Тас қалау жұмысы



Кіріспе

1 Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері

2 Қалау түрлері және қалаужүмыстарына қажет материалдар

3 Тас қалауын жіктестіру ережелері

4 Операциялар жүйелілігі.

5 Құрал.саймандар мен тетіктер.

6 Тас құрылымдар

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тас қалау жұмыстары – ол құрылыс саласының ең үлкен бір бө-лімі. Тас қалау процесі дара материалдан (кірпіш), сұйықтардан (ке-росин, бензин, солярка), ұнтақтардан (цемент, құм, гипс) тұрады.

Тас қалау жұмысының өзіндік бір қалану реті бар. 1) қатарла-ғыш орнату; 2) керме жіп тарту; 3) кірпіш әперу, оны қабырғаға жаю; 4) ерітінді беру және оны жаю; 5) шойма жаю сияқты процес-терден тұрады.

Тас қалаудың түрлері аз емес, олар: сыртқы пішіні дұрыс емес, табиғи тастардан қалау; шой бетонды қалау; бірыңғай кірпіштен жасау; жеңілдетілген қалау, мысалы, сыртқы қабырғаларды кірпіш-тен тұрғызу үшін, кірпіштен және жылу өткізбейтін материал-дардан қалау; ұсақ блокты қалау (жеңіл бетон, керамика, пішіні дұрыс табиғи тас); отқа төзімді қалау.

Ерітінді – ол негізінен тас қалау жұмысына арналған негізгі элементтерінің бірі. Ерітінді дегеніміз – екі не одан көп қосылыстан тұратын бір текті жүйе. Құрылыстағы тас қалау жұмыстарының ерітіндісінің негізгі компоненттері: су, құм, цемент және гипс (але-бастр).
1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1976 ж. 3-том, 92-бет

2. Үдербаев С.Н Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Алматы: 2006, 169 б.

3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.

4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

5. Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сенатов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Қарағанды көлік - технологиялық коллледжі

Құрылыс ісінің негіздері пәні бойынша

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тас қалау жұмыстары

Жетекші: арнайы пәнінің
оқытушысы Ахметов Б.Б.

Орындаған: 9КПО-14-1 тобының
студенті Қуатбеков Ә.

Қарағанды
2017
Жоспар

Кіріспе

1 Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері

2 Қалау түрлері және қалау жүмыстарына қажет материалдар

3 Тас қалауын жіктестіру ережелері

4 Операциялар жүйелілігі.

5 Құрал-саймандар мен тетіктер.

6 Тас құрылымдар

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тас қалау жұмыстары - ол құрылыс саласының ең үлкен бір бө-лімі. Тас қалау процесі дара материалдан (кірпіш), сұйықтардан (ке-росин, бензин, солярка), ұнтақтардан (цемент, құм, гипс) тұрады.

Тас қалау жұмысының өзіндік бір қалану реті бар. 1) қатарла-ғыш орнату; 2) керме жіп тарту; 3) кірпіш әперу, оны қабырғаға жаю; 4) ерітінді беру және оны жаю; 5) шойма жаю сияқты процес-терден тұрады.

Тас қалаудың түрлері аз емес, олар: сыртқы пішіні дұрыс емес, табиғи тастардан қалау; шой бетонды қалау; бірыңғай кірпіштен жасау; жеңілдетілген қалау, мысалы, сыртқы қабырғаларды кірпіш-тен тұрғызу үшін, кірпіштен және жылу өткізбейтін материал-дардан қалау; ұсақ блокты қалау (жеңіл бетон, керамика, пішіні дұрыс табиғи тас); отқа төзімді қалау.

Ерітінді - ол негізінен тас қалау жұмысына арналған негізгі элементтерінің бірі. Ерітінді дегеніміз - екі не одан көп қосылыстан тұратын бір текті жүйе. Құрылыстағы тас қалау жұмыстарының ерітіндісінің негізгі компоненттері: су, құм, цемент және гипс (але-бастр).

1 Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері

Дара материалдардан тас қалау үймереттер мен ғимараттар құрылысының ең бір ежелгі және төзімді бекінген түрі болады. Дара тас материалдарын қолдану практикада қай кескін үйлесімі, әр түрлі сәулет формасы болса да, үймереттер мен ғимараттарды тұрғызуға және оларға монументтілік, сәулеттік айқындық енгізуге мүмкіндік береді. Тас материалдардың бағалы қасиеттеріне беріктігі, ұзаққа шыдамдылығы, өртке төзгіштігі, табиғатта кең таралуы және қолдан жасауға болатын мүмкіншілігі жатады.
Тас жүмыстары ерітіндіге даралап тас төсеуден тұрады. Ерітінді жеке тастарды бір тұтасқа біріктіреді, олардың бірге жұмыс істеуін және күшті біркелкі беруін қамтамасыз етеді, жел өтуден және ылғал енуден қорғайды.
Тас қалау қолданатын тас материалдарының түріне байланысты табиғи және жасанды тастардан жасалған қалауға бөлінеді.
Сыртқы пішіндері дұрыс емес табиғи тастардан жасалған қалау-ды шой (бут) тастан, ал дөрекі, жартылай таза және таза өңделген тастардан жасалған қалауды шабылған тастан калау деп атайды.
Жасанды тастардан жасалған қалау тұтас немесе қуыс кірпіштен әлде тастан орындалады. Балшықты күйдіріп жасаған кірпіштер күйдірілген, ал байланыстырғыш заттар негізінде дайындалғандар күйдірілмеген болады.
Тас жұмыстары негізгі және қосалқы процестердің кешені бола-ды. Негізгіге жасанды немесе табиғи тастардан жасалған кірпішті ерітіндіге төсеу, ал қосалқыларға - төсеніштер орнату, материалдар әзірлеу, арматура салу және т.б. жатады. рына жаю; сыртқы шек қатарын қалау; ішкі қатары астына ерітінді жаю және ішкі шек қатарын қалау; шойма астына ерітінді жаю; шойма қалау; қалаудьщ төселген қатарының дұрыстығын тексеру.

2 Қалау түрлері және қалау жүмыстарына қажет материалдар

Тас қалау табиғи және жасанды тастардан орындалады. Табиғи тас материалдар ретінде мыналарды қолданады: төсемді және жырымдалған шой тас (әк тас, доломит, қүмдақ және баскд жыныстардан); қаптау және сәндік қалау үшін шабылған тастар; әк тастан, туфтан, ұлутастан және басқа жеңіл тау жыныстарынан араланған уақ тастар. Жасанды тастар ішінде ең кең таралу алғандары: кәдімгі балшық (толық денелі), кеуекті, қуыс және кеуекті-қуыс кірпіш; өң балшық және силикат кірпіші, қуыс керамика тастары; тесіктері және тесіп өткен үш қуысы бар жеңіл бетоннан жасалған уақ тастар.
Кәдімгі балшық (қызыл) кірпішті созымды немесе жартылай құр-ғақ сығымдап, кептіріп және күйдіріп (МЕМСТ 530-80) балшықтан жасайды. Оның өлшемдері 250x120x65 мм, салмағы 3,5 кг-нан 3,8 кг-ға дейін және маркалары 300; 250; 200; 150; 125; 100 және 15 болады, соншалық мына қысу беріктіктеріне сәйкес келеді 30; 25; 20 МПа және т.б. Кәдімгі кірпіштің 1 м3 көлемдік массасы 1800 кг ша-масында болады. Кірпіштің ең маңызды техникалық көрсеткіштеріне беріктік, көлемдік салмағы, аязға төзімділігі, су сіңіруі жатады.
Кірпіш қалау маркасы 4; 10; 25; 50; 75; 100; 150; және 200 жей (ізбес, цемент) және күрделі (цемент-ізбес, цемент-балшық) ерітінді-лерімен жүргізіледі.
Цемент ерітінділерін беріктігіне және тұрақтылығына көтеріңкі талаптар қойылатын конструктивті элементтерді (діңгектер, күмбез-дер, үймереттердің төменгі қабаттарының аралық қабырғалары) тұрғызғанда және суға қаныққан топырақтарды қалау үшін қолда-нады.
Ізбес ерітінділерінде аз күш түсетін және құрғақ жағдайларда пайдаланатын қалау жүргізіледі.

3 Тас қалауын жіктестіру ережелері

Тас қалауын әр қайсысы жеке тастардан тұратын қатарлармен жүргізеді. Шектес тастардың аралығындағы бойлай және көлденең бағыттардағы ерітіндімен толтырылған саңылауларды жіктер деп атайды. Қалау жіктері көлденең және тік болады. Параллелепипед пішінді тастардың қырлары төсем, бүйір және үшкір қырлары деп аталады. Тастар қалауға көбінесе жалпағынан, ерітіндіге төсемімен және сирегірек бүйірі немесе үшкірімен төселеді. Сыртқа бүйірімен төселген қалау қатарынбүйір, ал үшкірінен төселгенді үшкір қатары деп атайды. Қалаудың сыртқы (қасбет бойынша) және ішкі қатарлары сыртқы жөне ішкі шек қатары, ал олардың аралығы -- шойма деп аталады.
Ерітіндімен бір бүтінге қосылған, жеке тастардан құралған тас қалауы оған әсер ететін күштерге сенімді қарсы тұратын тұтас сілем болу керек. Жеке тастар қалау сілемінде бір-біріне жылжымау үшін оларды тас қалауын жіктестіру ережелері деп аталатьн белгілі шарттарды сақтап қалау керек.
Жіктестірудің бірінші ережесі тастарды күш әсері бағытына перпендикуляр жалпақ қабаттармен (қатарлармен) төсеуден тұрады. Мұндай ереже тастардың қысуға жақсы және созылу мен иіліске нашар қасиеттерінен шығады. Осыған байланысты тастарды сілемде тек олар қысылатын етіп орналастыру керек. Иіліс немесе созылудан қашу үшін үстіңгі тас астыңғыға әр жерлерімен емес барлык төсемімен, яғни жазықтығымен сүйену керек. Осы себеп бойынша қалау сілемі жазық қабаттарға (қатарларға) бөлінеді. Қабаттарды қалауға әсер ететін күш оларға перпендикуляр бағытта.

4 Операциялар жүйелілігі.

Қалау процестері жұмыс операцияларынан тұрады. Оның орын-далу тәртібі төмендегідей:
- жұмыс ретін белгілеу;
- кірпіштер мен қатарлардың дұрыс қалануын қамтамасыз ететін кермежіптерді тарту;
- қабырғаларға кірпіш жеткізу және төсеу;
- жәшіктегі ерітіндіні күрекпен араластыру;
- қабырғаға ерітінді әперу және оны сыртқы көрнекі қалаудың бетіне төсеу;
- сыртқы көрнекі қалауды салу;
- ерітіндіні ішкі көрнекі қалауға төсеу;
- ішкі көрнекі қалауды салу;
- аралықты толтыру;
- төселген қалау қатарларының дұрыстығын тексеру.
Көрнекі қатарларды төсеудің жүйесі, ондағы байланыстыру жүйесіне және еңбек ұйымдастыру әдісіне байланысты басқаша болуы да мүмкін.

5 Құрал-саймандар мен тетіктер.

Қалау процесі кезінде әрбір жұмыс операциясы белгілі бір саймандармен атқарылады. Олардың негізгілері сылақ қалағы. Араластырғыш күрек, қырлауыш шағын қайла-балға.
Қалақ (МЕМСТ 9533-81) - ағаш сапты болаттан жасалған күрек; ерітінділерді тегістеуге, тік жіктерді ерітіндімен толтыруға және артық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйдегі материалдар өлшемі
Тас қалау жұмыстары
Павлодар қаласындағы элиталық жаңа үлгідегі 6 қабатты қонақ үй
Екі қабаты демалыс үй
Ғимаратты жобалау
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қонақ үйдің конструктивті сызбасы
Ғимараттардың инженерлік құрылымдары
72 пәтерлі тұрғын үй, дүкені мен офис және шаштараз жобасы
«Семей қаласында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің жобасы»
Пәндер