Құрылыстық сылақ түрлері



1. Декоративтісылақ
2.Венециалық сылақ
3.Декоративті бояулар
4.Фактуралы сылақ
Қабырғағаарналғандекорациялықжабындардыбірнешетүргежіктеугеболады:декортивтісылақ,венециялықсылақ,флоктыжабын,фактуралықсылақ,құрылымдықсылақ,декоративтіжәнемозаикалықбояулар.
Жабындардыңбарлығықұрамы,пайдаланусипаты,технологиялықмүмкіндіктерібойыншаерекшеленеді.Бағалардиапазоныдаәралуан.Солсебептіәрлеуматериалдарыныңсаналуандығынанқателесуқиынемес.төмендедекоративтіжабынныңәртүрітуражыжан–жақтыақпаратберілген.
1. Декоративтісылақ–байланыстырушыматериал,фактуралықжәнетүстітолықтырғыштанқұралады.Нәтижесіндеқабырғадакөптүстіжәнебіртүстісуреттерпайдаболады.Соныменқатар,тегісжәнебедерліқабаталуғаболады.Декоративтісылақғимаратқамаңыздыерекшелікбереотырып,әртүрліфактурақалыптастыраалады.Мысалы,егерәрлеудекөнемүсіндер,шамдарболмасадекоративтіжабынныңкөмегіменантикалықүлгінікөрсетугеболады.Мұндайсылақтыжасауалдындадайындықжұмыстарынжүргізуқажет.Қабырғаміндеттітүрдетегіс,құрғақжәнетазаболукерек.Декоративтісылақкезкелгеннегізге:ағаш,бетон,металл,керамика,кірпішжәнетағыдабасқаларынажағылабереді.Сылақтыңкөмегімениесініңмінезіне,талғамынажәнеқалауынасайдекоративтіжабынжасауғаболады.Солсебепті,егерпәтеріңіздеайрықшаәрлемежасағыңызкелсеқабырғаларғадекеративтіжабынжасайтынжоғарыдәрежелімамандаркөмегінежүгінсеңізболады.
2.Венециалықсылақ.БұләрлеуматериалынортағасырлардаИталиялықшеберлерашқан.Венециялықсылақбірегейөрнектеріменжәнеқұрылымдықауысуларыменмәрмәрқабырғаныңқайталанбасүлгісінкөрсетеді.Қабырғағаарналғанмұндайдекоративтіжабынәдемілігіменғанаемес,тамашатехнологиялықмүмкіндіктерімендетартымдыболыпкеледі.Мұндайжабынныңқұпиясықұрамында(әктіжәнемәрмәрұнтаққосу)жәнежағудыңерекшетехникасында.Венециялықсылақтыжағудыңбірнешетәсілдерібар:жылтырсызнемесеқосымшажылтырмен.Бұлүшінмамандарарнайыбалауызнемесематақолданады.Мәрмәрқабатқалыптастыраотырыпдекоративтісылақжүргізуөтеқымбаттұрады.Мұндайдекоративтіжабынішкіәрлеугеклассикалықсипатберуүшінпайдаланылады.Қазіргітаңдажоғарысапалыматериалдарменжетілгентехнологияларарқасынданағызөнертуындыларынжасауғаболады.Алайда,үдерістеркүрделіболғандықтанбұлтехнологияларжоғарыдәрежелімамандардыңбіліміменбіліктілігінқажететеді.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Құрылыстық сылақ түрлері

Қабырғаға арналған декорациялық жабындарды бірнеше түрге жіктеуге болады: декортивті сылақ, венециялық сылақ, флокты жабын, фактуралық сылақ, құрылымдық сылақ, декоративті және мозаикалық бояулар.
Жабындардың барлығы құрамы, пайдалану сипаты, технологиялық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. Бағалар диапазоны да әр алуан. Сол себепті әрлеу материалдарының сан алуандығынан қателесу қиын емес. төменде декоративті жабынның әр түрі туражы жан - жақты ақпарат берілген.
1. Декоративті сылақ - байланыстырушы материал, фактуралық және түсті толықтырғыштан құралады. Нәтижесінде қабырғада көптүсті және біртүсті суреттер пайда болады. Сонымен қатар, тегіс және бедерлі қабат алуға болады. Декоративті сылақ ғимаратқа маңызды ерекшелік бере отырып, әр түрлі фактура қалыптастыра алады. Мысалы, егер әрлеуде көне мүсіндер, шамдар болмаса декоративті жабынның көмегімен антикалық үлгіні көрсетуге болады. Мұндай сылақты жасау алдында дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Қабырға міндетті түрде тегіс, құрғақ және таза болу керек. Декоративті сылақ кез келген негізге: ағаш, бетон, металл, керамика, кірпіш және тағы да басқаларына жағыла береді. Сылақтың көмегімен иесінің мінезіне, талғамына және қалауына сай декоративті жабын жасауға болады. Сол себепті, егер пәтеріңізде айрықша әрлеме жасағыңыз келсе қабырғаларға декеративті жабын жасайтын жоғары дәрежелі мамандар көмегіне жүгінсеңіз болады.
2. Венециалық сылақ. Бұл әрлеу материалын орта ғасырларда Италиялық шеберлер ашқан. Венециялық сылақ бірегей өрнектерімен және құрылымдық ауысуларымен мәрмәр қабырғаның қайталанбас үлгісін көрсетеді. Қабырғаға арналған мұндай декоративті жабын әдемілігімен ғана емес, тамаша технологиялық мүмкіндіктерімен де тартымды болып келеді. Мұндай жабынның құпиясы құрамында (әкті және мәрмәр ұнтақ қосу) және жағудың ерекше техникасында. Венециялық сылақты жағудың бірнеше тәсілдері бар: жылтырсыз немесе қосымша жылтырмен. Бұл үшін мамандар арнайы балауыз немесе мата қолданады. Мәрмәр қабат қалыптастыра отырып декоративті сылақ жүргізу өте қымбат тұрады. Мұндай декоративті жабын ішкі әрлеуге классикалық сипат беру үшін пайдаланылады. Қазіргі таңдажоғары сапалы материалдар мен жетілген технологиялар арқасында нағыз өнер туындыларын жасауға болады. Алайда, үдерістер күрделі болғандықтан бұл технологиялар жоғары дәрежелі мамандардың білімі мен біліктілігін қажет етеді.
3. Декоративті бояулар - бетте әр алуан табиғи ағаш, жібек, барқыт және тағы басқа әсерлер тудыруға мүмкіндік беретін қабырғаға арналған декоративті жабын. Сонымен қатар кез келген фактураны қалыптастыруға болады. Барлық декоративті бояулар негізінен тегіс болып келеді, сол себепті бетке шаң жинақталмайды. Жағу технологиясы немесе бояу құрамына тәуелді сан алуан суреттер мен әсерлер тудыруға болады. Мысалы, кейбір бояулардың құрамында алтын немесе күміс түсті металл реңкті пигменттер болады. Сол себепті деккоративті сылақ жүргізілген қабырғада түрлі өрнектердің болуы таң қаларлық жағдай емес. Мұның барлығы ішкі әрлеуге өзіңіз таңдаған үлгіге сәйкес сипат беру үшін қажет. Декоративті бояулардың артықшылығы қолданудың жеңілдігі, әр түрлі әсерлерге тұрақтылығы, адгезия және бу өткізгіштігі. Сонымен қатар, қабырғаның декоративті жабыны аз уақыт ішінде жасалады. Кемшіліктері де жоқ емес, қабырға алдын ала мұқият дайындық жұмыстарын жасауды талап етеді. Декоративтік бояулар дайын күйінде сатылады және оның бағасы басқа әрлеу материалдарымен салыстырғанда төмен болады.
4. Фактуралы сылақ қабырғалардың фактурасын өзгертуге мүмкіндік беретін декоративті жабын. Оның ерекшелігі ылғалға төзімділігі мен ұзақ мерзімге жарамдылығымен қатар, жағу кезінде арнайы білімді талап етпейтіндігі. Бүгінгі таңда фактуралы сылақтың сан алуан болуы әр түрлі түстегі әр алуан фактура жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, акварельді көркемсурет, атласты драпировка және тағы басқаларын имитациялауға болады. Фактуралы сылақ дайын түрде болады, оны жаққан сәтте қабырғада түрлі жүлгелер түзіледі. Мұндай сылақты жағу арқылы әр түрлі әсерге: ағаш қабығы, бедерлі сурет т.б қол жеткізуге болады. Пайдаланылатын тығыздағышқа тәуелді сылақ түрін өзгертуге болады. Ол әр түрлі кемшіліктерді жасыруға мүмкіндік береді. Фактуралы сылақтың негізгі үш түрі бар: тон, тінжегі және қой. Олардың барлығы бір - бірінен құрылымы бойынша ерекшеленеді. Фактуралы сылақты таңдағанда оны күту шарттарына алаңдамауға да болады, себебі ол кәдімгі сумен және жуғыш құралдармен жақсы жуылады. Мұндай сылақтың ең үлкен артықшылығы - бұл декоративті жабынды арнайы мамандардың көмегінсіз өзіңіз жасай аласыз.
5. Құрылымдық сылақ әр түрлі түйіршіктер қосылған біртекті емес сылақ массасы түрінде болады. Мұндай жабынның беті құрамындағы кварц кесектері, тас қиқымдары немесе ағаш талшықтары есебінен бедерлі болады. Құрылымдық сылақ түріндегі декоративті қабырға жабындары Батыс Еуропа елдерінде кең қолданылған. Әрлеудің бұл үлгісі сол жақтан келген.Көбісі мұндай жабын ғимаратты сыртқы жағынан әрлеу үшін пайдаланады деп есептейді. Алайда бұл қате пікір. Құрылымдық сылақ түріндегі декоративті жабын әрлемеге ерекше сән береді. Құрылымдық сылақ кез келген бетке: ағаш, кірпіш, бетон, гипсокартон, металл және тағы басқаларына жағыла береді. Мұндай сылақтың өзгешелігі пластикалылығы, ұзақ мерзімге жарамдылығы және оңай жағылатындығы болып табылады. Кәсіби маман емес адамның өзі де оны еш қиындықсыз қолдана алады. Қазіргі кезде құрылымдық сылақты минералды, полимерлі силикатты және латексті негізде шығарады. Бірақ ішкі әрлеу жұмыстары үшін сулы негіздегі сылақ ыңғайлы болады, себебі оның иісі болмайды және ауа райының әсеріне ұшырамайды. Ірі түйіршікті сылақты пайдалану арқылы бедерлі, ал ұсақ түйіршікті сылақты пайдалау арқылы тегіс бет алуға болады.Бірақ сурет жағу тәсіліне және қолданған құралдарға тәуелді болады.
6. Флокты жабын - әр түрлі пішінде және түсте болатын ұсақ акрилді кесектер немесе бөлшектер. Пішіні жағынан бұл жабын чипске ұқсас болады. Бұл декоративті жабынның негізгі ерекшелігі тозуға төзімділігі. Флокты жабынның түсі өңбейді және ол саңырауқұлақтармен зақымдалмайды, жақсы жуылады және жөнделеді, иісі болмайды және алғашқы қанықтығын жоғалтпайды. Сонымен қатар, материал жақсы жылу оқшаулағыш қасиетке ие. Флок әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоғыз қабатты тұрғын үйдің күнтізбелік жоспарын анықтау, құрылыстық бас жоспарын жобалау
Сылақ жұмыстарының технологиясы.Сылақ түрлері
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру туралы
Сырлау жұмыстары
Байланыстырғыш заттар
Кнауф төсеме бояулары
Мансардаларды монтаждау технологиясы
Компьютерлік сынып бөлмесі
Он екі қабатты тұрғын үй құрылысын жобалау
Құрылыс құрылымдарын, материалдарды оттан қорғау тәсілдері
Пәндер