Сперматогенез


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ
«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Сперматогенез
Орындаған: Ергешова Г.
Тобы: Фк-13-5к3
Қабалдаған: Тұрабаева Г. Қ.
Шымкент, 2016ж
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Спермотогенез жайлы түсінік
2. Сперматогенез қалыптасу процесі
3. Аталық жыныс мүшесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ұрпақ жаңғырту (көбею) - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жыныс бездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жыныс бездері аралас бездерге жатады.
Атабез (testis; orchos - грекше; ) - жұп жыныс мүшесі, сопақша пішінді, салмағы 20-30 г. Ата бездер қызметі - сперматазоидтар, яғни аталық жыныс жасушаларын жасау, және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару. Аталық бездер ұмада орналаскан. Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі, бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары, нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.
Аталық без тығыз консистенциялы және бүйірінен бірнеше жұмсартылған. Онда дөңес латералді (facies lateralis) және медиалді бетін (facies medialis), екі жиегі - алдыңғы және артқы (margo anterior et posterior), және де жоғарғы жәнетөменгі шеттері (extremitas superior et inferior) ажыратылады. Аталық бездің артқы жиегінде денесі, басы және құйрығы болатын атабез қосалқысы (epididymis) орналасқан.
Сперматогенез (грек, sperma - шәует, genesis - шығу тек) - еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.
Сперматогенездің көбею кезеңіңце гаметобласттардан жетілген жас жыныс жасушалары - сперматогониялар еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында, өздерін қоршаған тіректік торшалардан (сустентоциттерден) тиісті қоректік заттарды қабылдап, митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейеді.
Олар дөңгелекше келген ұсақ ядролы шағын жасушалар.
Сперматогония ядросында хроматинге бай хромосомалардың дигогоидты (2п) жиынтығы болады. Сперматогенездің өсу кезеңінде сперматогониялар өсіп, терфазаның S кезеңіндегі қорлану процесіне сәйкес ДНК, мен протеиндердің мөлшері екі есе көбейіп, олар көлемі жағынан ұлғаяды.
Сперматогониялардың біріншілік сперматоциттерге айналуы кезінде, олардың ядроларындағы хромосомалармейоздың ең ұзак бірінші кезеңі - профазадағы лептотен, зиготен, пахитен және диплотен сатылардан өтіп, олардың құрылысында күрделі кұрылымдық өзгерістер жүреді.
Сперматогенездің жетілу кезеңінде - диакинездің нәтижесінде әрбір біріншілік сперматоцит екіге бөлініп, олардың әрқайсысынан екі екіншілік сперматоцит пайда болады. Олар жедел бөлінеді де, нәтижесінде бір екіншілік сперматоциттен екі сперматидалар пайда болады. Сперматидалардың ядроларында хромосомалардың гаплоидты (п) жиынтығы болады. Сперматогенездің қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар калыптасып жетіледі.
Шәуеттүзілу (сперматогенез) ; (spermatogenesis, грек, sperma - ұрық, genesis - даму, түзілу) аталық жыныс жасушаларының еннің ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларындағы даму процесі. Сперматогенез көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.
Сперматогенез қалыптасу процесі - кезеңімен немесе спермиогенезбен аякталады. Хромосомалардың жылдам ширатылуының нәтижесінде сперматид ядролары тығыздалады, олар функционалды енжар болады. Пластинкалы кешен ядроның бір полюсіне орын алмастырып, акро- сомды аппарат түзеді. Ол сперматозоидтің жасушасына енуінде үлкен рөл атқарады. Центриольдер ядроның карама-қарсы полюсінде орналасады және олардың біреуінен талшық өсіп шығады, оның түбіне митохондрия орамдалған қапшық түрінде шоғырланады.
АТАЛЫҚ ЖЫНЫС МҮШЕСІ
Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталықжыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.
Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсаққуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.
Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.
Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро және т. б. ) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбірсперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады. Олар талшықтарының көмегімен минутына 2-3 мм жылдамдыкпен қозғалады.
Ішкі аталық жыныс мүшесіне атабездер, шәует шығаратын түтігі. ұрық безі, қуықасты безі және бульбоуретральды бездер жатады, ал сыртқы мүшесіне аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.
Атабез (testis; orchos - грекше; ) - жұп жыныс мүшесі, сопақша пішінді, салмағы 20-30 г. Ата бездер қызметі - сперматазоидтар, яғни аталық жыныс жасушаларын жасау, және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару. Аталық бездер ұмада орналаскан. Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі, бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары, нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.
Аталық без тығыз консистенциялы және бүйірінен бірнеше жұмсартылған. Онда дөңес латералді(facies lateralis) және медиалдібетін (facies medialis), екі жиегі - алдыңғыжәне артқы(margo anterior et posterior), және де жоғарғыжәне төменгішеттері (extremitas superior et inferior) ажыратылады. Аталық бездің артқы жиегінде денесі, басы және құйрығы болатын атабез қосалқысы (epididymis) орналасқан.
Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысын түзеді. Сірлі қабық астында басқа қабық яғниаққабық(tunica albuginea) . Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау -атабезорталығын(mediastinum testis) түзеді. Бұлардан бездерді көптеген пирамида (150-ден 300 дейін) (lobuli testis) бөлетін атабезқалқашықтары(septula testis) өтеді. Әр үлесте 2-4 (tubuli seminiferi contorti) болады. Олар көптеген қантамырлары бар борпылдақ дәнекер тінмен жабылған. Ішінен шәует өзекшелерінің қабырғасы сперматогенез процессі өтетін көп қабатты сперматогенді эпителиймен қапталған.
Иреленген шәует өзекшелері атабез үлесшелерінен шығып, ата-безторына(rete testis) түсетін қысқа, тікшәуетөзекшелеріне(tubuli seminiferi recti) қосылады (сурет 160, 161) . Тордан 10-18 атабездің шығарушы түтігі шығады. Түтіктер ақ қабыққа тесіліп, қосалқының басына шығады. 12-15 үлестік пішінде болады. Шығарушы өзекшелер қосалқының түтігіне байланысып, көптеген қосалқының дене мен құйрығын құрайтын шырмауық шаларды құрайды. Соңғысының аймағында түтік шәует шығаратын түтікке ауысып өтеді.
Шәует шығаратын түтігі (ductus deferens) - жұп мүше, ұзындығы 40-50 см, диаметрі 3 мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шаптың өзегінің сыртқы тесігіне барады.
Оның 4 бөлігі бар:
1) ұмалық (pars scrotalis),
2) шаптың беткейлік сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars fimicularis),
3) шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis),
4) тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina) .
Шәует шығаратын түтігі өзекті өтіп, иіліп және кіші жамбасқа өтеді. Шәует шығаратын түтігінің қабырғасы шырышты, бұлшықет және дәнекерлі қабықтардан тұрады. Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіп, шәуеті шығаратын түтіктің кең жерін құрайды (ampulla ductus defcrentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді. Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatorius) бар. Ол қуықасты безінің артынан қисая өтіп, несеп шығару өзегінінің алдыңғы бөлігіне ашылады.
Шәует бездері (vesiculae seminales; ) - қалта тәрізді түтікті, ұзындығы 4-6 см, қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар. Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған. Бездің қабырғасы шырышты, бұлшықетті және дәнекер қабықтардан тұрады.
Қуықасты безі (prostata; ) - жамбастың түбінде орналасқан, несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан. Оның артқы беті тік ішекке, алдыңғы шат симфизіне, бүйірі-артқы өтісті көтеруші бұлшықетке жанасады. Безде жоғарыға, қуықасты бөлігі (pars prostatae) және алдыңғы, артқы, төменгі латералді беттері және ұшы болады (арех prostatae) . Құрылысы бойынша бұл бұлшықетті-безді, салмағы 20-25 г, екі бөліктен тұратын мүше. Көптеген ұяшықты бездері сперма құрамына кіретін секретті жасайды. Несепшығару өзегінің алдыңғы жағында шәует төмпешігі (colliculus seminalis) бар. Оның тереңдеген жері - рудиментті жатыр. Оның бүйірінен шәует жасаушы түтіктер және шығарушытүтіктің тесіктері (ductuli prostatici) ашылады.
Буылтық - несеп шығаратын өзек безі (glandulae bulbourethrales) терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан, яғни Аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында. Олардың шығарушы түтігі кеуекті бөлігі (несепшығару өзегінің) ашылады.
Ұма (scrotum; ) - тері-бұлшықетті қапшық, онда атабез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төменгі бөліктерімен орналасқан. Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады: 1. ұма терісі (dartis) ; 2. етті қабық (tunica dartos) ; 3. сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa) 4. Атабезді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica) ; 5. атабезді көтеретін бұлшықет (m. cremaster) 6. ішкі шәует шандыры (fascia spermatica interna) ; 7. париеталды және висцералды табақшалардан тұратын тұйық сірлі қап (tunica vaginalis testis) түзеді. Ұма қуысы екіге бөлінген, олардың әрқайсысы әр ата безге орын болып табылады.
Жыныс мүшесі (penis, phallos - грекше; ) - копулятивті мүше, үңгірлі денелерден және несеп шығару өзегінен тұрады. Мүшенің артқы бөлігі шат сүйегінің алдыңғы бетіне, жыныс мүшесінің түбірін(radix penis) құрай бекиді. Денесі (corpus penis) және басы (glans penis) болады. Жыныс мүшесінің терісі жұқа, қозғалмалы, басына өтерде күпек басы қосарланған түзеді. Басының жоғарғы жағынданесепшыгару өзегінің сыртқы тесігі (ostium urethrae externum) ашылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz