстарға бөлген, ал біршама үсақ систематикалық бөліктерді осы туыстарға
бағындырған. Өсімдік туысының атауы К.Баугин бойынша бір немесе көптеген
сөздерден, ал туысқа бағынышты категориялардың атаулары бірнеше (кейде 20-
ға дейін) сөздерден тұрады; бірақ көп жағдайда, әсіресе шағын туыстарда
түрдің де туыстың да аттары бір ғана сөзден, ал өсімдіктің толық аты екі
сөзден тұрады (биноминальды). К. Баугиннің өзі де жөне кейінгі ботаниктерде
өсімдіктің ерекше өзгешеліктерін айқын көрсететін полиноминальды, көп
сөзден тұратын атауды қолданғанды дұрыс көрген, өйткені өсімдіктің бұл
ғылыми атауы сонымен бірге оның қысқаша сипаттамасы есебінде болған.
Табиғат туралы білімнің тарихшылары К.Баугиннің өсімдікті қысқаша сипаттап
жазуда үлкен шеберлік деңгейіне жеткендігін атап көрсетеді.
Бірақта туыс және түр туралы үғымдарға К.Баугин анықтама бермеген. Бұл
үғымдарға анықтама берудің мүмкіндігі кейіндеу туған. Мысалы, Джон Рей
"Өсімдіктер тарихы" (1686) деген еңбегінде түр деген үғымды, оған жататын
особьтардың шығу тегіне байланысты синаттап берген. Д.Рейдің пікірі бойынша
"Өсімдік үшін түрдің біркелкі болатьшдығын анықтауға, тұқымнан пайда
болатын ерекше немесе жеке қасиеттері ұқсас өсімдіктерден басқа, қандайда
бір дәлелдің кджеттігі шамалы. Түрге қатынасы әртүрлі болып келетік
формалар, өздерінің түрлік табиғатын сақтап отырады, олардың ешқайсысы
басқаша пайда болмайды немесе керісісінше басқа тұқым бермейді"[3].
К.Линнейдің пікірі бойынша туыстардың айырмасын, олардың генератнвтік
органдарының белгілеріне сүйене отырып анықтауға болады. Ал түрге келгенде
К.Линней оның көлемін Д.Рейдің анықтамасына жақын деңгейде тұрған, бірақ ол
түрді түр тармағынан бөлуді қажет деп табады. Оны К.Линнейге дейінгі
ботаниктердің ешқайсысы сөз етпеген.
К.Линней алғашқы кезде өсімдіктің полиноминальды атауларын пайдаланған,
бірақ оларды мүмкіндігінше қысқартуға ұмтылған. Ол үшін түрдің көптеген
белгілерінен ең негізгілерін теріп қалдырған. Бірақ "Өсімдік түрлері"
деген, бірінші басылымы 1753 ж. жарық көрген шығармасында Линней барлық
түрлерге бинарлық (екі сөзді) атауды да қосымша келтіріп отырған. Бұрынғы
көп сөзден тұратын өсімдік атаулары бүл жерде түрлердің қысқаша
сипаттамалары (диагноздары) ретінде сақталған, ал екі сөзден түратын
Линнейдің "қарапайым атаулары" түр аттарының сипатына ие болған.
Өсімдіктердің номенклатурасына Линнейдің жүргізген реформасы практикалық
тұрғыдан ыңғайлы болып шықты. Уақыт өте келе екі сөзден тұратын өсімдік аты
жалпыға бірдей пайдаланыла бастады және ол қазіргі кездің өзінде қолданылып
келеді.
Барлық жетістіктерімен қатар К.Линнейдің системасының елеулі
кемшіліктері де болған, себебі андроцейдің құрылысы жағынан өзара үқсастығы
айқын жекелеген өсімдіктер әртүрлі кластарға тап келген.
Жасанды система құруда ботаниктер өсімдіктің бір ғана белгісін немесе аз
ғана белгілердің комплексін негізге алып отырған (Линнейде гүл құрылысының
кейбір ерекшеліктері, Чезальпинода - жемістің құрылысы мен тұқымдар саны
және т.с.с.) және олардың вариацияларына қарай өсімдіктер топтарға
бөлінген. Табиғи системаны түзгенде классификацияның базасы ретінде бір-екі
агыриорлық белгілерді негізге алу жеткіліксіз. Өсімдіктер өздерінің
көптеген жалпы ортақ ұқсастықгарына қарай топтастырылуға тиісті.
4. Бернар Жюссье (1697-1777) Антуан Жюссьенің (1748-1838) табиғи
системасы
Табиғи системаны түзуде Бернар Жюссье (1697-1777) мен оның немере інісі
Антуан Жюссьенің (1748-1838) еңбектері маңызды роль атқарды.
Б.Жюссье Трианондағы (Версаль) ботаникалық бақта өсімдіктерді ерекше
тәртіппен орналастырған. Бірақ бұл үлкен еңбектің нөтижесі жарық көрген
жалғыз бақ каталогымен ғана шектелген. 30 жыл өткен соң 1789 жылы
А.Жюссьенің "Өсімдік туыстары" деген еңбегі жарық көрді. Бұл шығарманың
маңызы сол, онда шағын өсімдік топтарының- қатарлардың диагнозы (қысқаша
сипаттамасы) берілген. А.Жюссьенің қатарлары көлемі жағынан қазіргі кездегі
систематикалық тұқымдастарға шамалас еді. Бұл К.Линнеймен салыстырғанда
елеулі алға басушылық болып табылады,' өйткені К. Линней өзі бөлген 67
қатарға сипаттама бермеген; одан басқа А.Жюссьенің классификациясында
қатарлардың саны 100-ге дейін, яғни 1,5 есе өскен. Қатарлардың диагнозын
олардың құрамындағы ұсақ бірліктердің барлығын терең талдау негізінде ғана
беруге болады. А.Жюссье тағы бір мынадай қадам жасаған; ол қатарларды
кластарға біріктірген (олардың саны 15 болған), ал соңғыларын тағы одан да
үлкен бірліктерге топтастырған. Сонымен, өсімдіктер дүниесінің барлық алуан
түрлілігі, балдырлардан және саңырауқұлақтардан бастап, гүлді өсімдіктерге
дейін Жюссьенің системасында әртүрлі көлемдегі бір-біріне иеархиялық
тұрғыдан бағынышты категориялар түрінде берілген. А.Жюссьенің табиғи
системаны құруы ғылыми систематиканың дамуында шешуші кезең болды. 2000-
нан аса жылдар бойы Теофрасттан бастап өсімдіктер классификациясының
алдында тұрған міндет, өсімдіктердің бір тобы мен екінші тобының арасындағы
шекараны мүмкіндігінше айқындап ашу болып табылған. А.Жюссьенің
системасында бірінші рет классификация систематикалық бірліктерді бір-
бірімен байланыстыра отырып құрастырылған. Бұл бірліктердің бір-бірінен
айқын айырмасының болуына қарамастан, олардың барлығын А.Жюссьс жігі
ажырамайтындай етіп бір тізбектің бойына орналастырған.
А.Жюссьенің идеясы жағынан прогрессивті бұл системасы, бірқатар баптары
бойынша сол өзі жарық көрген заманның кезінде-ақ талас-тартыс туғызды.
Кейіндеу басқа ботаниктерде табиғи классификация жөнінде өздерінің ой-
пікірлерін ұсына бастады. Олардың ішінде ең белгілілеріне О.Декандолльдің
(1819), Ст.Эндлихердің (1836-1843), А.Броньярдың (1843), А. Браунның (1864)
системалары жатады.
Өсімдіктер системасын құру XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші
жартысында жалпы ботаниканың, оның ішінде систематиканың дамуына үлкен үлес
қосқан бірқатар маңызды зерттеулердің жүргізілуімен есте қалды. Ең алдымен
О.Декандолльдің морфологиялық еңбектерін атап откен жөн. Ол симметрия
туралы ілімге және органдардың құрылысына сүйене отырып салыстырмалы
морфологияның негізін салды. О.Декандолльдің пікірі бойынша өсімдіктің
құрылыс жоспары оның бөліктерінің түсіп қалуын (абортирование),
дегенерацияға ұшырауын, бірігіп кетуін - жалпы екінші реттік өзгерістерді
анықтаудың барысында айқындалады. Салыстырмалы морфологиялық тәсілді
пайдалана отырып О.Декандолль шын мөнісінде эволюциялық концепцияға жақын
келген, бірақ өкінішке орай ол түр туралы метафизикалық көзкараста болған,
яғни түрді өзгермейді деп түсінген. Гүлдің морфологиясын түсіндіруде
бірқатар қиын жағдайлардың өзінде ағылшын ботанигі Р.Броунның (1773-1858)
еңбектерінің маңызы ерекше зор болған (астық, түйешырмауықтар, раффлезиялар
және т.б. тұқымдастар). Ол тұқым бүрінің құрылысын, эндоспермен
периспермнің пайда болуын зерттеуде біршама еңбек сіңірген. Саговниктер мен
қылқанжапырақтьшардың "гүлдерін" зерттеген жөне ашық тұқымдылардың
систематикалық ерекшеліктерін анықтаған (оларды бүған дейін
қосжарнақтыларга жатқызып келген). Ашық тұқымдылардың тұқымбүрінен
архегонийлерді ашқан да осы кісі болатын.
Морфологиялық зерттеулердің нәтижелерін өсімдіктердің систематикалық
топтарының бір-біріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz