E-leaning - де білімді бақылау жүйесін құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Техникалық кибернетика кафедрасы
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
техн. ғыл. д-ры, профессор
“___” 2007 ж.
Дипломдық жобаға
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Ғыл. жетекші
техн. ғыл. к-ты, доцент
“___” 2007 ж.
Студент
Мамандық 370140, АӨжБКЖ
Топ
Тақырыбы E-leaning -де білімді бақылау жүйесін құру (кешенді диплом)
Рецензент
Инженерлік кибернетика кафедрасының меңгерушісі, техн. ғыл. канд., проф.
“___” 2007 ж.
Стандарттау бойынша кеңесші
ТК кафедрасының оқытушысы
“___” 2007 ж.
Кеңесшілер:
Экономика бойынша кеңесші
ӨЭ кафедрасының доценті, тех. ғыл. канд.
“___” 2007 ж.
Еңбек қорғау бойынша кеңесші
ЕжТҚ кафедрасының доценті, тех. ғыл. канд.
“___” 2007 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Институт Ақпараттық технологиялар
Кафедра Техникалық кибернетика
Мамандығы 370140-Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
Диплом жобасын (жұмысын) орындауға
ТАПСЫРМА
Студентке
Жобаның тақырыбы E-leaning -де білімді бақылау жүйесін құру
Жоғары оқу орны бойынша «» 2007 ж. № бұйрықпен бекітілген.
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі « __ » мамыр 2007 ж.
Жобаның негізгі деректері Диплом алды практикасының нәтижелері, әдебиеттерді шолу
Диплом жобасында зерттелетін мәселелердің тізімі немесе диплом жобасының қысқаша мазмұны
а) Қазіргі кездегі E-Learning жасаудың жағдайы. Қолданылатын бағдарламалық құралдар.
E-Learning-ді ұйымдастыру мәселелері. Есептің қойылымы.
б) E-Learning-де білімді бақылау жүйесін құру. Web-жобаның клиенттік сценарийлік модуліне сипаттама. Web-қосымшасының құрылымын жасау. Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау. Қолданушыға нұсқаулық, желі администраторына нұсқаулық.
в) Экономикалық тиімділік. E-Learning құру мен енгізуге шығындарды есептеу. E-Learning құру мен енгізудің пайдасын және шығынды өтеу мерзімін есептеу.
г) Еңбек қорғау. Өндірістік зиянды және қауіпті факторларды таңдау. Қорғаныс шаралары. Өндірістік санитария. Электр қауіпсіздігі. Өрт қауіпсіздігі.
График материалдарының тізімі (міндетті сызбалардың дәл көрсетілуімен )
Жобаның жалпы құрылымы, Қолданылатын клиент-серверлік технология.
Web-қосымшаның оқу-әдістемелік құрылымы. Білімді бақылау жүйесінің құрылымы. Тесттілеудің жүзеге асыру интерфейстері. Тестті қорғау жүйесі. Оқытушының авторизациясы. Зертханалық жұмыспен мысал.
Ұсынылатын негізгі әдебиет
1 Д. Коггзолл PHP 5 полное руководство
Тараулары көрсетілген жоба бойынша кеңестер:
ЕжТҚ кафедрасының доценті,
тех. ғыл. канд. -ы
Диплом жобасын дайындау кестесі
Тапсырма берілген күні «13» ақпан 2007 ж.
Кафедра меңгерушісі
Жоба жетекшісі
Тапсырманы орындауға
қабылдады студент
Күні «»2007 ж.
АҢДАТПА
Берілген дипломдық жоба қазіргі заманғы және өзекті тақырып- білімді бақылау жүйесін қамтитын қашықтан оқытудың ақпараттық жүйесін жасауға арналған.
Дипломдық жобада білім беру саласындағы тиімді оқу жобаларын жасау және технологиялар бойынша шолу және оларды қолдану мен дамуының перспективасы келтірілген.
Ұсынылған жоба техникалық жоғарғы оқу орындарының кафедралары үшін қашықтан оқытудың Web-қосымшаларын жүзеге асырады.
Ұсынылған қашықтан оқытуда келесі объектілер қамтылған: дәрістер, студенттің өзіндік жұмыстары, зертханалық жұмыстар, қонақ кітапшасы, интерактивные тесттер.
Қолданушы, өзіне қызықты деген объектті таңдап, оның негізгі сипаттамаларын қарай алады, өздігінен зертханалық жұмыстарды жасай алады, содан кейін өзінің білімін тексеру үшін тест тапсырып және оның нәтижесін мәліметтер базасына жібере алады.
Жоба өзіне ұсынылған функционалдық талаптарды қанағаттандырады.
Дипломдық жобада сайтты енгізуден экономикалық тиімділік есептелген, сонымен қатар еңбек қорғау сұрақтары қарастырылған.
Қашықтан оқыту студенттердің, магистранттардың білімін жетілдіруге және студенттердің білімін бақылау үшін оқытушыларға арналған.
АННОТАЦИЯ
Данный дипломный проект посвящен современной и актуальной тематике - разработке информационной системы дистанционного обучения, которая включает систему контроля знаний.
В дипломном проекте приведены обзор по технологиям и разработки эффективных учебных проектов в образовании и перспективы их использования и развития. Представленный проект реализует Web-приложении дистанционного обучения для кафедры технических вузов.
В предлагаемом дистанционном обучений имеются следующие объекты: лекций, самостаятельная работа студента, самостаятельная работа студента с преподавателем, лабораторные работы, гостевая, интерактивные тесты.
Пользователь, выбрав интересующий его объект, сможет рассмотреть основные его характеристики, самостоятельно делать лабораторные работы, затем чтобы проверить свои знания может пройти тест и отправить результат теста в базу данных.
Проект удовлетворяет предъявленные к нему функциональные требования.
В дипломном проекте рассчитан экономический эффект от внедрения сайта, а также рассмотрены вопросы охраны труда.
Дистанционное обучение предназначено для улучшение знаний студентов, магистрантов и для преподавателей, чтобы контролировать знание студентов.
ANNOTATION
The present diploma project devoted for the urgent and modern subject-matter of education - elaboration the information system of distance learning which included system control knowledge. In this diploma project brings an overview of technologies and technologies of elaboration effective educational projects as applied to education, its long-term prospects and development.
The project is realizing Web-application of the distance learning for technical universities.
This suggestng distance learning has the next objects: lecture, student’s independent work, student’s independent work with teacher, laboratory work, guest book, interactive test.
User by choosing interesting him object can descry its main description and independint
do laboratory work. He also can control owns knowledge by test and send results of the test to data base.
The project is gtatificationing the fuctional requires.
Here was considered the points of economical effects of introduse distance learning and question of protection.
The project can used by students to improve his knowledge and by teachers to control students knowledge.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.
1 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ E-LEARNING ЖАСАУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 E-learning тағайындалуы және қызметі . .
1. 1. 1 E-learning мазмұны және .
1. 1. 2 E-learning айрықша ерекшеліктері .
1. 1. 3 Негізгі формалар
1. 2 Технологялық шешімдер
1. 2. 1 Клиент-серверлік технология . .
1. 2. 1. 1 RDA - модель
1. 2. 1. 2 DBS - модель.
1. 2. 1. 3 AS - модель
1. 3 Қолданылатын бағдарламалық құралдар . . .
1. 3. 1 HTML тілінің негіздері . . .
1. 3. 2 РНР -дегі серверлік сценарилер
1. 3. 2. 1 РНР сипаттамасы . . . . .
1. 3. 3 JavaScript негізі . .
1. 3. 3. 1 Объектілер жайында жалпы мағлұматтар
1. 3. 3. 2 Негізгі анықтамалар . . . .
1. 3. 4 Мәліметтер базасының тағайындалуы және қолдану аймақтары
1. 3. 4. 1 SQL тілі
1. 3. 4. 2 MySQL мәліметтер базасын басқару жүйесі . .
1. 3. 5 Flash негіздері.
1. 4 Есептің қойылымы ………
2 E-LEANING -ДЕ БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ.
2. 1 Web-парағын жасауға арналған бағдарламалық құралдар
2. 2 Web-серверді таңдау
2. 3 Web-жобаның клиенттік сценарийлік модуліне сипаттама
2. 4 Web-қосымшасының құрылымын жасау
2. 4. 1 Web-қосымшасының оқу әдістемелік бөлімі . . .
2. 4. 2 Web-қосымшасының білімді бақылау бөлімі . . .
2. 4. 3 Web-қосымшасының қосымша бөлімдері . . .
2. 5 Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау. .
2. 5. 1 Клиенттік модулді жасау.
2. 6 Қолданушыға нұсқаулық.
2. 7 Желі администраторына нұсқаулық.
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3. 1 Жалпы жағдай
3. 2 Экономикалық есептер
3. 2. 1 Жобалауға кететін шығындар
3. 2. 2 Қорларды ұйымдастыру мен басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу
3. 2. 3 Қорларды ұйымдастыру мен басқарудың ақпараттық жүйесін
түзету
3. 2. 4 Бағдарламаны жарнамалау үшін шығындар
3. 2. 5 Бағдарламаны көшіру үшін шығындар
3. 2. 6 Барлық шығындар (бағдарламаның өз құны)
3. 2. 7 Кірістер
3. 2. 8 Жылғы жалпы пайда
3. 2. 9 Тиімділік
3. 2. 10 Шығындардың өту мерзімі
3. 3 Техника-экономикалық көрсеткіштер
4 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
4. 1 Өндірістік зиянды және қауіпті факторларды талдау
4. 2 Қорғаныс шаралары
4. 2. 1 Өндірістік санитария
4. 2. 2 Электрқауіпсіздігі
4. 2. 3 Өрт қауіпсіздігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Соңғы он жыл Интернеттің және адамдар арасындағы қатынасудың жаңа әдісінің қарқынды дамумен белгілі болды. Бұл құбылыстың басқы жағында World Wide Web (WWW) тұрады. Күнделікті бұл коммуникациялық ортада мыңдаған сайттар ашылады және адамдарға әртүрлі жаңа қызмет көрсетулер түрлері ұсынылады. Нарықтың қарқынды дамуымен жаңа технологияларға және оны жасаушыларға үлкен сұраныс пайда болды.
Интернеттің дамуы оқу-білім саласына қатты әсерін тигізді. Соның ішінде қашықтан оқыту әдістемесі жаңа даму алды, себебі желі арқылы тек ақпаратты ғана беріп қоюмен қатар бірін бірі көре алмайтын сұхбаттасушылар арасында тірі қарым-қатынасты ұйымдастыруға болады, және де адамның оқуын қамтамасыз етуге болады.
Сайтта қолданушылар үйренетін және көшіріп алуға болатын әртүрлі мәтіндік, графикалық, аудио және видео оқу материалдары болады. Сонымен қатар оқушылар алған білімдерін тексеруге арналған әртүрлі интерактивті тесттер болады. Қашықтан оқыту бағдарламасының барлық қажетті материалдары оқушыға тез әрі толық жетеді. Қашықтан оқу жұмысының негізіне клиент-сервер технологиясы жатады. Клиент-сервер технологиясы - арнайы бағдарламалық қамтама орнатылған екі компьютер арасындағы қарым - қатынас технологиясы. Қарым қатынасқа қатысушның біреуі (клиент-бағдарлама) басқасынан (серверден) қандайда бір қызмет сұрайды деп жорамалданады. Желіде ақпаратты беру және өңдеу үрдісінде екі компьютер қатысады- сұраушы (клиент) және сұраныс бойынша мәліметтерді беруші (сервер), бұл жағдайда екі бағдарлама жұмыс істейді- клиент - бағдарламасы және сервер- бағдарламасы.
Қашықтан оқытуды жасауда әртүрлі бағдарламалар қолданылады. Бұл жобада РНР тілі, HTML гипермәтіндік тілі қолданылған. РНР - бұл жасаушыларға тез әрі тиімді түрде Web-қосымшаларын құруға мүмкіндік беретін, сервер жақта жұмыс істейтін Web-тің енгізілген сценарилер тілі. Бағалы мүмкіндіктерінің ішіне - тұрақты мәндерді қолдау, массивтермен жұмыс істеудің қуатты құралдары, объектке-бағытталған әдістемелер және мәліметтер базасымен жұмысты кең қолдау кіреді. РНР сонымен қатар JavaScript, WML (Wireless Markup Language) және басқа да пайдалы тілдермен қатар қолданылатын, динамикалық құрылымдарды жасау және басқару үшін қолданылатын бағалы құрал болып табылады. Жүздеген стандартты функцияларының арқасында РНР, жасаушының ойына келуі мүмкін кез-келген тапсырманы шеше алады.
1 E-LEARNING ҚҰРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ШОЛУ
E-learning қашықтан оқытудың маңызды кезеңі болып табылады. " E-learning " термині кең көлемдегі қолданысқа ие болғанына қарамастан, әртүрлі авторлар оған әртүрлі мағына береді. Кең таралған E-learning-ге көзқарас бұл, оқулық бағытын немесе оның үлкен бөлімін және көбінесе өз ішінде кәдімгі оқулықтың, анықтаманың, есептер жинағының және зертханалыық жаттықтыру сабағының қасиеттерін біріктіретін бағдарламалық-әдістемелік кешен болып табылады. Ол балама емес, ал оқытудың дәстүрлі түрлеріне қосымша, және студенттің кітаптармен, конспектілермен, есептер жинағымен және жаттығулармен және т. с. с. жұмысын ауыстыра алмайды. Бұл «электрондық дәрісші» кітаптың немесе оқу құралының барлық жетістіктерін тек қана сақтауға арналмаған және де компьютер арқылы жүзеге асырылатын толық мөлшерде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, мультимедийлік мүмкіндіктерді қолдануға арналған. Бұл мүмкіндіктерге келесілер жатады:
− физикалық, химиялық және т. с. с. үрдістерді динамикте көрсету, тікелей бақылауға қол жетпейтін объекттердің және үрдістердің көрнекті көрсетімі (микромирдегі үрдістер, ғарыштық үрдістер, өте аз немесе өте үлкен сипаттамалық уақыттарына ие үрдістер және т. с. с) ;
− үрдістерді және объекттерді компьютерлік модельдеуіне қажет, бірігей немесе қымбат тұратын жабдықтарды, реагенттерді, сонымен бірге адам өміріне және денсаулығына қауіпті материалдарды өздігінен оқып үйрену үшін қажет және олардың оқу материалдарына аудио- және бейнесюжеттер, анимациялар, оқулық авторының аудиокомментарий енгізілген көрнекті көрсетімі;
− контекстік көмек сөздерін, сілтемелерді (гипертекст) ұйымдастыру;
− нәтижелерін сандық немесе графикалық түрде көрсететін жылдам күрделі есептеулерді жүргізу;
− жаттығулар және тесттер арқылы студенттің өз білімін жедел тексеру.
E-LEARNING құру үрдісі бір мезгілде оқулық құрылатын пәндік облыс бойынша және де ақпараттық технологиялар облысы бойынша білімдерді қажет етеді, сол үшін тәжірибеде көбінесе екі мамандардың - «пән-дәрісшінің» және «маман-бағдарламашының» ынтымақтастығын болжайды. Бұл жұмыстың келесі негізгі кезеңдерін ұсынуға болады:
− оқулық мәтінінің алғашқы жазылған нұсқасын дайындау (дәріс бағыты бойынша құралы болғаны ерекше тиімді, ең болмаса ол радикалды түрде арығарай өзгертіледі. ) ;
− E-LEARNING -нің жеке бөлімдерін өзара байланыстыратын «сценария» құру (оқулықтың рационалды құрылымының және материалдарды баяндаудың мұқият ойластырылған тізбегінің негізінде, мүмкін болатын сілтемелердің қиылысын ұйымдастыру және т. с. с. ), сонымен бірге E-LEARNING оқу үрдісі кезінде динамикалық пайда болатын немесе мәтінде статикалық орналастырылатын әртүрлі иллюстрациялардың, аудио- және бейнесюжеттердің бастапқы сценариесін дайындау;
− компьютерде E-LEARNING құрама бөлімдерін жүзеге асыру;
Ол үшін «пән-дәрісшінің» ақпараттық технологиялар бойынша кез-келген білімі төтенше пайдалы болып табылады, бірақ тіпті міндетті емес.
Көбінесе, алғашқы екі кезеңде пәндік облыстағы автор мамандығы және оның ұстаз және әдістемеші қабілеттілігі үлкен (шешуші) рөл атқарады. Оның себебі, тек қана E-LEARNING емес, кәдімгі оқу құралын немесе кітапты жазу үрдісінде авторға өзінің білімінің оқырман немесе оқушы біліміне айналуымен байланысты байқаулы қиыншылықтарға тап болуға тура келеді. Олардың кейбіреулеріне тоқталайық.
Білімді трансформациялау үрдісі «автор білімдері» - мәтін- «оқырман білімдері» схемасы бойынша орталанған мәтін арқылы іске асады, және өкінішке орай, оның барлық сатыларында тұрақты шығындарға жол береді. Осылайша, оқырмансыз өтетін бірінші кезеңнің өзінде де автормен құрылған мәтін автордың білімдерін емес, ал тек қана олар туралы анықталған ақпаратты қамтиды. Оқытудың күндізгі оқу түрінде мамандырылған дәрісші бұл шығындарды азайтатын көптеген қосымша ресурстарға ие. Дұрыс орнына қойылған сөйлеу акценттері, ауызша қатынастың артықшылықтары тек қана оқылатын бөліміндегі ең маңыздысына көңіл бөлуге ғана емес, және де аудиториямен кері байланысты жедел құруға, материалдарды меңгеру дәрежесіне байланысты дәрістің жоспарын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл ретте тыңдарман сұрақтарының және дәрісшінің сұрақтарының, студенттердің өзара қатынастарының рольдерін бағаламауға болмайды.
Көрсетілген мәселелерді ескере отырып, оқушының E-LEARNING -пен жұмысын максималды жеңілдету қажет. Әрбір бөлім бойынша оқушы оның мақсатын және есеп қойылымын ғана анық түсініп қоймай, сонымен бірге жағдайдың қақтығыстарын, пайда болған мәселелердің мәнін (не үшін бұл керек? Не үшін бұл ескі аппараттың негізінде ертерек істелмеген? ), тек содан кейін ғана бұл қақтығыстарды шешетін механизмді сезіну керек. Оқытушымен кеңестердің көлемі және жеделділігі күндізгі оқыту түріне қарағанда шектеулі болғандықтан, E-LEARNING-те оқушылардың көбінесе мүмкін типтік сұрақтары бойынша оқытушы ұсынуларын, арандатушылық сұрақтар, материалдарды меңгергенін тексеретін тесттер қолданған пайдалы.
E-LEARNING құру кезінде E-LEARNING-нің бөлек бөлімдерін өзара байланыстыратын сценариді және аудио- және бейнесюжеттердің сценариін дайындау маңызды кезең болып табылады. Компьютердің қуатты аудио- және бейне мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін. «Пән-дәрісшінің» бағдарламалық қамтамасыздандыру туралы әлсіз білімі кедергі болып табылмайды, алайда тек қана өзінің пәндік облысында ғана емес, сонымен бірге басқа облыстарда да бар оқулықтармен және оқытатын бағдарламалармен танысу қажет. Негізгі мақсат- аудио- және бейне фрагменттеріне, формулаларды, графиктерді, суреттерді, кестелерді визуалдау әдістеріне, және т. б ерекше назар аудара отырып қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқып оқып оқып үйрену. Мұнда маңыздысы- оларды қалай бағдарламалық жүзеге асыру емес, ал оқушыға білімді беру құралдарының өзі. E-LEARNING-ке енгізу үшін алдыңғы жұмыстың жоғарыда көрсетілген барлық фрагменттері көп рет жөнделгеннен кейін, келесі қадам «пән-дәрісшінің» және ақпараттық технологиялар бойынша маманның біріккен жұмысы болу керек.
1. 1. 1 E-LEARNING мазмұны және құрылымы
E-LEARNING негізгі мазмұны келесілерден тұру керек:
− тіректі конспекті;
− дәріс конспектісі;
− нақтыланған курс;
− курстың жеке бөлімдеріні тереңдету.
Алғашқы кезеңде жұмыс бірінші екі конспектімен жүргізіледі. Үшіншінің орынына таңдалған оқулық («қатты көшірме» және оған әртүрлі сілтемелер) қызмет ете алады. Төртіншісі бөлімдер қатарын тереңдетіп («профессионалдық») оқып үйрену үшін қызмет етеді. Оқулықтың өзі және оның бөлімдері негізгі материалды баяндаудың алдында міндетті түрде кіріспеден тұрады. E-LEARNING -де бұдан басқа негізгі мәтіннен сәйкес келетін сілтемелер қамтамасыз етілетін әдебиеттер тізімі және глоссарий болады.
Кіріспе. Әсіресе осы бөлімде материал мұқият құрылу керек (бөлімнің және бүкіл курстың құрамы, сонымен қатар олардың арасындағы байланысы көрсетілу керек) . Ол келесілерден тұрады:
− мемлекеттік стандарт бойынша келісілген бағыттың қысқаша бағдарламасы, бағыттың негізгі есептерінің тізімі және көркемдеуі, оларды шешудің маңыздылығы және өзектілігі;
− білімдері бағытты меңгеру үшін қажетті базалық пәннің тізімі;
− оқып үйренуі зерттелетін бағыттың білімдеріне негізделген пәндердің тізімі;
− курстың (бөлімнің) құрылымы, функционалдық және логикалық байланыстар;
− реті бойынша курсты оқып үйренудің жалпы кепілдемелері (соның ішінде, тәуелсіз қандай бөлімдер оқуға болады) ;
− оқу бағдарламасының шеңберінен шығатын, курс есептерінің дамуын және тереңділігін қайда іздеуге болатын нұсқаулар және мамандықтардың бөлек топтары үшін курстың қандай бөлімдерін оқып үйрену қажет, түсініктермен (комментарий) бірге әдебиеттерге сілтемелер;
Негізгі материал. Әрбір бөлімге (тақырыпқа) кіріспе бөлімінен басқа келесіні енгізген пайдалы:
− есептің қойылымы;
− негізгі мақсаттардың көрсетулері және олардың шешімдерінің маңыздылығы;
− курстың, бөлімнің әртүрлі жайлары бойынша геометриялық, физикалық көркемдеулер, мультипликациялар, клиптер;
− аудио фрагменттер;
− шешімінде қолданылатын бөлімдердің және берілген шешімді қолданатын бөлімдердің тізімі;
− олардың тәжірибелік қолданылуын көрсететін әдістер, тәсілдер, амалдар;
− мүмкін болатын жерде берілген мақсатты шешудің басқа да әдістерінің мәні бар;
− берілген нәтижелерді қолданатын көбінесе жиі кездесетін техникалық қолданбалы бағдарламалар;
− алдыңғы материалдың қажетті білімдеріне сілтемелер.
Әрбір тақырыпта мысалдар мен есептер қатар жүру керек:
− көрнекті баяндалған (толық шешімдерімен) ;
− өзіндік шешу үшін (нұсқаулармен және жауаптармен) ;
− бақылау шешімдері үшін (кейін бағыттың өткен бөлімдерін қайтадан оқып үйрену қажеттілігін немесе аттестация туралы шешімді көрсететін) ;
− бағыттың өткен бөлімдеріне байланысты бақылау сұрақтары.
Мүмкін болатын жерде материалды «мәселеге бағытталған түрде» баяндау барынша мадақталады және ұсынылады, онда студент мәселемен, фактпен немесе құбылыспен дәстүрлі схема (теориялық материал - шешу әдістері - көрнекті есеп) бойынша емес, ал нақты бір есептің (мысалдың) қойылымы және шешімінің нәтижесінде танысады.
E-LEARNING үйренуші жұмысының сипаттамасы бойынша соңғысының әрбір бөлімі келесі бөлімдерді қамту мүмкін:
− теориялық бөлім, оның негізінде ішіне суреттер, кестелер, аудио - және бейнесюжеттер және т. б. енгізілген гипертекст. Гипертекстке қосымша ретінде көрнекті компьютерлік модельдер болып табылады, олар объектке немесе үрдіске олардың әсерін үйрену мақсатымен сол немесе басқа параметрлерді түрлендіру мүмкіндігімен үйренетін объекттерді немесе үрдістерді динамикте көрсетеді;
− тәжірибелік бөлім, мұнда минималды түсініктемелер және теориялық бөлімнің сәйкес бөлімдеріне сілтемелер берумен берілген оқу бағыты бойынша типтік есептер мен жаттығулардың қадам бойынша шешімдері көрсетілген. Дәстүрлі зертханалық жұмыстардың аналогы ретінде көрнекті компьютерлік модельдер ұсынылады (зертханалық тәжірибе дербес бағдарламалық өнімде бөлінуі мүмкін) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz