ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ: 3 дәрежелі СМЖ құжат
УМКД
УМК 042-14. 1. 04. 01. 20. 70/01-2009
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ:

«Құрылыс материалдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің

оқу- әдістемелік материалдары

№2 баспа

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

“ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ”

050729 “Құрылыс”, 050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын

және конструкцияларын өндіру»

Оқу әдістемелік материалдары

Семей 2009

Мазмұны

:
:
:
: 1
: Дәрістер
:
: 2
: Зертханалық жұмыстар
:
: 3
: Студенттің өздік жұмысы
:
  1. Дәрістер.

№1 дәріс. Кіріспе. Құрылыс материалдарының қасиеттері.

Дәріс жоспары:

1. Кіріспе.

2. Құрылыс материалдардың қасиеттері.

1. "Құрылыс материалдары" пәні инженер-құрылысшыларды даярлауда негізгі пән болып табылады. Бірде-бір ғимаратты құрылыс материалдары мен олардың қасиеті туралы жан-жақты білімсіз жобалап тұрғызу мүмкін емес. Барлық материалдар белгілі МЕСТ-ке, сонымен қатар Құрылыс нормалары мен ережелері деп аталатын нормативті құжаттар жүйесіне сәйкес келеді.

Бұл құрамның байланысын, материалдардың қасиеті мен құрылуын, сонымен қатар олардың физика-химиялық, физикалық, механикалық және басқа да әсерлердегі өзгерісі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Кез келген материал құрылымда жүктемеге немесе қоршаған орта әсеріне ұшырайды. Материалдың ғимаратта қолданылу жұмыс шартына байланысты құрылыс материалдары төмендегідей жіктеледі:

1. әмбебап типтегі материалдар (қатаң құрылымдарға арналған)

2. арнайы бағыттағы материалдар (әсерден қорғауға арналған)

2. Олардың қолданылу аймағы материалдардың қасиеттеріне байланысты. Барлық қасиеттері өзіндік ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:

1. Физикалық. Оларға салмақтық сипаттамалары, тығыздығы, сұйықтар, газдар, жылу мен радиосәулелер үшін өткізгіштік, қоршаған ортаның агрессивті әсеріне кедергілік қасиеті жатады.

2. Химиялық. Материалдардың қышқыл, сілті, тұзды ерітінділерге тұрақтылық көрсеткіштерімен бағаланады.

3. Механикалық. Қысу, созу, соққылау, майыстыру және тағы да басқа күштік әсерлерге кедергілік қабілетімен сипатталады.

4. Технологиялық. Материалдың бұйым даярлау кезінде өңдеуге төзімділік қабілеттілігі.

Бұйымның құрылымы эксплуатацияға сенімді (жарамды) және төзімділікті қамтамасыз ету қажет.

Сенімділік дегеніміз төзімділік, бұзылмау, жөндеуге жарамдылық, сақталғыштық.

Төзімділік - бұйымның қасиеті жұмысқа жарамдылығын қажетті аралық жөндеулермен шектік деңгейге дейін сақтауы. Шектік деңгейі бұзылу, техника қауіпсіздігі немесе экономикалық мәселелермен анықталады. Төзімділік эксплуатация режимі мен нақты климаттық шарттарда эксплуатациялық сапасын жоғалтпай қызмет көрсету мерзімімен өлшенеді.

Бұзылмау - эксплуатация шарты мен белгілі режимде белгілі уақыт аралығында жөндеуге түспей бұйымның жүмысқа қабілеттілігін сақтауы.

Жөндеуге жарамдылық - техникалық сипаттамасын сақтай отырып қайта қалпына келуге қабілеттілік қасиеті. Орташа уақыт, еңбек сыйымдылығы, бір бұзылуды жөндеу бағасы көрсеткіштер болып табылады.

Сақталғыштық - техникалық құжаттамада белгіленген сақтау мерзімінде және сақтау мерзімінен кейін, тасымалдауда негізделген эксплуатациялық көрсеткіштерді сақтау қасиеті.

Бақылау сұрақтары:

  1. Құрылыс материалдардың қандай физикалық қасиеттерің білесіз?
  2. Қысуға беріктік деген не?

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С. Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К. Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К. Н. Попов, М. Б. Каддо - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А. Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов - 5-е изд., перераб. и доп. - М. : Высш. шк. , 1988-527с.

№2 дәріс. Табиғи тас материалдары. Тау жыныстарының негізгі түрлері және олардың жіктелуі.

Дәріс жоспары:

1. Табиғи тас материалдарының түрлері

2. Тау жыныстарының жіктелуі.

Тау тілімі бір мономинералды немесе бірнеше полиминералды минералдардан тұратын құрамы тұрақты минералды масса.

Минерал дегеніміз химиялық кұрамы мен физикалык қасиеттері біртекті табиғи дене. Табиғи тас материалдары ретінде құрылыста тау тілімдерін пайдаланады. Олар құрылысқа қажетті касиеттерге ие.

Геологиялық жіктелуі бойынша тау тілімдері үшке бөлінеді:

1) біріншілік

2) екіншілік

3) метаморфиялық

1) Біріншілік тау тілімдері балқыған магманың жер түбінен көтеріліп суыған кезде түзіледі. Біріншілік тау тілімдерінің кұрылысы мен қасиеті магманың суу шартына байланысты, Осыған байланысты тау тілімдері тереңдік және беттік болып бөлінеді.

Тереңділік тау тілімдері - магманың жер тереңінде баяу суу нәтижесінде түзілген. Бұл тау тілімінің тығыз кристалды құрылымын, жоғары және орташа тығыздығын, жоғары беріктік шартын қамтамасыз етеді. Мұндай тау тілімдерінің су өткізгіішігі төмен, суыққа төзімділігі жоғары болып келеді. Мұндай тау тілімдеріне гранит, сиенит, диорит, габбро және т. б. жатады.

Біріншілік тілімдер магманың жер бетіне салыстырмалы түрде жылдам шығып, тұрақсыз суу процесі нәтижесінде түзілген. Неғұрлым көп тараған біріншілік тілімдер: порфир, диабаз, базальт.

Сынықша тілімдер вулкан лаваларының жылдам сууы нәтижесінде пайда болады.

2) Екіншілік тау тілімдері - біріншілік тау тілімдерінің температура, күн радиаииясының, су атмосфералық газ жэне т. б. әсерлерінен түзілген. Осыған байланысты екіншілік тау тілімдері сынықша сусымалы, химиялық және органикалық болып бөлінеді. Сынықша сусымалы тау тілімдеріне гравий, щебень, құм, сары топырақ түрлері кіреді. Органикалық тау тілімдері диатомит, бор.

3) Метаморфиялық тау тілімдері - біріншілік және екіншілік тау тілімдерінің жоғары температура әсерінен және жер қабатына көтерілу, түсу процесіндегі қысым әсерінен түзілген.

Табиғи тас материалдарының бұйымдарын тау тілімдерін өңдеу арқылы алады.

Тас материалдарын өңдеу әдісіне қарай төмендегідей жіктейді: жарық тас (бут) - жару әдісі арқылы алады; ірі тас - өңдеусіз кесу арқылы алады; уатылған (ұсақтау) - уату аркылы алады (щебень, жасанды құм) ; сұрыпталған тас (булыжник,, гравий) .

Ғимараттың іргетасы мен жер асты қабырғалары үшін тегістелген, кесілген тастар қолданылады. Облицовкалық тақталар мен тастар алаңдар мен сатылары элементтері, парапеттер мен қоршаулар, табиғи тасты кесу немесе тегістеу, механикалық өңдеу арқылы дайындалады, Халық қажеттілігіне қарай көркемділік заттарды, мозайкалық жұмыстар мен монументалды ғимараттарды жоғары декаративті өңдеуде жасанды тастар қолданылады: яшма (түрлі-түсті, қаттылығы жоғары), родонит (кең жайылған қызыл жолақтары бар түссіз), лазурит (кең жайылған көк жолағы бар, қаттылығы аса үлкен емес тас), нефлит (жасыл түсті қаттылығы мен тұткырлығы жоғары табиғи тас), янтарь (сары түссіз) және т. б

Тастар мен материалдар пішініне қарай бұрыс пішінді тастар (щебень, гравий) және дұрыс пішінді даналық бұйымдар (тақталар, блоктар) болып жіктеледі.

Щебень - өлшемі 5-7мм болатын тау тілімдерінің бөлігі. Оны жасанды гравий-щебендік қоспа жасау үшін пайдаланады.

Тас материалдарының бұзылуы ерітінді ретінде су әсерінен, су мен суықтың ауыспалы әсерінен, органикалық қътшқылдар әсерінен жүреді.

Бейорганикалық және органикалық шаң бөліктері тас материалдарының кеуектері мен беттеріне қонады. Сумен араласқан кезде микроорганизмдердің өсуімен бактериологиялық процестер туындайды. Бұл тасты органикалық қышқыл түзу арқылы бұзады. Тастың бұзылу жылдамдығы микросаңылаулар, микроқабаттылық, әсерлесетін және еритін заттардың сапасына, құрылымына байланысты.

Судан қорғау үшін материал түбіне флюатирование колданылады. Онда суда ерімейтін тұздар түзіледі және олар кеуектер мен микросаңылауларды жабады, жеңіл мұнай дистилляты немесе тас бұрышты дегтада скипидар, парафин қабаттарымен жабады. Көмірқышқылдар әсерінен және таста сульфаттың түзілуінен қорғау үшін тастың 1 см тереңдігіне дейін ыстық льнян майымен қанықтырады. Сонымен қатар тас материалдарын кұрылымдық шарттармен қорғайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Метаморфиялық тау жыныстар.
  2. Шөгінді тау жыныстар.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С. Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К. Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К. Н. Попов, М. Б. Каддо - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А. Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов - 5-е изд., перераб. и доп. - М. : Высш. шк. , 1988-527с.

№ 3дәріс. Керамикалык материалдар мен бұйымдар.

Дәріс жоспары:

  1. Керамикалық материалдардың шикізаттары.
  2. Керамикалық бұйымдарды өндіру әдістері.
  3. Керамикалық бұйымдардың қасиеттері.

Керамикалық материалдарды сары топырақты (глина) пішіндеп күйдіру арқылы алады. Құрылысына қарай керамикалық материалдарды кеуекті және тығыз деп бөледі. Қолданылуына байланысты: қабырғалық - кәдімгі кірпіш, кеуекті кірпіш және тастар, ірі блоктар мен панельдер; жабынға арналған - тастардан жасалған балкалар мен панельдер, сыртқы каптама (облицовка) үшін қабырғалар мен едендерге арналған тақталар, санитарлы-техникалық бұйымдар, шатырлар, канализацияға арналған кұбырлар Керамикалық материалдарды дайындауда шикізат көзі ретінде сары топырақ, кварцты кұм, шамот, шлак, ағаш ұнтағы пайдаланылады.

Сары топырақ - сумен араласқанда пластиналы қоспа түзетін, кептіргенде белгІлі пішінде болатын, күйдіргенде тастың тығыздығына теңесетін минералды масса немесе тау тілімінің бір түрі. .

Сары топырақтың пластикалығы деп белгілі пішінде жарылмай, ақаусыз түзіп, осы пішінді кептіру және күйдіруде сактауы. Бұл пластикалық коэффициенттермен сипатталады.

мұндағы, W Т , W Р - ылғалдылық мәндері, %.

Пластикалығына байланысты сары топырақтар жоғары пластикалы (П=25), орташа пластикалы (П=1З-25), мөлшерлі пластикалы (П=7-15), төмен пластикалы (П=7) болып жіктеледі.

Сары топырақтың кұрамында сары топырақ фракциясы неғұрлым көп болса, соғұрлым байланысы берік болады.

Байланыстырғыш қабілеттілігі-пластикалық емес материалдар бөлшектерін байланыстыруға мүмкіндігі бар. Бұл үшін шикізатты карьерларды ашық әдіспен алады. Мұнда массаны пішіндеу бастапқы шикізаттың қасиеттеріне және дайындалатын өнімнің түріне байланысты жартылай құрғақ, пластикалы және шликерлі (сулы) әдістермен өңдейді.

Пластикалық әдісте кептіру негізгі әдістердің бірі болып табылады. Кептіру процесі материалдың жылу және масса алмасуының қоршаған ортамен байланысы. Технологиялық процестің соңғы сатысы - күйдіру табылады.

Қабырғалық материалдар төмендегідей жіктеледі:

1. Бұйым түріне байланысты

а) керамикалық жэне силикат кірпіш

б) керамикалык, силикат, бетон тастар

в) керамикалык, силикат, бетон, ұсак блоктар.

2. Қолданылуына байланысты: қатарлық және биіктік.

3. Пайдаланылатын шикізат түріне және бұйымның дайындалу байланысты: сары топырақ, диатомит, трепелден пластикалык жопе жартылай құрғақ әдіспен нығыздалып дайындалған бұйым.

4. Технологиялық қасиеті мен тығыздығына байланысты:

а) жылу технологиялық қасиеттері мен жоғары тиімділіктері - тығыздығы 1400 кг/м кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м 3 тастар.

б) шартты тиімділіктері - кірпіштің тығыздығы 1400 кг/м 3 жоғары, ал тастың тығыздығы 1450-1600 кг/м 3 аралығы.

Арнайы мақсаттағы кірпіштер мен тастар бұл топқа канализациялық құрылымдар мен жол жабындарына арналған тастар меп кірпіштер жатады. Олардың беріктігі, тығыздығы, аязға төзімділігі жоғары болуы керек. Лекальды кірпіш өндірістік түтін құбырлар қалауға қолданылады. Олардың кызу температурасы 700 0 С.

Канализациялық кұрылымдарға арналған тастардың тығыздығы жоғары болуға тиіс. анализациялық құбырларды отқа төзімді сары топырақтан дайындайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Иілімді әдіс.
  2. Жартылай құрғақ әдіс.
  3. Иілімділік деген не?

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Золотарский А. З, Шейнман А. Ш. Производство керамического кирпича. М: В. Ш., 1989

2 Сайбулатов С. Ж. Производство керамического кирпича. М. Строииздат, 1989

3 Августинник А. И. Керамика. Л. : Стройиздат, 1975

4 . Үдербаев С. Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

№ 4дәріс. Шыны және шыны кристалды материалдар

Дәріс жоспары:

1. Шыны материалдарды өндруге арналған шикізаті.

2. Шыны материалдардың түрлері.

3. Шыны материалдардың қасиеттері.

Балқытылған шыны массасынан дайындалған материалдар мен бұйымдар кеңінен таралған.

Шыны жарық өткізуге арналған сынғыш, басқа құрылыс материалдарына ұксамайтын материал.

Шынының қасиеті көптеген факторларға тәуелді: Құрамына жылу мен өңдеу режиміне, үлгінің өлшеміне және т. б Шынының беріктігі сынғанда, қысқанда 700 000 мПа, ал созғанда 30-80 мПа. Шыны талшықтары 10 -4 см диаметрмен созғанда, беріктігі 200-500 мПа жетеді, яғни 10 есе үлкен. Шынының беріктігіне ішкі ақаулары, қыздыру температурасына шыдамдылығы әсер етеді. Шынының негізгі кемшілігі оның сынғыштығында.

Сынғыштығы көптеген факторлармен анықталады. Олардың негізгісі материалдың серпімділік модулінің беріктігіне қатынасы E/R. Бұл қатынас неғұрлым үлкен, ал кернеу (тартылу) деформациясы кіші болған сайын материал беріктік шегіне жетеді. Шынының серпімділік модулі 4, 5 10 4 - 9, 8 10 4 мПа.

Кәдімгі силикат шынылар жарықты жақсы өткізеді және ультракүлгін, (толқын ұзындығы 300), инфрақызыл (толқын ұзындығы 300 ден жоғары) сәулелерді өткізбейді. Шынының химиялық құрамы мен түсін өзгерту арқылы шыныньің жарық өткізгіштігін реттеуге болады.

Әйнектік шыны жазықтық шынылардың көп таралғаны. Әйнектік шынылардың жарық өткізгіштігі оның қалыңдығына байланысты. Шынының қалыңдығы 2-6мм. Шыныны алу үшін негізгі зат: кварцты құм, натрий сульфаты немесе әктің кальцийленген содасы, доломит және т. б заттар.

Орнаментты шыны әйнектік шынының құйып жасалынған бір түрі. Бұл шынының бір жақ беті тегіс, ал екінші жағы өрнектелген.

Түсті шыныны металл оксидтерімен қайнату процесі арқылы боялған шыны массасынан алады. Негізгі түстері: сары, көк, күлгін, жасыл. Максималды өлшемі 80 млн 31000 мм. Түсті шыныларды балкондарды, лоджияларды, сатыларды, лифт шахталарын қоршауға арналған декаративтілік плафон жасауға қолданады.

Қорғаныш шыныларын арнайы термиялық өңдеумен алады (серпімділік және беріктікті жоғарылату үшін) . Қорғаныш шынылары автотранспорттарда колданады.

Күн сәулесінен және жылдам корғайтын шыныларды шыны бетін арнайы ерітіндімен аэрозольды өңдеу арқылы дайындайды. Бұл шыныларды ғимараттар мен транспорттарды күн сәулесі мен жылу радиациясыи төменде мақсатында колданады. Шынының өлшемі (160 млн 32000мм) 16032000мм, қалыңдығы 3-6 мм. Жарық өткізгіштігі 30-70%, жылу сәулесін өткізгіштігі 60%. Бұл шынының 1 кв метрдің бағасы осыған сәйкес өлшемі мен калыңдығы әйнектік шынының бағасынан 1, 5-1, 7 есе артық.

«Витрасен» - жарықты барлық ғимарат бойынша тарату қабілеттілігі бар шыны. Ол жақсы жылу және дыбыс изоляторы болып табылады. Жылу өткізгіш. Шыны күн спектрінің инфрақызыл сәулелерін жұтуға арналған, құрамында арнайы қоспалары бар боялған масса. Түсі күлгін-жасыл. Жарық өткізгіштік қабілеті 65%, ал инфрақызыл сәуленің өткізгіштігі 35%-тен көп емес. Шынының өлшемі 16 032 000 мм, қалыңдығы 3-4мм.

Шыны пакеттер бір-бірімен периметр бойынша герметикалық қосылған екі немесе одан да көп шыны беттерінен тұрады. Шынылар арасында құрғақ ауамен толтырылған кеңістік бар. Шыны пакеттерді әйнектік қалыңдығы 8 мм, ауданы 5м 2 болатын әйнектік шынылардан жасайды. Шынылардың арақашықтығы 15-20мм. Шыны пакеттердің максималды өлшемі 23 031 900 мм, минималды өлшемі 3 300 300 мм. Шыны пакеттердің жылу өткізгіштік коэффициенті 2, 4-1, 7 Вт/е (м 2 0 ) .

Жарық өткізгіштігі 30-80 %, дыбыс изоляциялық қабілеттілігі 29-32 ДВ. Сөрелік шыныны қалыңдығы 6-12мм, ауданы 4-12м 2 шыныдан жасайды. Сөре шынының беріктігі жоғары, 1200 мПа дейін барады.

Шыны құбырлар. Вертикальды немесе горизонтальды созу әдісі арқылы дайындайды Температурасы 120°С, қысымы 0, 3 мПа, сұйықтары үшін диаметрі 15-65мм, ал ұзындығы 100-300 мм етіп дайындайды.

Стекловата - жұка жіптерден тұратын материал. Беріктігі өте жоғары. химиялық тұрақты, дыбыс және жылу өткізгіштігі төмен. Азбоцемент бұйымдарын дайындауда дыбыс және жылу изоляциялық дайындау материалы толықтырғыш ретінде пайдаланады.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С. Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К. Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К. Н. Попов, М. Б. Каддо - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А. Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов - 5-е изд., перераб. и доп. - М. : Высш. шк. , 1988-527с.

№ 5 дәріс . Гидротациялық (бейорганикалық) байланыстырғыш заттар.

Дәріс жоспары:

  1. Шикізаттар.
  2. Өндіру технологиясы.
  3. Түрлері мен қасиеттері.

Гидротациялық (бейорганикалық) байланыстырғыш заттар дегеніміз сумен араласқанда созылмалы зат түзіп, химиялық өзара әсерлесу процесінде қатайып беріктенетіп біртұтас монолит құрайтын майда ұсақталған ұнтақ материал. Бұған тас материалдары (кұм, гравий, щебень) толықтырғыш ретінде енгізіле отырып конгломерат сиякты жасанды тас алынады.

Гидротациялық тұтқыр ауа (тек ауалы ортада қатайып беріктенеді және гидравликалық (тек суда) сулы ылғалды ортада қатаяды деп бөлінеді.

Құрылыстың ауалы әк СаО 2 - СаСО 3 табиғи карбонатты 900-1300 0 С-да күйдіргенде құрамында 8%-ға дейін сазды қоспалар (әк, доломит, бор және т. б) болатын өнім. Күйдіруді шахталарда айналып тұратын пештерде жүргізеді. Шахталы пештерде күйдіру кеңінен таралған. Шахталы пеште күйдірілетін известняк шахта бойымен жоғарыдан төмен 3 аймакпен өтеді:

  • кыздыру аймағы (шикізатты кептіру және жеңіл заттарды бөлу) ;
  • күйдіру аймағы (заттарды күйдіру) ;
  • суыту аймағы.

Қыздыру аймағында әк күйдіру аймағынан газ тәріздес өнімдердің жануынан келетін жылумен 900°С-да қыздырылады. Күйдіру аймағында отынның жануы мен известняктың СаСОз известке СаО және көмірқышқылы СО 2 1000-1200 0 С бөлінеді. Суыту аймағында күйдірілген известняк жоғарыдан төмен қозғалатын суық ауа арқылы 80-100 0 С дейін суыйды.

Күйдіру нәтижесінде көмірқышқылы толығымен жоғалып ақ немесе сұр түсті әк алынады. Бұл известен құрылыстық ауалы әктің көптеген түрін алады: майда ұнтақ тәріздес әк, әкті қоспалар.

Құрылыстық ауалы әкпен қалау және штукатуралау қоспаларын маркасы төмен бетондарды (ауалы-құрғақ ортада жұмыс істейтін), тығыз силикат бұйымдарын даярлауда (кірпіш, ірі блоктар, панельдер), цементтер алуға қолданады.

Гидротехникалық және гидромелиорациялық кұрылымдар тұрақты әсерінде жұмыс істейді. Мұндай ауыр шарт құрылымның эксплуатациясына байланыстырғыш заттарды қолдануды талап етеді. Бұл байланыстырғыш заттардың тек беріктігі ғана емес, сонымен қатар суға төзімділігі, суыққа төзімділігі және коррозияға тұрақтылығы жоғары болуы қажет. Мұндай каситеттерге гидравликалық байланыстырғыш заттар ие.

Гидравликалық әкті табиғи мергель мен мергелді әкті 900-1100 0 С күйдіру арқылы алады. Гидравликалық әк өндірісіне баратын мергель мен мергелді әктін құрамында 6-25% сазды және құмдық қоспалар болады. Оның гидравликалық қасиеті гидравликалық модульмен сипатталады. Бұл модуль кальций қышкылының пайыздық мөлшерінің кремний, алюминий, темір қышқылдарының қатынасына катынасын береді.

Гидравликалық әк баяу қатаятын тұтқыр зат. Оны кұрылыс қоспаларын төмен маркалы бетондарды, жеңіл бетондарды, аралас бетондарды дайындауда қолданады.

Портландцемент - клинкер майда қалдығы мен гипсті араластыру арқылы алынған гидравликалық байланыстырғыш зат. Клинкер құрамында известняк немесе гипстің табиғи және шикі қоспасынан тұратын біртекті өнім. Шикі массаны айналмалы пештерде күйдіреді. Портландцементті байланыстырғыш зат ретінде цементті қоспалар мен бетондар даярлауда қолданады.

Шлактыпортландцемент құрамында гидравликалық қоспа түрінде түйіршіктелген доменді немесе электртермосфосфорлы шлак қосылған. Ол арнайы режимде суытылады. Оны портландцементті клинкер қалдығын (3, 5% дейін шлак 20-80 % және гипсті тас 3, 5%) араластыру арқылы алады. Шлактыпортландцемент қатаюдың басында беріктігі баяу өссді, одан әрі беріктену жылдамдығы жоғарылайды. Ол қоршаған орта температурасына тәуелді.

Карбонатты портландцементті құрамында 30 % известнягі бар цементті клинкер қалдығынан алады. Ол қатаю кезінде бөлгіштігі төмен, ал тұрақтылығы жоғары болады.

Бақылау сұрақтар:

1. Портландцементті өндіруге арналған қандай шикізаттар пайдаланады?

2. құрамы?

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Үдербаев С. Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

2. Попов К. Н. Строительные материалы и изделия: Учебник/ К. Н. Попов, М. Б. Каддо - 2-е изд., испр. и доп. - М. : Высш. шк. , 2005-438с.

3. Комар А. Г. материалы и изделия: Учеб. для инст. экон. спец. строит. вузов - 5-е изд., перераб. и доп. - М. : Высш. шк. , 1988-527с.

№ 6дәріс. Құрылыс қоспалары. Бетондар.

Дәріс жоспары:

1. Шикізаттар.

2. Өндіру технологиясы.

3. Түрлері мен қасиеттері.

Құрылыс қоспалары бейорганикалық заттар (цемент, известь, гипс, глина), ұсақ толықтырғыштар (құм, ұсақталған шлак, су және кажет болған жағдайда басқа да бейорганикалық және органикалық заттарды қосындысынан тұратын қоспа. Жаңа дайындалған күйінде кез келген кедір-бұдырлықты толтыру үшін жұқа қабатпен жабуға болады. Олар ерімейді, қатаяды, беріктігі жоғарылайды, соңында тасқа ұқсас материалға айналады. Құрылыс қоспаларын кірпіш қалау, әэрлеу, жөндеу және т. б. жұмыстарда пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпoрындағы мaркетингтік қызметті ұйымдастыру
Сот тауартану сараптамасы
АБК - зертхана ЖШС құрылыс материалдары зертханасының аккредиттеу саласы
Атырау облысының құрылыс индустриясы
Құрылыс материалдарын сынау және оның қауіпсіздігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат ұғымы
Құрылыс материалдардың өнім сапасын басқару
Құрылыс салуға жасалған шарт бойынша түсім мен шығындар
Деректер базасына сұраныс құру
Керамиқалық кірпіштерді сынау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz