Туризмнің мәні әлеуметтік- экономикалық категория ретінде


Кіріспе
1. Туризмнің мәні әлеуметтік- экономикалық категория ретінде.
1. 1 Туризм экономиканың саласы ретінде
1. 1. 1 Қазақстандағы туризм саласындағы мемлекеттік саясат
1. 2 Туризм индустриясы және оны дамытудың теориялық тәсілдері
1. 3 Маркетинг пен менджметті туризм индустриясында қолдану
1. 4 Туризмнің дамуының негізгі бағыттары
2 Туристік-рекреациялық ресурстарға жалпы сипаттама.
2. 1 Павлодар облысының туристік - рекрециялық ресурстары
2. 1. 1 Баянауыл ұлттық паркі
2. 1. 2 Мойылды шипажай
2. 1. 3 Маралды шипажай
2. 1. 4 Қаратұз шипажай
2. 2 Павлодар облысында туризмнің дамуының қазіргі жағдайы
2. 3 Туристік рекреациялық потенциалдың биоресурстік бағасы
2. 4 Туризм және рекреацияны дамыту үшін аймақтың климаттық ерекшеліктерін бағалау .
2. 5 Павлодар облысының су объектілері
2. 6 Павлодар облысында туризмді дамыту бағдарламасы 2007-2011ж. ж
Қортытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Туризм қаражаттың мемлекеттік бюджетке түсетін түсімі бойынша мұнай мен автокөлік экспортынан кейінгі 3-ші орында, ал жұмыс бастылар саны жөнінен бұл саладағы жұмысшылардың жұмылдыру көрсеткіші бойынша туризм көшбасшы орынға ие. Туризм индустриясы қызмет көрсетудің халықаралық саудасында айтарлықтай жылдам дамып жатқан салаларының бірі.
Халықаралық туризм үш ірі экспортты салалар қатарына еніп, әлемдік экспорттағы үлес салмағы 11% және 8, 6% құрайтын мұнай алу өндірісі мен автокөлік жасау салаларына ғана жол береді. 2001 жылы әлем елдерінің халықаралық туризмнен түсетін қосынды кірісі әлемдік экспорттың жалпы көлемінен 7%, қызымет көрсетудің әлемдік экспортының 3% құрады.
Дүние жүзіндегі туризмнің даму қозғалысын бақылау барысында, біздің еліміздің туристік әлеуетін ескере отырып, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылдың 19 ақпандағы өзінің халыққа Жолдауында туризмді Қазақстан экономикасының болашақтағы саласы ретінде анықтап, ең алдымен дамитын негізгі жеті кластерді ерекшеледі. Болашақ кластерлердің бірі туризм болып табылады, бұл кластер осы заманға сай инфрақұрылымды қалыптастырып, аумақтың тұтастай дамуын ілестіреді.
Туризмнің дүние жүзіндегі орыны үздіксіз өсуде, бұл жеке ел экономикасына туризм әсерінің ұлғайтылуымен байланысты. Жеке елдің экономикасында халықаралық туризм маңызды қызыметтер қатарын атқарады, олар:
- ел үшін ақшалық түсімдердің көзі және жұмыс бастылықпен қамсыздандыру;
- төлем балансы мен елдің ЖІӨ кірістерді кеңейтеді;
- туризм саласына қызымет көрсетуші салаларды жасау арқылы экономиканың диверсикациясын қалыптастырады.
Жұмыс бастылықтың өсуімен туризм саласындағы халық саны өсіп, ұлттың аухаттылық деңгейі жоғарылайды. Дегенмен халықаралық туризм дүние жүзінде біркелкі таралмаған, бұл ең алдымен елдердің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі деңгейімен сипатталады. Халықаралық туризм Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дамыған. Бұл аймақтың үлесіне әлемдік туристік нарықтың 70% астамы, ал қаржылық түсімнің 60% тиесілі. Оның шамамен 20% Американың, 10%-нан азы Азияның, Африканың және Австралияның үлесінде.
Халықаралық туристік байланыстың осындай дамуы халықаралық сауда саласындағы бұл жұмысты жақсартуды қамтитын көптеген халықаралық ұйымдарды ілестірді. Швейцария, Австрия, Франция, Түркия сынды Батыстың көтеген экономикасы жоғары дамыған елдері өзінің жақсы тұрмыстық жағдайына туризмнен түскен кірістері арқылы қол жеткізді. Соғыстан кейінгі жылдары қуатты зерттеу базасы мен туризм саласындағы мамандық дайындық жүйесі жасалды.
Туристік сала қосалқы құнның өтімді өлшемін береін экономикалық көшбасшылар санатына жатады.
Өкінішке орай, Қазақстанда халықаралық туризм көшбасшы орында емес. Бұрын КСРО дағы туристік әрекеттердің негізгі аймақтары Қырым, Кавказ, Балтық жағалауы және Ресейдің, Ортта Азияның тарихи орталықтары болған. Сол уақытта Қазақстандағы көптеген архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи ескерткіштер дерлік жарияланбай талап етілмеген күйінде қала берді.
Қазақстанның тәуелсіздік алуынан кейін туризм индустриясының нақты дамуына мүмкіндік пайда болғанымен, оны бірден пайдалануға қадам жасалмады.
Қазақстан бірегей табиғи, мәдени-тарихи рекреациялық ресурстарға бай мемлекет. Ол биологиялық ауантүрлілігі және табиғи ресурстардың байлықтары бойынша бірегей. Бірақ бұл қуатты әлеуеке деген туристік бизнестің сұранысы өте төмен.
Зерттеудің өзектілігі. Өлкедегі туристік-рекреациялық ресурстарды талдай отырып экономикаының дамуы осыған байланысты, туристік саланың тәжірибелік ұсыныстарын теория түрінде қабылдау мен өңдеу мәселесі ерекшеленеді. Қазіргі уақытта туристік саланың берілген секторының болашағы бар, ерекшелігі мен даму биіктігін анықтауға қажетті туристік - рекреациялық ресурстарды дамыта отырып ішкі және сыртқы туризмнің қалыптасып, дамуының әлеуметтік және экономикалық негіздері мәселелерін зерттеу қажеттілігі туады.
Жалпы алғанда осы тақырыпқа қатысты еңбектің көптігне қарамастан, толық мөшерде өңделмеген және қосалқы зерттеулерді талап ететін мәселелер қатары баршылық. Оған елдің туристік саласындағы туризмнің қалыптасуының теориялық және әдістемелік негіздерін жатқызуға болады. Қарастырылушы мәселелердің жеткіліксіз өңделуі оны зерттеу тақырыбы ретінде таңдауға әкелді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - өлкенің туристік-рекреациялық ресурстарына баға бере отырып сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік орталық құру. Дипломдық жұмыстағы зерттеудегі міндеттер төмендегідей:
- өлкенің туристік-рекреациялық ресурстарын қалпына келітру және дамыту;
- туризм инфрақұрылымын дамыту;
- туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;
- облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыру;
- туристік әлеуетті арттыру;
- рекреациялық шаруашылықты қалыптастыру.
1. Туризмнің мәні әлеуметтік-экономикалық категория ретінде
Туристік қызметтер аясы қоғамның экономикалық және әлеуметтік ұйымдастырылуында маңызды орын алады. Қызметтер көрсету саласының құрама бөлігі ретінде туристік қызметтер аясы, туизм субъектілеріне, яғни туристер мен бір күндік саяхатшыларға көрсетілетін қызметтерге сәйкес анықталады. Ол адамның саяхаттауға, демалуға, экскурсияға шығуға және т. б. деген қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған. Сөйтеп, адамдардың бос уақытының кезеңдік және обьективті шегін кеңейту, оны мазмұнды және пайдалы демалыспен толықтыру, жалпы ой- өрісті дамыту бұл саланың мақсатын көреміз. Туристік қызметтер аясының барлық әсерлерінің жиынтығы, адамның жоғары тәртіптегі қажеттіліктерінің жүзеге асуының жаңаша сапасын білдіреді. Бұл сап мерзімді ұзарту сипатына ие, кейінгі белсенді еңбек қызметі барысында байқалуы мүмкін, сондықтан одан барша қоғамның тіршілік әрекетінің тиімділігі байланысты боладыдеп айтуға болады.
Туризмдегі қажеттіліктерді қанағаттандыруда көрсетілетін негізгі қызметтер қатарына көлік, қонақ үй, қоғамдық тамақтандыру орындары, турфирмалар қызметтерін, сондай- ақ, бірқатар қосымша қызмет түрлерін жатқызуға болады. Сондықтан да, туристік қызмет аясы мамандандырылған және айқын туристік сипатқа ие емес.
Туристік қызметтің ұсынылуын және туристік қызметтер аясының дамуын, ең алдымен, жалпы ұлттық өнімнің жұмысшы күшінің ұдайы өндірілуінде және сәйкес экономикалық қатынастардың ұдайы жаңғыртылуында қатысуы тұрғысынан қарастыру қажет. Дегемен де, туристік қызметтердің халыққа ұсынылуы, маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешілуінің алғы шарты болды.
Ең алдымен, туристік қызметтер аясының дамуы, туризмге қатысты салалардағы мамандарды туристік қызмет индустриясына біріктіре отырып, жұмыс орындарын құруға, халық арасында жұмыспен қамтылуды жоғарлатуға әкеліп, әлем бойынша орын ауыстыратын туристердің қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандырып, қызмет етуге жұмылдырылады. Бүгінгі күні туристік қызмет индустриясында жұмыскерлерімен қата, негізгі құралдар мен ірі қаржылар да қамтылғандықтан, оны ірі бизнес, үлкен ақша және ғылыми деңгейдегі қатаң саясат ретінде сипаттауға барамыз. Статистикалық мәліметтерге қарасақ бүгінде жер шарындағы еңбекке қабілетті әрбір 16- шы осы аялда еңбек етуде.
Халыққа әлеуметтік- экономикалық арнаудағы туристік қызметтердің ұсынылуы, адамдар арасындағы қарым- қатынастардың жетілуіне, тұлғаның қалыптасуына, жақсаруына, халықтың әлеуметтік қабаттары арасындағы, әлеуметтік - экономикалық және тұрмыстық ерекшеліктерді тегістеуге айтарлықтай әсер етеді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі, әлеуметтік инфрақұрылым және соның ішінде туристік қызметтер аясышың дамуы өндірістің экономикалық тиімділігінің өсуіне әсер ететіндігін көрсеткен. Ол туристік қызмет аясына бағытталатын қаржы салымдарының тиімді пайдалануы; кәсіпорындардың орналасу және олардың функциялануының тиімділігін арттыру: халықтың туристік-рекреациялық қызметтер мен қамтамасыздық дәрежесінің артуы және бос уақытын өткізуінде жағымды жағдайлардың жасалуына байланысты, халық шаруашылығының барық салаларында еңбеқ өнімділігінің жоғарлауы; кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі, олардың еңбек қабілеттілігі ұзақтылығының өсуі, адамдарда белсенді өмір сүру позициясының қалыптасуы секілді бағыттарда байқалады.
Туристік қызмет, инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын жеделдете отырып, еліміздің сәйкес өңірлерінде халық шаруашылық салаларының дамуына жағымды әсер етеді. Ол көлік пен байланыс, сауда құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және т. б. секілді шаруашылықтың басты секторларына айтарлықтай әсер етіп, әлеуметтік - экономикалық дамудың катализаторы ретінде көрінеді. Адамдардың айтуынша, туристік қызмет аясының тікелей және жанама әсері астында экономиканың 32 саласы қалады, мұның өзі туристік қызметпен жұмылдырылған жұмыскерлер санының нақты бағалануын қиындатады.
Туризмдегі қызмет көрсету саласы қоршаған табиғи ортаға, туристік және мәдени дәулетке ұқыптылықпен қарайды. Ол табиғи, мәдени және тарихи объектілерді пайдалануда айқын бағдары бар салалар қатарында ерекше орынды алады және қоршаған ортаны қолдауға жан - жақты септігін тигізеді. Туристік қызметтер аясындағы табиғатты пайдаланушы субъектілер қатарына турист-тұтынушы және өз қызметі барысында осы табиғи кешенді пайдаланатын туристік кәсіпорын жатады. Ал сыйымдылық, тұрақтылық түрлілік, тартымдылық, секілді қасиеттеріне ие табиғи аумақтық жүйелер табиғатты пайдаланушы жүйелі объектілері болып табылады. Қазақстан үшін, туристік қызмет аясының экологиялық аспектісі, ең алдымен - қоршаған ортаны, табиғатты бұзу қаупін шектеу, ластануын азайту арқылы қорғау болса, екіншіден-бұл тұтынуы рекреациялық ресурстардың оқшаландырылуы орындарында болатын, туристік ресурстарды рационалды пайдалану, үшіншіден - бұл адамның рекреациясын қолдануынан көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық жүйе тарихи - мәдени құндылықтарды пайдалана отырып, өзінің шаруашылық қызметінің қосымша аясын дамыту үшін мүмкіндіктер алады және де ол жағымды жағдайлар қалыптасқан кезде басымдылыққа ие болуы мүмкін. Көптеген аумақтардың өзіндік бір мәдени - тарихи қайта бағдарлануын бақылай отырып, олардың, рухани өндіріс орталықтарына айналуы жайлы айтуға болады. Мұнда туристік қызметтер аясы тек қосымша табыс алу негізі ретінде ғана көрінбей, жалпылай мәдениет пен еңбек өнімділігінің өсу факторы ретінде байқалады. Бұған қоса, туристік қызметтер аясының өңірлер арасындағы, үкіметтер арасындағы халықтар арасындағы, тұлғалар арасындағы экономикалық қатынастарға жағымды әсер етіп, байланыстың нығаюы мен іскерлік белсенділіктің басқа рыноқтарда біріктірілуіне мүмкіндіктер беретіндігін айта кету қажет. Елде арасындағы туристік қызметтер саудасының дамуы және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлерінің таралуы, туристік қызметтердің экспорты мен ипортының ара - қатынасы, елдер арасындағы қаржы салымдарының алмасуы, туристік қызметтер аясының көрсеткіші болып табылады. Халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастықтың болуы, адамның құқықтарының сақталуы, туристік қызметтер аясының айқын имандылық сипатын білдіреді. Туристік қызметтер аясының имандылық сипатын, демалыстың танып, игеруімен қоса жүруі бейбетшілікті қоштау бағытын ұстану, туризм - түрінің интеллектуалды мазмұны, өскелең ұрпақтың тәрбиесі секілділерімен толықтыра түсуге болады.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңі қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және имандылығымен сипатталып қана қоймай, маңызды экономикалық процестердің белсендеуі үшін негіз құрайтын мәдени - тарихи және рухани құндылықтардың ұдайы жаңғыртылуы міндеттерін алға қоятын жаңа әлеуметтік - экономикалық ой - өрістерінің қалыптасуымен де ерекшеленеді.
Тарихи - рухани маңызды жерлердің туристік бағдарлануы тарихи - мәдени әлеуеті қалыпқа келтіру, сақтау және ұқыпты пайдалану қазіргі таңның өзекті мәселелерінің бірі. Туристік қызмет аясының дамуы, құндылығына өлшем жоқ ұлттық байлықтың сақталу мен оны кәдеге асыра пайдалана білу міндеттерін шешу арқылы экономикалық, сондай- ақ әлеуметтік міндеттердің шешілуін бір жолға қояды. Туристік қызметтер аясы әлемдік шаруашылықта экономиканың “ табысты” салалары қатарынан көрініп, жетекші орындарының біріне ие болып отыр. Бұл саланың дамуы отандық және шетел валюталарының ағымын қамтамасыз етіп, төлем балансы және жиынтық эспорт секілді экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсер тигізеді. Сарапшылардың болмаждауынша халықаралық туристік қызмет саудасынан түсетін түсім 2020 жылға 2 трлн. Долларды көрсетпек. Бірқатар елдерде халықаралық туристік қызмет саудасынан түсетін түсім тауарлар мен қызметтер экспортынан алынатын табыстың басым бөлігін құрайды. Сауда балансының тапшылығы байқалатын елдерде бұл саладан түсетін түсім, оның салыстырмалы жоғары пайызын жапса, шетел туристерін қабылдау мүмкіндіктеріне ие елдердің кейбірінде туристік баланстың белсенді сальдосы бірнеше жыл қатарымен сауда баланысы тапшылығын жабуға мүмкіндік береді. Осындай елдер үшін туристік қызмет аясы экономикасының өсуінің маңызды құрал болып табылғандықтан, осы елдердің үкіметі бұл қызмет аясы дамуының түрлі аспектілеріне жұмылдырыла кіріседі. Көптеген дамушы елдердегі туристік қызметтер аясынан түсетін салықты табыс, тікелей немесе жанама болсын, үкіметтік қорлардың қайнар көздері болып табылады. Және де туристік қызметтер аясы экономиканың басқа салаларымен үйлесе дамуына себеп болады.
Туристік қызмет индустрия кәсіпорындарының шаруашылық қызметтеріндегі оңды өзгерістерге қарамастан, сырттан кіру туризмнің күрт төменденуі, шетелдіктерді қызықтыра алатындай табиғаты мен тарихи - мәдени орталықтарына бай Қазақстанда заманға сай туристік қызмет инфрақұрылымын құру және істі жоғары дәрежеде ұйымдастыруды қолға алу қажеттілігін көрсетеді.
Рыноқты экономикада шағын және орта кәсіпкерліктің басты орын алуы қажет деген тұжырым, туристік қызметтер аясында және жалпы қызметтер аясында негізгі жайғасымды алуы шарт Әлем тәжірибесі инвестиция жасауға, технологиясы жетілдіруге және қызмет ету сапасын жақсартуға деген мотивациялық механизмдерді қалыптастыруға септігін тигізетін бәсеке ортасы ретінде байқалатын, шағын бизнестің маңыздылығына көз жеткізіп отыр. Бүгінде Қазақстандық туристік рыноктағы ұйымдардың 98 пайызынан астамын шағын кәсіп орындар құрап отырса, жұмыскерлер саны 250 адамға жететін орта кәсіпорының үлесі 1, 5 % -ды және ірі кәсіпорындар 0, 5- ды көрсетеді. Туристік рынокта шетелдің қатысуымен қызмет көрсететін ұйымдардың саны 28- ге жетіп отыр.
Дегенмен де сервис инфрақұрылымының барлық түрлерін біріктіретін туристік қызмет индустриясы Қазақстан экономикасының салалық құрылымында өз орнын таба алмайды келеді. Күрделі әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуде жол көрсете алатын жеке мәртебесінің болиауы о Дегенмен де сервис инфрақұрылымының барлық түрлерін біріктіретін туристік қызмет индустриясы Қазақстан экономикасының салалық құрылымында өз орнын таба алмайды келеді. Күрделі әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуде жол көрсете алатын жеке мәртебесінің болиауы оның қазіргі даму үрдісіне нақты сипаттама беруді қиындатып отыр.
Қазақстандағы туристік саланың денсаулық пен жұмыс істеу қабілетілігін, күшін қалпына келтіруге және т. б. деген адамның қажеттілігін толығырақ қанағаттандырмауы, қызмет ету сервисі деңгейінің төмен болуымен сипатталуы, оның материалды - техникалық және экономикалық кешенді жандандыру және аумақтық әлеуметті тиімді пайдалану мен байыту тәсілі ретінде қарастырлуы мүмкін. Қазіргі әлемдік шаруашылыққа қоғамдық және жеке қажеттіліктердің өсуімен, ғылым мен техниканың дамуымен байланысты тауар айның қазіргі даму үрдісіне нақты сипаттама беруді қиындатып отыр.
Қазақстандағы туристік саланың денсаулық пен жұмыс істеу қабілеттілігін, күшін қалпына келтіру және т. б. деген адамның қажеттілігін толығырақ қанағаттандырмауы, қызмет ету сервисі деңгейінің төмен болуымен сипатталуы, оның материалдық - техникалық және экономикалық даму жағдайының шектелуімен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан, туристік саланың дамуы экономикалық кешенді жандандыру және аумақтық әлеуметті тиімді пайдалану мен байыту тәсілі ретінде қарастырлуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы туристік индустриясын зерттей келе сервистік қызмет көрсетуге тән экономикалық және әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктеріне тоқталу бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі екені анықталады. Туризмдегі сервистік қызмет көрсетуді қарастыру, оның экономикалық өсу мен оның функциональды рөлімен түсіндіріледі.
Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалық базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нәтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан -жақты қанағаттандырудың алғы шарты. Қызмет аясының бағдары табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы тұлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым - қатынастарына әсер етуінен байқалады.
Қызметтер аясы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының қалыптасуына әсер етеді. Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтеп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деігейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді. Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің жиынтығын даму деңгейін, өндірілетін өнім мен қызметтердің көлемі мен сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін анықтайды.
Қазіргі кезеңдегі өндіргіш күштер дамуының заңдылықтарының бірі өндірістік процестегі жеке тұтыну рөлінің белсенділігі. Түпкі сұранымның негізгі құрамасы бола, халықтың шығындары көбіне экономикалық өсудің динамикасы мен құрылымды параметрлерін анықтайды. Осымен бірге әлеуметтік- экономикалық, демографиялық, әлеуметтік- мәдени және психологиялық факторларының күрделі кешенінің әсерімен, халықтың тапсырыстары мен қажеттіліктерінің үздіксіз кеңеюі және жаңартылуы орын алуда және де ол тұтыну шығындарының өзгермелі құрылымында өз бейнесін алады.
Әртүрлі қызметтер мен затты игіліктерге деген сұраным динамикасы әрбір елдің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады. Мұнымен қатар, экономистердің еңбектерінде жеке тұтыну қорын сипаттайтын және жалпы даму үстіндегі әлемге тән жалпылама мезеттер сөз етілген. Солардың ішіндегі негізгісі тұтыну қорының сандық және сапалық толықтырылуының жергілікті өндірісті-техникалық база мүмкіндіктерінен алға кетуі нәтижесінде индустриалды дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, оның халық шаруашылық пропорцияларына белсенді әсер етуі. Қазіргі кезде табиғи орта өндіріске ғана емес, сонымен қатар, тұтынуға да әсер ететіндігін дәлелдеу қажеттік туғызбайды. Және де жеке елдер, облыстар және тіптен тұрғылықты жерлер арасында орын алатын тұрмыстық жағдайлардағы теңсіздікті мейленше төмендету масатымен шараларды қолданғанымен, оларды толықтай жоюмүмкін емес екіндігін ескеру қажет. Халықтың тұрмыстық жағдайларындағы аймақтық ерекшеліктер сипаттың айқындау, осы ерекшеліктерді қандай жолдармен қысқартуға болады және солайша, шаруашылықтанудың рынактық реформаларын құру жағдайларында осы маңызды мәселені шешу жолдарын қалайша белгілеу қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қызмет көрсету саласы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшінжағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды - тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ететін аясы болып қала бермек.
Бос уақытты пайдалану тиімділігі, қымттер аясы салаларыны жұмысын жақсарту есебінен жоғарылайды және де ол күрделі формаларымен қанығып, басқа қызметер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет, жолаушылар көлігі секлді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының ұлғаюына септігін тигізсе, онда туристік қызмет секлді түрлері оны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай - ақ ұзақ мерзімді және белсенді демалыс жанұядағы міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен бірге, некелік жанұя қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос уақытың мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше тиімдірек пайдалануға үйрету, қызметтер аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Адамның білім және мәдинет деңгейі, денсаулығының жағдайы тікелей оның алатын табысына әсеретуі тағы да бар. Оған қоса, денсаулығы, білімі, кәсіби дайындығы стандарттарынан жұмысшы күшінің сапасы тікелей және де сәйкесінше, жинақталған өндіріс қорларын пайдалану интенсивтілігі мен тиімділігі, экономикалық өсудің қарқыны, өндірістің материалды -техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz