Тіршілік формалар туралы ғылым



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1. Тіршілік формалар туралы ғылымның тарихы ... ... ... ... ... ... .7
1.1. Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары ... ... ..13
1.3. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары ... ... ... ... ... ... .14
2. Өсімдіктің тіршілік формалары ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Экологиялық фактор ... ... ... ... 18
2.2. Өсімдіктер қауымының таралуындағы басты факторлар ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3. Либихтің минимум және Шельфордтың максимум заңдары ... ... ... ... ... ... 20
2.4. Бетпақта өсетін Сфагнум өсімдіктер ... ... ... ..21
2.5. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... .27
Сыртқы орта тірі организмдерге және олардың бірлестігіне әсер етушілердің жиынтығынан тұрады. Тірі организмдер мен оларды қоршап тұрғанорта арасындағы өзара әсержәне организмдердің үнемі меңгеріп отыратын тіршілік жағдайларына бейімделуі жербетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді. Осындай өзара әсерді зерттеу экологияның негізгі міндетіне жатады.
Өсімдіктер экологиясы өсімдіктердің ортамен өзара қарым қатынасы, сонымен бірге жеке факторлардың және олардың жиынтығының өсімдіктер формасының пайда болуына әсері туралы ғылым. Мұның алдындағы тарауларда өсімдік мүшелерінің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері, олардың тіршілік жағдайларына байланысты екендігіне үнемі көңіл аударылады. Бұл тарауда солардан қорытынды жасай келіп,өсімдіктердің негізгі экологиялық топтары мен тіршілік формаларын қарастырамыз.
Экологиялық топтары әдетте ортаның форма түзетінжәне физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатынфакторына байланысты бөледі. Дегенмен өсімдіктер үшінөте қажетті, олардың құрылымына әсер етуші экологиялық факторлар топырақ және ауа ылғалдығы, жарық. Сондықтан да көптеген экологиялық топтардың ішінде, сыртқы бейнесі және анатомиялық құрылымы жағынанбір-бірінен айырмасы бар өсімдіктерді кездестіруге болады.Олардың тіршілік формалары әр түрлі.
Тіршілік формасы немесе биоморфа (грекше «биос» - өмір; «морфе» - форма) деп, өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өзіндік сыртқы бейнесін (габитус) айтады. Габитус алдымен өсімдіктердің жер үсті және жер асты вегетативтік мүшелерінің өсу ерекшеліктеріне байланысты.
Өсімдіктердің белгілі бір түоінің особьтарына тән тіршілік формасы – ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау белгісі болып бекінген. Осыған қарамастан түрдің тіршілік формасы нақты жағдайларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Мысалы, жөке ағашы сүректі тіршілік формасына жатады.
Тіршілік жағдай қалай өзгерсе де, ол шөптесін өсімдік бола алмайды. Бірақ бұл түрдің кейбір особьтері сымбатты бір дінді ағаш (парктерде, көшелерде) қалпынан, бұтақтанған көп діңді ағашқа (сиретілген ормандарда, орман шеттерінде) және төселмелі бұтақтарға (жарық түспеуі және де басқа факторлардың қолайсыз әсерінен) айналуы мүмкін.
1.Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000. «Ы.Алтынсарин атындағы ҚБАРбаспа кабинеті»
2. Современная ботаника П.Рейвн, Р.Эверт, С.Айкхорн изд. «Мир»
3. Ағалуов Т. Ботаника. Алматы «Ана тілі» 1999.
4. Мұсақұлов Т. Ботаника Алматы, «Мектеп» 1975.
5. Н. Мухитдинов, Ә Бегенов, С Айдарова. Өсімдіктер морфологиясы менанатомиясы. Алматы, РБК, 1993.
6. Ағалеуов Т және т.б. Ботаника: Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, «Санат»,1998.
7. Н. Мухитдинов, Ә Бегенов, С Айдарова. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Өңделіп, толықтырылып екінші басылуы. Алматы,
изд.Қазақ университеті,2001,2796 .
8. Хржановский В.Г. Практикум по курсу общей ботаники. Москва,
«Высшая школа», 1979.
9. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники. Москва, «Высшая школа» 1976.
10. Васильев Е.А. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений.
Москва, 1988.
11. Арыстангамаев С және т.б. Қазақстан өсімдіктері. Алматы.Ғылым 1977
12. Байтенов М. Флора Казахстана І том. Алматы1999.
13. Қалиев Б Қазақ тіліндегі өсімдіктер атаулары Алматы «Ғылым» 1988.
14.Ешибаев А.А Өсімдіктер морфологиясы: зертханалық және тәжірибелік сабақтарға арналған практикум М.Әуезов атындағы ОҚМУ.
Шымкент: ОҚМУ,2005-136с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1. Тіршілік формалар туралы ғылымның тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...7
1.1. Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары ... ... ..13
1.3. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары ... ... ... ... ... ... .14
2. Өсімдіктің тіршілік формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Экологиялық фактор ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Өсімдіктер қауымының таралуындағы басты факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... 19
2.3. Либихтің минимум және Шельфордтың максимум заңдары ... ... ... ... ... ... 20
2.4. Бетпақта өсетін Сфагнум өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.5. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе.

Сыртқы орта тірі организмдерге және олардың бірлестігіне әсер етушілердің жиынтығынан тұрады. Тірі организмдер мен оларды қоршап тұрғанорта арасындағы өзара әсержәне организмдердің үнемі меңгеріп отыратын тіршілік жағдайларына бейімделуі жербетіндегі тіршілікті қамтамасыз етеді. Осындай өзара әсерді зерттеу экологияның негізгі міндетіне жатады.
Өсімдіктер экологиясы өсімдіктердің ортамен өзара қарым қатынасы, сонымен бірге жеке факторлардың және олардың жиынтығының өсімдіктер формасының пайда болуына әсері туралы ғылым. Мұның алдындағы тарауларда өсімдік мүшелерінің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері, олардың тіршілік жағдайларына байланысты екендігіне үнемі көңіл аударылады. Бұл тарауда солардан қорытынды жасай келіп,өсімдіктердің негізгі экологиялық топтары мен тіршілік формаларын қарастырамыз.
Экологиялық топтары әдетте ортаның форма түзетінжәне физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатынфакторына байланысты бөледі. Дегенмен өсімдіктер үшінөте қажетті, олардың құрылымына әсер етуші экологиялық факторлар топырақ және ауа ылғалдығы, жарық. Сондықтан да көптеген экологиялық топтардың ішінде, сыртқы бейнесі және анатомиялық құрылымы жағынанбір-бірінен айырмасы бар өсімдіктерді кездестіруге болады.Олардың тіршілік формалары әр түрлі.
Тіршілік формасы немесе биоморфа (грекше биос - өмір; морфе - форма) деп, өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өзіндік сыртқы бейнесін (габитус) айтады. Габитус алдымен өсімдіктердің жер үсті және жер асты вегетативтік мүшелерінің өсу ерекшеліктеріне байланысты.
Өсімдіктердің белгілі бір түоінің особьтарына тән тіршілік формасы - ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау белгісі болып бекінген. Осыған қарамастан түрдің тіршілік формасы нақты жағдайларға байланысты едәуір өзгеріп отырады. Мысалы, жөке ағашы сүректі тіршілік формасына жатады.
Тіршілік жағдай қалай өзгерсе де, ол шөптесін өсімдік бола алмайды. Бірақ бұл түрдің кейбір особьтері сымбатты бір дінді ағаш (парктерде, көшелерде) қалпынан, бұтақтанған көп діңді ағашқа (сиретілген ормандарда, орман шеттерінде) және төселмелі бұтақтарға (жарық түспеуі және де басқа факторлардың қолайсыз әсерінен) айналуы мүмкін.

Негізгі бөлім

1. Тіршілік формалар туралы ғылымның тарихы.

Тіршілік формалар ботаника ғылымының дамуының алғашқы басқыштарында ғалымдардың пікірінде болған "Тіршілік форма" Теофраст еңбектерінде кең талданған. Ол "Исследование о растениях" деген еңбегінде: ағаш бұта, шала бұта, шөптесін өсімдіктерді талдаған, өз системасын түзген.
Тіршілік формаларға қызығу ХІХ - ғасырда А.Гумбольттың "Идей физиономичности растений" атты еңбегі (1806) басылып шықаннан кейін туылды. Гумбольт алғаш 16 содан соң 19 тіршілік формаларын анықтады.
Тіршілік формалардың экологиялық - физиономиялық классификациясы. Яғни өсімдіктердің сыртқы көрінісіне негізделген классификация. Бұл группаға көп авторлар таңдаған классификациялар : 1). Кернер 1863 - 12 тіршілік форманы Дунай мемлекеттерінен келтіреді. 2). Гризебах (1872) "Растительность земного шара" деген кітабында тіршілік формаларын 7 группаға бөледі. 3. О.Друде 1887 өзінің биологиялық классификация деп аталған классификациясын өсімдік формаларын 7 негізгі топқа анықтады. Ол жер жүзінде өмір сүретін су өсімдіктерінің 40 тіршілік формасын анықтады. Оларға төменгі сатыдағы өсімдіктерде ендірілген 1928ж В.Н.Сукачев СССР тайга зонасы ормандары үшін тіршілік формаларының өзіне тиісті бөліктерін ендірді. Б.А.Келлер 1923 - 26, 1933, жылдары шөл, шала шөлдер үшін тіршілік формалар системасын ендірді. Ол систематикада экологиялық - географиялық әдісті негіздеп берді. В.В. Алехин 1936ж "География растений" деген кітабында СССР - дың Европа бөлігі үшін өсімдіктің тіршілік формалары классификациясын ендірді. Ол тіршілік формалардың 15 группасын анықтады.
Тіршілік формалары түсінігінің авторы болған Варминг 1884ж жан - жақты дамыған морфо - биологиялық системаны ендірді. Ол өсімдіктерді екі негізгі группаға бөлді : гипаксант өсімдіктер яғни монокарптар - моноциклділер, дициклділер, полициклділер. Көп жылдық поликарптылар - бұларды екі топшаға 1). әрекетсіз немесе баяу әрекеттенетін өсімдіктер 2). әрекеттену ерекшеліктеріне ие болған өсімдіктер - жер үстінде әрекеттенеді. (жіңгелектер айырмашылығын жер астында әрекеттенетіндер тамыр сабақ, тік тамырлары суда сүзіп жүретіндер Варминг системасының негізгі олардың бейімделушілігін анықтады).
ХХ - ғасырдың бастарында (1903,1905,1907) Раункиер кең таралған системаны ұсынды. Ол системасында тіршілік формалардың жылдың ыңғайсыз жағдайында тіршілік етуіне негізделген.
Өсімдіктер тіршілік формаларын Қазақстан территориясында В.В.Павлов,А.И.Быков, И.О.Байтуллиндер зерттеген.
Сыртқы ортаның қандай да бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды бір роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдылыққа байланысты экологиялық топтарды мынадай экологиялық топтарға бөледі:
Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімдеушіліктер тән - кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, лептесік аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ жасушалы болып келуі, жасуша қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр жүйесін (системасын) түзеді.
Мезофиттердеп ылғалдылығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.
Гидрофиттердеп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді. Олардың мүшелерінің сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, жасуша аралық қуыстары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.
Гигрофиттер деп, ауаның ылғалы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады. Оларда судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды. Эпидермисінің жасушаларының қабықшалары мен кутикуласы жұқа, лептесік аппараттары жапырақ тақтасының бетінде бірыңғай орналасқан, жасушалары үлкен, борпылдақ бос жатады.

1.1. Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.

Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынандай негізгі топтарын ажыратады: 1. Ксерофиттер (грекше ксерос - құрғақ; фитон - өсімдік) - топырақтағы және аудағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер. 2. Мезофиттер (мезос- орташа) - орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер. 3. Гигрофиттер (грекше гигра - ылғал) - көбінесе атмосфералық ылғал мол жерде өсетін өсімдіктер. 4. Гидрофиттер (грекше гидро - су) - суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады да, сондықтан денесінің жартысы су астында, жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі. 5. Толығынан суға батып тіршілік ететін өсімдіктерді гидатофиттер (грекше гидатос - су) деп атайды.
Гидатофиттер - су өсімдіктері.Бұларға балдырлар, сужапырақ (элодея), валлиснерия, көптеген шыландар, егеушөп,мүйізжапырақ, тұңғиық, сары тұңғиық, наяда, дүңгіршек т.б. өсімдіктр жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп (тұңғиық), біразы су қабаттарында (балдыршөп, суөрік) бос жүреді.
Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты құрылымында өзіндік ерекшеліктер бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ клеткалардың екі ғана қабатынан тұрады. Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кткен. Дене беткейлері көлемі. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетіспейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де, біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктері тән.
Эпидермасының үстіңі беткейінде кутикуласы болмайды, болғанымен өте жұқа, судың енуіне кедергі жасамайды. Сондықтан судан шығарылған су өсімдіктері бірнеше минут ішінде солып қалады.
Су ауаға қарағанда едәуір тығыз, сол себепті өзіне батқан өсімдіктерді ұстап тұрады. Соның нәтижесінде су өсімдіктеріне механкалық ұлпаның аса қажеті болмайды. Сонымен қатар ауа тапшылығына бейімделу нәтижесінде су өсімдіктерінде ауаға толы көптеген клеткааралық қуыстар, аэренхималар пайда болады. Клеткаралық қуыстарөсімдіктердің суда жүзіп жүруін және ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Күндіз фотосинтез нәтижесінде оларға оттегі толады. Оттегі қараңғы түскенде ұлпалардың дем алуына жұмсалады. Тыныстану (дем шығару) кезінде бөлінген көмірқышқыл газы клетка аралықтарында жиналып, күндіз фотосинтезге жұмсалады. Сол сияқты бұларда түтікшелер нашар жетілген немесе болмайды, өйткені өсімдіктер суды бүкіл денесінің бетімен қабылдайды.
Гидрофиттер - әдетте су қоймаларының жағалауында өседі (жебежапырақ, алисма, қара өлеңшөп, қамыс, қорыс қырықбуыны, көптеген қияқөлеңдер). Су қоймаларының түбіне көптеген қосалқы тамыплы тамырсабақармен бекінеде де, су бетіне жапырақтары немесе жапырақты өркендері шығып тұрады.



Сурет 1 . Гидрофиттерге жататын өсімдік - қамыс.

Гидрофиттердің барлық мүшелерінде су қоймасы түбіндегі және суға батып тұрған бөліктерін оттегімен қамтамасыз ететін клеткааралық қуыстары жақсы жетілген. Көптеген гидрофиттерде пішіні және құрылымы дамып жетілген орта жағдайына байланысты әр түрлі жапырақтар пада болған. Мысалы, жебежапырақты алатын болсақ, оның су бетінен жоғары көтеріліп тұрған жапырағының сағағы мықты, жапырақ тақтасы тығыз, пішіні жебе тәрізді, мезофилінде бағаналы ұлпа жақсы жетілген; жапырақ сағағында, сол сияқты тақтасында да клеткааралық қуыстары бар.
Суға батып тұрған жапырақтары ұзыншақ, нәзік таспа тәрізді, жапырақ тақтасы мен сағағына жіктелмеген. Ішкі құрылымы нағыз гидатофиттердің жапырақтарына ұқсас.
Гигрофиттер - ылғалды ормандар, мен өзен аңғарларының батпақты шалғындардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары болғандықтан бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның нәтижесінде жоғарғы ағыс жолымен минералдық заттардың қозғалуы баяулайды. Басым көпшілігінің жапырағы жұқа, жалаңаш (түксіз), кутикуласы жұқа, устьицилері жабылмайды жапырақтың екі бетінде де орналасады. Орталық цилиндрі нашар жетілген, түтікшелері аз, тамыр жүйесі бетіне жақын орналасқан және аз бұтақтанған. Гигрофиттерге көптеген аройниктер, көкбұталар, (верескілер), кейбір бегониялар жатады. Қоңыржай аймақтың гигрофиттеріне баймана, шытырлақ (шыңкетер), батпақ қызылбаяуы, кейбір қырықбуындар жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті атауға болады.
Мезофиттер - орташа ылғалды ортада тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған қоңыржай аймақтың жапырағын түсіретін ағаштары мен бұталары: шалғын

Сурет 2 . Гигрофиттер (күріш)

және орман шөптесін өсімдіктерінің басым көпшілігі (қызылбас беде, шалғын атқонағы, меруертгүл, сныть), егістік дақылдардан - қатты және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі, жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қант қызылшасы, кенепшөп, бадам, жүзім, жемістік дақылдарының пістедан басқасының бәрі; сәбіз, қызанақ, қырыққабат, т.б. жатады.

Сурет 3 . Қант қызылщасы.

Ксерофиттер - ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін өсімдіктер. Олар су теңдестігін (балансын) әр түрлі бейімделу арқылы реттейді. Морфологиялық құрылысы жағынан ксерофиттер алуан түрлі. Бұған әр түрлі тіршілік формалары жатады, олардың бірсыпырасы алдыңғы тарауларда берілген. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су қорын сақтайтын сабақты-жапырақтары суккуленттер (кактустер, агава) сол сияқты жапырақтардың әр түрлі дәрежеде редукциялануы (дрок, қылша). Бейімделу белгілеріне жапырақ тақтасының көлемін кішірейту (жусандар), жапырақтың тікенекке айналуы (жантақ), жапырақ тақтасының түтікше тәрізді ширатылуы (қау), қалың түктермен жабылуы (аюқұлақ) сияқты буландыруды азайтатын, өсімдікті қызып кетуден сақтайтын белгілер жатады. Ксерофиттердің құрғақшылыққа бейімделу белгілері (ксероморфты) анатомиялық құрылысында анық байқалады. Олардың эпидермасын сырт жағынан қалың кутикула қабаты жауып, ол қабат тереңдеп устьице саңылауына дейін жетеді. Эпидерманың сыртына балауыз бөлініп, қабыршақ және таяқша тәрізді пішінге көшеді. Кейбір пальмалардың өркенінің сыртына бөлінген балауыздың қалыңдығы 5 мм-ге жетеді.

Сурет 4 . Ксерофиттер (кактус)

Ксерофиттердің устьицесі крипта (латынша Crypta - төле) деп аталатын тереңдікте, шұңқырда орналасады және олардың қабырғаларының кескін үйлесімі күрделі болып келеді. Мысалы, алоэда клетка қабықшасы клеткаларының өскіндері бір-біріне жақындайды, сөйтіп су буының ауаға шығуына кедергі жасайды.
Олендрада әрбір үлкен төледе бірнеше устьице орналасады да, ал төленің қуысы жұмсақ тығын сияқты жиі орналасқан түктермен толып тұрады.
Ксерофиттердің екі тобын ажыратады: склерофиттер (грекше склерос- қатты) және суккулерттер (латынша суккулентус - шырынды).
Склерофиттер құрғақ, қатты келеді, олар су мол болатын мерзімде де (көктемде) бойына су қорын жинамайды, денесіндегі ылғалды 25%-ке дейін жоғарлатудан зиян шекпейтін ксероморфты құрылымды өсімдіктер. Склерофиттердің жұлып алынған өркендері солмай ұзақ сақталады. Тамыр жүйесі қуатты жетілген. Склерофиттерде жоғарыда айтылған ксероморфтық ерекшеліктеріне қосымша, клетка шырынының осмостық қысымының жоғары болуы (40 - 60 - 100 атм) және жапырақтарында, сабақтарында механикалық ұлпаның (склеренхима) жақсы жетілуі тән. Склеренхима тек қана өткізгіш шоқтарының құрамына емес, эпидермаға жанаса жатқан қабаттар түзеді. Склерофиттерге жүзгін, сексеуіл және тағы сол сияқты шөл, шөлейтті, құрғақ дала өсімдіктері жатады. Суккуленттер керісінше денесінің белгілі бір бөлігінде су қорын жинайтын, шырынды, ет-жеңді өсімдіктер (өркендер метаморфозын қараңыз).

1.2. Өсімдіктердің субстратқа байланысты кейбір экологиялық топтары

Өсімдік пен топырақ тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені топырақ - өсімдіктердің бекіну ортасы, сол сияқты органикалық қосылыстарды синтездеу үшін қажетті су мен минералдық заттардың негізгі көзі. Өсімдіктердің тіршілігі үшін топырақтың химимялық құрамы, физикалық қасиеті, құрылымы, ылғалдылығы және тағы басқа ерешеліктерінің маңызы зор.
Өсімдіктердің топырақтағы қоректік заттарды қабылдау қабілеті әр түрлі. Осыған байланысты өсімдіктерді шартты түрде эвтрофты, мезотрофты және олиготрофты үшке бөледі.
Эвтрофты өсімдіктердіңтопырақ құнарлығына талабы өте жоғары (дала, орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері).
Олиготрофты (грекше олигос - аз, троф - қорек) өсімдіктер қоректік затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғын (аққылтан), құмайт топырақ (қарағай), шымтезекті батпақ (шықшөп, мүкжидек, ұлпабас, шымтезек мүктері) өсімдіктері жатады.
Тұздылығы жоғары топырақта өсетін өсімдіктер галофиттер деп аталады (грекше галос - тұз). Тұздылық мөлшері және ерекшелігіне қарай: сор және сортаң деп бөлінеді.
Сордың бет жағын тұзды су басып жатады. Бұларда көктемде ылғал мол болады да, жазға қарай тұздылығы артып, бет жағы тұзды қабыршақпен жабылады. Тұздану негізінен сода және гипс есебінен жүреді. Сортанда тұз топырақтың төменгі қабаттарында жиналады, жоғарғы қабаттары тұзсыз. Топырақтың бұл қабаты құрылымсыз болады. Топырақтың төменгі қабаты тығыз, кепкен кезде бағаналы бөліктерге және кесектерге жарылады. Негізгі галофиттерге сор өсімдіктері жатады. Олар алаботалар тұқымдасының өкілдері. Сыртқы көрінісі жағынан галофиттер суккуленттерге ұқсас, суға қаныққан (салмағының 92%-не дейін). Тамырлары біршама нашар, тереңге кетпейді.
Б.А. Келлер галофиттердің мынадай типтерін ажыратады:
1. Бұзаубас сортан типі. Жапырақтары қатты өзгерген, шырынды, сабағы бунақталған өсімдіктер. 2. Шведка (Snaeda maritima) типі. Жапырақтары өзгермеген, шырынды ет-жеңді өсімдіктер. 3. Көкпек типі. Жапырақтарының беткейінде көпіршік тәрізді түктерге ұқсас су сақтайтын ұлпалары болады. 4. Ет - жеңді емес сортандар типі. Өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында тұзды ерітінділер бөлініптұратын бездері болады, осылар арқылы өсімдік өз денесіндегі артық тұздан арылады.
Өсімдіктердің басым көпшілігі үшін тұздың жоғарғы концентрациясы өте зиян, мысалы, ас тұзы топыраққа 2-3 процент болған жағдайда өсімдік өледі. Осыған қарамастан галофиттердің денесінде ас тұзының мөлшері өте жоғары (49-50%-ке жетеді). Галофиттерге өте жоғары осмостық қысым тән, сондықтан олар тұзды топырақтан ылғал қабылдай алады. Галофиттердің көпшілігінде, ол 20-30 атм, кейде 100 атм-ға жетеді, ал кейбіреулерінде 150 атм болады.

1.3. Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары.

Фактор ретiнде жарықтың өсiмдiкке әсерiнiң маңызы өте зор және алуан түрлi. Жарық ең алдымен фотасинтез үшiн қажет. Жасыл өсiмдiктердiң өмiрi жарықсыз мүмкiн емес. Өсiмдiктердiң басым бөлiгi үшiн жарық ортаның ең қажеттi факторы. Әрине барлық өсiмдiктер жарықта ғана өседi деген түсiнiк болуы тиістi емес, кейбiр өсiмдiктер көлеңкенi, ендi бiреулерi мүлде қараңғыны ұнатады.
Дегенмен өсiмдiктер жарық жағдайларына бiркелкi емес бейiмделген, яғни өсiмдiктiң жарыққа мұқтаждығына қарай З категорияға жiктеуге болады: а) ашық, күн сәулесi жақсы түсетiн жерлерде өсетiн өсiмдiктер - гелиофиттер (бұлар шөл, дала, тундра, биiк таулардың басында өсетiн өсiмдiктер); ә) күн сәулесi толық түсетiн жерлерде де, сондай-ақ көлеңкенi ұнататын өсiмдiктер - факультативтi гелиофиттер (шабындықта, орманның ашық алаңдарында өсетiн өсiмдiктер жатады). Мұндай өсiмдiктер жарықты әртүрлi кезеңде түрлiше қажет етедi; б) табиғатта ашық жерлерде мүлде өсе алмайтын өсiмдiктер - скиофиттер немесе сциофиттер (орманды жерде өсетiн емен желайдары, бойқалақай, күзгi шырыншөп т.б. жатады). Жарық сүйгiш, көлеңке сүйгiш және көлеңкеге төзiмдi деп бөлiнедi. Жарық сүйгiш өсiмдiктер тек толық, ашық жарық жағдайында қалыпты дами алады және көлеңкеленудi қаламайды (көптеген дала шөптерi, қарағай) және басқалар.

Сурет 5 . Жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары

Көлеңкесүйгiш өсiмдiктер тек көлеңкелену, шашыраңқы жарық жағдайында қалыпты дамиды.
Ормандағы төменгi ярустағы өсетiн өсiмдiктердiң көптеген топтары осы топқа жатады, әсiресе жапырақты орман өсiмдiктерi (папоротниктер, мүктер, самшит және т.б). Көлеңке сүйгiш ағаш өсiмдiктерi толық жарық жағдайында, бiрақ көлеңкеленуде де өсуге қалыптасқан (самырсын, жөке, вереск және т.б).
Бұл экологиялық топтағы өсiмдiктер жапырағының анатомиялық құрылысымен ерекшеленедi. Жарық сүйгiш өсiмдiктердiң жапырақтарының негiзiн қалың қатты жақсы жетiлген бағаналы паренхималы пластинка және механикалық ұлпалар құрайды.
Эпидермис ұсақ қалың қабырғалы жасушадан тұрады, кейде көп қабатты, мықты кутикула қабатымен қапталған. Ондай өсiмдiктердiң жапырағының төменгi бетiнде көптеген лептесiктер болады. Сабағының буын аралықтары қысқарған.
Көлеңке сүйгiш өсiмдiктердiң жапырақ алақаны жұқа, себебi бағаналы паренхима өте әлсiз дамыған немесе мүлдем болмайды. Борпылдақ ұлпа iрi хлоропластан тұратын аздаған жасуша санынан тұрады. Эпидермис бiрқабатты, iрi жасушалы, жиi хлоропласт болады. Эпидермис жасушаларының қабаты жұқа, кутикуласы болмайды. Лептесiктерi терең емес, кейде бiршама көтерiңкi жарықсүйгiш өсiмдiктердiң эпидермисінен iрiлеу, бiрақ олар недәуiр аздау. Сабағы ұзарған, буынаралықтары ұзын. Бұл топқа жапырақты орман шөптерi және шамшат, самшит және т.б. ағаш өсiмдiктері жатады.

Кесте - 1. Сциофиттер және гелиофиттер сипаттамасы

Белгі
Гелиофиттер
Сциофиттер
Сыртқы пішіні
Шоқтанған
Тік тұратын
Жапырақтарының орналасуы
Диффузды
Мозаикалы
Жапырақтары
Ұсақ тілімделген
Ірі, бүтін
Лептесік (устьица)
Көп
Аз
Жүйкеленуі
Қалың
Сирек

Механикалық ұлпа

Жақсы жетілген
Нашар дамыған
Хлоропластары
Ұсақ, көп
Ірі, аз

Жаңбырлы тропикалық ормандардың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, өркендердің негізгі бөлігін үстіңгі ярусқа, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формаларының лианалар мен эпифиттер қалыптасады.
Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез өсетін өсімдіктерді айтады. Олар қатты сүйенішті пайдаланып, күннің көзіне қарай жылжиды.
Эпифиттер деп жердің бетінен көп жоғары жердегі ағаштардың діңдеріне қоныстанатын шөптесін өсімдіктерді айтады. Олар өз бетімен қоректенеді.
2. Өсімдіктердің тіршілік формалары.

Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары (ксерофиттер және басқалар) ғана емес, тіршілік формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер жамылғысының негізгі құрылым бөліктерін белгілеу үшін өсімдік формасы деген түсінікті алғаш рет өндірген ботаник А. Гумбольдт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың кейбіреулері: банан, сүректі папоротник, астық, мүк. Осындай формалар жиынтығы және олардың әрқайсысының үлесі зерттелетін аймақ өсімдіктер жамылғысының бет пердесін (физиономиясын) анықтайды.
Құрылымдық топтар және өсімдіктер жамылғысының географиясы туралы ғылымның басты кезеңі А. Гризебахтың жұмысымен байланысты. Ол өсімдік формасының санын 60-қа дейін жеткізіп оларды өсімдіктер формасы деп атады.
Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н. Краснов, А.Б.Келлер, И.Г. Серебряковтың есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник - эколог А.Б. Келлердің (1933) айтуы бойынша, тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрдің анықтамалар
Прогресшіл биологтардың дарвинизмді қорғауы және насихаттауы
Түр және түр түзілу процесі
Дарвиннен кейінгі кезенде эволюциялық ілімнің дамуы
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Экологияның дамуы
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
XVIII ғасыр ортасындағы тірі табиғат туралы метафизикалық ұғымдар
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Өсімдік жасушасының құрылысы
Пәндер